Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі қоғамдағы өмір сапасы мәселесі: әдістемелік бағыт

«Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады» [1].

Америкалық зерттеуші О. Тоффлер осы категорияны өмір стандарттарының логи-  калық  және  тарихи     нәтижесі  ретінде, яғни «тұтынушының  негізгі   материалдық  қажеттіліктерінің» қанағаттану деңгейінен «тұлғаның өзге сұлулық, мәртебе, индивидуализация мен сезімдік қатынастарды» қанағаттану деңгейіне өту кезеңі ретінде қарастырады. Негізінен, оның өмір сапасы категориясына көзқарасы адам мен қоршаған орта арасындағы теңдікке негізделген. И.О.   Потапованың интерпретациясында өмір  сапасы,  өмір  деңгейі  мен  өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде  қарастырылады.

Өмір сапасы мен өмір деңгейі тығыз байланысты, дегенмен, өмір сапасы ауқымды түсінік ретінде адамдар қажеттіліктерінің кең спектірін қамтиды [2].

Рим клубының үшінші баяндамасында экономикалық дамуға негізделген «дамудың жаңа стратегиясы» ұсынылған. «Экономикалық тәртіпті қайта қарау» баяндамасының авторларының пікірлері бойынша, «бұл стратегия жеке мемлекеттер және біртұтас әлем үшін тек пайда көрсеткіштерін есепке алуға негізделмей, сонымен бірге негізгі адамзат құндылықтар жүйесіне сәйкестендірілуі керек» [3].

«Өмір сапасы» термині алғашында жалпы мағынада тек әлеуметтік қауымдастықтарды сипаттау үшін пайдаланылды. Өмір сапасы теориясын буржуазиялық идеологтардың капиталистік өмір үлгісін насихаттау мақсатында қалыптасқан деген ойлар болды. И.В. Бестужев-Лада пікірі бойынша, бұл терминді сандық көрсеткіштермен өлшеуге келмейтін қажеттіліктердің қанағаттану деңгейін сипаттау үшін пайдалану керек [4]. М.Н. Руткевич алғашында тіпті өмір сапасы терминін пайдаланудан бас тартқан, бірақ кейін кейбір шарттарға байланысты оны қолдануды мақұлдады. «Барлық жағдайларда «өмір сапасы» терминін марксистік әдебиеттерде пайдалану позитивті мәнде болады. Оның мазмұны мен   өмір салты  түсінігімен байланысының сипаттамасы айқындалып қолданылуы керек», – депжазған. Профессор Аитов Н.А. «өмірсапасы» түсінігі мен теориясын қолдану тиімді емес деп есептеген, себебі олар кездейсоқ және жүйесіз көрсеткіштермен сипатталады делінген. Оның пікірі бойынша, «өмір деңгейі» түсінігін пайдалану тиімдірек. Аталмыш категориямен өмір деңгейі, өмір салты, әл-ауқат және өмір шарттары секілді түсініктер тығыз байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық және философиялық әдебиеттерде кеңінен қолданылғанмен, әртүрлі авторлар олардың мазмұнын түрліше қарастырады. Осылайша, мақалада біз аталмыш көзқарастарды қарастырып, талдап және кейбір қарама-қайшы мәселелер бойынша өзіміздің пікірімізді айқындаймыз.

Негізінен «өмір сапасы» мен «өмір деңгейі» түсініктерінің нақты анықтамасы мен олардың көрсеткіштер жүйесі толық айқындалмаған. Көбіне олар өзара алмастырылып қолданылады, ал олардың көрсеткіштері өзара ұқсас болып келеді. Дегенмен, бұл түсініктерді бір-бірінен ажырату маңызды. Өмір сапасы өмір деңгейінен ауқымды категория болып табылады.

Өмір деңгейі адамның тұтыну саласындағы өмір шарттарымен айқындалады және адамның жалпы әл-ауқатының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен өлшенеді. Бұл көрсеткіштер табыс, тұтыну, тұрғын үй мәселесі, білім беру, денсаулық сақтау салалары және т.б. Олар статистикалық көрсеткіштер жүйесімен бірге субъективті бағалау пікірлері арқылы өлшенеді.

