Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы докторанттардың жалпы саны 2008-2010 жж. аралығында 436-дан 960 адамға дейін көбейген (дәстүрлі докторантура және PhD докторантурасы деп бөлмегенде).Бірақ 2011-2012 жж. жалпыланған статистикалық мәліметтер аталған көрсеткіштердің өзгеруін бақылауға мүмкіндік бермейді.
Іріктеудің негізгі критерийлері ретінде мыналар айқындалды:
- жұмыс орны: ғылым және білім саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындар;
- жас ерекшелігі (40 жасқа дейін);
- PhD докторантура мен магистратурада оқу (жас ерекшелік шектеулігін асыруға жол беріледі).
Ғылым және білім саласының жалпы талдауына негізделе отырып зерттеу секторы ретінде «мақсатты» ұйымдар айқындалады: ғылыми-зерттеу институттары, салалық ҒЗИ, кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу бөлімшелері, жоғары оқу орны мекемелері негізінде қызмет ететін зерттеу ұжымдары мен ғылыми құрылымдық бөлімшелер ретінде көрсетіледі. Әр топтың ішінде мемлекеттік және жеке секторларды бөліп көрсетуге де болады.
Фундаменталды және инновациялық ғылыми зерттеу мен өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарды бөлу құрылымында 2011 жылғы мәліметтер бойынша келесідей компоненттер көрсетіледі:
- Жеке коммерциялық емес сектор – 15,3%;
- Кәсіпкерлік сектор – 36,2%;
- Жоғары білім беру секторы – 27,9%;
- Мемлекеттік сектор – 20,6%.
Жас ғалымдар деп тек зерттеу институттарының қызметкерлері мен авторлық ғылыми ұжымдарды ғана емес, сонымен қатар ғылыммен белсенді айналысатын, болашағы бар ғылыми зерттеулерге ие магистр және ғылым докторы дәрежесін ізденушілерді, тіпті, студенттерді де айтуға болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқитын (PhD докторантура және магистратура) жас ғалымдардың қатарына магистранттар мен докторанттардың жоспарланған міндетті ғылыми-зерттеу жұмыстары 15,6% (МҒЗЖ) және 31,6% (ДҒЗЖ) құрайтындықтан ресми белгілеріне қарай жатқызуға болады.
1-қосымшада зерттеуді дайындау мен эмпирикалық мәліметтерді талдау кезінде қолданылған Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің толық мәліметтері берілген:
- Зерттеулерді жүргізген және орындаған ұйымдар саны (2008-2011 жж.).
- Облыстар бойынша зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны (2008-2011 жж.).
- Зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны мен кадрлық потенциал (ғылыми деңгейі көрсетіледі) (2008-2011 жж.).
- Зерттеулерді жүргізетін ұйымдарды бөлу құрылымы (2003-2011 жж.).
- Докторанттар саны (2008-2010 жж.).
- Зерттеулермен айналысатын қызметкерлердің орташа айлық жалақысы (2008-2010 жж.). Мақсатты топты ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарда, жоғары оқу орны мекемелерінде жұмыс істейтін немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде (магистратура және докторантура) оқитын 40 жасқа дейінгі жас мамандар құрады.
Зерттеуді дайындау процесінде құрамдастырылған және көпсатылы іріктеу қолданылды. Ғылыми мекемелерді іріктеу кезеңінде квоталық іріктеу қолданылды. Мекемелердегі бөлімшелерді іріктеу кезеңінде кластерлік іріктеу (кластерлер ретінде факультеттер, кафедралар, бөлімдер, секторлар ұсынылады). Респонденттерді іріктеу кезеңінде қызметкерлердің тізімі негізінде кездейсоқ интервалды квоталық іріктеу қолданылады.
Сұрау Қазақстанның 7 аймағында жүргізілді: Астана қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы.
