Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылшаруашылық өнімін өндіруді ұйымдастырудың құқықтық аспектілері

Ауылшаруашылығы кәсіпкерлері өнім өндіруді ұйымдастырып дамытады. Ауылшаруашылық кәсіпкерлігі – Қазақстан экономикасындағы маңызды саласы. Оны дамыту деңгейі Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық тұрақтылығын анықтайтын фактор болып саналады. Ол жалпыға бірдей міндетті қызмет. Ауылшаруашылық кәсіпкері өнімді ұқсатушы да, ал ондағы шаруа өнімді өсіруші деп түсінгеніміз жөн.

ҚР Конституциясының 26-бабына сәйкес «Кез келген адам кәсіпкерлік ісімен айналысу еркіндігіне құқылы. Өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызметте пайдалану еркіндігіне ие. Монополиялық қызмет заңмен реттеліп, шектеліп отырады. Әділетсіз бәсекелестікке тыйым салынады» [1].

ҚР Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес, кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады [2].

Кәсіпкер азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда табуға немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамшылық дербес қызметі. Ауылшаруашылық кәсіпкерлігін азаматтар өз атынан, өздерінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады.

Еліміздің аграрлық кәсіпкерліктің қалыптасу үдерісі жалпы халықтық құқықтың дамуымен байланысты, кейінірек оның мемлекеттік реттеуді күшейтетін, сонымен қатар нормативтік актілерде алғашқы шаруа (фермер) қожалықтары пайда бола бастаған, азаматтық құқықтардың да кезеңдерін қамтиды.

Кәсіпкерліктің әрі қарай дамуы, өзара түсінісуге әкеліп соқтыратын, жеке мүддеге мемлекеттік бастаманың әсерінің жалпы үдеме кезеңін қамтиды. Мемлекеттің басқаруындағы экономика аралас сипатта болды, себебі жеке және қоғамдық ой ұштасып, синтезделе бастайды.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 380 қаулысына сәйкес, осы Тұжырымдама кәсіпкерлік қызметті мемлекетттік реттеу пайымын, оның негізгі тәсілдерін айқындайды және осы бағытта 2020 жылға дейін одан әрі дамуды қамтамасыз етуге қарастырылған [3].

Осы Тұжырымдамада халықаралық тәжірибе негізінде заңдардың қолданыстағы және жаңадан енгізілетін нормаларының, экономиканы реттеу құралдарының реттеушілік ықпалын жария талдаудың, осыған сәйкес, аталған құқықтық нормаларды қабылдау саласында әрекет ететін жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің нормативтік құқықтық актілерді келісуін енгізудің орталықтандырылған жүйесін тұрақты түрде құру болжанады. Бұл ретте тұтынушыларға шығын келтірген бұзушылықтар үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін бір мезгілде арттыра отырып, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген мемлекеттік функцияларын бизнес ортаға беру мүмкіндігі көзделеді. Сондай-ақ Тұжырымдаманы іске асыру тәуекелдерді басқару жүйелерін одан әрі жетілдіруді, мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасының жеке кәсiпорындардың өндіріс процесі мен iшкi қызметiне араласпауды және мемлекеттік бақылаудың түпкі өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ғана бағыттылығын белгілейтін жаңа қағидаттарын енгізуді; тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарын институционалдық күшейтуді, оларға қойылатын талаптарды арттыруды, қызметтің ашық тетіктерін әзірлеуді, тұтынушылардың тұтынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы хабардар етілуін жоғарылату мәселелерін пысықтауды болжайды.

Қазіргі кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтің құқықтық анықтамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабында берілген. Яғни Азаматтық кодексінің 10-бабының 1-тармағына сәйкес «кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады» делінген [2].

Осыған орай, біріншіден, бастамалы, дербес, барша қоғамға тиімді қызмет, екіншіден, өз қаупімен және тәуекелділігімен жүзеге асырылатын қызмет және оның ең маңыздысы – бұл мүлікті пайдаланудан, тауарды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден жүйелі табыс табуға бағытталған қызмет.

