Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы: әлеуметтік аспектісі

Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, оларды нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының жаңаруы  жағдайындағы мемлекеттік құрылымның барлық саласында инновациялық зерттеулер жүргізу бүгінгі қоғамның  сұранысы.

Тәуелсіздік алғаннан бері 21 жыл ішінде еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп   отыр.   Біздің   алдағы   мақсатымыз   – елімізде болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық және қолданбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған ғылыми болжам жасау болып табылады.

Міне, соған  байланысты  Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа принциптерін ұсынып, индустриалды-инновациялық даму бағытын алға тартып отыр: «Барлық мемлекеттер өткен ғасырдың басында индустрияландырудан өтті, Қазақстанда ол 30-жылдары болды. Бірақ мұндай индустриялизация  бізге  жарамайды,  біз инновациялық индустриялизация туралы айтып отырмыз және ол бүгінгі күнгі әлемдік экономиканың тәртібіне сәйкес келуі керек» [1]. Соған байланысты индустриалды-инновациялық саясат пен оның негізгі құрамдас бөліктерінің сараптамалық бағасы өте маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының индустриалдыинновациялық дамуының әлеуметтік аспектісін сараптамалық бағалауды зерттеу барысында, анкеталық сауалнама мен терең сұхбат алынды. Зерттеу барысында барлығы 33 сараптама жасалып,  оның  25  анкеталық  сауалнама алынып,

8 адаммен жеке сұхбаттастық. Сарапшылар ретінде саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, мемлекеттік орган жетекшілері, журналисттер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сарапшыларды таңдауда басты критерийлер ретінде, олардың индустриалды-инновациялық даму мәселесіне қатысы бар, осы тақырыпқа байланысты зерттеу тәжірибесі немесе инновациялық қызмет секторында тікелей жұмыс жасайтын адамдар тартылды. Ендігі жерде біз сол зерттеу нәтижелерін байқайтын боламыз.

Сарапшылардың пікірлері бойынша, кең мағынада  индустриалды-инновациялық  даму -  бұл экономикалық жүйенің жедел түрде дамуы, ғылыми білімдерді инновацияларға және өндірістік қызметке айналдыру процесі. Оның ажырамас бөліктері ретінде сарапшылар жаңа технологиялық құралдарды енгізу, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жою, инновациялық қызметті ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуді атап отыр. Яғни, бұл – ең алдымен мемлекеттің және оның институттарының жан-жақты экономикалық жүйесінің модернизациясына бағытталған ісшаралар кешені. «Индустриалды-инновациялық даму» терминінің өзі арнайы түсіндіруді талап етеді. Сарапшылар көрсетіп отырғанындай, дамудың индустриалды кезеңінен Қазақстан кеңестік кезеңде өтіп қойған. Сондықтан индустриалдық пен индустриалды-инновация-  лық дамуды нақты түрде өзара арасын ажыратып алу керек. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру  процесін  білдірсе,   екіншісі   сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік базаны жақсарту (усовершенствование), оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді. Кейбір сарапшылар инновация түсінігін экономикалық шеңберден шығарып, оны адамгершілік-мінез-құлықтық құрамдас бөлігін алғашқы орынға шығарып жібереді. Яғни, бұл мағынада инновация ішкі өзгерістерді білдіріп, уақыт қажеттілігіне байланысты адамдар   санасының   «реформасын» көрсетеді:

«Меніңше,   индустриалды-инновациялық  даму бұл қоғамдық институттардың сапалық өзгерісі, яғни тек қана технологиялық емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік және рухани жаңаруы». Бірақ сарапшылардың басым көпшілігінің қабылдаулары бойынша инновациялар мейлінше қолданбалы мағынаға ие және ғылыми-техникалық прогрестің жемісі ретінде оны өндіріске енгізу деп түсінеді. Осы түсініктен шығып, сарапшылармен         бірқатар    міндеттер қояды, олар индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында шешімін табады. Ең алдымен, бұл – экономиканың диверсификациясы, оны шикізаттық бағыттылығынан өзгерту: «Елде өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды ұлғайту қажет. Қазақстан шикізат өндіруші ел болып қала бермеуі керек. Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық бағытты дамытып, шағын және  ірі  техникаларды  өндіруді  бастау  қажет.

