Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әліби Жангелдин: өмірі мeн қоғамдық-саяси қызметі

Андатпа

Ғылыми мақалада Қазақ өлкесінің түңғыш Төтенше комиссары, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет және қоғам қайраткері Әліби Жангелдиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жайында айтылған. Көрнекті түлғаның туып-өскен және білім алған ортасы, саяси көзқарасының қалыптасуына эсер еткен факторлер мақалада жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, 1910-1912 жылдары Eypona мен Азияның, Таяу Шығыс пен Африканың көптсген елдерін аралап, олардың тұрмыс-тіршілігі, мэдениеті, сол елдердегі болтан саяси ахуал жайында көп мэліметтер жинақтаған. Мақаланы жазу барысында мэселенің мэнін апіу үшін бірқатар ғылыми еңбектер айналымға енгізілді. Бұл материалдар Әліби Жангелдиннің қоғамдық-саяси қызметі жайында терең мағлүмат алуға жэне ғылыми мақала мазмұнының жан-жақты ашылуына мүмкіндік берді.

Kipicne

1884 жылы қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданында (Торғай уезінің Қайдауыл болысында) қазақ кедей отбасынан шыққан, байлар мен шонжарлардың малайлығында жүріп, көк иық болған жалшының баласы. Әкесі орта жүздің қыпшағынан шыққан батырақ еді. Отбасында 8 бала болды: үш ұл, қалғандары қыз бала. Өздері кедейшілік жағдайында өмір сүрген. Қазақтың батыры болтан, атасы Тәңірберген Жангелдиннің фамилиясын алған. Өз кезінде атасы Орта жүздің біраз жерлерінде көтерілістерге қатысып, ерлікпен қаза болған. Әліби жас кезінен-ақ сол кездегі қазақ еңбекшілерінің ауыр жағдайын және үлттық езгінің барлық сұмдықтарын көріп өскен.

Әліби Тоғжанұлының зайыбы София Асфендиярқызы сүлу, өте ақылды, сыпайы, әділетті адам болды. Ол кісі алғашқы Оқу-ағарту комиссарларының бірі, кезінде Алаш мүшесі болған Асфендияр Кенжиннің қызы еді. Қарапайым өмір сүріп, жақсы киінетін, қазақша сөйлесетін. Бірақ, жұрттың бәрімен тілдесе бермейтін. Бұрынғы «Столичный» дүкенінің жанында екі отбасына арналып ағаштан салынған үйде тұрған.

Әліби Жангелдин өмірінің жартысына жуығы қазақ халқының Қазанға дейінгі ауыр бейнеті мен қасіретті тарихы кезінде өтті. Жоқшылықтың салдарынан әкесі Әлібиді байдың жалшылығына бергенде, ол сегіз жасқа да толмаған. Ол баққан малын тастап бірнеше рет қашқан. Оның балалық шағында көрген бар қызығы аңға шығу болды. Әкесі аңға шыққанда үнемі Әлібиді алып жүретін. Ал Әліби туған ауылының табиғатын аса сүйіп, құрметтейтін. Бала әкесін өте қатты жақсы көретін. Әсіресе ол атасы Тәңірберген Жангелдин туралы айтқан әңгімелерін ерекше ұйып тыңдайтын. Бала кезінен білімге құштар болып, қаражаттың жоқтығына байланысты 10 жасқа келгенше оқымауға тура келді. Он жасында әке-шешесінен қашып көрші ауылдан Торғайға қарай бет алған керуенмен кейін жасырын ілесіп кетіп қалды. Торғайдан өзі аулында көрген Ахмет Балғамбаев деп аталатын ұстазын кезіктірді. Ол орыс тілінде білім берілетін қолөнер мектебіне меңгерушілік ететін. Осылайша болашақ саяхатшы сауаттылыққа үйреніп, орыс балаларымен танысқан. Бірақ, бір жылдан кейін әкесі Әлібидің білім алуына қарсы болып, ұрып-соғып, ауылына қайта алып кеткен. Дегенмен, Әлібидің оқуға деген ынтасы әкесінің тыйым салғанынан да күшті еді [1].

Екі жылдан кейін қайта қашып, Қостанайда торғайлық мүғалім Ахмет Балғынбаевтің кепілхатын алып, халық училищелерінің инспекторы Алекторовқа барып, екі кластық орыс-қырғыз мектебіне оқуға түскен. Орыс-қазақ училищесі либерал оқытушылары бар, оқу процесі жақсы жолға қойылған белгілі оқу орны болатын. Ол кезде қазақтардың ұлттық мектебі жоқ еді. Оның үстіне қазақ балалары үшін оқып білім алудың екі-ақ жолы: біріншісі діни мектеп - «хадим», екіншісі - орыс- қырғыз мектебі ғана болды. Орыс-қырғыз мектебінде Әліби Жангелдин ғылым негіздерін, әсіресе орыс тілін үйреніп, орыстың классиктік әдебиетін ерекше зейін қоя оқыған. Дегенмен бүл жерге де әкесі іздеп келіп, ауылға қайтарғысы келгенмен, мектеп басшылары әкесін көндіріп, оқуға қалдыруға рұқсатын алған. Оның туған ауылынан тысқары жатқан елді-мекендерде не болып жатқанын, ¥лы Даладан шалғайдағы адамдардың тыныс-тіршілігін тануға деген өшпейтін құштарлығы, құпия, ақиқатты іздеудегі қателер мен адасулары оны ерте жастан-ақ дін жолына алып келді. Кейін, үлкен қала атмосферасында (Қазан, Мәскеу), әр түрлі топтағы жастар ортасында жаңаны іздеу үстінде жүрген ол үнемі ескіні қабыл ала алмады, өткір мінезділік пен қайнаған күш-қуат Әлібиді жер шарына саяхат жасау туралы авантюралық шешім қабылдауына алып келді.

Баланың ойын инспектор Алекторов та қүптап, Әлібидің Орынборға ауысуына көмектескен. Аздап та болса өмірден алған тәжірибесі, табиғи зеректік пен білімге қүштарлық, сондай-ақ мектепте алған дүниелік білім жас Жангелдиннің атеистік көзқарасын жетілдіре бастады. Ол Орынборға келгеннен кейін не үйіне қайтарын, не рухани училищеге түсерін білмей, қатты қиналды. Ақыры ол екі қасіреттің оңайлауын таңдады. Амалсыздан барып рухани училищеге түсуіне, сөйтіп еріксіз христиан дінін қабылдауына тура келді. Бұл дінді Әліби Жангелдин Николай Степанов деген фамилиямен қабылдады.

Орынбордың рухани училищесінің Қостанай мектебінен ерекшелігі сол - мұнда діни семинарияның тәртібі орнатылған. Оқытушылар балаларға жарытып білім бермеді. Оқушыларды діни нанымға, «қүдайдың еркімен» орнатылған тәртіпке бағынышты болуға үйретті.

