Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нашақорлықтың алдын-алу бағыттарының талдауы

Бүгінгі күні нашақорлық - бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз әркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу-әр азаматтың міндеті.

Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес,азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.

Аталған міндет екі негізгі құрамдас бөліктің болуын көздейді: психо белсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтар алдын алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру қажет. Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы насихат есірткіге қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды БАҚ-та жүйелі қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ есірткіге қарсы тақырыптағы турақты теледидар бағдарламалары мен хабарларын ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс.

Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудің маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық көңіл-күйдің өсуі болып табылатындықтан, кең көлемді мәдени-тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есірткіге қарсы белсенді насихат жүргізуді негізге ала отырып, оқушылар мен студенттердің "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" атты бүкіл қазақстандық қозғалысын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.

Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық қунды ынталары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілерін жер-жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар, дискотекалар, плакаттар мен суреттер конкурстарын, викториналарды және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс- шараларды өткізуді көздеу қажет.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасын негізге ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 999 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес бұл жұмысқа салауатты өмір салты, отбасын жоспарлау орталықтарын және әлеуметтік саладағы басқа да агенттерді тарта отырып, әйелдердің, әсіресе фертилді жастағылардың, есірткі қабылдамауға деген тұрақтылыққа бағытталған толық ауқымды үгіт саясатын жүргізу қажет.

Наркологиялық науқастарға жалпы және жекелеген қайта жаңғырту бағдарламаларын өңдеу, қоғамға толық тұлғаны қайтаруды көздейді. Сондықтан наркологиялық стационарға, психологқа, наркологқа қаралған әрбір науқастан есірткіден толық бас тартуы үміттеледі. Емделетін науқастардың 15 пайызы тек медикаментозды емді қолданады. Еліміздегі нашақорлықтың қарқынды дамуы мен емдеу тәсілдерінің мәз емес көрсеткіштері, оларды емдеу мекемелеріне жолдағаннан гөрі, алдын алу шараларымен айналысуға шақырады. Ол үшін жастарға арналған есірткіге қарсы акциялар жүргізіп, жарнама көрнекілік қуралдарды, дәрістер мен санитарлы ағарту істерін дамытып, «Есірткісіз өмір» атты сауық орындарын іске қосу және оған жастардың пір тұтатын әртістері мен қоғам қайраткерлерін белсене қатыстыру. Ал, есірткіні қолданып жүрген нашақорларға, есірткінің ағзаға деген зияндығы жөніндегі екіншілік алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Бұдан басқа, есірткіге иммунитетті қоғамның өзі қалыптастыруы тиіс. Мемлекет нашақорлықтың және есірткі бизнесінің таралуына қарсы күресте азаматтық қоғам институттары, түрлі қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдар, жекелеген азаматтар арасында бастамашылықты дамыту және көтермелеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы қажет. Алдын алу жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдарды неғұрлым белсенді түрде тарту, қызметі психо белсенді заттарға тәуелділіктің бастапқы алдын алуға бағытталған қазіргі қоғамдық ұйымдарды қолдауды жүзеге асыру және жаңаларын құруға барынша жәрдемдесу, осы салада ғылыми-талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізу қажет.

Дінге сенетіндер мен олардың жақындарының есірткіні қабылдамауын орнықты қалыптастыру бойынша діни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру қажет.

Нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға деген теріс көзқарасты жеңу мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс.Аталған іс-шаралар кешені есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға және қоғамның есірткіге бейімделуінің әлеуметтік-мәдени факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Курек Н.С. Нарушение психической активности и злоупотребление психоактивными веществами в подростковом возрасте, 2011. - C. 200.
  2. Горанский А.Н. Наркомания: причины, последствия, меры защиты. - Издательство Ю. Мандрики. - Тямень. 2010. - 99 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.