Қазақстан Республикасының жаңа бағдарламасының басты мақсаты 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады.
Бағдарлама аясындағы жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру, білім берудің қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру – қазақстандық дамудың басты ұстанымдары.
Мемлекеттің қоғамдық, экономикалық дамуы және ұлттық қауіпсіздігі үшін қажетті аса маңызды ресурстардың бірі білім болып табылады. Жоғары кәсіптік білімнің деңгейі мен сапасы мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты, әлемдік еңбек нарығында отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Осы себепті бүгінде білім сапасын арттыру бүкіл әлемде көкейкесті мәселе екені белгілі. Бұл мәселені шешу білім мазмұнының, білім беру үрдісінің тәсілдері мен технологиясының модернизациясы және оңтайландырылуымен, соған сай білім берудің мақсаты мен нәтижесін жете түсінумен тығыз байланысты.
Мемлекет әлемдік қауымдастыққа кірігуді жүзеге асырып отырған тұста біліктілігі жоғары кадрлар – болашақ мамандар даярлау, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыратын жағдайлар мен әрекет ету механизмдерін жасау мәселесі өзектіболыпотыр. Қазақстан дамуыныңмаңызды шарты – жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің қатарына келесілер жатады:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жоғары оқу орындарын жаңғырту, біртұтас оқу өндірістік кешен ретінде дамыту;
- жоғары оқу орындарын бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің беделі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру;
- елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына, қоғамның қажеттілігіне, қазіргі заманғы ғылымның жетістіктеріне сәйкес маман даярлау құрылымы мен мазмұнына қайта құру;
- білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің, ағарту жұмыстарының тиімді формалары мен әдістерін жасау мен ендіру;
- білім сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін нормативтік, материалдық-техникалық және ақпараттық база жасау, жаңа әлеуметтікэкономикалық жағдайда білікті маман даярлау жүйесінің қызметі мен тұрақты дамуына кепілдік беру [1].
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау қоғамның барлық саласына әсерін тигізері даусыз. Ендеше жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше. Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық.
Тұлғаныңқоршағанортаменқарым-қатынасы барысында оның этномәдени дамуының алатын орны туралы Л.С. Выготскийдің, білім беру жүйесін ұлттық құндылықтарды ескере отырып гуманизациялау мәселесі француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгеймнің еңбектерінде қарастырылған.
Бірқатар отандық әлеуметтанушылардың пікірінше, қазіргі таңда қазақстандық қоғамда «дәстүрге бағытталған адамның» орнын «өзіне бағытталған адам» басуда. Нарықтық экономика тұсында «дәстүрге бағытталған адам» моделі мен «өзіне бағытталған адам» моделін бірдей ұстану еліміз үшін тиімді болмақ. Егер «дәстүрге бағытталған адамның» іс-әрекет ету барысында сыртқы реттеуші факторларды ескеріп отырған болса, онда «өзіне бағытталған адам» іс-әрекетін өзі реттейді, өз өмірін өзі бақылайды. Бүгінде дәстүрлер заман талабына сай түр өзгертіп, адамды тәрбиелеу ісінде маңызды рөлді атқаруы тиіс. «Өзіне бағытталған адам» моделінің қалыптасу барысын қазіргі жастардың іс-әрекетінен көруге болады. Қазіргі заман жастары коллективті рух, коллективті құндылықтарды ескермейді, олар өздерінің жеке басының проблемаларымен айналысады, өз мәселесін шешуге өзінің ғана әрекет ету қажеттігін түсінеді. Осы тұста адамның бойында кездесуі мүмкін рухани жалғыздық, жатырқау проблемаларын интегральды модель шеше алады. Қазіргі таңда елімізде қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргізілуде – тұрақты инновациялық және инфрақұрылымдық даму, елімізді индустриализациялау барысындағы жаңа ұстанымдар тұлғаның нарықты, инновацияға бағытталған типін қалыптастырып отыр.