1903 жылы Орынбордағы діни училищесіне - жартылай жабық типтегі оқу орнын бітірген. Православие дінін қабылдап, Николай Степанов болып шоқынған Әлібиді қазақ халқын мұсылман дінінің бүғауынан босатып, православие дінінің тұңғиық шыңырауына түсіру перспективасы қызықтырмады. Оны халықтың тағдыры, езілген халықтың болашағы туралы мәселелер толғандырды. Сондықтан да ол Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясына оқуға түсіп, екі жылдай оқыған. Онда ескі діни семинарияның тәртіптері үстем болып, оқушылар жатақханаларда тұрған. Aca ауыр болған осы екі жылында аса білімдар, озық көзқарастағы, бірнеше тілдерді, соның ішінде араб тілін де, білетін тарих мүғалімі Ашмарин Әліби Жангельдинді өзіне жақын үстаған. Ол Әлібиді Шығыс тарихымен, патша үкіметінің ұлттық шет аймақтарды отарлау тарихымен таныстырып, самодержавиенің шын бет-пердесі туралы әңгімелеп, революциялық қозғалыс тарихын таныстырған. Бұл әңгімелер Әліби Жангелдиннің көзқарастарының қалыптасуына зор ықпал еткен.

1905 жылдың 17 қазанында Қазан қаласында Манифес туралы белгілі болып, мүғалімдерімен демонстрацияға шықты. Демонстранттарды қоршап алып, бір апта үстап, тергеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан кейін Әліби семинариядан шығарылып, Мәскеуге баруға бел байлады. Таныстарының септігімен ол Мәскеу діни академиясының тарих факультетіне оқуға түсіп, Мәскеу түбінде Троицко-Сергеиевкада тұрды. Оған дінбүзар, құдайсыз атағы жамалып, жәрдем ақша, стипендия бермеді, өмір сүру қиынға соққан [2].

Бірінші оқу жылы біткен соң, 12 жылда алғаш рет үйіне барған. Ол кезде әкесі қатты қартайып, бір айдан кейін шешесі қайтыс болды. Ауылда Әлібиге деген көзқарас өзгергендігін байқаған. Мәскеуге оралып, жасырын студенттік үйірмелерге қатысуын жалғастырып, оның тапсырған жүмыстарын атқарды. Ол кезде бүл үйірмеге полиция өз назарын ерекше аударатын. «Үйірмеде, - деп жазды Әліби Тоғжанұлы өзінің естелігінде, - мен тұңғыш рет құпия революциялық әдебиетпен таныстым. Оларды оқу маған үлкен эсер етті». Осы үйірмеде тыйым салынған революциялық эдебиетпен алғаш рет танысқан Әліби Жангелдин Гончаровтың «Құлама жар», «Обломов», Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар», «Нақүрыс» кітаптарын, Некрасовтың өлеңдері мен поэмаларын, Тургеневтің «Әкелер мен балаларын», «Дворяндар ұясын», «Аңшы жазбаларын», Толстойдың «Анна Каренинасын», «Арылуын» және Шекспирдің, Вальтер Скоттың т.б. аударма әдебиеттерін оқып, танысқан.

Академиядағы Әлібидің атына қатысты академия басшылығының көзқарасы тұрғысынан ұнамсыз сипат күшейіп, оған теріс түсінікпен және сенімсіздікпен қарап, көп ұзамай 1906 жылы оқудан қуылды.

Ецбегі

1908 жылы 24 жасында шет елге эмигрант болып кетеді. 1909-1912 жылдар аралығында шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды), сондай-ақ өзінің дүние жүзін аралау жөніндегі мақсатын іске асыру үшін жаяу Польша, Австрия-Венгрия, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Африка, Египет, Абиссинияга барган.

Ол жер шарына жаяу саяхат жасайтындығы және өзіне сапарластар іздейтіндігі туралы хабарлама жариялады. Нәтижесінде үш адам үн қатты: Самарадан жаратылыстау мүғалімі Пламеневский, Петербургтен инженер-технолог Полевой жэне Мәскеу коммерциялық училигцесінің ұстазы Коровин. Бірнеше күн өтті. Ton бір- бірімен хат алмасып, бір жерге жиналды. Олар күш-жігері тасыған жастар болатын. Содан көп ойланбай, 1910 жылы Мәскеуден Петербургке жаяу жолға шықты. Петербург қаласына дейін олар жиырма күн жүріп, төрт күн тұрақтаған. Оларды петербургтықтар суретке түсіріп, газет беттеріне жариялады, олар ары карай саяхатын жалғастыруға шыққанда, Петербург тас жолы бойымен бес шақырымдай бірге жүріп шығарып салды. Саяхатшылар күніне қырық-елу шақырымнан жүріп өтетін. Бастапқы кездері олар асықпай, өте баяу жүрді, кейін жүруде шынығып алып, адымын алшақтатты. Азықтануға қаражат табу үшін, жол бойында ақылы кештер ұйымдастырып, дәріс оқыды. Халық оларды барлық жерде құптап, оң шыраймен қарсы алып жатты. Соңында Әліби шекараға түскенінде, адамдар Әлібидің портретімен мыңдаған карточкаға тапсырыс бергендіктен, ол өзінің фотоаппараты арқасында тамағын тауып жеді. Жолаушылардың аса маңызды спорттық мақсаттары да болмады. Оларға күн көру үшін, қаражат тауып, жай ғана шекараның арғы бетіне қоныс аудару емес, әр елді аралап олардың қонақжайлылығын көру қажет болды. Жер шарына саяхат төрт жылға жуық жалғасты.

«Мен фотоаппаратпен теңіз және темір жолдарымен өткенімді есептемегенде, он екі мың километр жолды жаяу жүріп өткен екенмін. Күндізгі уақыттары өзім өткен жолдардағы орындарды суретке түсірдім, түнде оларды шығаратынмын. Жүріп өткен жолымда дәріс оқыдым, баяндамалар жасадым, фотосуреттерімді саттым, яғни осымен өмір сүрдім. Польша, Австрия-Венгрия, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Африка, Египет, Абиссиния жерлерін жүріп өттім. Қайтар жолымда Араб түбегін, Месопотамияны, Парсыны, Үндістан, Цейлон аралын, Малайзия архипелагын, Сиам корольдігін, Аннам, Қытайдың оңтүстік бөлігін, Формоз аралы арқылы оралдым. 1912 жылы Жапонияда болдым. Таяу Шығыстағы Түркияда болғанымда, маған түрік тілін меңгергендігім үлкен көмек болды. Үндістанда аристократтар көбіне ағылшын тілінде сөйлейді, ал үнді тілі - шаруалар шоғырының ғана тілі екен. Түркияның, Аравияның, Ауғаныстан, барлық Таяу Шығыстың интеллигенциясы түрік тілінде сөйлейді. Шет елдерде болғанымда, барлық елдерде үш тілдің арасында өзара бәсекелестік орнаған. Бұлар: ағылшын тілі, неміс және француз тілдері. 1911 жылы 7 маусымда Астрабад, Керманшах арқылы мен Персия астанасы Тегеранға келдім. Аяғым Парсы жеріне тигенде, жүрегім дүрсілдеп қоя берді. Анау таулардың арғы жағында туған далам жатқандай сезіндім. Отбасым, туып-өскен қазақ қүмдары еске түсті», - деп жазады Әліби өзінің кітапшасында.

