Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді дамытудың қазіргі жағдайы, мəселелері жəне болашағы

Қазіргі қоғамдағы білім берудің жеке бір мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық ілгерілеуі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы ретіндегі мəні өсуде. Білім берудің қоғам мен индивидуумға ықпалының көптігі əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер сипатынан, сондай-ақ қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістердің білім беруден мобильділікті, жаңа уақыт талабына сай адекватты жауапты талап ететін сипатынан көрініс табады.

Қазақстанның Болон декларациясына қол қоюымен, Қазақстанның əлемдік білім беру кеңістігіне қосылуына байланысты жоғары білім беруді жетілдіру мен модификацияның, жоғары оқу орындарының академиялық саясатының мазмұнын қайта қарау жəне жаңа ұрпақтың негізгі білім беру бағдарламаларын өңдеу қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда елде жоғары білім беру жүйесін модернизациялаудың қарқынды процесі жүріп жатыр. Олар: кадрларды дайындаудың көп деңгейлік жүйесін жүзеге асыру, білім беру қызметі спектрінің кеңейтілуі, жаңа мамандықтардың пайда болуы, жоғары оқу орындарында құрылымдық қайта құрулардың жүргізілуі.

Дегенмен білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді түсінудің əртүрлі деңгейі бұл саладағы қойылған міндеттерді тиімді жəне толықтай қамтамасыз етпейді. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін қайта құрудағы білім беру процесіне субъектілердің жалпы қарым-қатынасын, сондай-ақ олардың жақын арадағы жəне ұзақ мерзімді болашақта нені күтетіндігін меңгеру мақсатында сапалы зерттеу жүргізілді.

Зерттеудің мақсаттық  тобы (объектісі)  – жас  ғалымдар  –  жаратылыстану, техникалық жəне əлеуметтік ғылымдар саласы бойынша арнайы дипломдары бар мамандар. Сұхбатқа 25 пен 35 жас аралығындағы 10 адам қатысты.

  1. Қазақстанның жоғары білім беруіндегі модернизация: қазіргі жағдайы мен болашағы. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде Қазақстанның Болон процесіне интеграциялануына байланысты əртүрлі тенденциялар орын алуда, атап айтқанда оқытудың кредиттік технологиясына негізделген кадрларды дайындаудың үш деңгейіне – «бакалавриат-магистратураPhDдокторантура» толық өту жүзеге асырылуда; жоғары білім беруді ғылымиландыруға аса назар аударылуда (жаңа басылымда ҚР-дың «Ғылым туралы» Заңы қабылданды). Дегенмен академиялық ортадағы бұл қайта құрылымға қарымқатынас кереғарлықпен сипатталады. Мысалы, терең сұхбаттың көптеген қатысушылары (67%) білім берудің жоғары сапасына жету үшін жаңа өзгерістерді енгізудің мақсаттылығы мен тиімділігін мойындайды:
  • «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ЖОО-ның жаңа кезеңге – Болон процесі стандарттарына толықтай өтудің кезеңіне өтудегі трансформация процесі жүзеге асырылуда. Нақты мысал – жоғары білім берудегі құрылымдық өзгертулерге бағытталған ҚР-дың «Ғылым туралы» Заңының қабылдануы. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ЖОО-ы мен өндіріс арасында байланыс жоғалды. Жоғары білім беру трансформациясы бойынша ҚР-дың ҒБМ-мен қабылданған шаралар бұл мəселелерді толықтыруға бағытталған. Сонымен қатар, қазіргі таңда білім беру саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылатын зерттеу жұмысымен айналысатын университеттерді құру туралы міндеттер қойылды»;
  • «Болон Конвенциясы білім беру сапасын жақсартуға – оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттердің сабақтарына өз бетінше дайындалуға ықпал етеді. ҚР-дың «Ғылым туралы» қабылданған Заңы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытуға ықпал етеді»;
  • «Жаhандық жəне интеграциялық процестерден басқа білім беру жүйесінде басқаларға онша түсінікті емес, бірақ сарапшылар үшін түсінікті бұл – гуманизация жəне білім берудің гуманитаризациясы; білім беру диверсификациясы (білім беруге ықпал ететін жеке секторлардың ықпалының күші), компьютерлендіру, ақпараттандыру сияқты басқа да өзгерістер жүргізілуде».

