Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діннің әлеуметтік мәні. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым формалары»

Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақсаттарға қызмет ететінін анықтауға  тырысса,  ал қайшылық теориясын жақтаушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.

Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру  барысында  маңызды  әлеуметтік  қызметті   атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын  көрсеткен. Кландар  қоғамның  негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы  болған.  Кланның  өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге  бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті [1].

Жалпы тотем (солт. – америк. аджибве тайпасының тілінен аударғанда – тек, ата) – белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген. Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адамдар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Адамдардың осылайша өздерін теңестіру формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің әлеуметтегі атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіруі, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Ең бастысы, тотем «біз» және «басқалар» арасындағы шекараны анықтайды. Арғы ата – тотемнің сол халықтың мифтерінде, аңыз әңгімелерінде айтылған тарихы, олардың мәдени ұйымдастырылуының негізі болып саналады. Қазірде тотемнің қалдықтарын геральдикадан, тұрмыстық символикадан, т.б. көруге болады. Қазақ мәдениетінің архетипі – көне түркі мәдениетінде де тотемдік көзқарастар молынан кездесіп отырған. Көне түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланыстыруы қазақ ақын-жырауларының аузына «бөрілі менің байрағым...» деген жолдарды салса, қарапайым халық арасында сол Көкбөрі рухына арналып жасалатын бәйге түрі – көкпар тарту жүргізілген [2].

Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен  бірге  адамдардың  үміті  мен  сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді [1].

Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам  адамдық  тәжірибені  нығай-  тады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам-  ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.

Ритуал – әлеуметтік реттелген, рәмізделген жүріс-тұрыстың    тарихи    қалыптасқан  бітімі.

«Әдет-ғұрып», «салт-дәстүр» ұғымдары ритуал түсінігімен тығыз байланысты.  Ритуалды,  оның мәнін анықтау күрделі мәселе болып табылады. Оның көптеген анықтамалары бар. Зерттеушілердің басым көпшілігі ритуалға анықтама бергенде, оны діни жүріс-тұрысты білдіретін категория ретінде түсінуден бастайды. Мысалы, Э. Дюркгейм ритуалды  «адам  өзін қасиетті объектілермен қатынаста қалай ұстау керек екендігін айқындайтын жүріс-тұрыс ережелері» деп санайды. Дюркгейм ритуалды тыйым салынған объектілермен байланыстарын негативті, ал құрбандық шалу, ата-баба аруағына табыну, күнәсін өтеу сияқтылармен байланыстыларын позитивті деп бөлген. Ритуалдың сұрыптамасын жасады. Ол ритуалды әлеуметтік қызметі ұжымдық сезімді күшейту, әлеуметтік бірлікті қолдау деп санады. Осындай анықтамалар ритуалды адам әрекетінің сакральды  (құпия)  аймағына (күнделікті тұрмыстан бөлек) жатқызады. Малиновский ритуалдың қатарына тек діни тәжірибені ғана емес, мистикалық түсініктермен байланысқан магиялық тәжірибені де жатқызды. 19-20 ғғ. бірінші жартысында ритуалды зерттеуде ритуал мен миф арақатынасы мәселесі үлкен орын алды. Антропологтардың қайсыбіреулері ритуал алғашқы, алмифоныңтұрақтануы, онытүсіндіру, рационализациялануы деп санаса (Фрейзер, Лич, Робертсон-Смит), ал басқалары миф алғашқы деп санайды (Тайлор, Малиновский, Гуди). Қазір ритуал мен мифті бір рәміздің көрініс табуының екі түрлі бітімі деп қарастырады. Олар бір уақытта және өзара байланыста болады. Ритуал рәмізін француз әлеуметтану мектебінің структуралистік бағытының өкілдері зерттеді. Мысалы, Леви-Строс структуралық лингвистика  тәсілдерін   қолдана  отырып,  ритуалды «тіл» немесе таңбалық жүйе ретінде зерттеді. Лич ритуалды «сакральдылық» (құпиялылық) аймағына шығу ретінде қарастырды. Онда күнделікті тұрмыс нормалары өз маңызын жоғалтады. Ол ритуалдық актілер мен әдеттегі іс-қимылдардың аражігін ашу өте қиын, өйткені әр қимылдың практикалық, аспаптық және ритуалдық аспектілері бар деп санайды. Яғни әрбір  іс-қимылдың  ритуалдық   өлшемі   бар. Э. Гоффман қазіргі кездегі ритуалды қарастырып, олардан діни табынушылықпен байланысқан өткен уақыттағы ритуалды сакральдандыру адам тұлғасына да таралғанын, себебі қазір адам тұлғасының өзі қасиетті объектіге айналғанын көреді. Оларды «табиғи ритуалдар» – сәлемдесу, этикет, әңгімелесу, сөйлесу ритуалдары деп атайды. К. Лоренц ритуалды жүріс-тұрыс үлгілері ретінде қарастырады. Олар, негізінен, коммуникативтік қызмет, сондай-ақ бақылау, топты біріктіру, мәдени рәміздерді қалыптастыру қызметтерін атқарады. Қазіргі заманғы орыс ғалымы В. Топоров архаикалық  ритуал  табиғатын  талдап: «ритуал - бұл ұжымдық іс-қимыл. Ол әу бастан табиғат ырғағының заңдылықтарына бағынып, кейіннен адамдардың алғашқы әлеуметтік топтарының әлеуметтік ырғағын қалыптастырды» деген қорытындыға келеді. Ритуал барлық ұжымдық және қоғамдық жүріс-тұрысты реттейді, оған мән-мағына және мақсаттық сипат береді. Ритуал әртүрлі қызметтер: діни-құқықтық (мораль, заң, тәртіп), қорғаныс (қауіпсіздік, әскери) және шаруашылық-экономикалық (еңбек) қызметтерін атқарады [2].