Шикізат өзімізде өндірілгендіктен экономикалық тұрғыдан бұл тиімді әрі сапалы болмақ».

Келесі міндет, ол инновациялық даму шеңберінде шешуді талап ететін – әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан тиімді өту. Әлемдік дағдарыс айқын түрде көрсеткеніндей, мемлекеттің барлық экономикалық құрылғыларының әлсіз жақтарына әсер етеді. Бұл тек қана   өңдеуші  салалардың  дамымағандығы мен экономиканың шикізаттық бағыттылығы емес, сонымен бірге экономиканың бөлек секторларының әлсіздігінен. Дағдарыс жағдайында алып сатарлық капитал негізінде өскен экономикалық «көпіршіктер» жарылғанда жаңа нарықтар мен инновациялық өнімдерді іздеу қажеттілігі туындады.

Үшіншіден, маңызды мәселелердің бірі, инновациялық дамумен байланысты –  бұл  адам капиталының сапасын көтеру. Жаңа индустриалды-инновациялық саясат шеңберінде жоғары кәсіби білікті мамандар класын қалыптастыру жоспарлануда, ол өз кезегінде елде заманауи өнеркәсіп орындарын ашуға, жоғары қосымша құны  бар  өнім  өндіруге  және өндірістен қол үзбей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер ашылады. Ол үшін елімізде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ұлғайтылуда, студенттерді шетелде тәжрибеден өткізу жүйесі белсенді түрде жүргізілуде, орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау мәселесі қарастырылуда. Соған байланысты индустриалды-инновациялық экономикаға өту сарапшылардың бағасы бойынша дамудың қалыпты кезеңі ғана емес, ол сонымен бірге Қазақстан мемлекеті үшін таңдаусыз жол және өз кезегінде таяу жылдарда Азия елдерінің, сонан соң әлемнің мейлінше бәсекеге қабілетті ел ретінде  ортаға  шығуды  мақсат  қойып  отыр. Ендігі жерде біз, Қазақстан қоғамының инновациялық даму деңгейінің ағымдық бағасын байқайтын боламыз. Бізге белгілі, инновацияларды енгізу – үлкен еңбекті қажет ететін процесс және тек қана мемлекеттік институттардың күшін ғана емес, сонымен қатар кең түрде қоғамның белсенді қатынасуын да талап етеді.

Ақиқатында атқарылып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанда инновацияларды енгізу деңгейі салыстырмалы төменгі деңгейде қалып отыр. Бірақ та 2009 жылы Қазақстан экономикасында білімдерді қолданудың деңгейінің индексі бойынша, Ямайка мен Монғолия елдерінің деңгейінде болды [2]. Бұл дегеніміз өндіріс әрекеттері қазіргі жағдайда ескірген және технологиялық емес екенін көрсетеді.

Сарапшылардың елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің түрлі секторларында инновацияларды енгізу дәрежесін қалай бағалап отырғанын қарастырып көрейік. Бағалау үшін барлығы 7 сектор ұсынылды. Олар: шағын бизнес, орта бизнес, ірі бизнес, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары мен мемлекеттік басқару.  Сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғанындай, инновацияларды енгізу қарқыны сарапшылардың көзқарасы бойынша қанағаттанарлықсыз деңгейде қалып отыр. Жоғары білім, мемлекеттік басқару мен шағын кәсіпкерлік салаларында инновацияларды енгізу бәрінен де баяу жүруде. Жалпы алғанда, сарапшылардың 80%ының ойынша бұл салаларда модернизация қарқыны төмен және өте төменгі дәрежеде. Әсіресе жоғары білім саласындағы жағдай алаңдатарлықтай, сұралған сарапшылардың 63%-ының пікірінше инновацияларды енгізу деңгейі өте төменгі дәрежеде қалуда.

Диаграмма – Сіздің бағалауыңыз бойынша, қазақстандық әлеуметтік және экономикалық өмірінің келесідей секторларында инновацияларды енгізу қарқыны қашалықты? (Диаграмма автормен құрастырылған)

 Диаграмма

Орта кәсіпкерлікке байланысты да сарапшылардың пікірлері сын көтермейтін баға беруде. Тек қана сарапшылардың 5%-ы инновацияларды енгізу бұл салада жоғары қарқынмен орындалуда деген пікірде.

