Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Өмір сүру деңгейі» категориясының теориялық аспектісі

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап елдің алдында жаңа басымдылықты мәселелер туындады.  Соның  бірі  –  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Нарықтық экономикаға көшу ауқымды  әлеуметтік-экономикалық  қайта құрулармен қатар жүрді. Елдің бәсекеге қабілеттілігін  арттыру және экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз ету тиімді әлеуметтік саясатты қажет етеді.

Өткен ғасырдың  соңғы  жылдарынан бастап адам дамуының мәселелері кеңінен қарастырыла бастады. Экономиканың адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы әртүрлі аудандардағы халықтың өмір сүру деңгейлерін теңестіру және жоғарылату мәселелерін туғызады.

Кедейшілікпен күрес мәселесі үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі болғандықтан халықтың өмір сүруін аймақтық және жергілікті деңгейде анықтау мүмкіншілігі өзекті болып табылады. Көптеген ғалымдар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі қала тұрғындарына қарағанда біршама төмен екендігімен келіседі.

 Main body.

Өмір сүру деңгейі – күрделі және  көп қырлы категория. Ол адамдардың өмір тіршілігінің нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығымен сипатталынады. Экономикалық әдебиетте өмір сүру деңгейінің біркелкі түсінігі жоқ. Кейбір авторлар өмір  сүру деңгейін адамдардың өмір тіршілігін анықтайтын әр түрлі жағдайлардың жиынтығы ретінде кең мағынада түсінеді. Кейбіреулері өмір сүру деңгейін осы жиынтықтың бір нешеуін құрайтын маңызды, негізгі және біреу деп түсінеді.

«Өмір сүру деңгейі» экономикалық зерттеу объектісі ретінде оның басты міндеттері деп келесілерді атауға болады:

  • адамның өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау (салауатты өмір салтын жүргізу қабілеті, білім алу мүмкіншілігі, лайықты өмірге жеткілікті табыс көзі және жоғары кәсіби білімі);
  • атаулы және нақты табыстарды зерттеу;
  • халықтың баспанамен, ұзақ қолданылатын тұтыну игіліктерімен қамтамасыз етілуі;
  • әлемнің әр түрлі елдеріндегі өмір сапасы мен оның деңгейін бағалау арқылы ел аралық салыстыру жүргізу;
  • аталмыш сала саясатын қалыптастыру үшін өмір сүру деңгейін зерттеу.

«Өмір сүру деңгейі»  категориясын  ең алғаш рет ғылымға К. Маркс енгізген. Ол бұл ұғымды халықтың, таптардың және әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін   қанағаттандыру   дәрежесі мен деңгейінің   әлеуметтік-экономикалық   сипаты ретінде қарастырған. К. Маркс: «бұл  деңгей өмірдің тек физикалық  қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар  адамдар  тұрған  және тәрбие алған қоғамдық жағдайлармен туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыруды ұйғарады» деп жазған [1]. Осы өмір сүру деңгейінің бастапқы позициясына қарасты, ол өзінің негізінде материалдық өндірістің, қызмет саласының және жалпы экономиканың даму деңгейімен анықталады.

Халықтың өмір сүру деңгейін зерттеу 20 ғасырдың басында басталған және сол уақытта жеткілікті  объективті  және  дәлелді   сипат-   та болған. Кеңес өкіметі кезеңінде халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау туралы ашық көзқарас идеологиялық себептер бойынша мүмкін болған жоқ. Жоспарлы тарату және жабық экономиканың жалпы қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну сияқты көрсеткіштерге, әсіресе халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатының көрсеткіштеріне көңіл аударылмаған.

Бірақ кеңес кезеңінің соңғы он жылдығында бірнеше жұмыс пайда болды, онда жеткілікті теориялық тереңдікте «өмір сүру деңгейі» категориясының әлеуметтік және экономикалық түсініктердің жалпы жүйесіне кіруімен қатар оның мәні анықталған және зерттелінген. Бұл зерттеулер ең бірінші кезекте Н.М. Римашевская, В.М. Рутгайзер, И.Я. Матюха, В.Ф. Майер, Н.П. Кузнецова, Г.С. Саркисян, Л.Г. Зубо-  ва, В.И. Гурьев, В.Я. Райцин, Н.И. Бузлякова, М.А. Можина және т.б. ғалымдардың аттарымен байланысты.