Ауылшаруашылық кәсіпкерлік – ауылшаруашылық сала бойынша өнім өндіру мен ұқатуда бастамашыл, әрекет етуші заңнамалар шегінде жүзеге асыратын, өзінің оқшауланған мүлкіне негізделген және барлық қатысушыларына өзара тиімді нәтижелер мен табыс алуға бағытталған шаруашылық немесе өзге де қызмет түрі. Сондықтан ауылшаруашылық кәсіпкерлігін ҚР АК-нің 10-бабында көрсетілген кәсіпкерлік ұғымының бір тармағы ретінде көрсеткеніміз дұрыс болар. Себебі аталған бапта көрсетілген анықтамадағы белгілердің бәрі де ауылшаруашылық кәсіпкерлігіне тән деп есептеуіміз қажет, тек өзгешелік – ауылшаруашылығы кәсіпкерлігінің жер ресурстарымен тығыз байланыста және оның өнімдерінің табиғат құбылыстарына тәуелді болуы.

Ал ауылшаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу дегеніміз ауылшаруашылық қарым-қатынастарды реттейтін және ауылшаруашылық өндірісінің тұтымдылығын тұрақты дамуды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен ауылшаруашылық кәсіпкерлігінің субъектілерінің қызметін құқық нормаларымен реттеу және оларды жүзеге асыру қызметі.

Көп салалы ауылшаруашылық кәсіпкерлігі табиғи-климаттық өндірістік, экономикалық, тарихи және басқа да жағдайлардың көптігін ескере отырып, объективті қажеттілікпен анықталады. Ең алдымен, сапалығы мен өнімділігі арасында елеулі ерекшеліктері бар. Ауылшаруашылық өндірістің ерекшеліктеріне олардың үлкен алаңды алып, маусымдық сипатта болып, ауа райына бағыныштылығы жатады. О с ы ғ а н байланысты материалды-техникалық және еңбек ресурстарын бір қалыпта пайдалана алмауы және табыс алуда ауылшаруашылық тауарларды тұрақты өндіру мүмкіндігінің жоқтығы. Жоғарыда көрсетілген және басқа ерекшеліктер ауылшаруашылығында нақты табиғи-өндірістік және экономикалық жағдайларға белгілі бір территорияда қалыптасқан тарихи дәстүрлерге байланысты меншік түрлерін және шаруашылық ету нысандарының көптігін қажет етеді [4, 56].

Ауылшаруашылық кәсіпкерлік бұл шаруашылық сала бойынша өнім өндіру мен ұқсатуға бастамашыл, әрекет етуші заңнамалар шегінде жүзеге асыратын, өзінің оқшауланған мүлкіне негізделген және барлық қатысушыларына өзара тиімді нәтижелер мен табыс алуға бағытталған шаруашылық немесе өзге де қызмет түрі болып табылады. Ауылшаруашылық қызметін – кәсіпкерлік қызметтің бір түрі негізгі ерекшелігі ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы ретінде жер пайдалану процесіне өтпейтіндігінде болып отыр. Ауылшаруашылық объектісі – егеменді еліміздің нарықтық экономикадан тұрақты дамуға көшуіне атсалысатын, сондай-ақ тұрақтандыру мен жетілдіру жағдайындағы ауылшаруашылық кәсіпкерлік қызметі мен ауылшаруашылық тауар өндірісі саласындағы пайда болған қоғамдық қатынастардан құралады.

М.В. Романкованың пікірінше, бүгінгі таңда өзіндік жеке кәсіпкерліктің қарапайым нысаны жеке кәсіпорын болып табылады (заңды тұлға емес). Бұл нысан заңда бекітілмегенімен оны азаматтық заңдардың жалпы ережелері мен азаматтар кәсіпкерлігінің тәжірибесімен көруге де болады. Жеке кәсіпорынды заңды тұлға ретінде тануға заңиталпыныстар тәжірибеде сәтсіз аяқталды. Себебі, кәсіпкерліктің бұл нысанының құқықтық табиғаты мен мәнін анықтауда көптеген қарама-қайшылықтар әлі күнге дейін байқалды [5, 93].

Ауылшаруашылық кәсіпкерлік аясында пайда болған құқықтық қатынастардың дәрежесі мен түріне байланысты объектілер мынандай болады:материалдық игіліктер (жер, табиғи ресурстар, мүлік, бағалы қағаздар);субъектінің әрекеті, тәртібі, әртүрлі қызметтер оның нәтижелері;рухани шығармашылық өнімдері; бағалы қағаздар, ресми құжаттар [6, 78].

