Медиация, жалпы құқықтаағылшын тілінде (alternative dispute resolution, ADR) даулардың альтернативті реттеу технологиясы болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың қатысуымен дау мəселелерін шешу. Бұл жағдайда медиатор тарабы, екі жаққа тəуелсіз болып келеді. Ежелгі Рим, Ежелгі Греция елінде дау мəселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын əр түрлі терминдермен пайдалана білді:» internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres, mediator» [2].
Егеменді Қазақстанның қоғамы мен мемлекеті нарықтық экономиканың негізгі қағидаттарына сəйкес дамып келе жатыр. Осы кезең ішінде экономикалық жəне əлеуметтік қарым-қатынастың жүйесінде бүгінгі күнге дейін, əлі дұрыс бағаланбаған өте маңызды өзгерістер болды. Сонымен қатар, біздің қоғам өркениетті жəне еркін нарыққа қарсы бағытта үлкен талпыныс жасады. Мұндай өзгерістердің құқықтық негізі жаңа Қазақстанның Конституциясы жəне оның негізінде қабылданған заңдар болып табылады. Қазіргі кезде еңбек құқығының əлеуметтік функциясы еңбекті қорғаумен ғана шектелмеуі керек деген ойлар қалыптасады. Бұл функцияның бір мынандай қыры ашылуы қажет, – еңбек саласындағы адам құқығының толық бекітілуі жəне сатылы түрде дамуына толық қамқорлық жасау. Бұл белгілі бір деңгейде еңбекті қорғаумен сəйкес келеді, бірақ оған ұқсас емес. Еңбек құқығы жұмысшылардың еңбектерін қорғауды қамтамасыз етумен қатар, еңбек процесінің қатысушысы болып табылатын адам ие болатын кешенді əлеуметтікэкономикалық құқықтарды қамтамасыз етудің кепілділігін анықтайды. Еңбек құқығы, қазiргi кезеңде өз алдына дербес құқық саласы ретiнде заңгер ғалымдар арасында, жұмыс берушiлер мен жұмысшылар арасында, кəсіподақтар мен олардың өкілдері арасында, мемлекетпен, еңбек ұжымдары арасында, көптеген қызу пікір-талас туғызуда. Себебі, ең алдымен 15 мамыр 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қабылданған Еңбек кодексі ең төменгі кепілдіктер, мерзімдер жəне стандарттар белгілейді жəне осы аталған нормативтер тек қана жұмысшының жағдайын жақсарту жағына қарай бағытталады[1]. Медиация, жалпы құқықта – ағылшын тілінде (alternative dispute resolution, ADR) даулардың альтернативті реттеу технологиясы болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың қатысуымен дау мəселелерін шешу. Бұл жағдайда медиатор тарабы, екі жаққа тəуелсіз болып келеді. Ежелгі Рим, Ежелгі Греция елінде дау мəселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын əр түрлі терминдермен пайдалана білді:» internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres, mediator» [2]. Жалпы алғанда, делдалдық өкілдікпен бір түбірден пайда бола отырып, əртүрлі құқықтық институттарды, соның ішінде, делдалдықтың əмбебап құқықтық нысаны ретінде жүзеге өкілдік институтын да қалыптастырады. Өкілдік институты бірқатар құқық салаларына танымал.
Егер еңбек құқығында өкілдік өкілдік берушінің атынан заңи əрекеттерді жүзеге асырумен, оған міндетті құқықтық салдар туындатумен байланысты болатын болса, ал қылмыстық жəне азаматтық іс жүргізуде өкіл ретінде өкілдік берушінің мүддесіне, бірақ өз аттарынан əрекет ете отырып, заңи көмек көрсететін тұлғалар танылады. Өкілдік белгілі бір деңгейде бастапқыда Египетте, Грецияда, Римде жəне бірқатар басқа да мемлекеттерде мойындалған болатын[2.56б]. Алайда, Рим заңгерлері кəсіпкерлігінің жоғары деңгейлілігіне, таңдамалылығына жəне талғамыштылығына қарамастан, өкілдіктің дамыған теориясын жасап шығармады. Бұл Рим экономикасының патриархальді табиғатымен, құлдар еңбегінің кеңінен қолданылуымен түсіндіріледі. Римнің шартты құқығы V-ғасырға дейін үлкен формализммен жəне шартты байланыстардың табиғатының шектеулі дербестігімен сипатталады. Бөтен тұлға арқылы біздің пайдамызға əрекет ету мүмкін емес деген қағида əрекет еткен. Ал егер бұған құқықтың тұлға автономиясына берген маңыздылығын қоса қарар болсақ, рим құқығында өкілдіктің даму таппағандығын түсінуімізге болады.Тек юстиниандық дəуірде ғана (527-565) тиісті теорияның пайда болу белгілерін таба аламыз. Рим құқығы прокураторға (procurator)– тапсырыс шартындағы сенім білдірушіге – өкілдіктің жалпы өкілеттілігін береді (өкілдік беруші ретінде əрқашан үлкен отбасы танылады), ал инститорға – кəсіпорынды басқарушыға – өзінің қожайынының мүлкін сатуға байланысты шектелген өкілеттілікті береді[3].
