Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында жер қойнауын игеруде арнайы табиғат пайдалануды құқықтық реттеу

Тәуелсіз алғаннан бері еліміз мемлекет дербестігін нығайту мен азаматтарының өміріне тірек болатындай құқытық негіздерді қайта құруда біршама жетістіктерге қол жеткізді. Осыған байланысты елімізде жүргізіліп отырған құқықтық реформаның басты мақсаты құқықтық, зайырлы демократиялық қоғам қалыптастырып, мемлекетімізді өркениетті елдер шоғырына іліктірумен қатар мемлекеттік меншік пен жекеменшік секторын да қатар дамыта отырып дүниежүзінде қалыптасқан еркін әрі мықты бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға өту және сәйкес орын алу.

Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар әлемдік қордың төрттен бір бөлігіндей көлемді алып жатыр. Жер қойнауын пайдаланып пайдалы қазбаларды өндіруші өнеркәсіптер еліміздің экономика секторында алғашқы орындарды алады және минералды-шикізат кешені мемлекет бюджетінің мәнді көзі болып табылады.

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шетелден тасымалдаудың қажеті жоқ» деген болатын [1].

Жер қойнауын игеру барысында туындайтын қатынастар көп қырлы және жер қойнауы құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан құқығының сабақтас, жер құқығы, экологиялық, су құқығы, минералды шикізатты қайта өңдеумен байланысты заңнамамен, шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау туралы заңнамамен реттеледі. Сол себептен жер қойнауын пайдалану операцияларын өзге табиғи ресурстарды пайдалану нысандарынан оқшаулап, бөліп қарауға болмайды.

Жер қойнауын пайдалану мен игеру барысында тек қана жер қойнауы мен жер қыртысының бір бөлігі ғана өзгеріске ұшырамайды, сонымен бірге, бұл жер қойнауында өндіру, барлау және кен орындарын игерумен байланысты шаруашылық қызмет жер қойнауымен тығыз байланысты, қоршаған ортаның құрамдас бөлігі болып табылатын жерге, су ресурстарына, қоршаған ортаның экожүйесі мен биологиялық алуантүрлілікке кері әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ, жұмыстары қоршаған ортаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Атап айтсақ: топырақтың, жерасты және жер үсті суларының, жер қойнауының, атмосфералық ауаның өндірілген шикізатпен, заттармен және ұңғымаларды бұрғылау барысында қолданылатын химиялық реагендермен, бұрғылау және технологиялық қалдықтармен химиялық ластануы; өндірудің, суландырудың өрт қауіпсіздігімен өзге факторлардың технологиясын бұзу нәтижесінде пайдалы қазбалардың сапасы мен көлемінің азаюы; бұрғылау алаңдарындағы табиғи ландшафтардың, топырақтың құнарлы қабатының физикалық бұзылуы; су ресурстарының алынуы; геологиялық үрдістердің қалыпты температуралық режимдерінің бұзылуы, бейсейсмикалық жағдайдың туындауы; жануарлар дүниесінің мекен ететін ортасының бұзылуы, олардың көшіп қону, көбею және демалыс орындарының жағдайының нашарлауы т.б

Көріп отырғанымыздай, жер қойнауын пайдалану операциялары табиғи ресурстардың өзге түрлерін пайдаланудан бөліп қарауға болмайды. Сол себептен табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдалануды жер қойнауын пайдалану құқығымен ұштастырып отыра қарастырғанымыз жөн.

Қазақстан Республикасында жер қатынастарын реттеу мәселелеріне тоқтала отырып, жердің экономикалық қызмет саласында маңызды қызметтерді атқара отырып, сонымен бірге кез келген өндірістік қызметтің, соның ішінде жер қойнауын игеру қызметінің де аумақтық негізі екенін ескергеніміз жөн. Жер қойнауын пайдаланушының қызметін жер пайдалану құқығын алмай жүзеге асыруы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңына сәйкес, жер қойнауын пайдалануға жасалған контракт жерге құқықтың тез арада туындауына негіз болып табылады. Ал егер жер қойнауын пайдалану контарктісінің аумағындағы жер учаскесі басқа бір тұлғаның жекеменшігінде немесе жер пайдалануында болған жағдайда, аталған жер учаскесіне құқық мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылады. Әрине бұл жағдайда жер меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың заңды мүдделері жер қойнауын пайдаланушы мердігердің алдында ескерілмейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы қағидасы басшылыққа мүлдем алынбайды. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелері еліміздің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші бірден бір нысан екенін ескере отырып, заң шығарушының назарын осы мәселеге бұру қажеттігі туындайды.

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңына сәйкес, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге міндетті болып табылады, бұл міндеттің мазмұнымен келісеміз, дегенмен, аталған заңнамада, жер қойнауын пайдаланушының жердің топырақ қабатының ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына жол бермуге, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын шаруашалық қызмет жүргізу барысында сыдырып алып уақытша сақтап қоюға, құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбауға байланысты міндеттері тікелей көрініс табуы қажет.