Е.Ш. Дүсіпов пайымдауынша, ауылшаруашылық кәсіпкерлердің объектісі заң актілері негізінде пайдалану және қорғауға ауылшаруашылық кәсіпкерлігі аясында құқықтық қатынастардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерді бағытталған нақты игіліктерді жатқызамыз. Ауылшаруашылық объектісі ауылшаруашылығы салалары өндірісінің негізгі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, азық-түлік, астық шаруашылығы, селекция жетістіктерін жатқызуға болады [7, 62-63].

Л.Қ. Еркінбаеваның пікірінше, «ауылшаруашылық қызмет» мен «ауылшаруашылық өндіруші» түсініктерінің мәнін бөліп қарастырған. Ауылшаруашылық қызмет ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде жерді пайдаланумен байланысты қызметті түсінуге болады. Аграрлық өндіріс ауылшаруашылық өнім өндірушілердің қызметінің түрі, ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлермен тығыз байланысты ауылшаруашылығындағы мал, құс, ара, өсімдік шаруашылық өнімдерін өдіруде азық-түлік қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында, осыдан келген шығыс жылдық кірістің жалпы соммасы елу пайызын құрайды [8, 21-22].

Ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің субъектісі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, тарату, барысындағы өндірістік материалдық техникалық және әлеуметтік, экономикалық қамтамасыз ету саласындағы құқықтар мен міндеттерге ие жеке және заңды тұлға.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 9-бабына сәйкес, шаруа (фермер) қожалықтарының деп жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауылшаруашылық өнімін өндірумен байланысты, сонымен қайта өңдеп, өнім өтімін қамтамасыз етумен пайдалантын шаруашылықтарды айтамыз [9].

Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңның 1-бабына сәйкес, адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауылшаруашылығына арналған жерлердi ауылшаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа (фермер) қожалығы деп танылады. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы субъектiлерi болып табылады. Шаруа (фермер) ќожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (ќыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады [10].

А.К. Джангабулова пікірінше, ауылшаруашылық кооперациясы ұғымы ауқымды ұғым. Ауылшаруашылық кооперациясы ауылшаруашылығы саласындағы барлық кооперациясының жүйесі. Қазіргі күнде ауылшаруашылығында кооперативтер екі бағытта әрекет етуде; коммерциялық заңды тұлға нысанындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативі және коммерциялық емес заңды тұлға нысанындағы тұтыну кооперативі ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Ауылшаруашылық саласындағы мүліктік жарналарын және жер пайларын біріктіру арқылы мүшелік негізде ерікті түрде біріккен ауылшаруашылық тауар өндірушілердің дербес ұйымы. Селолық тұтыну кооперативтері мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталған мүмкіндік негізде, олардың мүліктік жарналарын және жер пайын біріктіруіне ерікті бірелсітігі болып табылады [11, 120-121].

И.В. Амирханованың ойынша, «аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету аграрлық қызметті арқаруда, өндірудің негізгі құралы ретінде жердің режимін анықтауда байланысты жеке тұлға мен заңды тұлғаның айтарлықтай айырмашылығы бар [12, 76].

Кәсіпкерлік қызметтің түрлерін анықтауда әр алуан критерийлері бар: кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асыруына байланысты меншік нысаныны бойынша; кәсіпкерлік субъектілерін және оның ұжымдық құқықтық нысан анықтау бойынша болып критерийлер қарастырылады [12, 77].

Кәсіпкерліктің меншік нысаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік деп бөлініп, ал кәпіскерліктің заңи нысаны кәсіпкерлік қызметті айналысатын субъектілері бойынша жеке және заңды тұлға деп бөлінеді» [12, 78].

АҚШ-та фермерлікпен айналысу негізгі орында тұр. Мысалы, АҚШ-та ауылшаруашылық өнімінің 69 мыңын ірі фермерлер өндірді, ал кіші фермерлер 1,5%-ын өндіреді [13].

Фермер жерді иелену және жалға ала отырып онда ауылшаруашылығмен айналысатын шаруа фермер кәсіпкер.

АҚШ-та ХХ ғасырдың басынан бастап фермерлердің кооперативі жұмыс істей бастады. 1926 жылы кооператив туралы заңы қабылданып фермерлік кооперативтерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп және кеңес берді. Америкалық өткізу кооперативі фермерлік өнімдерді бастапқы кездегі өткізумен, дайындаумен және тасымалдаумен айналысады. Олар ауылшаруашлық шикі затты өткізуге жібереді, көбіне фермерлермен келісіп тауарларды көп көлемде сатып алады, көбіне кооперативтер азықтарды жекелеп өткізуді көздейі. АҚШ фермерлері өткізу кооперативтері ғана емес, олар өнімдер мен қызметтерді жабдықтаумен айналысады. Оның ішіне дәндер, химикаттар, ветеринарлық заттар, жемдер, жем дайындайтын құрылғылар, құралдар мен техникаларды жөндеу, бөлшектерді жеткізу жатады [14].