Зигмунд Фрейд, діннің басқа да қызметін көрсеткен. Оның пікірі бойынша, дін – адамдарды бала кезінен бойынан өткізіп келген қорғансыздық қорқынышынан сақтайды. Осындай қорқыныштан сақтанудың жолын бала атаанасынан тапса, сол сияқты үлкендер оның жауабын сүйікті жаратушыдан табуға тырысады. Оның ойынша, діни түсінік – ол әлеуметтік иллюзиялар. Адамдар материалдық табиғатқа қарамақайшы өздерінің психологиялық қажеттіліктерге бағытталып өмір сүріп жатқандығын түсінсе, бұл иллюзиялар сейілер еді дейді.

Қайшылық   теориясының   жақтастары,  дін - бұл әлеуметтік өзгерістерге шыңдайтын күш деп түсіндіреді. Діндегі ыдырау қоғамды радикалды түрде өзгертуі мүмкін. Бұған Ирандағы жағдай дәлел бола алады, мұсылман шиитер аятолла Хомейннің басшылығымен Иран шах үкіметін құлатып, ирандықтардың күнделікті өмірін мұсылмандық сенім ережесіне сәйкес ұйымдастырып көруді жасады. Діннің қоғамға әсерін тарихи талдау М. Вебердің классикалық зерттеуінде берілген. Кальвинизмнің етек алуы неміс ғалымының қызығушылығын оятты. Кальвинизм сенімі өзге діндерден адам тағдырының алдын ала анықталатындығын тұжырымдаумен ерекшеленді. Осыған сәйкес адам дүниеге келмей тұрып, оның рухы тыныштық таба ма, жоқ тозақ отында жана ма оны осы діни сенімде құдай шешеді. М. Вебердің еңбегінің басты идеясы – әр елдегі экономикалық өмір оларда қалыптастасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Вебер дінді, бір жағынан, мәдени жүйенің белгілерін (тұлға мен қоғамның құндылықтары, таңба мағыналары, рәміздері) бойына жинақтайтын әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырса;  екінші  жағынан,  дін әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беретін дербес құрылымға жатады. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстің ерекше тұжырымына, Вебер, адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Вебер басқа да факторларды атап көрсетті, мысалы, әскери бюджеттің рөлі және тауарларды тұтынуға жоғары сұраныс өндірістің ұлғаюына ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік жаңа бетбұрыстар діни сенімнің өзгеруіне әкеледі, сондықтан қоғамның дінге ықпалы болады дегенді Вебер мойындаған. Протестанттық реформацияның әсерімен экономикалық құрылым өзгеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ  қоғамның  басқа  да  көптеген институттары: ғылым, құқық және білім беру де өзгерді. Кальвинизмнің ықпалынан пайда болған өзгерістер комплексі қоғамның әлеуметтік құрылысын қалыптастырды.

Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан, дін институты өзара байланысқан  екі  деңгейден тұратын жүйелік құрылысты көрсетеді: 1) құндылықты-нормативтік  модель,  өзіне   қасиетті деп танылатын анықталған құбылыстар мен құралдар ортасына кіретін сенім жиынтықтары мен символдарын бекітеді; 2)  діни  нормалар мен сенімдердің барысында реттеліп және басқарылып отыратын, мінез-құлықтық үлгілердің құрылымы. Соңғысының шынайы көрінісі діни тәжірибенің түрлі аспектілерін бекітетін ұйымдардың әрекет етуі: сенушілердің моральдық қауымдастығы, дәстүрлер, ұстанымдар жіне т.б. Діннің құндылықты-нормативті деңгейі құлшылық етудің күрделі жиынтығын көрсетеді, яғни киелі мәтіндер  мен  жазбалар-  да берілген құндылықтар, символдар. Мысалы, мұсылман дінінде құндылықтар мен білімнің көзі Құран болса, ал христиан дінінде Библия [2].

Діннің әлеуметтік қызметтері, негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт – дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін, құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолютті күш деп түсіндіреді.

Екінші бағыт – бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдетғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнегеөсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің – әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.

Үшінші бағыт – реттеушілік  қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың  бірі  мен  бірінің,  олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Дін топтастыру  қызметін  де  атқарады.  Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады.   Діндерді   мәмлеге келтіретін ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.

Ежелгі сан ғасыр қазағымның рухани дамуының қайнар көздерінің бірі болып келе жатқан ислам дінінің халқымыздың ұлттық иммунитетін қалыптастырудағы рөлі ерекше екені аян. Олай болса, бүгінгі жаһанданудың кері әсеріне тек ұлттық қасиеті, ділі мен діні күшті ел ғана төтеп бере алады.

Діннің қоғамдағы қызметтерінен оның қоғамдағы рөлі шығады. Алайда Конституциямызда діннің мемлекеттен, мемлекеттің діннен бөлек екені атап көрсетілгені белгілі. Дінді мемлекеттен бөлу мәселесін Алаш жетекшілері де көтерген еді. Олар дін қызметкерлері мемлекеттен айлық алып отырса, онда діннің тәуелсіздігі сақталмайды деген. Әрине, Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары дінді мемлекеттен бөлу керек дегенде екеуінің арасына қытай қорғаны салынсын деген ойда болмаған шығар. Өйткені дінсіз мемлекет те, мемлекетсіз дін де жоқ.

Діндердің адам тәрбиесіндегі рөлін ерекше бағалай отырып, діндердің тарихын, олардың ізгілікке,    имандылыққа    шақырған  және т.б. адамгершілікті насихаттаған қағидалары мектептерде оқытылып жатыр. Бұл бүгінгі жаһандану заманында аса қажеттілік болып тұр. Алайда бүгінгі дін оқулықтары туралы пікір қайшылықтары мол. Ол көбіне көп мемлекеттің дінге байланысты, оның ішінде ежелгі діндерге деген көзқарастарының кешегі кеңестік кезеңнен ұзап кете алмағанынан болып отыр.

Адамзат санасының ерекше бір түрі ретінде дін қоғамның саяси жүйесінің сипатына байланысты бірде жуандап, бірде жіңішкеріп, кейде кемерінен шығып, кейде жуасып талай ғасырды артқа тастады. Жер бетінде пенденің барында әлі талай асулардан өтері сөзсіз. Өйткені адам дінсіз өмір сүре алмаса, дінге де адамсыз өмір жоқ. Мемлекетке қатысты да осыны айтуға болады.

