Алматы обылысы аудандардағы ауыл тұрғындарына жасаған, сол ортадағы әлеуметтік, гигиеналық, экологиялық зерттеулері, жұмыскерлердің еңбек етулерінің хабарламалық сипаттамалары беріледі.
Ауылдық жердегі тұрғындарының денсаулығына қоршаған ортаның теріс әсерлерінің тиюі және медициналық қызметінің төмендігін көрсетеді. Зерттеу үшін алынған ҚР-ның Алматы облысының табиғи- шаруашылық ауылдық аймақтарының климаттық бағасының төмендеуі.
Соңғы жылдары дүниежүзінде аса маңызды және күрделі тақырып болып экологиялық жағдай тұр. Бұл жөнінде барлық халықаралық зерттеулер нәтижесінен көрініп тұр. Біріншіден, ауа райының ластану сатысы белгіленеді, ауыз су пайдалылығы, инфекциялық аурулардың таратылуы және осы факторлардың денсаулыфқ пенг халықтың өмірінің сапасына әсері.
Өндірістік және экологиялық факторларға аса ірі әсер ететін пестициттер болып табылады.
Экологиялық жағдайдағы адам денсаулығын зерттеуде түрлі әдістер қолданылады. Бұл бағытта Қазақстанның кейбір аймақтарының қоршаған ортасымен түрлі табиғи жағдайлардағы антропогендік өзгерістер зерттелген. Тұрғындардың жоғарыдағыдай жағдайда қоршаған орта мен қарым қатынасы көрсетілген.
Ауыл халқын гигиеналық ақпараттандыру.
Салауатты қоғам құруда адам өз денсаулығын қоршаған орта әсерінен қалай қорғауды ақпараттандырады. Сондықтан сауалнамаға ауыл халқының қаншама кері әсер ететін заттардан қорғануы туралы көрсетілген. Сауалнаманың бірінші сұрағына жауап берген халықтың 52,7% өмір сүру салтын көрсеткен.
Сауалнаманың 2-ші орында экологиялық жағдайда 23,2%, 3-ші орында үнемі медициналық тексеруден өтетіндер 17,3% құрайды. Медициналық қызметтің сапалығын көрсеткен 11,7% денсаулық факторы деп гинетиканы белгілеген ауыл халқының 6,5%.
Жауаптар қортындысы бойынша 18-20 жас аралығындағы топта 95% салауатты өмір салтын ұстанатындар, 5% үнемі медициналық тексерістен өтетіндер, 21-30 жас аралығында 53%, 31-40 жас аралығында - 51%, 41-50 жас аралығында - 49%, 51-60 жас аралығында - 27%, 61-ден жоғары - 7% құрайды. Барлық жас топтары арасында 10-14% жауап берушілер медициналық қызметтің сапалығын көрсетті.
Адам гинетикасының денсаулыққа пайдасы барлық топтарда байқалады.
Этникалық топтарға жататындардың пайыздары – 43,54. Ауыл халқының өз денсаулығына қандай факторлардың әсер ететіні туралы ақпараттындырғаны байқалады. 2-шіден денсаулыққа халықтың жұмыссыздығы 51,3% құрайды, 3-ші орында ауыл халқын алкоголизм құрайды – 39%. Табыстың төмендігі, кедейшілік, жұмыссыздық, алкоголизм әсіресе ер адамдарды толғандырады. Бұл проблема әйелдер арасында жас ерекшеліктеріне байланысты 54,4, 17,4, 14,9% құраса, ер адамдар арасында жас ерекшеліктеріне байланысты 82,4, 50,7, 39,1% құрайды. Әйел адамдарды төменгі еңбекақымен кедейшіліктен басқа нашар тұрмыстық жағдайлар және бала бақшалардың үйден алыс болуы, тасымалдаудың жоқ болуы.
Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Еңбекші-қазақ аудан бойынша денсаулықты нығайту бағдарламасы енгізілді.
Еңбекші-қазақ ауданының санитарлық-гигиеналық жағдайы және қоршаған ортаның әсері.
Бұл аймақта адам денсаулығына табиғи климаттың және экологиялық жағдайдың әсері ( қаңтар айындағы орташа t – 9-10 С, шілде айында 20-24 С. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын 200-700 мм, тез құбылмалы климат ветеринарлық аурулар т.б.) Еңбекші-қазақ ауданы халқының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру мақсатында «ДСУ – 13» АҚ жұмысшыларының еңбек жағдайы тексерілген болатын ( сұрау-өлшеу методы – сауалнама, физиологиялық зерттеулер, жұмыс күнінің ұзақтығы, өндірістік микроклиматтың әсері, жұмысшы денсаулығына әсер ететін физикалық факторлар).
Акмола облысының ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар өсіру көзделген. Сонымен бірге көптеген жерлер мал азығын дайындау, картоп, орамжапырақ, сәбіз, жуа т.б. өсіріледі. Осыларды өсіруде жаңа технологияны түрлі пестицидтер пайдалынады: гербицидтер 70-90%, фунгицидтер 5-25%, инсектицидтер – 0,6-2,2% құрайды. Соның ішінде Д тобына жататындар 2,4 пестициды: раундап, топик, гранстар, пумасупер қолданылады. Дәнді дақылдарды өңдеу мақсатында колфуго-супер, витавакс, раксил,премис фунгицидтері пайдаланады. Инсектицидтар тобынан көп пайданылатын децис, димилин, фастак, секатор, сумо-албфа және басқалары. Бұл пестицидтер авиациялық-химиялық және жер асты арқылы іске асырылады.
