Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлеуметтік көңіл-күйді теориялық талдау аспектілері

ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында гуманитарлық білімнің әртүрлі салаларының өкілдері – Н.К. Михайловский, В.М.  Бехте-  рев, Л.Н. Войтоловский, В.О.  Ключевский, В.Н. Осипов, Б.Д. Парыгин, Л.И. Петражицкий, Г.В. Плеханов, Н.М. Сеченов, П.А.Сорокин, А.Л. Чижевский және т.б. өздерінің еңбектерінде

 

индивидуалдық және топтық көңіл-күйдің мәнін, табиғатын, құрылымын және қызметтерін айқындауға талпыныс жасады.

Н.К. Михайловский «субъективті әлеуметтанудың» негізін салушылардың бірі болып саналады. Әлеуметтік көңіл-күйді зерттеу контексінде ерекше қызығушылықты оның «қаһарман және топ» теориялары туғызады. Теория авторы бойынша, топты басқаруда ұйымдастырушылық қысымды көшбасшы, қаһарман көтереді. Сонымен қатар қаһарман бұқараның туындысы, оның ақыл және адамгершілік энергиясының орталығы болып табылады [1].

Бұқара мен қаһарман арасындағы қатынас пен өзара байланыстың негізгі механизмі ретінде Н.К. Михайловский санасыз және саналы деңгейдегі еліктеуді қарастырды. Қарастырылып отырған «қаһарман және бұқара» теориясында ерекше маңыздылыққа бұқаралық әлеуметтік көңіл-күйді талдау жатады. Әлеуметтік өмірде бұқараның психологиялық күйіне, еліктеуіне ерекше мән бере отырып, Н.К. Михайловский қаһармандардың артынан еритін бұқараның көңіл-күйіне ерекше мән береді. Қаһарман қызметі осылайша, бұқараның көңіл-күйін басқарушылығымен сипатталады. Халықты басқарудың кілті – қаһармандардың олардың көңіл-күйіне және сезімдеріне қажетті бағытта әсер ету. Қаһарманның бұқараның көңіл-күйін пайдалана алушылық мүмкіншілігі, бұқараның ынталарын бейнелеу деңгейі жоғарылаған сайын артады [2].

В.М. Бехтерев қоғамдық көңіл-күйді топтық және бұқаралық психология ретінде зерттеді. Оның пікірі бойынша, қоғамдық көңіл-күй – үлкен бұқаралық әлеуметтік-психологиялық құбылыс. «Егер біз кездей соқ жиналған топты не митингіні қарастыратын болсақ та қоғамдық көңіл-күймен кездесетін боламыз» [3].

В.М. Бехтерев көңіл-күйдің тұрақсыздығын, қозғалғыштығын,   жиі   ауыспалығын   еске-   ре отырып, осы құбылысыстың себептерін динамикалықта немесе нақты әлеуметтік қатынастарда емес, тікелей адамдардың психикалық ерекшеліктерінде, көңіл-күйдің қасиеттерінде және олар қалыптастырған «ритм заңдылығы» іс-әрекетінде іздейді.

Оның пірінше, «ритм заңдылығына кез келген ұжымның іс-әрекетінің барлық көріністері жатады». Осылайша, ең алдымен, ұжым мінезқұлқы жан-жақты бағытта өзгерістерге ұшырап отырады, ол тек оң не теріс шарттарға байланысты емес, сонымен бірге белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бола алмайтын көңіл-күй тұрақсыздығына негізделеді [4].

Қоғамдық көңіл-күй динамикасында, В.М. Бехтерев   пікірінше,  сендірудің  әлеуметтік-психологиялық феномені ерекше маңыздылыққа ие, оның талдауына «Қоғамдық өмірде сендірудің рөлі» атты еңбегін арнаған. Сендірудің көндіруден ерекшелігі оның адамның ақылына, ойлау мен талқылау дайындығына емес, оның іс-әрекет инструкциясын, бұйрықты алуға бағытталған. Сәйкесінше, сендіру логикалық дәлелдерді және берілетін ақпараттың терең қабылдауын қажет етпейді.

Кеңестік кезеңде әлеуметтік ғылымдардың дамуы, ең алдымен, әлеуметтанудың «қоғамдық көңіл-күй» мәселесін зерттеуге деген қызығушылықтың үш толқынын айқындауға болады – өткен ғасырдың 60, 70 және 80-жылдары.

60-жылдары көңіл-күйдің әлеуметтік сипаттамасын айқындау үшін, әлеуметтік көңіл-күй түсініктемесіне жақын термин «қоғамдық көңілкүй» енгізілген – мазмұны, субъектінің сипаттамасы (топ, қауымдастық) бойынша әлеуметтік және адамның социум мүшесі ретінде басынан өткізетін нормативті көңіл-күй. Б.Д. Парыгин әлеуметтік көңіл-күйдің міндетті пәнділігі туралы мәселені қойды. Психология  бойын-  ша көңіл-күйді Б.Д. Парыгин «психикадағы нақты уақытта басқа көріністерді бейнелейтін тұлғаның көпмәнді, локализацияланған не-  месе дамыған эмоционалды күйі» ретінде қарастырады.

