Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М.Əуезов шығармалары жəне мəтінаралық байланыстар

Бай да шұрайлы тілмен жазылған шығармалары арқылы ұлттық көркем əдебиетте өшпес атын қалдырып, хакім Абайды халқымыздың өзіне де, өзгеге де танытқан, қазақ асыл сөзін еуропалық деңгейге көтерген М.О.Əуезовтің «Бүгінгі жазушының ойлануы мен сезінуін жəне сол екеуін əдебиеттік сөздік арқылы, сөйлемдер арқылы қалыптауы мүлде жаңарып кетті. Шеберленген, мəдениеттенген қазақ тілімен жазып отырған өлеңдерінде, қарасөздерінде, пьесаларында қазақ жазушысы барлық сезім мен ойларын жаңаша, өзгеше қалыптауға тырысады» [1] деген сөзі бұдан 60 жыл бұрын айтылса да, өз мəнін əлі жойған жоқ. Осы орайда ойды өзгеше қалыптаудың, жеткізудің, сөз саптаудың бір түрі ретінде қазіргі қазақ көркем мəтіндерінде кездесетін интертекстерді атауға болады. Əлемдік əдеби үдерісте модернизм жəне постмодернизм бағыттарының пайда болуымен, ондағы цитатамен жазу, диалогтік байланыс, қатынас сияқты құрылымдық-семантикалық элементтермен байланысты туындаған интертекстуалдылық құбылысы қаламгер үшін де, оқырман үшін де көпфункционалды.

М.Əуезов қорының деректері жазушы шығармашылығын əр қырынан зерттеген 40 шақты диссертацияны көрсетеді [2]. Алайда көркем əдебиет тілі туралы ұстанымдары тілші-ғалымдардың бірнеше буынына бағдар болып отырғанына қарамастан, қаламгердің өзіндік дара мəнерін танытатын сөзқолданысы, тіліндегі ерекшеліктерді танып, талдау əлі де болса өз деңгейінде емес.

Жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында тілші-ғалымдардың алдында тұрған міндеттерді Р.Ғ.Сыздық: «1. М.Əуезовтің бүкіл көркем туындыларының тілін кеңінен зерттеуді бастау; 2. М.Əуезовтің публицистикасы мен ғылыми еңбектерінің де тілі стильдік, лексикографиялық, лексикологиялық зерттеулерді күтеді; 3...М.Əуезовтен өзгелер, əсіресе кейінгі буын қалам иелері көп үйренген, əсер алған, зор ықпалын сезінген.... Тілге келгенде «Əуезов мектебі» дегенді айта аламыз ба, айтсақ, сүйенетін тіректер, дəлелдейтін фактілер қандай — міне, осылар да зерттеуін күтетін мəселелер; 4. М.Əуезов тілінің сөздігін жасау» деп [3] бірнеше топқа бөліп көрсеткен еді. Бұл міндеттердің кейбірі орындалса, енді біреуі əлі де өз кезегін күтуде. Мəселен, өткен ғасырдың 90-шы жылдары М.Əуезовтің толық шығармалар жинағы ЭЕМ жадына енгізіліп, нəтижесінде 1995 жылы «М.Əуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің жиілік сөздіктері» атты сөздіктер жүйесі жарық көргендігі белгілі. Сондай-ақ М.Əуезовтің публицистикасын функционалдық стилистика тұрғысынан қарастырған монографияны да атауға болады [4].

Осы орайда жазушының көркем мəтіндеріндегі түрлі келтірінді құрылымдардың түрлері, қызметі, дереккөздері, мəтін семантикасын түзуге əсері қарастырылмай отырғанын атай кеткен орынды. Цитация қағидатымен енгізілген келтірінді құрылымдар автордың өз баяндауында, кейіпкерлер тілінде кездесіп, мəтінаралық байланыстарды көрсетеді.

