«Орта тапты» əртүрлі түсіну қазіргі ғылымда орта тапты зерттеудің көптеген əдістерін анықтап, нəтижесінде зерттеліп отырған қоғам құрлымы туралы əртүрлі мəліметтер алу.Орта таптың қалыптасу мəселесіне назар аудара отырып, бірінші кезекте оның идентификациясына көңіл аударсақ, дəл осы мəселеге қандай да бір жалпы анықтама беруге əлі ертерек десек те болады.Орта таптың негізгі белгілерінің бірі тұрмыс жағдайының жақсы болуы, ол нақ осы əлеуметтік топтың идентификаторы рөлін атқарады.
Орта тапты зерттеуде көптеген бағыттардың болуы, оның идентификациясының бірнеше критерийлерін анықтауға көмектеседі. Осы критерийлердің болуы жиын- тығын, екі топқа бөліп қарастыруға болады: стратификацилық жəне страти- фикациялық емес.
Орта таптың идентификациясының критерийлері ретінде көбіне келесі көрсеткіштерді қолданамыз:
- материалды жағдайының мінездемесі (табыс деңгейі, жылжымайтын мүліктің бар болуы, жəне т.б.);
- кəсібимамандық статусының көрсеткіштері (билік иерархиясындағы жағдайы, білім деңгейі жəне сапасы, мамандығының қиындығына байланысты, экономиканың белгілі бір секторына қатысы);
- өндіріс орындарын игеру көрсеткіштері («дəстүрлі» орта таптың иденти- фикациясының негізгі көрсеткіші);
- саяси статусының көрсеткіштері, яғни əртүлі деңгейдегі шешімдерді қабыл- дауға оның қатысы немесе əсері;
- əлеуметтік мобильділіктің потенциалдық мінездемесі;
- əлеуметтік престиж көрсеткіштері;
- өмір сүрудің статустық аспектілерінің мінездемесі (өмір сүріп жатқан ортаның сапасы, қарымқатынас ортасы, əлеуметтік көңілкүйі жəне де т.б.)
Орта тап туралы біз - өмір салты бойынша бай жəне кедейлер арасында орна- ласқан адамдар қауымдастығын сипаттайтын əлеуметтік-экономиқалық категория деп қарастырдық. Осыған сəйкес біздің орта тапты идентификациялау əдістеріміздің барлығы өмір деңгейін бағалаумен байланысты.
Өмір деңгейін жеке адам, отбасы, халықтың əлеуметтік топтары немесе біздің жағдайымызда орта тап тұтынатын тауарлар мен қызметтер жиынтығы арқылы анықтай аламыз. Өмір деңгейінің əртүрлі жақтарын көптеген көрсеткіштерден көруге болады. Мысалы, халықтың материалды құндылықтық шығындары мен қызметтерді пайдалануы, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, мүліктік жинақтар көрсеткіші, халықтың табысының жіктелу көрсеткіші жəне т.б. Алайда, өмір деңгейінің маңызды көрсеткіші ақшалай табыс, ол тауарларды сатып алу, қызметтерді тұтыну мүмкіндігін анықтайды.
Үй шаруашылығының ақшалай табысы ондағы əр мүшенің еңбек ақы түріндегі ақша қаражаты болып табылады.
Орта таптың идентификациясы тек табысқа ғана негізделіп анықталмай, үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді тұтынуды бағалаумен де анықталады.
Орта таптың табыс деңгейі экономикалық бостандықтың белгілі деңгейі ретінде қарастырсақ, табыс деңгейінің өсуі алғашқы тұтыну қажеттігін қанағаттандырудан кейінгі қажеттікке өту еркіндігін көрсетеді.
Орта таптың үй шаруашылығының тиісті активтерді иелену арқылы белгілі бір ресурстарға қол жеткізуін анықтайды:
- жеке пайдаланудағы салыстырмалы түрде қымбат заттарын (қыстық киім, аяқ киім жəне т.с.с) тозуына жеткізбей ауыстыру мүмкіндігі;
- ұзақ мерзімді пайдалану заттары мен құралдарын (автомобиль, тоңазытқыш, телевизор, радиотелефон жəне т.б.) тозуына жеткізбей ауыстыру мүмкіндігі;
- отбасында «ғылыми-техника прогресінің тауарларының» (компьютер, ком- пьютер мен модем жəне интернетке қосылуы, радиотелефон, ұялы телефон) болуы;
- ақылы емхана қызметін пайдалану мүмкіндігі;
- балаларының ақылы білім алу мүмкіндігі (репетиторлік, ақылы курстар тілдік, компьютер, оратор жəне т.б.), ақылы орта мектептер мен жоғарғы оқу орын- дары);
- үйден тыс салыстырмалы түрде тұрақты тамақтану мүмкіндігі; үйден тыс жерде еңбек демалысын өткізу мүмкіндігі;
- кабельдік теледидар қызметін пайдалану мүмкіндігі;
- экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайындағы қорының болуы;
- өмірін, мүлкін, денсаулығын сақтандыру қызметтерін пайдалану мүмкіндігі.