Оның жер шарына жасаған саяхаты «Жер шарын саяхаттаушы Н. Степанов» кітапшасында сақталған. Бұл оның революциялық лақап аты болатын. Кітапшада «Николай Степанов, ол - Әліби Жангелдин» деп жазылған. Бұл кітапша олардың жүріп өткен жерлеріндегі астаналар мен ірі қалаларда тіркелу мүмкіндігін беріп отырды. Мысалы Варшавада 1910 жылы 18 тамызда Польшадан шыққанда: «Путешественник вокруг света пешком с целью научного образования без средств Николай Степнов /Али-Бей Джангильдин/ вышел из Варшавы 18 августа ст.ст. 1910 года» деп жазылган. Онда Әліби болған барлық елдер мен қалалардың орыс генералдары консулдарыныц белгілері қойылған. Қойылған қолдар сәйкес мөрлерімен бекітілген екен [3].

Романовтар әулетінің патшалық құрғанына 300 жыл толуына орай жаппай рақымшылық-амнистияға жатып, Сібір арқылы Ресейге оралған. Шекараның арғы жағынан оралған Әліби өзінің туған жері - Торғай облысына келді. Өзімен бірге «Көк» деп аталатын кинематографиялық аппаратын алып келді, аппарат сол уақытта ғана шыққан еді. Аппаратымен бірге ол 40 ораулы таспа алып келді. Олардың мазмұнына Испания, Үндістан, Қытайдың порттағы жүмыскерлерінің өмірлері арқау болған. Онда осы адамдардың өмірлері туралы және оларға ағылшындар мен америкалықтардың қарым-қатынастары айтылған.

Дегенмен бүл жерде де ұзақ тұра алмай, Торғай губернаторының бұйрығымен елден кетуге мәжбүр болды. Далалық өлкенің болашақ төтенше жағдайлар комиссары Ә. Жангелдин өзінің батылдығы мен әрекет жасаудағы қайраттылығынан бүрын-соңды болып көрмеген жағдайды бастан өткерді - әлемнің жартысын шарлаған бірінші қазақ болды. Осы саяхатында тек өзінің тағдырының тәңірі туралы ғана емес, сонымен қатар өз елінің билеушілері туралы көзқарасы қалыптасып келді. Әліби астамдық пен байлық, қайыршылық пен кедейлік, бассыздық пен әділетсіздікпен қатар қадам басқан мына әлемнің қаншалықты ауқымдылығын және әр түрлілігін таныды. Туған өлкесіне көзқарасы мен пікірін қалыптастырып, өзіне мол сенім жинап, көпті көрген дана болып оралды. Әліби өзінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін, жақсы өмірге ұмтылыс үшін күресу керектігін ұғынды. Дүниежүзін аралауы Әлібидің санасын жаңа сатыға көтерді. Оның революционер атеист, материалист болып қалыптасу мектебінің бір көрініс еді.

Әліби Жангелдин жаһанды еріккен, зеріккеннен емес, ол батыс елдерінен ойын- сауық іздеген жоқ. Дүниежүзін «жаяу аралау» - оның өмірді білуге деген ынтазарлығынан, оның табиғатынан тынымсыз жан-дүниесінің ізденуінен туған. Осының нәтижесінде оның қазақ халқының өмірі, тағдыры туралы пікірі, ой-өрісі әлдеқайда кеңейді. Еңбекші халықтардың болмыс бір, тағдыры - күрес жолында екендігін түсінді.

Ұзақ сапарлардан Әліби Жангелдин киноматограф аппаратымен картиналар көрсетіп, «Үндістан, Қытай жұмысшыларының өмірімен» таныстырды және «Ресейде жүмысшыға көзқарас одан артық емес» екендігін түсіндірді. Бұл Әлібидің халық арасында үгіт жүмысының алғашқы қадамы еді. Жиһан кезуші өзімен бірге досы Амангелді Имановты ертіп жүрді. «Мен оған өзімнің білімімді, тәжірибемді беруге тырыстым, - дейді Әліби өзінің естелігінде. Саяхатта не көрдім, Ресейде, Батыста және Шығыстағы жүмысшылардың өмірі туралы оған көп әңгімеледім».

Мәдениет орталықтарынан жүздеген километр қашықтықтағы Торғай уезі бұл оқиғалардан тыс қалмады. Әліби Жангелдин халық арасында жүріп, революциялық ниеттегі кейбір адамдармен тікелей байланыс жасап, саяси үгітті бүрынғыдан да күшейтті. Ә. Жангелдиннің қызметі губернаторды қатты мазасыздандырған. Бірақ оны тұтқындай алмады. Өйткені достары тұтқынға алыну қаупін алдын-ала ескерткеннен кейін, ол Торғай облысынан басқа жаққа кетіп қалған. Ол Түркістан облысынан бірақ шықты. Бірнеше күн Қызылорда қаласында аялдап, одан кейін Шиелі станциясы арқылы Түркістан қаласына жетті. Ол бүл жүрген жерлерінде халыққа бірнеше кинокартинаны көрсетіп, революциялық насихат жүмыстарын іске асырған.

Түркістандағы бір жолғы киносеанста Жангелдин әңгіме айтып отырғанда, полиция қызметкерлері сезіп қалып, кино көрсетіп отырған үйді қоршап алды. Әліби терезеден қашып, келесі күні Петроградқа қарай жүрген. Ол 1916 жылы жергілікті халықтардың арасында саяси жүмыс жүргізу үшін Петроградтан Қырымға барады. Мұнда атақты Пулков обсерваториясының бөлімінде метеорология саласында жүмыс істеген. Революциялық пиғылдағы жастармен танысып, жасырын үйірмелердің жүмысына қатысты. Қырым патшаларының арасында төңкеріс жасау жөнінде үгіт- насихат жүмыстарын жүргізді. Большевик Ивановпен танысқан. Қырым большевиктерінің мінездеме хатымен Петерборға жүмыс бабымен келген Әліби Жангелдин Коммунистік партияның қатарына ресми түрде 1915 жылдан бері тұрған. Осы құпия жиналыста ол Я.М. Свердловпен танысқан. «Осы кезден бастап, - деп жазған Әліби Жангелдин, - менің өмірім мен қызметім большевиктер партиясымен тығыз байланысты» [4].

Әліби Жангелдин большевиктер қатарына 31 жасында - ақылы толысқан, өмірден оқығаны да, көңілге тоқығаны да көп, көпті көрген зерделі азамат шағында кірген. Қазақ халқынан шыққан түңғыш коммунист пролетарлық интернационализм дәстүрінде тәрбиеленген.