Мəселен, «Абай жолы» роман-эпопеясында автор өзінің басты кейіпкерінің образын ашу үшін оның өлеңдерін келтіреді, яғни туындының мазмұндық-концептуалды ақпарын беру үшін мазмұндық-нақты ақпарға ақынның «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңі негізінде сюжеттік желі енгізеді де, өлең семантикасын вербалдайды. Жазушы бұл арқылы бірнеше мақсатты шешеді: роман оқиғасын өрбітеді; өз туысқандары мен өзге қарапайым адамдарға Абайдың көзқарасын танытады; Тəкежан аулындағы үлкен-кішіні мінездейді; белгілі бір локальді уақыттағы жəне кеңістіктегі өмір шындығы арқылы жинақталған типтік жағдайды көрсетеді; Абайдың өзін даралайды; өзінің субъективті пікірін білдіреді; мəтін түзеді. Қаламгердің негізгі объектісі Абай, ол өмір сүрген уақыт пен орта болғандықтан, романда ақынның өлеңдері мен жазушының қарасөзді баяндауының өзара əрекеттесуі, контекстік-ситуативті түрде бір-бірін толықтыруы, нақтылауы, байытуы заңды.

Жас достарымен əңгіме барысында Абайдың ел арасындағы дау-жанжалға қатысты ойларын балалық, азаматтық пейілмен сүйсінген Əбіш қолданған «Ұшқыннан алау атады!» сөзі, Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаровтың пікірінше, «əзірге əлсіз болса да, прогрессивті істің жеңбей тынбайтынына кəміл сенім білдіруді көздеген жағдайда келтіріледі. Түпкілікті жеңіс, қиындықтар мен кедергілерді түпкілікті еңсеру атап көрсетіледі» [5]. А.С.Пушкиннің «Во глубине сибирских руд...» и «К Пущину» өлеңдеріне А.И.Одоевский жазған жауаптан алынған «Из искры возгорится пламя» цитатасы о баста орыстілді тұлғаларда жағымды инвариантты қабылдауға ие. М.Əуезов бұл сөзді Əбіштің аузына салу арқылы бірнеше міндетті орындайды: Петерборда оқыған Əбіш өз кезінің саяси-əлеуметтік, демократиялық ой-пікірлерімен таныс екенін көрсетеді; əкесінің сөзіне қорытынды жасатады жəне баға бергізеді, өз кезегінде бұл жастар арасындағы көзқарастың нақтылануына ықпал етеді; мəтін модальділігін түзеді. Тек айта кету керек, арада елу жылдай өткен соң өз контексінен ажыраған бұл цитатаны екінші Мұхтар мүлде жағымсыз мəнде қолданғаны байқалады [6].

Абайдың жас шəкірттерінің бірі — Дəрменнің қалыңдығын сипаттау, мінездеу үшін жазушы Əбішке бұрын өзі оқыған роман мазмұнына сілтеме жасатады, яғни интертекске жүгінеді, онда:

«...жіңішке, сұңғақ бойлы, ашаң, жұқалаң жүзді сұлу əйел, махаббат жолына ең тұрақты сезім иесі болады депті. Толыққанды, қалың денелі əйелде тұрақты сезім сирек кездесіп, құрбандыққа шыдамсыздық көбірек ұшырасады — деп ұққаны да бар-ды. Өзі білгеннің көбін көңілде түйгенмен, сыртқа шығармайтын Əбіш, бұл сахарада жүрген қыздардың арасында Мəкенді ерекше бағалайтын».

Байқалып отырғанындай, «Абай жолы» роман-эпопеясында мұндай интертекстердің дереккөздері сан алуан: Абайдың төл туындылары, Шығыс, орыс, ислам өркениетіне сілтеме жасауға мүмкіндік беретін прецедентті есімдер, мəтіндер. Ал жазушы Абай тұлғасын ашу үшін оның танымдық кеңістігін, танымдық базасын танытатын, ашатын прецедентті құбылыстарды орнымен, уəжді қолданған. Сондықтан да əр претекске сүйене отырып, оларды роман-эпопеяның оқиғаларымен байланыстыра, салыстыра, қатар қоя отырып, оқырман сол кезең, Абай туралы мағлұмат, пікір, танымын одан əрі кеңейте түседі.