Ұлттық компанияларға байланысты жағдай біршама өзгеше сипатқа ие болып, мұнда сарапшылардың пікірлері бөлінуде. Яғни, сарапшылардың 37%-ы инновацияларды енгізу баяу жүруде деп пікір білдірсе, 30%-ы сарапшы осы жағдайға қарама-қарсы пікірлерін білдірген. Осыған қоса 1/3 бөлігі «орта қарқынмен» деген жауапты таңдаған.

Ғылыми-зерттеу институттарына байланысты сарапшылардың пікірлері екіге, яғни инновацияларды енгізу деңгейі төмен және бұл өзгерістерге орташа деп баға бергендер болып бөлінді.

Сонымен қоса Қазақстанда негізінен алғанда   шетел  компаниялары  басқаратын  ірі кәсіпкерлік саласында біршама салыстырмалы жағымды жағдай байқалды.  Соған байланысты сарапшылардың берген бағасына қарағанда, қызметтері бұқаралық сипатқа ие салаларда модернизациялау деңгейі төменгі дәрежеде қалып отыр. Аталған әрбір сала көптеген құрамдас бөліктерден тұратыны және өзімен күрделі әлеуметтік және экономикалық құрылымы бар екені, оларды модернизациялау үшін қомақты қаржылық, уақыттық және  саяси  ресурстарды қажет ететіндігі белгілі. Орта кәсіпкерлік, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және ірі кәсіпкерлік – бұл құрылым көлемі бойынша салыстырмалы шағын, көбіне ұйымдасқан түрді білдіреді. Сондықтан да модернизация мұнда өзінің нәтижесін жылдам көрсетеді. Сұхбаттасу барысында, сарапшылардың басым көпшілігінің Қазақстанда инновацияларды енгізу деңгейінің төмен екендігімен келісті. Сарапшылардың бір бөлігі бұл жағдайды елімізде «ақылды» экономиканы құрудың дайындық кезеңі енді ғана аяқталғанын, ал инновацияларды жүзеге асыруға біз енді келгенімізді түсіндіреді:

«2010-2011 жылдары Қазақстан экономиканы диверсификациялау үшін нормативтік-құқықтық негіздерді құрумен айналысты. Ал қазір біз оны жүзеге асыруға кірісудеміз. Менің мәліметтерім бойынша, соңғы бірнеше жыл көлемінде елімізде шамамен 250 жаңа инновациялық жоба жүзеге асырылуда».

Басқа бір сарапшылар, инновацияларды жаппай енгізуге қажеттілік  жоқ  деп  ойлай-  ды. Өйткені қалыптасқан салалар мен дәстүрлі технологиялық процестер бар, ол жерде модернизация қалыптасқан жағдайды қиратып, өнімділік деңгейін төмендетіп жіберуі мүмкін деген ой айтып отыр. Сондықтан да бұл сарапшылар инновациялық саясат үшін «ұрандаудан» қашып, нысандарды таңдау әдісімен жанасу қажет екенін ұсынып отыр:

«Бізде инновацияларды енгізу деңгейі өте төмен дәрежеде. Бұл елде жүргізіліп отырған саясаттың ерекшелігімен және экономикалық дамудың түрімен байланысты болып отыр. Менің ойымша, экономиканың барлығын инновациялық жолмен дамыту мүмкін емес, бұл қажет те емес, өйткені қандай да бір түбегейлі өзгерістерді қажет етпейтін және бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін де салалар бар. Мұнда  инновацияларды  енгізудің   ешқандай  да мағынасы жоқ. Инновацияларға бұқаралық және зорлықпен өту меніңше, қоғам тарапынан тұрақсыздыққа, оны жоққа шығаруға алып келуі мүмкін».

