Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заманауи педагогтардың кəсіби құндылығы ретіндегі коммуникативті құзыреттілік

Қазақстан білім беру саласының əлемдік білім кеңістігіне енуге деген талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мəдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тəрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттырудың қажеттігі заңды құбылыс. Соған орай, білім берудің негізгі мақсаты — еліміздің əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптастыру. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне жаңалық əкеле отырып, педагогтарға үлкен жауапкершілікті жүктеді, яғни, үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі «мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту» баланың жас жəне өзіне тəн ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құру, педагогтың кəсіби іс-əрекетін іс жүзіне асыруда оның мазмұнын қабілетін, ырғағын түрлі психофизиологиялық жəне əлеуметтік ерекшеліктерді сезінуіне сəйкес келуін қарастыру қажет етеді [1].

Зaмaнaуи жaғдaйдa педaгогикaлық қызмет құpылымындaғы компоненттiң бірі ретінде коммуникaтивтiлiк алға қойылды. Педагогтардың балалармен, бacқa қызметкерлермен қapым- қaтынacты жеңiл оpнaтуы, əрине, педaгогикaлық мiндеттеpдi шешу тұpғыcынaн келгенде бұл қapым- қaтынacтың тиiмдiлiгi коммуникaтивтiк қaбiлет пен құзыpеттiлiктiң дaму деңгейiне тəуелдi екені белгілі. Қapым-қaтынac бiлiм беpумен ғaнa шектелмейдi, эмоционaлдық елiктipу, қызығушылықты ояту, өзара əpекеттеcу сияқты т.б. қызметтеpдi де aтқapaды.

Осы мəселеге байланысты бірқатар ғалымдар В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов педагогикалық мамандық қайтадан қалыпқа келтіруші жəне басқарушылық қызмет болып саналады деп көрсетеді. Сондықтан да бала тұлғасының дамуын басқару үшін ол өзі құзыретті болуы тиіс. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі, яғни, педагогикалық іс-əрекеттің жүзеге асыратындай оның теориялық жəне практикалық даярлығының бірлігі ретінде ақындалып, оның кəсіптілігін көрсетеді. Осы анықтаманы профессор Н.Д.Хмель қолдаса, ғалымдар Г.М.Коджаспиров, А.Ю.Коджаспировтар педагогтың кəсіби құзыреттілігі: ол оның педагогикалық қарым-қатынасын жəне педагог тұлғасы ретінде арнайы құндылықтардың, педагогикалық сананың, педагогикалық іс- əрекеттінің қалыптасқаның анықтайтын қажет білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруі болып табылады.

Алайда осы күнгі басты мəселеге айналған педагогтардың коммуникативті құзыреттілігі жөнінде философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулер бар десек те, ол əлі де болса зерттелініп келеді. Бұл мəселені философиялық тұрғыдан Г.С.Батишев, Л.П.Буева, М.С.Каган, К.Ясперс жəне тағы басқалар болса, психологиялық, педагогикалық тұрғысынан қарым-қатынас мəселесін қарастырған Г.А.Андреева, А.Г.Ковалев, А.В.Петровский, Н.Л.Сластенин, В.П.Симонов жəне тағы басқалар болды.

 «Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларының ішінде біз оны «коммуникативті іс-əрекет» түсінігімен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леонтьев, М.И.Лисина, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова, Д.А.Исмайылова, Ж.А.Əбішева жəне т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Қарым-қатынас дегеніміз — екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нəтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара əрекеттесуі [2].

Қарым-қатынас — бұл олардың барысында танымдық жəне эмоциялық-бағалаушы сипатты ақпаратпен алмасу болатын, өзара əрекетті, өзара түсінікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық процестердің өзгеше жүйесі. Жағдайларға байланысты қатынас əр түрлі аспектілерде: қызметтің ерекше түрі ретінде, қызмет шарты ретінде, қызметтің бір бөлігі ретінде, құрал ретінде, өзара əрекеттесу ретінде, қарым-қатынас ретінде, белсенділіктің дербес түрі ретінде, зияткерлік жəне адамгершілік даму негізі ретінде алға шығуы мүмкін.

