Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Меншікке қарсы қылмыстарды туындататын объективті жəне субъективті себептер

Меншікке қарсы қылмыстылық детерминанттарын, оның түрлері мен топтарын айқындау жəне талдау қылмыстардың жалпы сақтандырудың қисынды жəне іс жүзінде бастапқы сəттері болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстылықты туындататын себептерді, себептер əсерінің өрістеуіне көмектесетін объектвиті жəне субъективті жағдайларды білмей, қылмыстылыққа тиімді əсер ету мүмкін емес.

Меншікке қарсы қылмыстар себептері мен оларға түрткі болатын жағдайларды тұжырымдамалық талдау бұл құбылыстардың күрделі көп факторлық табиғаты туралы айтуға мүмкіндік береді. Олар əртүрлі аймақтардың өзіндік ерекшеліктерімен өзгереді, қоғамның əлеуметтік жəне құқықтық өміріндегі өзгерістермен қатар түрленеді. Сондықтан меншік қылмыстылығының себепті кешенінің барлық кезеңдер мен халықтар үшін жарамды əмбебап үлгіні құру ұмтылыстары тиімсіз болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстар себептері мен оларға түрткі болатын жағдайларды зерттеу кезінде басты əдістемелік талап қылмыстылықтың сапалық жəне сандық сипаттамаларының əлеуметтік ортаның жағдайларынан тəуелділігін ескеру болып табылады [1,36 б.].

Сондықтан алғашқы кезеңде меншікке қарсы қылмыстылықпен ең тығыз байланысты əлеуметтік құбылыстар мен процестер шеңберін белгілеу қажет (топтық криминалдық сананың артуы, сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау жəне құқық қолдану қызметінің тиімсіздігі, маскүнемдік, алкоголизм, нашақорлық, белгілі-бір халық топтарының люмпенизациясы жəне маргинализациясы, қоғамның рухани өмірінің өзгеруі, кейбір халық топтары өкілдерінің невротизациясы мен психопатизациясы жəне т.б.).

Екінші кезеңде меншікке қарсы қылмыстардың криминогендік түрлерінің арасындағы қылмыстылықтың басым бөлігін анықтайтын (ұрлық, дене зақымдары, тонау, бұзақылық, қарақшылық шабуыл жəне т.б.) статистикалық жəне корреляциялық байланыстарды анықтау қажет.

Үшінші кезеңде ІІБ қызметіне белгілі-бір дəрежеде тəуелді себептер мен жағдайлар анықталады (күзету шаралары жүйесі, қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру, нысандарды қорғаудың техникалық құралдары, халықтың құқықтық ақпараттылық деңгейі жəне т.б.). Талдау қызметінің үшінші кезеңі ІІБ асыратын меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сақтандырудың мақсатты жəне нақты шараларын жасау үшін шынайы ақпараттық алғышарттарды құрады.

Қылмыстылық пен оның түрлерінің себептерін талдаудың нəтижесі олардың жою шараларын қабылдау немесе əсерін шектеу болып табылуы тиіс. Бұл бағыттағы ІІБ қызметінің ерекшелігі – олардың бұл істегі мүмкіндіктерінің аса шектеулі болуы .

Ішкі істер органдарының қоғамдық жəне жеке меншікті қорғау жөніндегі жалпы сақтандыру қызметінің түрлері мен жоспарлары жеткілікті дəрежеде болғанымен, қылмысты тойтаруға мардымсыз. Бұл қызметтің мəні белгілі-бір аумақта немесе нысанда қылмыстардың іске асырылуына объективті түрде кедергі болатын жағдайлардың жасалуында. Ішкі істер органдарының қолданылуында ол үшін ұйымдастыру, техникалық, ақпараттық жəне қоғамдық қауіпсіздік полициясы бөлімшелерінің күнделікті қызметінде ең белсенді түрде іске асырылатын басқа да шаралар бар.