К.Р. Келлейдің ойынша, АҚШ кооперативтерінің мақсаты – жөндеу мен өндіру көлемінің ұлғайуына байланысты ұйымға қатысушылардың кірісінің өсуі, кооперативті қызмет түрлерінің керектісін дамыту, керекті қызмет түрлерін қамтамасыз ету [15, 88].

Егін және мал шаруашылығын дамыту мен одан алынатын өнімдерді өңдеу мәселесіне жанжақты назар аударылған. Сондай-ақ «Ауыл» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде саланы әртараптандыруға қатысты ауқымды шаралар қолға алынып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіру өз жүйесін тауып отыр.

Жаңа аграрлық саясат мазмұны – мемлекетiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, яғни өзiмiз өндiретiн тамақ өнiмдерiнiң он түрiн (нан, ет, балық, сүт, жұмыртқа, май, жемiстер, көкөнiстер, картоп, қант және кондитерлiк өнiмдер) пайдалану деңгейiн 80-100 пайызға жеткiзу. Бұл ДСҰ талабына да сәйкес келедi. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету халықтың тамақ өнiмдерiн тұтыну деңгейiмен бағалануы тиiс. Ең бастысы, үйлесiмдi мемлекеттiк реттеу қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың тамақ өнімдерінің он түрінің тұтыну деңгейімен бағаланады. Оған нан және жарма өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, май және мал майы, жемістер, көкөністер, картоп, қант және кондитерлік өнімдер жатады. Олар адамның физиологиялық тамақтану қажеттілігі ескеріле отырып, әр адамның тағам түрлерін жылына орта есеппен килограмм мөлшерінде пайдалануымен анықталады. Ол үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту болып отыр.

Агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы еліміздің алдында өткір күйінде тұрған екі негізгі міндетті шешуге бағдарланып отыр. Оның біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндетті жүзеге асыру шеңберінде агроөнеркәсіптік сектордың дамуына қолдау көрсететін тиімді жұмыс істейтін жүйе құрылды. Бұл бір жағынан осы сектордың ағымдағы жұмысын, оның ішінде көктемгі егісті және жиын-терінді қаржыландыруды, екінші жағынан, ауылшаруашылығын және қайта өңдейтін өндірісті дамытуға инвестиция шоғырландыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан егін шаруашылығында саланы әртараптандыруға, ылғалды ресурстарды сақтайтын технологияларды қолдана отырып саланы кеңінен химияландыруға екпін салынуда. Бұл ретте субсидиялаудың идеологиясы өзгертілді, бұл идеология ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді жаңа технологияға көшуге ынталандыруға бағытталған. Майлы және жеміс-көкөніс дақылдары өндірісінің көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылуда. Мұндағы мақсат – осы өнім түрлері бойынша импорт көлемін азайту [17, 11].

Ал мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы фермаларды құру арқылы өндірісті ірілендіру, кең ауқымды селекциялық бағдарламаны іске асыру есебінен ауылшаруашылығындағы малдың барлық түрінің генетикалық әлеуетін арттыру басты басымдық болып табылады. Мал шаруашылығын үдету процесін ынталандыру мақсатында құрама жемнің құнын субсидиялау бағдарламасы да жалғастырылып жатыр.

Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан жаңарту, өндіріске сапаның халықаралық стандарттарын енгізу және соның негізінде ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтап әрі нығайтып қоймай, сонымен бірге отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару басты бағдар ретінде қалып отыр.

Екінші міндет – экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру. Бұл міндетті шешу аясында басты назар инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмылдырылған. Бұл бағытта мал бордақылайтын инфрақұрылымы дамыған алаңдардың, мал соятын орындардың құрылысын салуға, биязы жүнді қой шаруашылығын дамытуға, сояны және жүгеріні өндіру мен қайта өңдеуге, астықты терең өңдеуге, балық шаруашылығын дамытуға, балық және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін саланы өркендетуге айрықша көңіл бөлінетін болады.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы өндірісінің елдің сұранысын әлі де қанағаттандырмай отырған салалары қаржыландырылуда. Бұл – жылыжай шаруашылығы желілерін ұйымдастыру, көкөніс сақтау қоймаларын салу және қайта құру, тамшылап суару технологиясын қолдана отырып жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді ұйымдастыру, ірі тауарлы-сүт фермаларын салу, ет өндіруге бағытталған құс фабрикаларының құрылысын салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту. Осы және басқа да инвестициялық жобаларды ұйымдастыруға және іске асыруға.

