Қоғамдағы жоғары білім рөлінің өсуіне байланысты жоғары білім мәселелері философтар мен социологтардың, педагогтар мен психологтардың жұмыстарында зерттелуде, жекелей алғанда білім социологиясының негізгі теориясын қалаушы Дюркгейм “адамзат потенциалын дамыту адамзат қабілетін физикалық еңбекке қолданудан мәдени және интеллектуалды потенциалды дамытуға қолдануға көшуде” деп білімнің қоғам үшін маңыздылығын көрсеткен [1].
Жалпы білім – бұл өзара байланысқан үш үрдістің бірлігі. Біріншісі – тәрбие, яғни қоғамда қалыптасқан құндылықтарды индивидтің игеруі. Екіншісі, оқу процесі, яғни индивидтің өз таңдаған құндылықтарды игеруге көмектесетін білімді, қабілетті, дағдыларды игеруі. Үшіншісі – құндылықтарды игерумен байланысты құқықтар мен міндеттерді меңгерумен байланысты әлеуметтену процесі. Белгілі социолог В.К. Батуриннің айтуынша, «білім оқу іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін әлеуметтік сұранысқа, қоғамдағы әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерге бағыттай отырып, бір жүйеге бағындырады» [2]. Ал Е.Э. Смирнова білімді құрылымдық қатынаста әртүрлі шағын жүйелерді енгізетін қиын да, жан-жақты жүйе ретінде қарастырады [3].
Осылардың негізінде білімді қоғамның құндылықты, қабілетті, білімді бір адамнан немесе топтан басқасына беруі негіз болатын ресми үрдіс ретінде анықтауға болады. Осындай үрдісті жүзеге асыратын, индивидтердің қоғамдағы өз орнын табуына, яғни құндылықтарды игеріп, жоғары кәсіби білім алуына үлесін тигізетін бірден-бір тұлға ЖОО оқытушысы десе болады.
Социологияда, соның ішінде білім социологиясында ЖОО оқытушыларының өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар, ғылыми ізденіс пен педагогикалық іс-әрекетті бірге алып жүрген, жас ұрпаққа кәсіби білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіби топ ретінде қарастырады. Өйткені профессорлық-оқытушылар құрамы “әртүрлі кәсіби, білікті, лауазымдық шағын топтардан тұратын, еңбек мәні мен мазмұнымен, өндірістікпрактикалық іс-әрекеттермен байланысты зерттеулер саласымен, рөлімен және рухани мәдениет дамуымен маңызды ерекшеленетін қиын, іштей дифференциалданған адамдардың әлеуметтік тобын” білдіреді. Көптеген социологтар оқытушыларды бірінші кезекте, қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратын және оның рухани потенциалын қалыптастыратын, интеллигенцияның өкілдері ретінде және “интеллектуалды еңбекпен айналысатын және интеллигенттілікке ие адамдардың ерекше әлеуметтік тобы” [4] ретінде қарастырады. Ең алдымен, оқытушылар интеллигенцияның құрамды мәнді бөлігі болғандықтан, жалпы интеллигенция тобының ерекшеліктерін, кәсіби қызметтерін, басқа топтармен байланысын қарастыратын қазіргі концепцияларды қарастыру маңыздыболыптабылады.Жалпыинтеллигенция қоғамның басқа әлеуметтік қабатынан ақыл-ой еңбегінің сапалы мазмұнымен және функциональды ерекшеліктерімен, әлеуметтік рөлімен ерекшеленетіні белгілі.
Интеллигенция тобы үлкен өзіндік және индивидуалды шығынды талап ететін біліктілік пен кәсібиліктің жоғары деңгейі болуымен ерекшеленеді.
Н. Аитов өзінің «Интеллигенция» деген еңбегінде ЖОО оқытушыларын интеллигенция ішіндегі ерекше әлеуметтік-кәсіби топ деп ерекше атап көрсетеді. Қазіргі интеллигенция дамуының ерекше белгілерін қарастыра отырып, интеллигенция түсінігіне “Өздерінің еңбегін орындау үшін жоғары және орта арнайы білімді талап ететін ақыл-ой қызметкерлерінің әлеуметтік тобы” деп анықтама береді [5].