Әліби Тоғжанұлы бүкіл әлемдегі еңбекші халықтың хал-жағдайын өз көзімен көріп, олардың тап күресінің тарихымен танысты. Tan күресіндегі революциялық дәстүрлері бар орыс жұмысшы табы, оның революционерілермен достасуы Әліби өміріндегі жаңа белес болды. Ол бұрын бар күшін, ынтасын, жігерін іздену жолына жұмсаса, енді өмірін жүмысшы табының бостандығына бағыттады. Әлібидің революционерлік өмірі осылай басталды.

1916 жылы большевиктер (коммунистік) партиясының тапсырмасы бойынша Қырымнан қазақ даласына жасырын түрде келген. Қырым татар еңбекшілерінің арасында үгіт-насихат уағыздап жүрген Әліби Жангелдин өз елімен байланысын үзген жоқ. Амангелдімен хаттасып, қазақ даласында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы хабар алды. Азамат парызы - большевиктік парыз Әліби көтерілісшілер қатарына әкелді. 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісінің Торғай өлкесінде шарықтап, бүкіл қазақстандық, бүкіл халықтық дәрежесіне көтерілуіне, көтерілістен байлар мен молдалардың, ұлтшылдардың сытылып, іргесін аулақ салып, аласталуына Әлібидің өз досы Амангелдіге қосылып сіңірген еңбегі ерекше. Әліби Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысқан ерекше атап өткен жөн. Большевиктік идеяда тәрбиеленген Әліби Жангелдин халық көтерілісіне басшылық етуде өзінің дарынды ұйымдастырушы және халық бүқарасының табанды басшысы екендігін іс жүзінде көрсетті.

Әліби Тоғжанұлы патша өкіметінің құлауы туралы хабарды қуанышпен қарсы алды. Патша жазалаушы отрядынан көтерілісшілерді аман сақтау үшін Бұқараға сапар шеккен Әліби осы хабарды ести сала революция астанасына аттанды.

1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін Петроград барып, Петроград Советінің большевиктік фракциясының мәжілісінде Қазақстандағы жағдай туралы, қазақ елін қайыршылыққа үшыратып, қазақ халқын тонап жатқан жазалаушы отрядтардың жүгенсіздігі туралы айтып берген.

Екі күннен кейін Жангелдин Смольныйдегі Мемлекеттік Дума мүшелері мен жұмысшы жэне солдат депутаттары Советтерінің біріккен мәжілісіне шақырылды. Онымен бірге мобилизацияға байланысты Петроградқа барып қалған С. Құрманов деген қазақ болды. Сөз Әліби Жангелдинге беріліп, оның ызалы сөздерін мәжіліске қатысушылар аса ынта қойып тыңдаған: «Біз қырғыз-қазақтар, - деді Ә. Жангелдин, - орыс халқымен бірге елімізді патшаның езгісінен құтқарған жеңіске қуанышымызды білдіреміз. Бірақ біздің сарғая кеткен бостандығымыз қандай? Николай екіншінің генерал Лаврентьев бастаған экспедиция отряды мыңдаған қазақтарды аяусыз қырғынға үшыратқан қылмыстық әрекетін әлі жүргізуде».

Оның бүл сөзі большевиктердің «масқара, масқара!» деген дауыстарымен күңіреніп кетті. Жангельдиннің сөзінен кейін большевиктер жазалаушы экспедицияны қайтарып алуды талап етті. Әліби өз сөзінің соңында еңбекші халықтың органы - Петроград Советінен өз бостандығы үшін күресіп жатқан қазақ халқына қол ұшын беруді сүрады. Олардың талап етуі бойынша бұл үсыныс қабыл болды. Петроград Советі жазалаушы отрядты Торғайдан шақырып алу туралы қаулы алды. Алайда Уақытша өкімет Алаш зиялысы Әлихан Бөкейхановты Торғай облыстық комиссары етіп сайлады.

Әліби Жангелдин Торғай облысына Петроград Советінің инструкторы болып екі рет келді. Ол үлтшылдардың екіжүзді саясатын әшкереледі. Петроград Советінен аттөбеліндей байлардың өкілі - буржуазиялық ұлтшылдарды биліктен аластатып, билікті қазақ еңбекшілерінің өзі сайлаған өкілдеріне әперу үшін көмек сүрады.

Жангелдин Ресейдегі саяси оқиғаны жете түсініп, Қазақстанға Петроград Советінің уәкілі ретінде қайтты. Оған берілген куәлікте: «Болып жатқан уақиғаларды түсіндіру үшін Қазақстанға жіберіледі» делінген. Петроград Советінің жазалаушы отрядтарды қайтарып алу туралы шешімдерін қазақтар қуанышпен қарс алды. Халықтың көп жиналған митингілері мен жиналыстарында Петроград Совдепінің уәкілі Ә. Жангелдин еңбекшілерге, большевиктердің саясатын кеңінен түсіндіріп, оларды буржуазиялық Уақытша үкіметке қарсы күресуге шақырды.

Жангелдин Торғай келісімен алашордашылар оны түрмеге жапты. Тек Петроград Советінің ьалап етуі бойынша бір жарым айдан кейін ғана түрмеден босатылды.

Батпаққарада Уақытша үкіметтің Төтенше комиссиясы 1916 жылғы көтеріліске қатысушылардан контрибуция талап етіп жатыр дегенді естіп, Жангелдин суыт сонда жүріп кетті. Бұл контрибуция еңбекшілерді ашықтан-ашық тонау еді. Халық жаулары бүқараға он мың сиыр, он бес мың жылқы, көптеген қой, сондай-ақ үш жүз мың сом ақша жинауды міндеттеді. Сөйтіп, олар байлардың көтеріліс кезінде шағын болған малының орнын толтыруды көздеген.

Комиссия мәжіліс қүрып отырған үйдің маңына малый айдап келуге зорлаған бірнеше жүз шаруа жиналды. Осы сәтте Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов өздерінің көмекшілерімен кенеттен халық арасынан шыға келді. Жангелдин комиссияның мәжіліс үйіне кіріп, байлардың құйыршықтарынан дереу тайып тұруды талап етті. Комиссия Батпаққарадан кетіп отырды.

В.И. Ленин 1917 жылы 14 желтоқсан күні қол қойған Торғай облысының комиссары болып тағайындалған мандатпен Әліби елге оралды, ол өзінің бойына дарыған ұйымдастырғыш, әскери басшылық, үгітші, насихатшы қасиеттерін, халықтар достығын нығайтуға, социализм жеңісін паш етуге жұмсады. Ол мемлекеттік қайраткер болып қалыптасып, 1918 жылы 15 наурызда Әліби Жангелдин Торғай облысының Төтенше соғыс комиссары болып тағайындалды. Халық Комиссарлары Кеңесінің оған берген мандатына В.И. Ленин, И.В. Сталин қол қойған.