Б.Д.  Парыгин   көңіл-күйді  эмоционалдық және сезімталдық арқылы бейнеленген барлық өзара байланыстардың өзіндік күресі деп жазады. Осыған сәйкес көңіл-күйлер әртүрлі болады. Қоғамдық көңіл-күй эмоция ретінде өмірдің жағымды және жағымсыз жақтарын бейнелейді. 80-жылдағы ғылымиәдебиеттерді қарастыра отырып (Г.М. Андреева, Б.Ц. Бадмаев, Л.П. Буева, А.В. Брушлинский, В.Д. Попов, Е.В. Шорохова,  В.М. Шепель,  В.А. Ядов), «индивидуалдық»,«топтық», «саяси көңіл-күй», «бұқаралық көңілкүй» секілді философиялық-психологиялық түсініктерді қалыптаса бастағанын көре аламыз. Әрқайсысы мәндік қысымға ие және қоғамдықсаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді сипаттау кезінде  белгілі бір рөлді атқарады.

Топтағы әлеуметтік-психологиялық көңілкүйді түсінудің негізгі төрт бағытын бөліп қарастыруға болады.

Бірінші бағыттың өкілдері (Л.П.  Буева, Е.С. Кузьмин, Н.Н. Обозов,  К.К.  Платонов, Л.К.  Уделов)     топтық  көңіл-күйді   қоғамдық-психологиялық феномен, ұжымдықсананыңкүйі ретінде қарастырады. Көңіл-күй адамдардың санасындағы өзара қарым-қатынаспен, еңбек шарттарымен, оны ынталандырудың әдістерімен байланысты құбылыстар жүйесінің бейнесі ретінде қарастырылады.  Е.С.  Кузьмин  бойынша, әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйді ұйым мүшелерінің шынайы психологиясының мәні мен бағытын сипаттайтын, кіші топтың әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйі ретінде түсінуге болады.

Екінші бағыттың өкілдері (А.Л. Русаличева, А.И. Лутошкин) климаттың әлеуметтікпсихологиялық сипаттамасының мәні жалпы эмоционалдық-психологиялық сезім. Климат ретінде топ адамдардың көңіл-күйі қарастырылады.

Үшінші бағыттың авторлары (В.М. Шепель, В.А. Покровский, Б.Д. Парыгин) әлеуметтікпсихологиялық климатты бір-бірімен тікелей қатынасқа түсетін адамдардың арасындағы өзара байланыстағы адамдар стилі арқылы талдайды. Климаттың қалыптасу үрдісі топтағы әрбір адамның әлеуметтік-психологиялық көңілкүйін айқындайтын, тұлғаралық қатынастар негізінде қалыптасады.

Төртінші бағыттың негізін салушылар (В.В. Косолапов, А.Н. Щербань, Л.Н. Коган) климатты топ мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық сәйкестілік, адамгершілік-психологиялық бірлігін, біртұтастығын, ортақ ойлар, дәстүрлер, салттар  терминдері арқылы айқындайды.

Әлеуметтану саласында жұмыс істейтін әлеуметтік  психологтар  (Г.М.   Андреева,  Б.Д. Парыгин) көңіл-күйге әсер ететін жағдайларды қарастыра отырып, психологтар еңбектерінде адамның психологиялық көңілкүйіне әсер ететін факторлардың ішінде әлеуметтік шарттардың маңыздылығы толығымен ескерілмейді. Ал әлеуметтік тәжірибе адамдардың көңіл-күйін айқындайтын факторлардың бірі болғандықтан, әлеуметтік өмірмен көңіл-күйдің өзара логикалық және фактілік байланыстылығын айқындау қиын емес. «Әрбір көңіл-күй, топтың не жекке индивидтің көңілкүйі болсын, оны кең мағынада қолданатын болсақ, ол тек жеке адамның индивидуалдық уайымдарын ғана емес, жалпы қоршаған әлеуметтік ортамен байланысын бейнелейді».

Қоғамдық пікір дегеніміз, тек бұқаралық құбылыс қана емес, сонымен қатар адамдарды іс-әрекетке итермелейтін, әртүрлі ұжымдардың, топтардың, қоғам таптарына, сонымен қатар ұлттар мен халықтардың мінез-құлқына із қалдыратын орасан күш.

70-80 жылдары қоғамдық көңіл-күй сипаттамаларын зерттеу кезінде зерттеушілер оны белгілі бір жағдайға ғана байланысты талдаумен шектелмей, әлеуметтік топтардың, таптардың және ұлт, нәсіл секілді қауымдастықтардың барлық іс-әрекетіне қолданды. Мәні бойынша бұл тек әлеуметтік-психологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік көңіл-күйдің әлеуметтанулық анықтамасы.

Әлеуметтік көңіл-күйді зерттейтін әлеуметтанулық бағыттың маңыздыларының бірі  – Ж.Т. Тощенко мен С.В. Харченконың әлеуметтік көңіл-күй туралы концепциясы.

