Қазақ əдебиеті

Қазақ тарихында, əсіресе оның руханияттық дамуында ХІХ жəне ХХ ғасырлар тоғысының орны орасан зор. ХІХ ғасыр аяғындағы Ұлы Абай феномені — қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс. Бірақ соны тануға, тап басып айқындауға біраз уақыт қажет болды. Ал абайтануды алғаш жүзеге асырғандар ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары. Олар өздері міндет етіп алған ұлт үшін атқарылар ұланғайыр істердің бастау көзін ұлы Абайдан танып, ең алдымен, сол ұлы ұстаздың ұлылық болмысын айқындауға ұмтылды. Абайды өздері ғана ардақ тұтып қоймай, оның ұлт абызы ретіндегі кемеңгерлік тұлғасын өздері айтпақшы «жұртқа», яғни көпке, танытуды мақсат тұтты.
2011

«Асылы, бір немесе екі жақсы өлең жазу, сол арқылы бір немесе екі сыр аңғарту, шындық таныту кез келген өлеңшінің қолынан келуі мүмкін. Ал өзі жазған өлеңдер арқылы өзінің өзгелерден бөлек ақындық бітімі мен мінезін таныту, сол арқылы өзінің өнер əлеміндегі тұтас творчестволық беті мен бағытын таныту кез келген қаламгердің қолынан келе бермейді» [1], — деген академик Зейнолла Қабдоловтың бір ұлағатты сөзі бар еді. Сол секілді Қытайдағы қазақ поэзиясындағы ағартушылық идеяның дамуында, жүзеге асуында ірі тұлға, өзіндік ақындық болмыс-бітімі айқын, жасампаздықта өзіндік өрнек-бояуы, өзіндік үні бар талантты ақындардың бірі — Шарғын Əлғазыұлы. Шығармаларының өз кезінде толық жиналмауы, реттелмеуі себепті де болар бұл талант иесінің ақындық əлемінің сыр-сипаты бүгінге дейін бағаланбай, шығармашылық табиғаты зерттелмей келе жатқаны көңілге қаяу түсіретіні анық. Болмаса Шарғын ақын Қытайдағы қазақ əдебиетінің өркен жаюына, қалыптасып, дамуына бір кісідей үлес қосқан, шабыты шалқар, дарынды, қуатты ақындардың бірі еді.
2011

Заман, қоғам заңдылықтары кез келген адамды өз талабы мен идеологиясына сай белгілі бір қалыпта болуға душар ететіні əлімсақтан белгілі ақиқат. Əсіресе ол қалып тоталитарлық жүйе билік жүргізген кезеңдегі ғұмыр кешкен ұрпақ өкілдеріне аса бір қиямет-қайым қиындық əкелгені даусыз. Алайда «Заманға жаман күйлемек, замана оны илемек» деп ұлы Абай айтқандай, заман талқысына қарама-қарсы тұратын тұғырлы тұлғалардың да болатыны шындық [1]. Халқымыздың тарихында бұл сипаттағы дарындар бар, бірақ оны дəл қазір санамалап жату артық. Тек қана Алаш арыстарын атасақ та жеткілікті. Дəл солардай замана ырқы мен қыспағына бой ұсынбай, көмпістікке көндіргісі келген қалыпқа сыймаған қалыппен бүгінде сексен төрт жасқа келіп отырған тұлға — ұлттық əдебиеттану ғылымындағы бар-жоғы үш қана ғылыми мектептің бірінің негізін қалаушы, атақты ғалым, жазушы, сыншы Тұрсынбек Кəкішев.
2011

СОКП-ның 1925 жылғы «Партияның көркем өнер саласындағы саясаты туралы» Қаулысы алға қойған «пролетариат əдебиетінің үстемдігін орнату, ұлтшылдық-буржуазияшылдық элементтерді əшкерелеу» секілді кезектегі міндеттері орындалып шыққан соң, 1930-жылдардың бас кезінде маркстік-лениндік идеологияны басшылыққа ала отырып, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік əдебиет» жасауға қадам жасалды. Əдебиет осы жаңа идеологиялық талап-тілектеріне сай жанрлық тұрғыдан дами бастады. Осыған орай ғылыми-сыни жəне əдеби-теориялық ой-пікір азды-көпті жинаған тəжірибесін пайдалана отырып, өркендеуге тиіс еді.
2011

Əдеби мұраны ғылыми тұрғыда игерудегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ХХ ғасыр басынан бастап əдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, əдеби сынды тудыруда ғылымдық жəне эстетикалық биіктіктерге ұмтылды. 20-жылдары əдеби мұра керек пе, жоқ па деген мəселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, əдеби мұраны игеруде «бірыңғай ағым теориясының» оң бағытын пайдаланып, оны жинау, жариялау, ғылыми тұрғыда бағалау, дəуір талабына сай пайдалану, творчестволық үйрену секілді өзекті проблемаларды шешіп алды. Ал 30-жылдары «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалындағы қателіктерге ұшырай отырса да, қазақ əдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу жəне дəуірге бөлу секілді келелі мəселелерге батыл бара білді.
2011