Кешегі кеңестік кезеңде дін қудалауға түсіп, атеистік     (құдайға     сенбеушілік)   идеология,«дін халыққа апиын» деген тұжырым үстемдікетті. Жер-жерде «құдайсыздар қоғамы» (общество безбожников) құрылды. Бұл кейін белсенді атеистік ұйымдарға айналып, дінге қарсы үгітнасихат майданы ашылып, мыңдаған дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетілді. Талай дін иелері қудалауға түсіп, айдалып, атылды. Тіпті, бір заманда ата-бабасы дін ұстағандар жаппай қудаланды. Талай мешіттер құлатылып, кейбірі мәдени ескерткіштің озық үлгісі болғанына қарамай басқа мақсаттарға пайдаланылып, тіпті, мал қора етілді. Мұның барлығы адамның өзіне деген сенімін жоғалтты.

Ғасырлар күткен тәуелсіздік қана қоғамымызда діннің қайта жаңаруы мен жаңғыруына жол   ашты.   Еліміздің   ең   алғашқы   құжаты –«Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда республика территориясында тұратын азаматтардың діни нанымына, діни ұйымдардың мемлекет және қоғам өміріне қатысуы үшін тең құқыққа ие болуға кепілдік берілді. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының бірінші тармағындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп тайға таңба басқандай айқын жазылды.

Мұның барлығы тәуелсіз мемлекетіміздің дін саласындағы бетбұрысын айқындаған, еліміздегі діни кеңістіктің оңалуына игі әсер еткен  алғашқы  құқықтық   қағидалар   еді.   Бұл  әркімнің  өзінің  дінге  көзқарасын  дербес айқындауға, ұстануға немесе ұстанбауға еркіндік берді. Дінге сенушілер көбейіп, діни бірлестіктердің саны артты. Сан жағынан көбейе түскен мешіттер имандылық пен ізгіліктің орнына айналды. 1990 жылы Қазақстанда 671 қана діни бірлестіктер болса, 2011 жылы ол 6 есеге көбейіп, 4000-нан асты. Осы аймақтың ежелден жалғыз иесі қазақтың дәстүрлі исламдық діни бірлестіктері 46-дан 2337-ге өсті. Көптеген діни мектептер ашылды. Бір қатар жастар шетел діни оқу орындарында білім алуда. Қажылыққа барушылық дәстүрге айналды.

Әрине, қоғам болған жерде бытыраңқылық та болады, бірігу де болады. Қоғам болған соң, этникалық, таптық, ауылдық-қалалық секілді жіктелу бар, жасына қарай, бай кедейлігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Мәселе оның қай негізде жүріп отырғанында. Бұл жік қоғамның тарихи қалыптасуынан шығып отыр ма, әлде басқа бір тараптың тануынан туындап отыр ма, соған көз жіберу керек. Қоғамдағы жіктелу мен бірігу үзіліссіз жүретін заңды нәрсе. Сол секілді діни жіктеліс те бар, тарихи-ұлттық діндер, дәстүрлі діндер және дәстүрсіз діндер секілді. Мәселе осылардың түкпірінде не тұр. Діни бірлестіктер мен ұйымдардың қандай жағымдыжағымсыз ықпалы бар, соны қарастыруда. Бүгінгі Қазақстанда ресми дерек бойынша 2369 түрлі мұсылман, 286 православиелік бірлестік болса, 83 католик мекемесі, 28 иудейліктердің, 1208 протестанттық ұйым бар. Ал дәстүрсіз діндердің 83 ұйымы, 370 шетелдің миссионерлік секталар мен ұйымдары жұмыс істеуде.  Бы-  лай қарағанда Қазақстан діни сенімдер мен бостандықтардың үлгісі секілді.

Діни секталарды сотта жеңу жалпы қай мемлекетте де қиын.

Миссиология деген ғылым  бар.  Бұл  та-  уар алуға жарнама жасау қалай меңгерілсе, адамдардың орныққан психологиясын миссияға сәйкес бұзу арқылы рухани тауар ету ілімге негізделген. Олардың мамандары сондай жетік келеді, тіпті қазақшаны қазақтан кем білмейді. Олар қазақтың салты мен психологиясын, тарихын терең біліп келуі мүмкін. Сондықтан оған қарсы тұру үшін сондай деңгейдегі құрылымымыз бен мамандарымыз керек. Сонда дін бәсекелестігі деген шығып отыр.