«Ресейдің ұлттық аудандарындағы халық бүқарасының күресіне болыиевиктік ұйымдар басшылық етті. Большевиктер партиясы Ресейді мекендеген барлық үлттардың еңбекші топтарының озат адамдарын өз қатарына алды, олардан социализм мен пролетарлық интернационализм ісіне берілген революционерлерді тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында Қазақстаннан - Әліби Тоғжанұлы болған. Олар күресте шыныққан, еңбекшілер барынша сенетін партия қайраткерлері еді».

Жаңа қызметпен Орынборға келгенде, төңкеріске қарсы көтеріліс жасап, Орынбордағы кеңес өкіметін құлатып, өзін билеушімін деп жариялаған Петр Дутовпен шайқасты. Ол жерде Кобозев жолдас екеуі кеңес өкіметін қорғауға кіріскен. Бірнеше отрядтар қүрып, Орынборға шабуыл жасаған. Орынборды азат еткен соң, облыстық съезд шақырып, сонан кейін облыстық атқару комитетін құрды. Қазақстан тарихында Әліби Жангелдин 1918 ж. 21 наурыз - 3 сәуірде Орынбор қаласында өткізген Торғай облыстық кеңестерінің I съезінде облыс атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Орынбор большевиктерінің басшылары С.М. Цвиллинг, Г.А. Корестелев съезді дайындап, өткізуге барынша атсалысты. Съезде большевиктік шешімдерді жақтап, Ә. Жангелдин сөз сөйледі, съезд делегаттары оны съездің және облыстық атқару комитетінің төрағалығына сайлады. Съезд Торғай облысында совет құрылысын кеңінен өрістетуге бағытталған шешімдер қабылдады. Ал болыстарда, уездерде Кеңестердің органдарын сайлау, «орыс-қазақ социалистік отрядтарын» жасақтау туралы съезд шешімдері тез арада іске асырыла бастады. Ақтөбе, Қостанай, Ырғыз, Торғай уездерінде Кеңестердің съездері өтті. Әліби Жангелдиннің үсынысымен Торғай облысы атқару комитеті ұлт істері жөніндегі комиссариат кұрылды және Ұлттар халық комиссариаты жанынан тұңғыш үлтгық бөлім ұйымдастырылды. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім қабылдады. Қазақ даласында Кеңес өкіметінің саясатын жүргізудегі еңбегін жоғары бағалап, Халық Комиссарлар Кеңесі 1918 жылы 14 мамырда Әліби Жангелдин Далалық өлкенің төтенше комиссары болып тағайындалды да, өлкеде алғашқы Ұлттық әскери отрядтар қүрып, ақ гвардияшыларға карсы күресті. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді [5].

Әліби Жангелдин қазақ халқының өзін өзі билеу, өзінің мемлекет құрылысын өз шешу, Ресей социалист! к федеративтік кеңестік автономиясының құрамында туысқан бауырлас халықтар қауымында болу мәселесін шешу үшін бүкіл қазақстандық съезді шақыру жұмысын қолға алды.

1918 жылы 31 мамырда Торғай облыстық кеңесінің атқару комитеті Торғай облысының орталығын Орынбордан Қостанайға көшіру туралы шешім қабылданды. Бірақ Қостанай өлкесін, Торғай даласын кешікпей ақчехтар легионерлері мен Дутов бастаған ақгвардияшылар басып алды.

В.И. Лениннің, Я.М. Свердловтың көмегімен Әліби Тоғжанұлы өкіметтен 68 млн. сом ақша, қару-жарақ, дәрі-дәрімек алып, 600 адамнан интернационалдық отряд жасақтап, Астраханьға аттанды. Красноводск ағылшын империалистерінің қолында болуына байланысты Я.М. Свердловтың ақылымен Әліби Жангелдин Царицын қорғанысшыларының қатарына қосылды. Астраханға қарай жүріп, аса маңызды ерекше тапсырмаларды орындай бастады. Астраханьда төңкеріске қарсылық жасағандарды жоюға ат салысты. «Каспий» флотилиясымен бірлесе отырып, дұшпандармен шайқасқан. Сегіз сағаттан кейін кеңестерге қарсы көтеріліс жасағандар жеңіліп, Астраханды азат етті. Бұдан кейін 2 пароходпен, Каспий теңізіндегі Александровский фортында меньшевиктерді құлатып, Кеңес өкіметін қайта орнатты. Одан кейін Адай үстіртіне, кейін Бозашы түбегіне келіп, бүл жерде 300 түйе, 600 атпен экспедиция ұйымдастырған. Адайлардың сусыз шөл даласымен жүріп, дұшпан шебінен өтіп, межелі жерлеріне жетті. Екі айдың ішінде үш мың шақырым жүріп, 1918 жылы тамыз- қазан айларында Ақтөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті.

1918 жылдың 11 қарашасында Түркістан майданының өкілдерімен кездесті. Жолда талай рет Дутов пен Толстов әскерлерімен шайқасып, отряд оларға тойтарыс берді. Үш айға созылған бұл сапарда Әліби үш міндетті шешті. Біріншіден, көшпелі Адай тайпалары арасында Кеңес үкіметінің мақсатын, сипатын түсіндірді. Көптеген жерлерде Кеңес органдарын құрды. Кеңес үкіметінің идеясын түсінетін жас адайларды отрядқа тартты. Екіншіден, Әліби Жангелдиннің келуімен Түркістан майданындағы Қызыл Әскер бөлімдері қару-жарық алып, 1918 жылы 19 желтоқсанда шабуылға шықты. 1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор ақтардан босатылып, кеңестік шығыс орталықпен қайтадан байланыс жасауға мүмкіндік алды. Үшіншіден, Әліби 1918 жылы 24 қарашада Ақтөбе қаласында Торғай облыстық атқару комитетінің қызметін қайтадан бастады. жаудың желкесінен шығып, Аманкелді, Иван Киселев, Б. Алманов бастаған партизан отрядтарына көмекке келді. Торғайда, Ырғызда кеңес үкіметі қайтадан орнаған. Ал, Колчактың контрреволюционерлері билеп төстеген Қостанай даласына көптеп үгітшілер жіберілді, партизан қозғалысының өріс алуына барынша көмектесті. В.И. Ленинге жолдаған бір телеграммасында «Торғайда жүріп, Колчак билігіндегі Қостанай және Атбасар уездеріне үгітшілер жібердім», - деп көрсетілген.

Кеңес үкіметі, коммунистік партия Әліби Тоғжанұлының бұл экспедициясының қызметін жоғары бағалаған. Торғай облыстық және Ақтөбе уездік атқару комитеттерінің біріккен мәжілісі отрядқа таңғажайып ерлігі үшін алғыс жариялады. Ал, Әліби Жангелдинді Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті жауынгерлік Қызыл Ty орденімен марапаттады [6].

