Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан қоғамы «батыс-шығыс», «кірме-өзіндік» континуумында

Жаңару жолына түскен əрбір мемлекет алдында дайын үлгілерді қолдану керек  па (керек болса қандай үлгілер керек?) əлде əрбір мемлекет өз қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып өзінің даму жолын іздеуі керек пе деген сұрақ туындайды. Əлеуметтану теоретиктері жаңарудың көп түрлілігін, оның алуан түрлі үлгілері мен формаларының бар екеніне назар аударады (Дж. Джермани, Дж. Коулмен, Ш. Айзенштадт и др.). Дж. Джерманинің айтуынша, жаңаруды еуропалық институттарды əлемнің басқа жерлеріне тасымалдау немесе қандай да бір нақты қоғамға көшу деп қабылдамау керек. Ұлттық тəуелсіздік үшін қозғалыс, жаңа ұлттардың көтерілуі, капиталисттік қоғамның ұдайы өзгеріп отыруы, жоспарланатын экономиканың бірнеше түрінің пайда болуы, жаңару үдерісінде батыстық жəне батыстық емес белгілердің болуы – осының барлығы жаңарудың өзгеріп тұратын түрлі нұс- қаларының бар екенін білдіреді [1].

Р. Бендикс көрсеткендей, жаңарудың көзге іліне қоймас салдары туралы сенім- мен  айту  қиын,  оның  себебі  мынада:  қоғамдар  жаңару  үдерісіне   өздерінің   нақты табиғи ресурстарына, тарихы мен мəдениетіне ие бола отырып қосылады, сонымен қатар жаңару жолын бастау уақыты, осы үдерісті жүзеге асыру жылдам- дығы    мен  əдістері  əркелкі,  ол, өз  кезегінде, жаңарып    отырған қоғамның «заманауилығына» үлкен септігін тигізіп, келбетін анықтайды [2].

Жаңару  үдерістеріне  қатысты  бастапқы  көзқарастарды   қайта   қарастыруға,  бір бағытты жаңару үлгісін Батысқа еліктеу деп бас тартуға үлкен əсер еткен ғалым – Ш. Айзенштадт. Ол өзінің еңбектерінің бірінде жаңару барлық əлемді жайлағаны-  мен де, біркелкі өркениеттің немесе əмбебап институционалды үлгінің қалыптасуына əкеп соқтырмады; керісінше, оның орнына бірнеше заманауи өркениеттер (немесе белгілі бір ұқсас  белгілері  бар,  бірақ  əртүрлі  институционалды  үдерістерді  дамыту үрдісі бар өркениеттік үлгілер) қалыптаса бастады дейді [3]. А. Абдель-Малек əлем əртүрлі болып барады, сондықтан қазіргі кезде əртүрлі елдер  мен халықтар-  дың  мəдени  ерекшеліктері  мен  универсализмнің  синтезі  керек  деген  ой  білдір- ген [4].

Біркелкі, əмбебап жаңару үлгілері туралы көзқарас жаңару теорияларының бастапқы кезеңдерінде орын алған. Неомодернизация концепциясы аясында оларға қарсы «жаңарудың жылжымалы эпицентрлері» жəне «үлгілі қоғамдар» деген сияқты ұғымдар қалыптасқан [5]. Осындай пікірмен келісе отырып, кейбір ғалымдар белгілі бір тарихи кезеңде жаңару расында да тек  қана  Батысқа  тəн  құбылыс  болғаны-  мен, қазіргі кезде ол глобалды сипатқа ие болды дейді. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, жаңарудың ошағы ретінде Шығыс Азия елдерін қарастыруға болады. Мəселен, Р. Инглхарттың айтуынша, «қазіргі таңда адамгершілік тұрғыдан  Батыстың басым екенін жақтайтын адамдар көп емес шығар, жаңару жағынан көп жағдайда алдыңғы қатарға Шығыс Азия елдері шығып жатыр» [6]. Осы кезде ең өткір  пікірталас айрықша (шығыс-) азиялық жаңару жолы Батысқа жай ғана тең емес, тіпті кейбір жағдайда одан басым түсіп, алдағы ғасырды анықтайды деген тұжырым аясында болып отыр [7].

