Социология

Саяси әлеуметтену тұлғаның саяси тәжірибені, саяси іс-әрекет пен саяси қатынастардың талаптарын, құндылықтарын және бағдарларының белгілі бір жүйесін белсенді түрде қайта өндіру процесі ретінде түсіндіріледі. Шын мәнінде, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа саяси құндылықтар, талаптар және мінез-құлық үлгілерін жеткізіп отыру процесі.Саяси әлеуметтену ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншіден, индивидтің саяси жетілу процесін,  оның саяси «Менінің» қалыптасуын, саяси өмірге өзіндік көзқарастарының, өзіндік саяси бағдарының болуын білдіреді. Екіншіден, саяси көзқарастарды, идеяларды, түсініктер мен талаптарды, саяси мәдениетті бір ұрпақтан екінші ұрпаққа, бір әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардан екіншісіне жеткізу процесін сипаттайды. Осылайша, екі жағдайда да саяси әлеуметтену – бұл түрлі деңгейде жекелік және қоғамдық, жүзеге асырылатын жалпы, біртұтас процесс. Осы екі деңгейге қатысты саяси әлеуметтенудің: жекелік және қоғамдық түрлерін  айтуға болады. Құқықтық әлеуметтену – индивидтің жалпы әлеуметтенуінің бір бөлігі, бір түрі. Құқықтық әлеуметтену процесінде индивид құқықтық сауаттылыққа үйреніп, құқықтық білім негіздерін игеріп, өзінің құқықтық мінезқұлқын практикада қолдануға дағдыланып, құқықтық мәдениеттің белгілі бір сапалық деңгейін сипаттайды. Құқықтық әлеуметтену – тұлғаны әлеуметтік-құқықтық қатынастарға тартып, саяси және құқықтық талаптарға, құндылықтарға араластыру, жекелік құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру процесін білдіреді.
2013

Мақалада Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылым және осы саладағы өзгерістер мен жаңартулар жан- жақты қарастырылған. Жоғары оқу орнының негізгі бағыттары мен мақсаты талданды. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен ғылымды ұйымдастырудың институционалды формаларын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жоғары мектепте қалыптасатын жас ғалымдарды әлеуметтік-мәдени топ ретінде зерттеу маңыздылығы Қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңа зерттеу мәртебесіне ие болуымен артады. Сондықтан жоғары оқу орындары тек ғылыми кадрларды дайындау сапасына ғана емес, олардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансаптық мобильділігіне де жауаптылықты алады. Қазақстандық ғылымның тиімді қызмет етуі жастар арасында тек зерттеу құзыреттіліктерін ғана емес, құзыреттіліктің басқа да түрлерін (тұлғааралық, жүйелік, пәндік) қалыптастыру арқылы мүмкін болады. Осыған байланысты, Қазақстандағы жас ғалымдардың әлеуметтік және мінез-құлықтық сипатын зерттеу және кәсіби тиімділік пен оның әлеуметтік рөлін арттыруды ұсыну негізінде даярлау теориялық және тәжірибелік маңызға ие. Мақалада «Қазақстанның жас ғалымдары: социологиялық бейнеге негіздеме» атты жобасы аясында 2012 жылдың наурыз айы мен қараша айлары аралығында Қазақстанның жас ғалымдарының қоғамдық пікірін айқындауға бағытталған социологиялық зерттеу қорытындылары ұсынылған. Берілген социологиялық зерттеудің ішінара жиынтығын қалыптастыру, ең алдымен, институционалды анықтамасы толығымен айқындалмаған «жас ғалым» ұғымын жалпылауға және ресмилеуге бағытталған болатын. Бірнеше көрсеткіштерді статистикалық есепке алуға мүмкіндік беретін нақты критерийлердің болмауы нәтижесінде 2010 жылдан бері қазақстандық жоғары оқу орындарындағы докторанттардың саны бойынша ресми статистикалық мәліметтер көрсетілмеген. «Магистранттар» категориясы да білім беру саласын сандық талдауда есепке алынбайды.
2013

