Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының  қалыптасу тарихы мен ұйымның  даму жолындағы мақсаттары мен міндеттері айқындалады.  Жаһандану жағдайында Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аймақтық денгейінің маңызы артып келеді. Осыған байланысты аймақтың елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігі күшейді. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бірқатар көпжақты институттардың, соның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде іске асып жатыр.
2012

Бұл өмірде барға қанағат, жоққа сабырлық қылып, айналасын жау, өмірін түнек көрмей, қолы жеткен несібесін Алланың рахымы, балаларымның ризығы деп қабылдайтын жайсаң жандардың бақыт туралы түсінігі, шынымен де, өзгеше. Дабырлап жеткен атақтан, қымсына келген сыйластықты көңіл төріне шығаратын жандар бұлар. Омырауға таққан орденнен, арқадан қаққан алақанның жылуын тəуір көретін асылдар олар... Мен бүгін сондай бір азамат туралы əңгіме етпекпін. Ол ерке еді, өмірге, айналаға еркелеп жүретін. Өзі өмір сүру үшін емес, өмір бұл үшін жаралғандай болып жүретін. Жан-жағына жалтақтамай, бұқпай-жалтармай, Жаратқанның берген дарыны мен білімін алға салып, алшаңдай басып өтті. Қалағанын жаңылмай тапқан адамдар ғана осыңдай риза көңілде болатын шығар. Оның қалағаны ғылым болатын. «Дін — ғылымның анасы, ғылым — діннің баласы», — деп атам қазақ ғылым-білімді имандылық шуағынан жаратып қарайды. Жасыратыны жоқ, ғылымды бұл биік қасиеттен ада қылып, қарақан басының қамына дейін төмендетіп алған адамдар да жоқ емес. Бірақ бір дəуірдің ғылымын алғанда бұл мұхиттың жанындағы шалшықтай ғана ғой. Қуантатыны да сол. Ал шын ғалымдардың бейнесін мен қазақтың біртуар азаматы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Дүйсетай Аймағамбетұлы Шаймұханов арқылы көрсеткім келеді.
2012

XIX ғасырдың басында болған орыс-швед соғысының нəтижесінде Финляндия жаулап алынып, 1809 жылдан 1917 жылға дейін Ресейдің құрамында болды. Батыс державаларында аландаушылық тұғызбау үшін Ресей билеушілері Финляндияны автономия ретінде ұстап, оған кейбір кеңшіліктер берді, мысалы, басқару органы Сеймге, аздаған қарулы күштердің қызметіне рұқсат берді, тіпті орыс- финлянд шекарасы белгіленді, ол Ресей астанасы — Петербургтен 32 км жерде өтті. Бірақ Финляндияның билеушісі орыс императоры болып есептелді, ал фин жеріндегі билікті патшаның атынан орыс генерал-губернаторы жүргізді. Əрине, бұл ерекшеліктерге Финляндия Ресейдің құрамында болғанша көп мəн берілмеді, бірақ 1917 ж. Ресейдегі Ақпан жəне Қазан төңкерісінен кейін орыс-финлянд қатынастарында күрделі проблемалар пайда болды.
2012

Мақалада Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дəуірі тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік- экономикалық жəне қоғамдық-саяси дамуына жалпы ғылыми тұрғыдан шолу жасалған. Д.А.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері жəне дипломаты бола білді. Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тəжірибесін жəне ұйымдастырушылық қабілетін жұмсай білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, əлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Автор Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде қалыптасуында Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбегіне, сонымен қоса Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Д.А.Қонаевтың саяси тұлғасына оң баға бергендігіне тоқталған.
2012

Мақала қазіргі заманның аса көрнекті партия жəне мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың ерен еңбегі мен қызметін көрсетуге арналды. Көптеген деректі материалдарды пайдалану арқылы осы кісінің Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына қосқан зор үлесі айқындалды. Сонымен қатар Д.Қонаевтың басқару кезеңіндегі Қазақстан Кеңес Одағының ең ірі жəне дамыған республикаларының біріне айналғаны көрсетілді.
2012

Мақалада қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне қатысты мəселелер зерделенді. Осы  мəселе шеңберінде ұлттық дəстүр, халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық рух жəне ұлттық сананың өзіндік ерекшеліктері жан-жақты талданды. Сондай-ақ қазақ халқының мыңжылдық тарихы бар даналығы ұлттық мұрат тұрғысынан зерделеніп, кең құлашты зерттеулерді қолға алғызғандығы мəселесі көтерілді. Сонымен бірге рухани құндылықтар ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу идеясына дейін көтерілді. Ұлттық рухты дəріптеу жолдары талданды. Себебі ұлттық сана мен сезімді ұлттық біртұтастылық анықтайды.
2012