Интеллигенцияның әлеуметтік табиғаты оның ерекше орны қоғам құрылымында ой еңбегінің масштабының кеңеюінен, материалдық өндірісте, ғылымда, басқаруда және тағы басқа интеллектуалды іс-әрекет мәнінің өсуінен көрінеді және жүзеге асады. Соған сәйкес оқытушылар интеллигенцияның басқа қабаттарынан ой еңбегінің мазмұнымен және функциональды мәнімен, әлеуметтік рөлімен ерекшеленеді. Олардың жұмысы жас ұрпақты кәсіби маман болуға даярлаумен бірге, ғылыми ізденісті жүзеге асырумен айрықшаланады.
Кеңес кезеңінде интеллигенция қауымы ерекше бағаланып, оқытушылар – бұл арнайы педагогикалық дайындығы бар, ақыл-ой еңбегіменайналысатын, білімсаласындақызметатқаратын интеллигенцияның әлеуметтік кәсіби тобы педагогикалық интеллигенцияға жатқызылған және педагогикалық интеллигенцияға жоғары және орта оқу орындары оқытушылары, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғалым-мамандар, яғни өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеумен кәсіби айналысатындардың барлығы кіреді деп көрсеткен [6]. Оқытушының ең алдымен ЖОО-дағы атқаратын қызметі кәсіби білім беру болғандықтан бұл топқа жатқызылуы шартты сияқты.
Қазақстанның әлеуметтік құрылымында М.С. Әженов интеллигенцияның келесідей топтарын бөліп көрсетеді:
- өндірістегі білікті мамандар, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, офицерлер;
- дәрігер, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері;
- билік өкілеттіліктері жоқ, атқарушы еңбек атқаратын, медициналық және педагогикалық жұмысшылар деңгейінде еңбекақы алатын контор қызметкерлері [7]. Яғни, оқытушылар интеллигенцияның ерекше әлеу- меттік тобы ретіндегі қоғамға ұсынатын басты жетістігі болып қоғамды оның барлық саласында ғылыми зерттеумен және тәрбие, білім, мәдени қажеттіліктермен қамтамасыз ететіндіктен интеллигенцияның жоғары тобына жатқызылады.
Бұл топ интеллигенция ішінде, бір жағынан мұғалімдерге жақын, өйткені оның негізгі қызметі болып жас ұрпаққа білім беру табылады. Екінші жағынан ЖОО оқытушылары ғалымдардың әлеуметтік-кәсіби тобына жақын, себебі ЖОО-ның оқытушыларының маңызды қызметінің бірі ғылымды бұдан ары дамыту болып табылады.
Мұғалім ретінде олар тұрақталған жалпыға танымал білімді берсе, ғалым ретінде осы білімдерге қоса қазіргі өмірге сай білімдермен толықтырып отыруға міндетті. Оқытушының бұл екі қызметі негізгі болып табылады, бірақ бір-бірімен онша сәйкес келе бермейді. Оқытушылардың негізгі жұмыс күні сабақ берумен, оған дайындалумен, әдістеме жасаумен өтеді. Әрбір жыл сайын оқытушыларға әкімшілік тарапынан оқу жүктемесі міндеттелінеді. Оны орындамаса арнайы шаралар қолданылады.
Сонымен, бір уақытта ғылыми жұмысты кез келген оқытушы өзіне жоспарлайды (немесе жоспарламайды). Бұның орындалуын немесе орындалмағаны туралы ешкімде сұрамайды. Бұл оқытушылардың өзінің ғылыми ізденістері мен білімді жаңартуда алға жылжуға деген мақсаттарымен байланысты. Әрине, ЖООның оқытушысының үшінші қызметі бар – ол студенттерді тәрбилеу.