1996 жылы Ж.Т. Тощенко мен С.В. Харченконың әлеуметтік көңіл-күйді адамдардың өздерінің өмірін индивидуалдық және қоғамдық деңгейде қабылдаудың біртұтас нысаны ретінде қарастыратын «Әлеуметтік көңіл-күй» [5] монографиясы  жарыққа шығады. Авторлардың пікірі бойынша, әлеуметтік көңіл-күй әсер ету деңгейі мен    бағытына байланысты қоғамдық сананың басқа көріністерінен басып өтеді. Әлеуметтік көңіл-күйдің рөлі мінез-құлықтың индивидуалдық және ұжымдық формаларының детерминациясында қоғамдық трансформация кезінде күшейе түседі, яғни эмоциялар ақылдан басым  болғанда, сәйкесінше, жағдайлық, еріктілік және тіпті, адамдардың кездейсоқ ісәрекеттерінің жиілігі жоғарылайды. Авторлар өз алдына әлеуметтік көңіл-күйге әлеуметтанулық интерпретациялау міндетін қояды. Осы міндетке сәйкес әлеуметтік көңіл-күйдің құрылымы мен мәні, сонымен қатар оның сәйкес түсініктер (қоғамдық  сана, бұқаралық  сана,  қоғамдық пікір және т.б.) жүйесіндегі орны айқындалады. Авторлар зерттелініп отырған феноменнің  мазмұндық  сипаттамаларын  айқындаған. Біріншіден,   әлеуметтік  көңіл-күй        қорытындылайтын сипаттамаға ие, ол өзіне механикалық немесе белгілі бір шартты бірлестік емес, эмоциялардың, сезімдердің, ой қорытындыларының, құндылықтық бағыттардың белгілі бір жүйесін қалыптастыратын объективті шарттар  мен  субъективті шарттарды   қамтиды. Бұл қоғамдық   сананың үлкен   сенімділік пен нақтылықпен айтуға болатын жаңа сапасы.  Екіншіден,  алдыңғы  тәжірибені  нақты«бейнелейді», ол қоғамдық және жеке өмірдегі қазіргі жағдайды, өткенмен сәйкестендіреді, белгілі бір қорытындылар мен келешекке сабақтар жасайды. Үшіншіден, әлеуметтік көңіл-күй – адам өмірінің нақты осы кезеңін басқаратын актуализацияланған шынайы сана. Төртіншіден, іс-әрекетке деген практикалық дайындықты көрсететін және мінез-құлықтың алғышарты, құрамдас бөлігі болатын нақты қызмет ететін шынайы сананың элементі. Сонымен қатар әлеуметтік көңіл-күй – адамдар өмірін «суреттейтін», олардың мінез-құлқының бақыттылығын жоғары мүмкіншілікпен көрсететін, қоғамдық сананың негативті аспектілерін әлсіретуге және позитивті күштерді болжауға көмектесетін аспект.

Әлеуметтік көңіл-күйдің құрылымы туралы авторлар ой қозғай отырып, бастапқы кезең ретінде әлеуметтік сезімді айқындайды. Әлеуметтік көңіл-күйдің осы кезеңінің қорытынды көрсеткіші ретінде өзін әлеуметтік тіршілікиесі, топжәнеқоғаммүшесі ретінде өзіндік сақталуы бола алады, сонымен қатар тікелей микроортаның әл-ауқатын бағалау бола  алады. Құрылымның екінші кезеңінде адамдардың өзіндік әлеуметтік  рөлдері  мен  қоғамдағы  осы рөлдердің маңыздылығын бейнелейтін әлеуметтік мәртебенің, әлеуметтік жағдайдың өзіндік бағалауы мен жалпы бағалауы. Әлеуметтік көңіл-күйдің үшінші құрылымдық элементі ұстанымдарда, құндылықтарда, ісәрекетке сенімділік пен дайындық арқылы бейнеленетін әлеуметтік күтілімдерді қамтиды. Осы кезеңде ерік, қойылған мақсатқа жетуге саналы бағытталу мен өмірлік ұстанымдар нақты көрінеді. Сипатталып отырған құрылымның ақырғы құрамдас бөлігі әлеуметтік позиция, оның негізін адам іс-әрекетіне елеулі  әсер ететін өмірге деген көзқарастардың жүйесін қалыптастыратын дүниетаным.

Осылайша, әлеуметтік көңіл-күй қоғамдық үрдістерге елеулі әсер ететін, кейде, тіпті шешуші рөл атқаратын көпмәнді, құрамдас бөлігі көп құбылыс ретінде сипатталады.

Әлеуметтік көңіл-күй топтамасының әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, концепция авторлары оны бірнеше бағыттар мен көрсеткіштері арқылы талдайды:

  • Әлеуметтік тәжірибеге, өмір шарттарына және   т.б.   деген   қатынасын   сипаттайтын индивидтің әлеуметтік шынайылыққа деген тікелей жауап қайтаруы;
  • Ортақ әлеуметтік мақсаттармен, қызығушылықтар, бағыттармен бас қосқан адамдар тобының әлеуметтік-психологиялық, эмоционалдық және бағалау сипатындағы күйі.
  • Адамдарды біріктіру, олардың іс-әрекетін ортақ мақсатқа бағыттау және «жұқтыру» мүмкіншіліктеріне ие бұқаралық психоәлеуметтік құбылыс. Осы кезеңде тарихтың қиын сәттерінде басымдылыққа бұқаралық емес, топтық, кейде тіпті, индивидуалдық көңіл-күй ие болады. Олар өздерінің жоғары белсенділіктері мен, қозғалмалығымен толық қоғамдық санаға әлеуметтік сипаттама бере алады.

