Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əкімшілік бақылауды жəне қадағалауды жетілдіру мəселелелері

Қоғамда құқықтық саясатты əрі қарай жетілдірудің негізгі бұл мемлекеттің басқару жəне бақылау функцияларын жетілдіру десек қателеспеген болар едік. Мемлекеттің басқару жəне бақылау қызметі əкімшілік бақылау мен əкімшілік қадағалаудан өз бейнесін табуда. Қазіргі кездегі əрекет етуші заңнамаға енгізіліп жатқан өзгертулер мен толықтырулар əкімшілік бақылау мен қадағалауды толық қанды жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік тəртіп – мемлекеттің жəне оның өкілетті органдарының тəртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кəсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде жəне дəл орындауға тиіс. Заңдылық пен тəртіпті қолдау жəне нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі əрекет етеді. Олардың жүзеге асыратын əр түрлі құқықтық жəне ұйымдық қызметтерінің түрлері мен əдістері, қоланатын практикалық амал – тəсілдері, операциялары, жұмыс түрлері заңдылықты қамтамасыз ету тəсілдері  деп аталады.

Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан) ауытқуларын жою мақсатында оның қызмет ету процесін байқау жəне тексеру жүйесі.

Атқарушы билік сферасындағы бақылаудың мəні осыған өкілетті органның ұйымдыққұқықтық   тəсілдерді  жəне   құралдарды  пайдалана отырып атқарушы билік органның немесе лауазымды тұлғаның қызметінде заңдылықтан қандай – да бір ауытқулар бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай ауытқулар болса, онда оларды өз уақытында  жояды, бұл  кезде бұзылған құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады, заңдылықты жəне тəртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.

Əкімшілік қадағалау – мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз  етудің  арнайы  тəсілдерінің бірі. Əкімшілік  қадағалау – атқарушы биліктің қарамағындағы ұжымдық жəне  жеке  субъектілердің  құқық  нормаларын сақтау үшін жүргізетін, үстінен қарайтын бақылау.

Əкімшілік қадағалаудың мəн-маңызы – ол басқару сферасында əрекет ететін заңдарда жəне заң күшіндегі актілерде бекітілген арнайы ережелер мен талаптардың орындалуын байқау, бақылау. Бұл жол жүру ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, сауда, санитарлық, табиғатты қорғау нормаларын орындалуын қадағалау.

Əкімшілік қадағалау атқарушы билік органдарын, кəсіпорын, мекеме, ұйым, қоғкмдық бірлестіктер, азаматтарға қатысты жүргізіледі. Оны арнайы органдар жүзеге асырады. Көптеген ведомстволарда арнайы қадағалау қызметтері бар жəне олар мемлекеттік инспекциялар деп аталады.

Мемлекеттік инспекция – жеке жəне заңды тұлғалардың  нақты  ережелерді  сақтау   үшін қадағалау жүргізетін арнайы мемлекеттік органдар. Сонымен қатар салықты жəне бюджетке міндетті түрде төлейтін төлемдерді төлеу үшін бақылау жасайды, таулы жерде жұмыс жүргізу мен атомдық өндірістерде қауіпсіздікті бақылайтын, энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін, қалаларда архитектуралық стилдерді сақтау үшін бақылау жүргізетін инспекциялар бар.

Мемлекеттік инспекцияларға функционалды билік жəне барлық органдардың үстінен қарайтын өкілеттіліктер берілген, соның ішінде бұзушыларға əкімшілік мəжбүрлеу шараларын қолдану да көзделген.

Арнайы қадағалау ведомстволары ҚР Үкіметіне бағынады, ведомстволық  қызметтер сəйкес арнайы құзырлығы бар орталық органдарға бағынады.

Əкімшілік қадағалаудың ерекшелігі қадағалау субъектісі мен объектісінің арасында бағыныштылық жоқ жəне нақты жағдайда қадағалау объектісіне қадағалау субъектісі əкімшілік мəжбүрлеу шараларын қолдана алады.

Бақылау – бұл белгіленген мөлшердегі параметрлерден ауытқуды жою мақсатында қызмет ету процесін бақылау (байқау) жəне тексеру жүйесі.Атқарушыбилікоргандарыныңқызметіне бақылау жасаудың мəні – ол осығн өкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар ұйымдық – құқықтық тəсілдер мен құралдарды пайдаланып бақылаудағы атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінде заңдылықтан қандайда болмасын ауытқулар жіберілді ме соны анықтайды. Егер осындай ауытқулар болса, соны өз уақытында жойып, осы кезде бұзылған құқықтарды орнына келтіріп, кінəлілерді жауапкершілікке тартады, заңдылықты жəне тəртіпті бұзуды болдырмауға шаралар қабылдайды. Бақылауды мемлекеттік билік органдары, жалпы, салалық жəне сала аралық құзырлы мемлекеттік басқару органдары, сот органдары қолданады.