Мақалада Шəкəрім Құдайбердіұлының ғылым туралы ой-толғамдары сараланды. Ойшыл көтерген «затшылдық ғылым» түсінігінің мəні тарихи-философиялық контексте талданды. Оның қазіргі замандағы   мəн-маңызы   мен   өзіндік   сипаты   бағамдалды.   Шəкəрім   Құдайбердіұлы     көрсеткен «затшылдық ғылымға» тəн басты сипаттар айқындалған.
2012

Мақалада Гарри Трумэн əкімшілігі тұсындағы Жапония мен АҚШ арасындағы əскери-саяси қарым- қатынастардың қалыптасуы қарастырылған. Автор бұл саясатта теориялық негіз болған «коммунизмді тежеу» деп аталған АҚШ-тың сыртқы саяси доктринасына тоқталған. Сонымен қатар Жапония мен АҚШ-тың əскери-саяси одақты орнатуға бағытталған басты құқықтық негізі мен бірлескен əрекеттері жан-жақты зерттелген.
2012

Мақалада түрк этнолингвистикалық «шағатай» терминінің шығу тегі тарихын анықтаған ресейлік түркітанушылардың мəліметтері зерттелді. Ресейлік түркітанудың негізін салған жетекші мамандардың зерттеулер нəтижелері талданды. Сондай-ақ отандық шығыстану тарихы үшін аталмыш тақырыптың зерттеудегі мəселелері мен болашағы анық қойылған.
2012

Мақалада ғылым жəне тəжірибедегі əлеуметтік педагог қызметінің психологиялық негізі мен мазмұны қарастырылды. Əлеуметтік педагогика қызметінің негізінде кəсіби қызметті қамтамасыз ететін қағидалар айқындалды. «Психикалық» жəне «психологиялық» ұғымдарының əлеуметтік педагог қызметіндегі алатын орны анықталды. Педагогика ғылымындағы əлеуметтiк-педагогикалық компонент мəнiнiң қазiргi анықтамасы баяндалды. Психоəлеуметтік жұмысының мазмұны, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің нақты социум жағдайындағы білім алуы, тəрбиесі, дамуы мен өзін-өзі жетілдіру сұрақтарының мəні ашылды. Түбегейлi орын əлеуметтiк-педагогикалық қызметiнің ғылым жəне нақты тəжiрибедегі ерекшелiгiн, құрылымын, бағыттарын қарастыруға берілген.
2012

Қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі, Қоқан автономиясының тұңғыш Премьер-министрі, зерттеуші-тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі бейнеленген. Оның темір жол құрылысы мен пайдаланылуы саласындағы ірі маман ретіндегі Түрксіб құрылысына, Қазақстанның алғашқы астаналарын техникалық жағынан абаттандыруға, республиканың ірі қалаларының қалыпты қызмет атқаруы үшін өмірлік маңызды байланыс тараптарын жүргізуге қосқан үлесі суреттелген. Оның тарих, этнография, əдебиет ғалымдарының, қазақ халқы мəденитінің өзекті мəселелерді түбегейлі зерттелген шығармаларына көңіл бөлінген.
2012

Мақалада Алашорданың көрнекті өкілі — Телжан Шонановтың өмірі мен қызметіне  назар аударылған. Ол өз уақытының білімді адамдарының бірі болғандығы жөнінде баса айтылған. Оның тарихтың, əдебиеттің, тілдің, жағрафияның, педагогиканың өзекті мəселелері қызықтыратын ғалым- энциклопедист ретіндегі тұлғасына сипаттама берілген. Алашордашылар қатарындағы қоғамдық- саяси қызметімен қатар, оның өткен ғасырдың 20–30-жылдары отандық ғылым мен ағарту білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі айрықша бөлініп көрсетілген. Оның аграрлық саясаттың əр түрлі тұстарымен жəне ең алдымен Патшалы Ресей мен бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның жер саясатымен байланысты тарихи зерттеулерінің маңызы ашылған. Сол кездегі уақыт талабынан туындайтын елдің оқу орындарына арнап білімнің əр түрлі салалары бойынша жазылған оқулықтарды, оқу жəне əдістемелік құралдарды жариялаумен байланысты сан қырлы қызметіне баға берілген.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.