Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əбіш Жиреншин — əдебиетші-ғалым

Қазақ əдебиеттануының сан алуан өзекті де тың жатқан ғылыми мəселелерін зерттеушілер шоғырының алдыңғы қатарында əдебиетші Əбіш Жиреншин есімі ерекше құрметпен аталады. Оның ғылыми мұрасы бүгіндері де ұлттық əдебиеттануда үлкен маңызға ие болып табылады. Бұл ретте абайтану іліміндегі ғылыми-зерттеу мақалалары жəне де қазақ кітаптары тарихы сынды тың арнадағы зерттеуі Ə.Жиреншин ғылыми мұрасының маңызын айқындаумен қатар өзіндік даралығын да танытады.

Əдебиетшінің алғашқы ғылыми ізденістері ұлы ақын мұрасын зерттеудегі қадамынан басталады.

«Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы жаңа материалдар» («Екпінді», 1939, 9 қазан), «Абай мен Михаэлис» («Екпінді», 1940, 15 қазан), «Қазақ əдебиетінің классигі» (М.Əуезовпен бірге) («Социалистік Қазақстан», 1949, 24 шілде), «Абайдың əлеуметтік ойды дамытуы жəне Абай заманындағы қазақ поэзиясы» (кіт.: Абай Құнанбаев. Алматы, 1951), «Абайдың эстетикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі», 1954, 9 қырк.), «Произведения Абая на русском языке» («Казахстанская правда», 1954, 20 желт.), «Абай ұрпақтары жайлы» («Лениншіл жас», 1956, 14 қырк.), «Абай шығармаларының академиялық жинағы» («Қазақстан мұғалімі», 1955, 24 ақп.), «Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы (Кəкітай Ысқақұлының қайтыс болғанына 50 жыл)» (Е.Жақыповпен бірге) («Қ.Ə», 1965, 19 ақп.), «Абайды алғаш еске алушылар» («Қ.Ə», 1971, 2 маус.) мақалалары, «Абай и его русские друзья» (1949), «Абай жəне орыстың ұлы революцияшыл демократтары» (1959) еңбектері əдебиетшінің абайтануға қосылған қомақты үлесін танытады. Бұл мақалалардың жарық көруімен ұлы ақын өмірі, шығармашылығына қатысты соны дереккөздері тыңнан қамтылып, құнды ғылыми тұжырымдар жасалды. Əсіресе ақын поэзиясы, текстологиясы, академиялық жинағын шығару жəне Абай шығармаларын бастырушы Кəкітай Ысқақұлына қатысты жазылған проблемалық мақалаларының абайтанудағы маңызы зор. Сондықтан да М.Əуезов ғалым еңбектерінің абайтанудағы құндылығын жоғары бағалаған болатын.

«Абайдың ақындық мектебі туралы нақтылы ғылыми-зерттеу нысанасына алып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, молырақ пікір айтқан ғалымдар Қ.Мұхаметханов пен Ə.Жиреншин болатын», — деп жазады ғалым М.Мырзахметұлы. Бұл ретте əдебиетші еңбектерінде Абайдың ақын шəкірттері кеңінен қарастырылып, сөз зергерінің дəстүрлі ізбасарларының қатары Нұрлыбек, Мұқаметжан, Баймағамбет, Байкөкше, Төлеу, Ағашаяқ, Қиясбай, Көрпебай, Ырсалды есімдерімен толықтырылуы ғалым ізденісінің жаңашылдық сипатын көрсетеді.

Ғалым Абай шығармаларын жариялау ісіне де ерекше еңбек сіңірді. Əдебиетші құрастыруымен Абай Құнанбайұлының бір томдық толық шығармалар жинағы 1961 жылы жарық көрді. Ұлы ақын өмірбаянын, сөз соңы, түсініктерін жазған ғалым толық томда ақынның бұрыннан белгілі 167 өлеңіне жаңадан табылған 8 өлеңін тыңнан қамтиды. Аудармалары, қара сөздеріне түсініктеме берді. 165 кісі атына анықтама, 69 тарихи-хронологиялық көрсеткіш, абайтану еңбектерінің тізімі берілді. 232 алфавиттік көрсеткіш қамтылды. Мұның бəрі зерттеушінің абайтану іліміне қосқан үлесін айқын танытады əрі осы бағыттағы ғылыми ізденістерге нақты бағыт-бағдар беруімен де құнды.