Шикізат базасының сапасын көтеру жөніндегі шаралар үш бағытта іске асырылуда. Біріншісі – «ҚазАгро» холдингі арқылы іске асырылатын инвестициялық жобалар есебінен қазіргі заманғы технологияларға негізделген жаңа өндірістік қуаттағы сүт кешендерін және мал бордақылайтын алаңдарды салу. Екіншісі – бұл қолданыстағы шаруашылықтардың қуатын қарқындату, сол сияқты ұсақ тауар өндірушілерді кооперациялау есебінен өндірісті үдету. Үшіншісі – бұл малдың генетикалық әлеуетін дамыту [18].

Қорыта келгенде, импорттың осы түрлерін отандық нарықтан ығыстыру және елдің ішкі жеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеуді дамыту; ашық және жабық топырақты жерде жеміс-көкөніс шаруашылығын дамыту; алманың апорт сортын қайта дамыту; қант қызылшасынан қант өндіру және оны дамыту; түйе сүтінен, жемістен, көкөністен балалар тамағын өндіру; құс шаруашылығын дамыту; тауарлы балық шаруашылығын дамыту; ауылшаруашылығы машинасын жасауды дамыту; сүт пен сүт өнімдерінің өндірісін дамыту; ет және ет өнімдерін дамыту жөнінде арнайы бағдарламалар әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар экспорттың жалпы көлеміндегі және агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосылған құнындағы ауылшаруашылығы өнімінің үлесін ұлғайту және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында министрлік жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламада шаралар қарастыратын болады. Мұндай шаралар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтауға, саланың экспорттық басымдылығын ұлғайтуға және ауыл халқының әл-ауқатын өсіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 08.1995 ж. // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2015 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 ж. 27 желтоқсан) (Жалпы бөлім) // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2015 ж.
  3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №380 қаулысы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2015 ж.
  4. Кемел М. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстан ауылшаруашылық кәсіпорындарының қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, 1998. – 140 б.
  5. Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в РК: учебное пособие. – Алматы: Университет «Туран», 1997. – 208 с.
  6. Абдильдина Л., Белгибаев К. Экономика сельского хозяйства. – Алматы, 1996. – 608 с.
  7. Дүсіпов Е.Ш. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері: з.ғ.д., дәрежесі диссерт. – Алматы, 2009 – 243 б.
  8. Еркинбаева Л.К. Аграрное правоотношения в Республике Казахстан: монография. – Талдыкорган, 2011. – 450 c.
  9. Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлігі туралы заңы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2015 ж.
  10. Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы N214 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы. – 1998 ж. – N 2-3.
  11. Джангабулова А.К. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кооперациясын құқықтық реттеу: з.ғ.к., ғыл. дәрж. диссерт. – Алматы, 2009. – 130 б.
  12. Амирханова И.В. Гражданско-правовое обеспечение интересов предпринимателей: дис. д-ра юрид. наук: 00.06.– Алматы, 2005. – 383 с.
  13. Kristen Allen & Barbara J. Elliott, The Current Debate and Economic Rationale for U.S. Agricultural Policy, in U.S. agriculture in a global setting: an agenda for the future 9 (M. Ann Tutwiler ed., 1988).www.westlaw.com
  14. Robert Rathbone, Managing Your Cooperative’s Equity, in USDAACS Information Report 56, at 8 (Oct. 1997) (discussing the use of per-unit capital retains).www.westlaw.com
  15. Christopher Kelley «New generation» farmer cooperatives: the problem of the «just investing» farmer/ North Dakota Law Review. 2001. – p. 185.
  16. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 137 с.
  17. Блеутаева К.Б. – «Ауылшаруашылық саласының даму ерекшелігінің кейбір мәселелері» // Банки Казахстана №5. – 2008. – С.
  18. Атамұрат Шәменов. Ауылшаруашылығы министрлігіне құрылымдық өзгерістер жасаудың реті келген сияқты. – Алаш айнасы. – 25 қаңтар 2011 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.