Өмір сапасы адамның өмір шарттарының ауқымды жүйесін және өмір деңгейін, сонымен қатар қоршаған орта экологиясына, әлеуметтік әл-ауқатқа, саяси жағдайға, психологиялық жайлылыққа жататын құрылымдарды да қамтиды. Өмір сапасын өлшеу үшін жан-жақты, нақты статистикалық мәліметтердің өзі жеткіліксіз, аталмыш көрсеткіштер адамдардың қажеттеліктері мен субъективті бағалауларының сәйкестілігін айқындау қажет. Негізінен, өмір сапасы – тұлға қажеттіліктері мен өз өмірін субъективті бағалауына тәуелді объективті – субъективті сипаттамасы. Өмір сапасының кейбір объективті құрамдас бөліктері адам санасында нақты бейнеленуі мүмкін, екіншілері салыстырмалы, ал үшіншілері тәжірибе деңгейіне, мәдени капиталға, құндылықтарға байланыс-  ты көкейкесті болмауы мүмкін. Субъективті бағалау  маңыздылығы  ерекше,  олар аймақтар,әлеуметтік,  демографиялық   топтар   бойынша жіктелінуі мүмкін және қоғамның  көңілкүй бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Өмір сапасының субъективті бағалауын өлшеу қоғамда  әлеуметтік  қысымның  пайда  болуы  мен қалыптасуы туралы мәліметтер береді. Жоғарыда айтылғанның негізінде өмір сапасына мынадай анықтама беруге болады: «өмір сапасы» – объективті көрсеткіштер мен адамдардың мәдени ерекшеліктеріне, құндылықтар жүйесіне жәнеқоғамдағыәлеуметтікстандарттарғатәуелді өзінің жағдайын қабылдаумен материалдық, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттануын субъективті бағалау негізінде сипатталатын халықтың өмір шарттарының жүйелі сипаттамасы.

Өмір деңгейі категориясы көптеген әлеуметтанулық және экономикалық жұмыстардың негізінде теориялық және әдістемелік деңгейде салыстырмалы кеңінен зерттелінген. Экономистер аталмыш категориясын зерттегенде өмірлік қажеттіліктер өндірісіне және тұтыну ресурстарымен қамтамасыз ету мен бөлінісіне жауапты экономикалық институттардың қызмет етуіне (өнеркәсіптер, министрліктер және т.б.) ерекше мән береді.

Әлеуметтанулық зерттеулерде табыстарды әлеуметтік әділетті бөлінуіне және халықтың барлық таптарының қажеттіліктерінің қанағаттануы мен әлеуметтік қауымдастықтардың өздерінің өмірлік әл-ауқаттарын субъективті бағалауларына ерекше назар аударылады. Бұл өмір сапасын әлеуметтік категория ретінде қарастыруға негіз болады. Өмір сапасы – әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылатын категорияларының бірі. Дегенмен, көптеген әдебиеттерді талдау бұл түсініктің біржақты қарастырылмайтынын айқындауға мүмкіндік берді. Негізінде көзқарастарды үш топтамаға бөлуге болады.

Бірінші топ зерттеушілердің пікірі бойынша, өмір сапасы – бұл индивидтің, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде пайдаланатын материалдық және рухани құндылықтарды сипаттайтын экономикалық категория. Олардың көзқарастары бойынша, бұл категорияның мәні өмірлік әл-ауқат көлемін айқындайтын сандық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Екінші  топтың   авторлары   өмір  сапасын материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі ретінде қарастырады. Бұл категорияны олар негізінен, халық өмірінің әлеуметтік көрсеткіштерімен сипаттайды, яғни «жаңа адамның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік, рухани және материалдық қажеттіліктердің үйлесімді дамуы».

Зерттеушілер негізінен қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйін, адамдардың өндірістік қатынастарының әлеуметтік нәтижелерін қарастырады.

Үшінші топ өмір  сапасын  халық  және оның жеке топтары үшін жасалынатын өмірлік құндылықтар жүйесін қолдану саласында қалыптасатын өндірістік қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады.

«Өмір  сапасы»  категориясын  айқындау мен әлеуметтік-экономикалық сипаттауда әр түрлі  көзқарастарды  талдау  негізінде  оның  екі бағытын кең және ауқымды түсініктемесін айқындауға мүмкіндік береді. Өмір сапасын сипаттайтын жұмыстарда оның мазмұнына әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек шарттары, қоршаған орта күйі, бос уақыт құрылымы мен көлемі секілді  көрсеткіштер енгізіледі.

Мұндай бағытта өмір сапасы категориясы нақты экономикалық сипаттамадан айырылып және өмір шарты секілді категорияның ажырамас бөлігі болады. Сондықтан біз тар анықтамасын ұстауға бейімделеміз және өмір деңгейі ретінде табыстарды, халықтың  қызметтерді  пайдалану деңгейі мен қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі ретінде қарастырамыз.

Мәні бойынша өмір сапасы – өзінің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде индивидпен (отбасымен, әлеуметтік топпен, қоғаммен) қолданылатын материалдық және рухани мүдделерді сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория. Осы зерттеуде өмір деңгейі тікелей тұтыну саласымен бірге қарастырылады. Ол, негізінен, экономикалық құндылықтармен байланысты, яғни өндірістің қызмет етуімен қанағаттандырылатын барлық қажеттіліктер.

Өмір деңгейін тұтыну саласымен шектей отырып және оны адамның басқа іс-әрекет саласынан бөле отырып, біз адамдардың басқа ісәрекет аспектілерін қарастырмаймыз деген сөз емес. Керісінше, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде өмір деңгейінің өндіріс, алмасу, саяси  өмір  және  т.б.  үрдістер    кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығымен  байланысты.

Өмір  деңгейін  тұтыну  саласымен  шек-  теу  оны  өлшеу,  салыстыру   және   болжау үшін практикалық міндеті бойынша қажетті конструктивті бағыт деп есептейміз.