Бүгінгі таңда елімізде адамның іскерлік қасиеттеріне назар аударылуда. Отандық әлеуметтанушы ғалым Г.О. Абдикерова бұл құбылыстың Қазақстан Республикасындағы осы заманғы іскер тұлғаның моделін құруға негіз болып отырғандығын айтады. Еліміздің бәсекеге қабілетті, инновациялық экономиканы құруға бағытталған мемлекеттің саясаты қазіргі тұлғаның іскерлік қасиеттерін қалыптастыруға басты себепші. Еліміз «ақылды экономикаға» бет бұра отырып «адамзат капиталын» дамытудың маңыздылығын сезінеді. Жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру – іскерлік қасиетке ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қажет етеді. Осыған байланысты оқыту мен тәрбилеу барысында өзіндік өмірлік көзқарасын қалыптастырған, өзіндік өмір сүру стилін ұстанатын, күнделікті іс-әрекетін, қарым-қатынас формаларын бір жүйеге келтіруге тырысатын, белгілі-бір өмірлік мақсатын қалыптастырған және оны жетілдіре білетін тұлғаны қалыптастыру за- ман талабы. Бұлай оқыту тұлғаны жекелік, саналылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге машықтандырады. Ғалымның ойы бойынша тұлғаның кәсіптік бейімделуіне келесі талаптар қойылады: кәсібилік (профессионалдылық), шығармашылық даралық (индивидуалдылық), құзыреттілік, кәсіби этика және тұлға мәдениеті.
Кәсіби іс-әрекеттің осы заманғы инновациялық моделін құрудағы кедергілерге еңбектік ісәрекеттің құқықтық және этикалық тұрғыдан төменгі деңгейде шартталуын, патронаждық, туыстық және жеке бастылыққа негізделген бейресми қатынастардың басым болуын, әлсіз менеджмент, әлсіз бәсеке, жеке басты дәріптеуге бағыттылықты, тұлғаның еңбек етуде материалдылық мотивациясының басым болуын жатқызады [2]. Қазіргі Қазақстанда халықтың рухани құндылықтарын және азаматтық ынтасын дамыту маңызды орынға ие. Осы себепті тұлғаның гуманисті моделін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында тұлғаны және әлеуметтік өмірді гуманизациялау бағытында мемлекеттік деңгейде айтулы шаралар атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» туралы негізгі үшінші тармағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Осы тармақта көрсетілген атаулы әлеуметтік қолдау, баланы қорғау, анаға қамқорлық, ұлт денсаулығы, өңірлерді дамыту сияқты тараулардың әлеумет үшін маңызы ерекше.
Кез келген мемлекеттің даму деңгейі оның халыққа ұсынатын әлеуметтік игіліктерімен өлшенеді. Ендеше қарыштап дамуға қадам басқан мемлекетіміздің басты ұстанымы жаңа, әділетті әлеуметтік саясатты қалыптастыру болып табылады. Бұл туралы Елбасы Жолдауда: «Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді», – дейді [3].
Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың әлауқаты мәселелерін шешу – әлеуметтік саясаттың басты принциптері болмақ. Жаңа әлеуметтік саясаттың басты қағидаларын уағыздаудың тиімді жолдарының бірі – жас ұрпақтың санасына сіңдіру. Осы орайда әлеуметтік қызмет мамандықтарының атқаратын рөлі ерекше.
Осындай адамдардың жағдайын түбегейлі өзгертуге, өмір сүру жағдайын жақсартуға байланысты іс-шаралар, сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізу мақсатындағы ісшаралар қоғамды, тұлғаны гуманизациялау үшін жүргізіліп отыр.
Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты, мемлекетіміздің бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдындағы басты міндет – өзіндік айтар ойпікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдында жаңа тұлғаны қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Жастардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікір дербестігі мен еркіндігінкеңейту, олардыңөзбетіменбілімалуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғалардың, мамандардың талап етілуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.
Білім құрылымы фактілерді, түсініктерді, заңдар мен заңдылықтарды, идеяны, теорияны қамтиды. Білім қашан да танымдық іс-әрекеттің өнімі болып табылады.
