Филология

Мақалада М.Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін космонимдік атаулар қарастырылды. Осы ретте космонимдік атаулардың мағына сипаттарына семантикалық талдау жұмыстары жүргізілді. Космонимдердің полисемиялық өзгеру себептері ашыла түсеті. Космонимдік атаулардың мағынасына қатысты ерекшеліктер көрсетілді. Сондай-ақ жазушы қаламынан туған сирек қолданылатын атаулар мен соны тіркестер мəні, яғни жазушының кейбір стильдік қолданыстары да, зерттелді. Бұдан жазушының қазақ тілінің сөздік қорын байытуға қосқан үлесі анық байқалатыны сөзсіз.
2012

Қазіргі қазақ тілінің антропологиялық бағыттағы зерттеулерінде түр-түске ерекше көңіл бөлініп, тың зерттеулер жасалынып жатыр. Қоршаған ортадағы шындықты көп жағдайда түр-түс арқылы қабылдаймыз жəне де түр-түс атаулары əр халықтың мəдени коды болып табылады. Мақалада түр-түс атауларының шығуы жайлы сөз болады. Авторлар түркітанудағы, қазақ тіл біліміндегі ірі ғалымдардың түр-түске қатысты пікірлеріне өз ойларын қоса отырып, қазақ халқының идиоэтникалық танымында ерекше орын алатын «қоңыр» сөзінің шығу табиғаты жайлы өз тұжырымдарын ортаға салады.
2012

Мақалада көркемдегіш тəсілдердің біріне жататын қайталаулардың көркем шығармада атқаратын рөлін көрсеткен еңбектерге қысқаша шолу жасалды. Авторлар көркем туындыларда жиі қолданылатын қайталаулардың анафоралық жəне эпифоралық түрлеріне тоқталып, көркем мəтіннен жинастырылған нақты мысалдар арқылы олардың қызмет аясының маңызын дəйектеді. Зерттеу дереккөздері ретінде би-шешендердің сөздерінде кездесетін қайталаулар алынды.
2013

Мақалада құрамында түр-түс атаулары бар фразеологиялық бірліктер қарастырылды. Түстің қазіргі адам өмірінде үлкен маңызы бар. Авторлардың айтуынша, қарым-қатынаста айтушы мен тыңдаушының мəдениет жəне реалийлер туралы фондық білімі болуы шарт. Түстерді атауда əр түрлі тілдердегі қолданылатын əдіс-тəсілдерді салғастырмалы зерттеу — лингвистикада дəстүрлі тақырыптардың бірі. Сондықтан этностың тілдік санасын айқындайтын кейбір түр-түс атауларының мағынасын ашуға талпыныс жасалды.
2013

Жақсылық/жамандық тақырыбы өткен ғасырлардан-ақ ұлы ойшылдардың, жырау, ақын, жазушылардың шығармаларынан көрініс тапқан. Мақалада «жақсылық»/«жамандық» ұғымдарының лингвистикалық, философиялық мəні ашылды. Жыраулар поэзиясы негізінде жақсылық/жамандық концептілерінің репрезентациясы қарастырылды. «Жақсылық»/«жамандық» концептілеріне қарама- қарсы «адам» концептісі негізінде талдау жасалды.
2013

Мақалада қазақтың талантты ақындарының бірі — Жарасқан Əбдірашев поэзиясының стильдік ерекшеліктері, ақын эпиграммаларының құрылымдық, мазмұндық, тілдік ерекшеліктері қарастырылды. Ақынның поэзиясындағы қаламдастарының болмысы мен мінезі кейде уытты əзіл, кейде ащылау сықақ арқылы өрнектелген эпиграммаларының көркемдік ерекшеліктері сараланған. Ұлттық поэзиямыздағы ішкі жанрлық түрлерді дамытуда, соның ішінде эпиграмма жанрының заңдылықтарын толық сақтай отырып, оны ұлттық ерекшелікке сай туындатуда, зор мүмкіндігін анықтауда үлес қосқан ақынның шеберлігі сөз болады. Эпиграмманың өзегі — сөзді ойната білу, тапқырлық, қысқа да болса нұсқалық болса, осы шарттар толығымен Жарасқан поэзиясында сəтімен үйлескендігі көрсетілген
2013

Мақалада академик Р.С.Кареновтың қазақтың ХХ ғасырдағы данышпан ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы монографиялық зерттеуіне баға берілген. Қазақ сөз өнерінің көрнекті шеберінің 120 жылдық мерейтойына арналған аталмыш басылымның уақытылы еңбек екендігі айтылған. Монографияда өткен ғасырдағы қайталанбас тұлғаның саяси, қоғамдық жəне əдеби қызметі жан-жақты сипатталған. Жүргізілген бұл зерттеу халықтың сүйікті ақынының өмірі мен қызметіндегі кейбір ақтаңдақтардың орнын толтыратындығы көрсетілген.
2013

Мақалада қазақ тіліндегі іс қағаздарының алғашқы үлгілері мен олардың тілдік ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, ресми іс қағаздарының алғашқы түрлері көне дəуірлерден бастау алатыны сөз болып, тұңғыш қазақ газеттерінде басылған қатынас қағаздары мен құжаттардың тілі қазіргі қазақ тілімен салыстырыла талданды. Қазақ іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңдерін көрсететін түрлі тілдік фактілер келтіріліп, қазақ тіліндегі алғашқы іс қағаздарында кездесетін терминдік атаулар мен қолданыстар сипатталды.
2013

Мақалада көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданылу жайы сөз болды. Авторлар септік, тəуелдік, жіктік, көптік жалғауларының əр түрлі синтаксистік қатынасқа түсе отырып, сөз тіркесін тудыра алатындығына тоқталды. Сөйлемдегі сөздер орын тəртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысатындығы көне түркі тілінің фактілерімен дəлелденді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің байланысу түрлерінің ескерткіштердегі көрінісі тарихи-салыстырмалы əдіс арқылы жүзеге асырылды.
2013

Мақалада сөйлемнің коммуникативтік типтерінің қазақ тіл білімінде, орыс жəне шетел тіл білімінде зерттелуі сөз болды. Коммуникативтік мақсаттағы сөйлемдердің басты белгісі коммуникативтік типтердің сөйлеу барысында туындайтыны жайында айтылып, сөйлем типтерінің пайда болу жағдайлары нақты тілдік деректермен дəлелденген. Мақала авторлары сөйлемнің коммуникативтік типтерінің айырым белгілері ремалық компоненттер сипатымен тікелей байланысты деген қорытынды жасады
2013

Мақалада М.Əуезовтің дара мəнерін танытатын бір ерекшелік ретінде «Абай жолы» роман- эпопеясындағы мəтінаралық байланыстар көрсетіліп, олардың қызметі қарастырылған. Жазушы сөзқолданысын эталон ретінде таныған қаламгерлердің кейінгі буындарына роман-эпопея претекст ретінде қызмет етеді, яғни оны күшті əдеби мəтіндер қатарына жатқызуға болады.
2013

Мақалада соңғы жылдары оқу үдерісіне енгізілген кредиттік жүйедегі студенттердің оқытушымен өздік жұмысы туралы айтылды. Қазақ тілін үйрету мақсатындағы студенттердің оқытушымен өздік жұмысының маңызы, мақсат, міндеттері, ұйымдастыру кезеңдері қарастырылды. Автор студенттердің алған білімін, дағдысын кеңейту мен бекіту мақсатында өз тəжірибесіне сүйене отырып, СОӨЖ-ді жүргізудің тиімді жолдары мен жұмыс түрлеріне мысалдар келтіре отырып, үлгісін де ұсынды.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.