Бүгінгі таңда біздің елімізде құқық қорғау органдары жүйесінде болашақ кадрларды даярлау саяси, экономикалық жəне мəдени салаларда жаңа қоғамдық қатынастарға өту жағдайларында өтуде.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес, республикада демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекетті құруға бағыт қабылданған, бұл еліміз азаматтарының кəсіптік-іскер, жеке тұлғалық жəне адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптардың өзгеруіне əсер етпеуі мүмкін емес [1].
Білім беру туралы тұжырымдамада белгіленген артықшылықтарға сəйкес, мемлекеттің əлеуетін анықтайтын бəсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды даярлау білім беру жүйесінің ерекше міндеті аталған [2]. Біз атап өткендей, даярлық деңгейі жоғары мамандар құқықтық даярланғандықты ғана иеленген емес, сонымен бірге сəйкес педагогикалық даярлықсыз жəне педагогикалық білім, дағдылар мен шеберліксіз мүмкін болмайтын тəрбие беру функцияларын орындайтын құқық қорғау органдары жүйесінде де қажет.
Құқық қорғау органдары қызметкері тұлғасының жалпыланған сипаттамасы оның құқықтық құзыреттілігі жəне педагогикалық мəдениеті болып табылады. Ол алдын алу, тəрбие беру, құқық қорғау жəне превентивті қызметтерді халықпен тиімді өзара əрекеттесумен үйлесімде табанды жəне табысты жүзеге асыру қабілеттілігін көрсетеді.
Біздің ойымызша, əлі күнге дейін мектептің, жоғары оқу орындарының жəне педагогикалық ғылымның педагогикалық мəдениетті қалыптастыру міндетіне көңіл бөлмеген деп пайымдау дұрыс емес болар еді. Алайда оқушыларды, студенттерді жəне тыңдаушыларды тəрбиелеу олардың педагогикалық мəдениетін қалыптастырудың бірыңғай тұжырымдамасы, оның əдістемелік қамтамасыз етілуі, тарихи-педагогикалық талдауы жеткіліксіз жүзеге асырылған. Сондықтан біздің қоғамда педагогикалық мəдениетті қалыптастыру проблемасы білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 370 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ішкі істерінің тəрбие беру жұмысы тұжырымдамасында: «Адамдар тəрбиесінің жетекші ролін қамтамасыз етпей, қоғамның рухани сауығуы мүмкін емес, себебі азаматтардың өзін- өзі бағалау деңгейі жəне мемлекеттік қызметкерлердің тəрбиеленгендігі деңгейі арасында маңызды алшақтық пайда болды. Атап айтқанда, құқық сақтау органдары қызметкерлерінің белгілі бөлігінде тəрбиеліліктің жеткіліксіздігі, лайықты адамгершілік, педагогикалық, саяси жəне басқа мəдениеттің жоқтығы Қазақстан Республикасы ІІМ қызметінің өзекті мəселелерін айтарлықтай тиімділікпен шешуге мүмкіндік береді, онымен жеке құраммен тəрбие беру жұмысын жүргізудің маңыздылығы, оны түбегейлі жақсарту қажеттілігі қамтамасыз етілген.
Тəртіп пен заңдылықты бұзу санының азаймауы, қызметкерлердің ауыр қылмыстар, соның ішінде топтық, пайдақорлық бағытта жасау фактілері қатты алаңдатушылық тудырады. Қызмет мүдделеріне сатқындық жасау, қызмет бабын теріс пайдалану жағдайлары бірлі-жарым емес. Полиция қызметкерлері тарапынан көрсетілетін дөрекілікке, арсыздыққа, адамдармен ықылассыз қарым-қатынасқа түсетін шағымдар мен өтініштер саны азаймайды, көмек сұрап барған адамдарға тіл тигізу жəне оларды қорлау жағдайлары сирек емес», — деп атап өтілген [3].
Берілген проблеманы зерделеу үшін оны мəдениет теориясы бойынша əдебиетте анықтауға қандай амалдар бар болатынын айқындау қажет. Кейбір зерттеушілер оны — адамның қызмет ету тəсілі, басқалары — адам шығармашылығының процесі, үшіншілері — адамның қызметіндегі маңызды күштерді іске асыру шарасы мен тəсілі, төртіншілері құндылықтар жүйесі жəне оларды іске асыру процесі ретінде анықтайды.
Біз А.В.Стремоуховтың пікіріне қосыламыз, «мəдениет» ұғымына C.И.Ожегов аса сəтті анықтама берді: «Мəдениет — бұл адамдардың əлеуметтік құндылықтардың дамуын меңгеру бойынша шығармашылық қызметінің тəсілі жəне нəтижелері, онда қоғам мен жеке тұлғаның прогресі айқындалады жəне олардың арқасында қамтамасыз етіледі». Басқаша айтқанда, мəдениет, айталық, қызметтің заңды немесе педагогикалық жəне оған ұқсас түрлерімен қатар, оның ерекше түрі ретінде емес, оның кез келгенінің сапалық сипаттамасы ретінде қарастырылады. «Мəдениет — қоғамдық өмірдің бөліктерінің бірі, адамдар өмірінің жеке сферасы болмайды. Мəдениет олардың сапалық сипаттамасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық сфераларына тəн» [4].