Зерттеудің іріктеу жиынтығы 500 респондентті құрады (негізгі жиынтықтың 2,5%-ы), бұл негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттама бойынша негізгі жиынтықты қайта таныстыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу процесінде анкеталық сұрау бойынша, Республикалық маңызы бар 2 қала Астана қ. мен Алматы қ. және 5 аймақтық орталық Қарағанды қ., Шымкент қ., Ақтөбе қ., Орал қ., Өскемен қалаларында тұрып, жұмыс істейтін 500 респонденттің мәліметтері өңделді (1.1.-кесте 1.1.).
Іріктеуді қалыптастыруда негізгі критерий ретінде респонденттердің жасы есепке алынды. Респонденттердің жастық-жыныстық құрамы туралы алынған мәліметтер 1.2 және 1.3-кестелерде ұсынылады.
Зерттеудің мақсатты топтарының қосымша сипаттамасы ретінде респонденттердің ұлты бойынша мәліметтері 1.4-кестеде жалпыланады.
Айта кететін жайт, анкета қазақ және орыс тілдерінде дайындалған болатын:
Сауалнаманы оқыған тіліне байланысты респонденттер келесідей бөлінді:
- анкеталық сұраудың 30,2 %-ы қазақ тілінде;
- анкеталық сұраудың 69,8%-ы орыс тілінде жүргізілді.
«Ғылымменайналысуғақашанбелбудыңыз?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын бөлу нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі бұл шешімге негізгі кәсіби білім алу процесінде – 33,3%, сонымен қатар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бел буған екен – 22,9% (1.5-кесте).
Респонденттердің саны бойынша келесі тұрған жауап нұсқасы «ҒЗИ немесе жоғары оқу орнына жұмысқа тұрғаннан кейін» – 14,4%.
Жас қазақстандық ғалымдардың өздерінің кәсіби ғылымға келуге шешім қабылдауын «мектеп кезінде қабылдауы» ең аз сандық көрсеткішке ие – 11,4%. Сонымен қатар айта кететін нәрсе, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 6,8%-дан, яғни екі есеге өскен. Респонденттердің 17,8%-ы қойылған сұраққа жауап бере алмады.
Зерттеу барысында жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметімен айналысудың негізгі мотивтерін анықтау арқылы олардың кәсіби ғылымға келу жолдары туралы жалпы түсінікті қалыптастыру белгіленген болатын.
Респонденттерге өзара байланысты екі сұрақ қойылған болатын:
- «Сіз не үшін ғылыммен айналысуға бел будыңыз?» (1,6-кесте )
- «Сіз ғылыммен не үшін айналысудасыз?»
Сұралған жас ғалымдар арасында ғылыммен айналысудың алғашқы мотивтері туралы сұрақтың жауаптары келесідей бөлінді:
- Жиілік бөлу нәтижесі бойынша «Өз еркіммен» – 54,2% жауабы бірінші орынға шықты.
- Одан аз көрсеткішпен сұралғандардың бестен бір бөлігі ғылымға белгілі бір жағдайлармен келгендіктерін айтады.
- Респонденттердің 15,5%-ы Қазақстанның дамуына үлестерін қосқысы келетіндіктерін айтты.
- 10,6%-ы кәсіби өсу мен рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылатындықтарын айтты.
- «Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруүшін» жауапнұсқасынреспонденттердің тек 4,6 пайызы ғана таңдаған.
Өздерінің кәсіби қызметтерінің мотивтерін сипаттап бере алмағандардың үлесі – 9,4%-ды құрады.
Жалпы, қазақстандық жас ғалымдардың арасында өздерінің кәсіби жолдарын таңдау мәселесіне олардың саналы түрде келу тенденциясы байқалатындығын айта кету керек. Респонденттердің 80%-ы ғылымға өздерінің рухани қажеттіліктерін, қабілеттерін және патриоттық сезімдерін жүзеге асыра отырып саналы түрде келген.
Ғылымға белгілі бір жағдайлармен келген мамандардың саны аса көп емес, 2008 жылмен салыстырғанда жалпы еш өзгеріссіз қалған десе де болады – 21,9%. Бұл, жалпы,әртүрлі сала қызметіндегі мамандардың орташа статистикалық көрсеткіштеріне сай келеді.