Шынайы ғалымның ғылыми ізденістері соны да тың тақырыптарға батыл баруымен даралануы заңды. Соның ішінде, ғалым өзі атап көрсеткендей, «мəдениеттің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі — кітап» [1; 4] десек, адамзат дамуының өркениет өріне ұмтылуындағы биік белесінде өшпес із қалдырған руханият əлемінің күретамыры кітап тарихын ұлттық кітап тарихын зерттеумен сабақтастырудағы кемел іс Ə.Жиреншин тарапынан алғаш рет қолға алынды.

Ол ұлттық əдебиеттанудағы кітаптану ғылымының негізін қалаушылардың бірі десек, оның «Қазақ кітаптары тарихынан» (1971) еңбегінде 1800–1917 жылдар аралығында жарық көрген қазақ кітаптарының тарихы кешенді зерттеліп, Қазан университеті мен «Азия» баспаханасынан шыққан елуден астам кітаптың қысқаша мазмұндамасы берілді. Осы күрделі де маңызды тақырыпта ізденіс жүргізу терең біліктілікті жəне өз халқыңның руханиятына деген шынайы сүйіспеншілікті де талап етері хақ.

Ғалым бір ғана Қазан қаласының өзінде ХІХ ғасырда қазақ жəне шығыс кітаптарын басқан 13 баспахана жұмыс істегенін айқындай отырып, сонымен қатар ХІХ ғасырда Петербор, Уфа, Ташкент, Орынбор, Семей, Омбы, Орал, Верный, Астрахан қалаларында да қазақ кітаптары шыққанын дəлелдеді. «Жалпы ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезінде осы қалалардан орта есеппен бір мыңнан астам атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан, олардың таралымы орта есеппен алғанда бес миллион данаға жетеді. Тек бір ғана осы фактінің өзі қазақ елін жаппай «қараңғы», «тағылықпен өмір сүрген» ел еді деген үстірт қорытындыларды теріске шығарады. Патшалық қыспағы жағдайында жүздеген авторлар кітап жазып, аудармашылар шығып, оны елге таратуы назар аударарлық оқиға. Осы кітаптар талай-талай қиындықтармен жарық көрген» [1; 39] деген пікірімен баспасөз тарихын байыптау арқылы ұлт руханиятының қашан да өз биігінде болғанын терең екшеді. Бұл ретте Қазан, Уфа, Ташкент, Астрахан, Орынбор, Троицк, Алматы, Семей, Орал, Петербор қалаларынан шыққан қазақ кітаптары туралы құнды мəлімет, дерек көздері негізінде ХІХ–ХХ ғасырдың басында олардың арасында жүздеген қазақ авторларының болғанын, солардың ішінде ондаған кітап жазған, өткендегі қазақ кітап мəдениеті дамуына ерекше еңбек сіңірген қайраткерлер қатарында К.Шаһмарданұлы 1859–1899 жылдар аралығында қолтума, аударма сипатындағы 22 кітап, Ақылбек Сабалұлы 1909– 1915 жж. — 15 кітап, Ж.Шайхыисламұлы 1879–1915 жж. — 15, М.Қалтаев 1904–1913 жж. — 7,Ш.Жəңгіров — 9, С.Көбеев — 3, Ы.Алтынсарин — 4, Т.Жомартбаев — 2, М.Ж.Көпеев — 3, М.Сералин 2 кітап жазғанын нақты мысалдармен дəлелдей көрсетеді. Кезең идеологиясы мүмкіндік бермегендіктен, Алаш қайраткерлерінің əдеби жəне ғылыми мұрасы назардан тыс қалып қойғанымен, ғалым қазақ кітаптарының жарыққа шығу эволюциясының тұтастықтағы болмыс-бітімін əдеби- тарихи тұрғыда ашуға ұмтылды.