Ғылыми әдебиетте өмір сүру деңгейінің бар анықтамалары әртүрлі бастапқы түсініктерден шығады: өндіріс, тұтыну, табыстар, өмір құны, тұтыну нормативтері мен стандарттары немесе кешенді көп астарлы  сипатқа ие.

«Өндірістен» шығу кеңес кезеңіне тән. Бұл жерде өмір сүру деңгейі қоғамдық өндірістің құрылымы мен тиімділігінің, өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты болған.

Н.И. Бузляков: «экономикалық әдебиетте кең түрде өмір сүру деңгейі туралы тұтынатын материалдық, мәдениет-тұрмыстық және әлеуметтік игіліктердің саны мен оларды өндіргіш күштердің даму кезеңіне жеткен қанағаттандыру дәрежесі»деп айтады [2].

Халықтың өмір сүру деңгейі мен қоғамдық өндірістің  арасында  күшті  кері   байланыс бар. Бұл, ең алдымен, өмір сүру деңгейі мен еңбек ресурстарының сапалы  сипаттамасынан тәуелділік және жұмыспен қамтылған халықтың еңбегінің тиімділігі, жұмысшының тұтыну мүмкіндіктерінің өсуімен бірге оның жоғары өнімді еңбекке деген материалдық қызығушылығының жоғарылауы.

Өмір сүру деңгейін тұтыну сипатының жиынтығы ретінде анықтау отандық жұмыстармен қатар халықаралық ұйымдар мен халықаралық статистика ақпарат зерттеулерінде де кең түрде қолданылады.

И.Л. Лахман «өмір сүру деңгейі» әлеуметтікэкономикалық категориясының жүйелі түсінігін тұтыну саласында адамдардың өмір тіршілігінің жағдайлары мен факторлар кешені ретінде және олар адамдардың тұтыну көлемінде, оларды қанағаттандыру сипатында анықталады деп анықтайды [3].

Осы  проблеманы  зерттеуде  профессор  А.Х. Карапетян маңызды үлес қосты, оның идеялары халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін жетілдіруді, табыстар мен тұтынудың дифференциялдық балансын жасауды (құру) қосады. Бірақ А.Х. Карапетянның жұмыстарында құрудағы бастапқы мәліметтер болып ұлттық табыс және тұтыну қоры табылады, олардан соңғы табыстар мен төлеу қабілетті сұраныс катысты. Дифференциялық баланс негізіне отбасының табыс деңгейі салынады. Профессор Н.М. Римашевская, халықтың әлаухатын болжау мен модельдеу саласында теориясын жетістікті дамытушы былай жазады, ұзақ мерзімді болжауда тек ұлттық табыстан ғана емес, сонымен қатар керісінше халықтың табысынан келу дұрыс.

Өмір сүру деңгейін зерттеуде тұтыну сипатының басымдылығы басқа да ғалымдар еңбектерінде  баршылық.  Әсіресе  В.Ф.  Майер «Тұтыну деңгейі мен құрылымы – бұл өмір сүру деңгейінің тікелей және қатысты көрсеткіштері. Бірақ тауар-ақша қатынастары жағдайында тұтыну игіліктерін тарату табыстардың қалыптасуы мен бөлінуі арқылы сипатталады. Сондықтан соңғылары өмір сүру деңгейінің қосалқы көрсеткіштері ретінде қолданылады» деп есептейді [4].

П. Савченко,  М. Федорова, Е.  Шелкованың «Уровень и качество жизни: понятия, индикаторы,    современное    состояние    в    России» жұмысында адам потенциалының даму индексінің мәні мен есептеу әдістемесіне ерекше көңіл аударған [5].