Сонымен қатар жас ғалымдар отандық ғылымның теориялық дəлелділігі мен пайдалығына толықтай сенімді екендіктерін, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың əлемдік ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қоса алатындықтарын айтады:

  • «Қазақстан əлемдік қауымдастықта, сондай-ақ білім беру кеңістігінде өзіне лайықты орынды иеленуі тиіс. Біздің жүйені басқалардан артта қалып қояды деп айтуға болмайды. Кейбір реформалар бойынша біз Ресей мен ТМДның басқа елдерінен алдамыз. Қазақстандағы жоғары білім берудің теориялық негізі өте мықты. Бұл жағдайдағы тек бір кемшілік – білім берудің тəжірибелік қырының, яғни тəжірибенің болмауы. Ғылыми айналымда «білім тек жеке бір мемлекеттің ғана емес, бүкіл елдің жетістігі болып табылатын білім транснационализациясы» сияқты термин қолданылады. Біз Батыс Еуропаның, АҚШ жəне т.б. теорияларын оқимыз. Сондай-ақ, егер басқа елдерде аз қызығушылықты тудырмайтын қазақстандық ғалымдардың еңбектері мен теорияларымен таныс болса жақсы болар еді. Бұл еңбектер əлемдік ғылыми қауымдастыққа таныстырылуы тиіс».

Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі қандай да бір өзгерістерге қарсы ақпарат берушілер тарапынан сыни бағалар берілуде. Олардың ойынша, жиі жүйелік-ұйымдастырушылық қайта құрылымдар білім беру сапасын жоғарылатуға емес, керісінше қол жетілген деңгейдің төмендеуіне ықпал етеді:

  • «Кадрларды дайындаудың «магистратура – PhD докторантура» жүйесін енгізуді тіпті дұрыс емес деп санаймын. Кеңес дəуірінде біздің білім беру ең күштісі ретінде саналған. Кандидаттық немесе докторлық диссертациялар жылдап дайындалып, жазылатын. 2-3 жыл ішінде магистр немесе PhD доктаранттарды дайындау мүмкін емес деп санаймын»;
  • «Жалпы, жоғары білім беру жүйесіндегі жиі өзгерістер жақсы қорытындыға алып келмейді. Қандай да бір нақты үлгіні қабылдап, сол бойынша жүру қажет».

Жалпы барлық ақпарат берушілер ғылым, ғылыми-техникалық өңдеулер, өндіріс пен жоғары білім беруді сабақтастыруды жоғары білім беру модернизациясының тиімділігін қамтамасыз етудің басты шарты екендігін бірауыздан атаған:

  • «Біздің Қазақстанда үлкен жəне мықты шикізаттық база бар. Өндірісті көтеру, басқа елдердің тəжірибелерін меңгеру үшін халықаралық ынтымақтастықты белсендіру қажет»;
  • «Өндіріспен байланысты орнату қажет. Қымбат тұратын жобалар мен өзіміздің ғылыми еңбектеріміздің қорытындылары бойынша біз құнды нəтижелерді алудамыз, бірақ олар жүзеге асырылмай қалып жатыр»;
  • «Қазақстанда барлық өндіріс орындары мен ұйымдар студенттерді тəжірибеден өтуге қабылдауға келісе бермейді, басқаша айтқанда, ынтымақтастық үшін олар жабық. Сондай-ақ студенттерді жұмысқа қабылдауда олар студенттерден жұмыс тəжірибесін талап етеді»;
  • «Ерекше көңілді ғылымды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге, сонымен қатар ғылыми мекемелер мен кəсіпорындардың интеграциясын қамтамасыз етуге аудару тиіс. Ғылыми зерттеулер фундаментальді сияқты қолданбалы сипатта да болуы тиіс».

«Студенттер пəнді,оқытушыларды таңдауда еркін», «Студенттер жақсы нəтиже беретіндей, оқуының бір жылын шетелдік ЖООнда өткізу мүмкіндігіне ие» сияқты оң алға жылжуларға қарамастан, көптеген респонденттер оқытудың кредиттік жүйесіне өтуді тоқтатын түрткі жайттар ретінде қазақстандық студенттердің менталитетінің, оқу-ғылыми құралжабдықтарының ескіру ерекшеліктерін санайды:

  • «Біздің студенттер өз бетінше емес, тек оқытушының қинауы бойынша жұмыс істеуге үйренген»;
  • «Оқытудың кредиттік технологиясы пəндерді өз бетінше оқуды білдіреді. Дегенмен бізде бұл принцип тек ресми түрде ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар студенттерде өз бетінше дайындалу менталитеті жоқ. Келесі мəселе – ЖОО-ның қазіргі материалдық-техникалық базалармен қамтамасыз етілмеуі. Барлық ЖОО-ы өздеріне прогрессивті құрал-жабдықтарын сатып алу мүмкіндіктеріне ие емес. Жаңа құрал-жабдықтарды оқып-меңгеру тек теориялық деңгейде ғана жүзеге асырылуда».