Әлеуметтік көңіл-күй тек өмірлік сезімдердің жалпы сипаттамасын емес, сонымен қатар  белгілі  іс-әрекетпен  байланысты  пәндік бағыттылыққа ие, нақты жағдайда өзге бағыттарға басым болып, оларды бағындырады не әлсірете отырып, өзіндік маңыздылығын күнделікті және қоғамдық мәселелерді шешуде көрсетеді. Авторлар қоғамды экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар деп бөледі, олардың шеңберінде сәйкес іс-әрекет пен көңіл-күй жүзеге асырылады. Әлеуметтік көңіл-күйдің  пәндік  бағыттылығымен  қатар, ол бөлінбеген жалпы эмоционалдық фон (көтеріңкі көңіл-күй, көңілсіздік және т.б.) және нақты идентификацияланған күй (уайым, қайғы, үрей, қорқыныш, қызығушылық, қуаныш, және т.б) ретінде қарастырылады. Әлеуметтік көңілкүйдің осы формалары түрліше қабылданады: адамдардың барлығына әсер ететін мінезқұлық түрлері мен топтамасы ретінде не жеке әлеуметтік мәселелерді шешуге уақытша бағытталған әсер ретінде. Әлеуметтік көңілкүйдің өзгергіштігі мен қозғалғыштығы оның интенсивтілігінде де көрініс табады: күшті, орташа, әлсіз. Ол терең эмоциялардың негізінде өзінің дұрыстылығын практикада лезде дәлелдеу мақсатында жоғары деңгейде болуы мүмкін. Өзінің өзге жағында әлеуметтік көңілкүй белсенді іс-әрекетте итермелейтін басым бағыттар мен ұстанымдар жоқ қоғамдық санамен сәйкестендіріліп байқалмауы мүмкін.

Ж.Т. Тощенко мен С.В. Харченко әлеуметтік көңіл-күйдің әр түрлі кезеңдерде қызмет етуінің ерекшеліктерінің себептері мен қорытындыларын талдайды; әлеуметтік көңіл-күйді реттеудегі ресми және ресми емес ақпараттың рөлін қарастырады; нақты социологиялық зерттеулер негізінде аталған феномен қызметінің заңдылықтарын айқындайды.

Қоғамда болып жатқан үрдістер нақты емес бейнеленетін әлеуметтік көңіл-күйдің нысандарынаакцентетіледі. Шынайылықпенсубъектінің реакциясы арасындағы айырмашылықтар бірнеше себептерге байланысты туындауы мүмкін: біріншіден, адамдардың қоршаған әлемдегі құбылыстарды тану, қабылдау және түсіну мүмкіншіліктердің аздығы; екіншіден, индивидпен сәйкестендіргенде кейбір үрдістердің жаһандық мәні (көлеңке экономика, саяси тәртіпсіздік және т.б.); үшіншіден, әлеуметтікэкономикалық және саяси мекемелердің амбициялары, корпоративтік мақсаттары мен еріктілігінің қорытындысы болатын қоғамдық үрдістерді қасақана өзгерту. Осы кезде біз манипуляциямен, оның бейімделе алмаушылығымен, белгілі бір қоғамдық (көбіне саяси) күштер мүдделі ұстанымдар мен құндылықтарды бекітуді байқай аламыз.

Сонымен қатар әлеуметтік көңіл-күй концепциясының авторлары әлеуметтік көңіл-күйді социологиялық зерттеудің ерекшеліктері ашылады. Осы ерекшеліктің мәні мынадай: әлеуметтік көңіл-күй белгілі бір тұрақты әлеуметтік құбылысты қалыптастыратын индивидтің, топтың не адамдар тобының жоғары деңгейдегі динамикалығымен және кумулятивтілігімен сипатталатын  интегралдық құрылым.

Әсіресе әлеуметтік сезімнің әдістемелік мәселелеріне арналған мынадай еңбектеріне тоқталып кету керек (Е.И. Головаха, Л.Е. Душацкий, Я.Н. Крупец, Н.В. Панина, Д. Рогозин, Н.Н. Седова және т.б.). осы еңбектердің негізгі артықшылығы: әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, жалпы социумның сезімдерінің әлеуметтік басымдылықтарына ерекше мән беретін психологиялық және әлеуметтікпсихологиялық бағыттармен қатар, нақты социологиялық бағытты айқындау.

Л.Е. Душацкий әлеуметтік сезімдерге материалдық-билік ресурстарының әсерін айқындайтын талдаулар жүргізеді. Социологиялық зерттеулердің негізінде автор әл-ауқат пен биліктің өсуімен қатар, көңіл-күй жақсарады деген қорытындыға келеді. Автор осы әсердің бірнеше ерекшеліктері айқын: біріншіден, материалдық-билік ресурстарына нақты ин болу әлеуметтік  көңіл-күйге  әсер  етеді,  егер  адам санасында осы ресурстарға ие болу «пропорциясын» субъективті бағасы болған жағдайда; екіншіден, бір ресурстың екінші ресурстан тым басымдылыққа ие болуы жоғары әлеуметтік сезімдерді қамтамасыз етпейді: белгілі бір билік болғанымен абсолютті кедейшілікте ешкім шыдай алмайды, ал ауқатты болғанымен ешбір құқығы жоқтар өздерін жағымды сезінбейді; үшіншіден, екі ресурстарды орташа сезіну әлеуметтік көңіл-күйдің орташа көрсеткішімен корреляцияланады. Адамның билікке не байлыққа деген бірінші деңгейлік қажеттілігі белгілі өмірлік жағдайлармен және тұлғаның психологиялық сипатымен анықталады [6].