Сонымен қатар қарым-қатынаста адамдардың əлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым- қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын ашып көрсетсек: біріншіден, коммуникативті жағы, мұнда қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрса, екіншіден, интерактивті жағы — адамдар арасындағы өзара əсер етуді ұйымдастыру, үшіншіден, перспективті жағы — қарым- қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.

Қарым-қатынас құралы — бұл қарым-қатынас процесінде біреуден екіншісіне берілетін ақпаратты көшіру, жеткізу, қайта өңдеу жəне түсіндіру тəсілі. Адамдар арасындағы ақпарат сезім, сөйлеу мүшелері жəне басқа да белгілік жүйелер, жазбаша, техникалық құралдарға жазу жəне сақтау арқылы беріле алады.

Kоммуникация ортақ түсінушілікке əкелетін екі жақты ақпарат алмасу болып табылады.

«Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Eгер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Kоммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады, тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс.

Коммуникациялық құзыреттілік — адамдармен тиімді қатынасты орната білу жəне өзін ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мəдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік жəне кəсіби тəжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3].

Жалпы құзыреттілік бұл тұлғаның белгілі бір мəселені шешудегі өзара байланысты білім, білік, дағдылар жиынтығы болса, ал коммуникативті құзыреттілік ол адамдармен өзара əрекет пен қарым- қатынас тəсілдерін білуі, əр түрлі топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы əр қилы əлеуметтік рөлдерді орындауда жəне өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау іскерлігінің болуы деп саналады.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (лат. соmpetere — «қол жеткізу», «сəйкес келу» сөзінен шыққан) — балалар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда баланың тіл жəне сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер бала сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мəдени дəстүріне сəйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені болып саналады.

Қарым-қатынастың коммуникативті компетенттілігін жүйелі-ажырамас кезеңдегі мақсатты үлгіде қарау, төмендігідей түрде көрсетілген:

  • коммуникативті-анықтамалық (алдағы коммуникативті қызмет жағдайында əлеуметтік- психологиялық жағдайды анықтау, əлеуметтік мүмкіндіктерді анықтау, əлеуметтік-психологиялық жəне онда жеке тұлғаның қарым-қатынасы басқа да қарама-қайшылықтарға тап болуы мүмкін);
  • коммуникативті-бағдарланатын (қарым-қатынас бағдарламасын дайындайды, қарым-қатынас үшін мəтін жасайды, қарым-қатынастың қашықтығы мен ұстанымын, түрін таңдайды);
  • коммуникативті-ұйымдастырылатын (қарым-қатынас туралы серіктестің назар аударуын ұйымдастыру, оның коммуникативті белсенділігін жəне т.б. ынталандыру);
  • коммуникативті-орындаушылық (коммуникативті жағдайды анықтау, онда жеке тұлғаның таңқалысы, бұл жағдайдағы болжамды дамыту, маңызды жеке бағдарламадағы қарым-қатынасты ертерек жүзеге асыру).

Коммуникативті құзыреттілік — қарым-қатынастың нормалары мен ережесін білу оның технологиясын меңгеру сияқты «тұлғаның коммуникативті əлеуеті» атты кең түсініктің құрамдас бөлігі.

 Ғалым Д.Хаймз «коммуникативті құзыреттілік» ұғымын келесідей құзыреттеліктермен біріктіреді:

  • лингвистикалық (дұрыс тілдік қатынастың болуы);
  • əлеуметтік-лингвистикалық (диалектикалық сөздер ережесі);
  • дискурсивті (айтылатын ойды дұрыс құра білу ережесі);
  • стратегиялық (серіктесімен қарым-қатынасты сақтау ережесі).