Дəл осы терминдермен болмаса да, бұл үдеріс туралы белгілі əдебиеттанушы З.-Ғ.Бисенғалидың «Абай «Қарасөздері» жəне «Абай жолы» эпопеясы» мақаласын атай кету — парыз [7].

Кез келген оқырман үшін көркем мəтіндегі ұсыну қағидатының маңызы зор. Бұл қағидатқа сəйкес, көркем мəтіндегі мəн-маңызы жоғары негізгі ақпарды өзектендіретін арнайы тəсілдер болады, олар тіл жүйесінің барлық деңгейлеріндегі бірліктермен көріне алады. Ұсыну қағидатының типтері ретінде мəтінде стильдік тəсілдердің конвергенциясы, контраст, əр алуан қайталамалар, бірігу, алдамшы сенім əсері, мəтіннің күшті позициялары (тақырып, эпиграф, бастапқы жəне соңғы сөйлемдер) қарастырылады. Нақты бір көркем шығармада бұлардың бəрі конвергенциямен де, жеке- жеке де кездесуі мүмкін.

Ұсыну қағидатына сай қарастырыла алатын құралдардың бірі ретінде көркем мəтіндегі əр түрлі келтірінді құрылымдарды атауға болады. Келтірінді құрылымдар, немесе цитация, оқырман оқып отырған шығарманы өзге функционалды жəне семиотикалық жүйе мəтіндерімен, қоғамдағы əр кезде болған маңызы түрлі дəрежедегі əлеуметтік-саяси, тарихи-мəдени деректермен ассоциативтілік негізінде байланыстырады, сол мəтіндегі жекелеген оқиғаларды өзектендіреді. Олар өздері енгізіліп отырған мəтінде ойды дамыту, мəтін түзу, бағалау, айшықтау т.б. қызметтер атқарып, екі мəтінді қатар немесе қарсы қою, салыстыру арқылы оқырманның прагматикалық əсерін қалыптастырады.

Көркем мəтіннің тілдік құрылымына оның өзінен бұрын жазылған шығармалардың образдар жүйесін, жалпы мазмұнын, концептуалды, астарлы ақпарын еске түсіретін əр түрлі үзіктер таңба ретінде кіргізіліп, алғашқы туындының, яғни претекстің, семантикасында қатталған ақпармен ассоциация жасалады. Бұл ақын-жазушының саналы немесе өз еркінен тыс басқа шығармалардан алып қолдануы таза психологиялық, тұлғалық ұстанымдарға байланысты болады. Өзі оқыған мəтіннен жадында қалған сəтті, ұшқыр сөз, сөз тіркестерін, сөйлемді қаламгер қажеттілік туған кезде өз туындысына əр қилы мақсатта кіргізеді. Ондай келтірінді элементтер оқырмандар үшін де аса маңызды, өйткені олар көркем мəтіннің өзіне түсініксіз деген тұстарын басқа көркем шығармалармен байланыстыру арқылы ашып, қабылдай алады. Осындай келтірінді элементтер алынатын түпнұсқа мəтін претекст атауымен белгілі. Прецедентті мəтіндер күшті əдеби, əлсіз əдеби жəне күшті əдеби емес мəтіндер деп үшке бөлінеді. Күшті əдеби мəтіндерге ұлттық əдебиетіміздің мақтанышы болған ақын-жазушылардың эталон деп танылған, оқырмандардың тілдік жадында сақталған шығармаларын жатқызуға болады. Мұндай мəтіндер лингвомəдени қоғам мүшелерінің басым көпшілігіне таныс болып, олардың рухани, ділдік, этнопсихологиялық ұстанымдарына сəйкестігі нəтижесінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады да, құндылығы кемімейді.