Әлеуметтікғылымдарқоғамдытұтастайзерттей отырып, қоғамдық процестердің әлеуметтік аспектілерін, әлеуметтік құбылыстарды, әртүрлі әлеуметтік қатынастарды терең қарастырады. Оның ішінде тұлғаның барлық әлеуметтік ісәрекеті – өмір сүру салты, ұстанымы, әлеуметтік статусы, түрлі әлеуметтік топтарға кіруін, қай әлеуметтік тапқа жататындығын жан- жақты зерттейді. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қоғамды гуманизациялаудағы орны маңызды. Сондай ғылымдардың бірі – жоғары оқу орнындарында оқытылатын әлеуметтік қызмет мамандықтары.
1991 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жаңа мамандық – әлеуметтік қызметкер мамандығы ашылды, оның қызметі қиын өмірлік жағдайлардағы қамқоршылық, мейірімділік және қайғысына ортақтасу қасиеттері негізінде ғана емес, сонымен қатар адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырудың біртұтас жүйесіне, адамдардың өмірлік жағдайдарына, оның біртұтастылығына бағытталған.
Осы уақытта елімізде шетелдік тәжірибеден алынған «әлеуметтік қызметкер» мамандығының институциялану процесі жүрді және ол «әлеуметтік жұмыс бойынша маман» деген атпен мемлекет тіркеуіне енгізілді. Сол кезден бастап әлеуметтік көмек көрсетудің бірнеше түрлері және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мақсатты бағыттала бастады, ал бұл саладағы мемлекеттің рөлі қоғаммен келісіліп 1995 жылы қабылданған Ата Заңда көрініс тапты: Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті. Оның ары қарай дамуы әлеуметтік саладағы заңдар, басқа да әкімшілік актілерден көрініс тапты. Осыдан келіп елімізде әлеуметтік жұмыстың нормативтік-құқықтық, ұйымдасқан және материалдық негізі – халықпен әлеуметтік жұмыс мекемелерінің орнағанын көреміз.
Әлеуметтік қызметкердің қызмет көрсету аясы кең – балалардан бастап қарттарға дейінгі аралықты қамтиды. Клиенттермен жұмыс әлеуметтік қызметкер тәжірибесінің орталық бағдарында. Әлеуметтік жұмыстың теориясын меңгерген әлеуметтік қызметкер бұл проблемаларды шешуге жәрдемдеседі, адамға адамгершілікті тұрғыдан қарай отырып диалог құру әдісін пайдаланады. Адамдық потенциалды дамыту мақсатында барлық кәсіби мамандар қолданатын ортамен, жеке тұлғамен диалогиялық қатынас туындату. Адамдар арасындағы адамгершілік принципі бір-біріне жанашырлық, келісімділік, сәйкестік қасиеттері орын алғанда ғана жүзеге асады.
Әлемде әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мәні мен маңызына жете көңіл аударылмауынан, қазіргі заманғы қоғамда жемқорлық, бұзақылық пен әдепсіздік басым түсуде. Олармен күресте адамзат дамуының қозғаушы күштері – ғылым мен білім, өнер мен мәдениет жеңіліске ұшырауда. Мұны әлемдік моральдық дағдарыс деп түсінуші, әлеуметтанушы В.А. Канке – этиканы мораль туралы ғылым деп танушыларға «имморализм» деген термин ұсынады. Философия, оның ішінде әлеуметтану ғылымының бір тармағы – әлеуметтік этикаға ұзақ ғасырлар бойы жеке ғылыми бағыт берілмеуінен, әлеуметтік этика білім саласынан қалыс қалды. Осы себепті өркениет дамуы этика дағдарысына душар болды, – деп атап көрсетеді [4].