Жинақтай айтқанда, ғылыми бірлестіктің құрамды бөлігін құра және оның идеалын қабылдай отырып, ЖОО оқытушылары, профессорлары және ғылыми қызметкерлері интеллигенцияның звеносы болып табылады, яғни жаңа білімді өндіруге қатысумен оны өзінің тәрбиеленушілеріне беруді сәйкестендіреді және оларға еңбек әлемімен, салалық кәсіби бірлестіктермен тығыз байланыс тән. ЖОО- ның профессорлық-оқытушылық және ғылыми персоналы жоғары мектепті қалыптастырады және толықтырады деп танылатын нақты әлеуметтік-кәсіби топтар құрамына кіреді. Соған сәйкес жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы кадрлары, шындығында әмбебап мәдени-шығармашылықтық және руханиадамгершіліктік миссияны орындайды немесе жаңа ұрпақтың іс-әрекеттің жалпыға тән құндылықтары мен универсалды әдістерін жоғары салада игеруін қамтамасыз етеді. Осыдан ЖООның профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми кадрларына талаптардың объективті көпжақтылығы мен субъективті біртекті болмайтындығы мәселесі шығады. Әдетте бұл аралас әлеуметтік-кәсіби топтың бірқатар белгілері арқылы көрінеді: оларға шын ғалым және педагог, жоғары профессионал болу тән, интеллигентілік пен мәдениеттің эталоны бола алады.
Қазіргі уақытта жоғары мектепте оның негізгі кадрларына байланысты үш термин – ғылыми кадр, ғылыми-педагогикалық кадр және профессор-оқытушы кадр түсінігі қолданылады. Сонымен бірге бұл терминдер бірге қолданылады немесе бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бірқатар зерттеушілер ЖОО-ның ғылыми-педагогикалық қызметкері ретінде ғылыми қызметкерлерді профессор-оқытушы құраммен бірге қолданса, басқалары – тек профессор-оқытушылар құрамын, бірқатары – бұл екі қызметкерлерді де ЖОО-ның ғылымипедагогикалық және ғылыми қызметкерлері деп атайды.
Сөздік басылымдарда жоғары мектептің оқытушы кадрлары туралы анықтама бермейді, тек ғылыми-педагогикалық кадрлар – жоғары деңгейлі түсінік, еліміздің ғылыми қызметкерлерінің құрамы деп көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардан көргеніміздей, ғылыми-педагогикалық кадрлар ЖОО-да ғылыми іс-әрекетті жүзеге асыратындар және педагогикалық қызметті ғылыммен сәйкестендіретіндер болғандықтан автор “профессороқытушы кадрлар” түсінігін қолдануды дұрыс көреді.
Профессор-оқытушы кадрларды екі көзқараспен қарастыруға болады. Бір жағынан, олар құрал болып табылады, олардың көмегімен жоғары білімді мамандарды дайындау жүзеге асырылады, екінші жағынан – бұл өзінің құрылымы, дамудың спецификалық мақсаттары және оларға жету құралдары бар жеке жүйе деп атауға болады.
Профессор-оқытушы кадрлар рөлі мен мәнінің ЖОО құрылымы мен басқа елдерде өсіп келе жатқанын ескерген жөн. ЮНЕСКОның Басты Конференциясының ХХVІІ сессиясында ЖОО оқытушылары кадрларының жағдайы осы ұйымның ұсыныстарымен халықаралық деңгейде реттелуі керектігі туралы резолюцияның қабылдануы кездейсоқ емес [8].
Халықаралық комиссияның ХХІ ғ. білімі жөніндегі ЮНЕСКО-ға ұсынған баяндамасында жоғары білім ретінде жоғары компонентті мемлекеттік органдар ретінде бекітілген, университеттер мен басқа да оқу орындарының орта деңгейінде қамтамасыз етілетін оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың барлық түрлері айтылады.
“Жоғары оқу орындары оқытушы кадрлары” термині кең айтылады. Оларға толық немесе толық емес жұмыс күнінде сабақ берумен және ғылыми жұмыспен айналысатындардың бәрі жатқызылады.
