Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көші-қон құқығының халықаралық қайнар көздері

Ішкі мемлекеттік көші-қон құқығы кезкелген мемлекеттің ұлттық құқық институтының үлкен кешені болып табылады. Алайда, мемлекет ішінде көші-қон  қатынастарын реттеуден тыс көші-қон құқығы өзіне тəн күшімен халықаралық көпшілік құқығына жатады. Соңғы кездері халықаралық құқықтың өз саласындағы халықаралық көші-қон құқығының өзгеру тенденциялары көрінісі табуда. Бұл халықаралық көші-қон құқығы біртұтас білімнің оқшауланған субъектілері мен объектілері бола отырып, осы халықаралық көші-қон қатынасының арнайы қатынас түрін шектейді.

Көптеген зерттеушілердің тенденцияларында көші-қон көздері талдауларының бір деңгейде болатынындай халықаралық көшіқон құқығына өз деңгейінде көңіл бөлінбей келеді. Халықаралық көші-қон қатынасы сипатының ережесін  бұрынғы  нысандарында көрсетілген халықаралық көші-қон құқық қайнар көздерінің қолданбалы түрінде қарауға болады. БҰҰ Халықаралық соты  Статутында халықаралық құқық қайнар көздерінің тізімі сақталған. Халықаралық конвенцияларына, халықаралық тəртібіне, жалпы құқық принциптеріне, сот шешімдеріне жəне көпшілік құқығына көптеген білікті мамандардың доктриналарын енгізеді [1].

Алайда, аталған Статут БҰҰ Халықаралық сотына арналған тек міндетті ережелерді орнатады.   Халықаралық құқық қайнар көздеріндегі көрсетілген тізім жан-жақты болып табылмайды жəне толықтырылып отыруы мүмкін.

Халықаралық көші-қон құқығы үшін базалық болып табылатын халықаралық құжаттар арасында адам құқығының жалпы декларациясы негізгі орынды алады. Бұл құжатта көші-қонға қатысты мынадай құқықтар атап көрсетіледі: əрбір мемлекеттің шекарасынан тыс мемлекеттерге өзіне тұрғылықты орынды таңдауына жəне еркін ауысуына құқығының болуы; кез-келген мемлекеттен кетуге; басқа мемлекеттерге саяси баспана іздеуге жəне осы баспананы пайдалануға құқығының болуы [2].

Əйтсе де, заңды міндеттелген келісім ретінде емес, Декларация саяси ниеттестік туралы өтінішті ретінде қабылданған. Бұл адам құқығын күшейтетін алғашқы халықаралық құжат ретінде  үлкен  маңызы  бар.  Декларация қабылданғаннан бері оның көптеген ұстанымдары міндетті заң құжаттарында қайталанып, əдеттегі жалпы нормалардың мəртебесін алғанын атап айту қажет.

Халықаралық келісім

Халықаралық келісімдері құқығы туралы Вена Конвенциясында көрсетілгендей, өзара тығыз байланысты құжаттардың бірқатарында осындай келісім халықаралық құқықты реттейтін мемлекеттер арасында жазбаша түрде бекітілгеніне, сондай-ақ, нақты атауына қарамастан енгізілген [3].

Көші-қонның  белгілі  бір проблемалары бойынша халықаралық ұйымдар қызметінің үдерісінде сəйкестендірілен Конвенциялар дайындалып қабылданған. Олардың арасында ең алдымен босқындардың проблемаларын реттеу бойынша халықаралық келісімдерді атап өту қажет. 1951 ж. Босқындар мəртебесі туралы конвенцияға кіргізілген 1967 ж. Хаттама халықаралық қорғауды қажет ететіндер үшін нақты құқықтық тəртіпті орнатушылардың көп салалы келісімдері болып  табылады.  Аталған  құжаттар   сол жерде қудалау көргендер үшін (кері  жіберілген хаттан бас тарту ұстанымдарының), барлық босқындарға дискриминациялық емес жолдау туалы талаптарды, саяси баспана сұраған мемлекеттер алдындағы міндеттерді жəне т.с. саяси баспана сұраушы тұлғаларға жəне босқындарды қайтаруға тосқауыл қоюды бекітеді [4].