Бізге дін бәсекелестігі сырттан танылды. Жалпы дәстүрлі емес діни ағымдардың шабуылы АҚШ-та 80-жылдары болып өткен. Америка оларға жоғары дәрежелі мамандары мен қажетті қарсы қоғамдық пікір туғызу арқылы тойтарыс берді. Оған ол елдің ғылыми да ақпараттық та әлеуеті жеткілікті еді. Ал Мун сияқты ықпалды ұйымдардың басшысын түрмеге салды. Сосын басқалары тым-тырақай болды. Олар қашып барып Еуропаға тығылды да, КСРО ыдырағанда бізге қарай лап қойды. Ал біз оны өзіміздің көпдіндік қоғамдық жетістігіміз деп жариялап жүрдік.

Еуропада діндерді реттеу арқылы демократия орнаған, ал біз ретсіздікті демократия деп жүрміз.

Жалпы, дін сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе қатерге айналады. Ислам әлемі біртұтас болғанымен, әр халық оны өзінше тұтынған.

Дегенмен біз Еуропаның өзінен үлгі алып, мәселемізді шешіп алуға мүмкіндігіміз бар. Еуропалық елдерде бүгінде 3 дін қатар өмір сүруде. Алайда қоғамнан оларға өз орнын беріп қойған. Мысалы, Англияда англикан шіркеуі мемлекет тарапынан ешбір қысылмай қамқорлық көріп отырған дін. Ол дін ағылшын халқының рухани-тарихи діңгегі болып саналады және соны қоғамға мойындатқан. Мемлекет оны қолдайды қаржыландырады. Екінші сатыда католик діні, ол енді бүкіл еуропалық дін ретінде мойындалған, бірақ соншалықты қамқорлыққа алынбаған. Содан кейінгі өзімен-өзі өмір сүріп жатқан, ислам діні. Еуропа елдерінде діни ғимараттар жеке меншікте емес, мемлекет меншігінде. Олар мемлекет есебінен жөнделеді және ескерткіш есебінде қорғалады. Бірінші сұрыптағы дін мемлекеттік дін болып есептелгенімен, оның ішкі-сыртқы саясатына кіріспейді, ол дін тек қана мемлекет құраушы халықтың тарихи түзуші фактор есебінде, басты рухани тәрбие көзі ретінде қамқорлыққа алынады. Осылайша, реттелу арқылы демократиялық принцип орнаған. Дін мен мемлекеттің арасындағы қатынастың баянды болуы айналып келгенде, ең әуелгі мемлекеттік саясатқа байланысты. [«Жас қазақ үні». – № 17 [338] 29.04.2008].

Ғасырлар тоғысында әлеуметтанушы америкалық ғалымдар Дж. Нейсбит пен П. Абурдин 2000 жылы XXI ғасырдың алғашқы жылдарындағы әлемдегі ең басты ықпалды, жаһандық сипаттағы он бағыттың (мегатенденциялар)  ішінде  тілдік  патриотизм  мен діни қайта жаңару үрдістерін атады. Ал БҰҰ қолдауымен 2003 жылы дайындалған «Әлем болашағы пішіні» атты еңбекте де он төрт басты үрдістердің екеуі діни және ұлттық жағдайларға байланысты: радикалды ислам идеологиясының дамуы және этностық өзін-өзі тану саясатының күш алуы («Социально-гуманитарные» №3. 2011 жыл 4-5 бет).

Ұлттық және діни мәселелердің ықпалының өсуінсарапшылар XXIғасырдағыотаршылдыққа қарсы күрестің жаңа толқынының басталуымен түсіндіреді. Егер бірінші толқын экономикалық және саяси тәуелсіздікке қол жеткізу болса, отарсыздану зымыранының екінші толқыны (сатысы) мәдени және әлеуметтік тәуелсіздіктен арылу болып отыр. Осы мүмкіндіктер мен қатерлер төңірегінде бұрынғы отарланған елдер мен отарлаушы елдер терең ойлануда.