Ғылыми әдебиет, сонымен қатар  тәжірибеде «әл-ауқат» термині кеңінен қолданылады, ол өмір сапасы секілді алуан түрлі зерттеушілермен түрліше түсіндіріледі. Бір топ авторлар оны халықтың өмір үшін қажетті әр түрлі физиологиялық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің материалдық және рухани құндылықтармен қамтамасыз етілуі ретінде қарастырады.

Өзгелер әл-ауқатты халықтың әртүрлі қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі ретінде немесе өмірлік құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Біздің пікірімізше, «өмір деңгейі» және «әл-ауқат» категориялары бір-біріне сәйкес келмейді және ғылыми күнделікке тең дәрежеде енгізіледі. Әл-ауқат өмір деңгейімен салыстырғанда, өмірлік құндылықтар жүйесінің әлеуметтік-экономикалық формасы, яғни ол өндіру мен иелену кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айқындайды. Бұл категория индивидтің даму қажеттіліктерін сәйкестендіру элементтерін қамтиды.

Халық әл-ауқаты материалдық құндылықтар және қызметтермен қатар, индивидтің физикалық, мәдени және интеллектуалдық даму индикаторларын сипаттайды: денсаулық, мәдениет және білім деңгейі.

Әдебиеттерде, әсіресе философиялық әдебиеттерде, өмір деңгейін тәуелсіз категория емес, тек өмір салты категориясының құрамдас бөлігі ретінде қарастыратын көзқарас кеңінен таралған. Осы пікірді ұстанатын ғалымдар, өмір деңгейін өмір салтының  сандық  көрсеткіші  деп есептейді. Мұндай бағыт біздің пікіріміз бойынша, толығымен дұрыс емес, себебі өмір деңгейін дара жоғарылату халықтың өмір салтын жетілдіруге әкелмейді. Бұл өмір салты мен өмір деңгейінің өзара байланысын ескере отырып, оларды  бір-бірінен ажыратуды білдіреді.

Өмір салтында адамның әлеуметтік келбеті, оның қоғамдық жүзі, іс-әрекетінің әдістері, сонымен бірге адамдардың мінез-құлқын айқындайтын өмірлік мақсаттары,  нормалары  мен ұстанымдары, еңбек ұжымындағы, отбасындағы,  өндірістегі  және  тұрмыстағы қарым-қатынастарда көрініс табады. Өмір салты категориясы адамның тікелей немесе жанама түрде оның еңбек сипаты мен шарттарына, материалдық құндылықтар мен қызметтерге қажеттіліктердің құрылымына талаптарын айқындайтын қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адамның  мәртебесін сипаттауға бағытталған.

Әрине, өмір сапасы өмір салтына орасан әсер етеді. Белгілі бір әлеуметтік топтың бос уақытын өткізуі, өзінің мәдени және білім деңгейін жоғарылатуы, өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі, демалуды ұйымдастыру және т.б. өмір салты мен өмір сапасы оның мүмкіншілігіне тәуелді.

Өмір салты құрылымында халықтың ісәрекет түрлері екі үлкен топты құрайды:

  • жұмыс уақыты кезіндегі іс-әрекет;
  • бос уақыт кезіндегі іс-әрекет.

Іс-әрекеттің  ішкі  құрылымының формасы арқылы жұмыс уақытында еңбек саласына, әлеуметтік топқа, еңбекті ұйымдастыруға қарай жұмысбастылықтың сипаттамасы айқындалады. Жұмыс уақыты кезіндегі іс-әрекетті терең зерттеу өмір салтының маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сонымен қатар жұмыс уақыты кезіндегі іс-әрекет формалары мен өндірістегі еңбек өнімділігі бос уақыттағы ісәрекеттің бірқатар түрлеріне әсер етеді, оның құрылымы өмір салтында отбасылық-тұрмыстық, мәдени, бос уақыт, қоғамдық және т.б. іс-әрекеттің орны мен мәнін айқындайды.

Өмір салтының көрсеткіштері мынадай негізгі іс-әрекет салалары негізінде жүйеленеді, еңбек, тұрмыстық сала, қоғамдық-саяси өмір, мәдениет. Сәйкесінше, өмір салтының құрамдас бөліктері айқындалады: өндірістік іс-әрекет саласындағы қатынастар, материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру нысандары, әлеуметтік-саяси қатынастар, рухани ісәрекет.

Негізінде, біз академик А.К. Кошановтың анықтамасын қолдаймыз: «өмір салты қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қажеттіліктердің жүзеге асырылу үрдісі  кезінде  материалдық және рухани құндылықтарды тұтыну, бөлу саласында қоғам мүшелерінің  іс-әрекетінің  белгілі бір әдістері мен нысандарының жиынтығын айқындайтын саяси-экономикалық категория ретінде сипатталады».

Сонымен қатар халықтың өмір сапасы өзгермелі  және  динамикалық, ал  өмір салты керісінше, тұрақты болады және өзгерістердің баяулығымен сипатталады.