Гегель «Құқық философиясында» мəдениетке байланысты былай деп жазған: ««Мəдениетті адамдар» деген сөздің астарында басқалар жасайтынның барлығын жасауға шамасы келетін адамдарды түсінуге болады» [5]. Егер Гегельді материалистік тұрғыда оқыса, — деп ойлайды Л.Н.Коган, — онда бір адамның қызметінің мəдениеті адамның жеке қызметін жалпыға ортақ қызметтен жоғары ұстаудан, осы қызметтің жалпыға ортақ нормаларын иеленуден тұрады [6]. Осыған байланысты мəдениеттің астарында осы адамдардың нəтижесінде жаңа жоғары жетістіктер жасалатын жəне адамның тұрақты даму процесі жүретін қызметінің қоғамдық-тарихи практиканың əр түрлі салаларындағы жоғары жетістіктерге (эталондарға, құндылықтарға) сəйкестігін түсінетін зерттеушілердің көзқарасы аса нəтижелі болып көрінеді.
Мəдениет субъектілері қоғам, кластар, əлеуметтік топтар ғана емес, сонымен бірге адам болып табылатындықтан, онда «жеке тұлға мəдениеті» ұғымын анықтау қажеттілігі бар.
Болашақ мамандарды кəсіби даярлаудың маңыздылығы маманның жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы талаптарымен сипатталады. Мұның өзі оқу орнының педагогикалық үрдісінде жалпы жəне кəсіби мəдениетті, қарым-қатынас жасау мен өзін ұстай білу мəдениеті ұдайы көтеретіндей бағыт-бағдар беру қажеттігін туғызады.
Жеке тұлғаның бойындағы психикалық қасиеттердің қосарлануы жəне оларды маманның талаптарымен салыстыру өте күрделі болып келеді. С.И.Ожеговтың сөздігін қарастырсақ, адамның жеке тұлғалық қасиеттерін бейнелейтін 1500-ға жуық сөз бар екені анықталды. Бірақ олардың барлығы жеке тұлғалық ерекшеліктер емес, яғни олардың кейбіреулерін бір сөзбен анықтауға болады. Мысалы, психологтар берілген сөздер мен түсініктерді қолдануда жеңіл болу жолдарын тапты, олар жеке тұлғалық қасиеттердің барлығын белгілі бір топтарға бөліп қарастырады: қабілеттер, қасиеттер, қызығушылықтар, темперамент жəне т.б.
Жеке тұлғаның мотивациясы хабардар болу, себеп-салдар, дəлелдер, мақсаттар мен оның мағынасын қарастыратын, жеке тұлғаның бағыттылығымен қамтамасыз етіледі. Жеке тұлғаның бағыттылығы адамның қоғамға жəне өз-өзіне деген қарым-қатынасының жүйесін, іс-əрекет пен оның тəртіп бірлігін анықтайды; жеке тұлғаның тұрақтылығын құрайды; өздігінен даму мен машықтану негізі болып табылады.
Жеке тұлға мəдениеті — бұл оның маңызды күштерін, материалдық жəне рухани құндылықтарды жасау жəне тұтыну бойынша шығармашылық қызметінде оларды іске асыру тəсілдерін дамытудың жоғары дəрежесі. Сонымен, жеке тұлға мəдениеті маңызды күштердің бар болуымен жəне олардың даму дəрежесімен сипатталады. «Адамның маңызды күштері» деген не?
Сонымен, К.Маркс «Құқықтың гегельдік философиясын сынауға» атты жұмысында ерекше жеке тұлғаның «маңызын» «оның сақалы емес, оның қаны емес,... ал оның əлеуметтік сапасы... құрайды», — деп жазады» [7].
Одан адамның маңызды күштерінің тең оның қызметінде ғана жəне, ең алдымен, еңбегінде айқындалуы мүмкін екендігі туралы куəландырады. Адам əлемді тек еңбек арқылы түрлендіреді жəне өзінің күштері мен қабілеттерін заттандырады. Осыдан «қызмет» категориясы «мəдениет» категориясынан ажыратылмайды, не болмаса «ол мəдениет механизмі — əлеуметтік тəжірибені жалпылау жəне бекіту нəтижелері мен құралдары арқылы программаланады жəне жүзеге асырылады». Осыдан «қызмет тəсілі» ұғымы теорияны негіздегенде жəне мəдениет феноменін сипаттағанда базалық категория ретінде қабылдануы тиіс екендігі шығады.
Мəдениетті зерделеу, адамның жеке ерекшелігін қарастыра отырып, педагогикалық мəдениетті дамытудың негізгі бағыттарын да заңға сыйымды қамтамасыз етті. Кез келген азамат қызмет жəне қатынас процесінде оқыту, тəрбиелеу жəне, əрине, мəдениет тұрғысында ең жақсысын алуға тырысады. Берілген жағдайда мəдениеттің дамуы жеке тұлғаның қоғамдық тіршілік əрекетінің кез келген саласында дамуымен сəйкес келеді.
