Әлеуметтік жұмыс

Өздерінің тұрғылықты мекен жайларын өзгерткен барлық адамдар, өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынасқа түскенде белгілі бір деңгейде қиындықтармен кездеседі, олардың іс-әрекетін алдын-ала айту өте қиын.  Бұндай оқиғаға кезігетіндер этникалық қазақтар, біздің отандастарымыз, Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап 700 мың адам келген. Алайда, алғашында бірінші көшкіндерді қабылдағанда, олар негізінен ауқатты отбасылары өкілдері мәдени шок белгілерін көтере алмай өздерінің тарихи отандарын қалдыруға мәжбүр болды. Қазіргі таңда негізінен тарихи отандарында өздерінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында материалдық жетістіктері төмен отбасылар оралуда.
2009

Əлеуметтік жұмыс институты азаматтық қоғамның басты əлеуметтік институттарының бірі болып табылады. Азаматтық қоғамды дамыту сияқты халық əлеуметтік жұмыс институтын да дамытуға мүдделі. Əлеуметтік жұмыс институтын дамыту қоғам тарихының ажырамас бөлігі болып келеді. Дамыған, жетілдірілген əлеуметтік жұмыс институты – дамыған мемлекеттің бірден-бір көрсеткіші.
2011

Визуалды әлеуметтанудың теориялық, терминологиялық, әдістемелік базасы қалыптасу кезеңінде тұр. Ол бейнелерді және басқа да объектілерді қоғам мен мәдениетті талдау үшін қолданылады. Мақалада бүгінгі күндегі әлеуметтануда «визуалды әлеуметтанудың» құбылыстарына, теориялық негізін жүйелеуге, әдістемелік тәсілдеріне  талдау жасалынады.
2012

Әлеуметтік жұмыс теориясында жалпы қабылданған болып өмірлік қиын жағдайға тар анықтаманың берілуі табылады. Яғни бұл анықтамада, субъект пен объектінің әлеуметтік жұмыста ортақ іс-әрекеттері арқылы берілген өмірлік қиын жағдайға баға берумен қатар, оларды жеңу мен нәтижелерін саралау қарастырылады. Мақалада өмірлік қиын жағдайдың пайда болуы мен оның бұзылу салдарынан пайда болған адам өмірінің тәртіптік бағыты қарастырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы: мүгедектерді реабилитациялау, үйге әлеуметтік көмек бөлімінің ұйымдары, ыммен сөйлеу қызметі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке көмекші сияқты жаңа бағдарламаларға талдау берілген.
2012

Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы əлеуметтік проблемалар, олардың шешу жолдары мен əдістері баяндалады. Сондай-ақ əлеуметтік қызметкердің кəсіптік тұлғасы жəне маманға қойылатын талаптар, əлеуметтік қызметкердің əртүрлі лауазымдық міндеттері сипатталады.Мақалада қазіргі заманға тəн болып отырған кері əдеттермен күресудің жалғыз жолы – жас ұрпақты əдептілік нормаларына сай тəрбиелеудің маңыздылығы айтылады. Жас ұрпақты əдептілікке тəрбиелеу ісінде ұлттық философияның, ұлттық құндылықтардың алатын орны ерекше. Сондықтан болашақ əлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісінде олардың бойына моральдық принциптерді сіңіру маңызды. Мақалада шығыс ойшылдарының, оның ішінде əл-Фарабидің даналық, ізгілік, мейірімділік туралы ойларына мысал келтірілген. Əлеуметтанушы В.А. Канкенің өркениет дағдарысы туралы пікірлеріне, Дж. Роулздың ақпараттық қоғамдағы əділдік қағидалары туралы ойларына сілтеме жасалған.Қазіргі заман мамандарының бойында гуманизм принципінің болуы шарт. Гуманизм əлеуметтік қызметкердің бойында гуманизм принципі мейірімділік, қарапайымдылық, мұқияттылық, сезімталдық, нақтылық, əдептілік қасиеттердің болуын міндеттейді.Сондай-ақ мақалада Қазақстан Республикасының көп ұлтты жəне көп конфессиялы мемлекет екендігі ерекше айтылып, осыған сəйкес, елімізде əртүрлі этникалық топтармен əлеуметтік жұмыстың өзіндік технологиясының қалыптасып отырғандығы баяндалған. Осы орайда, авторлар ұлтымызға тəн мейірбандық қасиеттерге тоқталған. Мақалада əлеуметтік қызметкердің тұлғалық жəне кəсіптік сапалары мен қасиеттері кеңінен талданады, əлеуметтік қызметкердің тұлғааралық сапаларына ізгілікті қасиеттерді, психикалық талдау жүргізе білуді,  педагогикалық біліктілік негіздерін білуді жатқызады. Мақалада əлеуметтік қызметкердің атқаратын функциялары, əлеуметтік қызметкердің құқықтық қатынастар жүйесіндегі білім сапасын көтеру маңыздылығы, қоғам үшін əлеуметтік қызметкердің маңыздылығын арттыру туралы жазылған. Авторлар əлеуметтік қызметкердің міндеттері қатарына Қазақстан Республикасының Заңдарын, арнаулы əлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы педагогика, психология жəне əлеуметтік жұмыс негіздерін білуді жатқызады.
2013