Қазіргі уақытта əлемнің көптеген мемлекеттері заңсыз көші-қон істеріне тиімді қарсы тұру  үшін  түбегейлі  күштерді  қабылдауда. Бұл проблема БҰҰ аясында халықаралық қылмысқа қарсы күрес мəселелері бойынша халықаралық-құқықтық актілерді дайындауда кеңінен ескеріліп  отыр.  Иллюстрациялардың ең бірінші беттеріне БҰҰ Конвенциясы 2000 ж. ұйымдасқан трансұлттық қылмыстарына қызмет етеді жəне оған екі хаттама кіреді: заңсыз мигранттарды құрлық, теңіз жəне əуе жолдары арқылы əкелуге қарсы Хаттама жəне адам саудасын, əсіресе, əйелдер мен балалар саудасын алдын ала сақтандыру туралы Хаттама.

Келтірілген халықаралық келісімдер ХХ ғ. уақыты ішінде халықаралық көші-қон нормаларын дамытуда кейбір жəйттердің кездескеніндей, бақылауға алуға мүмкіндік береді. Алдымен көші-қон құқығы нормалары халықаралық құқық қайнаркөздері жүйесінде біршама жалпылай сипат алды жəне арнайы бекітілген жоқ. Халықаралық  көші-қон  қатынастарын   реттеу қажеттілігі туындағаннан соң, олар əлсіз халықаралық келісімдері айқын көріне бастады. Келешекте осы салада алдағы уақытта олардың толық сипаттамасын кеңінен қолдану туралы негіз жасауға болады.

Халықаралық тəртіп

Халықаралық тəртіп – халықаралыққұқықтық тəртіп ретінде олардың халықаралық тəжірибесінде халықаралық субъектілерімен орындалып танылған ұқсас жағдайда айлапжылдап қайталанатын халықаралық құқық субъектілері сипатының ережесі [5].

Яғни, халықаралық көші-қон құқығы саласындағы тəртіп – көші-қон үдерісі барысында бекітілген сол ережелердің тəртібі.

Тəртіп ретінде ережелер сипатын бекіту күрделі үдеріс болып табылады. Өйткені, келісімді тəртіп нормаларынан айырмашылығы қандай-да бір бірегей актілер жазбаша түрде заңдастырылмайды. Сонымен, БҰҰ Халықаралық сот Статутында келтірілген қосымша құралдар тəртіптің жүзеге асыруда белгілеу үшін пайдаланылады: əртүрлі мемлекеттердің халықаралық құқығы саласында аса танымал мамандардың соттық шешімдері мен доктринасы [6].

Құқық теориясында халықаралық тəртіпті анықтау үшін қосымша қайнар көздері халықаралық ұйымдарының біржақты актілері мен мемлекет əрекетін шешуде пайдаланады.

Халықаралық тəжірибеде кейбір мемлекеттердің тəртіп ережесі бұрынғыдай келісімдік нысанында, ал басқа мемлекеттер үшін халықаралық тəртіптердің нысанында  болатын оқиғалар кездеседі.  Егер  сол  мемлекеттер халықаралық конвенцияға қатысушы болса осындай жағдайлардың орын алуы мүмкін, ал басқа мемлекеттер халықаралық-құқықтық нормалар тəртібі ретінде келісімді халықаралыққұқықтық нормаларды орындайды. Осылай халықаралық көші-қон құқығына қандай да бір тұлғалардың сол жаққа қайтуына тиым салынады, оның нəсiлiнiң белгiлерi салдарынан, дін қабылдауы, азаматтығы, белгілі бір əлеуметтік топқа жататын немесе саяси сенімдер қинау немесе қатыгез, рақымсыз түрде қысым көрсету əрекеттері немесе  адамдарға  назар  аудару жəне жазалау түрінде ар-намысын қорлауы сияқты жəйттерді айтуға болады. Аталған ұстаным кері жіберуден бас тарту босқындарды қорғаудың халықаралық негізі болып табылады, мемлекеттердің «теориясында» белгілеген жəне тəжірибеде əрекет етеді.

Əдеттегі халықаралық көші-қон құқығы нормаларына гуманитарлық құқықты көтеретін кейбір нормаларды жатқызуға болады. Мысалы, олардың қатарына мемлекет оларды жаулап алған территориясында азаматтық тұрғындардың бір бөлігін жер аударып жібере алмайды немесе қоныс аударуына жол бермейді, ал қоныс аудару жағдайында азаматтық тұлғаларды қанағаттанарлық жағдайда орналастыру мен қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қабылданады [7].