ЖОО-да сабақ беру кәсіп ретінде жарияланады. Ол ЖОО оқытушы кадрларынан өмір жолының барлық кезеңіндегі үзіліссіз оқу мен зерттеу іс-әрекеті негізінде игерілетін экспертті білім мен маманданған дағдыларды талап ететін қоғамдық қызметтің формасы ретінде қарастырылады.
ЮНЕСКО құжатында оқытушының еңбек жағдайы эффективті сабақ беруге, ғылыми жұмысқа, зерттеулік іс-әрекетке және кәсіби міндеттерді орындау мүмкіншілігін қамтамасыз етуге максималды деңгейде сай келу керектігі көрсетіледі
ЮНЕСКО-ға ұсынылған ХХІ ғасырдағы білім жөнінде халықаралық комиссияның баяндамасында жоғары білім, ғылыми жұмыс пен зерттеу жүргізу іс-әрекетінің дамуы оқытушы кадрлардың квалификациясы және тәжірибесімен бірге, академиялық еркіндікпен, кәсіби жауапкершілікпен бекітілетін адамдық және педагогикалық қасиеттеріне де байланыстылығы көрсетіледі.
Талданып отырған құжатта “зерттеушілік іс-әрекет” пен “ғылыми жұмыс” түсінігі ажыратылып көрсетіледі. Зерттеу іс-әрекет ретінде қойылған мәселенің мәні мен шартына байланысты осы мәселені шешу немесе нақтылауға бағытталған, әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану негізінде тиянақты, нақты ізденісті көрсететін жаратылыстану немесе әлеуметтік ғылымдар, мәдениет пен білім саласындағы нақты талдамалар жасалынатын зерттеулер айтылады. Ал ғылыми жұмысқа келсек, ол үрдіс ретінде беріледі, оның көмегімен ЖОО қызметкерлері үнемі өздерінің пәні бойынша білімдерін жаңалап отырады немесе ғылыми публикациялар дайындайды, өздерінің еңбектерін жарыққа шығарады, оқытушы ретінде өздерінің іс-әрекеттерін дамытады және жетілдіреді.
Сонымен, бір уақытта мемлекетке – ЮНЕСКО мүшелеріне ЖОО оқытушы кадрлары кәсіби міндеттерін орындауға өздерін толығымен арнау үшін жеткілікті еңбекақымен қамтамасыз етудің барлық мүмкін қаржылық шараларын қолдануға және бұл қызметкерлер категориясы үшін үлкен мәнге ие біліктілікті үзіліссіз көтеру, білімдері мен дағдыларын жаңа кезеңдерге сай жаңартып отыруына қажетті уақыт бөлуге ұсыныс жасалынды.
Жоғары мектептің ерекшелігі оның негізгі кадрларының (оқытушыларының) оқытушылық және ғылыми зерттеулік жұмысты бірге жүргізуінде. Ғылым мен білім – жоғары кәсіби интеллектуалды еңбектің үлесі жоғары және ғылыми-педагогикалық кадрлардың сапасы объективті маңызды мәнге ие қоғамдағы әлеуметтік институттарға жатады. Ғылыми зерттеу ғылыми ізденумен, болжам жасаумен, эксперимент өткізумен байланысты болса, педагогикалық қызмет мазмұны лекция оқумен, семинар сабақтарын, практикалық, лабораториялық жұмыстар жүргізумен байланысты. Соңғы уақытқа дейін бұл сәйкестендіру тек профессор-оқытушы құрам үшін ғана міндетті болды. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында үнемі ғылыми зерттеулермен айналысатын адам ғана білім бере алады. Әйтпесе оқытушы оқулықтар мен жаңа кітаптарда жазылғандарды айтып беруші ғана болып қалады.
