Статьи, год 2013

Қазіргі қазақ тілінің антропологиялық бағыттағы зерттеулерінде түр-түске ерекше көңіл бөлініп, тың зерттеулер жасалынып жүр. Қоршаған ортадағы шындықты көп жағдайда түр-түс арқылы қабылдаймыз жəне де түр-түс атаулары əр халықтың мəдени коды болып табылады. Авторлар түр-түс арқылы қалыптасқан символдар жəне символдың өзіне тəн архетиптілік, уəжділік жəне бейнелілік секілді негізгі белгілерін сөз етеді. Шетелдік ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, символға тəн белгілердің ерекшеліктерін көрсетті.
2013

Мақалада морфология саласында бұрыннан сөз болып келген еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары сөзжасамдық жүйе тұрғысынан қарастырылды. Морфологияда еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары грамматикалық мағына, форма тұрғысынан қарастырылып келсе, сөзжасамдық жүйеде бұл сөз табының мағына түрлері арқылы жасалатынына назар аударылды. Осы сөзжасамдық, мағына түрлері нəтижесінде сөздердің де лексикалық мағынасы да да ауысатыны, түрленетіні деген секілді мəселе де нақты мысалдармен дəлелденіп көрсетілді.
2013

Мақалада оқушылардың тіршілік əрекеті қауіпсіздігінің негіздері жөніндегі басты мəселелер қарастырылған. Тіршілік əрекеті қауіпсіздігінің негіздерін оқытуға арналған ұлттық ойындардың түрлері сипатталған. Салауатты өмір салты мəселелері жөніндегі психологиялық-педагогикалық аспектілерге талдау жасалған. «Салауатты өмір салты» түсінігінің мəніне талдау жүргізілген. Оқушыларды ұлттық ойындарға тəрбиелеу мəселесі жан-жақты талқыланған
2013

Жалпы білім беретін орта мектептегі геометрия пəнінің «Стереометрия» курсын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Сол ақпараттық технологияларға арналған бағдарламалық өнімдер сипатына қарай қолданылатын бағытына сай болуы қажет. Мақалада бірнеше бағдарламалық өнімдер сипатталып, олардың мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар арнайы бағдарламаны қолдану арқылы сабақ өткізу үрдісінде болатын тиімділіктер талданған. Дəстүрлі оқыту мен ақпараттық-техникалық құралдарды қолданып, оқытудың айырмашылықтары мен артықшылықтары сабақтың əрбір кезеңі үшін көрсетіліп, толық баяндалды.
2013

Заманауи компьютерлік технологиялар оқу үрдісін дамытуда үлкен мүмкіндіктер туғызуда. Жалпы білім беретін орта мектептердегі математика пəнін оқыту үрдісінде мультимедиалық құралдарды қолдану əрбір құралдың сипатына сəйкес болуы керек. Мақалада дəстүрлі оқыту əдістерімен қатар заман талабына сай орын алып келе жатқан мультимедиалық құралдардың алгебра пəнінде қолданылуы сипатталды. Сонымен қатар оқу үрдісінде орын алатын дидактикалық мəселелер талданды. Қарастырылатын əрбір мультимедиалық құралдың ерекшеліктері толық ашылып, баяндалды.
2013

Мақалада бiлiм берудің ең маңызды аспектiсi ретінде дүниетанымға сипаттама берілген. Дүниетаным мəселелерiне мектеп оқушыларының жеке қарым-қатынасын тəрбиелеудегі оқу процесiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі ретінде анықталып, зерттеудің алғашқы қадамы болып отыр. Авторлар мектептің оқу-тəрбие процесінде дүниетаным мəселелеріне оқушылардың жеке қарым-қатынастың тəрбиелеудің негізгі жолдары мен шарттарын ұсынады. Дүниетанымның негізгі ұғымдары, оның мəні мен құрылымы, дүниетанымдық мəселелердің шеңбері жəне олардың мазмұны қазіргі ғылыми ұсыныстармен анықталып, қазіргі заманғы оқушылардың түсінігіне сай анықталды.
2013

Мақалада еңбек технологиясы сабақтарын пəнаралық байланыстар негізінде оқытудың əдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар еңбек технологиясы сабақтарында технологиялық процестің ғылыми негіздерін ашып, «Технология» сабағында пəнаралық байланыс негізі бойынша нақты əдістемелік нұсқаулар берген.
2013

Білім саласында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Мақалада желі арқылы жүзеге асырылатын бұл технологияның мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен бірге инновациялық технологияның тиімділіктері талданып, қашықтықтан оқыту технологиясын құру ережелері сипатталған. Ақпараттық технологиялармен оқытудың ұтымдылығы мен қашықтықтан оқыту үрдісін аутоматтандыру үшін қажетті компоненттер айқындалды. Желіде өткізілетін сабақ түрлерінің айырмашылықтары мен артықшылықтары көрсетіліп, мазмұны жағынан толық ашылып, баяндалды.
2013

Мақалада орта жəне жоғарғы кəсіби-техникалық білім берудің дуалды жүйесі қарастырылған. Оқытудың теориялық жəне практикалық қызметінің тепе-теңдігін қалыптастыру ерекшеліктері зерттелген. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден аса орта жəне жоғарғы кəсіби-техникалық білім беру мекемелерінде ауыл шаруашылық, жол қозғалысы, металл өңдеу, машина жасау, мұнай жəне газ өндірісі салаларында дуалды элементтер кадрларын дайындау шарттары анықталған.
2013

Мақалада студенттердің интеллектуалды шығармашылық даму мəселесі, олардың өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделуі жəне шетел тілі бойынша оқу үрдісінде жобалар əдісін қолдану арқылы сыни ойлау ептілігі қарастырылған. Жалпы алғандағы жобалық технологияның мəніне жəне жеке алғанда шетел тілдерін оқыту аясында оның қолданылуының ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалған.
2013

Мақалада бакалаврларды кəсіби дайындаудағы тұлғаның шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру мəселесі қарастырылды. Сəндік-қолданбалы қолөнерінің негіздерін оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударылған. Дəстүрлік қолөнерінің ерекшеліктерін, жаңа шығармашылық шешімдерін қалыптастырудағы негізгі бағыттар сипатталған. Бұйымды дайындау үдерісіндегі қазіргі заман технологияларын қолданудың теориялық негіздері талданған. Сəндік-қолданбалы қолөнері саласы бойынша əдістемелік сипаттағы білімдер мен тəжірибелік дағдылар жүйесі берілген.
2013

Мақалада SOS Балалар ауылының шетелде жəне Қазақстанда пайда болуының тарихи аспектілер, ата- ана қамқорлығынан айырылған балалармен əлеуметтік-педагогикалық жəне əлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуының негізгі қарастырылды. Авторлар əлеуметтік педагог Герман Гмайнердің жетім балалардың құқығын қорғау бойынша əлеуметтік қызметіне көп көңіл бөлген. Олар интернаттық мекемелердегі əлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүйесінің əдістемелік жəне басқарудың жəне қаржыландыру негізін зерттелген. Материал тарихи кезектілікпен орындалған, логикалық жағынан дұрыс құрастырылған.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.