Өмір салтымен салыстырғанда, өмір сапасы қысқа тарихи уақытта және бір әлеуметтік жүйе шеңберінде өзгере алады. Мысалы, қысқа мерзімді экономикалық дағдарыстар кезінде халықтың өмір сапасы біршама төмендейді, ал өмір салты, яғни осы қоғамға тән адамның мінезқұлқы  елеулі өзгерістерге ұшырамайды.

Өмір шарттары  –  өндірістің  қоғамдық және жеке факторларын, өндіріс әдістерін, географиялық және демографиялық ортаны, әлеуметтік, идеологиялық, саяси шарттар мен қатынастарды және т.б. қамтитын біршама ауқымды категория.

Профессор Н.А. Аитов өмір шарттары ретінде өмір  салтына  енетін  қоғам  тарапынан индивидке алуан түрлі іс-әрекетін жүзеге асыруға берілетін мүмкіншіліктерді қарастырады. Осындай тар анықтаманың өзінде автордың пікірі бойынша, өмірдің маңызды факторларына өмір деңгейі (табыстар мен қоғамдық тұтыну, соның ішінде баспана мен қамтамасыз ету сапасы), тұлғаның жан-жақты дамуында барлық қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі (еңбек, бос уақыт, білім мен мәдени демалысты алу мүмкіншілігі), адамның ертеңгі күнге деген сенімділігінің деңгейі (уақтылы және мамандандырылған медициналық көмек, жұмыспен қамтамасыз етілу, қылмыс пен нашар әлеуметтік-психологиялық қысымнан туындаған күйзелістік жағдайлар) енеді.

Өмір шарттары – бұл жалпы  қоғамның  және оның жеке мүшелерінің, әлеуметтік топтардың нақты жұмысбастылық салалары  мен іс-әрекетінің материалдық  және әлеуметтік - экономикалық негіздері. Өмір шарттарының әлеуметтік-экономикалық категория ретінде күрделілігі     оның   көрсеткіштерінің    алуан түрлі      болуында  көрініс  табады.  Адамдардың кез  келген  іс-әрекеті  олардың  материалдық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік негіздеріне   сәйкес  келетін  деңгейде  жүзеге асырылады.  Еңбек,  тұрмыс, мәдениет  және әлеуметтік  салаларда  шарттардың  даму  деңгейіне  сәйкес  олардың  өмір  деңгейіне  деген әсері айқындалады. Сонымен қатар, өмір сапасы мен өмір шарттарының өзара байланысы бар. Өмір шарттары өзінің алуан түрлі көріністерінде өмір сапасына елеулі әсер етеді. Мысалы,   өндірістің  аймақтануы  және  жүзеге асырылған технологиялық үрдістер еңбекті жеңілдетеді, жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартады және еңбек өнімділігін арттырады. Бұл жағдайлар тікелей немесе жанама түрде әсер етеді. Баспанамен қамтамасыз етілу, қажетті мәдени-тұрмыстық  қызметтерге  қолжетімділік өмір деңгейіне елеулі әсер етеді. Екінші жағынан, қоғам мен оның жеке мүшелерінің табысы өмір шарттарының жоғарылауы мен қажеттіліктерінің қанағаттануының алғы шарттары.

Өмір сапасына негізінен табиғи ортаның сапасы, транспорттық жағдайлардың болу саны, кәсіптегі жағдай, табыстағы айырмашылықтар, кәсіби білім алу, жұмыс орындарын қарау, адамзат потенциалын қорғау, еңбек шарттары, табиғи ресурстардың шектеулігі және т.б.

Профессор Н.А. Аитов пікірі бойынша, аталмыш категорияны осындай форматта қарастыру оның мазмұнын нақты айқындауға мүмкіндік бермейді, сондықтан оның көрсеткіштерін белгілі бір тарихи қоғамдық даму үлгісіне және әлеуметтік қатынастарға бейімдеу керек [5].

Өмір сапасының тұтынудың тұлға дамуы-  на әсері, адамдардың мінез-құлқы мен әлеуметтік көңіл-күйі, қанағаттану деңгейі мен қажеттіліктердің даму деңгейі т.б. бірқатар әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық аспектілері ХІХ ғ.  аяғында  және  ХХ  ғ.  басында атақты экономистердің  пәні  болған.  Олар (Т. Веблен, В. Парето, Т. Гобсон және т.б.) осы мәселені негізінен экономистік және әлеуметтанулық және этикалық бағыттар бойынша зерттеді.

Т. Веблен салыстырмалы пайдалылық теориясын сынай отырып, тұтыну сипаттамасына мәртебе мен қоғамдағы жағдай, сәйкестендіру, бейнелі материалдық тұтыну мен демонстративті шығындалу әсер етеді деп атап өткен, яғни заттарды тек олардың бағалары мен мәртебесі үшін құрметке ие болу амалы ретінде иелену [6]. Осы көзқарасты басқа ғалымдар қолдады, мысалы,  Д. Гобсон пікірі бойынша, тұтыну сипаттамасы көптеген жағдайларда рационалдылықпен емес, ал мәртебемен, дәстүрмен және тиімділіктің шынайы емес нормаларымен айқындалады.

