Социология

Мақалада арт-терапияның шығу тарихы мен қолданыстағы функциялары, бағыттары мен салалары қарастырылған. Бұл жерде қоғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары, олардың отбасылық қарым-қатынасқа кері әсері және де халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауы туралы айтылған. Авторлар әлеуметтік жұмыс саласындағы маманның қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқуларда қолданатын шешу жолдарын көрсетіп өткен. Сонымен қатар автор арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып табылатындығын көрсете отырып, аталмыш терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі туралы айтып өтеді. Және де осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттары қарастырылады. Сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру  және зерттеу  болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады.
2013
Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы: әлеуметтік аспектісі

Мақалада индустриалдық және индустриалды-инновациялық дамудың нақты түрде ерекшеліктерін ажы- ратып алу керектігіне баса назар аударылады. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру процесін білдірсе, екіншісі сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік негізін жетілдіру, оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді.
2013

Мақалада  әлеуметтік көңіл-күй категориясы адамдардың қоғамдағы  әртүрлі реформаларға деген реакциясы ретінде теориялық аспектілері жан-жақты зерттелінген. Индивидуалдық әлеуметтік көңіл-күй мен топтық көңіл-күй категорияларына түсініктеме беріліп, олардың индикаторларын айқындауға талпыныс жасалынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қаңтардағы халыққа жолдауында атап өтілгендей, ел дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін индикаторлардың бірі азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйі болып табылады. Қазіргі кезде жалпы ғалымдар қауымдастығымен ортақ қабылданған «әлеуметтік көңіл-күй» мен «өмір са- пасы» түсініктерінің нақты біржақты анықтамасы мен көрсеткіштер жүйесі қалыптаспаған. Екі түсінік те ғылыми әдебиеттерде объективті – субъективті сипаттама ретінде қарастырылады. Өмір сапасы – объективті көрсеткіштерге негізделген халық тұрмысының жүйелік сипаттамасы, ал әлеуметтік көңіл-күй – индивидтің жеке эмоционалдық күйін сипаттайды. «Әлеуметтік көңіл-күй» терминін айқындауда индивидтің, әлеуметтік топтың, халықтың эмоционалдық-субъективті бағалауы арқылы сипатталатын шынайы қоғамдық сана  және мінез-құлық екендігін ескеру керек.
2014

Мақалада діннің қоғам дамуында алатын орны, атқаратын міндеттері мен қызметтері әлеуметтік-мәдени институт ретінде түсіндіріледі. Дін және әлеуметтік құрылым. Э. Дюркгеймнің дін турасындағы теориясы. Зерттеу нысаны: қазіргі кездегі Қазақстандағы сенушілер. Зерттеу пәні бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Діннің пайда болу тарихы. Зерттеу мақсаты: бұл сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, олардың санасы мен сезімінде діни іс-әрекеттегі моральдық тірек пен сенімділікті қалыптастыру. Зерттеудің болжамы – Қазақстан бастамашылдығы бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуы азиялық континентте қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көпжақты тамаша құралына айналды. Бұл дегеніңіз мемлекетіміздің тұрақтылығын, бейбітшілігін сақтап қалуда біздің мүмкіншілігіміздің көп екендігін көрсетеді. Қай жағынан алып қарасақ та бірлігін сақтауда діннің өзектілігі маңызды. Олай болса, алдағы уақытта дін мәселелері өз алдына шешімін тауып, әлемдік дағдарыс, төңкеріс, ашаршылық сияқты көптеген зұлматтарды басынан кешіріп, бейбітшілік пен амандықта жасап келе жатқан еліміз бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деген үмітіміз бар.
2014

Бұл мақалада өмір сүру деңгейі әлеуметтік жұмыстың негізгі экономикалық категориясы ретінде қарастырылған. «Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл халықтың әл-ауқатының, игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, адамдардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шамасын сипаттайтын жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы». Басқа сөзбен айтқанда, өмір сүру деңгейі қоғамда тұратын адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен даму дәрежесі, ол әртүрлі игіліктерді тұтынумен немесе тұтыну жиынтығының пайда деңгейімен анықталады. Қазіргі жағдайларда қазақстандық экономистер осы категорияның келесі сипаттамасын ұсынады: «өмір сапасы  экономикалық,  әлеуметтік  және  өнегелік  құндылықтардың  жиынтығын  қосады».  Бұл  жағдайда «еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, бос уақыттың бар болуы мен пайдалану мүмкіншілігі, мәдени деңгейі, азаматтардың қауіпсіздігі» қарастырылады.
2014

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің отбасында тәрбиеленген балалардан әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, осы топтағы жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерттеудің және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер. Зерттеу пәні: балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктерінің негізгі себебінің көрінуі мен мазмұны болып табылады. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің әлеуметтік-психологиялық жетілулерінің негізгі себептерін көрсету мен ерекшеліктерін зерттеу арқылы проблема тудырып отырған себептерге байланысты шешу жолдарын қарастыру. Зерттеудің болжамы: әртүрлі шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдаудың көмегімен анықталған әлеуметтік, психикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, Қ.Р. баланың құқықтары туралы заңы.
2014
Жастардың кейбір еңбек құндылықтарының құрылымы мен мазмұнына социологиялық талдау

Мақалада Алматы қаласының жастарының еңбек құндылықтарын зерттеу барысында 7 ауданда жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылады. Жастардың кәсіби еңбек жолында басымдыққа ие болған жоғары жалақы, жұмыстың қызықты болуы, жұмыс орнының сақталу кепілдігі құндылықтарының жастардың өмірі мен еңбек етуіне ықпалын айқындай келе, оған әсер ететін факторларды қарастырады. Еңбек жолында кездесетін тәуекелдер мен мүмкіндіктерге қатысты жастардың көзқарасы, еңбек сапасының маңыздылығы сөз болады. Жастардың еңбексүйгіштігі, еңбекке төзімділігі мен талабы сипатталған. Жастар арасында кәсіпкерлікке қатысты көзқарасты сараптай келе, оның қоғамға алып келетін пайдасы туралы дәйекті пікірлерін ұсынады. Жастардың кәсіпке бет бұруына кедергі болатын факторлардың маңыздылығы бойынша бағалайды. Жастардың өз кәсібін аша алмау себептері аталып, кәсіби мобильділік пен кәсіби тәжірибенің олқы тұстары көрсетілген. Авторлар жастарды еңбекке ынталандырудың тиімді жолдарын да жастардың көзқарасы бойынша бөліп көрсеткен. Жастарды жетістікке жету жолындағы еңбекке берер басымдылығы зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып сарапталған. Жастар санасындағы еңбек пен ақшаның арақатынасын анықтауға тырысқан. Авторлар еңбек мәселелерін ерте бастан реттеу үшін жасалуы тиіс әрекеттерге қатысты өз тұжырымдарын ұсынады.
2014