Коммуникативті əлеует — бұл адам мүмкіншілігінің сипаттамасы, ол оның қарым-қатынасының сапасын анықтайды. Ол өзіне қарым-қатынаста құзыреттілікпен қатар, тағы да екі құрамдасты біріктіреді, олар: қатынас жасаудағы қажеттіліктің дамуын сипаттайтын тұлғаның коммуникативті қасиеттері, белсенділік танытуға қабілеттілігі, əріптестерінің жағдайына эмоционалды үндесу, қарым-қатынастың жеке меншікті бағдарламасын қалыптастыру жəне іске асыру, қарым-қатынаста өзін ынталандыруға жəне өзара ынталандыруға қабілеттілігі.

Көптеген психологтардың пікірі бойынша, тұлғаның коммуникативті мəдениеті туралы айтуды оның сапа жүйесі ретінде:

  • шығармашылық ойды;
  • сөздік іс-əрекет мəдениетін;
  • қарым-қатынаста өзін бейімдеу мəдениеті жəне өзінің жағдайын психоэмиционалды реттеуді;
  • ым мен қимыл пластикасының мəдениетін;
  • қарым-қатынас бойынша əріптестің коммуникативті іс-əрекетін қабылдау мəдениеті;
  • сезім мəдениетін біріктіреді.

Коммуникативті компетенттілік сияқты коммуникативті мəдениетте жайдан жай пайда болмай- ды, ол қалыптасады. Оның қалыптасу негізі адамдық қарым-қатынастың тəжірибесінен тұрады.

Коммуникативті компетенттіліктің негізгі көздері мыналар: халықтық мəдениеттің əлеуметтік нормативтік тəжірибесі; халықтық мəдениетте қолданылатын тілдік қатынасты білуі; мерекелік емес ортада жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас тəжірибесі, өнерді қабылдау тəжірибесі.

Н.Е.Щуркованың жіктеуі негізінде біз келесі кəсіби-педагогикалық қарым-қатынастың, сонымен қатар коммуникативті қызметтің функцияларын атап көрсетеміз [4].

Бастапқы функция — əріптесті қарым-қатынасқа шақыру: ықылас білдіру, тілдесуге шығу, психологиялық қысымды түсіру, бейтаныстың алдындағы қорқынышты жою; қарым-қатынас сипатының түрін еркін таңдауға əріптестің көзін жеткізу, өзін бағалауды жəне өзіне сенімділікті арттыру, сонымен қатар басқа адаммен оның оңды қарым-қатынас жасауға сендіру.

Қарым-қатынастың екінші функциясы тілдесуге шыққанда əріптесті қолдауға бағытталған, оның қиындықтарының бір бөлігін өзіне қабылдау, серіктеске аяушылық білдіру: оған көмек беру, оның ішкі дүниесіне қызығушылық білдіру, оның тұлғалық ерекшеліктерінің өзіне тəн белсенді көріністерін қолдау жəне шабыттандыру. Серіктесу функциясы ортақ рөл атқарады: əріптеспен серіктес болу арқылы, біріншіден, басқаның ішкі дүниесіне енуге, рухани оқиғаларына кіруге қол жеткізілсе, екіншіден, өзінің «Мен» бөлігі басқалар алдында ашылады. Бұл функция коммуникативті қызмет үшін маңызды қасиет — эмпатияның дамуымен байланысты.

Кəсіби коммуникативтік қызмет — педагогтардың балалармен, ата-аналармен, əріптестерімен қарым-қатынасы, процесс кезінде міндетті түрде қарым-қатынастың үшінші функциясы — тұлғаның жоғары функциясы іске асады. Жоғары функция тəрбиеленушіге ара-қатынас кезінде байланыстың осы заманғы мəдениет деңгейін сақтауға, рухани жəне физикалық күштің əсерінен рухани жаңа күш пайда болуға ықпал етеді.

Алайда В.А.Кан-Калик өзінің зерттеулерінде білім беру процесін басқаруда педагог пен білім алушылардың коммуникациялық байланыстарын анықтаудағы жəне дамытудағы педагогикалық қатынастың рөлін қарастырады [5].