Мақала қоғам өмірінің дамуына тежегіш болатын масылдылық феномені, оның шығу себептері мен зардаптары, оған алып келетін рухани және физикалық факторларды зерттеуге арналған. Мемлекеттік басқару құрылымының, идеологияның қоғамда осы феноменнің көрініс табуына тигізетін әсері, түрлі бағыттағы елдердің тәжірибесін талдау арқылы көрсетілген. Атап айтқанда, АҚШ пен КСРО халқының еңбек жағдайы салыстырылып, түрлі жүйеде өмір сүріп жатқан Оңтүстік және Солтүстік Корей мемлекеттерінің өмірін мысалға ала отырып пікір білдірілген. Түркия халқының еңбекке көзқарасының ұстанған рухани бағытымен байланысы арқылы көрсетуге тырысады. «Қазақстандық қоғам неліктен үздік нәтижелерге қол жеткізе алмауда?»,«Қазақ болмысынан масыл ма, әлде тарихи жағдай «масылдардың» көбеюіне жол ашты ма?», «Әлеуметтік масылдылықтың зардабынан қалайша шығынсыз, ұтымды құтылуға болады», «Елдегі еңбек қатынастарының қалыптасуы мен даму үдерісі дұрыс жолға қойылу үшін не істеу керек?» деген сынды әрқилы сұрақтардың жауабы халық санасы мен бүгінгі жай-күйін талдай отырып түйінделген. Халықтың еңбек мәселесіне қатысты Абай, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов секілді тұлғалардың ой-пікірлері, халық ауыз әдебиеті мен мақал-мәтелдері әлеуметтанулық тұрғыдан талданады. Масылдылықты жоюдың ең тиімді жолы ретінде Самсунг, Тайота сынды ірі компаниялардың корпоративтік мәдениетті жолға қою әдісі сарапталған.
2013

Жоғары оқу орнының негізгі іс-әрекеті білім беру қызметін ұсыну болып табылады. Білімнің сапасы немесе еңбек нарығыда сұранысқа ие маман болу, ең алдымен, оқытушылардың жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытушылардың жұмысын бақылау әрі бағалау білім беру сапасын басқарудағы аса күрделі және маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті мақалада жоғары оқу орындарының оқытушылары жоғары  білім берудің негізгі субъектісі ретінде жан-жақты қарастырылады. Оқытушылардың жоғарғы оқу орнындағы жұмысын бағалау критерийлері бір жүйеге келтірілмеген. Осыған орай, білім беру мекемелеріндегі педагогика саласындағы қызметкрелерге қойылатын талаптардың тіміздері әрқилы болып келеді.
2013

Мемлекет әлемдік қауымдастыққа кірігуді жүзеге асырып отырған тұста біліктілігі жоғары кадрлар – болашақ мамандар даярлау, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыратын жағдайлар мен әрекет ету механизмдерін жасау мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстан дамуының маңызды шарты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау қоғамның барлық саласына әсерін тигізері даусыз. Ендеше, жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше. Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық. Осы тұста әлеуметтік білімдердің болашақ маманды ізгілендірудегі алатын орны ерекше. Осыған орай мақалада жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік сала қызметкерлерін оқыту ерекшеліктері мен болашақ маманға қойылатын талаптар қарастырылған. Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты, мемлекетіміздің бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдындағы басты міндет өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа тұлғаны қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Жастардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікір дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғалардың, мамандардың талап етілуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.
2013

Мақалада «өмір сапасы» терминінің әлеуметтануда қалыптасуы батыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама-қайшылықтары қарастырылады. Өмір деңгейінің жоғарылау фонында (табыс, тұтыну) экономикалық жағынан бай мемлекеттерде жұмыссыздық, қылмыс пен терроризмнің көбеюі, қоршаған орта ластануы, инфляция, әлеуметтік қысым және т.б. әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан жоқ. Қазіргі кезде өмір сапасы идеясы – әлеуметтік саясат контексінде ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады, себебі қоғам мүшелерінің барлығына  социум өміріне қатысуға  тең мүмкіншіліктер мен  шарттар жасау  барлық  дамушы елдерге тән алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады. Экономикалық дағдарыс шарттарында өмір сапасын жоғарылату мәселелері стратегиялық мән мен өзектілікке ие, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалдық  басқарудың  стратегиялық  мақсатына айналды.
2013

Мақалада арт-терапияның шығу тарихы мен қолданыстағы функциялары, бағыттары мен салалары қарастырылған. Бұл жерде қоғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары, олардың отбасылық қарым-қатынасқа кері әсері және де халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауы туралы айтылған. Авторлар әлеуметтік жұмыс саласындағы маманның қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқуларда қолданатын шешу жолдарын көрсетіп өткен. Сонымен қатар автор арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып табылатындығын көрсете отырып, аталмыш терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі туралы айтып өтеді. Және де осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттары қарастырылады. Сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру  және зерттеу  болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады.
2013