Берілген сөйлемнің жеке тұлғаның педагогикалық мəдениетін талдау үшін əдіснамалық мəні бар. Философиялық білім құрылымының түсінігін, зерттеу тақырыбының өзгешелігін назарға алып, əдіснамаға, гносеологияға, диалектикалық логикаға, əлеуметтік философияға, сондай-ақ ғылым философиясына сүйенеміз. Зерттеу негізіне таным теориясының, философиядағы ғылыми таным теориясының маңызды сипаттамасы қабылданған.
Адамзат факторы ролінің жоғарылауы мен мəдениет максиологизациясы тенденциясы, оған жақсы қасиеттер беру байланысқан. Мұнда мəдениет құндылықтар жүйесі жəне оларды іске асыру процесі ретінде айқындалады.
Философ-ғалымдар «мəдениет» ұғымында əр түрлі бөлімдерді ерекшелейді — бұл рухани жəне материалдық бөлімдер. Осыдан алғанда материалдық мəдениеттің адам қызметінің бүкіл сферасын, оның нəтижелерін, қоғамның материалдық өмірінің жəне адамның жеке тіршілік ету жағдайларын тудыратынның барлығын қамтитыны шығады, ол өндірістік күштердің даму деңгейімен, қоғамның экономикалық құрылысымен анықталады, рухани мəдениеттің қалыптасу жəне даму базасы қызметін атқарады.
Қазіргі уақытта əдебиетте кездесетін анықтамаларды кез келген тарихи кезеңге қолдануға болады. Сонымен бірге маманның (əсіресе ішкі істер органдары қызметкерінің) педагогикалық мəдениетіне сапалы жаңа талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, педагогикалық қызмет ретінде 20–25 жыл бұрын саналғанды жəне қазір саналатынды бірдей анықтауға болмайды. Жүйелік-құрылымдық амалдың зерделенетін құбылыстарға қойылатын талаптары жəне зерттеу міндеттері бізді, оларды бір мезгілде пəн ретінде де, тəрбие беру қызметінің нəтижесі ретінде де қарастырып, онда оның құраушыларының маңызды элементтерін көрсету арқылы педагогикалық қызмет анықтамасын шекті нақтыландыру қажеттілігіне келтірді.
Философиялық жəне психология-педагогикалық əдебиеттерде жеке тұлғаның педагогикалық мəдениетінің құрылымына көзқарастарда анықталған бірлік қалыптасты. Біздің ойымызша, кездескен айырмашылықтар түбегейлі емес жəне негізінде олардың көптігі туралы айтады.
Педагогикалық мəдениеттің негізгі элементтеріне: психология-педагогикалық білім жəне білімдарлық; педагогикалық бағытталғандық (өзгеше кəсіптік қатынастар, көзқарастар мен нанымдар жүйесі); педагогикалық бағытталған қатынас жəне тəртіп; оқу жəне тəрбие беру қызметін нəтижелі жəне шығармашылықпен үйлестіре білу; тəрбиелеушінің педагогикалық қызметіндегі кəсіби маңызды жеке тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы; үнемі өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу (өздігінен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу) жəне т.б. жатады [8].
Сонымен бірге кəсіптік мəдениеттің, кез келген басқа мəдениеттің сияқты, жетілу шегінің жоқ екендігін атап кету қажет. Қоғамның дамуына қарай оның сапалық деңгейі жəне практикалық маңызы үнемі артып отырған жəне болашақта да артатын болады. Педагогикалық мəдениет қалыптасуының қоғамның барлық педагогикалық жүйесінің дамуы жəне жұмыс істеуі үшін орасан зор мəні бар. Жеке тұлғаның педагогикалық қызметіне əсер етіп, педагогикалық мəдениет сонымен бірге мемлекеттік органдардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметіне, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметіне əсер етеді, себебі олар қылмыстарды тергеу мен ашуды жүзеге асыруға ғана емес, сонымен бірге азаматтардың арасында адамдарда мəдениет пен заңға құрметті тəрбиелеумен байланысты алдын алу жұмысын жүргізуге де міндетті.
Əдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы, 2005. — 40 б.
- Концепция государственной политики в области образования // Учитель Казахстана. — 1995. — № 9. — С. 3–4.
- Концепция воспитательной работы внутренних дел Республики Казахстан: Приказ № 370 Министра внутренних дел РК от 30 июня 2003 г. — Астана, 2003. — С. 2,
- Ожегов С.И., Шведова Л.Ю. Толковый словарь русского языка. — М.: Изд-во «Азъ», 1992. — 562 с.
- Гегель. Философия права: Соч. в 14 т. — М.: Соцэкгиз, 1982. — 156 с.
- Коган Л.Н. Сущность культурной деятельности // Культурная деятельность: опыт социологического исследования. —М.: Товарищество научных изданий КМК, 1981. — С. 8–30.
- Маркс К., Энгельс Ф. К критике гегелевской философии права. — 2-е изд. — Т. 1. — М.: Соцэкгиз, 1957. — 368 с.
- Культура в свете философии. — Тбилиси: Мецниереба, 1979. — 145 с.