Педагогикалық қатынасты кəсіптік қатынастың алуан түрі ретінде зерттеп, ғалым педагогтың коммуникациялық қызметінің көп қырлылығын айрықша баса айтады. Оның пікірінше, педагогикалық қатынас — бұл «педагог пен тəрбиеленушілердің негізгі əлеуметтік-психологиялық өзара əрекеттесу жүйесі (тəсілдері мен дағдылары), оның мазмұны ақпаратпен алмасу, тəрбиелік əсер ету, коммуникациялық құралдардың көмегімен өзара қатынастарды ұйымдастыру болып табылады, педагог осы процесті ұйымдастырады жəне басқарды». Автор жаңадан бастаушы педагогтардың кездесуіне тура келетін негізгі қиындықтарды: байланысты жөнге келтіре білмеу; қатынасты басқарудағы күрделіліктер; өзара қатынастар жасай білмеу жəне оларды педагогикалық міндеттерге байланысты қайта құрай білмеу; сөйлесіп қатынасудағы қиындықтар жəне материалға меншікті эмоциялық қатынасын беру; қатынастағы меншікті психологиялық күйді басқарудағы күрделіліктерді топтастырады.

Дəлірек айтқанда, коммуникативтік құзыреттіліктер келесідей компоненттерден тұрады:

  • коммуникативтік тəртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педагогика жəне психология, конфликтология, логика, риторика, мəдениет жəне сөйлеу аймағындағы білімі);
  • коммуникативтілік жəне ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты жəне жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау жəне түсіну негізінде психологиялық əсер ету, қоршаған ортамен жəне оқшауланған адамдармен біріккен іс-əрекет кезінде белсенді əрекет жасау);
  • эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу т.б.);
  • өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің жəне өзінің мінез-құлқын реттеу алу іскерлігі, əңгімелесушіні модельдей алу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым- қатынасты болжай алу);
  • вербалды жəне вербалды емес қарым-қатынас мəдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, дəлелдеу техникасын жəне келісім-шарттарды жүргізу, кəсіби педагогикалық əдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мəдениетін меңгеру, вербалды емес құралдарды қолдану).

Қазіргі заманғы зерттеулерде берілген ұғымдарды талдау мен пайымдау жалғасуда, ол жаңа мазмұнмен толықтырылуда. Осыдан аз уақыт бұрын коммуникативтік құзыреттілік «тиімді қарым- қатынас жасауға қажетті дағдылар мен икемділіктердің жиынтығы» деп түсінілсе, ал қазіргі таңда неғұрлым кең мағынаны қамтып, тұлғалық аспектіні кірістіріп отыр.

Сонымен, коммуникативтік құзыреттілік өзара əрекеттесуді ұйымдастыру үшін қажет білімдер, икемділіктер мен дағдылардың жиынтығы жəне де тиімді коммуникативтік тұлғааралық қарым- қатынасты құруға негізделген тұлғаның ішкі жоспары ретінде қарастыруға болады.

Коммуникативтік құзыреттілік қарым-қатынаста туындайтын коммуникативтік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шеше білу қабілеті. Соған орай коммуникативтік құзыреттілік қарым- қатынастың тиімділігін анықтайтын білім, икемділік пен құндылықтық бағыт-бағдардың қосындысы деп түсінеміз.

Педагогтың кəсіби қарым-қатынасы — педагогикалық міндеттерді шешуде əр түрлі коммуникативті құралдарды тиімді пайдалану арқылы шешім қабылдауға бағытталған күрделі коммуникативті өзара əрекеттесу жүйесі. Педагог баланың сөйлеу ерекшелігін болжай алуға, тілдік қатынасты талдай білуі тиіс, айтылатын ойды жеткізуде, тілдік əдепті сақтау арқылы диалогтық қарым-қатынасты орнатуы шарт.