Қазақстанның Болон процесіне қосылуының нақты  болашағына   қатысты  білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға жақтаушылар мен қарсылар арасындағы ой-пікірлер əртүрлі болды. Мысалы, терең сұхбатқа қатысушылардың жартысынан көбі (67%) қазақстандық жоғары білім берудің қазіргі əлемдік стандарттарға жақындауы мен бейімделуіне қол жеткізуінен болашақты көреді. Сонымен қатар барлық деңгейде белсенді студенттік жəне оқытушылық қатысу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау əлемдік білім беру кеңістігіне елдің табысты интеграциясының басты шарты болып табылады:

  • «Қазақстанның Болон процесіне қосылуына байланысты білім беру мен ғылымның дамуы үшін мүмкіндіктер өседі»;
  • «Біз Болон процесіне қосылдық. Бұл жағдайда ғылыми қауымдастықтың TEMPUS, TASIS, Erasmus Mundus сияқты көптеген халықаралық жобаларға қатысу белсенділігі қажет, сонымен қатар инициатива тек оқытушылар тарапынан ғана емес, студенттер тарапынан да болуы тиіс. Студенттер ағылшын тілін, компьютерлік технологияларды жақсы меңгерген. Бірақ мемлекеттің қолдауынсыз бізге бəрібір қиын»;
  • «Қазақстанда диплом ала отырып, алынған білім халықаралықпен тең болғандықтан біздің жастар шетелден жұмыс таба алады».

Дегенмен жоғары білім берудің дамуының болашағы кейбір ақпарат берушілерді қуантпайды жəне олар үшін анық емес:

  • «Қазақстандық диплом əлемнің барлық елдерінде мойындалады дейді. Бірақ, меніңше, Еуропада біздің дипломмен санаспайтын болады. Бұның болашағын уақыт көрсетер. Мен осы уақытқа дейін болған жүйенің жақтаушысымын, ол – ғылым кандидаты, докторы ғылыми деңгейді иеленетін неміс жүйесі болатын. Кеңес жүйесі оны 1933 жылы немістерден қабылдады»;
  • «Болон процесіне қосылуға қатысты анық, маңызды болашақты күтпеймін».

Болон процесі шеңберіндегі оқытудың кредиттік технологиясының нормативтері мен стандарттарын енгізу қиындықтары елдің кеңестік білім беру жүйесінің ескілігінен құтыла алмауымен байланысты туып отырғандығы анықталды. Алға қойылған міндеттерге жету үшін уақыт жəне ғылым мен білім беруді қосымша қаржыландыру қажет:

  • «Білім берудің барлық саласында кең тараған жоғары білім берудің ескі кеңестік жүйесі Болон конвенциясының принциптері мен стандарттарын меңгеру процесін бəсеңдететін адам санасын өзгертуге кедергі болды. Бірақ бұл кезеңдегі процесс ел Президенті мен үкіметке қойылған міндеттердің арқасында жылдамдатыла бастады»;
  • «Бізде басқа менталитет, біз кредиттік жүйеге жылдам қадаммен өтіп кете алмаймыз».

Жалпы, жас ғалымдар Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» жаңа Заңын «инновациялы» деп қабылдап, онымен үлкен үміттерді байланыстырды:

  • «Бұл заң біз үшін инновациялы, өйткені бұл заңдағы тұстар бұл уақытқа дейінгі заңда көрсетілмеген болатын. Мен PhD доктор ұстанымын анықтауға, зерттеу университеттерін құру жəне т.б. сияқты мəселелерді айтып отырмын»;
  • «Заңдағы негізгі назар ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша инвестицияны тартуға аударылып отыр. Жобалар өз шығынын өздері өтейтін, инвесторларды өздері тартатын болады. Жалпы, мен қанағаттанамын».