Эксперттік сауалнама көрсетіп отырғанындай, ел экономикасының индустриалды-инновациялық дамуына кедергі келтіретін  қандайда бір жеке проблеманы немесе бір себепті бөліп көрсету қиын болып отыр. Бұл жерде  әсер ететін кешенді факторларды көрсету керек, солардың ішінде барынша маңызды болып отырғаны, жоғары кәсіби білікті техникалық кадрлардың тапшылығы. Сарапшылардың 74%-ы оның өзектілігі туралы атап көрсетті. Шын мәнінде, кәсіби білікті техникалық мамандардың жетіспеушілігі себебінен елдің экономикалық әлеуетін айтарлықтай шектеуде. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қаржылық және саяси тұрғыдан қолдау тапқан кез келген мықты идея болса да, оның соңғы нәтижесінде жүзеге асыруда маман мәселесіне келіп тіреледі. Бұл проблема көп жағдайда объективті өзгерістердің нәтижесінде, Қазақстан қоғамында соңғы 20 жыл көлемінде жүруде. Тұрғындардың эмиграциясы, жақсы мамандардың шетелге кетуі, білім  сапасының  төмендеуі,  жастар  арасында техникалық мамандықтар мәртебесінің төмендеуі және осы сияқты көптеген себептердің нәтижесі кәсіби мамандар тапшылығына алып келді.

Инновациялық даму жолында тұрған екінші мәселе – бұл ғылым, технологиялар мен инновациялар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы кезеңділіктің (непоследовательно) жеткіліксіздігі (58%). Бұл жағдайда сын, инновациялық саясатты кезеңімен (непоследовательно) атқармаған тікелей мемлекетке айтылады. Мүмкін мұнда әңгіме, жоғары мінберлерде айтылып жақан сөздермен инновациялар саласында атқарылып жатқан нақты істер мен декларациялар арасындағы сәйкессіздіктерге байланысты болып отырған шығар.

Сарапшылардың баға беруі бойынша, кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмендігі мәселесі де өзектілікке ие. Бұл мәселеге де объективті мінездеме тән, өйткені адам капиталы сапасының төмендігіне байланысты болып отыр.

Сарапшылардың 53%-ы барынша өзекті проблема ретінде – ұлттық инновациялық жүйенің ұлттық, аймақтық және салалық деңгейлерін реттейтін жүйенің болмауы деген пікір білдірді.

 1-кесте – Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлар  

Маңызды, бірақ біршама аз дәрежедегі мәселе бұл Қазақстанда ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтық – 47%. Ғылымның жағдайы туралы мәселе айтатын болсақ, оның әлемдік сахнада бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Өкінішке орай, отандық ғылым әзірге қандай да бір жетістіктерімен мақтана алмайды.

Аз көлемді   ішкі тұтынушылық  нарық инновациялық дамуды тежейтін фактор ретінде сарапшылардың 1/3 бөлігі көрсетіп отыр. Халықтың әл ауқатының өскеніне қарамастан ішкі нарықта жаңа ендірмелер мен алдыңғы қатарлы технологияларға деген сұраныстың төлем мүмкіндігі шектеліп, қалыптасқан инновациялық өнім нарығы болмауда.

Сонымен,   маңызды   себептердің  қатарына қоғамдастықтың толықтай инновация тақырыбына қызығушылықтарының төмендігі, оның инновациялық қызмет саласына қатынасының әлсіздігін жатқызуға болады. Тұрғындар толықтай және жастар әлі де болса қызметтің дәстүрлі салаларына бағытталып отыр.

Сарапшылармен жеке сұхбаттасу барысында, инновацияларды енгізуге кедергі келтіретін факторлардың тізбегін білім беру жүйесі мен билік органдарындағы жемқорлықпен толықтырды. Сарапшылар көрсетіп отырғандай, мемлекеттік органдардың, әсіресе жергілікті билік органдарындағы жемқорлық аймақтарда индустрияландыру мен инновация процесін қатты тежеуде. Сөйтіп, бақылаушы және тексеруші билік органдарының жемқорлығының себебінен, кәсіпкерлер өз бизнестерін дамытып, модернизациялай алмай отыр. Білім және ғылым жүйесіндегі жемқорлық та мамандардың біліктілігі мен әзірлемелерінің сапасына кері әсер етуде. Ғалымның тік мобильділігі оның кәсіби сапасы мен оның жасаған ғылыми жаңалығының арқасында емес, ал оның бейресми байланыстары мен келісімділігінің бар болуымен анықталып отырғанда, елдің мықты ғылыми әлеуетін құру туралы сөздің қажеті шамалы.

Мұнан бөлек сарапшылар көрсетіп отырғанындай, біздің елімізде инновациялық өнімді тіркеу мен оны таратуда кеңсешілдік әрекеттермен жүзеге асып отырады. Сондықтан да ғалым немесе өнертапқыш өз өнімін ресми тіркеуде қиыншылықтармен кездессе, онда көп жағдайда қолын түсіріп, оны әрі қарай дамытуға талпынбайды.