Алайда дайын үлгілер тек қана ұқсас өркениеттік бірегейлігі бар қоғамдарға сəйкес келетіні айқын. Яғни нақты жаңару үлгісін таңдаған қоғамдар мен жаңару үлгісінің иесі болып отырған қоғамдар экономикалық, əлеуметтік-мəдени жəне саяси тұрғыдан алғанда өзара жақын болуы керек. Олай болмаса өзге, жат жаңару үлгісін ойластырусыз үлгіге алған қоғамдардың əртүрлі пато-, квази-, антижаңару сияқты жағдайға ұрыну қаупі бар.

Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін талдау барысында олардың қазіргі қазақстандық қоғамның қай өркениетке жататынын анықтаудағы көзқарастары біркелкі емес екенін, сонымен қатар олардың арасында өткір пікірталастар мен талқылау жүріп жатқанын байқауға болады [8, 9, 10].

Қазақстандық қоғамның жаңару-өркениеттік бірегейлігін анықтауда «Батыс- Шығыс» деген сияқты оппозиция (диакризис) осы қоғамға сəйкес келетін жаңару үлгісін таңдауда өте маңызды болып табылады.

Қазақстанда 2006 жылы шілде-тамыз айларында өткізілген сараптық сұрау нəтижелеріне тоқтала кетейік. Сарапшылар, яғни субэлита өкілдері ретінде мемлекеттік қызмет; сауда-өндіріс бизнесі; ғылым, мəдениет жəне жоғарғы білім; əлеуметтік қызмет салаларындағы басқарушылар мен жоғары лауазымға ие кəсіби білікті мамандар сұралды. Сарапшылар мақсатқа сəйкес сұрыптау негізінде таңдалды, сұрыптауды құруда «жұмаршақ қар» əдісі қолданылды. Сұрауға  қатысқан сарапшылар мына қалалардан: Алматы, Астана, Жезқазған, Өскемен, Семей, Тараз. Сұрыптау көлемі 260 адам.

Осы жұмыс аясында қазақстандық субэлитаның (сұрауға қатысқан сарап- шылардың) қазақстандық қоғамтанушылар мен саясаткерлер сияқты «Батыс-Шығыс»,«Кірме-Өзіндік» жолдары бойынша қазіргі таңдағы Қазақстан үшін лайықты жаңару үлгілерін таңдауға қатысты ойлары біркелкі емес, бір-біріне қарама-қарсы келеді деген сияқты болжау қойылған еді. Оны тексеру үшін сарапшыларға Қазақстанға сəйкес келетін жəне Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жаңару үлгілерін анықтау бойынша сұрақ қойған едік (кестеге қараңыз).

Сарапшылар  үшін  ең  жағымды  жаңару  үлгісі  –  ұлттық, өзіндік  сипатқа  ие,«бейімделген» жаңару: оны сарапшылардың 39% таңдаған. Осындай үлгінің мəні – жаңару барысында қазақстандық қоғамның дəстүрлі институттарымен, əлеуметтік- мəдени, ұлттық, менталды ерекшеліктері жəне құндылықтарымен, тарихымен, экономикасы жəне заманауи əлемдік жүйедегі нақты орнымен санасу. Онындай жаңару үлгісін таңдаған сарапшылардың жартысының дерлік жауаптары (47%) осындай жол саяси жəне экономикалық тəуелсіздікті сақтауға, ал 36% – қоғамның ұлттық өзіндігін сақтауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Сонымен қатар Батыс үлгідегі «вестернизациялық» жаңаруды таңдағандардың үлесі де айтарлықтай болды (28,5%). Олардың ойынша, бұл жаңарудың  артықшылығы – қатаң, жаһандану жүріп жатқан əлемде саяси жəне экономикалық əсер етуге, мəртебе үшін бəсекелестікте табысқа жетуге мүмкіндік жəне кепілдік беретін өзгерістердің қарқындылығы (жауаптардың 73%).

