Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Қайталама ресурстарды (ҚР) қоғамдық өндіріс процесінде пайдалану кезінде оның біраз бөлігі қалдықтарға айналады. Бұл қалдықтар өндіріс-тұтыну циклынан алынып тасталады жəне соның салдарынан олар қоршаған ортаға түседі. ҚР-ды əлденеше рет пайдалану жағдайында бұл қалдықтар қайта өңделеді де қоршаған ортаға емес, қайтадан қоғамдық өндіріс процесіне қосылады. Мұндай процестердің бірқатар салдары (оң əсерлері) болуы мүмкін, сондықтан олардың тиімділігі бағаланады. Əр түрлі нəтижелердің тиімділігін бағалау кезінде олардың шығаратын шығындар бөлігі бірдей болады, сондықтан ҚР-ды əлденеше рет пайдалану кезіндегі мүмкін болатын нəтижелердің шамасы мен сапалық сипаттамалары туралы салыстырмалы түрде əр түрлі пікірлер қалыптасқан.
2009

Қазақстан бүгінгі таңда əлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасын тек қана осы заманғы бəсекеге қабілетті жəне бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы қалай алады [1]. Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың əлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мəселелері өзекті бола түсері сөзсіз. Республикамыздың əрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ əр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтың саясаты қалып- тастырылып, жүзеге асырылады.
2009

Маркетинг ортасы дегеніміз — ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне əсер ететін белсенді субъектілердің жəне күштердің жиынтығы [1–3]. Маркетинг ортасын зерттеу барысында келесі түрлерді бөлуге болады: а) макроорта;ə) микроорта; б) медиаорта. Макроорта кəсіпорындардың əрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың əрқайсысы макроортаның əсерін талдайды, бағалайды жəне əрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара немесе өзгерте алмайды.
2009

Қазіргі уақытта инвестициялық үрдісті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты мəселелерінің бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркəсіптік өндірісті қалпына келтіру жəне сапаны қайта құру үшін əр түрлі көзқарастар мен тəсілдер ұсынылуда. Инвестициялар деп өнеркəсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына жəне өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде, салынып, ол шаруашылықты əрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1]. Жалпылай айтқанда, инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті жəне басқа да заттарды, яғни капиталды, қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кəсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған үрдіспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тəуекелдік (тəуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің əлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
2009

Қазіргі уақытта инвестициялық үрдісті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты мəселелерінің бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркəсіптік өндірісті қалпына келтіру жəне сапаны қайта құру үшін əр түрлі көзқарастар мен тəсілдер ұсынылуда. Инвестициялар деп өнеркəсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына жəне өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде, салынып, ол шаруашылықты əрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1]. Жалпылай айтқанда, инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті жəне басқа да заттарды, яғни капиталды, қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кəсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған үрдіспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тəуекелдік (тəуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің əлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
2009

Мұнай-газ саласын дамытудың ұзақ мерзімге жоспарланған перспективаларын негізінен теңіз кеніштерін игерумен байланыстыруға болады. Каспий қайраңындағы мұнай-газдың əлеуеті жоғары екендігіне қазақстандық сектордағы, сондай-ақ басқа елдер секторларындағы бірқатар ірі кеніштердің ашылуы дəлел. Сонымен Қазақстанда теңіздегі мұнай өндіруді дамытудағы шешуші роль «ҚазМұнайГаз» компаниясына жүктеліп отыр. Каспийдің қазақстандық секторын игеру мемлекеттік бағдарламасына сəйкес кеніштерді игеруге рұқсат алған жағдайда «ҚазМұнайГаз»-дың үлесі 50 пайыздан кем болмауы тиіс екендігі айтылған. Қазір Қазақстан экономикасында жеке меншік ресурс жəне сфера қызметін біріктіру принципіне салынған тікелей жəне көлденең интеграция негізінде корпоративті менеджментке сəйкес болуға тиісті бəсекеге қабілетті құрылымның белсенді қалыптасуы жəне интеграциялық процестің белсенділігі жүріп жатыр.
2009

Стандарттау — бұл шаруашылық қызметтегі адамдардың əрекеті, дəлелдерді объективті танудың реализациясы мен механизмдер зерттелуінің бірі болып табылады. Шаруашылық субъектілердің арасындағы қатынастар экономикалық жəне экологиялық емес факторлар арқылы жасалынады, соның ішінде техника-экономикалық үлкен рөл атқарады. Техникалық саясаттың артықшылығы экономикалық стандарттауда анықталады. Стандарттау экономикасы — бұл экономиканың ғылыми-техникалық жетілдіруінің құрама бөлігі. Əр түрлі салалар мен жалпы өндіріс орталарына стандарттауды жүргізу зардаптары бірдей əсер бермейді. Сондықтан қосымша капитал салымымен байланысты ерекше стандарттарды енгізу өнімді əзірлеуші немесе өндіруші үшін тиімді емес, бірақ тұтынушыға пайдасын тигізеді. Керісінше, нəтижесінде өндіруші, жабдықтардың технологиялық жабдықталуының унификациясын, технологиялық процесті үлгілеуі жəне тағы басқа кең ауқымда жүргізуі, өнімді пайдалану аумағында аса көрінбейтін артықшылықтары болуы мүмкін.
2009