Я.Н.  Крупец  әлеуметтік қөңіл-күй  теорияларын  талдай  отырып,  көңіл-күй  адамдардың өз өмірінің, сәттіліктері мен сәтсіздіктерінің рефлексиясының нәтижесі деген қорытындыға келеді. Самар ауданының халықтарының өзгеріп жатқан шынайылыққа әлеуметтік-экономикалық бейімделуі бойынша социологиялық зерттеу шеңберінде әлеуметтік көңіл-күй зерттелінді [7]. Я.Н. Крупец  әлеуметтік қөңіл-күйді халықтың қайта құруларға бейімделгендігінің интегралдық көрсеткіші, бейімделу үрдісінің сәттілігінің  индикаторы,  белгілі  бір   нәтижесі ретінде қарастырады.

Автор пікірі бойынша, әлеуметтік көңіл-күй үш құрамдас бөліктен құралады:

  1. Адамның ішкі күйі (денсаулығы, көңілкүйі, сезінетін қуаныш сезімдері, оптимизм);
  2. Сыртқы факторларды бағалау (адам өмір сүретін елдегі және ағымдағы жағдайды қабылдау);
  3. Жаңа шарттардағы өзіндік жағдайды қабылдау.

Зерттеу барысында авторлар адамның жаңа шарттарға сәтті бейімделу деңгейі жоғары болған сайын, оның әлеуметтік көңіл-күйі де сәйкесінше жақсырақ болады.

Еңбек нарығындағы мінез-құлықтың бейімделу формалары мен бейімделу үрдісінің нәтижелігі мен сәттілігіне қарай типологиялық топтар жіктелінген – сәтті бейімделушілер, сәттсіз бейімделушілер, сәтті бейімделе алмаушылар, сәтсіз бейімделе алмаушылыр. Бейімделу үрдісінің сәттілігінің индикаторы материалдық жағдайының субъективті бағалауы болды.

ХХ ғасырдың 90-ы жылдар ы әлеуметтік көңіл-күйді зерттеуге арналған бірқатар еңбектердің жарыққа шығуымен сипатталады. Негізінен, осы кезеңнің көптеген басылымдары әр түрлі тап өкілдеріне жататын адамдар көңіл-күйінің эмпирикалық зерттеулерімен ерекшеленеді.  Е.В. Давыдова, Б.В. Дубин, О.Н.  Дудченко, А.В.  Мытиль,  Л.А.  Орлова,  Л.Я.  Рубина,  Л.И. Щербаковаеңбектерінде күрделі, көпжақты ретінде түсінілетін категория әлеуметтік көңілкүй өзінің ішкі құрылымына факторлардың бай саласын  қамтитыны айқындалған.

Н.Л. Баталова «әлеуметтік көңіл-күй» түсінігінің концептуализациялануының негізгі кезеңдерін талдай отырып, әлеуметтік көңілкүй категориясы екі даму кезеңінен тұрады деген қорытындыға келеді.

Имплицитті (латентті) кезең ғылыми шеңберде түсініктің қолданылуының болмауымен, дегенмен, социуум мен оның мүшелерінің көңіл-күйі осы кезеңде нақты қарастырылуымен сипатталады. Аталмыш кезең ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғына дейін болды және ғалымдардың зерттеу шеңберінде интуитивті деңгейде оған сәйкес категориялар – әлеуметтік көңіл-күй, қоғамдық сана,  өмір  салты  және т.б. түсініктің концептуалдық аймағын қарастыруымен сипатталады.

Экспликация кезеңі. Осы  кезеңде  көңілкүй термині салыстырмалы түрде дербес категория ретінде қалыптаса бастады және әртүрлі социологиялық теорияларда концептуализацияланады. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде субъектінің өзінің қоғамдағы жағдайымен қанағаттану деңгейін сипаттайтын түсінік ретінде қолданыла бастады. Осы кезең социум шынайылықтары мен ағымдағы үрдістерге байланысты субъектілердің әлеуметтік көңілкүйін эмпирикалық зерттеуге арналған әдіснамалардың қалыптасуымен ерекшеленеді.

Әлеуметтік көңіл-күйді зерттеу ХХІ ғасырда да белсенді түрде жалғасуда. Ресейлік ғалымдар В.Э. Бойков, Г.А. Воронин,  Л.С.  Егоро-  ва, В.А. Иванова, Н.Г. Ковалева, Н.И. Лапин, В.К. Левашов, Л.Е. Петрова, В.Н. Шубкин,  О.А. Хасбулатова және т.б. өздерінің еңбектерінде ресейліктердің қоғамдық санасының күйін талдайды, халықтың әлеуметтік жағдайының детерминанттарын (адамдардың қорқынышы мен үрейі, олардың өздерінің әлеуметтік тұрмысымен қанағаттануы не қанағаттанбауы) сонымен қатар тұлғаның өмірінің өзгеру шарттарындағы ұстанымдарын зерттейді.

Тұлғаның әлеуметтік көңіл-күйін өзгермелі шарттарға бейімделу үрдісі сәттілігінің интегралдық көрсеткішінің нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың, соның ішінде жастардың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеу ғылыми талдау мен жағдайлардың дамуын болжау үшін принципиалды маңыздылыққа ие. Ресейлік философ В.Э. Бойков әлеуметтік үрдістер әлеуметтікэкономикалық өзгерістердің тікелей не жанама салдарын жинақтайды, олар өз кезегінде бумеранг тәрізді адамдардың санасы мен мінезқұлқы арқылы тұрмыстық тәжірибеге қайтып оралады.