Туыстас түркі тілдерінің сөздік құрамдарында олардың арасындағы жақындықты көрсететін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ұқсастықтармен қоса, əрқайсысының өзіне тəн айырмашылықтары да айқын байқалып отырады. Осындай ерекшеліктердің бірі созылыңқы дауыстыларға қатысты болып келеді. Жалпы, дауыстылардың созылыңқы айтылуын ғалымдар түркі тілдерінің бəріне емес, алтай, қырғыз, гагауз, түрікмен, тува, хакас, шор, якут тілдеріне ғана тəн құбылыс екенін жазады [1; 29].
2011

Педагогикалық əдебиеттерде «оқыту əдісі», «оқыту тəсілі», «оқыту амалы» деген тіркесті термин сөздер қолданылады. Бұл сөз тіркестері бірінің орнын бірі басатындай көрінгенімен мағыналық жəне қолданыс жағынан бөлекше. «Оқыту əдісінің» «оқыту тəсіліне» жақын болатын себебі, педагогика еңбектерінде оқыту əдісі оқыту тəсілі деп түсіндіріледі. Мəселен, «[...] оқыту əдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тəрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-əрекетінің тəсілдері» [1; 263]. Тəсіл — оқу міндеттерін шешуге бағытталған амалдардың жиынтығы. «Оқытушы сабақ барысында нақты тақырыпты түсіндіру үшін көрнекі құралдарды, аудиоматериалдарды, түрлі ойын үлгілерін жүйелі түрде қолданса, бұны оқытушының өзіндік əдістемелік тəсілдері деп атауға болады» [2; 10].
2011

Қай дəуірді алсақ та, жырауларды сөйлеткен, ақын-жазушылардың қолдарына қалам ұстатқан тақырыптың бірі — қорғансыз жетімдер өмірі. Бұл тақырып əлем əдебиетінде үлкен орынға ие. Дат жазушысы, ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің бір ғана «Шырпы сатқан қыз» деп аталатын ертегі- əңгімесін мысалға алсақ жеткілікті. Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері», «Дэвид Копперфилд», француз жазушысы Виктор Гюгоның «Аластатылғандар» тəрізді көлемді шығармалары жəне американ жазушысы Джек Лондонның «Жолдан тайған», орыс қаламгерлері А.Чеховтың «Ванька», «Ұйқы келеді», А.М.Горькийдің «Жетімек», А.С.Серафимовичтің «Торғай түн» əңгімелері деп жəне жалғастыра беруге болады.
2011

Кеңес дəуіріндегі маркстік-лениндік ілім түп-төркіні əлемдік өркениетпен тоғысатын терең тамырлы қазақ сөз өнерінің тарихи бастауларын айқындауға идеологиялық қысым жасап келді. 1970–80- жылдардағы ұлттық əдебиеттанудағы санаткерлік жəне зияткерлік ой-сана əлеуетінің өсуі тарихи танымға күштеп танылған еуропацентризм қалыбындағы қасаңдық сеңін бұза отырып, қазақ тілі мен əдебиетінің ғылыми өзекті арналарын филологиялық тұтастықта зерттеп зерделеу міндеттерін алға тартты. Ол əлемдік əдебиеттанудағы озық ғылыми-əдіснамалық талаптарға иек артқан жаңашыл ізденістерді қажет етті.
2011

Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған басты кемшіліктерді: «Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті идеялық, көркемдік дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті.
2012

Қоғамдық өмірдегі тəуелсіздік рухындағы күрделі өзгерістер тоталитарлық жүйе қалыптастырған қасаң ұғымдарға деген жаңаша танымдағы əдеби-эстетикалық көзқарастарды алға тартты. Əдеби даму үрдісінің көркемдік-эстетикалық сипаты, жанрлық түрленулердегі жаңашыл қадамдар, тарихи шындық пен көркемдік шындық ара қатынасы жəне қаламгердің азаматтық ұстанымдары сынды өзекті тақырыптар қазақ əдеби сынының соны сипаттағы бағытын көрсетті. Кеңестік идеологияның санаға күштеп сіңірген догмаларынан арылу жолында эстетикалық талғам мен көркемдік əлемімізді тазарту мейлінше қажет етеді. Бұл ретте екі мыңыншы жылдардың басындағы қазақ əдеби сынының жанрлық табиғатындағы күрделі өзгерістер полемикалық мақалалардан айқын танылды.
2012

Кезінде Қыпшақ бірлестігінің құрамында болған, қазір қыпшақ тобына жататын тілдерде сөйлейтін халықтардың тілі ескі қыпшақ тілінің басты ерекшеліктерін сақтап қалғанымен, олардың этникалық құрылымын, этнос ретiнде қалыптасу жолын тек көне қыпшақ тайпасымен байланыстыруға болмайтыны белгілі. Қыпшақ бірлестігі құрамындағы бірнеше түркі тайпаларының тілдері өзара тоғысып көне қыпшақ тілінің ортақ əдеби жазба тілін қалыптастырса, онымен қатар халықтың ауызекі сөйлеу тілі де қолданыста болғанына қыпшақ ескерткіштері тіліндегі диалектілік ерекшеліктері дəлел бола алады. Бұл қыпшақ тобындағы тілдердің негізгі стереотиптері Қыпшақ бірлестігіне дейін-ақ қалыптасуы мүмкіндiгiн көрсетеді.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.