Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экзотоксикоздан кейін эндоэкологиялық реабилитация жүргізілген егеуқұйрықтар кызыл иегінің морфологиялық құрылымы

Хлорлы кадмиймен созылмалы уландыру қызыл иектің эпителий қүрылымындағы жасуша аралық кеңістіктің (ЖАК) артуына және десмосомалық (ДС) контактілердің көлемдік тығыздығының төмендеуіне, эпителиальді жабындының өткізгіштік қасиетінің жоғарылауына алып келді. Эпителиоциттердің ультрақұрылымындағы өзгерістер, сол жасушалардағы белокты синтездейтін функциялардың төмендеуі мен катаболизм процестерінің басымдылығын көрсетті. Тагансорбентті қолдану аталған өзгерістерді едәуір қалпына келтеріп, протекторлық әсер көрсеткені анықталды.

ДД¥ мэліметтері бойынша қауіптілік дэрежесі жағынан пестицидтер бірінші орынды алса, екінші орында ауыр металдар тұр. Олардың ішінде қоршаған ортада техногенді түрде қарқынды жиналып жатқан ең қауіпті ластаушылар қатарына Hg, Pb, Cd, Zn жатады *1, 2, 3+. Қазақстанда мұндай аймақтар жоқ емес, көптеген өнеркэсіп орталықтарындағы атмосфералық ауада кадмийдің мөлшері ШЖК едэуір асады *4, 5+, ал Шығыс- Қазақстан облысында ауыз суының ауыр металдармен ластануы ШЖК 100 жэне одан да көп есе артық [6]. Соныменен, Қазақстан үшін кадмиймен ластану мэселесі, өзекті мэселелердің бірі.

Шын мэнісінде қоршаған ортаның жэне тағам өнімдерінің эртүрлі токсиндермен, ауыр металдармен ластануына байланысты, жағымсыз экологиялық факторлардан адам денсаулығын қорғау, қазіргі кездегі басты мэселе болып отыр [7, 8]. Сірэ, осы мэселені шешу барысындағы ізденістерде мүмкіндік беретін бағыттың бірден-бірі, ағзаның ішкі ортасын уытсыздандырып, ұлпалар мен оның лимфалық аппараттарының резистенттілігін арттыру үшін эртүрлі энтеросорбенттерді қолдану *9, 10, 11, 12+. Сондай сорбенттердің ішіндегі жаңа ұрпақ, алғашқы Қазақстандық адсорбциялық детоксикациялық қасиетке ие Тагансорбент, негізінен натрийлі монтмориллониттен жасалған, организмге жағымды комплекстік эсер көрсетуі бойынша басқа жасанды жэне табиғи энтеросорбенттерден едэуір жоғары тұр.

Жұмыстың мақсаты: хлорлы кадмиймен созылмалы интоксикация жүрген жағдайдағы қызыл иек микроауданының морфологиялық ұйымдасу құрылымын анықтау жэне Тагансорбентпен эндоэкологиялық реабилитация жүргізу.

Материалдары мен эдістері: Тэжірибе жүргізу үшін дене салмағы 200-220 г, жасы 7-8 айлық «Вистар» тұқымдасына жататын егеуқұйрықтардың аталығы алынды. Экспериментальді моделді жасау барысында қолданылған химиялық қосылыстар: ауыр металл тұзы - хлорлы кадмий (CdCl2) жэне Тагансорбент - ол негізінен бентониттік саз балшықтан тұрады, құрамында табиғи минерал Na-монтмориллонит бар, оның алмасу комплексінде темір, кальций, магний, калий, натрий жэне жеңіл катиондарды Na, Ca, Mg едэуір ауырларына ауыстыруға мүмкіндік тудыратын, уникальді адсорбциялық зат.

Зерттеу материалы ретінде бақылау жэне тэжірибелік топтардағы жануарлардың төменгі жағының қызыл иегінен алынған ұлпалар қолданылды.

Эксперимент 90 егеуқұйрыққа жүргізілді. Жануарлардың эр килограмм салмағын есептей отырып, тэулік сайын, таңғы сағаттарда (8-9 сағ.), 2,5 ай барысында ауыз арқылы (per os) хлорлы кадмийдің 3,0 мг/кг дозасы берілген соң, детоксикация жүргізу үшін, 30 тэулік қалыпты вивариялық рацион арқылы сорбенттің 1 г жануарлардың килограмм салмағының есебінен берілді. Жануарлар 3 топқа бөлінді: 1 топ - бақылау тобы, 2 топ - хлорлы кадмийдің 3,0 мг дозасын алғандар, 5 топ - хлорлы кадмийдің 3,0 мг дозасын алғаннан кейін, Тагансорбенттің 1г/кг қабылдаған жануарлар. Кадмийдің концентрациясын ауыз арқылы енгізу үшін белгіленген ШЖК (Cd2+) = 0,05 мг/кг жэне егеуқұйрықтар үшін Ld50 = 88 мг/кг негізге алынды *1+. Барлық топтағы жануарларды зерттеу, эксперименттен кейінгі 1, 7, 14, 21 тэуліктерде өтті. Әр зерттеу мерзіміне 10 жануар алынды. Мүшелердің құрылымдық-функционалдық қасиеттерінде тэуліктік ауытқу болмас үшін, барлық шаралар таңғы сағаттарда (8.00 - 9.00) жүргізілді.