Ғылым саласына кәсіби қызметтің басқа да қиын және жоғары білікті салалары сияқты тек келіп қана қоймай, осы салада «қалу» да маңызды болып табылады.
«Ғылыммен не үшін айналысасыз?» деген сұрақтың жауаптары жас ғалымдардың кәсіби қызметінің мотивациялары арасында шығармашылық, белсенді азаматтық және патриоттық ұстанымдарды жүзеге асыру жолдарын іздеу сияқты мотивтердің басым екендігін дәлелдейді.
6.3-кестедегі мәліметтерден қаржылық жағдайдың төмендігіне қарамастан, жас ғалымдар арасындағы моральдық-психологиялық мотивация деңгейінің аса жоғары екендігін байқауға болады.
Сұралғандардың 1/3-і ғылыммен қызығушылық негізінде айналысады екен. Мотивтердің арасында «Шығармашылық мүмкіндігі» – 18,7% және жас ғалымдардың қоғамға пайда келтіру ниеттерін де атап кетуге болады – 18,7%.
«Өмір сүруді қамтамасыз ету көзі» деген жауап нұсқасы да ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл жауап нұсқасын әрбір бесінші респондент таңдаған. Соңғы 4 жылда бұл көрсеткіш 2 есеге артқан. Өкінішке орай, жас ғалымдардың 4,0%-ы ғана ғылыммен айналысуды престижді деп санайды екен. Болашақ жоспарларын айқындай отырып, жас ғалымдардың ¾-і өздерінің ғылыми-зерттеулік қызметтерін жалғастырып қана қоймай, оны жүзеге асыруды да көздейтіндіктерін білдірді.
Алынған эмпирикалық мәліметтердің көрсетуінше, респонденттердің 1,2%-ы ғана болашақта ғылыми қызметтен бас тартатындықтарын айтты. Тағы да бір айта кететін жайт, бұл көрсеткіштер зерттеу нәтижелері бойынша 2008 жылы 5,6%-ды құраған болатын.
Сонымен қатар әрбір бесінші сұралушы болашақтағы кәсіби жоспарлары туралы сұраққа жауап бере алмады. Бұл олардың негізгі жұмыс/оқу орындарындағы қызметтік міндеттері аясында тек ресми ғылыми қызметте жүргендігі немесе жақын арада қызметін ауыстыратындығынан хабар береді.
Жас ғалымдарға ««Ғылым – өмірімдегі маңызды іс» деген пікірмен келісесіз бе?» – деген сұраққа жауап беруге ұсыныс жасалған болатын (1.7-кесте).
Бұл пікірмен жас ғалымдардың 51,4%-ы келіскен, олардың 15,2%-ы – толығымен келіседі, 36,2% – «жоқ жауабынан гөрі иә жауа- бын таңдаймын» деген жауап нұсқасын таңдай отырып, өздерінің жартылай келісетіндіктерін білдірген.
Респонденттердің 18,1%-ы – бұл пікірді дұрыс емес пікір деп санайды. Теріс бағаларжиынтығы 24,9%-ды құрады.
Ал қалған 23,5%-ы жауап беруге қиналды.
Зерттеу жүргізілген төрт жылдық кезең динамикасында «иә жауабынан гөрі жоқ жауабын таңдаймын» жауабының нұсқасы ғана айтарлықтай өзгеріске ұшыраған – 35,4%.
Жас ғалымдардың кәсіби мотивациясын зерттеуге арналған сұрақтар блогын қорытындылай отырып, жас ғалымдардың бүгінгі қызметі мен соған сәйкес оның ғылымға қосқан үлесі үшін материалдық сыйақысына қанағаттануы туралы мәселе жеке қарастырылған болатын.