Этика ілімінде өткен заманғы, осы заманғы Батыс ғылымы ғұламаларын тізбектей зерттеген әлеуметтанушы, этик-ғалым В.А. Канке өзінің «Қазіргі заманғы этика» атты еңбегінде шығыс пәлсапашыларының шоқтығы биіктігін көрсетеді. Демек, Шығыс әлемі этикалық құндылықтары – әлемдік өркениетте өз орнын табуы тиіс, – деген қорытынды жасауға болады. Бұған дәлел ретінде бір ғана әл-Фарабидің (870-950) этика іліміне қысқаша тоқталып өтейік. әл-Фараби этика- сы біздің халқымыздың бабалар тағылымының жалғасы, әдептік-теориялық ілім негізінің бастауы. Ол ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш деп білген [5].
Осы заманғы адам күнделікті өмір оқиғаларымен (әлеуметтік құбылыстар), әртүрлі ақпараттар ағымымен өмір сүреді. Соның салдарынан барлық оқиғалардың мінез-құлық ережелерін ескеру мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік сала маманы әдептілік тарихын зерттей отырып, қазіргі өмірдің жүріс-тұрыс ережелеріне сәйкес әрекеттену үшін өзін-өзі қалыптастыруы шарт.
Қазіргі заман мамандарының бойында әдептілік аса маңызды қасиетке ие. Онда конструктивті дамытуды әріптестермен мейірімді қарым-қатынас жасау, өз лауазымына сәйкес әдептіліктің және мәдениеттіліктің маңыздылығын ұғынуы тиіс. Клиенттермен және олардың жақындарымен, әріптестерімен, әртүрлі мекеме өкілдерімен қарым-қатынаста және мемлекеттік, солардың атынан әрекеттік көрсететін ресми тұлға ретінде әлеуметтік қызметкерлер сыртқы келбетімен, жүріс-тұрысы мен сөзі жалпы қабылданған әдеп ережесіне сәйкес болуы керек. Оған тек қана сенімділік пен жұмыстың тиімділігіне байланысты емес, сонымен қатар әлеуметтік жұмыс туралы көпшіліктің ой-пікірімен санасуы тиіс. Өз жүріс-тұрысын әдеп ережелеріне сәйкес құру үшін әлеуметтік қызметкер этикет принциптерін, оның моралдық талаптарын, мәдениетін игеруі қажет.
Гуманизм принципі – әлеуметтік қызметкерден адамның жеке тұлғасының қадірін тану, мейірімді қарым-қатынас жасау қасиеттерінің болуын талап етеді. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкердің бойында гуманизм принципі мейірімділік, қарапайымдылық, мұқияттылық, сезімталдық, нақтылық, әдептілік қасиеттердің болуын міндеттейді.
Әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігі, көрсетілген қызметтің кәсіптік мәдениет деңгейі бұл саладағы әлеуметтік қызмет орындарының жұмысына ғана емес, ең алдымен, оларда қызмет атқаратын адамдардың кәсіптік мамандануына байланысты.
Адамдармен қарым-қатынас жасау барысында әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіптік этикасын қалыптастыру мақсатында көптеген үлгі алар жағдайларды ескеруі қажет болады. Өзгені ықыласпен тыңдай білу үлгісі, әдептілік үлгісі, тәрбиелік, тектілік, мәдениеттілік үлгілері сияқты өркениеттілік үлгілер кәсіптік әдебиеттерден, тәжірибеден, мәдениетті қызметтестері үлгісінен бойға сіңеді. Бұл қасиеттер әлеуметтік қызметкерге өзі атқарып жүрген жұмысына байланысты, ар-ождан тазалығымен, орындаушылық тәртіппен, жоғары жауапкершілік қасиеттерімен бірге келеді.
Адам баласы жан асқақтығына бір мезетте жете қалмайды. Білім, тәрбие, ғылым, тәжірибе арқылы әлеуметтік адам оған әрдайым жақындаумен болады. Жеке адам тарапынан көрсетілетін риясыз көмек немесе мемлекеттік міндетті көмек, – бұл, “садақа” да емес, жанашырлық та емес, Ф. Рузвельттің сөзімен айтқанда, ол, – әлеуметтік әділеттілік. Өйткені қоғамның әрбір мүшесінің өзіне тиесілі ризығы, өркениетті қоғамдастықта белгіленген өмір сүру деңгейінің тиісті қажеттілігі жөніндегі құқығы бар. Сондықтан сәбиді жылатпай тамақтандыр, жағдайын жаса, баланы әдепке әдепті баулы, жасөспірімді мәдениетке – мәдени ортада тәрбиеле, отбасыңның беріктігін сақта, ата-ана тәрбиесінен тәлім ал, кемшіліктерге кешірімді бол, жақсылықты ұмытпа және тағы басқа көптеген адамгершіліктік, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттер кәсіптік қана емес, жалпы адамдық әдептілікті, инабаттылықты қалыптастыру үлгілері болып табылады.