Қоғамдық қауіпсіздік полициясы меншікке қарсы сақтандыру қызметтерін криминалдық жағдайды жəне көшелердегі, қоғамдық орындардағы жəне шағын тұрғын аудандардағы жағдайды талдаудың негізінде іске асырады. «Көше» қылмыстылығының ең көп таралған түрлері азаматтардың өміріне, денсаулығына жəне меншігіне қарсы қылмыстардың ішінде ұрлық, тонау, қорқытып алушылық болып табылады. Бұл мүліктік қылмыстардан сақтандыру үшін əртүрлі əдістер мен құралдардың бүтіндей бір кешені қолданылады. Бұған ең алдымен, патрульдық-пост қызметін жүргізу кезінде жүзеге асырылатын қадағалау, тексеру жəне бақылау əдістерін жатқызуға болады. Жеделдік жағынан ең күрделі аудандар мен қалаларда жедел-іздестіру жəне қадағалау-сақтандыру операцияларды, сондай-ақ қоғамға жат бағытты ұстанатын азаматтардың шоғырланатын жерлерін (мұндай азаматтардың жиналу ұялары, базарлар, коммерциялық сауда аймақтары, мейманханалар, жатақханалар) жиі тексеру режимін үздіксіз жүргізу қажет.

Қоғамдық қауіпсіздік полициясының меншікке қарсы қылмыстардан жалпы сақтандыру қызметі үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрамалар желісін қалпына келтіру жəне дамыту, полицияның тұрғындармен, қоғам белсенділерімен іскерлік байланыстарын орнату жəне нығайту, полиция қызметкерлерінің (ең алдымен, учаскелік инспекторлардың) тұрғындар мен еңбек ұжымдарының алдында қылмыстылықпен күресу жəне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету мəселелері бойынша сөз сөйлеуін ұйымдастыру жəне өткізу.

Ең өзекті бағыттардың бірі (нарықтық қатынастарға көшуді ескере отырып) меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру бойынша жалпы сақтандыру жұмыс болып табылады. Бұл бағыттың криминалды полиция үшін маңызы зор. Мысалы, меншікке қарсы қылмыстармен күресу жөніндегі бөлімшелер алдыңғы қатарлы шаруашылық салалардағы (несие-қаржылық, сыртқы экономикалық, əскери-өнеркəсіптік кешеннің конверсиясы, аграрлық өндіріс жəне т.б.) криминогендік процестердің дамуын талдайды да, соның негізінде оларды бейтараптау шараларын жасайды. Жария  жəне жасырын жұмыс жүргізу əдістерін қолдана отырып, олар мүліктік қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау, билік пен басқару органдарының, шаруашылық басшылардың криминогенді факторларды жою қажеттігі туралы дер кезінде мəлімделуін қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерімен бірге меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру бойынша кешенді шараларды жасап жүзеге асыру керек.

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру кезінде көптеген қиындықтар туындайды. Бұл қылмыстарды əдетте халық шаруашылығы немесе жеке кəсіпкерлік саласында белгілі-бір орны бар, өздері қатысатын əртүрлі меншіктік қатынастарды орындаумен байланысы бар қызметкерлер, сондай-ақ белгілі-бір шаруашылық механизм элементтерінің қызмет жасауына қатысы бар билік пен басқару органдарының лауазымдық тұлғалары жасайды. Басқаша айтқанда, меншік қылмыстылығы сыбайлас жемқорлықпен, яғни қоғамдық саяси қайраткерлер мен лауазымды тұлғаларды сатып алумен жəне сатылатындығымен тығыз байланысты.

Жемқорланған байланыстар саласына полиция қызметкерлерінің де тартылатын  кездері болады. Ішкі істер органдарына криминалды құрылымдарға «қызмет көрсететін» нақты адамдарды анықтаумен қатар, меншікке қарсы қылмыстар механизмдері мен əдістерін айқындау жəне сол механизмдерді блокадалау бойынша тиісті шараларды жасау міндеті жүктеледі.