В.М. Жеребин және А.Н. Романов «Экономика домашних хозяйств» жұмысында үй шаруашылықтарын сипаттауға тоқталған, бір жағынан, халықтың өмір сүру деңгейінің бағалау кезінде зерттеудің маңызды объектісі ретінде және екінші жағынан, экономикалық агенттер ретінде, олардың нәтижелерінен жеке әл-аухат тәуелді. Белгілі ақпаратты алу үшін базалық мәліметтер болып үй шаруашылықтарының табыстары, тұтынулары және өмір сүру деңгейі табылған.

«Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл халықтың әл-ауқатының, игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, адамдардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шамасын сипаттайтын жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы»  [6].  Басқа   сөзбен   айтқанда,   өмір сүру деңгейі қоғамда тұратын адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен даму дәрежесі, ол әр түрлі игіліктерді тұтынумен немесе тұтыну жиынтығының пайда деңгейімен анықталады.

Қажеттіліктер – бұл теориялық және қолданбалы экономиканың категорияларының бірі және адамдардың өмір сүру деңгейін анықтайтын түйін болып табылады.Қажеттіліктер физиологиялық (тамақ, киім, баспана) және әлеуметтік (білім, мәдениет, өнер және т.б) болып бөлінеді.

Өмір сүру деңгейі түсінігін анықтауда кең таралған көзқарас бұл халықтың табысы. Ресми статистикалық материалдарда, әсіресе статистика агенттігінің жинақтарында, өмір сүру деңгейіне табыстарды, жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік жәрдемақыны және трансферттерді қосатын барлық рубрикалар жатады.

В.И. Гурьев «Основы социальной статистики» атты жұмысында: «Халық әл ауқатының деңгейін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі халықтың нақты табыстары болып табылады» деп жазады [7]. Осындай көзқарасты В.Ф. Майерде ұстанады: «Нақты табыстардың көрсеткіштері ұлттық табыстың үлесі мен оның динамикасын көрсететін өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіші ретінде халық шаруашылық жоспарының басты бекітілетін көрсеткіштер жүйесінде өзінің орнын бірге алуы керек».

Кейбір зерттеушілер «өмір құны» түсінігін дамытып және оны «өмір сүру деңгейі» түсінігіне теңестіреді. Сонымен, «Стоимость жизни и ее измерение» жұмысының авторлары «классикалық» түсінікте «өмір құны» термині тұтынуды қанағаттандырудың нақты деңгейіне сәйкес тұтыну заттарының жиынтық құнын белгілеу үшін қолданады. Осы тұжырымдамаға сәйкес өмір құнының өзгеруі тек тұтыну бағаларының динамикасымен ғана емес, сонымен бірге тұтынудың жоғарылауы, нарықтық конъюктура жағдайымен (ұсынылатын тауар мен қызметтер ассортименті, олардың тұтынушыға қолжетерлігі, ұсыныспен сұраныстың тепетеңдік жағдайы) және басқа да факторлардың нәтижесінде адамдардың тұтынудағы құрылымдық өзгерістерімен байланысты. «Өмір құны» терминін осылай түсіну айтарлықтай дәрежеде өмір сүру деңгейі немесе  халықтың әл аухаты түсінігінің мазмұнына сәйкес келеді, олардың деңгейі мен құрылымы бағаның тікелей өзгеруімен бірге маңызды факторлардың: әр түрлі табыстардың, жинақтардың динамикасын, ақысыз қызмет көрсету жүйесінің жақсаруын, жеке табыстарға салық салудың өзгеруін, халықтың тұтыну құрылымындағы прогрестің және т.б. жиынтық әсерін ескереді [7].

Көптеген зерттеушілер, кейбір қөзқарастарға артықшылық бере отырып, осы түсініктің көп қырлы сипатын мойындаған. Осыған байланысты «өмір сүру деңгейі» термині бір автордың өзінде де зерттеу мақсаты мен міндетіне байланысты  әртүрлі  түсіндірілген.  Сонымен,  В.И. Гурьев жоғарыда ескерілген «Основы социальной статистики» жұмысында былай деп жазады: «Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін анықтайтын күрделі кешенді   әлеуметтік-экономикалық   категория. Ол көп деген компоненттерден құралады. Бұл еңбеккерлердің нақты табыстарының көлемі де, халықтың материалдық игіліктер  мен қызметтерді тұтыну деңгейі де, халықтың жақсы жабдықталған баспанамен қамтамасыз етілуі де және білімділіктің өсуі, азаматтарға медициналық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің даму дәрежесі, қоршаған ортаның жағдайы» [8].