Қоғамның инновацияларға дайын еместігінің тағы  бір  себебі  ретінде,   сарапшылар   оларда  инновациялық  мәдениеттің  жоқтығынан деп түсіндіреді. Тұрғындар арасында әлі де болса кеңестік кезеңнен қалған патернализм сияқты  құндылықтар  мен  қондырмалар   әлі  де болса басшылық орынға ие және дәстүрлі экономиканың секторына бағыттылық пен кәсіпкерлік белсенділігінің деңгейінің төмендігі жағдайы орын алып отыр. Инновациялық мәдениет болса адамдардың бұқаралық көпшілігінен тиянақтылық, белсенділік, кәсіби қызмет пен жаңа өндіріс саласына мобильділік пен бағыттылықты қалыптастыруды білдіреді.

Қазақстанда инновациялардың субъектілері болып  түрлі  меншіктегі  және  қызмет ерекшелігіндегі құрылымдар мен барлық ұйымдар табылады. Бірақ та қандайда бір деңгейде инновациялық саясаттың жолсерігі ретінде өздерін көрсеткендері ғана жатады.

Сауалнама барысында сарапшыларға 12 түрлі субъектілерінің елдің индустриалды-инновациялық даму дәрежесіне әсерін -3 тен +3 ке дейінгі шкала аралығында бағалау ұсынылған. Мұнда «-3» барынша теріс әсер ететінін білдірсе, сәйкесінше «+3» абсолютті оң әсер беретіндігін білдіреді.

Рейтингте көрсетілгеніндей барлық субъектілер  1,12  ден  2,17  балл  аралығында  орта-  ша баға алды. Бұл дегеніміз, сарапшылардың бағамдауынша барынша оң деген сөз. Рейтингтің көшбасшылары ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самрұқ Қазына» Ұлттық  әл ауқат қоры ортаға  шықты.  Олардың  орташа балы – 2,17 және сәйкесінше 2,12-ге тең. Яғни, бүгінгі таңда бұл екі құрылымға елімізде индустриялды-инновациялық саясатты жүзеге асыруда негізгі рөл атқарып отырғандығы байқалды. Сарапшылардың берген бағаларынан Үкімет пен «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ өз міндеттерін толықтай атқаруда, дегенмен ол жұмыстарды сәтті жүргізуде деп айтуға болмайды.

Индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыруда «ДАМУ» кәсіпкерлікті  дамыту қорының рөлін сарапшылар 1,93  бал-  мен бағалады. Қордың қызметі елдегі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталғандығы белгілі, осы қор арқылы мемлекет кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер бөледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (Ұлттық қор) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қоры, қаржы активтерінің жиынтықтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебінде жинақталады. Сарапшылар оның үлесін 1,82 балмен бағалады.

«Ұлттық инновациялық» қор АҚ  2003  жылы инновациялық даму процестерін реттеуді  қамтамасыз  ету  үшін  және  мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін құрылды. Қор инновациялық жобаларды инвестициялық қолдаумен, инновациялық процестерді ақпараттық-сараптамалық қолдаумен,   инновациялық   қызметті    насихаттау сияқты инновациялық  даму  деңгейін көтеру  мақсатындағы  істермен   айналысады. Сарапшылардың   бағалауынша, «Ұлттық инновациялық» қор елдегі инновациялық жағдайға әсер ету дәрежесі бойынша 1,61 балл иеленіп отыр.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясатын жүзеге асыру мақсатында және болашағы бар ұйымдардың болашағы бар жобаларына инвестициялар тарту, жеке секторларға қаржылық көмек көрсетуге құрылған. Аталған құрылым өз қызметін 2003 жылдан бастаса да, оның әсер ету дәрежесін сарапшылар барлығы 1,5 балл көлемінде төмен бағалауда.