Оқытушымен орындалатын жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлау үрдісі жоғары дамыған көп деңгейлі жүйемен жүзеге асады, оның негізгілері болып:
- білімді өндіру – ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдық талдау. Оларды ендіру, жаңа оқу пәндерін білім бағдарламасын қалыптастыру;
- білім беру – әдіс түрлерінің, құралдарының және білім технологиясының көптүрлілігімен жүретін оқу үрдісі;
- білімді тарату – жоғары нәтижелі білімге арналған технологияларды жасау: оқу құралдарын ғылыми монографияларды, мақалаларды, ғылыми әдебиеттерді басып шығару; жоғары оқу орнынан тыс қауымның алдын- да сөз сөйлеу, аймақтық және халықаралық мәндегі ғылыми, оқу-әдістемелік және мәдениағартушылық шараларға қатысу.
Сонымен бірге жоғары мектепте (бұл оны орта білімнен ерекшелейді) білім оны алу немесе практикада қолдану әдісімен бірге берілуі шарт. Ғылыми танымның ғылыми білім мен кәсіби нормаларды берумен үйлесуі ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің моделін құрайды, ол ерекше ойлауды, ғылыми-педагогикалық бағытталған ақылды, ғылымның тілін аудару дағдысын және оқыту мен практика жүргізу тілі мамандығын талап етеді.
Қазіргі уақытта біздің республикамызда ЖОО құрамына ғылыми-зерттеулік бөлімдерде кіретіні белгілі. ЖОО-да жүргізілген зерттеу, ЖОО ғылыми ұжымының республикалық бағдарламалар мен тапсырмаларды орындауға қатысу, халықшаруашылықтық комплекс үшін жоғары квалификациялы мамандарды дайындау үшін атақты ғалымдарды сабақ беруге тарту, сонымен бірге білімнің барлық саласы үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жазу үшін база қызметін атқарады.
Қазақстан ЖОО оқытушыларының жағдайларына келетін болсақ, республикада статистикалық мәліметтер бойынша 2001-2002 оқу жылында республикадағы жоғары оқу орындарында қызмет ететін профессор-оқытушылар құрамы 45,3 мыңға жеткен, олардың 3,05 мыңы ғылым докторы, 14,1 мыңы ғылым кандидаты. Ал 2006-2007 оқу жылында 42,8 мың адамды құраса, оның 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. Ал 2012-2013 жылы 41224 оқытушыны құраған [9].
Дегенмен бұл процесті терең зерттеу қажет. Қазіргі кезде республикада жалпы жоғары оқу орындарында 37,6% оқытушылардың ғылыми дәрежелері бар, олардың тек 7,0%-ы ғылым докторлары. Әрине, бұл көрсеткіш жоғары деп айта алмаймыз. Ресей жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың 60%-ның ғылыми атақтары бар, ал кейбір шет мемлекеттерде одан да жоғары. Егер де біз ғылыми атағы бар оқытушылар жағынан осы көрсеткіште қалатын болсақ немесе одан да төмендеп кетер болса, онда бізді әлемдік білім беру стандартына кіргізбей тастауы әбден мүмкін. ЖОО-ның статусы, ең алдымен, осы көрсеткіш арқылы белгіленеді. Бұл жерде мәселе ғылыми атағы бар оқытушылардың санын ретсіз көбейту емес. Ғылыми атақты тек қана сол атаққа лайықты ғылыми еңбектері мол және сапалы, терең маңызды ғылыми диссертация орындап, қорғаған адамға беру қажет.
ЖОО оқытушысының жұмысы барлық әлемде тек өздеріне жүктелген штаттық міндеттерін орындаумен шектеліп қалмайды, олар негізгі жұмысты ғылыми зерттеумен және басқа практикалық кәсіби талдаулармен, басқа іс-әрекет түрлерімен байланыстырады. Оқытушы еңбегі мен карьерасы оқу үрдісін қалай жүргізетіндігімен емес, ғылыммен қалай айналысатындығымен анықталады.
Жас ғылыми мамандарды дайындау – бұдан кейінгі ғылым мен жоғары мектептің дамуын қамтамасыз ететін басты әрекет. Ұрпақты ауыстыру үрдісінде қайтадан құру интенсивті жүреді. К.Мангейм айтқандай ауыстыруға келе жатқан жаңа ұрпақ алдыңғылардың тәжірибесін “ұмытып”, соның негізінде өмірлік тәжірибені жаңарту қасиетіне ие.