Бақылау субъектілеріне байланысты келесідей бөлінеді:

  • Президенттік бақылау;
  • Парламенттік бақылау;
  • Үкіметтік бақылау;
  • Соттық бақылау.

Жоғарыдағылардың негізінде құқық қорғау органдарымен жүргізілетін əкімшілік бақылау деп заңмен көзделген, бас бостандығынан айыру   орындарынан   босатылған,   бірақ   мінез-құлқында қайталама  қылмыс  істеу  мүмкін деп қауіптенетін адамдарға профилактикалық шара ретінде қолданылатын қадағалауды айтамыз. Əкімшілік бақылаудың мақсаты – ол түзеу мекемесі босатылып шыққан сотталғандар жаңадан қылмыс жасамауын ескерту жəне роларға профилактикалық-тəрбиелік əсер ету. Бұл шараны бақылайтын адамдардың жұмыс орнында, тұрған жерінде адамгершілік абыройы мен намысына тию мен беделін түсіру сияқты мақсат жоқ.

Кəмелетке толмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, аса қауіпті қайталап жасаған қылмысы үшін ауыр жəне өте ауыр қылмыстары үшін, бас бостандығынан айыруға екі жəне одан да көп сотталған адамдарға, босатылғаннан кейін де ішкі істер органдарының ескерткеніне қарамастан үздіксіз қоғамдық тəртіп немесе өзге азаматтардың құнын, басқа да құқық бұзе берсе, онда əкімшілік қадағалау тағайындалады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жөнінде əкімшілік бақылау қою үшін материалдарды жинауға тек қана жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың құқы бар. Мұнымен бірге, көрсетілген адам қоғамдық тəртіпті сондай-ақ басқа да құқық бұзғаны үшін бір жылдың ішінде екі реттен кем емес əкімшілік жолымен жазалануы керек жəне тағы да жыл ішінде осындай тəртіп бұзса ғана аумақтық органдар сотқа əкімшілік бақылау қою туралы өтініш хат жібереді.

Əкімшілік бақылауды тағайындау үшін сотқа ұсыныспен бірге үкімнің көшірмесі мен бұл адамға əкімшілік бақылау қою керектігін дəлелдейтін басқа да материалдар жіберіледі. Соттың мəжілісіне əкімшілік бақылауын қоюға ұсынылған адам шақырылады, ал сотталғандар ісі  қаралғанда,  сот  мəжілісі   түзеу   мекемесі де жүргізіледі. Сот мəжілісіне міндетті түрде ұсыныс жасаған органның уəкілі қатысады, ал бақыланушы тілек білдірсе, оның қорғаушысы қатысады.

Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады, ол орындау үшін аудандық ішкі істер органының бастығына, сондай-ақ түзеу мекемесінің бастығына  жіберіледі.  Түзеу  мекемесі оперативтік бөлімдерінің басқа қызметкерлерімен бірге отырып босатылған адамдар жөнінде мəліметтер жинау шараларын жүргізеді. Ал ол мəліметтерді ішкі істер органына жібереді.

Сотталғанға бас бостандығынан айыру орнынан босатыларда соттың əкімшілік бақылау қою, оның мерзімі туралы соттың қаулысымен босатылушы өз қолын қою арқылы таныстырылады. Ішкі істер органының рұқсатымен басқа елдің мекенге барғанда бір тəуілктен артық мерзімде болатын болса, ішкі істер органына тіркелуі керек.

Əкімшілік бақылаудың тоқтатылу тəртібі: ұзарту жөнінде негіз болмаса белгіленген мерзімі өткеннен кейін; тұрмыста, жұмыста оң мінез көрсетіп түзелу жолын бекем түсекенін бақылау керек болмағанда; одан соттылығы алынғанда; бақылаушының сотталуын, өліміне байланысты тоқтатылады.

Ішкі істер органы əкімшілік бақылауды жүргізгенде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры жəне оған қатысты прокурорлар бақылайды.

Бүгінгі таңда əкімшілік бақылау мен əкімшілік қадағалауды жүзеге асыру заңнамалық тұрғыда реттелген, алайда оны тисінше жүзеге асыру механизміне бағытталған белсенді құқықтық шаралар əлі де маңызды мəселе болып қала бермек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Горшенев В.М. Способы и организационные формы правового регулирования в социалистическом обществе. М.,
  2. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. В 4 т. М.: Тера, 1995. Т.
  3. Студеникина М.С. Государственный контроль в сфере управления. М.,
  4. Соловей Ю.П. Правовое регулирование деятельности милиции в РФ. Омск,
  5. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы. – Алматы: Жетi жарғы,
  6. Баянов Е. Əкімшілік құқық. Алматы,
  7. Баянов. Е. Мемлекет жəне құқық негіздері.
  8. Алматы,
  9. Бекіш Сейдешұлы. Əкімшілік құқық пəні бойынша дəрістер. – Алматы,
  10. Кайыржанов Е.И. Правовое развитие Казахстана за десять лет государственной независимости (Материалы Международной научнопрактической конференции). Часть – Алматы, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.