Мемлекет әлемдік қауымдастыққа кірігуді жүзеге асырып отырған тұста біліктілігі жоғары кадрлар – болашақ мамандар даярлау, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыратын жағдайлар мен әрекет ету механизмдерін жасау мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстан дамуының маңызды шарты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау қоғамның барлық саласына әсерін тигізері даусыз. Ендеше, жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше. Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық. Осы тұста әлеуметтік білімдердің болашақ маманды ізгілендірудегі алатын орны ерекше. Осыған орай мақалада жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік сала қызметкерлерін оқыту ерекшеліктері мен болашақ маманға қойылатын талаптар қарастырылған. Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты, мемлекетіміздің бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдындағы басты міндет өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа тұлғаны қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Жастардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікір дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғалардың, мамандардың талап етілуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.
2013

Мұны жоғарыда көрсетілгендерді сипаттай отырып, келесі кезеңдерден көруге болады: Қазақ интеллигенциясының ұлттық дамуы мен ұлттық мемлекеттілігі идеясының пайда болуы (1890- 1917 жж.). Революциялыққайтақұру. Әлеуметтануғатыйымсалу. Әлеуметтанубуржуазиялықғылым ретінде танылады (1917-1937 жж.). Қоғамдыққа альтернативсіздік идеялары мен көзқарастары, сталинизм идеологиясы мен нығайтуы әлеуметтануда теориялық ұстанымдар жасалмады (1937- 1954 жж.). Мемлекеттік және қоғамдық құрылымды түсіну капиталистік альтернативаға сай болды. Әлеуметтанудың тарихи материализм мен ғылыми коммунизм негізінде дамуы. Әлеуметтанудың ғылым ретінде институтционализациялануы қалыптаса бастайды (1954-1985 жж.). Елдегі социалистік қоғам жүйесінде жүйелі өзгерістер, әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірінде түпкілікті жаңарулар болды. Социологиялық зерттеулер қолданбалы сипатқа ие болды (1985-1991 жж.). Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде өзіндік даму кезеңі. Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасу кезеңі, әлеуметтанулық білімнің институтционализациялануы, білімді интернационали- зациялау мәселесін талқылау және Болондық процеске өту. Әлемдік әлеуметтанулық кеңістіктегі интеграциясы, қалыптасуы мен құрылуы (1991 бүгінгі күнге дейін).
2014

Әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі тарихтың көптген жылдарында көптеген өзгерістері болды, бірақ әлеуметтік жұмысшылар белгілі білімдер кешенін ұстанады, онда белгілі констркутивтік өзгерістер болғанымен, біраз кілтті кезеңдері сақталып қалды. Әлеуметтік жұмыс көмек көрсету, қолдау, барлық адамарды қорғау, әсіресе «әлсіз» әлеуметтік топтарды, өзінің өмірлік қызметіндегі барлық қажеттіліктерге мұқтаж. Сондықтан, гуманизмге және сана-сезімге негізделе отырып, әлеуметтік жұмыс құндылықтардың кешенді элементтеріне сүйенеді, олар оның тарихында бірқатар өзгерістерге тап болуда – адамардың қалыпты өмір сүруі, әлеуметтік әділеттілік, индивидтің құрметтілігі. Оның мағынасы әрбір индивидтің жоғарғы түсінушілік жағадайына өтуі, адам өмірінің өзі құрметті өту керек дегенді көрсетеді. Әрбір адам өзінше ерекше, оны құрметтеу және ескеру керек.
2014