Күшті əдеби мəтіндер деп Абайдың, Махамбеттің, М.Жұмабаевтың, Қ.Аманжоловтың, М.Мақатаевтың шығармаларын атаған орынды. Осы тұрғыдан келгенде М.Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы да қаламгерлердің бірнеше буынына ықпал етіп, олардың сөз саптауына əсерін тигізгенін байқауға болады, яғни бұл ықпал интертекст ретінде вербалданған. Дəлелдеп көрелік:

Ақын Ғ.Жайлыбайдың «Ақ шуақ» өлеңіндегі метафоралардың уəжділігі оқырманды біраз ойлантады:

... Айырмай-ақ есектен түйелерді,

Тыңдамай-ақ халықтық күй-өлеңді.

Ақиқаттың тізгінін жылдар бойы

Жəдігөйлік, жылпостық иеленді [8].

Өлең кеңестік қоғамдағы жылдар бойы қалыптасқан формалды қарым-қатынасты, адамдар бойындағы селқостықты, бейжайлықты бұзып, жаңа леп əкелген сəуір өзгерістеріне арналған. Сəуірмен жеткен жақсылықты айқындап көрсету үшін социализм тұсындағы қасаңдықты, жамандықты есекке теңейді. Дəстүрлі қолданыс болғандықтан, бұл заңды да, ал оған қарама-қарсы халық арасынан шыққан таңдаулы адамдарды түйеге теңеу қазақ тілінде сөйлеушілер үшін түсініксіз, уəжсіз. Əрине, халық тілінде түйе сөзінің парадигматикасына кіретін нар тұлғалы, қара нардай, бурадай сияқты эпитет, теңеулер мен түйе балуан, наркескен, түйедей, түйеден түскендей, түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты тəрізді қолданыстар кездеседі жəне соңғы тілдік бірліктердің арасында семантикасы жағымдысы да, жағымсызы да бары байқалып тұр.

Ақын метафорасы «Абай жолы» романындағы Абай мен білімсіз орыс чиновнигінің диалогін еске түсіреді. Қаламгер жадында Абайдың өзін бағалауда түйе сөзінің жағымды коннотациясына сүйенгені қалған, соның нəтижесінде осындай тосын метафора пайда болған деген ойдамыз.

Кейбір көркем мəтіндердегі метафоралардың уəжділігі тек претекстерге байланысты болады, яғни қаламгердің тілдік, мəтіндік құзіреті өз еркінен тыс соны, тіпті окказионалды қолданыс тудыруы да мүмкін. Шығарманы оқып отырғанда мұндай метафоралар орынсыз көрініп, түсініксіз болып қалады, яғни олардың уəжділігі жетіспей, күмəн тудырып жатады. Тек тереңірек ойланып, басқа мəтіндермен байланысын тапқанда ғана, ондай қолданыстардың қаламгердің еркінен тыс, тілдік құзіреті шегінде дербес пайда болғаны байқалады.

Төмендегі өлең жолдарынан сөз өнеріне жаңадан бет бұрып, жыр додаларына қатысып жүрген жас ақынның тілдік құзіреті соны метафоралар жасауға мүмкіндік бергені байқалады:

Қысты күтем, пəктікке құмар байғұс,

Аязды аңсап, алқынып, тына алмайды іш.

Үш-ақ мезгіл мен үшін мына тірлік:

Қамқа — көктем,

Қодар — күз, Құнанбай — қыс [9].

