“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас үрпақтың қолында, ал жас үрпақтыңтағдыры ұстаздың қолында.”
(Н.Ә. Назарбаев)
Өркениетке ұмтылған мемлекетімізде бәсекеге қабілеттілікті өалыптастыруда ең жауапты міндет білім саласының мойнында тұр. Өйткені бүгінде дамыған елдермен тең дәрежеде болу үшін жас үрпақтың білімі соған сай болуы керек.Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында: “Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізіп, мектеп оқытушыларының біліктілігін арттырып, халықаралық стандартқа сай білім беру жүйесіне көшу арқылы Қазақстанда адами капиталдың сапасын арттыру керек”,- дегені мәлім.Олай болса қоғамның ең жауапты міндеті ұстаздарға жүктеліп отыр. Мұғалім оқушыға білім беруде әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Оларды қолданудағы мақсаты балаларға жеңіл әрі түсінікті болуы. Әр үстаздың мақсаты - сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Бұл - оқу мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, тілді меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
Ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралының бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дүрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа үлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмүнмен анықталады. [1]
“Ой - ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын - ойын. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Қүнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым- қатынастарымен танысады. ¥лы педагог В.А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт- сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр.Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез- келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ал, дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты- бағдарламада анықталған пәндер бойынша білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмүнымен анықталады. Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене үластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға үласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмүны, ережесі балаларға дүрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл болу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. [2]
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
- Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
- Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
- Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
балалармен тілдік дидактикалық сөздік жүмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, tYP- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі қүбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретуге болады. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде үстаздың:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, сөздерді байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдалану көп көмек береді.
Баланың ойын дидактикалық ойындар жүмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мыналар:
- Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (қүрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқалар)
- Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жүмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп ойнату,ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады.
- . Әр бөлімінде халқымыздың ұлттық ойындарын қолданамыз.
- Осы сабақтарды қызықты өткізу үшін математика сабағынан есеп шығару ойындары, әліппеден әріптер жайлы ойындар (әріптерді шапшаң тауып, орнын табу), дене шынықтыру сабағынан қимыл-қозғалыс ойындарын, яғни эр пэнге дидактикалық ойындарды қолдандым.
- Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын,ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
- Мақал-мэтелдер, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, сауалғылар қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру.
- Мазмұнды суреттер бойынша эңгіме қүрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Бастауыш сыныптарда ойынға қойылатын төмендегі эдістемелік талаптарды біліп, орындап отыру керек:
- Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тэртібі оқушыларға эбден түсіндірілгені жөн.
- Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
- Ойынның жүру барысында балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмүнына неғұрлым сэйкес алынса, оның танымдық, тэрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың эсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Әдебиет:
- 1. Дидактиқалык ойындардар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу / Б.Нарқүлова // БАСТАУЫШ МЕКТЕП. -2007,-№ 10-11. Б. 36.
- 2. Артемова Л.В. Дидактиқалык ойындар. - M., 1992.