Қазіргі халықаралық қатынастарда этникaapaлық жәнe этнocaяcи қaқтығыcтap caяcи-қoғaмдық өмipдeгi мeмлeкeттep apacындaғы дәcтүpлi қaқтығыc түpiнe aйнaлып кeлe жатқандығы белгілі. Сол ретте этникааралық қақтығыстар мәceлeci xaлықapaлық қaтынacтapдa ғaлымдapдың, caяcи тұлғaлapдың жәнe бacқa дa әлeм көшбacшылapының нaзapын өзiнe aудapып oтыp. Этноаумақтық этникалық қақтығыстардың шығу астарында ең алдымен бір этникалық топтың қандай да бір аумақта тұруы және оны басқару құқына ие болу мақсатында туындайтын дау-дамайы жатары сөзсіз.
Бүгінгі ғылымдағы белгілі этникааралық қақтығыстардың ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, этникааралыққа – кез келген нысандағы қақтығыстар (ұйымдасқан саяси қимылдар, жаппай тәртіпсіздік, сепаратистік толқулар, азамат соғыстары және т.б.) жатқызылады. Олардың басты ерекшеліктерінің бірі – этникааралық қақтығыстар кешенді, күрделі құрылымды сипатта болуы, этностың түпкілікті мақсаты жеке мемлекеттілікке ұмтылуы, сондай-ақ этникалық дағдарыстың «пісіп жетілуі» үшін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша төмен және рухани жағынан да (діни шектеулік, ана тілін пайдалануды шектеу, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сыйламау) этнос өзінің кемсітілгендігін сезінуі тиіс.
Жалпы этносаяси қатынастардың өзі қақтығысқа бейімді болып келеді деп есептелінеді. Оған саяси қателіктер қосылса, олардың жарылыс әлеуеті бірнеше есе артатыны сөзсіз. Ал аталған себептердің нәтижесінде орын алған этникалық қақтығыстарды реттеу үшін, бірнеше қағидаларды басшылыққа алған дұрыс:
- Қақтығысты заңдастыру – үкіметтік құрылым тарапынан және қақтығысушы тараптар жағынан талқылау мен шешуді талап ететін қақтығысты, мәселенің болуын ресми мойындау;
- Келіссөздер үдерісін ұйымдастыруда бітімгершілік институтын енгізу;
- Қақтығысты реттеуде ақпаратпен қамтамасыз ету, келіссөздердің жариялылығы, ашықтығы және қақтығыс жөнінде қызығушылық танытқан барлық азаматтарға және тағы басқаларға қақтығыстың даму барысы жөніндегі ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін жасау.
Әрине, этносаяси қақтығыстардың өрбуіне жол бергенше, оның алдын алып, қақтығысты жағдайға жеткізбей, барлық мәселені бейбіт түрде шешу бүгінгі заман талабы болып табылады. Сол себепті ұлттық мемлекеттің саясаты да осыған бағытталғаны дұрыс. Осы орайда «Ынтымақтастықты» қолдау қақтығысты тоқтатудың тиімді тәсілдерінің бірі [1]. «Ынтымақтастықты» қолдау және нығайту қақтығыстың алдын алудың, ескертудің барлық әдіс тәсілдерінің ортақ мәселесі болып табылады. Оны шешу кешенді сипатқа ие және өзіне бірнеше тәсілдерді: әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушы-басқарушылық және адамгершілік сипаттағы тәсілдерді жатқызады.
Этнocapaлық қaқтығыcтapдың дaмуынa негізгі ceбeптepмен бірге бacқa дa жaғдaйлap әcep eттi: бipiншiдeн, oлap қaншaлықты кeң тapaлaды, қaндaй көлемді aлaды (яғни, aумaқ, қaндaй aумaқ eкeндiгi – жaзық, тaулы, opмaнды, бaлшық- ты жәнe т.б.); eкiншiдeн, қaндaй қoныc түpiнiң тұpғындapы қaқтығыcқa қaтыcaды (үлкeн қaлa, кiшi қaлa, aуыл жәнe т.б) [2].