Басқа құрылымдар 1,5 балдан төмен орташа бағаға ие болып, олардың индустриалдыинновациялық   дамуға   азғантай   дәрежеде әсер етіп отырғандығын байқауымызға болады. Мұндай субъектілер тобына мемлекеттік типтегі мекемелер  мен  қатар  мемлекеттік  емес   ұйымдарды:   «Қазақстан   Даму   Банкін» АҚ, «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасын, Қазагро, Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясын, «Парасат» ұлттық холдингін және  жергілікті  атқарушы   билік   органдарын (әкімшіліктер) жатқызуға болады. Айта кету керек, әкімшіліктерге қатысты кейбір сарапшылардың берген бағалары минус мағнасына сәйкес келді. Яғни, жергілікті атқарушы органдар кейбір сарапшылармен индустриалды-инновациялық дамуды тежейтіндер ретінде қабылданады. Сарапшыларда мұндай түсініктің болуын, көбінесе БАҚ хабарламалары арқылы аймақтардағы жергілікті билік органдарының жемқорлық әрекеттерінің орын алуы себептерінен деп айтуға болады.

Диаграмма 2. Сіздің пікіріңізше, елдің индустриалды-инновациялық дамуына кестеде көрсетілген субъектілер қаншалықты әсер етеді? (Диаграмма автормен құрастырылған)

Диаграмма 2.

 Соңғы бірнеше жыл көлемінде, Қазақстан Үкіметімен елде инновациялық процестерді инфрақұрылымдық, ұйымдастырушылық, зияткерлік және инвестициялық қатынаста қамтамасыз ету үшін көптеген ұйымдар желісі құрылған болатын. Сауалнама барысында олардың тиімділігін бағалауға талпыныстар жасалды, себебі олар қызмет жасай бастағандарына бірнеше жыл көлемі өтті және бюджеттен миллиардтаған теңге игерілуге бөлінген болатын. Сондықтан да сарапшылар қауымдастығының көзқарастары тұрғысынан, өздері өмір сүріп отырған уақыт аралығында қандай жетістіктерге қол жеткізгендерін білу қызығушылық туғызып отыр. Бірден айта кету керек, сарапшылардың аталған  субъектілер  туралы ақпараттандырылу  дәрежесі жоғары болмады. Сарапшылардың басым бөлігі қандай да бір бағаны Ақпараттық технологиялық паркке,  Ғылым  қорына  және  Қ. Сәтпаев атындағы технопаркке  қатысты  бере алды. Қалған субъектілерге қатынасына қарай сарапшылардың басым көпшілігі мен жартысы өз пікірлерін білдіре алмағандығы, олардың осы мекемелердің қызметтері туралы хабарсыз екендіктерін байқатады. Ал жоғары балға ие болған ұйымдарға келсек, олар көбіне сарапшылардың арасында естігендіктерінен болды. Ол орташа алғанда 3 балдан  жоғары  баға алған Ақпараттық технологиялар паркі мен Ғылым қоры болды. 5 балдық шкала бойынша бұл көрсеткішті қызметтің қанағаттанарлық бағасы ретінде түсіндіруге болады.

Басымды үштікті «Алгоритм» технопаркі, Алматы аймақтық технопаркі, Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық технопаркі сияқты мекемелері иемденді. Қалған барлық инновациялық қызмет субъектілері 3-тен төмен орташа балл алып, олардың қызметінің тиімділігін аз деп бағалауға мүмкіндік алдық. Көріп отырғанымыздай, олардың басым көпшілігі нарықта 5 және одан да көп жыл жұмыс жасап келгенімен де сарапшылардың пікірлерінше, өз қызметтерінде қандай да бір маңызды нәтижеге қол жеткізген жоқ.

Сұхбаттасу барысында, сарапшыларға индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының артықшылықтары мен кемшілік тұстарын атауды ұсынған болатынбыз. Сарапшылардың пікірлері бойынша, бүгінгі таңда осы Стратегияны орындау нәтижесінде келесідей жетістіктерге қол жеткіздік: біріншіден, жаңа жұмыс орындары ашылды, әлеуметтік инфрақұрылымдар жақсарды, білім және ғылым салаларын қаржыландыру жақсарды. Стратегия артықшылығының тағы бір көрінісі ретінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының жақсаруы мен электронды үкімет құрылуынан мемлекеттік қызметтердің халыққа қол жетімді болуын айтуға болады.

«Инновациялар тек қана экономикалық салада емес, ол сонымен бірге әлеуметтік салаларда да дами бастады. Мысалға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы, бір терезе принципі. Осы жаңа енгізулердің арқасында кезекке тұру азайып, адамдардың мүмкіндіктері жақсарды. Болмаса, электронды үкіметті мысалға алатын болсақ, интернеттің көмегі арқылы қызметтерді, төлемдерді және т.б. жүзеге асыруға болады».