 Кесте 1. Қазіргі кездегі Қазақстанға сəйкес келетін жəне осында нақты жүзеге асырылып жатқан жаңару үлгілері, жауап бергендер санынан %

 Əрбір сегізінші сарапшы ғана қандай да бір ауытқулары мен ерекшеліктері бар постсоциалисттік кеңістікте орын алып жатқан шығысеуропалық үлгіні  жақтаған. Оны жақтауда сарапшылар мынаған негізделген: осындай типтес жаңаруды жүзеге асырғанда мемлекет, біріншіден, өзінің саяси жəне экономикалық тəуелсіздігін сақтап қалуға (жауаптардың 32%), екіншіден, өзінің ұлттық өзіндігін сақтауға (29%) жəне, үшіншіден, қарқынды жаңаруға (23%) мүмкіндік алады.

Сарапшылар арасында жапон (8,5%) жəне қытай үлгідегі (6%) жаңаруды таңдағандар үлесі аз. Жапон үлгісін таңдағандардың жауабы дəстүрлі ұлттық мəдениетті немесе ұлттың өзіндік белгілерін сақтау мүмкіндігімен байланысты  болған (18,2+36,4=54,6% жауаптар). Қытай үлгідегі жаңаруды жақтағандардың басым бөлігі елдің саяси жəне экономикалық тəуелсіздігін сақтау мүмкіндігін (46,7%) жəне жаңарудың қарқындылығын алға тартқан (26,7%).

Сөйтіп, сұрауға қатысқан сарапшылардың басым бөлігі үшін екі түрлі жаңару маңызды. Оның бірі – Батыс үлгісі (Шығыс Еуропамен бірге): сарапшылардың 40,5% осы типтес жаңаруды таңдаған. Екіншісі – ұлттық өзіндік қазақстандық үлгі: оны жақтағандар үлесі – 39%. Осы орайда Шығыстың (Қытай мен Жапония) тиімді  жаңару жолы ретіндегі сыбағалы үлесі көп емес – 14,5%. Жаңарудың осындай екі айқын үлгісі қоғамды екі жаққа тартып жатыр десек артық болмас. Екі жақтың да өз пайдасына келтірер көзқарастары мен пікірлері бар екені даусыз. Осылайша, қазақстандық субэлитаның дүниетанымында қоғамның жаңару-өркениеттік таңдауына қатысты қайшылықтың орын алуын айтуға болады.

Бұдан əрі сарапшыларға «Қазақстанда іс жүзінде қандай жаңару үлгісі орын алып отыр?» деген сұрақ қойылды. Екі сұрақтың жауаптарын салыстыра келе келесідей нəтижеге қол жеткіздік. Бұл екі қатардың нəтижелері бірдей емес. Сарапшылардың бағаларына сəйкес Батыс үлгі де, шығысеуропалық үлгі де қалаулы үлгі дегеннен гөрі нақты үлгі ретінде көбірек кездеседі (сəйкесінше 18,4 жəне 10,3 пайызға, яғни жалпы алғанда 28,7 пайызға). (Жалпы, сарапшылардың шамамен 70% Қазақстанның шынайы жаңару саясатында батыс немесе шығысеуропалық үлгілер жүзеге асырылып жатыр деп есептейді). Өзіндік ұлттық үлгіге қатысты жағдай басқаша. Ол қалаулы дегенге қарағанда нақты ретінде едəуір аз көрсетілген (12,8 пайызға). Тек қана 26,2% ғана ұлттық өзіндік жаңаруды шынайы іске асырылып жатқан жаңару ретінде көрсеткен. Қалаулы жəне шынайы жаңару үлгілері арасындағы айырмашылық батыс үлгідегі жаңаруға алып келетін реформаларға кейбір əлеуметтік топтардың қанағат- танбауынан туындайтын қоғамдық шиеленістің бар екенін көрсетеді. Сарапшылар қазіргі қазақстандық қоғамның субэлита өкілдері ретінде осындай көзқарастардың  бар екенін білдіреді.