Мақалада индустриалдық және индустриалды-инновациялық дамудың нақты түрде ерекшеліктерін ажы- ратып алу керектігіне баса назар аударылады. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру процесін білдірсе, екіншісі сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік негізін жетілдіру, оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді.
2013

Мақалада  әлеуметтік көңіл-күй категориясы адамдардың қоғамдағы  әртүрлі реформаларға деген реакциясы ретінде теориялық аспектілері жан-жақты зерттелінген. Индивидуалдық әлеуметтік көңіл-күй мен топтық көңіл-күй категорияларына түсініктеме беріліп, олардың индикаторларын айқындауға талпыныс жасалынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қаңтардағы халыққа жолдауында атап өтілгендей, ел дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін индикаторлардың бірі азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйі болып табылады. Қазіргі кезде жалпы ғалымдар қауымдастығымен ортақ қабылданған «әлеуметтік көңіл-күй» мен «өмір са- пасы» түсініктерінің нақты біржақты анықтамасы мен көрсеткіштер жүйесі қалыптаспаған. Екі түсінік те ғылыми әдебиеттерде объективті – субъективті сипаттама ретінде қарастырылады. Өмір сапасы – объективті көрсеткіштерге негізделген халық тұрмысының жүйелік сипаттамасы, ал әлеуметтік көңіл-күй – индивидтің жеке эмоционалдық күйін сипаттайды. «Әлеуметтік көңіл-күй» терминін айқындауда индивидтің, әлеуметтік топтың, халықтың эмоционалдық-субъективті бағалауы арқылы сипатталатын шынайы қоғамдық сана  және мінез-құлық екендігін ескеру керек.
2014

Мақалада діннің қоғам дамуында алатын орны, атқаратын міндеттері мен қызметтері әлеуметтік-мәдени институт ретінде түсіндіріледі. Дін және әлеуметтік құрылым. Э. Дюркгеймнің дін турасындағы теориясы. Зерттеу нысаны: қазіргі кездегі Қазақстандағы сенушілер. Зерттеу пәні бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Діннің пайда болу тарихы. Зерттеу мақсаты: бұл сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, олардың санасы мен сезімінде діни іс-әрекеттегі моральдық тірек пен сенімділікті қалыптастыру. Зерттеудің болжамы – Қазақстан бастамашылдығы бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуы азиялық континентте қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көпжақты тамаша құралына айналды. Бұл дегеніңіз мемлекетіміздің тұрақтылығын, бейбітшілігін сақтап қалуда біздің мүмкіншілігіміздің көп екендігін көрсетеді. Қай жағынан алып қарасақ та бірлігін сақтауда діннің өзектілігі маңызды. Олай болса, алдағы уақытта дін мәселелері өз алдына шешімін тауып, әлемдік дағдарыс, төңкеріс, ашаршылық сияқты көптеген зұлматтарды басынан кешіріп, бейбітшілік пен амандықта жасап келе жатқан еліміз бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деген үмітіміз бар.
2014

Бұл мақалада өмір сүру деңгейі әлеуметтік жұмыстың негізгі экономикалық категориясы ретінде қарастырылған. «Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл халықтың әл-ауқатының, игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, адамдардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шамасын сипаттайтын жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы». Басқа сөзбен айтқанда, өмір сүру деңгейі қоғамда тұратын адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен даму дәрежесі, ол әртүрлі игіліктерді тұтынумен немесе тұтыну жиынтығының пайда деңгейімен анықталады. Қазіргі жағдайларда қазақстандық экономистер осы категорияның келесі сипаттамасын ұсынады: «өмір сапасы  экономикалық,  әлеуметтік  және  өнегелік  құндылықтардың  жиынтығын  қосады».  Бұл  жағдайда «еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, бос уақыттың бар болуы мен пайдалану мүмкіншілігі, мәдени деңгейі, азаматтардың қауіпсіздігі» қарастырылады.
2014

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің отбасында тәрбиеленген балалардан әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, осы топтағы жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерттеудің және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер. Зерттеу пәні: балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктерінің негізгі себебінің көрінуі мен мазмұны болып табылады. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің әлеуметтік-психологиялық жетілулерінің негізгі себептерін көрсету мен ерекшеліктерін зерттеу арқылы проблема тудырып отырған себептерге байланысты шешу жолдарын қарастыру. Зерттеудің болжамы: әртүрлі шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдаудың көмегімен анықталған әлеуметтік, психикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, Қ.Р. баланың құқықтары туралы заңы.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.