Жас ғалымдардың ойынша, «Ғылым туралы» жаңа Заң білім беру саласына анықтылықты енгізеді жəне бірқатар заңдық күші бар актілерді қабылдағаннан кейін ғана пайдасы тиеді. Өйткені жаңа басылымдағы заңда өңделмеген жəне қамтылмаған көптеген мəселелер бар:

  • «Мен заңның жалпы ережелерімен таныспын, бірақ қазіргі таңда заңдық күші бар актілер жоқ, дегенмен олар заң бекітілгеннен кейін шығуы тиіс»;
  • «Заңда барлығы жалпы түрде жазылған. Нақты бейне 15 заңдық күші бар актілер қабылданғаннан кейін ғана қалыптасады».

Ақпарат берушілерді диссертациялық кеңестің жабылып қалуына байланысты қорғап үлгермегендердің тағдырлары алаңдатады:

  • «Диссертациялық кеңестің жабылуына байланысты бізді ғылым кандидаттарымен ары қарай не болатыны ойландырады. Мен енді Ресейде қорғауды жоспарлап отырмын»;
  • «Кері қыры көптеген кандидаттық жəне докторлық жұмыстардың қорғалмай қалуы болып табылады, олар ары қарай не істейтіндерін білмей жүр».

Қазақстандағы жоғары білім берудің тұрақты дамуының механизмдері ретінде мыналар ұсынылады: ғылымның жоғары оқу орындық секторын, əсіресе, зерттеу университеттерін дамыту бағдарламаларын қаржыландыру; оқытушылардың оқу жүктемесін төмендету; фундаменталдық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жəне өңдеу үшін жағдай жасау.

Жоғары білім беру сапасы жəне ЖООындағы ғылыми-педагогикалық кадрлардың кəсібилігі. Зерттеу қазақстандықтардың жоғары білім беруден болашақ өмірлік табыс пен мəнсаптың кепілін көретіндігін, оның бар болуы қоғамның əлеуметтік құрылымындағы адам ұстанымын жоғарылату жəне нығайтудың сапалы көрсеткіші болып табылатындығын көрсетеді:

  • «Жоғары білім беру болашаққа есік ашады. Адам жоғары білімсіз болашақта ертеңі болмайды»;
  • «Егер кеңес кезеңімен салыстыратын болсақ, қазір егер адам дамығысы келсе, онда жоғары білім алуы тиіс. Жəне қазіргі таңда бізде барлық жағдай жасалған. Егер бұрын адам бір ғана ЖОО-ды таңдайтын болса, қазір бірнеше ЖОО-н, бірнеше мамандықты таңдай алады»;
  • «Дипломы бар адам жақсы жұмысқа тұра алады, ол қоғамның белгілі бір деңгейінде тұрады. Біздің елде білімсіз адамдар жоқ»;
  • «Білім беру мен білім қазіргі күннің құндылығы болып табылады».

«Жоғары білім алудың мотивациясының сипаты «қала-ауыл» аймақтық контекстке байланысты ерекшеленеді ме?» деген сұраққа терең сұхбатқа қатысушылар жоғары оқу орнына түсу ниетінің ерекшелігі оның тұрып жатқан аймағына байланысты ажыратылатындығын айтады. Мысалы,  ауылдық  жерлердегі  тұрғындар үшін

«жоғары оқу орнына түсу» – сəтті өмірлік жол, ауылдан кетудің, сонымен қатар материалдық жағдайды жақсартудың мүмкіндігі. Ірі қалалар мен аудандарда жоғары білімді иелену үлкен құндылық жəне əлеуметтік мобильділіктің өзіндік бір арнасы болып табылады. Мысалы, Қазақстанның солтүстік жəне шығыс аймақтарының мектеп бітірушілері Ресей ЖОО-на түсуге бағытталса, қала жастары шетелге кетіп қалуға ұмтылады:

  • «Ауыл тұрғындары қалада тұрғысы келеді. Ал қалалық оқушылар шетелде оқығылары келеді».

Сондай-ақ ақпарат берушілер жоғары білім беру туралы диплом алудың уəждемесі мен аймақтық түрткі жайттар сипатының арасында тікелей корреляциясының жоқтығын мəлімдейді.

  • «Менің ойымша, қалалық жəне ауылдық тұрғындардың уəждемелерінің сипаты ешқандай да ерекшеленбейді».

Қазақстандық мамандарды дайындаудың сапасы халықаралық стандарттарға жақындатылып жатқандығы анықталды:

  • «Қазақстандық жоғары оқу орындарының бітірушілері британдық жəне америкалық жоғары оқу орындарына жеңіл түседі».