Көптеген елдерде әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің кәсіптік-этикасын жетілдіру тәсілдерінің қатарына адамның адамгершілік қасиеттерін анықтау тестісін өткізу жатады. Онда объективтілік, эмоциялық жетілу, жанашырлық, өз іс-әрекетіне жауапкершілік мәселелері қамтылады. Қазіргі кезде барлық елдерде дерлік, әлеуметтік жұмыста ақпараттық технологияны, ғаламторды кеңінен пайдалану дамып келеді. Жалпы, әлеуметтік жұмыс негізі, Қазақстанда іс-тәжірибе арқылы орнығып келе жатқанын, ал ғылыми зерттеулер, көбіне Ресейде жүргізілетінін атап өткен жөн. Мәселе түйіні шынайы жағдайда, тәжірибелік білім хатталып, жазыла бермейді. Нәтижесінде, ұзақ жылдар бойы жинақталған ілім-білім, тәжірибені жас ұрпаққа, әлеуметтік қызметкерге беру мүмкін болмай қалады. Әрбір келесі ұрпақ, бұрынғылар өткен жолды қайталауға мәжбүр. Әлеуметтік жұмыстағы жақсы нәтижелер, құнды тәжірибелер жинақталмайды. Мұның өзі кәсіптік әдіс-тәсілдердің дамуына елеулі кедергі болуда. Сол себепті, елімізде осы уақытқа дейін біршама социологиялық-әлеуметтанулық қолданбалы-ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Өркениеттің, мәдениеттің дамуына ғылымитәжіирибелік талдау жасалып, әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық нұсқаларын әзірлеу, дәріптеу, көшпенді және жергілікті тұрақты мәдениетті және олардың өзара іс-қимылының аспектілерін, ежелгі уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейін Еуроазия аумағында болып өткен басқа да этномәдени үдерістерді зерделеуді ұйымдастыру көзделіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс қызметкері әртүрлі әлеуметтік рөлдерді атқара отырып келесі функцияларды атқарады:
Оқыту-тәрбиелік – қызметкер ересектер мен балалардың тәрбиесі мен қызметіне мақсатты түрде бағытталған педагогикалық әсер етуді қамтамасыз етеді, олардың білім алуы мен тәрбие жұмыстарына, басқа да әлеуметтік институттарға кәсіби әсер етеді. Олар: отбасы, білім беру мекемелері, еңбек ұжымы, бұқаралық ақпарат құралдары, діни мекемелер және қоғамдық бірлестіктер.
Диагностикалық – қызметкер «әлеуметтік диагноз» қояды, психологиялық және жастық ерекшеліктерін, адамның қабілетін анықтайды. Олардың қызығушылықтарын, өмір сүру сапасын, қоршаған ортасын бақылап, проблемаларына позитивті және негативті әсер етеді.
Ұйымдастырушылық – қызметкер балалар мен ересектердің қоғамдық қызметтеріне әсер етеді. Кәсіби бағытталуына, бейімделуіне, еңбекке орналасуына көмектеседі. Клиенттің медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқықтық мекемелермен, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен қарым-қатынасына әсер етеді. Проект және бағдарламалардың, жоспарлардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Болжамдық – қызметкер жоспар құруға, әртүрлі микро әлеуметтік бірлестіктердегі және микро аудандардың әлеуметтік дамуының бағдарламалары мен жоспарларына қатысады, баланың нақты тұлғалық дамуына әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды ойластырады, әлеуметтік педагогикалық тапсырмаларды шешу үшін схема, алгоритм ойластырады.