Сонымен, «Өмір сүру деңгейі» категориясын тар және кең мағынада да қарастыруға болады:

  • тар мағынада халықтың тұтыну деңгейі және қажеттіліктердің тұтыну дәрежесімен сипатталынады;
  • кең мағынада – адами даму деңгейі сипаттамасы (денсаулық жағдайы және тұтынуды қанағаттандыру үшін халықтың мүмкіншілігі) және оның өміртіршілік жағдайлары (тіршілік ортасының жағдайы және тұрғындардың қауіпсіздігі) арқылы.

Халықтың өмір сүру деңгейінің барлық жақтарын сипаттайтын әдістемені жасауда дүниежүзінің көптеген экономистері әрекет еткен. Бірақ өмір сүру деңгейін бағалайтын жалпы танылған критерийлер әлі де жоқ. Өмір сүру деңгейі түсінігіне жақын ретінде кедейшілік сипатының проблемасы да шешілусіз қалуда және күрделі мәселе – кедейшілік тұжырымдамасын анықтау.

Отандық теория мен  тәжірибеде  «өмір  сүру деңгейі» категориясы көбінесе қол жеткізген табыстар, шығындар деңгейі мен халықтың игіліктер мен қызметтерді тұтыну мәліметтерімен сипатталынады, ал кедейшілік күнкөріс шегінің құндық бағасымен өлшенеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық комиссиясыәртүрліелдердіңхалықтыңөмірсүру деңгейін «халықтың өміртіршілік жағдайлары, тұтыну деңгейі, жұмыспен қамтылуы  және адам еркіндігі» призмасы арқылы қарастыруды ұсынады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 40/179 резолюциясында өмір сүру деңгейін көтерудің нақты бағасы халықтың жұмыспен қамтылуы мен тіршілік жағдайларының көптеген көрсеткіштерінен және осымен байланысты факторлардан, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін, киім-кешекті тұтыну, баспана жағдайлары, білім беру, денсаулық қорғау жүйелері және негізгі әлеуметтік құрылымдардан тұратын тиісті өлшеу құралын талап етеді.

Өмір сүру деңгейі күрделі көп қырлы түсінік ретінде бірнеше  жақын  категориялар  бар, олардың ішінде кедейшілік, халықтың әл-ауқаты, өмір сапасы, еңбеккерлердің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

Әлеуметтік астарды да есепке алу маңызды болып табылады. Зерттеліп отырған категория әлеуметтік астарда белгілі бір топтың немесе әлеуметтік таптың өмір сүру деңгейі ретінде қарастырылады: «халықтың  аз  қамтылан тобының өмір сүру деңгейі», «халықтың ең ауқатты тобының өмір сүру деңгейі», «жұмыс беруші мен жұмысшылардың өмір сүру деңгейі», «зейнеткерлердің өмір сүру  деңгейі»,«отбасының өмір сүру деңгейі», «нақты адамның өмір сүру деңгейі».

Өмір сүру деңгейінің келтіріліген зерттеу жағдайларына тиісті сызбанұсқа құрастырылды, оған сәйкес қоғам деңгейлері табыс мөлшерлері бойынша халықтың әлеуметтік топтарына, қызмет түрі мен жағдайы бойынша халықтың әлеуметтік топтарына, әкімшілік-территориялық деңгейіне бөлінген.

Кейбір зерттеушілер «өмір сүру деңгейі» категориясын кең мағынада қарастырады, «өмір сүру деңгейі елдің жақсы өмір сүру халінің сипаты ретінде табыстар және тұтынумен бірге, сондай-ақ еңбек және өмір сүру жағдайларын, жұмыс және бос уақыттың көлемі мен құрылымын, халықтың мәдени және білім деңгейінің көрсеткіштерін, денсаулық, демография және экологиялық жағдайды қосады».

Халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі үрдістерін талдау кезінде өмір сүру жағдайы, динамикасы мен тенденциялары туралы қажетті ақпаратты алу, сонымен бірге оларды аймақтар мен халықтың әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша есептеу үшін мүмкіндік беретін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады, сонымен қатар халықаралық салыстыру жасауға болады.

Бірінші кезекте, өмір сүру деңгейін сипаттау үшін табыстар мен тұтынуды  сипаттайтын көрсеткіштер тобы қолданылады. Оларға жататындар: халықтың жан басына шаққандағы нақты табыстар, нақты жалақы, екінші жұмысбастылықтан және жеке көмекші шаруашылық өнімдерін өткізуден түсетін табыстар: дивиденттер (акция және облигация бойынша), халықтың салымдары бойынша пайыздар, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар. Атап айтқанда, халықтың нақты табыстары көбінесе халықтың өмір сүру деңгейінің, оның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандырудың қорытынды көрсеткіші ретінде қарастырылады.

Өмір сүру деңгейі тұтыну сферасындағы адамның қызметін сипаттайды. Осындай қызметтің негізі болып тұтынудың бар болуы табылады, олар әрі  қарай  тұтыну  сферасында жүзеге асады. Тиісініше, өмір сүру деңгейі ұғымы   «даму,   тұтыну   деңгейін,  адамдардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін, халықтың тұтыну игіліктерімен қамтылғанын нақты сипаттайды» [9].

Материалдық игіліктер мен қызметтердің қажеттіліктерді қанағаттандыру сапасы бойынша жіктелуі өмір сүру деңгейін талдауда, адамдардың қажеттіліктерінің даму дәрежесі, көлемі және оларды қанағаттандыру сипатын талдауда қолдануын ұйғарады. Адамдардың қажеттіліктері олардың тұтыну тәртібінде ең маңыздысы болып табылады. Атап айтсақ, Қазақстанда қажеттіліктерді және өмір сүру деңгейінің әртүрлі параметрлерін бағалаудың субъективті әдістерін зерттеу нақты емес және анықталмаудың барысында сирек тәжірибеленеді [10]. Бірақ қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін дұрыс анықтау үшін олардың даму деңгейін білу қажет.

Қажеттіліктер өмір сүрудің жалпы деңгейімен, оларды қанағаттандыру мүмкіншілігімен анықталады. Қоғам бай болған сайын, тұтыну деңгейі жоғары, тұлғалардың нақты қажеттіліктері айрықша бөлінеді. Дамымаған елдерде қажеттіліктер біркелкі және ең қажетті өмірлік игіліктердің тар шеңберін алуға тырысуын білдіреді. Қажеттіліктердің даму деңгейі қөзқарасынан екі ірі топты белгілейді: физиологиялық (бірінші деңгейдің қарапайым қажеттіліктері) және әлеуметтік (жоғары деңгей қажеттіліктері). Физиологиялық қажеттіліктердің қарапайымдығы адам ағзасының биологиялық қызметтерін тікелей өзара байланысымен анықталады, бірақ қажеттіліктерді қанағаттандырудың нақты тәсілдері әлеуметтік сипатқа ие, ал физиологиялық қажеттіліктер кешеніне халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарына сипатты әртүрлі игіліктермен қызметтер жиынтығы, ерекше «тіршілік стандарттары» және тәртіп «шаблондары» жатады.

Екінші қатардағы қажеттіліктер өз  сипаты бойынша адамның әлеуметтену процесімен байланысты және қоғам мүшесі ретінде оның өмір тіршілік жағдайын көрсетеді. Олардың ерекшелігі болып дамудың шексіздігі, кеңеюі және жоғарылауы табылады.