Ғалым қазақтардың руханият əлемінде ерекше орын алатын Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Əбілғазы Баһадүр жəдігерлеріне, жыраулар мұрасы, лиро-эпос кітаптарының жарық көру тарихына сəуле түсіріп, олардың қоғамдық өмірдің рухани арнасындағы маңызы мен мазмұнын саралайды. Мəселен, еңбектің «ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейін басылған кітаптардың негізгі бағдары» бөлімінде зерттеуші Шортанбайдың «Хисса Шортанбай һəм Шортанбайдың бала зары» (1888), Дулаттың «Өсиет-нама» (1880) кітаптарына тоқталып, олардың сол кезең тұрғысындағы идеялық қайшылықтары деп табылған мəселелерін қаузай бермей əдебиет тарихында алар орынын объективті бағалауға күш салды. Ал «ХХ ғасырдың басында баспа ісінің онан əрі дами түсуі» бөлімінде осы кезеңде жарияланған кітаптарды тақырып жағынан алты топқа бөле отырып, «ХХ ғасырдың басындағы рухани өрлеудің өзекті сипат — прогреске ұмтылу болды. Əркім əр салада қаламымен, өзіндік ой-санасымен халыққа қызмет етуге тырысты. Кейбір авторлар кітапты көбірек жазып, өмірін түгелдей ағарту ісіне, əдебиетке, жастарды өнер-білімге баулуға жұмсады» деп аталған дəуірдегі ұлт зиялыларының қоғамдық қызметіне тəн басты сипатты дұрыс екшеді.

ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің М.Қалтаев, М.Ж.Көпеев, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, М.Сералин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров сынды басты өкілдерінің шығармашылығына шолу тұрғысынан тоқталып, олардың əдеби мұрасының маңызына орай ғылыми негіздегі көзқарасын білдірді. Мəселен, М.Ж.Көпеевті демократтық бағыттағы ағартушы, бұқарашыл ақын деп бағалаған Ə.Жиреншин оның патшаның отаршылдық саясатын батыл сынап əшкерлегенін «өз халқын жер бостандығын алуға шақырып, жұртына қайрат, рух беріп, елінің ауыр өмірін, жүрегінің сырын кітап бетіне төгеді» дей келіп, кітаптары үшін саяси сенімсіз адам ретінде құпия бақылауға алынғаны туралы құнды деректер келтіреді. Егер де сол кездері ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің тарихы, айтулы тұлғаларының шығармашылығы өз деңгейінде зерттелмегенін ескерсек, ғалым аталған кезеңдегі əдебиет тарихын зерттеуде өте өзекті болып табылатын мəселелерге батыл барғанын байқау қиын емес.

ХХ ғасырдың басынан 1917 жылға дейін қазақ тілінде төрт жүздей азаматтық кітаптар шыққанын, олардың басым көпшілігі саяси тақырыптарға, соның ішінде ұлт бостандығын (жер, дін, оқу-ағарту) басты орынға қойғанын айта келіп, ондай басылымдардың жарық көруіне патша цензурасы тарапынан тыйым салынып, авторларын қуғындау көріністерін мұрағат деректері негізінде атап көрсетеді. Атап айтқанда, «патша өкіметі өзіне қарсы саяси бағытта жазылған кітаптарды бақылау жасауды жалғыз ғана цензор емес, құпия түрде жандарм басқармаларына тапсырады, оның үстіне айрықша бақылауды күшейту үшін Қазанда Баспасөз істерін басқаратын дербес комитет ұйымдастырылады. Ол Комитет Қазан жандарм басқармасымен астыртын байланыста болған» деп мұрағат құжаттары негізінде М.Ж.Көпеевтің «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз» кітабы тұтқындалып, авторын сотқа тартуға ұйғарғаны, басылымды шығарған Хұсайыновтарға айып салынып, ақынның қудалауға алғаны туралы тың деректер келтіреді. «Кеңес дəуірінде екі сөздің бірінде «біз қазақ революциядан бұрын қараңғыны қармалаған надан едік» дегенді сағызша созғылайтынбыз. Жиреншин кітабы сол сөзге елеулі күмəн келтірген еңбектің бірі болды» [2]. «Осы жұмысты жазу барысында Ə.Жиреншин төңкеріске дейін жазылған 25 мыңдай басылған, қолжазба күйіндегі еңбектерді қарап шығып, солардың ішінен 1800–1917 жыл аралығында Ресей мен Қазақстанда шыққан қазаққа қатысы бар екі мыңдайын сұрыптап алып, олардың қашан, қай жерде басылғаны, кім шығарғандығы, кім жинағандығы, не жайлы екендігінен мағлұматтар беріледі» [3].