Халықаралық көші-қон құқығы тəртібінде азаматтардың тегі мен құқық қайнар көздеріне қатысты мемлекеттің құқық приоритеті құқықтық жүйесінде бекітуді қарауға болады.

Осылайша, халықаралық көші-қон құқығында халықаралық тəртіпті кеңінен қолдану туралы айтуға болмаса да, оны жеке құқықтың қайнар көздері ретінде көрсетуге болады.

Халықаралық сот органдарының шешімі.

Қосалқы құқық қайнар көздері БҰҰ Халықаралық сот шешімі, басқа халықаралық сот жəне арбитраж органдары болып табылады.

БҰҰ Халықаралық соты мемлекетке мүше елдер арасындағы заңға сүйенген дауларды реттеумен жəне БҰҰ жəне оның мекемелерінің консультациялық қорытындыларды ұсынады, сондай-ақ, заң күшіне енген БҰҰ бас сот органдары болып табылады. Осыған орай, Халықаралық көші-қон құқығына 2004 ж. Мексиканың АҚШ-қа қарсы талап арызы бойынша БҰҰ Халықаралық сот шешімін атап айтуға болады.  Істің мəнісі АҚШ билігі Мексиканың 54 жастағы азаматын ұстап кінəлі деп тауып, өлім жазасына кесті. Сол азаматты тұтқынға алғанда  Вена конвенциясында көрсетілген 1963 ж. консулдық қатынастары жөніндегі консулдық мекеменің мəлімдемесінің міндетін орындаған жоқ [8].

Аталған істе БҰҰ Халықаралық соты халықаралық құқық нормаларының бұзылуына байланысты Мексика азаматына шығарылған үкімді қайта қарау туралы АҚШ-тың міндеті деген қорытындыға келді.

Нақты істерге рұқсат ететін мемлекетке қатысушылардың адам құқығын қорғау туралы Еуропалық конвенциясы нормаларының бұзылуы мəселелері бойынша өндіріске жеке арыз негізінде қабылдаған Еуропа конвенцияының адам құқығын қорғау туралы шешімі сот шешімдері арасында ерекеше орын алады. Еуропа сотының шешіміне қатысты көші-қон қатынасына тікелей немесе жанама көтеретін босқын санаты ұсынымын кері қайтарып, жер аударылған тұлғалардың істері мұндай істердің аз ғана санын құрағанымен тəжірибеде кездескен негізгілердің біріне жатады.

Осылайша, халықарлық сот шешімі халықаралық соттың қосымша қайнар көздері ретінде алға тартып, олар халықаралық ұйымдар мен мемлкеттердің кезекті тəжірибесіне əсер ете отырып, халықаралық құқық тəртібі нормаларын көрсетуге мүмкіндік туғыза алады.

Халықаралық ұйымдардың актілері (жеңіл құқық нормалары)

Көші-қон мəселелерін реттейтін актілерді дайындауда  адам   құқығы   бойынша   Комиссия баяндамашылары, БҰҰ Бас секретарының өкілдері маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта мұндай сарапшылар адам құқығы саласындағы механизмдерінің жүйесіне кіреді. Бас секретардың өкілі Басқарушы принциптерін дайындау негізіндегі мемлекет арасына қоныс аударған тұлғаларды қорғау аталған проблема бойынша құқықтық талдау жəне жинақталған құжатты дайындайды. Мұндай принциптер кез-келген басқа билік органдарыны, мемлекет үшін бағдар жасауға, топтар мен  тұлғалар,  үкіметаралық жəне үкіметтік емес ұйымдардың мемлекет ішіне қоныс аударушы тұлғалармен байланысты проблемаларды шешуде қызмет етеді [9].