Coнымeн қaтap, қaқтығыcтың дaму қapқындылығы мeн уaқыты мaңызды. Ceбeбi, қaқтығыc қaншaлықты ұзaққa coзылca, oдaн шы- ғу coншaлықты қиын екені хақ. Қaқтығыcты әлcipeту тәciлi eң нeгiзгi құрамдас бөліктерді нeмece тoптapды aлып тacтaуғa (мыcaлы, қoғaм aлдындa бeдeлiн түcipу жoлымeн) мүмкiндiк бepeтiн шapaлap көмeгiмeн қaқтығыcқa қaтыcaтын күштepдi бipiктipу нeмece кeлiciмгe, кeлiccөзгe бeйiм тapaптың күшiн қoлдaу бoлып тaбылaды. Қaқтығыcты peттeу үдеріciндe қaқтығыcушы тapaпты бipiктipe aлaтын фaктopлapдың әcepiн жoю мaңызды бoлып тaбылaды.
Этникааралық қақтығыстардың шығуы мен өрши түсуінің, жанжалдың қарулы қарсыластыққа ұласуы мен шешу жолдарының барысын Босния мен Герцеговина қақтығысын талдау нәтижесінде айқын көруге болады. Балканда тұрақтаған және кейін кейбіреулерінің югославтық мемлекеттің құрамына кірген халықтардың бар тарихы – этникалық аумақтар мен мемлекеттік шекаралар арасындағы қатынастың бірден бір дұрыс шешімін табуға деген ұмтылысы еді. Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропа халықтарының әрқайсысын мазаландырған ұлттың өзін-өзі билеу тағдыры, мәні мен түрі жөніндегі мәселе, оңтүстік славяндардың полиэтникалық қауымдастығының ішкі өзара қатынастары мен тағдыры жөніндегі мәселе және Балканның аймақ ретінде даму заңдылықтары мен тағдыры жөніндегі мәселелер – ғасыр бойы өзара тығыз шырмалып жатыр. Әрбір мәселе өзіндік тарихқа, өзіндік мазмұнға, азды-көпті шиеленісудің өзіндік сәттеріне ие болғаны белгілі.
1992 жылдың 1 наурызындағы Босния мен Герцеговинанының тәуелсіздігінің жариялануы ұлтараздықтың басталуына әсер еткен соңғы қозғаушы күш болды. Сонымен бірге, бұған дейін 1990 жылғы парламенттік сайлаулардан кейінақ шиеленісті жағдай әлі ашық түрде байқалмаса да ушыға түскен болатын. Парламенттік сайлаулардан кейін билікке келген Демократиялық Іс-қимыл мұсылмандық партиясының көшбасшысы Алия Изетбегович мұсылмандарды жақтаған және сербтерге қарсы бағытталған өзінің саяси бағдарламасын жүзеге асыру ниетінде болды [3]. Изетбеговичтің мұсылмандық мемлекетті құруда шариғат заңдарын енгізуді көздеуі, мұсылмен емес халықтың бірқатар құқықтарынан айырылуына әкелері сөзсіз еді. Босния мен Герцеговинада мұсылмандар басым көпшілікте болмауынан (республикада ешбір халық басым көпшілікке ие болған жоқ), католиктік хорваттар мен православтық сербтер де өздерін мемлекетті құрушы халықпыз деп есептеп, тең құқықты талап етті. Босния мен Герцеговинанының тәуелсіздігінің жариялануына және босниялық көшбасшы А. Изетбеговичтің іс-әрекеттеріне наразылық ретінде хорваттар өзінің Герцог-Босна, ал сербтер – Сербтік Республикасын құрды. Қарар көзге қақтығыс аумақтық сипатқа ие сияқты болғанымен, оның астарында діни-этникалық фактор да жатқан еді.