Жерді ластағаны үшін төлемақы жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қазіргі таңда жерге, топырақ сапасына ықпал тигізбейтін шаруашылық қызметтің түрін жүзеге асыру мүмкін емес. Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн, пайдалы қазбаларды қазу, геологиялықбарлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу үшін кеңінен пайдаланылып отыр. Әрине, табиғат пайдаланушылардың кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын қатаң сақтауға; топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбауға; иеленiп отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануға; бүлiнген жердi қалпына келтiрудi жүргiзуге байланысты міндеттері нақты анықтау қажет. Дегенмен, бұл мiндеттерді жүзеге асыра отырып, қоршаған ортаға келтірілген шығынды толығымен өтеулері қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу мәселесі анықталған. Жердің қоршаған ортаның бір бөлігі екенін ескере отырып, Экологиялық кодекс нормаларының жерді ластағаны үшін ақы төлеу қатынастарын реттеуге таралатыны анық. Қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз – ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер етуі [3]. Қоршаған ортаны ластауға рұқсат ақылы түрде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы салық заңнамасында белгiленедi. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады. Сәйкесінше, жерді ластағаны үшін ақы төлеу дегеніміз – арнайы уәкілетті органдармен берілген рұқсат шегінде ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету үшін төленетін есептеу әдістемесін қолдана отырып анықталатын төлемақы. Жер пайдаланушылардың жер қойнауын игеру және онда операцияларды жүргізу барысында жерге де зиян келетінін ескерсек, осы саладағы төленетін төлемдерді құқықтық реттеу тетігін қалыптастыру қажет.

Жер қойнауын пайдалану барысында келесі арнайы табиғат пайдалану нысаны болып су пайдалану құқығы танылады. Ғалым С.Ж. Сулейменова қазіргі кездегі сумен қамтамасыз етілгендік бай минералды шикізаттық, отын энергетикалық және жер ресурстарын игерудің тежемелік факторы болып табылады, сол себептен экономиканың тұрақты дамуы су ресурстарының жағдайы мен оның қорына тікелей байланысты деген болатын. Өндірістің даму жағдайын бағалау, өндіріс орналасқан аумақтың өзінің маңыздылығы бойынша отын энергетикалық маңыздылыққа ие су ресурстарын бағалаумен ұштасады [2]. Айтылған жайттар, ел экономикасы үшін арнайы табиғат пайдаланудың бұл түрінің маңыздылыған ерекше атап өтеді. Бәрімізге белгілі,пайдалы қазбалардың, әсіресе көмірсутек шикізаты шоғырланған жер су тапшылығы өткір орын алып жатқан жерде орналасқан, мәселен Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Орталық Қазақстан облыстары. Жер қойнауын пайдаланушылар қазіргі кезде су тапшылығын қатты сезінеді, яғни, өндірістің даму деңгейі тікелей су ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты. Жер қойнауын пайдаланушыларға су тек, ауыз су үшін ғана емес, өндірістегі технологиялық процестерді қамтамасыз ету қажет, сол себептен, лайықты су ресурстарының болуы, жер қойнауын игерудің кепілі болып табылады. Бұл қазіргі кезде жерасты суларын барлау үшін негіз болып табылады, себебі, өндіріс, әсіресе жер қойнауын пайдалану судың үлкен қорына зәру, және өндірістің табиғи ресурстың бұл түрімен қамтамасыз етілуі мемлекеттің нәтижелі және тұрақты дамуының кепілі.

Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнайы, оқшау немесе бірлесіп пайдалану тәртібімен беріледі. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi қысқа мерзiмдi пайдалану және ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.

Жер қойнауын пайдаланушылар су ресурстарын тек қана ауыз су мен коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге ғана қолданбайды, көп жағдайда басқа нысаналы мақсаттарға да пайдаланады:

  • қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);
  • шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын таукен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
  • су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жерасты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;
  • жерасты су тұтқыш қабаттарға және таукен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
  • қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды пайдаланады.

Арнайы су пайдалану құқығы:

  • су ресурстары нысаналы мақсатында пайдаланылмаған;
  • ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;
  • су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
  • су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждар үшiн пайдалану қажеттiгi туындаған;
  • су пайдаланушы Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген шарттар мен талаптарды сақтамаған;
  • су ресурстарын пайдалануға тыйым салу үшiн негiздер туындаған жағдайларда арнайы су пайдалануға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу арқылы тоқтатылады.

Жер қойнауын пайдалану саласында арнайы табиғат пайдалану құқығының бір түрі қоршаған ортаға эмиссиялар болып табылады. Қоршаған ортаға эмиссия дегеніміз – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау болып табылады.

  • Қорытындылай келе, ұсыныстар айтқым келеді:
  • Жер қойнауының құқықтық ережелерін, қазіргі таңдағы қабылданған заңды актілердің орындалуын қатаң бақылауға алу.
  • Жер қойнауын қорғауды бұзғаны үшін жауаптылықтың мөлшерін арттыру.
  • Әр құқықтық норма да шашыраңқы күй кешіп жүрген жер қойнауына қатысты экологиялық заңдылықтарды жүйелеп бір арнаға жолға салу.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
  2. Сулейменова С.Ж., Теоретические проблемы механизма реализации норм водного права Республики Казахстан // Диссертационная работа на соискание ученой степени доктора юридических наук. // Библиотека КазНУ им. аль-Фараби. – Алматы. – 2009. – С.50-51.
  3. Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года №481. // Ведомости Парламента Республики Казахстан.– 2003., №17. – ст. 41.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.