Өмір сапасының теориясын ұсынған Дж. Гелбрейт бойынша, жеке адамдардың, белгілі бір таптар мен топтардың, әртүрлі мемлекеттердің өмір сапасын тек құндылықтарды тұтыну көлемімен өлшеуге болмайды.

Өмір сапасын зерттеу кезінде америкалдық әлеуметтанушылар мен психологтар әл-ауқаттың эмоционалды  компоненттеріне  ерекше мән береді (мысалы, бақыт сезімін сезіну). Америкалық әлеуметтанушылармен жүргізілген зерттеулерде адамдардың өздерін бақытты сезінуімен, олардың табыстарының арасында өзара байланыс бар екендігі айқындалды. Дегенмен, кейде бұл байланыс әлсірейді. Сондықтан зерттеушілер өмір сапасын тек экономикалық факторлармен шектеу жеткіліксіз деп есептейді және өмір сапасын зерттеуде адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі аспектісі ерекше мәнге ие болатыны    айқындалды.  Мысалы,  А. Кэмбелл «Америкадағы әл-ауқат сезімі» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келеді: әл-ауқаттың субъективті көрсеткіштері қолда бар ресурстарды (баспана, материалдық құндылықтар) емес, ал шынайы экономикалық жағдай мен қажеттіліктердің арасындағы алшақтықты бейнелейді. Әл-ауқаттың маңызды құрамдас бөлігіне табыс көлеміне деген күтілімі мен шынайы жалақының арасындағы әділдік жатады.

Материалдық әл-ауқат негізінде адамдардың әлеуметтік сезімдеріне, қоршаған шынайылықты әлеуметтік қабылдауына, өзінің өмірін оптимисті не пессимисті бағалауына елеулі әсер етеді. Басқаша айтқанда, өмір сапасын адамның жалпы немесе жеке құрамдас бөліктері арқылы қабылдау өмір деңгейіне, табысты субъективті бағалауына, өзгелердің өмір деңгейімен өздерінің материалдық әл-ауқатын сәйкестендіруімен байланысты.

Өмірдің индивидуалдық деңгейі (экономикалық әл-ауқат) негізінен табыс көлемімен және қажеттіліктердің қанағаттану деңгейімен айқындалады, өмір сапасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, дегенмен, мұнымен шектелмейді. Біздің түсінуіміз бойынша, жеке индивидтердің өмір сапасы жеке шарттарға (отбасылық өмір, ұжымдағы, жұмыстағы әлеуметтік-экономикалық климат, жұмыс бабымен жоғарылау мүмкіншілігі және т.б.), саяси ортаның шарттарына (тұлғаның қауіпсіздігі, сөз еркіндігі және т.б), сонымен қатар әлеуметтік қауіпсіздіктің әлеуметтік негізделгендігі мен ерекшелігіне  тәуелді болады.

Белгілі бір қоғамдағы халықтың өмір сапасы сонымен бірге сыртқы қауіпсіздікпен, әлеуметтік инфраструктураның дамуымен, әлеуметтік топтар мен  қауымдастықтардың   арасындағы қатынастармен,  ұлтаралық  қатынастар  мен өзге факторлармен айқындалады. Өмір  сапа-  сы әлеуметтік категория ретінде кең және ауқымды түсінік, өзінің мәні бойынша, өмір шарттарымен байланысты. Өмір шарттарын кең мағынада қарастырғанда, біздің көзқарасымыз бойынша, өмір шарттары көптеген шынайы шарттарды қамтуына байланысты әлеуметтікэкономикалық категория бола алмайды.

Өмір сапасы да белгілі бір деңгейде табиғи ресурстарға   байланысты   болады, дегенмен, олар өмір сапасының құрылымында негізгі элементтер емес. Сондықтан   өмір  сапасы  мен өмір шарттары жиі кездесетіні және бірін-бірі толықтыратыны  белгілі. Біріншіден, өмір  сапасын жалпы мағынада өмір шарттарының негізгі экономикалық және әлеуметтік құрамдас бөліктерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Өмір сапасы өлшенбейді және өмір деңгейі мен әл-ауқатпен салыстырғанда ауқымды түсінік. Өмір деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы адамдардың материалдық және рухани  құндылықтарды пайдалануы туралы салыстырмалы  түсінік  береді,сонымен  қатар, осы   қажетттіліктердің  қанағаттану   деңгейін сипаттайды. Өмір деңгейінің жоғарылауы өмір сапасы  мен әл-ауқатының        жоғарылауының экономикалық алғышарттары болады. Әл-ауқатты өмір деңгейімен салыстырғанда ауқымдырық қарастыру керек, мұнде тек біз тұтынатын қызметтерді қарастырумен қатар, осы тұтыну  кезінде  тұлғаның   мәдени  деңгейіне, дүниетанымының жетілдіруіне, денсаулығының жақсаруынақалайшаәсерететінінқарастырамыз. Ол өмір сапасының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Өмір сапасы салыстырмалы кең әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларды қамтиды (әлеуметтік әділеттілік,  әлеуметтік әлем және т.б.).