Барлық қылмыстық топтардың осал жері бұл қаржылық базасы болып табылады. Ішкі істер органдарының қолындағы тиімді құрал – қылмыстық ақшаны дер кезінде анықтау жəне алу болып табылады. Қылмыскерлер алдымен қаржылық базасынан, содан кейін құқыққа қайшы қызметпен белсенді айналысу мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан қылмыстық топтар басшыларының, белсенді мүшелерінің мүлкін, олардың байланыстарын жəне ақшаны ресмилендіру жолдарын анықтауға көп көңіл бөлу қажет.

Соңғы уақытта жалпы сақтандыру мақсатында техникалық құралдар көп қолданылуда: арнайы терезелерді, балкон есіктерін, сейфтерді, бөтен адамдардың бұзып кіруіне жол бермейтін торларды шығаруды, күңгірт айна салуды меңгеріп, оларды «Қауіпсіздік» дүкендерінде сатуда. Осыған байланысты ішкі істер органдары қылмыскерлердің техникалық қорғану құралдарын қалай еңсеретіні туралы мəлімет жинап, ол ақпаратты талдауы жəне өнеркəсіптерге жеткізуі тиіс. Өнеркəсіптер соған байланысты өз өніміне тиісті құрылымдық өзгерістер енгізеді .. Сонымен қатар, ішкі істер органдары заң жүзінде минималды криминалдық қауіпсіздік стандарттарын жасап қабылдауға мүдделі. Құқықтық тəрбиелеу жəне насихаттау, халыққа қылмыстық қастандықтардан қорғану мəселелері бойынша кеңес беру, осы мəселелер бойынша арнайы оқулықтар шығару – ішкі істер органдарының жалпы сақтандыру  қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Біздің елімізде тарихи жəне басқа да себептермен құқықтық тəрбие беру проблемасы шиеленісіп отыр. Заңдылықтың орнына «Революциялық құқық» пен мақсатқа сəйкестілік жиі қабылданғандықтан, оның нəтижесі құқықтық бедерсіздікке жəне құқықтық тежелушілікке алып келді. Ішкі істер органдарының бұл проблеманы өз бетінше шеше алмайтыны анық, бұл көптеген əлеуметтік қоғам институттарына арналған мəселе. Алайда ішкі істер органдары ортақ іске өзінің қолдан келерлік үлесін қоса алады жəне қосуы тиіс.

Олардың бұл бағыттағы қызметінің өзгешелігі – құқықтық тəрбие берудің негізінен əкімшілікқұқықтық жəне қылмыстық-құқықтық механизмдерінің іске асырылатынында. Бұл арада жалпы сақтандыру нəтижеге əсер етудің қылмыстық жəне əкімшілік шараларын қолдану жəне ол туралы халыққа тиісті ақпарат беру, сондай-ақ адамдардың құқықтық санасына оң əсер тигізу мақсатымен əртүрлі халық топтарына құқық нормаларын түсіндіру арқылы қол жеткізіледі. Мұндай қызметті ішкі істер органдарының дерлік барлық бөлімшелері, сонымен қатар тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары, кəмелеттік жасқа толмағандардың арасында қылмыстардың сақтандыру [2.]. жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл қызметтің мəні азаматтарды заңсыз əрекеттерді жасауға жол берілмейтіндігі туралы ескерту, оларға құқықтық нормаларды бұзудың құқықтық жəне əлеуметтік салдары туралы ақпарат беру болып табылады. Аталған жұмысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру өте тиімді болып табылады. Қылмыстық қастандықтардан қорғану мəселелері туралы кеңес беру, осы мəселелер бойынша арнайы əдебиеттерді шығару тəсілдері басқа мемлекеттерде виктимологиялық сақтандыруға көп көңіл бөлініп жүргенімен, біздің елімізде қолданылып жүргеніне көп уақыт болған жоқ.

Біздің елімізде жеке меншік детективтік жəне күзет ұйымдарының пайда болуын ескерсек, ішкі істер органдарының кеңес беру қызметі кеңеюде. Полицияның тұрғындармен қатынасуының кеңею беталысы бұл бағыттың келешекте дамуына жағдай жасайды.

 

Әдебиеттер

  1. Алауханов Е.О. Криминология. Оқу құралы.-Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2006.-120 бет.
  2. ҚР Президентінің 2006-2010 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.