Ауыл тұрғындарының денсаулығына мұндай жұмыстар кері әсерін тигізеді, өйткені ауыл шаруашылығында түрлі агрохимикаттар пайдаланады. Осы пестицидтерді пайдалану деректері бұл аймақта тұратын ауыл халқына қоршаған ортаның қаншама әсерін тигізетінін білдіреді. Бұл көрсеткіш 1 гектар жерге агрохимикаттар 1 кг аса болатындығын байқатады.
Соңғы жылдардағы пестицидтерді пайдалану көлемі аса көп мөлшерде екендігі белгілі. Жердің ластануы көп өнім беретін жерлерде кездеседі.
Дайын өнімді сақтау технологиясы, тасымалдау өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың дұрыс пайдаланбауы орын алады.
Ақмола облысында 2002-2010 жылдары аралығында пестицидтерді пайдаланудың экологогиялық-гигиеналық қорытынды жұмыстар жүргізілді.
Химиялық өңдеулер зерттелетін аймақтарды 2002-2010 жылдары аудандық мемлекеттік санитарлық бақылау мекемесіне ақпарат берілу арқылы жүргізілген. Ауыл шаруашылық жұмыстар жүргізу аумағында жылдық жүктеме қортындыланған. Сонымен бірге ауданмен жалпы облыс бойынша жылдық есептелген. Бұл туралы деректер №1 кестеде көрсетілген.
Салыстырмалы аумақтық жүктеме Акмола облысы бойынша 1998-2004 және 2005-2007 жылға жасалған.
1 кесте
Аудан |
Ауылшаруашылығындағы 1 га шаққандағы пестицидтердің орташа жылдық жүктемесі. |
|
2002-2006 жж. |
2007-2010 жж. |
|
Атбасар |
0,30 |
0,53 |
Бурабай |
0,78 |
0,56 |
Облыс бойынша |
0,40 |
0,64 |
Улы химикадтарды пайдалануда, оның әсерін зерттеу мерзімінде 1,5 есеге өскенін көрсетеді. Дегенмен жылдық көрсеткіш Л.И.Медведь атындағы экогигиена және токсикология институтының критериясы бойынша ауданда және облыста орташа деп бағаланды.
Мониторинг қорытындысы бойынша хлорорганикалық пестицидтер (ДДТ және оның метоболиктері, ГХЦГ және оның изомерлері) қоршаған ортада (жер,су) ауыл шаруашылық өнімінде, тағамда зерттелу аудандарында ХОП қалдықтары байқалған.
Ауылдық жердегі өзен-көлдердің ластануы жауын- шашын құрамында минералдық және органикалық заттардың болуы. Салыстыру қорытындысы шешімінде өзен суларда азот қышқылының – аммиак, нитрит, нитраттың болуы. Су асты және су көздерінің ластануы сулардың тазартылмағандығы, фильтрациялмағандығы және өндірістік айналаны ластандыруы. Ауылдық тұрғылықты жерлерді шаруашылық су қоймасымен жабдықтауда артезиан скважиналары, құдықтар, бұлақтар пайдаланады.
Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету Бурабай ауданында соңғы 10 жылда 1,2 есеге 2002 жылы 76,6%, 2011 жылы 90,7% өсті.
Ал Атбасар ауданында зерттеу мерзімі кезінде таза ауыз сумен қамту 2002 жылы 81,9%, 2011-83,7% өсті. Ауданның 1 тұрғынына 1 күндік есеппен су пайдалану 5570 литр құрады.
Пайдалы сапалы судың осы зерттеу уақытында санитарлық химиялық және бактериологиялық көрсеткіштің жақсарғанын көрсетеді.
Қоғам денсаулығының индикаторы болып түрлі аурулардың болуы. Бұл адам денсаулығының қоршаған ортаның теріс әсерімен экологиялық, табиғи-климаттық факторлары аурудың күрт өсуіне әкеледі. Сонымен халық денсаулығын төмендеуін және өлімді болдырмау жөнінде түрлі іс-шаралар жасақталды:
- ауыл шаруашылығы кезінде өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда пайдаланатын пестицидтердің құрамын зерттеу, санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту;
- қоршаған ортамен тағам құрамында пестицидтердің қалдықтарын бақылау үшін экологиялық, санитарлық- гигиеналық мониторинг өткізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруда гигиеналық- экологиялық білім сапасын көрсету.
Список литературы
- Онищенко Г.Г. Влияние состояния окружающей среды на здоровье населения. Нерешенные проблемы и задачи //Гигиена и санитария. - 2003. - №1. - С.3-10.
- Жакашов Н.Ж. Гигиеническое и социально-гигиеническое обоснование оздоровительных мероприятий по предупреждению отрицательного воздействия загрязнения окружающей среды на здоровье населения: автореф. докт. мед. наук.- Алматы: 1993. - 53 с.
- Снигирева М.С., Неменко Б.А. Питьевая вода и здоровье населения Казахстана //Окружающая среда и здоровье населения.- Алматы: 2000. - №1/22. - С.16-22.