Сонымен қатар педагогикалық шеберлікте коммуникативті қызметті ұйымдастыру техникасы негізгі орын алады. Педагог үшін қарым-қатынас — бұл кəсіби қызметтің бір түрі десек, онда оның тəсілдері: сөз, дауыс, интонация, көзқарас, ымдау, жымию, сезу жəне қобалжу. Балалармен қатынас жасаған жағдайда педагог қарым-қатынас жағдайын ұйымдастыру үшін кейбір талаптарды орындауы қажет (В.А.Кан-Калик əзірлеген): сенімділік, диалогтылық, өзара түсіністік, нақты психологиялық байланыс, əсер етуден бас тартуға қабілеттілік жəне өзара іс-əрекетке көшу [4].

Егер педагог үшін қарым-қатынас, яғни, кəсіби қызметтің түрі болса, ал бала үшін — ол өмірлік іс-əрекет. Осы жерде қарым-қатынас кезінде педагог пен баланың ұстанымы арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Бала өзіне жасалған жағдайға сай өмір сүреді, педагогтар, ата-аналар жəне құрбыларымен қарым-қатынас орнату — оның өмірінің бір бөлігі. Педагог балалармен сөйлесе отырып, жұмыс істейді жəне ол əрқашан тəрбиеленушілер мен өзінің арасында не болып жатқанына өзіне есеп беруі керек.

Сөйлеу шеберлігін қалыптастыру үшін сөйлеу тілінің қатынас құралы ретіндегі маңызын, сөйлеу дыбысын қабылдау ерекшелігін білуі тиіс, сондай-ақ адамның сөйлеу мүшелері құрылымы мен оны дамыту əдісін білуі қажет. Сезу жəне қарым-қатынасты мазмұнды көрсете білу адамның нақты жағдайда эстетикалық қабылдау заңдылығын білмейінше оны қалыптастыру мүмкін емес.

Психикалық жағдайды өзіндік реттеу əрекетін жасау адамның психологиялық жағдайының маңыздылығы жəне бұл жағдайды басқару білу машығы болуын талап етеді. Бұл білімдердің барлығы педагогикалық қызметпен шұғылдануға шешім қабылдаған барлық жандарға аса қажет. Осы бағытта оларға көмек беру — басты міндеттердің бірі. Алайда əркімнің алдында əлі де біршама жұмыстар атқару міндеті тұр, оның нəтижесі болатын өзі туралы мыналарды: өзінің психологиялық жағдайы жəне өз сөзінің ерекшеліктері туралы, өзінің басқа адамдармен өзара іс-əрекеті, сөз мəнері, əдеті, мінез-құлқы туралы білуі болып табылады.

Демек, тек қана бір білім қанша терең болса да, икемділікті қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Тағы да бірқатар арнайы дағдыларды меңгерген болуы керек, яғни кейбір іс-əрекеттерді тəжірибеде орындау барысында ешқандай қиындық тудырмайтын автоматтандыру əдісін ескеруі тиіс. Сөйлеу дағдысы аймағында мұндай автоматтандырылған əрекеттерге фонетикалық (сөйлеу) тыныс алу машығы, дұрыс артикуляция (дикция) жəне сөздерді дұрыс айту дағдысы, əр түрлі жылдамдықта жəне əр түрлі дауыс қаттылығында «сөйлеу» дағдысы жатады. Сезім мен қатынасты айқын көрсету жетілдірілген мимикалық, микромимикалық жəне пантомимикалық тəсілдерді талап етеді. Өзіңнің психикалық жағдайды басқару үшін өзіңді бақылау, өзіндік қадағалау жəне өзіне бұйыра білу дағдыларын игерген болуы керек. Икемділіктің əрбір тобын қалыптастыру үшін жалпы білім (мысалға, психологиялық жекешелікті немесе сөйлесу психологиясын білу) болумен қатар, арнайы (мысалы, тіл мен сөйлеудің маңыздылығын білу жəне т.б.) білімі болуы керек. Дағдыларға келетін болсақ, олардың барлығы əрбір икемділікте осылай немесе басқаша «жұмыс істейді». Мысалға, дəл жасалған ымдау жəне айқын көзқарас сіздің сөзіңізді анағұрлым түсінікті жəне дəлелді етеді, ал өзіндік бақылау дағдысын дұрыс реттеуге мүмкіндік жасайды, мысалға, дауыс ырғағы мен сөйлеу жылдамдығын тəртіпке келтіреді.