Халықаралық көші-қон проблемаларын шешуде көші-қон құқығы істері бойынша БҰҰ Арнайы баяндамашысы үлкен рөл атқарады. Оның негізгі міндеті мигранттардың құқығын қорғау саласындағы болып жатқан кедергілерді жеңудің құралы мен жолдарын зерттеу болып табылады. Баяндамашының Арнайы Мандаты мемлекет барлық еңбек етуші-мигранттардың жəне олардың отбасы мүшелерінің құқығын қорғау туралы Халықаралық конвенцияны бекіткеніне қарамастан барлық мемлекеттерге  таратылады. Арнайы баяндамашының негізгі қызметінің бірі ұлттық, аймақтық жəне халықаралық деңгейдегі мигранттар құқығы саласында заң бұзушылықтың алдын алудың нақты шараларын қабылдау бойынша қажетті ұсыныстарды алға тарту болып табылады. Жыл сайын Арнайы баяндамашы Кеңеске адам құқығының барлық əлемді алаңдатып отырған мəселелер бойынша мигранттардың құқығын қорғау жағдайы туралы баяндама дайындайды.

Халықаралық ұйымдардың актілері арасында БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған резолюциясы ерекше орын  алады.  Мигранттар  құқығының  арасында   мигранттардың жəне олардың отбасы мүшелеріне қатысты кез-келген   дискриминациялық   тəжірибені жою мақсатында көші-қон  саясатын  қайта қарау қажеттілігі жағдайында жəне шолу мүмкіндіктерін қарастыруды мемлекетке ұсынылатын резолюцияны ескертілуі тиіс; мигранттарға оларды қабылдаған мемлекеттерде толықтай шоғырлануға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаларды қабылдау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады [10].

БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюцияның құндылығы олардың мемлекеттердің санын белгілеуде бекітіледі: тіпті міндетті күштері жоқ болса да, өз саясатын жүзеге асыратын мемлекеттер үшін тəжірибелік басшылық жасауға қызмет етеді жəне моральдық əсер береді.

Халықаралық көші-қон құқығы доктринасы

Заң шығаруда теория өте маңызды рөл атқарады. ХІХ ғасырда халықаралық құқық саласында танымал ғалымдардың еңбектері халықаралық құқық қайнар көздері ретінде жиі қарастырылды.

Қазіргі уақытта халықаралық көші-қон құқығы доктринасының маңызын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, қажетті жағдайларда мұндай заңдар жеке халықаралыққұқықтық жағдайларды танып білуге мүмкіндік береді. Алайда, доктриналар халықаралыққұқықтық нормаларды түсіндіруде жəне қолдануда халықаралық құқық субъектілерінің ұстанымының нақты мазмұнын анықтау үшін тек қосымша құралы ретінде пайдаланылады.

Қазіргі кезеңде өзін-өзі басқару құқығы саласындағы халықаралық көші-қонның ақырындап өзгеріске ұшырап отыр. Осыған орай, халықаралық көші-қон құқығы заңдарды тиімді əрі көптеп пайдалану мақсатында нақ осы тұтастай ұйымдастырылған жүйеде қарастыруға болатын қайнар көздердің аса маңызды жүйесі бар екенін атап айтуға болады. Мұның барлығы халықаралық көші-қон құқығы қайнар көздерін тереңірек талдауды жəне алдағы уақытта оларды жүйелендіруді қажет етеді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Статут Международного суда // источник: http://www.un.org/ru/ga/
  2. Всеобщая декларация прав человека // источник: http://www.un.org/ru/ga/
  3. Венская конвенция о праве международных договоров // источник: http://www.un.org/ru/ga/
  4. Конвенция о статусе беженцев // источник: http://www.un.org/ru/ga/
  5. Международное публичное право: учебник/ под ред. К. А. Бекяшева. М.: Проспект, 1999
  6. Статут Международного суда // источник: http://www.un.org/ru/ga/
  7. Защита мигрантов: резолюция Генеральной Ассамблеи ООН: Документ ООН. A/RES/59/194// источник: http://www.un.org/ru/ga/
  8. Тоцкий Н. Н. Введение в миграционное право. Миграционное право как подотрасль конституционного права Российской Федерации. Нормативные акты, регулирующие правоотношения с участием мигрантов. М.: Диалог МГУ,
  9. Поощрение и защита всех прав человека, гражданских, политических, экономических, социальных и культурных прав, включая право на развитие: докл. Спец. докладчика по вопросу о правах человека мигрантов Хорхе Бустаманте: док. ООН A/HRC/7/12 // источник: http://www. un.org/ru/ga/
  10. Международная конвенция о защите прав всех трудящихся-мигрантов и членов их семей// Принята резолюцией 45/158 Генеральной Ассамблеи от 18 декабря 1990 года.
  11.  

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.