Аңдатпа
Бұл мақала орта мектепте HTML гипермәтінді таңбалау тілін оқытудың электронды құралдарын жобалау әдістемесіне арналған. Ол профильді оқытуға есептелінген, HTML тілін терең меңгеруді ұсынып отыр, және де бұл мектептің негізі жоспарында қарастырылған. Информатика пәні сабағында HTML тілін оқытуда қолданылатын электронды зертханалық практикум жасақтауға арналып, сол тілді оқушының тереңірек оқуына, өз-бетінше оқуына арналып жасақталған. Орта мектептегі информатика сабақтарын қызықтырақ өткізуге көмектеседі және оқушылардың өзіндік дайындықтарында қолдануға болады. Бұл мақалада қарастырылып отырған тақырып "Орта мектептегі HTML тілін оқытуда қолданылатын электронды зертханалық практикум жасау әдісі". HTML тілін орта мектептегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 - сыныптарда Информатика сабағында 6 сағат қана оқыту жоспары бойынша қарастырылған зертханалық жұмыс бағыты баяндалады.
КІРІСПЕ
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына эсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді [1].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Заман талабына сай білімді мамандарды даярлау жаңа технологиялардың жетістігімен тығыз байланыста. Бұл мақалада қарастырылып отырған тақырып "Орта мектептегі HTML тілін оқытуда қолданылатын электронды зертханалық практикум жасау әдісі". HTML тілін орта мектептегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 - сыныптарда Информатика сабағында 6 сағат қана оқыту қарастырылған. Оған, Web - беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі, сайттың қарапайым алғашқы бетін құру, кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру, сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы, Web-параққа gif анимация және баннерлерді кірістіру, сайтты жариялау тақырыптары кіреді.
Бұл құралдың құрылымы ерекше ұйымдастырылған: көлемі шағын, интерфейс! қарапайым, мазмұны мен функциялары оқушыға түсінікті тілде жазылған. Мысалы, теория жағына тоқталатын болсақ, HyperText Markup Language қысқартып айтқанда HTML - логи кал ық белгілеу тілі. Ол әсте бадарламалау тілі емес, ол жәй тек құжаттың қай жері бас, қай жері дене, қайсысы тақырып, қай мәтін қалыңдатылып жазылу керек, т.с.с. белгілеп, қоршауға арналған тіл. W3C консорциумның өнімі, интернеттегі барлық дерлік web құжаттардың негізі болып табылады [2].
HTML-тілін 1990 жылы Тим Бернерс-Ли (Tim Berners-Lee) деген ғалым ойлап шығарған. HTML - синтаксисі өте қарапайым, игеруге өте оңай тіл. Ал, Ter (tag) дегеніміз не? Ter — сөзі жалпы белгілеу, ерекшелеу, кілт сөз дегенді білдіреді. HTML тегтері деген сөз HTML - дің белгілеуге арналған кілт көздері дегенді білдіреді. Яғни, сіз поте не пікір жазғанда бір сөзді қалыңдатқан кезде белгілеген сөзіңіз <strong></strong> тегімен қоршалады. Браузер осы strong тегінің ішіндегі мәтінді қалыңдадып шығарады [3]. Жалпы HTML тілінде жуз отыздай тег бар. Жүз отызының бәрін жаттау керек екен деп шошымаңыз. Оның жартысы қазір қолданыстан алынып тасталған, актуалды емес ескі тестер болып табылады. Қалғанының жартысы CSSKe ауыстырылды. Сондағы қалғаны жаттап алуға тұрарлық шамамен отызшақты тег қалады.
HTML тілінің атқаратын қызметі, HTML командалары, HTML құжатының құрылымы. Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі тәрізді тақырыптарға да ерекше көңіл бөлінген [4]. Айта кететін нәрсе, HTML тілінде Web-парақтар жасау бағдарламалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Мәтіндерді байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар. Оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үдерісіне электронды зерханалық практикумды қолданудың маңызының зор екені белгілі [5].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе айтатын болсақ, электронды зертханалық практикумды пайдаланудың нәтижесінде оқушының компьютермен өз бетінше сұхбаттасу мүмкіндігі артып, өз бетінше берілген тапсырманы орындай алады. Оқушы электронды педагогтың сұрақтарына ғана жауап бере алады. Компьютерді оқыту барысындағы жемісті қолданудың бір жағы - оны оқушының оқу әрекетін басқарудағы қолдану болып отыр. Дәл осы қасиеті оқытудың тиімділігін мәнді түрде арттырады деген ойдамыз.
Әдебиеттер тізімі:
- Нұрғалиева Г.К. Электронды оқулыктар - мұғалім мен оқушылар қызметін ізгілендіру құралы // Компьютер әлемі. Республикалық журнал. №2, -2002. 20-21-66.
- Х.Жантелі. Оқытудың компьютерлік программаларын кұру технологиясын жетілдіру // Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері. -Шымкент, 2004. -446-449 бб.
- Халыкова Г және т.б. Электронды оқулықгы дайындаудың талаптары // Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының еңбектері. -Шымкент. -2004. - 469 б.
- Досжанов Б., Альменаева Р. Казақ тілінде электрондық оқулыктар мен web- парактар даярлау әдістері. Информатика негіздері. -2002. -№3.
- А.Сағымбаева. Білімді тексерудің тестілік әдістемесі. "Информатика негіздері" журналы. №2, 2002, - 15,26 бб.