Дінге деген ықылас, әсіресе кеңестік интеллигенция арасында жоғары көрінген. Ол дінге бет бұрды дегенді білдірмейді, бірақ ұлттық мәдениет, әдебиет, әсіресе ауыз әдебиетін, сәулет өнерін, археология, этнография, тіл білімін, музей құндылықтарының мәнін, мазмұнын діннің рухани ықпалынсыз түсіне бермейтіндігіне көз жеткізілді,   атеизм   салдарынан   жас ұрпақтың төлтума өркениеттен, рухани құндылықтан жат бола бастағаны айқын сезілді.

Діни ахуал туралы сөз қозғағанда оның екі деңгейін ескергеніміз жөн: жаппай бұқаралық деңгейдегі діни сана мен жоғары діни институттар деңгейі.

Бұқаралық деңгейдегі діни сананы сараласақ, XX ғасырдың аяғында тәуелсіздікпен бірге діни сенімге де еркіндік алғаннан кейін, тағы да жастар, енді дінге аса қызығушылық танытты. Осылай сағаттың маятнигіндей діни санадан атеизмге, атеизмнен діни санаға ауытқудамыз.

2009 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанхалқының70,2пайызы–мұсылмандар, 26,3 пайызы – христиандар, 0,1 пайызы – буддистер, 2,8 пайызы – ешқандай дінге сенбейтіндер, 0,5 пайызы – жауап беруден бас тартқандар. Әдетте, түркі тілдес халықтарды мұсылман дініне ойланбай жатқызады. Бірақ халық санағы көрсеткендей, қазақтың 0,4 пайызы – (39172) адам христиан дініне, 1923-і иудаизмге, 749-ы буддизмге, 1612 адам басқа діндерге өткен. 98511 қазақ ешқандай дінге жатқызылмайды [Егемен Қазақстан, 2011ж.].

Атақты тарихшы Л. Гумилев: «бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан әрі анағұрлым тиімді» екенін айтып кеткен. Осы күні алпауыт мемлекеттер әскери күшпен жаулап алудан гөрі ұлтты пассивтендіру әдісін де кең қолдануда. Қазір болып жатқан дәуір – идеологиялық күрес дәуірі, саяси тактикалар дәуірі. Оның нақты айғағы жоғарыда атап өткен миссионерлік. Тұтас бір халықтың ішіне іріткі салу, халқын фатализмге сүйреу.

Ынтымақтастық рухы біздің дәстүрлердің бір  бөлігін  құрайтындығы,  өйткені  бағзы  замандардан бері Қазақстан түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысу және табысу мекені болғандығы қазір айтылып та, жазылып та келеді. Яғни Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандықтан, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әр түрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргенін, яғни толеранттылық пен конфессия аралық келісімнің үлгі болғандығын айтқымыз келеді.

Қазақстан бастамашылдығы бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуы азиялық континентте қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көпжақты тамаша құралына айналды. Бұл дегеніңіз мемлекетіміздің тұрақтылығын, бейбітшілігін сақтап қалуда біздің мүмкіншілігіміздің көп екендігін көрсетеді. Қай жағынан алып қарасақ та бірлігін сақтауда діннің өзектілігі маңызды. Олай болса, алдағы уақытта дін мәселелері өз алдына шешімін тауып, әлемдікдағдарыс, төңкеріс, ашаршылық сияқты көптеген зұлматтарды басынан кешіріп, бейбітшілік пен амандықта жасап келе жатқан еліміз бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деген үмітіміз бар.

Бүгінгі мәдениеттану, антропология және әлеуметтану саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Русь Ю.И., Степанов В.Е. «Социология». – Москва, 2005. – 345-350 бет.
  2. Ғабитов Т., Құлсариева А., Әлімжанова Ә. «Мәдени-философиялық энциклопедия». – Алматы,
  3. Айталы А. «Дін дүние діңгегі». «Жас қазақ үні». – № 17 (338) 29.04. – 2008. – 3-4 бет.
  4. «Социально-гуманитарные». – №3, 2011. – 4-5 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.