Профилактикалық және әлеуметтік-терапиялық – негативтік әсердің алдын алуда әлеуметтік қызметкер әлеуметтік құқықтық, психологиялық тұрғыдан көмектеседі, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік терапиялық көмек көрсетеді, қоғамдағы адамның құқығын қамтамасыз етеді, жастар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби қалыптасуына көмек көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-коммуникативтік – әлеуметтік қызметкер өз бетінше көмек көрсетушілер мен клиент арасында жеке және іскерлік байланысты орнатады, олардың бірлескен демалыс пен еңбектерін ұйымдастыруға көмектеседі, әртүрлі әлеуметтік институттармен ақпараттық және өзара қарым-қатынастарын бір жүйеге келтіреді.
Құқық қорғаушылық – клиенттің қызығушылығын қанағаттандыру үшін барлық құқықтық нормаларды қолданады. Клиентке тікелей немесе жанама түрде қарсылық көрсеткен адамдарды заңды түрде жауапқа алады.
Делдалдық – әлеуметтік қызметкер отбасымен, әлеуметтік білім беру мекемелерімен, жақын ортамен, баланың қызығушылығындағы институттармен жақын қарым-қатынаста болады [6].
Болашақ әлеуметтік қызметкер ең бірінші өздерін халықтың әлеуметтік топтарының арасындағы көшбасшы ретінде сезінуі ке- рек. Кәсіби дәрежесіне жету үшін, олар адамдардың дамуын, қарым-қатынасын, өзгерісін, қиыншылық әсерлерін, проблемаларын, жеке адамдардың қоғамдық өмірін білуі керек, сонымен қатар олардың ішкі жан дүниесін, мүмкіндіктерін ашуға көмектесу керек. Әркім өз өмірін қалауынша сүруге және қалыптастыруға құқылы екендігін түсіндіру керек.
Оқу тәрбие процесінде туындаған проблемалардың жолын іздестіруде тәрбие,даму және тұлғаның әлеуметтенуін көмектесу барысында жаңа қызметтерді енгізуге алып келді. Мектептерде педагог-психолог, педагог, әлеуметтік педагог сияқты мамандықтар ашылды. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, біліктілік дәрежесі, білім беру процесінде орны бар.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың келесідей атқаратын бағыттарын көрсетуге болады:
- тәрбиемен, білім берумен, балаға қараумен байланысты отбасында туындаған проблемаларды шешу;
- балаға қоршаған ортаның негативті әсерін жоюға көмектесу;
- әлеуметтік педагогикалық мерекелермен, акцияларға қатысуға балалармен, ата аналарды тарту;
- шиеленіс, проблема, өмірлік қиын жағдайларды, баланың ерте даму кезеніңдегі қиыншылықтарды біліп,тану, алдын алу;
- балаларға, ата-аналарға, педагогтарға отбасындағы баланың тәрбиеленуі туралы топпен немесе жеке кеңестер беру;
- білім беру мекемесінің әр түрлі қызмет бағыттары бойынша жоспар, бағдарламалар дайындау;
- балалар, ата аналар, педагогтар құқығын анықтау;
- оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын ұйымдастыру.
Әлеуметтік ортада клиенттердің құқықтарының сақталуын, денсаулығына зиян келмеу, психологиялық жағдайын, өмірінің қауіпсіздігін әлеуметтік қызметкер қамтамасыз етуі керек. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби жетістігі оның қызметінің нәтижелігімен анықталады. Ойдағыдай қарым-қатынасқа жету үшін әлеуметтік қызметкер келесідей қасиеттерді иеленуі керек:
- ашық мінез;
- достық қарым қатынас;
- көмектесе білу;
- сыпайылық;
- әділеттілік;
Бірақ бұлардан басқа әлеуметтік қызметкерлерге мыналар маңызды:
- қызметтік міндеттердің орындалуы;
- жұмыс уақытының кестесі;
- жеке кабинет;
- методикалық әдебиеттер;
- кәсіби даму мүмкіндіктері;
- теңдей еңбекке ақы төлеу;
- теңдей әлеуметтік дәреже.