Өмір деңгейінің бірдей көрсеткішінде азаматтық соғыс, ұлтаралық қақтығыс аймақтары мен азаматтық және ұлтаралық үйлесімділік болып жатқан аймақтар арасындағы сапасында елеулі өзгешеліктер болады. Тіпті әл-ауқаттың жоғары деңгейінде әлеуметтік әділеттіліктің болмауы адам өміріне кері әсер  етеді  және  өмір сапасын төмендетеді. Осындай жағдай экологиялық қауіптілігі, қылмыс деңгейі жоғары аймақтарға және т.б. тән.

Өмір сапасы мен өмір салтының арасындағы өзара  байланыс  күрделі.  Өмір  салты  –  өмір сапасының барлық компоненттер жүйесінің адамға әсер ету нәтижесі және әлеуметтік қауымдастықтардың және жеке индивидтердің мінезқұлқының белгілі бір типі.

Өмір сапасы мен өмір салтының арасында белгілі бір байланыс болғанымен, ол тұрақты емес, себебі өмір сапасы бірдей болғанда да өмір салты әртүрлі, тіпті, қарама-қарсы болуы да мүмкін. Сонымен қатар өмір сапасының өзгешеліктеріне қарамастан, өмір салты негізінде бірдей болуы мүмкін.

Өмір сапасының маңызды құрамдас бөлігі материалдық жағынан жоғары өмір деңгейі паразиттік сипаттағы өмір салтынан кепілдік бола алмайды, осы өмір деңгейінен төмен қарапайым жұмысшының өмір салтынан төмен болуы мүмкін. Өмір салты адам өмірінің объективті қоғамдық шарттарымен және адамның өзімен сипатталады. Ол тек материалдық-заттық, әлеуметтік-мәдени және рухани жетістіктерге тәуелді  емес,  сонымен қатар адамның іс-әрекетінде осы жетістіктер қалай жүзеге асырылып жатқанымен, өндірістік және өндірістік емес ортадағы адамның мінезқұлқымен және оның іс-әрекеті қандай өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталғанымен сипатталады.

Өмір   салтының  субъективті сәттері, іс-әрекет жүйесі ретінде адамдардың мінез-құлқында, олардың құндылықтық бағыттары мен ұстанымдарында, қоғамдық  құбылыстарды бағалауларында және т.б. көрініс табады. Өмір салтының  объективті  және  субъективті  аспектілері  бір-бірімен тығыз  байланысты және оларды бөлу мүмкін емес, себебі субъективті көріністер адамның мінез-құлқымен өмір сапасының объективті көрсеткіштерімен байланысты. Осылайша, әл-ауқат, өмір деңгейі, өмір салты мен сапасы, өмір шарттары секілді әлеуметтікэкономикалық категориялардың көптеген ортақ сипаттамаларыбар, оларшаруашылықмоделімен және әлеуметтік қатынастармен байланысты. Сонымен қатар олардың әрқайсысының өзіне тән спецификалық ерекшеліктері бар, себебі олар  өзара  іс-әрекет, қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі типтегі қауымдастықтардың  әлеуметтік қатынастарын сипаттайды.

Ғылыми әдебиеттерді талдау өмір сапасының эволюциясы  қоғамдық деңгейден  индивидке қарай жүзеге асырылатынын айқындады, және өмір сүрудің объективті параметрлерінен индивидтің  субъективті  бағалауларына  қарай ығысады. Осылайша, өмір сапасын қоғам тіршілігінің объективті параметрлері мен қоғам деңгейіндегі өмір шарттарын субъективті бағалау, жеке индивидтердің өмірлерінің объективті параметрлері және индивид өмірінің субъективті бағалаулары.

Жоғарыда баяндалғанға сәйкес өмір сапасының екі концептуалдық моделі қалыптасады: объективті және психологиялық. Біріншісі, өмір сапасын әр түрлі статистикалық көрсеткіштердің (мүліктік жағдай, табыс, тұтыну индекстері, жұмыссыздық пен қылмыс деңгейі, экологиялық жағдай және т.б.) жиынтықтарының нәтижесі ретінде айқындайды. Психологиялық модель бойынша өмір сапасының негізгі мәні индивидтердің қоршаған орта мен олардың эмоционалды көңіл-күйлерінің әсерінен қалыптасатын субъективті сезімдерімен айқындалады.

Өмірдің объективті параметрлері мен субъективті сезімдердің арасындағы  байланыс бірінші көзқараста айқындалғандай нақты емес. Адамдармен бірдей өмір сапасының көрсеткіштері түрліше субъективті бағалануы мүмкін (оптимистер және пессимистер). Индивидтер өздерінің өмір сапасын бағалау кезінде көбіне оны танитын ауқатты адамдардың өмір сапасымен салыстырады. Жоғары өмір  сапасы адамдарда жаңа жоғары қажеттіліктердің қалыптасуына әсер етеді және олар өздерінің қазіргі күйлеріне қанағаттанбау сезімі пайда болуы мүмкін.