Осылайша, үй шаруашылығының шығындық стратегиясының құрамына талдау жасай отырып біз өмірлік стратегияның белгілі бір вариантын жүзеге асыруын қорытындылап, əр адамға шаққандағы табыс деңгейін бекітіп, оның құрлысын анықтаймыз. Орта тап үшін табыстың орта деңгейі əр елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейіне байланысты болады. Нақты елдің əлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуы жоғары болса, соғұрлым ол елде қоғамда өз қызметін атқаратын орта таптың саны көп болады. Елдегі экономикалық дамудың деңгейінің төмендігі ондағы орта таптың аздығын көрсетеді. Бұл жағдайда орта тап əлеуметтік, экономикалық жəне саяси тұрақтылықтың негізі бола алмайды.
Ғылыми əдебиеттерде «орта тап» ұғымын мазмұнын анықтаудың бірнеше класификациялары берілген.
В.В. Радаев орта тап «қарапайым күрделі» белгілері бойынша жеті теориялық анықтама берді.
Оның ішіндегі біріншісі автор бойынша ең қарапайым түрі, аралық табыс деңгейі нақты қоғамға өзіндік ортаңғы белгісі бар екендігін көрсетеді.
Екінші анықтама біріншіге мүліктік стандарт жиынтығына тағы бір белгіні қосады.
Үшінші анықтаманың негізінде өндірістің құралына ұсақ меншікті игеру, ұсақ фирманың иесінің жеке еңбек қатысуының басшылық белгілерінде болып отыр. Бұл анықтама «ескі орта тап» деп атайтын шағын кəсіпкерлер мен өзіндік дербес жұмысшыларды қамтиды.
Төртінші белгі білім деігейі мен кəсіби квалификация. Бұл жағдайда орта тапқа жоғарғы білім мамандары(«профессионалдар», жаңа орта табы» ұсақ буржуазияға қарамақарсы аталатындарды жатқызады).
Бесінші анықтама «ақ жағалылар», төменгі орта тап» деп аталтындар жатады бұнда белгі ретінде еңбек шарты мен мінезқұлқы болады.
Келесі анықтама белгі ретінде жоғарыда айтылған экономикалық жəне кəсібилік белгілерден басқа нарықтық, еңбектік жəне статустық позициялар жиынтығын, орта тап құрамына бұл жағдайда элитарлық жəне төменгі тапқа қарсы тұратын адамдар өмір стилі бойынша əлеуметтік байланысымен, өзінің мамандық болашағы мен өз балаларының болашағына баға беруі, индивидуалдық пен автономиялық əрекетінің деңгейлерін таңдайды.
Жетінші анықтама престиждің деңгейімен байланысты, маңызына қарай немесе қоғамдық пікірмен анықтаймыз. Бұл жағдайда «жоғарғы ортаңғы» жəне «төменгі ортаңғы» орта тап қабатын көрсетеді.
Келесі класификация Т.И. Заславский мен Р.Г. Громовтікі, авторлардың пікірі дамыған Батыс қоғамында орта таптың төрт мінезқұлқын көрсетуге болады [1].
- мінезқұлқы: «орта тап бұл қоғамдағы жоғарғы мен төменгінің арасындағы аралық позицияны алып отырған жəне əлеуметтік медиатордың интерактивті қызметін атқаратын əлеуметтік топ жиынтығы».
- мінезқұлық бойынша орта тап бұл салыстырмалы түрде жақсы қамтамасызданған қоғам бөлігі, меншік игеретін, экономикалық тəуелсіздікпен қамтамасыз етілетін, қызмет етуде таңдау еріктігі бар жəне басқалары жоғарғы сапа мен қазіргі өмір стилі, қазіргімен қанағаттану, болашаққа сенімділігі орта таптың əлеуметтік тəртіпті сақтаудағы қызығушылықтарын, қоғамның əлеуметтік стабилизатор қызметін беретіндігін ескереді.
- мінезқұлық «орта тап қоғамның квалификацияланған мамандары өз қатарына шоғырландырған, жоғарғы деңгейдегі мамандығымен ерекшеленетін мағыналы əрекет потенциалымен азаматтық белсенділігімен еркшеленетін əлеуметтік құры- лым элементі. Мұнан жоғарғы əлеуметтік престиж жəне техникалық, əлеуметтік- экономикалық прогрестің агенті қызметін атқаратыны болып отыр.
- мінезқұлық «жоғары дамыған батыс шешімдеріндегі орта тап халықтың көп бөлігін құрайтын, бір жағынан, қоғамның қызығушылықпен, ал бір жағынан ұлттық мəдениет, яғни қоғамның құндылықтарына, нормаларына, мінезқұлық үлгісіне, өмір стиліне жəне басқалары өзіндік қасиетпен шығады. Қоғамның жоғарғы жəне төменгі қабатының өзіндік мəдениет үлгісін таратуда, орта тап қоғамның мəдени интегратор рөлін де атқарады».
Э. Гидденс орта тапты олардың нарықтық мүмкіндігі тұрғысынан, соның ішінде білім жəне техникалық санатына жəне еңбек қызметінің сипатына сəйкес дəрежесімен бағалайды [2].