Қатынастар жанама өкілдік қағидасымен қалыптасады: барлық өнімдерді жəне тіпті оларға үшінші тұлғалар тиісті дəрежеде төлемегендерді де қайтаруға міндетті болатын. Өкілдік мұнда өрескел сипатқа ие еді: прокуратора өзі жасасқан шарт арқылы өкілдік етіп отырған отбасы үшін ешқандай құқық туындатпайтын, керісінше, соңғысы прокуратордың конрактантқа қатысты өз міндеттерін орындауының кепілі ретінде көрініс тауып отырды. Өкілдікті рим құқығы ешқашан тапсырысты орындау, оның нəтижесі ретінде танымады; сондықтан өкілдік өз бастауын тапсырыс шартынан алады деп пайымдау қате түсінік болып табылады.Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында медиация ұғымы АҚШ, Австралия, Великобритания елдерінде, ал кейіннен Еуропа елдерінде қалыптаса бастады. Ең алғаш рет медиацияны отбасы құқығындағы дау мəселелері бойынша қолдана бастады. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рəсімі болып табылады.
Медиацияны қолдану аясы:
- халықаралық жəне ішкі корпоративтік дауларда;
- сақтандыру жəне банкілік дау аясында;отбасы дауы;
- жұмыс барысындағы дау мəселелері;
- білім медиациясы жəне т.б.
Қазіргі заманымызда шынында да еңбек қатынастары түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Бұл ретте еңбек қатынастары негізінен еңбек шартының ережелеріне негізделуін қарастырғаны жұмыс беруші, қызметкер жəне оның өкілі, мəселен, кəсіподақ мүдделерінің үйлесімін қамтамасыз ететін негізгі тұжырымдамалық нормаларды құрауы қажет. Еңбек шарты осы қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін, еңбек саласында туындаған барлық қарым-қатынастарды егжей-тегжейлі, толық реттейтін əділ еңбек қатынастарын қалыптастыру ұйытқысы болуы қажет.Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері толығымен жазылғанмен,бірақ тараптар дұрыс орындамауында, осының нəтидежесінде дау туындауда. Қазақстан елінде Медиация ұғымы 2011 жылы қалыптаса бастады. Тəуелсіз, бейтарап, істің нəтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған жəне медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады[4].
Медиатордың қызметі кəсіби негізде (кəсіпқой медиатор) жəне кəсіби емес негізде(қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Медиатор алдын ала кеңес бермейді. Медиацияның өзге делдалдықтанмаңыздыерекшелігісараптамалық тəжірибиесі мол болуында.
- Медиатор дау мəселесі туындағанда тараптардың нақты келісімін талап етуде;
- Медиатор адами сезімді ескермейді;
- Медиатор өткен оқиғаларды сараптамайды, тек болашаққа бағыт бұрады;
- Медиатор істі қадағалайды, еш тарапқа тəуелсіз болуды;
- Медиатор тараптардың келісім жасауында міндетті түрде қатысады;
- Медиатор бейтарап,тəуелсіз болуы шарт.
- Медиацияда дау мəселесі туындағанда,екі тараптың келісімге дайын болуы щарт.
- Медиация – бұл құрылымды процесс, яғни бір немесе бірнеше сессиямен шектелген[5]. Медиация соттан тыс тəртіпте дау мəселелерін жүзеге асырады, ҚР Парламенті медиация туралы заңды 2011жылы 12 қаңтарда қабылданып жəне заңды күшіне еңді. Қазіргі таңда,медиация енді ғана даму үстінде. Медиацияның қазіргі таңда алатын орны зор,себебі медиацияның соттан ерекшелігі[6]:
- Медиация еркінділікті білдіредісот процессі бір тараптың қарсылығына қарамай басталады.
- Медиатор сайланады, ал сот тағайындалады.
- Медиаторда билік күшіжоқ, ал сотта билік күші бар.
- Медиатор күн тəртібін екі тарапқа ыңғайлы кезді пайдаланса, ал сот белгілі мерзімде.
- Медиатор тараптармен жиналса,ал процессте өкілдермен жинайды.
- Медиацияда консенсусты, ал процесс міндетті.
Əдебиеттер
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы15 мамырдағы Еңбек кодексі // Егеменді Қазақстан – 2007 жыл 22 мамыр (өзгерістермен толықтырулар).
- 2 Иоффе. О.С Советское гражданское право курс лекций. – Л.: Изд-во ЛГУ. 1958. – 189 с.
- Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. – Алматы, 2003. – 42 с.
- Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңы 01.2011. – 12-б.
- Калашникова С.И. Медиация в сфере гражданской юридикции. – М.: 2011. – 142 с.
- Максудов Р.Р. Восстановительная медиация. – М.: Изд-во Инфотропик. – Медиа,– 256 с.