Еңбекпен қанағаттану – әлеуметтік феномен ретіндегі еңбек қызметінің әртүрлі түрлерін зерттеудің негізгі фундаменталды параметрі болып табылады. Бір жағынан, бұл параметрді зерттеу жұмыс орны мен ондағы жалақы, еңбек жағдайлары сияқты маңызды құраушылардың арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкін- дік береді. Екінші жағынан, еңбекпен қанағаттанушылық жұмыс мотивациясының негізгі критерийі болып табылады.
Сөзсіз, жас мамандардың бүгінгі таңда ғылымға қосқан үлесі аса үлкен емес. Сондықтан «Сіздің материалдық сыйақыңыз ғылымға қосқан үлесіңізге қаншалықты сәйкес келеді» деген сұрақ жас ғалымдардың материалдық жағдайын талдаудың қосымша көрінісі болып табылады.
Аталған сұраққа берілген жауаптарда біржақты ұстаным байқалған жоқ.
Ең көп кездескені – «Жауап беруге қиналамын» жауап нұсқасы – 27,0%.
Екінші орында, сенімсіздікпен келісуді байқататын жауап нұсқасы болды – 21,8%.
Саны бойынша үшінші орында тұрған өздерінің материалдық сыйақыларының сәйкессіздігіне толық сенімділер тобы – 16,9%. Бұл сұраққа респонденттердің жауабын бөлу туралы жалпы мәліметтер 1.8-кестеде көрсетілген.
Жалпы жағымды жауаптар жиынтығы 42,5%. Бұл көрсеткіш ғылымға қосқан үлестері мен еңбек ақысының сәйкестігін жеке бағалауда өзіне сенімсіз респонденттердің санына қарағанда басым түседі – 30,4%. Ғылыми дәрежесі бар жастар дәрежесі жоқ респонденттерге қарағанда материалдық сыйақыларының олардың ғылыми үлестеріне сай екендігін көбірек белгілейтіндіктерін де айта кету керек.
Кәсіби қызметтің қандай да бір түрімен айналысуда сол саланың болашағы мен келешегі бар болса, – ол кәсіби және жеке өсудің басты стимулы болып табылады.
Осыған байланысты, анкетада жас ғалымдарға келесі сұрақтар бойынша олардың болашақтан не күтетіндігі туралы мәселе жекелей қарастырылды:
- Ақпараттық қамтамасыздандыру
- Ғылыми қызметті материалды-техникалық жабдықтау
- Еңбек жағдайы
- Жалақы
- Тұрғын-үйлік жағдайлар
- Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу процесінде алынған нәтижелер жоғарыда көрсетілген позициялар бойынша респонденттердің пессимистік күйде екендігін байқатады. Тек ақпараттық қамтамасыздандыру мүмкіндіктері туралы сұрақ қана жағымды баға көрсеткен сұралғандардың 70,1%-ы. Жағымды өзгерістер туралы сұрақ бойынша мәліметтердің көрсетуінше, барлық көрсетілген бағыттардан ешнәрсе күтпейтіндердің пайыздық көрсеткіші сұралғандардың жартысынан көбінде байқалды. Қалған 20% -ы баға беруге қиналған.
Ғылыми қызметтің материалдық қамсыздандырылуына қатысты нәтиже оптимистік көзқараста десе болады. Осы салада жағдайдың жақсаруын респонденттердің 23,8%-ы күтеді.
Жалақы мен еңбек жағдайларының жақсы жаққа өзгеруіне сенетіндердің үлесі – 22,7% және 23,8%.
Жас ғалымдардың 24,1%-ы тұрғын-үй жағдайларының жақсаруын күтеді. Негізінен, бұл Ақтөбе қаласының тұрғындары (сұралғандардың 70%-дан астамы). Қалған аймақтарда оптимисттердің пайыздық көрсеткіші 14 пен 21 пайыздың арасында ауытқып тұр.