Батыстық социологияда тапты анықтағанда əдетте екі белгіні қолданады субъективті жəне объективті. Субъективті өзіндік тану принципіне негізделген, яғни қай əлеуметтік тапқа жататындығы қоғам өкілдерінің өз пікірлерінен туындайды немесе индивидтің өзін қай тапқа жатамын деген өзіндік есептеуінен көрінеді. Объективті белгісі, социологтардың қолданатын индивидтердің пікірлерінен тəуелді емес белгілерге негізделген. Бұндай белгілер екеу: əрекет (еңбектің) мінезқұлқы жəне табыс мөлшері.
Ғылымдағы орта тапты идентификациялаудың «классикалық» критерийлерін талдай келе біз келесі көрсеткіштерді атап өткен мəнді деп ойлаймыз:
- материалдық бақуаттылық сипаттамасы — табыс деңгейі, жылжитын жəне жылжымайтын мүліктің, жинақталған ақша қорының болуы;
- кəсіптік-қызметтік дəрежесінің көрсеткіші — басқару иерархиясындағы орны, білім жəне санаттының деңгейі, кəсіптік қызметінің күрделілігі, экономиканың белгілі бір секторына тиістілігі;
- өндіріс құралдарына қатынас көрсеткіші — меншік иесі немесе арендатор ретінде басқарушы;
- саяси дəрежесінің көрсеткіші — əртүрлі деңгейдегі билік шешімдерінің қабылдануына ықпал ету дəрежесі;
- əлеуметтік мобильділік сипаттамасы — топтағы немесе жіктегі мобильділік көрсеткіші;
- өмір салтының сипаттамасы — тұтынушылық сапасы, тұрғылықты жерінің сапасы, қарым-қатынас, демалыс орнының сапасы жəне т.с.с;
- əлеуметтік бедел көрсеткіші.
«Жалпы» критерийлер құрамында «статистикалық» топтан нақты топты ажырататын формальды критерийлерді атап өткен жөн. Біздің ойымызша ондай формальды критерийлерге: топтық сəйкестіктің болуы немесе болмауы; құрамның мобильділікке тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы; қауымдастыққа субъектінің жеке сапалық дамуын ескере отырып оған енуі немесе жеке дара болуы.
Орта таптың мазмұнды «жалпы» сипаттамасының анықтамасының құрамына саяси бағдар (идеологиялық қызығушылықтары, саясатқа тартылуы), топтық өзіндік идентификацияның мазмұнды аспектісі, еңбектік мотивациясы, əлеуметтік көңіл-күйі, тұтынушылық бағдары, ақша қорының жинағына қатынасы, жеке өмірдегі құндылық бағдары жəне т.б.
Мысалы, орта тап өкілдерінің саяси қызығушылықтар жəне азаматтық позициясы туралы ақпарат көзі талдау жəне жоспарлау орталығының зерттеу нəтижелерінен көруге болады. Қазақстандағы орта тап өкілдерінің табыс деңгей, жалақысы, өмірі жəне т.б. туралы біршама толық ақпаратты біз Мемлекеттік статистика комитетінен ала аламыз, алайда бұл ақпарат тек ресми табыстарды тіркейді. Егер төменгі тапқа қатысты табысты алатын болсақ, бұл мəліметтер біршама дұрыстау, ал орта тап өкілдері көбінесе өз табыстарын жасырып қалады, жəне мұндай, табыстардың тіркелмеуі Қазақстан экономикасында көп кездеседі.
Жалпы алғанда Қазақстандық орта тап екі негізгі талап: білім деңгейі жəне санаты бойынша батыс орта табынан қалмайды. Ал, меншік, табыс, тұтыну деңгейі дəрежесі бойынша ол орта тап жөнінде батыстың классикалық талабына сəйкес келмейді.
Орта тапты анықтаудың негізінде өмір деңгейін анықтау əдісі жатыр. Өмір деңгейінің негізгі көрсеткіші табыс жəне тұтыну болып табылады. Сондықтан, табыс шегі мен тұтыну құрылымын талдауға негізделеді.
Орта тапты анықтау (идентификациясы) ақиқаттық көзқарасқа негізделеді. Бұл əртүрлі елдердің əлеуметтік-экономикалық дамуының өзгешелігіне байланысты. Ақиқаттық көзқарастың мəні əр қоғамға нақты елдің экономикалық ерекшелігін ескере отырып өз орта табының айрықша моделін құруды білдіреді.
Орта тап – бұл тек бір ғана параметрмен, айталық, табысы немесе мүлкі, не жинаған қоры, кəсіби мəртебесі арқылы анықтауға болмайтын əлеуметік топ қатарына жатады. Сондықтанда, мəселенінің түп негізі де осы болып отыр, зерттеушілер мен эксперттер негіз ретінде əртүрлі критерийлерді алады.
Әдебиеттер
- Заславская Т.И., Громова Р.Г. К вопросу о среднем классе российского общества //Мир России, №5. - 1998г. – С. 29-40.
- Гидденс Э. Устроение общества: Очерк теории структурации. 2-е изд. М.: Академический Проект, 2005. – 323 c.