Бірақ та Стратегияның нәтижелерін бағалауда сарапшылардың барлығы бірдей оң көзқараста емес. Стратегияны жүзеге асырудағы басты кемшілік ретінде сарапшылар билік органдарының жемқорлығын айтып отыр. Жемқорлық немқұрайлықты тудырып, соның себебінен жобалар жүзеге аспай қалады немесе көптеген кемшіліктермен сапасыз түрде орындалады. Осы жағдайда, сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту қажет.

Екінші маңызды кемшілік ретінде, сарапшылар инновациялық жобаларды асығыс түрде, техникалық талаптарды сақтамай және жергілікті ерекшеліктерді   есепке  алмауын   көрсетіп отыр.

Жылдам нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы жарыста, жаңа ғимараттар құрылысында кемшіліктер жіберіледі және сапасыз тауар өндірілетіндігі аталды. Сондықтан да, ең алдымен, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, жағдаймен танысып, содан соң барып инновациялық жобаны жүзеге асыруға кірісуге болады.

Үшінші проблеманы сарапшылар, мемлекетпен жүргізілген тұрғындардың инновациялық мәдениетін көтеру үшін ақпараттық-танымдық жұмыстардың жеткіліксіздігін атап отыр:

«Мен Стратегияны жүзеге асыру барысында қандай да бір нәтижеге қол жеткізілді деп айта алмас едім. 2003-2015 жылдарға қабылданған Стратегия тұрғындар арасында тиісті құлақтануға ие болған жоқ. Әліге дейін тұрғындардың басым көпшілігінің индустриалды-инновациялық даму туралы түсініктері жоқ. Сондықтан да, әсіресе қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыстарды белсенді түрде жүргізу қажет. Содан соң көптеген журналистер Стратегияның экономикалық аспектісін ғана жазып, ал әлеуметтік және қоғамдық жақтары назардан тыс қалып жатады».

Қазақстан жағдайында инновациялық процестер негізінен алғанда технологиялық жаңа енгізулер көзқарасы тұрғысынан қарастырылып отырғанда, инновация саласындағы қазіргі зерттеулер әлеуметтік саладағы жаңа енгізулердің мемлекеттік қызметтенуінде маңыздылығы жоғары екендігін айтып отыр.

Әлеуметтік саладағы инновациялар жаңалықтарды есепке ала отырып, еңбек жағдайын жақсартуды, білім беруді, денсаулық сақтау мен мәдениетті дамытуға бағытталған өзгерістерді білдіреді.

Сарапшылар атап отырғандай, әлеуметтік саладағы инновациялар ғана экономикалық саладағы өзгерістердің негізі бола алады. Ағымдағы жағдайда медицина, зейнеткерлік қамсыздандыру саласында, қаржы секторында жекелей модернизациялар байқалады.

Сарапшылардың түсінігінде әлеуметтік инновациялар келесідей бағыттарда жүзеге асуы қажет:

  • Әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Аймақтарда бүгінгі заманғы инфрақұрылымдар құру: «Қазір әлеуметтік инновацияларға Астана мен Алматы ғана дайын. Ал басқа аймақтарда болса дайындық жұмыстарын талап етеді. Ол жерлерде қарапайым инфрақұрылым түрлері  де жоқ»;

Азаматтардың өмір деңгейін көтеру, әсіресе аз қамтылған тұрғындар қабатына әлеуметтік қорғау шараларын жүргізу.

Соған   байланысты,   сарапшылардың пікірлерінше әлеуметтік саладағы инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі болып әлеуметтік, адами және еңбек әлеуетінің сапалы қайта өндірісіболмақ. Нақосымақсатқаинновациялық ортаны қалыптастыру мен әлеуметтік инновациялар толығымен бағытталуы тиіс.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Инновационная деятельность в Республике Казахстан: состояние и проблемы развития. Аналитический обзор. – Алматы, 2002. С. 36.
  2. Алимжанов Б. От параллелей – к реальной инновационной модели // История Суверенного Казахстана: 20 лет Независимости. – Алматы, 2011. – С.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.