Қызыл иектің шырышты қабығы үлгілерін жарық түсіру режимімен электрондық микроскоппен зерттеу мақсатында, алынған ұлпа фосфаттық буфердегі (рН=7,4) OsO4 1% ерітіндісінде фиксацияланды *13+, дегидрадтау процесі этил спирті ұлғайтылған концентрацияларда жүргізілді жэне эпонмен қапталды. Электрондық микроскоппен зерттеу үшін, алдын-ала материалдарды жарық сэулелі микроскоптармен зерттеп, ұлпалардың қажетті бөліктері анықталып *14+, қалыңдығы 35-45 нм ультражіңішке кесінділер LKB-8800 ультратомында дайындалды, цитратты қорғасынмен *15+ жэне урацилацетаттың судағы қаныққан ерітіндісімен *14+ контрасттылығы келтіріліп, ĴЕМ 1010 электрондық микроскопта зерттелді *15+.

Тэжірибе жүргізген екі топтағы жануарлар эпителийінің тікенекті қабатындағы эпителиоциттер ультрақұрылымының, бақылау тобындағы жануарлардан айырмашылығы келесі белгілермен көрініс берді: жасушаның ісіну нәтижесінде цитоплазмасының электрондық тығыздығының төмендеуі және ТЭТ цистерналар көлемдерінің ұлғаюы. ТЭТ көлемдік тығыздығы Тагансорбент алмаған жануарларда 28% артса, оны алған жануарлардың көрсеткіштері 19% артық болып, бақылау тобындағы көрсеткіштерден нақты айырмашылықтары болмады.

ТР сандық тығыздықтары 50% және 48%, ал БПР - 52% және 47% сәйкес кеміген, эпителиоциттердің белокты- синтездейтін функциясының тежелуі салдарынан ТФ көлемдік тығыздығы 63% және 60% төмендеген, МХ - 29% және 17% сәйкес артса (11 кесте, 39 А, Б сурет), екінші реттік лизосомалардың көлемдік тығыздығы 5 және 4,5 есеге артқан. Ядро мен ядрошықтың көлемдік ара қатысы Тагансорбент алмаған жануарларда 63% есе, оны алған жануарларда – 50% төмендеген.

Эпителиоциттердің арасындағы ДС байланыстар саны 29% және 25%, ал олардың көлемдік тығыздықтары 36% және 37% төмендеген (3 сурет А, Б).

7 тәуліктен кейін, екі топтың да қызыл иектеріндегі шырышты қабықтарының эпителийінде ЖАК ұлғайғандары сақталған (5, 6 суреттер) оларды бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда 69% және 59% сәйкес артық болды (4 А, Б сурет). Тікенекті қабаттағы эпителиоциттердің ультрақұрылымдық ұйымдасуында ТЭТ мен МХ көлемдік тығыздықтары Тагансорбент алмағандарда 36% және 40% сәйкес жоғары болғаны сақталған. ТР сандық тығыздығы 55%, БПР - 59% кеміген, ТФ көлемдік тығыздықтары 63%, ДС контактілер - 34% төмендеген. Екінші реттік ЛС көлемдік тығыздығы 4,5 есеге артық болғаны сақталған. Тагансорбент алған жануарлардың эпителиоциттерінің ультрақұрылымында, ТЭТ мембраналары мен МХ көлемдік тығыздықтарының бақылау тобындағы көрсеткіштерден нақты айырмашылықтары болған жоқ. ТР сандық тығыздықтары 52%,

БПР - 51% кеміген, ТФ мен ДС контактілердің көлемдік тығыздықтары 56% және 33% төмендеген (4 А, Б суреттер). Екінші реттік ЛС көлемдік тығыздығы 4,7 есеге артық болғаны сақталған.

  1. тәуліктен кейін сорбент алмаған егеуқұйрықтарды зерттеу, олардың қызыл иектеріндегі эпителиальді жабындыларында ЖАК ұлғайғандары сақталған және бақылау тобының сәйкес көрсеткіштерінің мағанасымен салыстырғанда 55% жоғары. Осы жануарлардың тікенекті қабатындағы эпителиоциттердің ультрақұрылымда ТЭТ және МХ көлемдік тығыздықтары 27% және 33% сәйкес жоғары болды. ТР сандық тығыздықтары 51%, БПР - 52% кемігені көрініс берді. ТФ мен ДС контактілердің көлемдік тығыздықтары 55% және 31% төмендеген (7 сурет А, Б). Екінші реттік лизосомалардың көлемдік тығыздығы 4,0 есеге артық болды.