Жоғары білімнен кейінгі қосымша білім жүйесінің тез өсуінің себебі болып еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін сапалы “адамдық капиталды” қалыптастырудағы кадрлық тенденция және ғылымға тән экономика, техника, білім мен мәдениетті қайта құруға күшті қуат беретін инновациялық әрекеттер деп айтуға болады.
Көптеген бағыт бойынша ғылыми кадрлар жетіспейді, атап айтқанда, медицина саласында (транспотология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.). Бұл республикамызда осыған сәйкес келетін ғылыми мектептердің жоқтығымен байланысты.
Жаңа реформа жағдайында Қазақстандық білім беру жүйесі американ-еуропалық стандартқа жақындап келеді. Бірақ аталған стандартпен толық сәйкес келуі мүмкін емес. Бұл реформада Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері мен тарихи тәжірибелері ескерілген. Қазір ЖОО оқытушыларын даярлау мамандарды оқытудың үш сатылы жүйесіне өтумен өзгерді. Осыған байланысты Қазақстанның басты оқу орындарында магистратура сатысы жұмыс жасауда. Магистранттарды даярлау Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енумен және отандық ЖОО дипломдарын шет елде мойындау үшін қажетті уақыт талабы. ҚР «Білім туралы» Заңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлемдік білім кеңістігіндегі интеграция магистратура институтының дамуын қажет ететіндігі көрсетілген. Қазіргі уақытта жаңа «2015 жылға дейінгі білімді дамыту концепциясына» сәйкес магистратураны дамыту қажеттілігі күшеюде. Яғни бұл ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау міндеті магистратураға жүктелді.
Жаңа реформа бойынша Қазақстан 2008 жылдан бастап, АҚШ немесе бірқатар еуропалық елдерде қызмет ететін докторантура жүйелеріне ұқсас жаңа докторантура жүйесіне ауысуда. Бұл ЖОО кейінгі білім сатысы болып табылады. Ережеге сәйкес, жаңа докторантураға ғылым магистрі академиялық дәрежесін бар тұлғалар түсе алады. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін докторанттарға PhD докторы (философия докторы) ғылыми дәрежесі беріледі. Бұл сала қазіргі жоғары білім жүйесіндегі профессорлық-оқытушы кадрлардың сапалық деңгейін жоғарылатудың басты бағыты болады.
Болашақ кәсіби маманды оқытушының шығармашылыққа толы тұлғасы ғана дайындай алады – бұл кез келген кәсіби білім беру жүйесінің дамуының негізгі постулаттарының бірі. Оқытушының негізгі рөлі маманды дайындаудың барлық элементтері мен кезеңдерін: білім стандарттарын, оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламасын жасаудан бастап, жеке лекциялар мен практикалық сабақтар мазмұнына дейін қамтиды.
ЖОО оқытушысы – ғылыми-зерттеу мен оқыту технологиясында да арнайы дайындығы бар мен шығармашылықтық белсенділік көрсететін екі жақты мамандығы бар адам. Білімді игеру мен білімді беру, студентті бұл екі үрдіске тарту – ЖОО оқытушысы мен педагогының міндеті. Ғылыми-педагогикалық іс-әрекет үрдісінде ЖОО оқытушысы жаңа білімді өзі үшін ғана емес, көп деңгейде басқалар үшін игереді, ал бастысы жаңа білімдердің интенсивті қалыптасуы мен оқитындарда олардың комбинациясы үшін жағдай жасайды.
Ғалымдар арасында төңкеріс тек қоғамдық өндіріс құрылымы мен динамикасында ғана емес, сонымен бірге білім беру жүйесінің өзінде және тәрбиелеуде болып жатыр деген пікір кеңінен тараған. Зерттеу теориясы мен әдістерінің тез дамуы ғылыми кадрларды үнемі қайтадан дайындап отыруды талап етеді.