Әліби Тоғжанұлы азамат соғысының осы бір ауыр кезеңінде қазақ халқының ардагер ұлдарын қолына қару алып, Қазанның жеңісін қорғауға аттануға шақырды. Социалистік мемлекеттің қорғаны Қызыл Армия бөлімдерін интернационалиста принциппен құруды жақтады. Ол өзінің баяндамаларында, телеграммаларында Қазақстанның солтүстік аудандарында орыс, қазақ халықтары аралас екендігін, оларға ұлттық белгілеріне қарай екі әскери комиссариат құрудың қажет еместігін, әскери жасақтардың интернационалиста тұрғыдан қосылуы керектігін талай рет көрсетті. «Іс жүзінде, - деп жазды 1919 жылы 17 мамырда Әліби Тоғжанұлы, - орыс тұрғындары қазақтардың арасына сіңіп кеткен, оның өмірімен біте қайнасқан, тіпті туыстасып кеткен, олардың әдет-дәстүрлерін, тілін жақсы біледі, сондықтан да олармен бірге қандай болса қызмет атқаруға әрқашан да дайын... жергілікті орыс тұрғындарының қырғыздардың /қазақтардың / әскер қатарына еркімен келіп қосылуын, олардың достық, жолдастық көмектесуі деп бағалайтыны маған мәлім... Осы уақытқа дейін қырғыздардың пролетарлық қауымынан, орыстардан бөлек қызмет етейік деген пікір естіген емеспін, бұл қырғыз халқының үстем табының ой-тілегі».

В.В. Куйбышев пен М.В. Фрунзенің көмегіне сүйеніп, Әліби Жангелдин қазақ даласында тұңғыш әскери жасақтар, Қызыл Әскер кіші командирлерін даярлайтын курстар ашты. В.И. Лениннің нұсқауымен Түркістан майданының революциялық соғыс кеңесінің М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышевтің қол қойған шешімі бойынша қазақ әскери жасақтарының мүқтажына 150 мың сом қаражат бөлінді.

1919 жылы 4 мамырда Қазақстанда әскери-азаматтық жоғары орын - Қырғыз согыс революциялық комитеті (Кирвоенревком) құрылды. В.И. Лениннің ұсынысы бойынша оның құрамына Әліби Жангелдин де енген.

Шығыс майданының 5 әскері бөлімдерімен бірге Әліби Жангелдин Қостанайды Колчакшылардан азат етуге шақырды. Оның қатысуымен Қостанай уездік партия ұйымы, революциялық комитеті құрылды. 1919 жылы 18 қазанда Қостанай уезінің қазақ еңбекшілерінің съезі шақырылып, онда жергілікті партия, совет ұйымдарының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Қазақ еңбекшілерін елді басқару ісіне тарту, олардың саяси белсенділігін көтеруге бағытталған қарарлар қабылданды. В.И. Ленинге жолдаған құттықтау телеграммада съезд халықтың атынан: «Октябрь революциясы берген праволарды қорғауға барлық шараларды жасау керек және қырғыз қарулы отрядын жасақтау керек» - деп қаулы қабылдады деп көрсетілген. Қостанайда Әліби Жангелдиннің басшылығымен қазақ атты эскер полк құрылды.

Қызыл Әскердің бесінші атты әскерінің революциялық соғыс кеңесі, оның қолбасшысы М.Н. Тухачевский бүл полкты жасақтауға көп көмек көрсетіп, өз қамқорлығына алды. Қостанайда партия, кеңес жұмыстарын жүргізуге, қазақ полкін құруға саяси бөлімінің өкілдері - В.Ф. Дружицкий, П.С. Мамыкин, Газизов, Каримов, Исмагулов, Гасматуллин үлкен көмек көрсетті [7].

Қостанайда құрылған отрядты басқарып, Әліби Тоғжанұлы 1919 жылы 3 желтоқсанда Торғай қаласын Алашорда бандаларынан азат етуге қатысты. Кирвоенревкомның мүшесі ретінде Әліби Жангелдин қазақстандық советтердің бірінші құрылтай съезін шақыруға, 1920 жылы қазанда Қазақ AKCP болып жариялануына өз септігін тигізді. Съезде сөйлеген сөзінде: «қазақ халқы Коммунистік партияның өз тағдырында қандай маңызы барын әлдеқашан түсінді» - деді.

Әліби Тоғжанұлы тұңғыш қазақ мемлекетінің Орталық Атқару Комитетінің және оның президиумының құрамына сайланды. Өз өмірінің осы бір шағында Қазақстан партия ұйымының қалыптасуына ат салысты. Ол Қазақстаннан ең бірінші болып ақпан революциясынан кейін РСДРП/б/ Орталық Комитетімен байланыс жасады. Оның белсене қатысып, атсалысуының нәтижесінде Торғай облысында бірінші болып большевиктік ұйымдар қалыптасты. Әліби Жангелдин Қостанай уездік партия ұйымының кіндік атасы десе де болады. Торғайда 1918 жылы қарашада партия ұйымын құрды. Ең алғашқы 13 коммунистің бірі Амангелді батыр болатын. 1920 жылы ол қырғыз өлкесінде РКП/б/-нің біртұтас өлкелік орталығы болу туралы Ақтөбеде өткен мәслихаттың коммунистік фракциясына қатысты. 1920 жылы 20 сәуір Орынбор қаласында өткен Кирреввоенкомның коммунистік фракциясының кеңейтілген мәжілісінде Әліби Жангелдин қырғыз өлкелік уақытша ұйымдастыру бюросының құрамына кірді.

1920 жылы 30 сәуірде партияның Орталық Комитетінің шешімі бойынша құрылған РКП(б)-нің қырғыз облыстық бюросының мүшесі болып бекітілді. Халық пен партияның алғысына бөленген Әліби Жангелдин Қазақ облыстық партия комитетінің, Қазақ өлкелік партия комитетінің, Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің құрамына үзбей, өмірінің ақыры аяғына дейін сайланып келді.

1920 ж. қазанда өткен Қазақ AKCP Кеңестерінің Құрылтай съезінде алғаш құрылған үкімет мүшесі болып сайланды. Қазақ AKCP Орталық атқару комитеті президиумы төрағасының орынбасары және Қазақстан Қамсыздандыру халық комиссары болды. Съезден кейін Қазақ Орталық атқару комитеті Жангелдинді Шығыс халықтарының насихат және іс-кимыл кеңесіндегі қазақ халқының өкілі етіп тағайындады. Бакуде 6 ай болып, одан кейін Орынбор қаласына келді. Сол кезден бастап Қазақстан үкіметінің үздіксіз мүшесі болған.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру дәуірінде Әліби Жангелдин жаңа экономикалық саясатқа көшу және партияның X съезінің ұлт саясаты жөніндегі шешімдерін іске асыру жолында белсене күрес жүргізді. Ол облыстық партия ұйымы мен үкіметтің тапсыруы бойынша қазақ халқына патша өкіметінің тартып алған жерін қайтарып беру, жер-су реформасын жүргізу, азамат соғысы кезінде күйзелген халық шаруашылығын қалпына келтіру, Қазақстан Советтерінің 1921 жылғы октябрьде болған II съезіне дайындалу және оны өткізу жөнінде бірқатар шараларды іске асыруға атсалысты [8].