Тагансорбент алған жануарлар эпителиоциттері ультрақұрылымында ТЭТ мембраналары мен МХ көлемдік тығыздықтарының бақылау тобындағы көрсеткіштер деңгейінен айырмашылығы болған жоқ, ТР сандық тығыздықтары 38%, БПР - 42% кеміген, ТФ мен ДС контактілердің көлемдік тығыздықтары 51% және 28% төмендеген. Екінші реттік ЛС көлемдік тығыздығы 3,4 есеге артық болғаны сақталған (7 А сурет).

Сонымен, Тагансорбент алған жануарларды 14 тәуліктен кейін зерттеу, қызыл иек микроауданындағы компоненттер ультрақұрылымында айырмашылықтар пайда бола бастағанын көрсетті. Оған дәлел болатын, осы топтағы жануарлар жасушаларындағы органоидтар параметрлерінің бақылау тобы көрсеткіштерінен айырмашылықтары аз ғана дәрежеде болғаны. Сірә, бұл Тагансорбенттің сорбциялық эффектісі күшейіп, хлорлы кадмийді ағзадан шығаруды жылдамдатуымен байланысты болуы мүмкін.

Уландырғаннан кейінгі 21 тэулік өткенде, сорбент алмаған егеуқұйрықтарға зерттеу жүргізу, олардың қызыл иектерінің эпителиальді жабындыларында ЖАК ұлғайғандары сақталған жэне бақылау тобындағы сэйкес көрсеткіштердің мағанасымен салыстырғанда 43% жоғары. Осы жануарлардың тікенекті қабатындағы эпителиоциттердің ультрақұрылымдық ұйымдасуында, ТЭТ жэне МХ көлемдік тығыздықтары 18% жэне 21% сэйкес жоғары болуы сақталған, ТР сандық тығыздықтары 38%, БПР - 40% кеміген, ТФ мен ДС контактілердің көлемдік тығыздықтары 49% жэне 23% сэйкес төмендеген (8 сурет А, Б). Екінші реттік ЛС көлемдік тығыздығы 3,0 еседен артық болғаны сақталған.

Тагансорбент алған жануарлардың қызыл иектерінің эпителиальді жабындысының құрылымын 21 тэулік өткенде зерттеу, эпителий аралық контактілердің едэуір тығыздалғанын көрсетті. ЖАК бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 24% артық болғаны анықталды. ТЭТ жэне МХ мембраналарының көлемдік тығыздықтарының, бақылау тобындағы көрсеткіштер деңгейінен нақты айырмашылығы болмағанын көрсетті, ТР сандық тығыздықтары 21%, БПР - 23% кемігені көрініс берді, ТФ мен ДС контактілердің көлемдік тығыздықтары 33% жэне 16% төмендеген (8 А, Б сурет). Екінші реттік лизосомалардың көлемдік тығыздығы 2,3 есеге артық болды.

Хлорлы кадмиймен уландырғаннан кейін, Тагансорбент алмаған жануарларды 21 тэулік өткенде зерттеу, оларда интерстициальді жэне перикапиллярлы кеңістіктер мөлшерлерінің ұлғайғандары, электрондық тығыздықтарының төмендегені сақталғанын көрсетті. Интерстициальді кеністіктер коллагенді талшықтармен толтырылған (10 сурет).

Соныменен, хлорлы кадмиймен уландырғаннан кейін Тагансорбент алған жануарларды 21 тәуліктен кейін зерттеу, қызыл иек микроауданындағы барлық компоненттердің жақсы сақталғанын көрсетті. Бірақ, эпителиальді жабындының өткізгіштік қасиеті жоғары болуын әлі де болса сақтаған. Оны ЖАК жоғары болуы және барлық типтегі рибосомалардың сандық тығыздықтарының кем болуы, сол жасушалардағы белокты синтездейтін функциялардың жүру қарқындарының төмендеуі дәлел бола алады.

Жануарларды уландырудан кейінгі 1, 7, 14, 21 тәуліктерден соң эпителиоциттеріндегі зерттелген параметрлердің көрсеткіштерін салыстыру, созылмалы уалндырудан кейін, физиологиялық қалыпты тіршілік ету жағдайда болып, біраз уақыт өтсе де, сол параметрлердің сандық және көлемдік тығыздықтары әлі де төмен болды (11 сурет). Бұл жағдай, хлорлы кадмийдің кумулятивті қасиетке ие екенін көрсетіп, әлі де болса жасушаларға токсиндік әсер көрсетіп жатқанын көрсетеді.