Әлеуметтік көңіл-күйді зерттеудің қалыптасқан теориялық және тәжірибелік бағыттарын талдау негізінде түсініктің социологиялық зерттеулерде нақты анықтама мен мәнге иелене алады және ие болуы керек деген қорытынды жасауға болады.

«Әлеуметтік көңіл-күй» термині әлеуметтік субъектілердің  өмір  жағдайларын   талдау үшін белсенді қолданылады. Дегенмен, оны социологиялық зерттеу мақсаттарына байланысты қолдануда бірқатар қиындықтар туындайды. Біріншісі осы терминді қолдану тәжірибесімен байланысты, яғни белгілі бір теориялық не әдістемелік негіздемесіз интуитивті қолданумен, екіншісі «әлеуметтік көңілкүйдің» «сезімдермен» жоғары деңгейде сәйкестендірілуімен байланысты.

Сонымен қатар «әлеуметтік көңіл-күй» түсінігінің социологиялық мәнін және оны зерттеудегі социологиялық бағыттардың ерекшеліктерін айқындау әлеуметтануда осы анықтамаға арналған әдістемелік негіздеменің қалыптасуыменжеңілдетілді. Мұнда әлеуметтікпсихологиялық, субъективті феномендер мен оларды әлеуметтануда қолдану тәжірибесінің сипаттамаларына арналған бірқатар басылымдар туралы айтылып отыр. Әлеуметтік көңілкүйдің даму деңгейі адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың іс-әрекеті арқылы көрініс табады, оның дамуының белгілі бір даму категориялары негізінде өлшеу көрсеткіші ретінде қолданылады және бір-бірімен салыстыра отырып адам, қауымдастық туралы бағалауға мүмкіндік береді.

Осы көрсеткіштерді айқындау, белгілі бір қауымдастықтарда адамның көңіл-күйін айқындау күрделі, дегенмен зерттеу міндеттерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік көңіл-күй субъективті бағалауларды толығымен қамтиды; оларды өлшеу, жалпылау және фиксациялау күрделі, сондықтан әлеуметтік көңіл-күйді зерттеу мен фиксациялау қиын үрдіс.

Әлеуметтану әлеуметтік көңіл-күйді түсінудің өзіндік бағытын қалыптастырады. Бұл категория – қазіргі  әлеуметтанудың  ажырамас бөлігі. Аталмыш әлеуметтік құбылыстың көпжақтылығы оның анықтамаларының көп болуына себепкер болады:

  • әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық бағыттардың біртұтастығына ерекше мән беріледі;
  • тұлғаның және әлеуметтік топтың өмір шарттарына деген тұрақты эмоционалдықпсихологиялық жауап қайтаруы. Осы кезде субъектінің белсенділігі, оның өзіндік актуализациялануы, оның әлеуметтік үрдістерге ену сипаттамасы айқындалады;
  • әлеуметтік субъектілердің өзіндік мүмкіншіліктерін бағалау және өмірінің әртүрлі аспектілерімен қанағаттану деңгейінің арасындағы өзара байланыстың интегралдық сипаттамасы.

Осындай анықтама шеңберінде халықтың сыртқы факторларға қатынасының әлеуметтікмәдени типтерін бөліп қарастыруға болады. Мәселенің өзге де аспектісі айқындалады: әлеуметтік көңіл-күйде субъектінің қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі мен күтілетін нәтижелер арасындағы байланыстар. Әлеуметтік диагностика адамдардың үлкен деңгейдегі қанағаттанбаушылығын тудыратын әлеуметтік мәселелерді айқындаумен байланысты. Адамның әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіздігін сезінуі оның әлеуметтік көңілкүйін төмендетеді. Осы адамның көңіл-күйін адамдардың өзінің әлеуметтік әл-ауқатын бағалауымен өлшеуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік көңіл-күйдің индикаторы  ретінде өмірдің әртүрлі аспектілерімен қанағаттанушылық  (қанағаттанбаушылық), ертеңгі күнге деген сенімділік (сенімсіздік), уайымдататын  мәселелер,   экономикалық   және  саяси реформалардың әлеуметтік маңыздылығын бағалау, жаңа қиындықтарға дайындық, билік органдарының   іс-әрекетіне   қатынас.   Осындай бағытта әлеуметтанушы әлеуметтік мәндерді конструкциялау саласына енеді және әлеуметтік   көңіл-күйдің  картинасын   іштен береді, әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік әл-ауқатының субъективті бағалауы мен объективті сипаттамаларының  өзіндік  байланысының сапалық және сандық сипаттамаларын қарастырады және тұлғалар мен топтардың модельдері қалыптастырылады. Әлеуметтік көңіл-күйді зерттейтін қазіргі зерттеушілер әлеуметтік көңіл-күйдің индикаторлары арасынан билік органдарына деген қатынасты айқындау маңыздылығын атап өтеді, себебі әлеуметтік қайта құрулар мен реформалар адамдар алдында тек мазмұндық және институционалдық түрінде ғана емес, сонымен қатар персонифицияланған түрінде көрініс табады.