Яғни, босниялық қақтығысты өршіте түскен негізгі факторлар: біріншіден, экономикалық – бұл барлық үш тараптың тек саяси элиталарына қатысты болды, өйткені олар үшін аймақтағы өзіндік экономикалық мақсат-мүдделерін сақтап қалу мен дамытуды маңызды деп есептеген болатын. Екіншіден, жоғарыда атап өткендей, діни – бұл тұрғындардың басым бөлігіне қатысты еді, әсіресе ауылды жерлердегі, өйткені онда этникалық бірыңғайлылық басым болды (қандай да бір ұлт өкілдерінің тығыз тұруынан), ал қала тұрғындары болса көбінесе әлдеқайда аралас келген. Басым көпшілік діни факторды қақтығыстың серпіні ретінде қабылдағанымен, саяси элита үшін діни фактор тек үстіртін рөл ғана атқарды. Сонымен бірге қақтығысқа қатысқан хорваттық жетекші Франжо Туджман, сербтік жетекшілер Слободан Милошевич, Радко Младич, Караджич сияқты көптеген саяси көшбасшылар дінді толыққанды қабылдай қоймаған бұрынғы коммунистер еді [4]. Үшіншіден, биліктік бұл фактор тағы да тек елдегі оппортунистік пиғылдағы саяси элитаға қатысты болды, мысалы сербтік көшбасшы С. Милошевич сияқтылар елдегі коммунистік тәртіптің күйреуін сезіне отырып, сонда да билікте қалу үшін қақтығысқа әкелген ұлтшылдық тұжырымдасын алға тартты. Төртіншіден, БАҚ-тағы үгіт-насихат – қақтығысқа қатысушы әр тарап нақтылы бір БАҚқа бақылау орнату барысында қақтығыс туралы өздеріне ғана тиімді ақпарат бере отырып, қарсыластардың жауыздық келбетін қалыптастыруға талпынған еді. Бесіншіден, сербтердің мұсылмандық биліктің қол астында қалу қорқынышы сербтерді 90-жылдардың басында Босния мен Герцеговина парламентінде көпшілік дауысқа ие болған босняктар көшбасшысы А. Изетбеговичтің исламға негізделген саяси тәртіп орнатады деген қорқыныш сезімі биледі.
Сондай-ақ, бұл қақтығысты тежеген бірнеше негізгі факторларды да атап өтуге болады: біріншіден, қатысушы үш этникалық топтың тең дейгейде болмауы, мысалы сербтер мен хорваттар Сербия мен Хорватия мемлекеттерінің қолдауына сүйеніп жақсы қаруланған болса, босняктарда ондай қолдаудың болмауы, өйткені қақтығыстың өзі Босния мен Герцеговинада жүріп жатты. Сондықтан да соғыстағы ең қауқарсыз тарап босняктар болды. Екіншіден, тараптардың жоғары деңгейде зайырлы болуы – яғни қақтығысты көпшілік діни негізде деп қабылдауына қарамастан, қақтығыс басталғаннан кейін ғана діни сипатқа ие болды, сондықтан қақтығыстың шығуына діни фактор себепші болған жоқ, қайта қақтығыстың діни сипатқа айналуын тежеген болатын. Үшіншіден, этникалық – босняктар, хорваттар, сербтер славян болғандықтан, олардың арасында көп айырмашылық жоқ еді, олардың тілдері ұқсас, сыртқы келбетінде көп өзгешелік білінбейді. Қала тұрғындары қақтығысқа дейін көршілерінің қай ұлттың өкілі екеніне де көңіл бөлмегендіктерін айтады, өйткені олар бір-бірін ұлтына қарай ешқашан бөлмеген. Тек қақтығыс басталғаннан кейін ғана этникалық бөлініс қақтығысты негізгі сипатына айналған болатын, кейін ғана халық әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін айқын көре бастады. Төртіншіден, батыстық қауымдастық пен әлемдік ұйымдардың пікірі болашақта батыстың қолдауына ие болу үшін Босния мен Герцеговинадағы әрекеттерінде тараптардың әр қайсысы батыс алдында жағымды жағынан көрінуге талпынды.
Жалпы, кақтығысқа қатысушыларды үш топқа жіктеуге болады, олардың бірінші тобына – үш халықты, Босния мен Герцеговинаны мекендеген босниялықтар, сербтер, хорваттарды жатқызуға болады. Бұл үш халық бір-бірімен ашық әскери қарама-қайшылықта болды. Католиктік хорваттар мен мұсылмандық сербтер православтық сербтерге қарсы күресті. Екінші топта: ЮСФР (Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы) Үкіметі, Босния мен Герцеговинаны мекендеген сербтерге көмектескен Сербия, босниялық хорваттарға қолдау көрсеткен – Хорватия. Ал, үшінші топта: Еуропалық Одақ, НАТО, БҰҰ, АҚШ, кейбір мұсылман мемлекеттерінің үкіметтері. Қақтығыстағы бұл үшінші топ негізінен мұсылмандар мен хорваттар жағын жақтап, оларды атышулы сербтік басқыншылықтан қорғауға атсалысты.