1.9-кестеде осы сұраққа 2008 жыл мен 2012 жылдар динамикасындағы респонденттердің жауаптарын талдау бойынша мәліметтер толықтай көрсетілген. Эмпирикалық мәліметтерді салыстыру нәтижесі көрсеткендей, 2012 жылғы қоғамдық пікірді сұрау нәтижесінде алынған нәтижелер диаметрлік қарама-қайшы. Егер 2008 жылы жалақының көтерілуін респонденттердің 60%-ы күтсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 22%- ға дейін төмендеген. Алынған нәтиже өзіне назар аударуды талап етеді. Өйткені бұл жас ғалымдардың әлеуметтік көңіл-күй деңгейінің төмендегендігінен хабар береді.
Жүргізілген зерттеу аясында кәсіби болашақ туралы мәселе жеке қарастырылды.
Респонденттерге «Қалай ойлайсыз, сіздің жас ғалым ретіндегі қызметіңіз 5 жылдан кейін Сізге бедел мен абырой әпере ме?» деген сұрақ қойылды. Сұрау нәтижесі кәсіби жетістіктер тұрғысынан әлеуметтік көңіл-күй деңгейінің төмендігіне қарамастан, жас қазақстандық ғалымдар оптимистік ұстанымда екендігін байқатты.
Жағымды нәтижелердің жиынтығы 65%дан астам. Жас ғалымдардың 29,3%-ы олардың ғылым саласындағы қызметі болашақта әріптестерінің арасында белгілі бір мойындау мен абыройға ие болатындығына толығымен сенімді. Сол сияқты 36,5%-ы да ғылыми қызметтегі жетістіктерге үміттенеді. Өздерінің ғылымдағы жетістіктеріне сенетіндердің арасында ғылыми деңгейі бар респонденттер басым.
Ғылымдағы болашағымды теріс бағалаймын деушілер – сұралғандардың 10%-ы: «мүмкін жоқ» жауабы – 7,8%, «толығымен жоқ» жауабы – 2,3% (2-кесте).
Кәсіби болашаққа жеке баға беру мәселесінде қарама-қайшы қарқын байқалады. Осылайша, мысалы, 2008 жылы «Иә, соған сенімдімін» жауап нұсқасын таңдағандар 18,7%-ды құрады, яғни 2012 жылы бұл көрсеткіш 10,6%-ға өскен. Сәйкесінше, өздерін сенімсіз сезінетін жас ғалымдардың пайыздық көрсеткіші төмендеген. Жоғарыда қарастырылғандай, ғалым мамандығының беделі осы саланы мамандық етіп таңдауға шешім қабылдайтындай жүйені қалыптастырушы мотив болып табылмайды.
Аталған мәселе жүргізілген зерттеу шеңберінде жеке қарастырылды. Алынған нәтижелер ғылым мәртебесінің өскендігін көрсетпесе де, ғылымның қоғамдағы рөлі мен маңызын түсінудің ақырындап өсіп келе жатқандығы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық пікірді сұрау нәтижесінде жас ғалымдардың бірдей саны ғылымды «мәртебелі» деп есептесе, жартысы, керісінше, «олай емес» екендігіне сенімділіктері айқындалды.
Жас ғалымдардың 22,4%-ы ғалым мамандығын мәртебелі деп санайды (2008 жылға қарағанда 2 есеге артық – 11,1%).Респонденттердің 22,7%-ы «Жоқ» жауабын таңдады (бұл көрсеткіш соңғы 4 жылда 10%-ға төмендеген – 33,4%).
Өз бағаларына сенімсіздер – респонденттердің 43,1%-ы.
Жауап беруге қиналғандар – 11,8%. Сонымен қатар сұрауға қатысқан жас ғалымдарға ғалым мамандығы мәртебесінің төмен болу себептері мен осы жағдайды өзгертуге мүмкін болатын іс-әрекеттер туралы сұрақ қойылған болатын.
Қоғамдық пікірдегі ғалым мәртебесінің төмен болу себептерін саралау нәтижесі қаржы, мемлекеттік қолдау, ғылым мен өндірістің байланысы сияқты объективті сипаттағы себептердің пайыздық көрсеткішінің басым түскендігін көрсетті. Сонымен қатар ғалымның мәртебесімен, ғылыммен айналысуға стимулдың жоқтығымен байланысты субъективті факторлар да орын алады.