Қазақ кітаптану ғылымының негізін салушылардың бірі Ə.Жиреншиннің тың да соны ғылыми ізденісі өзге де түркі тектес елдер əдебиетшілерінің осы бағытта қолға алар істерінің бағдарын айқындап берді. Ол өз кезегінде кеңес дəуірі кезеңіне дейін жарық көрген қазақ кітаптарының санын анықтау мəселесіндегі кейбір түйіндердің шешім табуына да игі ықпалын тигізді. Бұған Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде жалпы таралымы 2 миллион 600 мыңға жуық қазақша кітап шыққанын дəйектеген А.Каримуллиннің «Татар кітабы» (1974) еңбегін нақты дəлел болып табылады. Əбіш Жиреншиннің аталған еңбегі ұлттық əдебиеттануда қазақтың баспа кітаптарының тарихын тұңғыш рет зерттелуі тұрғысында маңызды. Зерттеудің «Жазулар тарихынан», «Қазақ халқының Россияға қосылғаннан кейінгі материалдық, саяси-əлеуметтік жəне рухани хал-жағдайы», «Қазақтың əдеби мұраларын, қолжазба кітаптарын жинаушылар жайлы бірер сөз», «ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейін басылған кітаптардың негізгі бағдары», «Прогресшіл ағымдағы кітаптар», «ХХ ғасырдың басында баспа ісінің онан əрі дами түсуі», «Полиграфия жəне кітап», «Ағаш станоктан алып машинаға дейін», «Кітапты түптеп, безендіру», «Қазақ кітаптарының эволюциялық дамуы мен кейбір ерекшелігі жайында бірер сөз» бөлімдерінде қамтылған күрделі ғылыми мəселелер ұлттық жəне əлемдік кітаптану тарихының туу жəне қалыптасуы, сонымен қатар даму жолдарының жан-жақты саралануымен құнды. Бұл бөлімдердің ғылыми сипатындағы жаңашылдық жəне өзектілік қырларын айтқанымызда, ғалымның қазақ кітабын кезеңдеу ісін алғаш болып қолға алғанын байқаймыз. Осы мəселеге қатысты əдебиетші Ш.Елеукенов «Əбіш Жиреншин— қазақ кітабын кезеңдеу ісін (периодизация) алғаш қолға алған кісі» [4], — деп айқындайды. Міне, Ə.Жиреншин қазақ кітаптарының жарыққа шығу, яғни баспа арқылы таралуының төмендегідей кезеңдерін терең екшейді: «1807 жылы «Сейфүлмəлік» хиссасы мен «Түрік шежіресі» қазақ тілінде басылды. Бірақ Қазан университеті баспаханасынан 1800–1925 жж. дейін, соңғы айтылған екі-үш кітап болмаса, түгелдей араб тіліндегі діни кітаптар шығады. Бұл кітаптар тек хат танып, мұсылман шариғатының ереже-қағидаларын (тəпсір-хадистерін) үйрену дəрежесінде ғана білім беретін еді.

Алайда арада бірнеше жыл өткен соң халық ауыз əдебиетінің алуан түрлі үлгілері, шығыс əдебиетінің кесек-кесек туындылары, ғұлама оқымыстылардың ғылыми еңбектері том-том болып жариялана бастайды. Яғни кітап дауының бұл екінші дəуірінде діни кітаптармен бірге «Ер Тарғын»,«Қожанасыр», «Бахрамгүр», «Жамиғ-ат-тауарих», «Рубғазы» сияқты тарихи əдебиеттер де кездеседі.

Қазақ кітабы дамуының үшінші дəуірі 1865–1917 жылдар, яғни екі кезеңді қамтиды. Оның бірінші кезеңінде (1865–1900) қазақ кітаптарының тақырыбы кеңейіп, мазмұны жақсарды.