Қалпына келтіру жөніндегі Советтердің міндеттері көбейді. Көптеген қайшылықтармен күресу және ауылдарда Совет және партия аппараттарын кеңінен ұйымдастыруда жергілікті партия және Совет ұйымдарына пәрменді көмек көрсету міндеті тұрды. Бұл міндетті орындауда Қазақ AKCP Орталық Атқару Комитетінің «Қызыл керуені» үлкен роль атқарды. Ол Қазақстан Советтерінің II съезінің қаулысы бойынша 1922 жылдың наурыз - сәуір айларында ұйымдастырылды. Қызыл керуен 20 мамырда жолға шықты. Орталық Ресейде үгіт поездарын, пароходтарын басқарған М.И. Калинин, Н.К. Крупская сияқты қазақ даласында Әліби Жангелдин Қызыл керуенді басқарып, 20-шы жылдары Коммунистік партияның еңбекшілерімен байланысын одан әрі нығайта түсуіне, социализмнің жеңісті шеруіне үлес қосты.

1920-1921 жылдары «Тасмешін», «Тауық» та Торғай өлкесіндегі халық жұтқа ұрынып, барлық малдан айырылып, күйзеліске үшырағанда Әліби Жангелдиннің ұсынысымен Семей өлкесінен жәрдемге көптеген мал келтіріліп, Арқалық қаласының ар жағындағы Шойындыкөл деген жерде халыққа бөліп берілген. 1921-1926 жылдары Әліби Тоғжанұлының басшылығымен «Кенжетай суландыру артелі» ұйымдастырылып, Кенжетай қара бөгеті салынып, арық қазылып, аяқ егін салынып, ашыққан халық бидай, тары, қонақ егіп, тойынып есін жиып, күйленіп қалған еді. Әлібидің халыққа жасаған бүл қамқорлығын Ыбырай Алтынсарин жазған 19 ғасырдағы Қыпшақ Сейітқұлдың халыққа көрсеткен қамқорлығының 20 ғасырдағы жалғасы болып табылады. 1923 жылы май айында «Кенжетай» қара бөгетінің сағасынан «Қырықүй», «Зертасқа» (жер аттары) қарай жаңадан екінші арық қазу қолға алынып жатқанда «Қызыл керуенді» басқарып Әліби Жангелдин келді. Керуеннің жүгінде мата, шай, қант, дәрі-дәрмек, кітап, т.б. заттар болды. Осы тауарлар арық қазып жатқандарға берілді. Керуен құрамындағы дәрігерлер емдеу көмегін көрсетті, лекторлар лекция оқып, қараңғы халықтың ой-өрісін кеңейтті, көздерін ашты. Заң қызметкерлері советтік заңның ережелерімен таныстырды. Осы келу жолын арық қазып жатқан 500 адамдай кетпен, күректерін көтертіп қойып Әліби Жангелдин өзі суретке түсірді. Қазыла бастаған жаңа арыққа «Әли арығы» деп ат қойылған [9].

1922 жылы 20 мамырда Орынбордан шығып, 9 тамызға дейін Жаманқала, Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында үш мың шақырымдай жол жүріп өткен Ә. Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды. Әліби Жангелдин екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында халықты күреске жүмылдыру, соғыс жүріп жаткан аймақтардан көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырып, іске қосу, соғыс аяқталған соң зардап шеккен аймактарға материалдық көмек көрсету, мал-мүлік жеткізу жұмыстарына белсене араласты.

1922-1923 жылдары тамызда батыстан шығысқа, шығыстан батысқа сапар шеккен Қызыл керуен құрамында барлық халық комиссариаттарының, комсомол, кәсіподағы ұйымдарының өкілі бар еді, бүл керуеннің сапары қазақ даласындағы саяси мәні зор оқиға болды. Бірінші Қызыл керуен 1922 жылы үш ай ішінде 3500 шақырым жол жүріп, ал қайтар жолында темір жолмен Новониколаевск, Омск, Петропавл - Самара уездерінде болды.

Қызыл керуен қазақ еңбекшілеріне дәрігерлік, әлеуметтік, ветеринарлық көмек көрсетті. Өлкенің тарихи, этнографиялық өмірін зерттеді, жерілікті партия, кеңес ұйымдарының жүмыстарымен танысып, оларға нақтылы көмек көрсетті. Қызыл керуен қазақ ауылдарында митингілер, кеңестер өткізді, Кеңес үкіметінің, Коммунистік партияның саясатын түсіндірді. Әліби Жангелдин Қызыл керуен жұмысының қорытындысы туралы баяндамасында: «еңбекші халық керуенді бірнеше шақырым жерден құрметпен қарсы алды, бізге құттықтау сөздер және тілектер айтты, мемлекеттік маңызы бар сан алуан мәселелерді қамтитын өте орынды, ал кейде көрегендіктің нышаны білінер сүрақтар берді. Осыдан біз, бүл халықтың басым көпшілігінің шын мәнісінде іскерлігін, сезімталдығын және парасаттылығын көреміз» деген. Қызыл керуен жергілікті Советтерге қазақ жастарынан медицина қызметкерлерін даярлайтын курстар ашуға, сауатсыздықты жоюға, балалар үйлері мен балалар бақшаларын салуға көмектесті. Әліби Жангелдин бастаған Қызыл керуен, сондай-ақ оның үлгісімен ұйымдастырылған губерниялық қызыл керуендердің жүмысы аса зор пайда тигізіп, Қазақстанда Совет аппараттарының барлық буындарын нығайту жөніндегі пәрменді шаралар белгілеуге мүмкіндік берді.

Әліби Тоғжанүлы әйелдер бөлімінің жүмысына баса көңіл бөлуді, уезд орталықтарында ана тілінде оқитын партия-совет мектептерін, курстарын ашуды, жетім балалар үйінің жұмысына назар салуды, жас партия қызметкерлерін тіс қаққан, қу, алаяқ, арамза алашордашыдардың ықпалына түсірмейтін шараларды жүргізуді РКП(б)- нің Қазақ облыстық партия комитетінің алдына күн тәртібіндегі мәселе етіп қойды [10].

Әліби Жангелдин 1923 жылдың сәуір айындағы болыиевиктік партияның 12 съезінің шешімдерін іске асыру жолында бар күшін салды. Ол Қазақ AKCP Орталық Атқару Комитетінің төрағасы ретінде жер-су реформасын жүргізіп, оның нәтижесін баянды етуге, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Қазақстанның отырықшыланып жатқан көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларын жерге орналастыру туралы декретін орындауға белсенді қатысты. Бұл кезде ол ауылдарға жиі шығып, кедейлерге шүрайлы жерлердің көп тиюін бақылап, ауыл кедейлері арасында үлкен саяси, мәдени және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді, алғашқы тұтынушылар және ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыруға, саяси сауат ашу мектептерін, қызыл отаулар ашуға үлкен көмек көрсетті.