Созылмалы уланудан кейін, Тагансорбент алған жануарлардың көрсеткіштерін Тагансорбент алмағандармен салыстырғанда, зерттелген параметрлердің, мысалы, ТР мен БПР, ДС мен ТФ сандық және көлемдік тығыздықтары едәуір артқан. Ал, ЖАК кеміп, жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан (9 сурет).

Демек, Тагансорбентті қолданғаннан кейінгі 21 тәулікте, препарат өзінің сорбциялық қасиетін көрсетіп, жануарлар ағзасындағы хлорлы кадмийді қарқынды түрде шығарып, мүшелердің ұйымдасу құрылымына протектор бола алатынын анықтайды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Шалахметова Т.М. Клеточные механизмы гепатотоксического действия тяжелых металлов на растущий организм: автореф. ... док. биол. наук:. 03.00.11. - Алматы: КазНУ, 1999. - 48 с.
  2. Coverdale L.E. , et al., Degenerative periodontal-diseases and oral osteonecrosis: The role of gene-environment interactions // Mutat Res. - 2008. - N 14. - P. 31-42.
  3. Coverdale L.E Degenerative periodontal-diseases and oral osteonecrosis: The role of gene-environment interactions // Mutat Res. - 2008. - N 14. - P. 31-42.
  4. Gillis P.L. Effect of in-feed inclusion of a natural zeolite (clinoptilolite) on certain vitamin, macro and trace element concentration in the blood, liver and kidney tissues of sows // Res Vet Sci. -2008. -Vol. 72, N 1. - P. 61-68.
  5. Кенесариев Ү.К., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена. - Алматы: 2009. - 380 с.
  6. Скальный А.М. Химические элементы в физиологии и экологии человека. - Москва: Оникс 21 век, 2004. - 216 с.
  7. Тулеуханов С.Т., Бактыбаева Л.К., Свамбаев Е.А., Атамбаева Г.К., Маутенбаев А.А. Цитотоксическая активность хлорида кадмия в отношении суточной динамики лейкоцитов периферической крови крыс // Хабаршы Вестник КазНУ. Серия экологическая. - Алматы: 2008. - № 2 (28). - С. 94-100.
  8. Оксман А.Н., Садыкова В.С., Бгатова Н.П., Герцог Т.А. Влияние природных минеральных комплексов на состояние органов в постэмбриональном периоде // Фундаментальная и клиническая лимфология - практическому здравоохранению: Материалы ІІ межрегиональной научно-практической конференции, посвященной оздоровительным и лечебным технологиям ХХІ века. - Пермь: 2003. - С. 103-104.
  9. Коненков В.И., Любарский М.С., Бгатова Н.П., Рачковская Л.Н., Бородин Ю.И., Беседнова Н.Н., Кузнецова Т.А., Звягинцева Т.Н., Шевченко Н.М., Макарова О.П., Кокшарова В.П. Гепатопротекторные свойства нового энтеросорбента с фукоиданом в условиях ожоговой травмы // Вестник лимфологии. - 2008. - № 1. - С. 23-31.
  10. Бгатова Н.П., Новоселов Я.Б. Использование биологически активных пищевых добавок на основе природных минералов для детоксикации организма.- Новосибирск: 2000. - 240 с.
  11. Венгеровский А. И., Головина Е. Л., Буркова В. Н., Саратиков А. С. Энтеросорбенты усиливают гепатозащитое действие эплира при экспериментальном токсическом гепатите // Экспериментальная и клиническая фармакология. Двухмесячный научно-теоретический журнал. — 2001. — Том 64,N 1 . — С. 46-48.
  12. Выявление механизмов повышения резистентности лимфатических сосудов и узлов при действии экстремальных факторов среды. Разработка способов активации детоксикационных свойств лимфатической системы путем применения лимфогонных препаратов и энтеросорбентов: отчет о НИР //Институт физиол. чел. и живот.: руководитель Л.Э.Булекбаева. - ГР 0100РК00257: УДК 612.42 // Сборник реф. НИР и ОКР. Сер. 5. - Алматы: 2002. - № 2. - С.56-57.
  13. Sandhir Pajat, Sato I., Matsusaka N., Kobayshi H. Availability of zeolite as an eliminant for the incorporated radionuclides.3. Studies on (‘137) Cs // Radioisotopes. - 1999. - V. 43. - N 8. - P. 468-473. Грушко, 1987.
  14. Milloning G., In Filth Internation Congress in Electron Microscopy (Ed.by S.S.Breese). - New York: academic Press, 1962. - 8 p.
  15. Уикли Б., Электронная микроскопия для начинающих. - М.: Мир, 1975. - 326 с.
  16. Reunolds E.S., I.Cell Biol. - 1963. - Vol.17. - P.208-212.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.