Жас ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, қоғамдық пікірдегі ғалым мамандығының төмен мәртебелігінің себептерін 2 топқа бөлуге болады:
- Ғалымдардың материалдық жағдайы мен мемлекеттік қолдау.
Сұралғандардың басым бөлігі – 45,7%, ғылымның беделі ғалымдардың төмен материалдық жағдайымен байланысты деп есептейді. Келесі орында «Мемлекет тарапынан ғылымды қолдаудың жеткіліксіздігі» жауап нұсқасы тұр – 25,6%.
- Саны жағынан екінші орында тұрған себептердің тобы ретінде «Ғылымның дамуының ішкі факторларын» атауға бола- ды. Осы жерге келесі жауап нұсқаларын да жатқызуға болады:
- Қазақстан Республикасындағы ғылым дамуының төмен деңгейі, білікті мамандардың болмауы – 18,7%
- Ғалым мәртебесінің аса жоғары болмауы – 15,8%
- Ғылымның өндіріспен байланысының болмауы – 14,4%
- Ғылыммен айналысуға стимулдың болмауы – 13,7%
Қалған жауап нұсқалары анкеталардың 10%ында ғана белгіленген (2.1-кесте).
Ғалым мамандығының мәртебесін жоғарылатуға бағытталған ғылым мен білімді реформалаудың басым бағыттары ретінде сұрауға қатысқан жас мамандар келесілерді бөліп көрсетті:
- Ғылым қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру – 48,2%;
- Талантты жастардың алға жылжуын шектейтін жемқорлық пен бюрократизмді түбімен жою – 29,0%;
- Жас ғалымдарды барлық деңгейде қолдау – 26,7%;
- Елдегі білім сапасын арттыру – 21,8%;
- Ғылымды өндіріске ендіру – 18,7%;
- Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік бағдарламасын қаржыландыру – 18,1%;
- Эксперименталды лабораториялар мен арнайы ғылыми мекемелердің санын арттыру – 16,1%;
- Ғылымның мәртебесін жоғарылату – 12,6%
- Ғылымды реформалау – 11,5%
- Аталған мәселеге талдау жасай отырып, ғалымның рөлін арттыруға бағытталған негізгі іс-әрекеттер мәселесі бойынша 2008 жылдан бері тек «Жалақыны көтеру» пункті ғана өзгерусіз қалғандығын айта кету керек – 48%.
- Үшінші орыннан екінші орынға жемқорлықпен күрес мәселесі көтерілген. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік бағдарламасын қаржыландыру қажеттігін меңзейтін позициялар рангі 4-орынға төмендеген (2ден 6-ға дейін).
- Ал білім сапасын арттыру қажеттілігі болса, керісінше, 11-ден 4-орынға көтерілген.
- Ғылымның көптеген әлеуметтік және кәсіби мәселелері ғалымдардың материалдық жағдайы мен ғылыми жұмыстар мен зерттеулерді көбірек қаржыландырумен байланысты деген пікірді аксиома ретінде қабылдасақ, ғылыми зерттеулерді коммерциялау мәселесі де туындайды.
Ғылыми зерттеулерді коммерциялаудың төмен деңгейде болуының негізгі себептері ретінде жас ғалымдар келесілерді көрсетті:
- Зерттеулерді коммерциялаудағы ғалымдардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі – 29,3%;
- Ғылыми зерттеулердің төмен деңгейі – 24,4%
- Ғылыми зерттеулердің аяқталмағандығы, олардың басым бөлігі «шикі» – 22,1%
Бұл сұраққа берілген жауап нұсқаларын саралаудың толық мәліметтері 6.8-кестеде көрсетілген.
