ТҮЙІН
Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы үш жылдағы токсикологиялық қызметте алкоголь және оның суррогаттарымен уланудағы статистикалық көрсеткіштерге қысқаша шолу жасалған. Науқастарды жыныс, жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөліп, уланудың себептерін көрсетіп, оларды болдырмау мақсатында қажетті үсыныстар жасалған.
Кілт сөздері: жедел улану, алкогол, статистика, топтар.
Мақаланың маңыздылығы. Токсикологиялық науқастардың басым көпшілігін алкогол және оның суррогаттарымен жедел уланулар қүрайды. Жедел уланудың осы түрін емдеуді жетілдіру, оның тиімділігін арттыру қазіргі таңның өзекті мәселесі болып отыр. Статистикалық көрсеткіштердің мәліметтерін дүрыс пайдалану осы мәселені шешуге көп септігін тигізеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.Өткен жылдардағыалкогол және оның суррогаттарымен жедел уланудың статистикалық көрсеткіштерін салыстыра отырып, олардың жас айырмашылығы бойынша уланудың алдын алу және оны азайту жолдарын қарастыру болып табылады. Жиналған нәтижелер бойынша қажетті үсыныстар жасау.
Зерттеудің материалдары мен әдістері. Зерттеуге Т.О.Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының (ОЖҚОЕО) токсикология бөлмшесінің соңғы үш жылдағы (20102012) есептік материалдары, науқастардың медициналық карталары пайдаланылды. Науқастарды емдеу бекітілген клиникалық тіркемелер бойынша жүргізілді.
Зерттеудің нәтижелері.2010-2012 жылдар аралығында орталықтың токсикология бөлімшесіне төмендегі санда алкогол және оның суррогаттарымен жедел уланған науқастар келіп емделген. Олардың жыныс, жас ересектер мен уланулардың ауыр жағдайлары төмендегі кестелерде көрсетілген.
1 кесте - Этанолмен уланған науқастардың стационарға жатқызылған жалпы саны
Жынысы |
Жылдар |
||
2010 |
2011 |
2012 |
|
Ерлер |
1132 |
772 |
704 |
Әйелдер |
202 |
103 |
86 |
Барлығы |
1334 |
875 |
790 |
2 кесте - Жас айырмашылығы бойынша этанолмен уланған науқастардың стационарға жатқызылған жалпы саны
жасы |
2010 |
2011 |
2012 |
|||
Ерлер |
Әйелдер |
Ерлер |
Әйелдер |
Ерлер |
Әйелдер |
|
18-25 |
206 |
17 |
86 |
10 |
26 |
8 |
26-45 |
645 |
166 |
502 |
72 |
486 |
49 |
46-75 |
281 |
19 |
184 |
21 |
192 |
29 |
Барлығы |
1132 |
202 |
772 |
103 |
704 |
86 |
3 кесте - Реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылған ауыр науқастардың саны
Жынысы |
Жылдар |
||
2010 |
2011 |
2012 |
|
Ерлер |
86 |
73 |
87 |
Әйелдер |
12 |
10 |
15 |
Барлығы |
98 |
83 |
102 |
Зерттелгенжылдар бойынша емделген науқастардың санының кемуі айқын байқалады. 2010 жылмен 2012 жылды салыстырғанда аталған көрсеткіш 1,68 есеге төмендеген. Уланудың басым бөлігін ерлер қүрайды, яғни 2010 жылы - 84,8%-ы, 2011 жылы - 88,2%-ы, ал 2012 жылы - 89,1%-ы ерлер болды. Жас ерекшеліктеріне назар аударғанда уланулар еңбек жастағылардың арасында көп кездеседі. Мысалы 26-45 жас аралығындағы уланудың бүл түрінде олардың саны 2010 жылы - 60,7%-ы, 2011 жылы - 65,6%-ы, ал 2012 жылы - 67,6%-ы қүрайды. Оның үстіне бүл топтағы уланулар жыл өткен сайын артуы да байқалады (60,7; 65,6; 67,6). Улану жиілігі бойынша екінші орынды иелейтін 46-75 жастағы науқастар 2010 жылы - 19%, 2011 жылы - 23,4%, 2012 жылы - 27,9% болған. Бүл топтағылардың да жыл өте артуы байқалады (19; 23,4; 27,9). Керісінше, жиілігі бойынша үшінші орынды иелеген жастар, яғни 18-25 жас аралығындағы науқастар саны бүрынғы екі топтан едәуір төмен. 2010 жылы олардың саны уланудың барлық санының 16,7%-ын, 2011 жылы - 10,9%-ын, ал 2012 жылы небары 4,3%-ын қүраған. Бір таң қалатыны сол, бүл топтағы уланғандар саны керісінше жыл өткен сайын азайып отырған (16,7;10,9; 4,3).