Серік Сағынтайдың осы үзінділеріндегі метафораларға интертекстер, яғни прецедентті мəтін, символдары, негіз болған. Претексті еске салатын бұл есімдер арқылы оқырман олардың əрқайсысына тəн ерекшеліктермен ассоциация жасау негізінде жыл мезгілдерінің тосын, жаңа сипатын көз алдына əкеледі. Өйткені метафора екі контекстің бір-біріне əсері нəтижесінде пайда болған. Бұл орайда қазіргі лингвистикадағы метафора мен метафоризация процестері туралы тұжырымдамалардың арасындағы Блэк-Ричардстың интеракционистік концепциясы назар аударарлық. Осы концепция авторларының бірі — Ричардстың «Біз метафораны қолданғанда, екі түрлі зат туралы екі ойды негізге аламыз. Əрі бір мезгілде пайда болған бұл ойлар бір ғана сөздің немесе сөз тіркесінің көмегімен беріледі, бұл сөздің мəні — сол ойлардың өзара əрекеттесу нəтижесі» деген сөзіне сүйене отырып, Э.Р.Когай оның негізгі ұстанымдарын былай сипаттайды: «Екі мəн негізінде пайда болған метафора жаңа мағына құрайды, ал ол екі мəннің жай ғана қосындысы емес, ол өзінің ауқымдылығы мен сипаттау қуаты бойынша өзара əрекеттесетін əр мəннен өзгеше болады, мұның өзі сөздердің тек қарапайым салыстырылуы жөнінде ғана емес, бір-бірін байытуы туралы айтуға мүмкіндік береді» [10]. Жоғарыдағы мысал осыған айқын дəлелдеуге келеді, яғни прецедентті есімдер мен жыл мезгілдерінің атауларында жинақталған ақпар өзара бір-бірін байытып, эмоционалды, коннотациясы айқын метафора пайда болған. Ақын С.Сағынтай өлеңінің эпиграфы белгілі: «...Жиында үн жоқ. Түйенің ар жағына Қодармен тең қып асқан Қамқа, түйе тұрысымен бір сəтте үзіліп кетті. Оны бəрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір созылып, тез өле алмады... Түйені тұрғызып, бірталай ұстап тұрғанда, жиын əлі үн қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз.

М.Əуезов. «Абай жолы».

Интертекстердің барлығы да өз бойларында претекстен сақталған, қоғам мүшелерінің интерпретациясы негізінде жинақталып, қатталған көп қатпарлы, түрлі мəнді ақпардың шығарма контексіне қажеттісіне назар аудартады. Ақын теңеуімен оқырмандар М.Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Оспанның кереғар образынан оның еркелігін, еркіндігін бөліп алып, өзектендіреді:

Қалмаймын деп мынау өмір көшінен,

Жастай зерек, ғажайып күй кешіп ем.

Жан адамнан жасқанбай һəм жасымай,

Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем [11].

Ғ.Жайлыбайдың Абайға жəне М.Əуезовке арналған өлеңдерінің вербалды қабатында роман- эпопеяны еске түсіретін лексикалық маркерлер бар:

Алмайды жырдың жүлдесін ақын,

Сүлдесі солғын ғасырда.

Бел-белестерге бірге шығатын

Ерболдай дос жоқ қасымда.

 Ай көріп,

Шығатұғын күнге асықтың,

Ғұмырын кештің жырға шын ғашықтың.

Абайдың бел-белесін, өр, қиясын

Көп кезіп, сосын өзің шыңға шықтың [12].

Бұл өлеңдерде роман-эпопеяның жекелеген тарауларының аттары концептуалды-мазмұндық ақпаратты ашуға мүмкіндік беріп, оқырман интерпретациясына көмек көрсетеді.

Осы шумақтағы теңеу де прецедентті мəтінге негізделген, себебі Мұхтар қаламынан туған Ербол мен өмірдегі Ербол бір тұлға емес. Көркем мəтіндегі Ербол адал, білімді, жанашыр, Абайдың бала, бозбала шағынан осы күнге дейін өмірде бір рет, бір де бір, сəл ғана қабақ шытындырып көрмеген айнымас дос, бар туғаннан да жақын туған, өмір серік жан дос [13] болса, шын Ербол Абайға «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да...» дегізген жан [14]. Тілдік тұлғаның танымдық базасында бұл деректердің алғашқысы жақсы сақталған, сондықтан ақын қолданысында теңеу өлеңге қосымша мəн-мағына үстеп, дос жөнінде жаңа ассоциациялар тудырып, ақпаратты ұлғайтып, экспрессияны арттырады. Оқырмандар да теңеуді түсіну үшін Абай жолы романын еске түсіруге мəжбүр.