Социологиялық зерттеулер мен ЖОО-ны оқытушылардың кәсіби карьерасы олардың ғылыми іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастырылады. ЖОО тәжірибесі қазіргі ғылымның даму деңгейінде жас ғалымдардың дипломнан кейінгі білімнің ұйымдық формасының жоқтығы әдістемелік тілдік, математикалық және техникалық мәдениеттің нашарлауына, аралас ғылымдар саласында қажетті білімнің жоқтығына, ертерек жеткен жетістік туралы төмен ақпараттанғандығына, оқу іс-әрекетінің рациональды тәсілдерін жеткілікті игермеуіне әкеледі.
Бұл мәселені ғылыми белсенділіктің жоғары деңгейіне ие және өзінің есебінде жоғары деңгейде дайындалған диссертациялар саны көп ғылыми-педагогикалық мектептер мен ғылыми топтарға қолдау көрсетумен шешуге болады. Осы жоғары ғылыми-педагогикалық белсенділігі бар ғылыми топтар сәйкес келетін қолдау көрсету Қазақстанның жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының қалыптасуының эффективтілігіне жағымды әсер етуі мүмкін.
Оқытушылардың сипатын, кәсіби қызметтерін, әлеуметтік тұлғасын, педагогикалық іс-әрекеттерін, ғылыми ізденістерін, қоғамда алатын орнын қарастырғанда педагогика, психология, социология ғылымдарының бірбірінен ерекшелігі мен өзара байланысын қарастыру маңызды. Оқытушы іс-әрекетінің педагогикалық негізін, ерекшелігін, әдістерін, шеберлігін қарастырумен бірге оқытушылардың қоғамдағы орнын, рөлін, статусын өлшеу, оның әлеуметтік орнын және білім саласындағы жаңашылдық өзгерістерге сай инновациялық әрекеттерін қарастыру социология ғылымында кең орын алады. Егер оқытушының іс- әрекетін социологиялық талдау оның “сыртқы” қалыптасуының көрінісін берсе, онда “ішкі” бейнесі психология ғылымында кеңінен талданады. Оқытушылардың кәсіби іс-әрекетін психологиялық талдау көп еңбектерде АҚШ-та, Англияда, басқа да еуропалық елдерде қолданылатын профессиограмма түрінде берілген. Бұл жағдайда оқытушылардың кәсіби қабілеттерін, педагогикалық мамандыққа икемділігі, тұлғалық қасиетіне үлкен екпін жасалынады.
Ресейлік авторлардың ішінде осы амалға негізделген В.А. Сластелин зерттеулері ерекше орын алады. Оның амалына сәйкес оқытушының педагогикалық іс-әрекеті құрылысы өзіне тұлғалық және кәсіби пеадагогикалық қасиеттер, психологиялықпедагогикалық дайындыққа негізгі талаптар, мамандық бойынша әдістемелік дайындық мазмұны, арнайы дайындықтың көлемі мен мазмұнын кіргізеді.
ЖОО оқытушысы – бұл өзінің кәсіби ісәрекетінде универсалды қасиеттердің жиынтығына ие болуы қажет тұлға. Оның дәлелі ретінде жоғары оқу орны профессор-оқытушы құрамының функционалды міндеттерінің көптүрлілігін көрсетуге болады: оқу курстарын дайындау, оларды әдістемелік және әдістік қамтамасыз ету, ақпараттық қолдау көрсету құралын таңдау; оқытатын, тренингтік және бақылаушылық бағдарламаларын құру; оқу әдебиетін және оқу әдістемелік құралдар дайындауда авторлық қатысу; лекция оқу, лабораториялық, семинар және басқа да практикалық сабақтар өткізу; студенттердің өндірістік практикадан өткізуді ұйымдастыру және соған қатысу; жаңа педагогикалық әдістерді және жоғары нәтижелі білім технологияларын іздестіру және жасау; студенттермен консультациялық және басқа да индивидуалды жұмыс; ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жолдарын және нақты ғылыми-техникалық, ғылымиәдістемелік зерттеулерге сұраныс беретіндерді іздестіру; ғылыми зерттеулерді және нақты практикалық талдауларды: ғылыми, ғылымиәдістемелік, оқу-әдістемелік және басқа да материалдарды жоспарлау, ұйымдастыру және орындау; нормативті және басқа да техникалық құжаттарды дайындау; студенттермен топтық және индивидуалды жұмыс үрдісінде тәрбиелік қызметті жүзеге асыру; сонымен бірге олармен ресми емес қатынас жасау; үзіліссіз тұлғалық және кәсіби даму, ғылыми және педагогикалық компененттілік квалификациясын жоғарылату; әртүрлі кәсіби қажетті практикалық дағдыларды игеру т.б.