Өте ауыр уланулармен түскен науқастар жалпы уланулардың 2010 жылы 6,6%-ын, 2011 жылы 9,4%-ын, ал 2012 жылы 13,4%-ын қүрап, олар реанимация бөлімшесінде қарқынды терапиямен ем қабылдаған. Бұл нәтижелерде де өте ауыр уланулардың саны жыл өткен сайын артып отырған. (6,6; 9,4; 13,4). Зерттеу нәтижелерін талқылау.Алкогол және оның суррогаттарымен уланған
науқастардың уақыт барысында жиілігінің төмендеуі түрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру әрекеті байқалады. Сонымен қатар олардың арасында алкогол ішімдіктерін пайдалану мәдениетінің жоғарлауы мен имандылық нанымдарының ой-саналарына үялауының артуымен де түсіндіруге болады.
Нағыз еңбек жасындағы (26-45 жас аралығындағылар) науқастардың бүл улану түрінен басты орын алуы, уақыт өту барысында артуы өкінішті-ақ. Оның басты себебі бүл жастағы азаматтар біріншіден, түрғындардың үлкен бөлігін қүраса, екіншіден, қоғамдағы негізгі іс-қимыл әрекеттенушілердің санын да қүрайды. Сондықтан бүл уланудың түрінен жиілігі жағынан бірінші орында түруы олардың арасында той- жиын, той-думан, қайғы-қасірет пен күйзелісте көп орын алуымен түсіндіріледі және бүл топтағылардың арасында созылмалы маскүнемдікте аз емес. Жиілігі жағынан екінші орынды иелеген 46-75 жастағы науқастардың сандық көрсеткіші түрғындар арасында олардың орнымен және азаматтардың кемелденген шағымен және олардың арасында бой көрсеткен басқа да аурушаңдықтың орын алуына байланысты алкогол ішімдіктерін пайдалануына шектеу қоюымен байланысты.
Үшінші топтағы,яғни 18-26 жас аралығындағы уланудың санының аз болуы және олардың жыл өте үлкен үдеумен кемуі жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының пәрменді жүруімен, олардың сана сезімінде имандылық нанымдарының үялауымен және олардың мәдениет, өнер және спорттық үйірмелерге кеңінен ат салысуымен түсіндірілсе керек. Жалпылай алғанда соңғы кездері сүт өнімдерінің, шүбат пен қымыздың бағаларының қымбаттауы (күз, қыс айларында олардың 1 литрі 500-600 теңгеге артуы) байқалып, ал алкоголдік ішімдіктердің бағасы бүрынғыша қалуы да уланудың бүл түрінің көп төмендемеуіне өз ықпалын тигізері сөзсіз.
Қортынды.1. Уланудың бүл түрін төмендету үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын әрі қарай дамыта беру қажет. 2. Оқу орындарындағы (мектеп, лицей, колледж, университет, академия және т.б.) оқушылар арасында имандылық сабақтарын кеңінен дәріптеу қажет. 3. Алкоголдік ішімдіктердің бағасын үлттық сусындардың (қымыз, қымыран ж.т.б.) бағасынан әлде қайда жоғары етіп белгілеу қажет. Бүл шара біріншіден зиянды ішімдікті көп сатып алуға мүмкіншілік бермейді, екіншіден мемлекет бюджетіне үлкен, ауқымды қаржы түседі. 4. Соңғы қортындыға байланысты қолдан жасалынатын алкоголдік ішімдіктерді шығаруға шектеу жасау үшін айыппүл мөлшерін мейлінше үлғайту қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Остапенко Ю. Н. Отравления алкоголем и суррогатами: диагностика и неотложная медицинская помощь на догоспитальном этапе / Ю. Н. Остапенко, И. С. Элькис // Терапевтический архив. - 2010. - № 1. - С. 18-24.
- Анализ пищевых отравлений по Южно-Казахстанской области за 2003-2007 годы / Б. К. Торгаутов [и др.] // Вестник ЮКГМА. - 2009. - № 1. - С. 220-223.
- Гольдфарб Ю.С. Современные подходы к изучению патогенеза эндотоксикоза при острых экзогенных отравлениях / Ю.С. Гольдфарб // Анестезиология и реаниматология. - 2005. - № 6. - С. 19-25.
- Жиенбаева А. С. Терапия пищевых токсикоинфекций / А. С. Жиенбаева // Медицина. - 2011. - №11. - С. 75-76.
- Журмагамбетова Б. Т. Первая помощь при отравлении медикаментами / Б. Т. Журмагамбетова // Эскулап. - 2013. - № 4. - С. 14.
- Ильяшенко К. К. Антидотная терапия при острых отравлениях оксидом углерода / К. К. Ильяшенко, М. В. Белова, И. С. Каштанова // Терапевтический архив. - 2012. - № 8. - С. 75-77.
- Кривенко В. Ф. Медицинская помощь детям на догоспитальном этапе при острых отравлениях / В. Ф. Кривенко, Н. В. Ярыгин // Врач скорой помощи. - 2011. - № 2. - С. 35-40.
- Голиков С.Н., Саноцкий И.В., Тиунов Л.Н. Общие механизмы токсикческого действия. Л.:Медицина, 1986. - 280с., илл.
- Тулеев И. Клиникалық токсикология.- Шымкент. -2013. - 370-413 бет.
- Клиническая токсикология детей и подростков. Часть вторая. Под редакцией Марковой И.В., Афанасьева В.В., Цыбулькина Э.К. Санкт-Петербург, 1999. - С. 115-123.