Қазіргі уақытта қоғамдағы баспана мəселесі əлі де болса өз күрделілігін сақтап отыр. Сондықтан тұрғын үй мəселесін шешудің жолы ретінде əлемдік қолданыстағы тəжірибелерді енгізу — қазіргі күннің негізгі талабы. Əлемде орта жəне жоғарғы табысты адамдардың жеке меншік баспаналары бар, тіптен дамыған мемлекеттердің өзінде жеке меншік баспананың үлесі 50 % құраса, Германияда бұл көрсеткіш — 40, Швецияда — 43, Голландияда 45 % құрайды, ал қалған 50 % — жалға берілетін үйлердің үлесінде: оның 40 % — жекеменшік иелері бар жалға берілетін үйлер (табысты үйлер), 10 % — əлеуметтік жалдық үйлер (муниципалды жалдық үйлер) [1].
2009

Экономикалық өсудің қажетті шарттары, жаңа қуаттылық көзқайнарлары, технологиялар, басқару жүйелеріне айналатын білім мен ойлар болып табылады. Осы ойлар мен білімдер  адамдардың шығармашылық қызметіндегі үрдісте үздіксіз ұдайы өндірісте болуы тиіс. Форсайт — ғылыми-техникалық дамудың басымдықтарын анықтайтын жаңа модель, онымен ұзақ мерзімді келешектегі елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына əсер ететін, жаңа ғылыми- стратегиялық бағыттар мен технологиялық жетістіктерді анықтаушы жүйелендірілген үрдіс түсіндіріледі. Форсайт үрдісі басты орынды ғылыми-техникалық бағыттарды алатын, орта немесе ұзақ мерзімді уақытша жиекті жүйелену болып табылады. Форсайт мемлекеттік-жеке серіктестік спектрін кеңейтеді, өзіне жеке болжамалы жəне байланыс технологияларын үйлестіреді. 1990 жылдары форсайт үрдісін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония жəне Австралия (30 мемлекетке жуық) үкіметтері белсенді түрде пайдалана бастады [1]. Қазақстанда бұл əдіс ҒЗТКЖ саласындағы институционалды өзгерістерге қажетті анықтау механизмі жəне ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру ретінде, ҒЗТКЖ-дың жаңа бағыттарында мемлекеттік қаржыландыру басымдықтарын өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.
2010

Үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына апару керек пе? Олай болса шығындар ретінде үстеме шығындар есебін қалай түсінеміз? Үстеме шығындардың ерекшелігі — оларды өнімнің əр бірлігінің өзіндік құнына жатқызбайды. Оған себеп — мұндай шығындар дайын өнімге (бұйымға) тікелей қатысы жоқ. Қалай болғанда да үстеме шығындар кəсіпорын өніміне байланысты шығындар санатында болатыны жəне өнімді сатуға байланысты үстеме шығындар өнімнің құнын арттыратыны — дау туғызбайтыны анық. Тақырыпты ашу мысалдары ретінде Қарағанды қаласында Резник көшесі, 24 мекенжайында орналасқан нақты темір-бетон бұйымдары зауыты (ЗЖБИ) — «Нұрхан» ЖШС алынды (бұдан əрі қарай мəтін бойынша атауы — «Зауыт» деп келтірілді).
2010

Кəсіпкерлік немесе шағын бизнес, туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725–1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кəсіпкерлік теория əр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кəсіпкерлік бұл адамның тəуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде, жаңа кəсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді. Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тəуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алған адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кəсіпкерлікті өз мойнына тəуекелді алумен байланыстырып, капитал салушы кəсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кəсіпкерді өзіне-өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кəсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кəсіпкерлердің басты ерекшелігі — олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі.
2011

Қазақстанның қазіргі əлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңінде ұлттық экономиканың барлық салаларын модернизациялау маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Тұрғын үй шаруашылығы қоғамдық қатынастарға тікелей əсер ететіндіктен, ұлттық экономиканың маңызды əрі күрделі саласы саналады. Тұрғын үй шаруашылығындағы қызметке қол жеткізу мен оның сапасы — тұрғындардың өмір сүру деңгейін анықтаушы негізгі факторлар. Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың негізі — азаматтарды қауіпсіз жəне сапалы баспанамен қамтамасыз ету жағдайларын туғызу. Мемлекетте əлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту қазіргі күнгі стратегиялық міндеттердің біріне айналып отыр.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.