Сонымен қатар біз сарапшылардың батыстық үлгіде дамуға қатысты пікірін сұрауды жөн көрдік. Осыған орай мынадай сұрақ қойылды: «Кейбіреулердің пайымдауынша Қазақстан Батыс жолын ұстанып дамып жатыр. Осыған байланысты Сіз не ойлайсыз?». Осы сұраққа жауап бергендердің 58% мемлекет өзіндік жолымен дамып жатыр деген жауапты таңдады. Сарапшылардың 27% ойынша, еліміз Батыс жолын таңдаған жəне олар бұндай үрдісті дұрыс деп қабылдайды. Əрбір 10-шы сарапшы еліміз Батыс жолын таңдады, бірақ ол дұрыс емес деген ой білдірді. Қалған сарапшылардың (5%) айтуынша, Қазақстанның заманауи дамуы  көп  векторлы сипатқа ие.

Э. Тирикян жаңашылдыққа жетудің бірнеше жолы бар екенін көрсете отырып, постсоциалисттік қоғамның элиталарының міндеті – өздерінің елдеріндегі əртүрлі институттардың дамуына барынша сəйкес келетін жаңару үлгілерін таңдау деп есептейді. Ол жаңарудың сəтті болуын жаңару үлгілері мен ұлттық дəстүрлер арасындағы өзара байланыс пен ұмтылыстардың болуымен, сонымен қатар күрделі қоғамды қайта құру жағдайында ұлттық ауызбіршілікке қол жеткізумен байла- ныстырған.

Анкеталық сұрау барысында сарапшыларға мынадай жартылай жабық сұрақ қойылды: «Сіздің ойыңызша, бүгінгі таңда жаңару барысында Қазақстан қандай əлеуметтік-мəдени стратегияны ұстануы керек?». Ұсынылған үш жауаптың арасынан сарапшылардың басым бөлігі (81,5%) «өз еліміздің тарихи ұлттық дəстүрлі мəдениеті мен ділін барынша сақтай отырып, дамыған елдердің мəдениеті мен өмір салтын белгілі бір дəрежеде қабылдау керек» деген жауапты таңдаған. Əрбір жетінші сұралған (15,5%) «дамыған елдердің мəдениеті мен өмір салтын ешбір қабылдамастан қоғамымызды ұлттық дəстүрлі мəдениет негізінде жаңарту керек» деген жауапты жақтаған. «Өзіміздің ұлттық дəстүрлі мəдениетіміз бен ділімізден толықтай бас тартып дамыған елдердің мəдениеті мен өмір салтын толығымен қабылдау керек» деген жауап сарапшылардың 3% көңілінен шыққан.

Жауаптардың осылайша қалыптасарын болжап, сарапшылардың көзқарастарын нақтылау мақсатында келесі сұрақ қойылған еді: «Төменде келтірілген екі түрлі пікірдің қайсысы Сіздің ойыңызша дұрыс?». Таңдауға берілген жауаптар мынадай  еді: а) жаңару үдерісіне кедергі келетін болса да, Қазақстанның жаңаруын тек қана ұлттық мəдениет (мəдениеттер) аясында жүргізу; жəне б) ұлттық мəдениетке (мəдениеттерге) келтірер қатеріне қарамастан жаңаруды қарқынды жүргізу, əйтпесе біз əлемдік жаһандану үдерісіне ілесе алмаймыз. Сұрақ жартылай жабық болған, жауап бергендердің 18,5% жоғарыда келтірілген жауаптардың ешқайсысын қолдамай, өз жауаптарын берген. Дегенмен басым көпшілігі бірінші жауапты жақтаған (52%), ал екінші жауапты 29,5% сарапшылар белгілеген.