Ғылыми-педагогикалық кадрлардың жоғарыда ұсынылған функционалды міндеттері көрсеткендей, жоғары оқу орнының оқытушысы ұйымдастырушының, сөйлеу шеберінің, аналитиктің, психологтың қабілеттеріне, педагогикалық үрдістің және тәрбиенің қатал логикасын, әдеби ауызша және жазбаша сауаттылыққа ие, өзінің саласының жоғары компонентті және білімнің басқа салаларынан хабары бар маман болуы керек. Мұндай көп жоспарлы, квалификациялы сипаттамаға басқа ешқандай мамандық ие емес. Оқытушыдан белгілі бір табиғи қабілеттер ғана талап етілмейді, сонымен бірге талант, үлкен ақылойлық, физикалық, уақыттық және эмоциональды шығындар да кетеді. Ғылымипедагогикалық іс-әрекет үрдісінде ЖОО-ны оқытушысы жаңа білімді өзі үшін ғана емес, көп деңгейде басқалар үшін игереді, ал бастысы жаңа білімдердің интенсивті қалыптасуы мен оқитындарда олардың комбинациясы үшін жағдай жасайды.
Кейбір зерттеушілер ғылыми-педагогикалық іс-әрекетке карьера ретінде қарауды ұсынады. Карьера – жеке ғалымның оның шығармашылықтық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби эволюциясына қатысты қызығушылықтарын барлық жүйенің тиімді қалыптастыру қызығушылығымен байланыстыратын ғылымипедагогикалық жүйенің маңызды элементі. Оқытушы карьерасының біліктілігі құраушысын оның “диссертациялық” моделі ретінде, яғни ғылым магистрі мен PhD докторы дәрежесін алу талаптары. Яғни, ЖОО-ны оқытушылардың кәсіби карьерасы олардың ғылыми іс-әрекетімен тығыз байланысты. Диссертация (магистрлік, докторлық), мақала, оқулық, жазу, магистранттар мен докторанттарға басшылық ету, оқулықтарды дайындау – бұның барлығы ғылыми жұмыстың элементі.
Шынайы өмірде кез келген ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының ғылымипедагогикалық потенциалы жоғары болған сайын қазіргі заманға сай шығармашылықтық ойлауға ие мамандарды дайындау сапасы да жоғары болатыны белгілі.
Әдебиеттер
- Дюркгейм Э. Социология образования. – М: Интор, 1996. – 80 с.
- Батурин В.К. Социология образования: учебное пособие. – М.: Юнити-Дана,
- Смирнова Е.Э. Социология образования. – СПб.: Интерсоцис, 2006. – 192 с.
- Маннгейм К. Диагноз нашего времени. – М., 1994. – 700 с.
- Аитов Н.А. Интеллигенция. – Алматы: Қазақ университеті, 1996. –
- Социологический энциклопедический словарь. – М.: ИСПИРАН, –106 с.
- Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в Республике Казахстан. – Алматы: Білім, 1997. – 93 c.
- Образования: Сокрытое сокровище. Доклад Международной комиссии по образованию для ХХІ века, представленный ЮНЕСКО. Основные положения. – Париж: Издательство ЮНЕСКО, 1996. – 252 с.
- kz/digital/obraz/Pages/default.aspx