Психологиялық бағытта қарама-қайшылықтар жиі туындауы мүмкін. Объективті жақсы өмір сапасы төмен субъективті бағалануы мүмкін, керісінше, төмен өмір сапасы позитивті бағаланады.

Сондықтан өмір  сапасын  айқындау кезінде тек статистикалық көрсеткіштерді емес, сонымен бірге адамдардың субъективті бағалауы мен әлеуметтік көңіл-күй секілді сипаттамаларды ескерілуі керек. Сонымен бірге тарихи қалыптасқан әлеуметтік танудың атомистік және органикалық дәстүрлеріне негізделу керек.

Атомистік дәстүр (Левкип, Демокрит) бойынша, қоғам – индивидтердің  жиынтығы. Қоғам тек жеке индивидтерге қамқорлық көрсетуі керек, ал жалпы қоғам өз-өзіне қамқор бола алмайды. Бұл бағыт жеке әлеуметтік үрдістерге, тұлғаның мінез-құлқына, оның ішкі әлеміне, мотивациясына және т.б. акцент қояды.

Сондықтан микроәлеуметтанулық зерттеулер кезінде жеке индивидтер мен кіші топтардың деңгейінде артықшылық әлеуметтік объектіні тікелей зерттеу және субъективті мәліметтерді қорытындылау негізінде субъективті көрсеткіштерге берілуі керек. Әрине, индивидтердің субъективті бағалаулары екінші деңгейлі маңыздылыққа ие объективті көрсеткіштермен толықтырылуы қажет.

Атомистік бағытпен салыстырғанда органикалық бағыт – (Платон, Аристотель) бойынша, қоғам өзара байланысты және өзара тәуелді бөліктердің жиынтығы, нақты индивидтер, олардың көзқарастары, пікірлері бағыныңқы сипатқа ие. Осы түсініктеме қоғам мен оның үлкен бөліктерінінің өмір сапасын айқындау кезінде өмір шарттарының объективті көрсеткіштерін пайдалану тиімдірек  болады  деп ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, макроәлеуметтанулық зерттеулер қажет болған жағдайда өмір сапасының субъективті көрсеткіштерімен толықтырылады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес өмір сапасын, біздің көзқарасымыз бойынша, мынадай индикаторлар сипаттайды:

  1. Өндірістің даму деңгейімен сәйкес материалдық қоғамдық әл-ауқат (қажетіліктердің қанағаттануы мен дамуын қамтамасыз ететін табыс, тұтыну).
  2. Әлеуметтік әділеттілік нормаларының сақталуы (қоғамның басым көпшілігінің құндылықтық көзқарастарымен сәйкестілігі).
  3. Жұмыссыздықтың табиғи шарттарында жұмысбастылық, кәсіпкерлікке және еңбек ісәрекетіне еркіндік.
  4. Тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті шарттармен қамтамасыз етілуі (білім беру, мәдениет және т.б).
  5. Қоршаған ортаның жағдайы.
  6. Сыртқы саяси жағдай.
  7. Ішкі саяси жағдай (азаматтық және ұлтаралық ынтымақтастық, әлеуметтік бейбітшілік).
  8. Құқықтық қорғаныс және жеке өмір мен мүліктік қауіпсіздік.
  9. Халықтың, отбасының, некелік қатынастағы одақтардың, аналар мен балалардың денсаулығын қорғау.
  10. Өндірістің әлеуметтік факторлары (әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік-психологиялық климат, еңбекті  қорғау жағдайы  және т.б).
  11. Зейнеткерлікке шыққанда, жұмыссыздық болған жағдайда және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған жағдайда әлеуметтік қорғанысқа сенімділік.

Әрине, халықтың өмір сапасының мазмұнын жоғарыда  айтылған құрамдас бөліктермен шектей  отырып,  біз  зерттеу  пәнін жасанды түрде ортақ өзара қатынас пен өзара байланыс әлемінен бөлектеуге талпыныс жасаймыз. Осындай күрделі және жан-жақты құбылысты зерттеу кезінде әдістемелік жағынан мұндай бағыт дұрыс,  осылайша,  өзара  байланыс жүйесінде негізгі мақсатымызға бағыттала аламыз. Кері жағдайда, зертеу аймағы нақты болмай, басқа жеке элементтердің енуі нақты себеп пен салдарларды және әсер етудің интенсивтілігі мен зерттеу пәнін айқындауға мүмкіндік болмайды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент   қорының   тапсырмасымен  2011 жылы Қазақстандық  әлеуметтік-экономикалық ақпарат  пен  болжаудың  институты  Қазақстан азаматтарының  әлеуметтік-саяси көңіл-күйін зерттеді. Зерттеу 1400 респонденттерді қамтыды (ауыл  және қала тұрғындары   – Астанадан, Алматыдан және Казақстанның  бес облысынан).