Дегенмен, жас ғалымдардың пікірлеріне сəйкес жұмыс күші нарығының негізгі мəселесі болып экономикалық жəне заңдық бағыттағы мамандардың тым көп болуы жəне техника  мен технология саласындағы кəсіби мамандардың жетіспеушілігі табылады. Осыған байланысты қазіргі таңда техникалық бағыттағы орта біліктілікті мамандар мəселесі өзекті болып қала береді:

  • «Соңғы жылдары IT-технологияларын меңгерген студенттер университетті бітіргеннен кейін жұмысқа  оңай  орналасады, сонымен қатар шетелде де. Бұл біздің əлемдік білім беру стандарттарына сай екендігімізді білдіреді. Біздің елдегі бағдарламалық қамтамасыз ету уақыт  өткен  сайын  аяғына  тұрып  келеді.  Ал «юриспруденция» сияқты мамандықтарымыз шетелдерде сұранысқа ие емес»;
  • «Бəрімізге белгілі, біздің елде заңгерлер, экономистер, менеджерлер тым көп, ал еңбек нарығы тек оларды ғана қажет етіп қоймайды. Біздің нарықтың да өз ерекшелігі бар. Бізде өндіріс жоқ, тек токарь, темір ұстасы, сварщик, шахтер, бұрғылаушы сияқты мамандарды қажет ететін ірі кəсіпорындар бар. Сондықтан арнайы орта оқу орындарының қажеттілігі туралы сұрақ туындайды».

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы теория мен тəжірибенің байланысының болмауы, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың жоқтығы, нарықтық экономика талаптарына сай емес мамандарды дайындау сияқты бірнеше факторлардың болуымен түсіндіріледі:

  • «Біз көбінесе теорияны оқытамыз, ал тəжірибе мен өндіріспен байланыс өте əлсіз. Өндірістік тəжірибе мен тəжірибелік база компоненттерін күшейту қажет. ЖОО-ы орта жəне кіші бизнеспен көптеп жұмыс істеулері, студенттік инновациялық компаниялар мен фирмаларды құрулары қажет»;
  • «Қазақстанның нарықтық экономика елі болып табылмайтындығын мойындау қажет. Бізде жұмыстар еңбек нарығының қажеттілігіне сай емес, таныс, байланыс арқылы шешіледі»;
  • «ЖОО-нда өндіріске шығаруға лайықты көптеген ғылыми жобалар бар, бірақ қаржының жетіспеуіне байланысты олар кейінге қалдырылып жатыр. Тек олардың 30%-ы ғана өндірісте жүзеге асырылуда. Шетелдік əріптестер біздің патенттерді сатып алып жатыр. Бұған мүмкіндік бермеу керек, бұл өңдеулердің барлығы Қазақстанда қалуы тиіс, бұл – біздің инновациялар».

Бұл сұрақты шешудің механизмдері болып білім беру стандарттарын, пəндердің оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын өңдеуге қатысу, сонымен қатар еңбек нарығының бəсекеге лайықты жоғары білікті мамандарды дайындау негізінде университеттердің кəсіпорындар мен əлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастығын қамтамасыз ету мамандықтарды дайындаудағы сапа мəселесі бойынша жұмыс берушілердің сұраныстарын оқып-меңгеру табылады:

  1. «Жоғары оқу орындарындағы элективтік пəндердің курстары өндіріске, жұмыс берушілердің сұранысына сəйкес өңделуі тиіс»;
  2. «Егер бітіруші белгілі білім, дағды мен қабілеттерді меңгерсе, сұранысқа  ие  болады.
  3. Оған тек тестілеуден, əңгімелесуден өтіп, өзінің мүмкіндіктерін көрсетуі керек»;
  4. «Университеттердің өндіріс орындарымен байланыстарын орнату қажет».

Жас ғалымдардың пікірлеріне сəйкес еңбек нарығының сұранысы мен ұсынысының тең баланста болуында жастар мен оқушылар арасындағы мақсаттық бағытталған кəсіби бағыттылық жұмыс жүргізудің де ролі зор, яғни оларды мамандықтардың мазмұны мен бағыттарымен ақпараттандыру, олардың кəсіби қызығушылықтарын қалыптастыру, талапкерлердің өздерін анықтауға ықпал ету.

Жыл: 2011
Қала: Алматы
Категория: Социология