Осы кезде «екі деңгейлік бағалау» қағидасының маңыздылығы жоғары: әлеуметтік көңіл-күй субъектінің бағасын және оның мазмұнын бейнелейді, бағыттылығы мен мінезқұлқы – әлеуметтанушылардың және билік органдарының бағыты бойынша позитивті не негативті болып бағаланады. Негізінен, ол ереже бойынша, халықтың көбінде нақты көрсеткіштер, талаптар, нормалар және бағалаулар негізінде емес, ал стереотиптер негізінде қалыптасады.

Әлеуметтік көңіл-күй құрылымында бірқатар компоненттер жіктеледі: эмоционалдық, когнитивті, мінез-құлықтық. Әлеуметтік көңілкүй – әлеуметтік мәселенің мысалы болатын, әлеуметтік өмірді ұйымдастыруда әлеуметтік іс-әрекеттің агенттерімен қолданылатын рефлексивті әлеуметтік білімнің маңызды механизмі. Саясат және басқару саласында нәтижелерді тәжірибеде қолдану үшін әлеуметтік көңіл-күйді зерттеудің объективті қажеттілігі бар. Дегенмен әлеуметтік көңіл-күй фиксациялауға, өлшеуге және жалпылауға күрделі берілетін субъективті бағалау.

Жалпы, әлеуметтік көңіл-күй феноменін талдау оның мынадай көріністерін айқындауға мүмкіндік береді:

  • материалдық, экономикалық жағдай;
  • еңбек, жұмысбастылық, мамандық;
  • әлеуметтік құрылым;
  • мәдени, бос уақыт саласы;
  • ұрпақ аралық қатынастар;
  • ұлтаралық қатынастар, отбасылық қатынастар;
  • мекеме, ұйым ұжымындағы әлеуметтікпсихологиялық климат;
  • экологиялық шарттар;
  • ылмыстық жағдай.

Әлеуметтік   көңіл-күйді   талдау   саласына оған жақын әлеуметтік және әлеуметтікпсихологиялық түсініктерді, соның ішінде, әлеуметтік өзіндік сезіну, еңбекпен қанағаттанушылық түсініктерін енгізуге болады [8].

Әлеуметтанушылар әлеуметтік  көңіл-  күйді талдау үшін  детерминацияланған  талдау әдістемесін қолданады. Детерминация социум мен мәдениеттің ортақ түсінігімен айқындалады. «Адамзат өмірінің мәдени детерминациясының»  механизмі  ретінде  ережелер, нормалар, құндылықтар, салттар және т.б шектеуліктер қолданылады. Қазіргі әлеуметтік білімдердің трансформициялану үрдісі кезінде детерминация мәні мен сипаттамасы қайта қаралады: детерминацияның себеп-салдарлық байланыстарға сәйкес келмеуі; кездейсоқтықпен мүмкіншіліктің есептемесі; қатыгездікке деген акцентті жеңу, детерминацияның біржақтылығы; адам іс-әрекетінің еркіндігі мен детерминациясы; детерминацияның түрлі түрлерін жіктеу (генетикалық, себептік, функционалдық, құрылымдық және т.б.).

Әлеуметтік көңіл-күй басқару іс-әрекетінің детерминанты болып табылады: оның оптимизациясы – саясаттың мақсаты; әлеуметтік және экономикалық мәселелердің шешілмегендігін айқындай отырып, ол әлеуметтік басқаруды детерминациялайды, басқарушыларды белсенді іс-әрекетке, жаңа ресурстарды іздеуге, нақты басқару шешімдерін қабылдауға итермелейді, кейде, тіпті, тәуекелге баруға ынталандырады; сонымен қатар ол белгілі бір қайта құруларға деген халықтың жауап қайтаруының индикаторы ретінде қарастырылады; жеке индивидтердің не қауымдастықтардың өздерінің өмірімен қанағаттануы (қанағаттанбауы), әлеуметтік басқарудың эффективтілігінің,  күрделі  әлеуметтік мәселелерді шешу мен түзеудің көрсеткіші ретінде бола алады.

Қазақстандық әлеуметтанудың жастығы Қазақстанда әлеуметтанудың динамикалық дамуының негізі болды. Елімізде әлеуметтанудың дамуында қоғамдық үрдістерді зерттеуде прогрессивті батыс әдістемесін қолдану бағыты айқындалды.

Аталмыш мәселені зерттей отырып мынадай фактіге ерекше назар аударуымыз керек. 2004 жылы Қазақстанда әлеуметтік көңіл-күй тақырыбындағы мәселеге тікелей бағыттар қалыптасады.   Отандық   әлеуметтанудың   осы кезеңі С.А. Коновалов «әлеуметтік көңіл-күй доктринасының бағытына бұрылыс» деп аталады [9].

Г.К. Ахметова [10] әлеуметтік көңіл-күй өлшемінің  екі  маңыздысын айқындайды:

«Біріншісіне «саяси  не  идеологиялық»  өлшем жатқызылады», таңдау жиынтығының элементтері әлеуметтік көңіл-күй деңгейі саяси көзқарастар мен негізгі құндылықтарға тәуелді детерминацияланады. Екіншісіне, бақылау бірліктерін өмірдің материалдық шарттарының тұлғалық – субъективті бағалауы мен сәйкес ажырататын өлшемдер жатады». Депривациялық мотивацияның қалыптасуы әлеуметтік көңілкүймен байланысты».