Зерттеу қорытындылары бойынша, Қазақстан  тұрғындары  үшін  маңызды  мәселе-   лерге тамақ өнімдерінің қымбаттылығын (респонденттердің 53,8%-ы осы туралы ойлайды), коммуналдық қызметтер тарифының жоғарылауы (36,5%) және жұмыссыздық (29,2%). Ең маңызды мәселелердің бестігіне тұрғын үй мәселесі мен денсаулық сақтаудың төмен деңгейі енгізілді.  2010  жылдың  зерттеу нәтижелерімен салыстырғанда «азық-түлік өнімдерінің қымбаттылық» мәселесінің маңыздылығы 9,4%-ға жоғарылады.

Өмір шарттардың төмендеуі кезінде халықтың көп бөлігі қосымша табыс көздерін іздеуге және қиын кездерді шыдауға бағытталады (69,4%). Респонденттердің 23,8%-ы өзінің қорғанысы үшін белгілі бір іс-шаралар жасауға дайындығын атап өтті.

Қарсылық білдіруге респонденттердің 10,6%-ы дайын, олардың 2,4%-ының заңсыз ереуілдерге қатысу   мүмкіншіліктері бар,  4,5% заңдыға, ал 3,7% -ы БАҚ арқылы қарсылық білдіретіндерін атап өткен.

Белсенді бағытты басқару бөлімдеріне жүгіну арқылы қазақстандықтардың 10,1%-ы (2010 жылмен  салыстырғанда    7,2%-ға жоғарылаған) және саяси партияларға негізделу арқылы 3,1%-ы (2010 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға жоғарылаған).

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Қоры үшін зерттеудің үшінші бағыты халықтың мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдарының,  сонымен  қатар  азаматтық қоғам институты мен Қазақстанның бизнесқауымдастықтарының нәтижелігін бағалау көрсеткіштерін айқындау болды.

Қазақстан халқының үштен төрт бөлігі белгілі  бір  деңгейде     Елбасына  сенеді    (74,8 %). Аймақтағы билік органдарына сенімділік деңгейі салыстырмалы төмен (шамалы  5060%). Халықтың мемлекеттік органдардың ішінде сенімділігі деңгейі соттарға және құқық қорғау органдарына төмен: оларға халықтың жартысы шамасында сенбейді (32%).  Білім  беру мекемелеріне респонденттердің 49,7%-ы сенеді, денсаулық сақтау ұйымдарына – 42,8%. Үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекетін бағалау еліміздің тұрғындарында салыстырмалы қиындықтар туғызады (26,9%). Қазақстандықтар кәсіпкерлер мен бизнесмендерге салыстырмалы түрде төмен деңгейде сенімділік білдіреді. Олардың іс-әрекетіне 31,2%-ы сенімділік білдіреді,  ал 44,5%-ы сенбейді.

Зерттеу  қорытындылары  бойынша, сауалнама қатысушыларының әрбір екіншісі (55%) тұрғын үй шарттарының жақсарту қажеттілігін сезінеді, олардың әрбір екіншісінің баспана жоқтығынан осы қажеттіліктері бар. Көбіне тұрғын үй мәселесімен астана қалаларының тұрғындары; 18-34 жас аралығындағы жастар; орта не арнайы орта білімдері бар, кәсіби мәртебесі жоғары емес және тұтыну  потенциалы төмен адамдар кездеседі. Тұрғын үй мәселесін шешудің негізгі шешімдері ипотеканы рәсімдеу немесе өз мүмкіншіліктерін қарай сатып алу ( 29%). Екінші кең тараған әдіс – пәтерді мемлекеттік бағдарлама бойынша алу (22%).

Мемлекеттің   әрбір   бесінші тұрғыны (21%) «Дипломмен ауылға», «Әрбір қазақстандыққа он соттықтан», «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламалары туралы білмейді және хабары жоқ. Қазіргі кезде өмір сапасы идеясы – әлеуметтік саясат контексінде ең көкейкесті мәселелердің бірі, себебі қоғам мүшелерінің барлығына социум  өміріне  қатысуға тең  мүмкіншіліктер мен шарттар жасау – барлық дамушы елдерге тән алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады. Экономикалық  дағдарыс шарттарында өмір  сапасын  жоғарылату  мәселелері стратегиялық  мән  мен  өзектілікке  ие, сонымен  қатар мемлекеттік  және  муниципалдық басқарудың  стратегиялық  мақсатына айналды.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» 29 қаңтар 2010 жыл
  2. Социальная политика, уровень и качество жизни: Слов. С.69; Социальная политика: Толков, слов. С.177; Курс экономики: Учебник / Под ред. Б.А. Райзбсрга. – С.601
  3. Тинберген Я. Пересмотр международного порядка. – М., 1980. – С.96-97
  4. «Социальное прогнозирование. Курс лекций»: Педагогическое общество России; Москва, 2002. – 218 с.
  5. Аитов Н.А. Отношения по расселению.  Свердловск,  Изд-во   Уральского университета, 1987. – С.81.
  6. Веблен Т. Теория праздного класса. – М.,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.