Әлеуметтік қызмет мамандығының көп ауқымды және көп бағытты екендігін айта кету керек. Әлеуметтік жұмыскердің қызмет бағыттары олардың ауқымына байланысты,«бала-отбасы-қоғам», ал тар мағынаға қиын балалармен жұмыс, балалар мен ересектердің мәдени, бос уақыттарын ұйымдастыру, балалар құқығын қорғау аймағындағы жұмыс.
Әлеуметтік қызметкер келесідей функцияларды атқарады:
- ұйымдастырушы-комуникативтік;
- диагностикалық;
- ұйымдастырушылық;
- болжамдық;
- профилактикалық, әлеуметтік-ізгіліктік;
- құқық қорғаушылық;
- делдалдық [7].
Әлеуметтік қызметкердің құқықтық қатынастар жүйесіндегі білім сапасын көтеру қажеттілігі маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде Қазақстан барлық салада, соның ішінде әлуметтік салада құқықтық базаны реттеуге басты назар аударушы мемлекет болып табылады. Әлеуметтік қызметкер Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сияқты нормативтік-құқықтық базаның толық мазмұнын білуі тиіс. Осы заңдарды біле отырып, ол келесі нормативтік-құқықтық актілерге ерекше ден қоюы керек:
- халықаралық құжаттарға (конвенция, акт және келісімдер);
- мемлекеттік маңызы бар құжаттар;
- білім беру саласына байланысты құжаттар;
- мекемеішілік құжаттар;
- ҚР Конституциясы.
Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарды жүргізу тәртібі:
- мекеме мен жұмысшының қызметін анықтайтын нормативтік-құқықтық актілер;
- мекеме мен жұмысшының жылдық, айлық және апталық жоспарлары;
- тексеру актілері;
- ағымдағы жеке жазбалар;
- проблеманы шешуге байланысты қатынасқа түскен ұйыммен арадағы хаттамалар және есептер;
- әлеуметтік-педагогикалық және басқа да зерттеулердің негізіндегі аналитикалық анықтамалар мен есептер;
- жеке тұлғалармен жүргізіліп жатырған жұмыстардың құжаттары және медико-психолого-педагогикалық жұмыстар;
- мәселе бойынша ұйымдастырылған отырыс, жиналыс, кездесулер мен педкеңестердің хаттамалары.
Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік қызметкер өзінің клиентінің мүддесін қорғай отырып, әртүрлі ведомствалар, арнайы әлеуметтік ұйымдар мен құзіретті тұлғалармен қарымқатынасқа түсе білуі керек.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы әлеуметтік жұмыс қызметінің жан-жақты түрі болып саналады. Ол маманнан әр сала бойынша білімді болып және оны тәжірибеде қолдана білуін талап етеді. Біліктілік анықтамасы әлеуметтік қызметкердің әртүрлі лауазымдық міндеттерін құрайды:
- әлеуметтік-медициналық, заңдық, психологиялық-педагогикалық, материалдық және басқа көмекті, адамгершіліктік, физикалық пен психикалық денсаулықты қорғауды қажет ететін отбасылар мен адамдарды анықтауға;
- қиындық, жанжал жағдайларын тудыратын себептерді белгілеуге, қиындықтар мен жанжалдарды шешуде ықпал етуде және әлеуметтік қорғауға;
- көмекті қажет ететін халық тобына қажетті әлеуметтік-экономикалық көмек көрсетуде әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге ықпал етуге;
- кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің, мүгедектердің, зейнеткерлердің үйдегі жұмысы туралы еңбек келісім шартын жасау және отбасы тәжірибесіне көмек көрсетуге;
- отбасы және некеге тұру мәселелері бойынша психологиялық, заң кеңесін және тәрбиелік жұмыс жүргізуге;
- қамқоршылық пен қамқорлық көрсетуді, емдейтін және оқитын тәрбиелейтін мекемелерге орналастыруды, материалдық, әлеуметтіктұрмыстық және басқа көмекті қажет ететін балалар мен ересектерді анықтауға, оларға ықпал етуге;
- кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларды қоғамның атынан қорғауды ұйымдастыруға, сотта олардың қоғамдық қорғаушысы ретінде сөйлеуге;
- тұрмысы ауыр отбасыларға, жетімдер үйіне әлеуметтік көмек көрсетуге орталықтарын, мүддесі бойынша жеткіншектердің, балалардың және отбасының орталықтары мен бірлестіктерін және тағы басқа құруға, қатысуға міндетті [8].