Қоғамдық құбылыс ретінде пайда болған, адамдардың ерекше іс-әрекет саласы ретіндегі әлеуметтік жұмыс белгілі бір даму жолын өте келе жиі арнайы ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда. Әлеуметтік жұмысты ғылыми ұғыну қоғамдық өмірде қайырымдылық феноменінің рөлін анықтаудан, сонымен бірге адамдарды әлеуметтік қорғауды, мұқтаждарға көмек көрсетуді, әртүрлі философиялық, психологиялық, психотерапиялық, әлеуметтанулық, медициналық келулерді ғылыми негіздеу талпыныстарынан басталды. Әлеуметтік жұмыстың теоретикалық негізделуі қазіргі уақытта үш бағытта жүріп келе жатыр деп айтуға болады. Біріншіден, әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік философия, әлеуметтік тарих, саясаттану, әлеуметтік психология, мәдениеттану секілді пәндер арасындағы орны анықталады. Екіншіден, әлеуметтік жұмыстың зерттеудің өзіндік объектісі ретіндегі өзінің теориялық константтарына іздеу жүргізіледі; үшіншіден, оның басқа адам және қоғам туралы ғылымдар мен өзара байланысы анықталады.Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі шетелдік тәжірибесін талдауда оның теориялық негізделуінің алғашқы қадамдары қайырымдылық қызметінің дамуымен байланысты екенін  дәлелдейді.  
2014

 Мақалада әлеуметтік қызмет мамандығының жалпы қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикалық принциптері туралы мәліметтер зерттелген. Мақаланың объектісі болып әлеуметтік қызметкерлер, ал пәні әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби-этикасы мен моральдық нормалары табылады. Автор мақаланы зерттеу барысында ежелгі грек философтарының еңбектері мен психологиялық бағыттарға сүйене отырып қарастырған. Мақалада әлеуметтік қызметкерге қойылатын адамгершілік талаптармен қатар, олардың жауапкершіліктері де баяндалған. Себебі, әлеуметтік қызметкер әрбір іс-әрекеті арқылы қоғам мен мемлекеттің алдында және қызметтестері алдында да жауапты.
2014

Мақалада біздің қоғамдағы бастапқы құндылықтардың бірі – аналық пен балалық болып табылады. Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік қатынастардың жаңа түрінің сапалы призмасы арқылы ата-аналардың материалдық жағдайынан бастап білім беру институттарына дейін, баланың ішкі бейнесінен бастап оның әлеуметтік мүмкіншіліктеріне дейін қарастырылады. Жеке баланың, жалпы адамзаттың денсаулығы мен өмірін сақтау мәселесі және де оның сипатының өзектілігі көрініс табады. Авторлармен халықаралық құқықтық құжаттар тізімінде көрсетілген «әлеуметтік қауіпсіздік» терминіне түсініктеме берілген. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі берілген мәселелерге талдау жасау негізгі орында тұр. Аналық пен балалықты қорғаудың қарым-қатынасындағы әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері мен рөлдері анықталған
2014

Қазіргі терең әлеуметтік-психологиялық дағдарыс адамдарды экономикалық, әлеуметтік және саяси нашарлауынан қорғалусыздығынан жалаңаштап оның өмірлік іс-әрекетінің жағының нашарлауы, оған тәуелді емес себептерден өзінің еңбек, адамгершілік пен интеллектуалдық мүмкіндігін ашу мен жүзеге асыруының мүмкін еместігі салдарынан байыпты негативті салдарға әкелді, ең алдымен әлеуметтік салада. Сондықтан қоғам мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, заңнамалық түрдегі тұтас жүйедегі экономикалық, заңгерлік пен әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру, өмірді тұрақсыздандыратын факторларға қарсы тұратын және адамның оның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласындағы түбірлі өмірлік қызығушылықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер ерекше өзектілік пен маңыздылыққа ие болады: әлеуметтік, саяси және рухани. Әркімнің әлеуметтік жағдайының ерекшеліктерін есепке алумен, қоғамның барлық мүшелеріне бағытталған, «адам бетімен» әлеуметтік қорғаудың жүйесін дамыту қажет.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.