Өз кезегінде қазақстандық зерттеушілер әлеуметтік оптимизм түсінігін қарастыра бастады. Осылайша, А.Ж. Шоманов, Д.Р. Галямова халықтың арасында, әсіресе бейімделе алған жастар арасында әлеуметтік оптимизмнің басымдылығын атап өтеді.

Әлеуметтік   оптимизм   социологиялық  ашу ретінде ұлттық идеология нысанына енгізілді. Елбасының Қазақстанға  2008  жылғы Жолдауында әлеуметтік көңіл-күй терминін оның жолдауының негізі ретінде  тікелей       қолданды.   Құжатта  былай  жазылған:

«Қазақстандықтардың, барлық әлеуметтік таптар мен топтардың әлеуметтік көңіл-күйінің жақсаруы, мемлекеттің саясаттың негізі және солай болып қала бермек» [11]. Әрине, мұны қазіргі әлеуметтанудың дамуындағы серпіліс ретінде қарастыруға болады.

Қазақстандықтардың әлеуметтік көңілкүйін зерттеу нәтижелері шетел бағалауларымен сәйкес келеді. Даму мен қайта құру еуропалық банкі Әлемдік банкпен бірге үлкен масштабта әлеуметтік зерттеу жүргізеді және Орталық Еуропадан Монғолияға дейін территорияда 29 мың адамға сауал жүргізеді. Зерттеу қорытындылары бойынша, Қазақстандағы  «респонденттердің көп бөлігі өзінің өмір салтымен Орталық Еуропа  және  Балтика,  Оңтүстік-Шығыс   Еуропа респонденттерімен салыстырғанда жоғары деңгейде қанағаттанған». Осылайша, әлеуметтік оптимизм, яғни азаматтардың келесі ұрпақтың олармен салыстырғанда жақсырақ өмір сүреді деген сенімділіктері – Қазақстанда 73% Орталық Еуропа мен Балтикада – 55%, Оңтүстік-Шығыс Еуропадда – 50% [12].

«Әлеуметтік көңіл-күй» түсінігінің концептуализациялануының  негізгі кезеңдерін  талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: әлеуметтік көңіл-күй түсінігі дамудың екі кезеңінен тұрады. Имплицитті (латентті) кезең ғылыми айналымда түсініктің өзінің қолданбауымен, дегенмен осы кезеңде социум және оның мүшелерінің сезімдері кең ауқымда қарастырылады. Осы кезең ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін жалғасты және осы мәселені онымен сәйкес келетін түсініктерді (қоғамдық сана, өмір салты және т.б.) қараумен және интуитивті деңгейде оның концептуалдық алаңын   айқындаумен   сипатталады.

Эксплинация кезеңі. Осы кезеңде көңіл-күй термині салыстырмалы тәуелсіз категория бола бастайды және алуан түрлі социологиялық теорияларда концептуализацияланады, ғылыми әдебиеттерде субъектінің өзінің жағдайымен қанағаттанушылық деңгейін сипаттайтын түсінік ретінде қарастырылады. Сонымен қатар аталмыш кезең шынайы социум мен оның үрдістеріне сәйкес әлеуметтік субъектілердің әлеуметтік көңіл-күйін эмпирикалық зерттеуге арналған әдістемелік негіздемелерді жасаумен сипатталады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Бехтерев В.М. Коллективная рефлексология. – Пг.: Изд-во "Колос", – 432 с.
  2. Бехтерев В.М. Роль внушения в общественной жизни. – СПб: Издание К.Л.Риккера, – 364 с.
  3. Парыгин Б.Д. Общественное настроение. – М.: Мысль,1996. – 327 с.
  4. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.: Академия, 2008. – 363 с.
  5. Слюсарянский М.А. Методология социального поведения и его регуляции // Социология. – 2007. №1. – С.159-171.
  6. Давыдов Е.В. Функциональная структура социального самочувствиямолодежи // Модульный анализ социальных систем. – М., 1993. – С. 46-51.
  7. Дубин Б.В. Социальное самочувствие // Экономические и социальные перемены. Мониторинг общественного мнения.– М.: АО "Аспект Пресс"1993. – №5. – С.18-20.
  8. Элита Казахстана. Власть. Бизнес. Общество. – Алматы: VoxPopuli, – Том 2. – 320 с.
  9. Шоманов А.Ж. Галямова Д.Р. Социальное самочучствие казахстанцев:социално-демографическое измерение / Опыт модернизационных реформ в Центральной Азии: модель и перспективы Казахстана: материалы международной научнопрактической конференции. – Астана: типография ШОЗ, 2004. – С.105-112.
  10. Назарбаев Н.А. Повышение благосостояния граждан Казахстанглавная цель государственной политики. Послание Президента народу страны // Казахстанская правда, – 2008. – 7 февраль.
  11. Ракишева Б.И. Евразийский монитор: к методике межстрановых компаративных исследований / Продвижение имиджа Казахстана в странах Евразийского региона  (результаты  комплексного исследования): сборник статей. Алматы,– С.5-20
  12. Илеуова Г.Т. К вопросу гражданской идентичности в РК / Опыт модернизационных реформ в Центральной Азии: модель и перспективы Казахстана: материалы международной научно-практической конференции. – Астана: типография ШОЗ. 2004.С.137-141 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.