Жалпы, қоғамдық өмірде, оның сан қырлы жақтарында, дамуы барысында, туындап отыратын әртүрлі деңгейдегі шиеленістердің шешілуі, және де жоғары кәсіптік-этикалық дәрежеде шешілуі, өмір дамуының заңдылығы, әлеуметтік қызметкерлердің ажырамас қызметтік парызы болып табылады.
Білім берудің сапасы оқыту нәтижесімен тығыз байланысты. Білім берудің сапасы болашақ маман үлгісін қалыптастырудағы басты фактор болып табылады. Болашақ маман үлгісі дегеніміз – маман не үшін қажет, ол нені үйренуі тиіс және қандай қасиеттерге ие болу керектігін анықтау. Болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін анықтайтын барлық көзқарастар негізгі үш – ақпараттық, коммуникативті және әлеуметтік-құқықтық құзыреттіліктерді топтастырады. Біздің ойымызша, болашақ маманның қалыптасуында гуманистік үлгі ерек- ше орын алады. Гуманистік үлгі Қазақстан дамуының маңызды шарты – жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау барысында пайдалы болмақ.
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден-бір жолы бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Оның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды өмірге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру, дамыту өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселелер қатарына жатады. Сөйтіп, жоғары білікті маман даярлау дегеніміз – тұлғаның зияткерлік дамуы, олардың өз қызметін тал- дай, бейнелей, жобалай алуы, білім алуы, оны қалыптасқан жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдана білуі.
Қорыта келгенде, жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттерге:
- білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің, ағарту жұмыстарының тиімді формалары мен әдістерін жасау мен ендіру;
- білім сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін нормативтік, материалдық-техникалық және ақпараттық база жасау, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда білікті маман даярлау жүйесінің қызметі мен тұрақты дамуына кепілдік беру;
- жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі –білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлінің ерекшелігін түсіну.
Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана,
- Абдикерова Г.О., Казахстанская модель социализированной личности Теоретический журнал 19 сентября 2011. // CREDO NEW №3 2011 Санкт-Петербургский Государственной институт психологии и социальной работы. – С. 116-123.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл 24 желтоқсан, Астана.
- Канке.В.А. Современная этика. – М.: «Омега-Л»,
- Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – А.: Ғылым,
- Павленок П.Д. Введение в специальность «Социальная работа»: учебник – М.: ФОРУМ-ИНФРА-М,
- Курбатов В.И.Социальная работа: учебное пособие. – М.,
- Абенова К.А., Арын Д.А. Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелері // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. ХАБАРШЫ. Психология және социология сериясы. – №1. –
- Реан А.А. Социализация личности // Хрестоматия: Психология личности в трудах отечественных психологов. – СПб.: Питер.
- Выготский Л.С. Собрание соч.: в 6 т. – М.,
- Дюркгейм Э. Социология образования. – М.,
- Балицкая И. В., Гуманизация и гуманитаризация высшего образования в США и России как организационно-педагогическая проблема. – М.: Владос,
- Кузнецова С.В. К вопросу о личностно-ориентированном образовании // Вестник ТГУ. Проблемы образования. ––№ 277. – С. 256–261.
- Engestrom, Learning by expanding. An activitytheoritical aproach to developmental resarch. – Helsinki, 1987
- Erikson, E. Dimension of new Identity: The 1973 Jefferson Lectures in the Humanities. – -Y., 1974
- Gamble, , Gamble M. Communication works. – N.Y., 1990. – 387 p.