Әлеуметтік аспектіде зерттелетін категория белгілі әлеуметтік топтың өмір сүру деңгейі ретінде қарастырылады: «халықтың аз қамтылған топтарының өмір сүру деңгейі (кедейлер  мен  өте  кедейлер)»,  «халықтың едәуір қамтылған топтарының өмір сүру деңгейі (ауқатты және өте аухатты), «жұмысберушілер мен жұмысшылардың өмір  сүру  деңгейі»,«зейнеткерлердің өмір сүру деңгейі», «отбасының өмір сүру деңгейі», «нақты бір адамның өмір сүру деңгейі».

Адамдардың қажеттіліктері – бұл өзінің ішкі заңдылықтарына тиісті ықпалымен трансформацияланып дамып келе жатқан жүйе.

Ақпарат пен білім алудың қол жетерлігі осы жүйенің дамуында, сонымен бірге әр тұлғаның, әлеуметтік топтың және жалпы қоғамның жетілуінде маңызды рөл атқарады. Өмір сүру деңгейін анықтаудың басқа маңызды аспектісі бұл қолайлы өмір сүру үшін қажетті материалдық ресурстарға қол жеткізуді ұйғарады. Яғни «салауатты өмір салтын жүргізу, аумақтық және әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету, ақпараттармен алмасу және қоғам өміріне қатысу» [11]. Жиырмасыншы ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап дамыған мемлекеттердің зерттеушілері қазіргі жұмысшылар жұмысқа тікелей байланысты емес құндылықтарға аса көңіл бөлуде деген ұйғарым айтады. Халық қызықты өмірге, спортпен шұғылдануға, денсаулықты күтуге тырысады, демалысын өткізу мүмкіншілігін жоспарлайды [12].

«Өмір сүру деңгейі» категориясының халықаралық түсінігі «жақсы өмір сүру халі» және «өмір сүру қалпы» категорияларының бірнеше сипаттамаларын қосады, олар адам дамуының мүмкіншіліктеріндегі нақты бір рөл атқарады. Қазіргі «жақсы өмір сүру халінің» баяны – өмір сүру деңгейімен салыстырғанда бұл кең категория деп санайды. «Жақсы өмір сүру халі» табыс деңгейімен, материалдық құндылықтардың бар болуына байланысты: үй немесе жер учаскесі, сондай-ақ айтарлықтай факторлардың, қорғанудың жеткілікті дәрежесі сияқты» [13].

«Жақсы өмір сүру халі» көп құрылымды және онда «өмір сүру қалпы», «өмір сүру деңгейі»,«өмір сапасы» және «өмір стилі» бір-бірімен қиылысатын жалпы әлеуметтік-экономикалық категория.

50-жылдардың екінші жартысында АҚШ-та, кейінгі жылдары басқа да шет елдерде «өмір сапасы» түсінігі пайда болды ( guality of life немесе subjective well-being) [14]. Бұрын және қазіргі жағдайда да өмір сапасының шетелдік баян етілуі Қазақстанға қарағанда кең болып табылады. Шетелдік авторлар дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі азаматтардың өмір сүру жағдайларын талдауда өмір сапасын өмір комфорттығын анықтайтын жағдайлар жиынтығы ретінде деп таниды. Комфорттық деп адами тұтынуларды тиісті қажеттіліктермен емес, адамның еркімен қанағаттандыру деп түсінеміз. Біздің елімізде «өмір сапасы» термині «әлауқат» және «өмір сүру қалпы» түсініктерін қайталау ретінде қолданылды. Е.И. Капустин бұл терминді қоршаған ортаның жағдайларымен оның адамға ықпалына қатысты қолдануды ұсынды. Көп жағдайларда қазақстандық экономистерімен «өмір сапасы» термині «... денсаулық, адамдардың білім-біліктілік потенциалы, мәдени-өнегелілік мүмкіндіктері...» ретінде анықталды [15]. Қазіргі жағдайларда қазақстандық экономистер осы категорияның келесі  сипаттамасын  ұсынады:  «өмір  сапасы экономикалық, әлеуметтік және өнегелік құндылықтардың жиынтығын қосады». Бұл жағдайда «еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, бос уақыттың бар болуы мен пайдалану мүмкіншілігі, мәдени деңгейі, азаматтардың қауіпсіздігі» қарастырылады [16].