Өз пікірін ұсынғандардың жауаптарының құрылымына толығырақ тоқталар болсақ, олар негізінен мынадай: жаңаруды тек қана ұлттық мəдениет аясында  жүргізу,  ұлттық  мəдениетті  ескере  отырып  жүргізу,  ұлттық  мəдениетке  барынша төмен кері əсерін тигізе отырып жүргізу немесе ұлттық мəдениетті барынша сақтай отырып жүргізу; Қазақстанда жаңару табиғи жолмен жүзеге асуы керек; жаңаруды шығындарын ақтай отырып жүргізу керек; кешенді түрде, бірте-бірте, өзара байланыста жүргізу керек; егер де барлығын дұрыс ойластырса, бірі екіншісіне кедергі келтірмейді; ұлттық мəдениет пен дəстүрлерге, тілді сақтауға басымдық беру керек жəне т.б. Сондай-ақ кейбіреулері жерлігілікті ерекшеліктерді ескере отырып əлемдік тəжірибені зерттеу жəне қабылдау керектігін айтады.

Жоғарыда айтылғандай, сарапшылардың 81,5% «өз еліміздің тарихи ұлттық дəстүрлі мəдениеті мен ділін барынша сақтай отырып, дамыған елдердің мəдениеті мен өмір салтын белгілі бір дəрежеде қабылдау керек» деп жауап бергендер келесі сұраққа берілген жауаптардың арасында осындай жауаптын болмауына байланысты өз ойларын «жаңару үдерісіне кедергі келетін болса да, Қазақстанның жаңаруын тек қана ұлттық мəдениет (мəдениеттер) аясында жүргізу керек» деп нақтылаған.

Қазақстанның даму жобасы дəстүрлер мен жаңашылық, өзіндік жəне біркелкілік сияқты түбегейлі оппозиция аясында дамып жатыр. Бұл қоғам өміріне қосымша бəсекелестік, келеңсіздік енгізіп, қарама-қарсы келетін мүдделерді, көзқарастарды, пікірлерді туғызады. Осындай жағдайда қоғам алдында ішкі, əлеуметтік-мəдени жəне сыртқы импульстарды қабылдап, бойына сіңіріп, осындай қайшылықтарды тиімді шешім қабылдау үшін қолданып, жаңару үдерісіне қосу сияқты міндет тұр. Субэлиталардың жаңару стратегиясына қатысты қайшылықтары мен пікірталастары барлық əлеуметтік топтардың пікірлерін ескерумен саяси жəне ғылыми пікірталастарда қоғамдық консенсус ретінде шешімін таба алады.

 

Әдебиеттер

  1. Сравнительное изучение цивилизаций: Хрестоматия. М.: Аспект-пресс, - 556 с.
  2. Бендикс Р. Современное общество / Американская социология: перспективы, проблемы, методы. М.: Прогресс, 1972. - С. 330-340.
  3. Айзенштадт Ш.Н.    Множественность    модернизмов    в    век    глобализации    //Глобализация: Контуры ХХI века: Реф. сб. М.: ИНИОН РАН, 2002. - С. 136-145.
  4. Красильщиков В.А., Гутник В.П., Кузнецов В.И., Белоусов А.Р. Модернизация: зарубежный опыт и Россия. М.: ИНФОМАРТ, 1994. - 115 с.
  5. Штомпка П. Социология социальных изменений. М.: Аспект Пресс, 1996. – 416
  6. Инглегарт Р. Модернизация и постмодернизация / Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология. М.: Academia, 1999. - С. 261-291.
  7. Цапф В.   Теория   модернизации   и   различие   путей   общественного   развития  //Социологические исследования. 1998. - №8. - С. 14-26.
  8. Нысанбаев А.Н. 15 лет независимости Казахстана: становление нового общественного сознания. Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006. - 222 с.
  9. Жармакина Ф.М. Формационная специфика Казахстана / Центральная Азия: проблемы современного социокультурного развития. Новосибирск: Новосибирский государственный университет, 2003. - С. 61-74.
  10. Алесин В. Стратегия регионального лидерства как ответ Казахстана на вызовы глобализации // Analytic. - 2005. - №3. - [online]. <http://www/kisi.kz/img/docs/87.pdf>.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.