Роман-эпопея арқылы қалыптасқан танымдық базаның бір көрінісін О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» повесінен де байқауға болады. Ауырып жатқан Бөкешті емдеуге келген Қаржаудың Иə, сен Мəскеуге бармасаң, Мəскеу саған келмес, Құнанбай пəуескемен Мекеге барған екен, байлықтың буы да, сақтансаң, сақтайды құдай-екең, аурып-сырқамай отыра алмайсың, ырысты белшеден кешіп жүргенде, қор жинамаған да екенсің деген бағалауы да претекстен туындағаны сөзсіз, яғни кеңес идеологиясының салқынымен пайда болған Құнанбай бейнесі сол кезеңдегі тілдік тұлғалардың танымдық базасында сақталып, орнығып қалғаны көрінеді.

Интертекстуалды элементтер көркем мəтін авторының претекстің өзіне немесе претекст авторына, прецедентті құбылыстар арқылы көрінетін түрлі экстралингвистикалық факторларға субъективті пікірін, бағалауын эксплицитті, имплицитті түрде көрсетеді. Белгілі бір прецедентті құбылысты өз шығармасына претекст ретінде кіргізуінің, оны лингвомəдени кеңістік пен когнитивтік базадан өзектендіріп алуының өзі қаламгердің оны бағалауын көрсетеді. Байқалып отырғанындай, жастары əр түрлі болса да, бір лингвомəдени қоғам мүшелері ретінде бұл қаламгерлер үшін «Абай жолы» роман-эпопеясы поэзиялық жəне прозалық мəтіндерге күшті əдеби претекст болып отыр. Ақын-жазушылар үшін романның образдар жүйесі, жекелеген сөздері эталон ретінде танылып, оларға жаңа мəтін түзуге мүмкіндік берген. Ал мұның өзі жоғарыда айтылған «Əуезов мектебі» бар екенін, оны танытудың бір жолы екенін көрсетеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Əуезов М.О. Тіл жəне əдебиет мəселесі / Əуезов Мұхтар. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — 19-т. — Алматы: Жазушы, 1985. — 258-б.
  2. Əуезов шығармашылығы бойынша қорғалған диссертациялар // kz/kk/node331
  3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. — Алматы: Санат, 1997. — 13, 14-б.
  4. Есенова Қ.Ө. Мұхтар Əуезов публицистикасының тіл өрнектері. — Алматы, 2005. — 135 б.
  5. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. — М.: Рус. яз., 1983. — 269 с.
  6. Адилова А.С. Функционирование прецедентных высказываний в казахском тексте // Слово, высказывание, текст в когнитивном, прагматическом и культурологическом аспектах: Материалы VІ Междунар. науч. конф. — Т. 2. — Челябинск: Изд. Челяб.ГУ, 2012. — С. 76–78.
  7. Бисенғали З.-Ғ. Абай «Қарасөздері» жəне «Абай жолы» эпопеясы // Əуезов жəне əлем əдебиеті. — Алматы: Қазақ ун- ті баспасы,
  8. Жайлыбай Ғ. Жүрегімнің жұлдызы. — Алматы: Шартарап,
  9. Сағынтай С. Жазу. — Астана,
  10. Когай Э.Р. Метафора как средство создания индивидуально-авторской картины мира. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2002. — С.
  11. Жақыпбаев Ж. Лəйла. — Алматы: Атамұра,
  12. Жайлыбай Ғ. Жүрегімнің жұлдызы. — Алматы: Қайнар,
  13. Əуезов М. Абай жолы. — Алматы: Жазушы,
  14. Абай. Энциклопедия. — Алматы: Атамұра,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.