Әл-ауқат, өмір сүру қалпы, өмір сапасы сипаттамаларына қатысты бар көзқарастарды қарастыра отырып, осы жағдайға байланысты өз пікірімізді келтірейік.

Адамдардың   тұтынуын    қанағаттандыру бірыңғай негізге сүйене отырып, өмір сүру деңгейіне үйлес категорияларды анықтау орынды. Жоғарыда айтылғандай, өмір сүру деңгейін анықтауда қажетті және басымды болып қоғамның жігерлі мүшесі болуына адамға мүмкіндік беретін тұтынулар жиынтығын белгілеу табылады. Осы пікірге сәйкес өмір сапасы анықтамасын адам өмірін комфортты жасайтын тұтыну жиынтығын қанағаттандыру дәрежесі мен даму деңгейі деп білеміз.

Conclusion.

Сонымен, «өмір сүру деңгейі» – қол жеткен тұтыну деңгейі мен жиналған материалдық және рухани игіліктердің сандық бағасындағы және қоғамдағы әлеуметтік процестердің бағытын тұтыну стандарттарымен, сондай-ақ қатар өндіруші күштердің даму деңгейі жоғары елдерде қалыптасқан стандарттармен салыстыруды анықтайтын әлеуметтік-экономикалық категория. Сондықтан өмір сүру деңгейін бағалау кезінде оның құрамаларын зерттеу қажетті деп есептеуге болады: жалпы және әлеуметтік топтар, үй шаруашылықтары бойынша халықтың табыстары; халықты әлеуметтік қамсыздандыру; материалдық игіліктермен  қызметтерді  тұтыну; өмір сүру жағдайлары; бос уақыт және материалдық игіліктерді жинау.

Тұлғаның қажеттіліктері шексіз, яғни  оларды қанағаттандыру дәрежесінің жоғары шегі іс жүзінде болмайды. Тұтыну құрылымы, тауарлар мен қызметтерге сұраныс тұтынушының табысымен шектелген. Тұтыну игілігінің саны бір нақты шекке дейін табыстың өсу шамасына қарай өседі, одан кейін сұраныс тауарлар мен қызметтердің басқа сапа деңгейіне ауысады.

 

 

Литература

 

  1. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинение.2-изд. − Т.16. – 150 б.
  2. Бузляков Н.И. Методы планирования повышения уровня жизни. – М.: Экономика, – 208 б.
  3. Потребности, доходы, потребление: Методология анализа и прогнозирования народного благосостояния / под ред. Н.П. Федоренко, Н.М. Римашевской. – М: Наука, – 240 б.
  4. Майер В.Ф. Уровень жизни населения СССР. – М.: Мысль, 1997. – 263 б.
  5. Савченко П. Уровень и качество жизни: понятия, индикаторы, современное состояние в России / П. Савченко. – М. Федерова, Е. Шелкова. – М.: Изд-во Московского ун-та, 1974. – 175 б.
  6. Жеребин В.М. Экономика домашних хозяйств / В.М. Жеребин, А.Н.Романов. – М.: Финансы, – 230 б.
  7. Гурьев В.И. Основы социальной статистики. – М.: Финансы и статистика, 1991. – 176 б.
  8. Стоимость жизни и ее измерение / под ред. В.М. Рутгайзера, СП. Шпилько. – М.: Финансы и статистика, – 173 б.
  9. Адамчук В.В., Кокин Ю.П. и др. Экономика труда. − М., 1999. − 240 б.
  10. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. – Алматы, – 347 б.
  11. UNDP Documents. − 1993. − Р.100-120.
  12. Капиталистическое управление. Уроки 80-х. − М., 1991. − 128 б.
  13. От плана к рынку. Отчет о мировом развитии. − Вашингтон,
  14. Генкин Б.М. Экономика и социология труда: учебник для вузов. – М.: Издательская группа НОРМА – ИНФРА,– 22 б.
  1. Римашевская Н.М., Римашевский А. А. Равенство или справедливость. – М.: Финансы и статистика, 1991. – 15-16 б.
  2. Рогачева Т.М. Экономические компоненты качества жизни населения. −Алматы, – 176 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.