Педагогтың кəсіби сөйлеудегі дауысын келесі негізгі сапаларға бөліп көрсетуге болады: дауыс жеткілікті түрде қатты айтылуы керек — ол кез келген аудиторияда естілуі тиіс, тіпті күшейткіш техникалық құралдар болмаса да (дауыстың динамикалық диапазоны-ауқымы); дауыстың жіберілуі, яғни оның қажетті нүктеге жетуі, əрбір тыңдаушыға дейін баруы, дауыстың құбылмалығы, оралымдығы, ауызша сөйлегенде интонациялық-əуезділігінің өзгеруі педагогтың ойын жеткізуде оны толықтай жəне сан қырлы етуге мүмкіндік беретін жоғарғы дыбысты диапазон болуы: дауыс тембрі. Тембрлік бояуда өз дауысының қанша айқын əсерлі шығуы тыңдаушының тез қабылдауына тəуелді болады; дауыстың биіктеп шығуы — оның басқа дыбыстар мен шудан бөлектенуіне, басқалармен араласпай, олардың арасында жоғалып кетпеуіне қабілеттілік; шыдамдылық, яғни дауыстың шаршаңқылығы, — бұл ұзақ қарқынды сөйлеуде, анағұрлым дауыстық салмаққа шыдам беруде дыбысталудың негізгі қасиетін жоғалтпауға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, «адамның ортадағы қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін өзін қарым- қатынас субъектісі ретінде адамның қоғамдағы, ортадағы басқа адамдармен өзара байланысын сипаттайтын құзырлықтың мəні, ол оның ынтымақтастық орната білуі, басқаны сол күйінде қабылдауы», деп ғалым И.А.Зимняя тұжырымдайды [6].

Құзырлылық қарым-қатынасты дамыту — оны үйлестірудің маңызды бағыттарының бірі. Коммуникативті құзырлылықты дамыту үшін, қарым-қатынастың қандай да бір түріндегі заңдылықтары маңызды, оған қызметтік-іскерлік, рөлдік, жыныстық жəне жеке тұлғалық жатады Коммуникативтілік педагогтың балалармен, олардың ата-аналарымен, əріптестерімен, балабақша жетекшілерімен педагогикалық максатқа сəйкес қарым-катынастар орната алу білігінен байқалады.

Педагогтың еңбегінің тиімділігі қарым-қатынас жасау өнерімен тығыз байланысты. Педагогикалық қарым-қатынастың негізінде мынандай машықтар жатыр, олар — жағдайды бағалай білу, топпен байланыс орнату, баланы дұрыс түсіну жəне т.б. Мұның барлығы кəсіби шеберліктің құрамдас бөлшегі жəне коммуникативті компоненттің жемісті болуын қамтамасыз етеді. Заманауи педагогты даярлау бүгінгі күнде адамның коммуникативті іс-əрекет қабілеттерін, əлеуметтік жəне кəсіби рөлдерін құзыреттілікпен жəне жауапкершілікпен орындау мүмкіндіктерін ашу процесі болып қарастырылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. — Астана, 2003. — 26 желт.// [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.enu.kz/downloads/tyzhyrymdamasy.pdf
  2. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http:// rusnauka.com/36_PVMN_2012/Pedagogica/2_123473.doc.
  3. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. — 2-ші толықт., түзет. жəне қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А.Құсайынова. — Алматы: TST-company, 2005. — 368 б.
  4. Мирза Н.В. Профессиональная компетентность педагога. — М.: Московский Парнас, 2008. — 256 с.
  5. Кан-Калик В.А. Техника педагогического общения. Учителю о педагогическом общении: книга для учителя. — М.: Просвещение, 1987. — 190 с.
  6. Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-əдіснамалық негіздері: монография. — Алматы, 2012. — 144 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.