Үшінші дəуірдің екінші кезеңі (1900–1917) Ресейдегі революциялық толқынмен тікелей байланысты болды. Елдің тағдыры, даму жолы жайында саяси əлеуметтік кітаптар мен оқулықтар саны көбейді» (169). Бұдан қазақ кітаптарының жарыққа шығу тарихын үлкен үш дəуірге бөліп жіктегенін көреміз. Дəуірлеу 1807–1917 жылдар аралығын қамтиды. Бір ғана Қазан қаласындағы университет баспаханасынан 1800 жылдан 1890 жылдарға дейін шыққан кітаптар саны 242, олар қазақ, татар, араб, шағатай тілдерінде жазылған» [1; 47] деп, қазақ кітаптарының басылу тарихының тереңге тамыр тартатын асыл арнасын ғылыми негізде қарастырады. «Əділін айтуымыз керек, ғалым қазақ баспа кітабының революцияға дейінгі тарихы сұлбасын дұрыс түсірген. Тұңғыш баспа кітабы

«Сейфүлмəлік» (1807) екіндігі, бастапқы шақта діни кітаптар басым түскендігі дұрыс көрсетілген. 1865–1917 жылдарды үшінші дəуірге балап, оны екі кезеңге бөлуінде де қисын бар. Сонымен бірге Ə.Жиреншин кітабының кей тұстары, асығыстықтан ба, əлде редакциялау процесінде баспа тарапынан жіберілген шалағайлықтан ба, бұған дейінгі екі дəуірдің қай жылдары аяқталатыны көмескі қалған. Сондықтан зерттеуші 1807–1825 жылдарды бірінші дəуірге, 1825–1865 жылдарды екінші дəуірге жатқызған деп жорамалдауға тура келеді». Қалай дегенмен де Ə.Жиреншин қазақ кітаптарын тарихын зерттеу, қазақ кітабын кезеңдеу сынды көкейкесті арнада батыл қадам жасауымен ұлттық əдебиеттану ғылымында тың жатқан ғылыми мəселені тұңғыш рет қолға алды.

Əдебиетші еңбегінің ерекше атап көрсетер ғылыми маңызы кеңес дəуіріндегі тұтас ғылым саласына күштеп танылған еуропацентризм сынды қате танымдағы таяз көзқарастарды нақты əдеби- тарихи деректер негізінде терістеуінде. Ең бастысы, ғалым қазақ кітаптану ілімінің ғылыми негізді дамуына тыңнан жол салып, кейінгі зерттеулерге нақты бағыт-бағдар беретін əдіснамалық тұғырын айқындап берді.

Түйіндей айтқанда, əдебиетші-ғалым Əбіш Жиреншиннің ғылыми мұрасы ұлттық əдебиеттануда қашан да үлкен маңызға ие болып табылады. Бұл ретте Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығын зерттеудегі ізденістері жəне қазақ кітаптары тарихын кешенді қарастырудағы соны қадамдары айрықша аталады. Əсіресе қазақ кітаптарының тарихын зерттеу, қазақ кітабын кезеңдеу сынды ғылыми маңызы зор мəселелерде алғаш қолға алған тұңғыш қадамдары ерекше аталады. Сондықтан да ғалым еңбектерін зерттеу, олардың ұлттық əдебиеттанудағы өзіндік биік тұғырын айқындау мəселелеріне сергек қарауымыз қажет. «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты іргелі еңбегінің əр бөлімінде қамтылған ғылыми мəселелерді терең қарастыру бүгінгі əдебиетшілердің басты міндеті болуы шарт. Бұл бағыттағы ғылыми ізденістер қазақ руханиятының тұтас болмыс-бітімін тануға, игеру мен кешенді зерттеуге мол септігін тигізбек.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жиреншин Ə. Қазақ кітаптарының тарихынан. — Алматы: Қазақстан, 1971.
  2. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. — Алматы: Санат, 1997. — 64-б.
  3. Ысқақұлы Д. Сын талқы. — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — 339-б.
  4. Елеукенов Ш. Революцияға дейінгі қазақ əдебиеті тарихын кезеңдеу хақында ойлар // Заман-Қазақстан. — 1999. — 7, 28шілде.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.