Осы қақтығыстағы негізгі үш этникалық топтың да түп-мақсаты әр қилы болды: сербтер – Босния мен Герцеговинаның унитарлы мемлекетке айналуы Сербтік Республиканың Сербияға қосылу мүмкіндігін жоятындығынан қауіптеніп, Босния мен Герцеговина аумағында этникалық тазартуды жүргізіп, соның негізінде басым көпшілігі сербтік тұрғындардан тұратын Сербия құрамындағы республиканы құру; ал, хорваттар – биліктің толығымен боснийлік-мұсылмандардың қолына шоғырлану мүмкіндігінен қауіптеніп, теңізге шығатын стратегиялық маңызды аумақты молынан қамту барысында, болашақта Хорватияға қосылу мүмкіндігіне ие болу; босняктар – сербтер тарапынан геноцидтің жалғастырылуынан және Сербтік Республиканың бөліну мүмкіндігінен қауіптенді. Жалпы, босняктар – қақтығыстағы ең әлсіз тарап болды, қақтығыстың ұзаққа созылғанын қаламады, босняктарды жан-жақты қолдайтын өзіндік этникалық тәуелсіз мемлекеті болмағандықтан, қақтығыс барысында ең көп зардап шеккендер еді. Дегенмен де, Босния мен Герцеговина астанасы Сараевоны бақылауда босняктар басымшылдыққа ие болуға ұмтылды.
Қақтығысты болдырмау мүмкіндігі қандай деңгейде болды деген сауал кез келген қақтығыс барысында көпшілікті мазаландыратыны белгілі. Олай болса осы аталмыш қақтығыстың алдын алуға болар ма еді? Ия, егер тараптар Босния мен Герцеговинаның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін келіссөздерге отырған жағдайда қақтығысты болдырмауға болатын еді, тек қақтығысты болдырмау, тараптардың саяси көшбасшыларының мүдделеріне қайшы келді, әсіресе сербтік коммунистік көшбасшыларын ең алдымен Еуропа мен Югославиядағы социализмнің ыдырауынан кейінгі өздерінің саяси мансабының болашағы толғандырды. Сол ретте, тараптар арасында ымырашылдықтың болмауын қалады, өйткені қақтығыстың алғашқы сатысында ымырашылдыққа қол жеткізген- де, қарулы қарсыластыққа ұласқан жанжалды (Босния мен Герцеговинаның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі) өршітпеуге болатын еді. Бұл этносаяси қақтығысты тоқтатқан Дейтондық келісім, өзара ымырашылдық негізінде емес, ең алдымен тараптардың ықтымақтастығына негізделіп құрылған болатын [5]. Яғни, соғысты тоқтатуға және бүгінгі Босния мен Герцеговинаның мемлекеттік және саяси құрылымының қалануына негіз болған, АҚШ ұсынысымен жүзеге асқан Дейтондық келісімдер тараптарды бір-біріне жеңілдіктер (аумақтық, саяси лауазымда) жасауға міндеттеген еді.
Бүгінгі күні өткен шақтағы қақтығыстарды сараптау, әрине әлдеқайда жеңілірек, ал қақтығыс басталған кезде қақтығысқа қатысушылардың көздеген мақсат-мүдделерін толықтай ашу мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі екендігі белгілі. Дегенмен де, әр тараптың саяси ұстанымын қақтығыстың алғашқы сәтінде толыққанды айқындауға талпыну нәтижесінде жанжалдың алдын алу мүмкіндігі арта түсетіні хақ.
Әдебиеттер
- Шемякин Я.Г. Этнические конфликты: цивилизационный ракурс //Общественные науки и современность. – №4. – 1998. – С. 49-50.
- Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология: учебник для вузов. – М., 2004. – С.
- Соколова Е. Регулирование региональных конфликтов:уроки Боснии //Космополис. – №2 (18). – 2007. – С.
- Сидоренко А. Босния и Герцеговина: в поисках выхода из «навязанного» федерализма // Власть. – №7. – 2009. – С.
- Боснийский конфликт 1992-1995 г. Дейтонские соглашения//http:// natiwa.ru/ articles/bosnia/history/bos_dayton. html. 29.11.2011.