Жастардың әлеуметтік келбеті, өмірлік ұстанымдары мен кәсіби стратегияларын социологиялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанның жас ғалымдары өкілде- рінің маңызды бөлігі үшін әлеуметтік және экономикалық ынталық, білім мен ғылымға ұмтылудың жоғары деңгейі, сүйікті іспен айналысу, мақсатқа ұмтылушылық, өзінің күші мен жеке табысқа деген бағдары сияқты нарықтық өзгерістердің негізгі идеялары оларға жат емес. Жас ғалымдар түрлі страталарды біріктіруші, жас ерекшілік сипаттарының, позициялардың кәсіби-мәртебелік ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде анықталатын сараланған әлеуметтіккәсіби қауымдастық болып табылады. Жоғары оқу орындарындағы жас оқытушылардың ғылыми жұмыстарына өзіндік ерекшелік тән. Ғылыми жұмысты орындауды білім беру қызметімен қатар алып жүру бір жағынан, ғылыми зерттеулерді білім беру процесіне ендіруге септігін тигізсе, екінші жағынан, студенттерді ғылыми ортаға тартуда басты құрал болып табылады. Алынған мәліметтер оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің білім деңгейінің табыс деңгейінің арасындағы сәйкессіздігін дәлелдейді. Жалпы, жас ғалымның ғылыми және академиялық мансапқа бағытталуымен және негізгі әлеуметтік белгілердің басымдығымен сипатталатын (отбасы мен балаларының болуы) әлеуметтік-кәсіби типі анықталды. 2008 жылы жүргізілген ұқсас зерттеу нәтижелерімен салыстыратын болсақ, табыстары өздерінің жеке қажеттіліктері мен отбасыларының қажеттіліктерін қанағаттандыратын респонденттердің саны 2 есеге дейін төмендеген. Сонымен қатар табыстары виталды қажеттіліктердің негізгі спектрін қамтитын жас ғалымдардың пайыздық көрсеткіші 8,2%-ға артқан. Қалған позициялар бойынша өзгерістер аса байқалмайды. Фокус-топ қатысушыларының басым бөлігі үшін жоғары оқу орнында немесе ғылыми мекемеде алатын табыстары өмір сүрудің тек бір көзі ғана емес. Өздерінің ай сайынғы табыстарын жас ғалымдар орташа деп бағалайды. Қазақстандық жас ғалымдар арасында кеңінен тараған ғылыми қызмет түрі мақала жазу болып табылады – сұралғандардың 43,4%-ы. Сандық эквивалентте бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда орташа есеппен 10%-ға өскен. Респонденттердің тек 15,2%-ы ғылыми эксперимент, зерттеу және басқа да далалық жұмыстар жүргізумен айналысады. Көбінесе ғылыммен орташа еңбек өтілі 15-19 жылды құрайтын, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар оқытушылар айналысады. Ғылыми зерттеулермен айналыспайтын оқытушылар арасында ғылыми дәрежесі жоқ жас оқытушылар басым.
Қоғам мен мемлекеттің алдында ойластырылған, ғылыми негізделген жастар саясаты арқылы жастардың күш-қуатын пайдалану үшін жағымды алғышарттар жасау (жастар мен олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсету механизмдерін жасау) және жастарға өздерінің әлеуметтік қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, болашақтарын айқындап, оны жүзеге асыруда көмек көрсету міндеттері тұр. Байқағанымыздай, жастар саясатын қалыптастыру мен жастардың әлеуметтік дамуының басты философиясы қоғамдық даму мақсаттарынан бастау алып, әлеуметтік ортаның қалыптасып келе жатқан жаңа түрімен анықталуы тиіс.
әдебиеттер
- http://www.stat.kz/digital/obraz/20102/2011/Послевуз_сайт.xls
- Қазақстан Республикасы Агенттігі жүргізетін статистикалық бақылауда статистика бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйым қызметінің келесідей секторлары бойынша бөлінеді (экономикалық ынтымақтастық пен Даму ұйымдарының ресми ұсыныстарына сәйкес (ЭЫДҰ) ғылыми зерттеу статистикасы бойынша (Фраскати жетекшілігі)): мемлекеттік сектор, кәсіпкерлік сектор, жоғары білім беру секторы, жеке коммерциялық емес сектор.