Қазақстан үшін тарихи маңызы болған Қазақ AKCP Кеңесінің IV съезін (1924 жылы 5 қаңтарда) дайындасуға Әліби Жангелдин қызу кіріскен. Съезд өзінің ұлттық Кеңес мемлекетін нығайту ісінде республиканың жүмысшы табы мен шаруаларының қол жеткен табыстарының айқын куәсі болған Қазақ АКСР-ның тұңғыш Конституциясының жобасын бекітті. Партияның тапсыруы бойынша халықтың адал ұлы Әліби Тоғжанұлы Қазақстанның халық шаруашылығын өркендетуге, мәдениетін гүлдендіруге, ауылдарда Кеңес үкіметін нығайтуға байланысты бірқатар жүмыстарды атқарған.

Әліби Тоғжанұлы қажымас, қайтпас, жігерлі жан еді. Ол 1921-1937 жылдар аралығында Қазақ кеңес республикасының Орталық Атқару Комитетінің және оның президиумының мүшесі, 1938 жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды. 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ KCP Жоғары Кеңесінің депутаты. Өлкелік «Қосшы» одағының төрағасы және тағы басқа қызметтерде істеген. Ал кейбір шақта бірнеше қызметтерді қатар атқарған.

Өзі қай қызметте жүрсе де өзінің міндетін, борышын, парызын ақтығына дейін орындайтын адал, ақ жүрек жан болған. 1933 жылы маусымда БК(б)П-ның Қазақ өлкелік комитетінің VI пленумында сөйлеген сөзінде: «Мен Қазақстанда көптен істеп келе жатқан қызметкермін. Барлық асыра сілтеушілік, барлық солға бүрмалаушылық менің де көз алдымда өтті. Мен өзімді ақтағым келмейді», - деген болатын.

Әліби Тоғжанұлы Жангелдин үлкен интернационалист, патриот еді. ¥лы Отан соғысы басталған сын сағатта ол егде тартқан жасына қарамастан, Мемлекеттік Отан Қорғау Комитетінен өзін Қызыл Армияның қатарына алып, Отан қорғау ісінің қандай болса да бір участогіне жіберуді талай рет талап етті. Жергілікті Кеңестер қызметкерлерінің республикалық мәслихатында сөйлеген сөзінде (маусым, 1944 ж.) Әлекең: «Жеңіс өздігінен келмейді, оны күшпен алу керек. Жау жар жағасында тұр, бірақ оны әлі жарға құлатып түсіру керек», - деп ел ағаларын қайырлы еңбекке шақырды.

1946 жылы 5 маусымда Әліби Тоғжанұлы М.И. Калининге арнап, «Қазақ халқының досы» атты мақала жазды. Ол бұл мақалада Михаил Ивановичті 29 жыл бойы өте жақын білетінін, оның интернационалиста бауырмалдығын партияның ісіне қасық қаны қалғанша берілген ардагер жан екендігін, оның мезгілсіз қазасы орны толмас, ауыр қаза екенін тебірене жазған.

1945 жылы қарашада Семиозер сайлау округі Әлібиді CCP Жоғары Советінің депутаттығына кандидат етіп ұсынды. Ол Коммунистік партияның қатарына кірген 1915 жылдан бастап, өзінің өмірінің ақырына дейін өзінің қажымас еңбегімен, адал жүрегімен партияға, халыққа еңбек еткені белгілі. Кеңес үкіметі Әліби Жангелдиннің социализм қүру ісіне сіңірген еңбегін бағалап, оны РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924). Ленин, Қызыл Ty ордендерімен марапатталған.

Мемлекет қайреткері 1953 жылы 69 жасында өмірден өтті. Халық өзінің ардагер ұлын ешқашан да ұмытпайды, оның өмірі халықтың тарихында қастерленіп жазылып, ғибрат болып қала бермек. Революция жолына шексіз беріліп, бүл жолға өз өмірін түгелдей арнаған қазақ еңбекшілерінің даңқты үлдары мен қыздары аз емес, олардың есімдерін халық мақтан етеді. Кеңес үкіметін орнату жолындағы сондай күрескерлердің бір - Әліби Жангелдин.

Қорытынды

Әліби Жангелдин - қазақ халқының ардагер үлы, табанды революционер- большевик, көрнекті мемлекет қайраткері. Оның өмірі - өз халқына адал қызмет етудің үлгі-өнегесі болып табылады. Оған өз заманында алуан түрлі өмірді көріп, талай қиыншылықтарды жеңуге тура келді. Шыңдықты іздеген ол патшаның қуғыны мен сүргінінде жүріп, көптеген елдерді аралап шықты. Бұл сапарларында ол еңбекші халықтың өміріне зейін қоя зерттеді.

Қостанай облысының бір ауданы, Қарағанды облысында көшелерге, Алматы қаласында №122 жалпыбілім беретін орта мектепке, Арқалық қаласында №7 мектепке, Атырау қаласындағы мектепке, Маңғыстау облысының Қарақиян ауданының Жетібай ауылындағы мектепке Әліби Жангелдиннің есімі берілген. Алматы, Ақтөбе, Торғай қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп, кинофильм түсірілген.

 

Әдебиет:

  1. Джангельдин Ч.А. Алиби Джангельдин. Он выбрал свой путь. - Алматы, 2014. - 214 с.
  2. Шойынбаев Т. Әліби Жангелдин. - Алматы, Қазақ мемлекст баспасы, 1957. - 94 б.
  3. Қозыбаев М.Қ. Әліби Тоғжанұлы Жангелдин - қазақ дала өлкесінің төтенше комиссары. - Алматы, 1974. - 18 б.
  4. Джангельдин Ч.А. Алиби Джангельдин. Документы и материалы. - Алматы, 2009. - 184 с.
  5. Жангельдина экспедиция // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. - T. II. - 205 б.
  6. Steven Sabol «Russian Colonization and the Genesis of Kazak National Consciousness», Palgrave Macntillan, 2003, pp. 143 - 144.
  7. Симашко M. Комиссар Джангильдин. Алма-Ата: Жазушы, 1978. - 454 с.
  8. Джангильдин А.Т. Книга путешественника вокруг света Н. Степанова, он же Али-Бей Джангильдин. Из Москвы 1910 года мая месяца. - Алма-Ата, 2009.
  9. Джангильдин А. Т. Мой путь. - В кн.: Алиби Джангильдин: Документы и материалы. Алма- Ата, 1961, с. 10-75.
  10. Джантуаров С.Б. Чрезвычайный комиссар. - Алма-Ата. 1970. - 125 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.