Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ортақ меншіктің құқықтық табиғатының ерекшеліктері

Зат меншік құқығымен бір тұлғаға ғана емес, бірнеше тұлғаға тиесілі болуы мүмкін. Азаматтық құқықта меншік қатынастарымен бірге ортақ меншік қатынастары да реттеледі. Ортақ меншік қатынастарын бөліп қарастыру мен жеке реттеу қажеттілігі олардың елеулі ерекшеліктері салдарынын туындап отыр.

Ортақ меншіктің мүмкін болатын барлық ерекшеліктерінің алғышарты болып мүліктің бір мезгілде азаматтық құқықтың бірнеше субъектісінің меншік құқығында болу фактісі танылады.

Тұтастай алғанда меншік сияқты, ортақ меншік те оның түрлі аспектілерінде өмір сүреді жəне қарастырылады. Ортақ меншік туралы объективті-құқықтық жəне  субъективті-құқықтық мағыналарда айтуға болады. Ол сондай-ақ экономикалық категория болып табылады. Бұл тұрғыда ортақ меншік бір мезгілде бірнеше тұлғалардың меншіктік мүдделерін жүзеге асыру нысаны ретінде көрініс табады, сол арқылы осы тұлғаларға тиісті мөлшерде меншіктің табысын пайдалануға мүмкіндік береді.

Объективті-құқықтық мағынада ортақ меншік құқығы дегеніміз – бұл меншік құқығы жəне өзге де заттық құқықтар саласының құрамдас бөлігі. Осының салдарынан, ортақ меншік құқығы меншік құқығының пайда болуының негіздерін қарастыратын жəне объектілерінің шеңберін, меншік пен оны қорғау режимін айқындайтын жалпы сипаттағы бірқатар нормаларға негізделеді. Құқықтық əдебиеттерде ортақ меншік құқығына қатысты түрлі көзқарастар бар.

Ортақ меншік құқығы меншік иелерінің құқықтарын бөлуге бағытталады. Бұл арада əрбір меншік иесінің құқығы басқа меншік иелерінің құқықтарымен қиылысады. Сонымен бірге ортақ меншік құқығының механизмі əрбір меншік иесінің мүдделерінің ортақ үйлесімін табуға мүмкіндік береді [1:421].

Ортақ меншік құқығы барлық меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін үйлестіруге бағытталады. Бұл түрлі тəсілдермен жүзеге асырылады. Олардың бірі болып бірге иеленушілердің əрқайсысына ортақ мүлікке қатысты құқықтардың тиісті көлемінің берілетіндігі танылады. Олардың əрқайсысы ортақ мүліктің игілігін толық көлемінде пайдаланады. Мысалы, ортақ меншіктің кейіннен біріктіруі жəне өсуі нəтижесінде туындайтын меншікті ірілету нəтижесін меншік иелерінің əрқайсысы пайдалана алады. Бірге иеленушілердің бəсекелестігінің алдын алуға  бірге иеленушілердің бірінің құқықтарын екінші бірге иеленушінің құқықтарымен шектеу арқылы қол жеткізіледі. Бұл азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың жалпы ережелеріне сүйенеді [2:8]. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келмеуі керек. Бұл ереже ортақ меншік иелерінің ішкі қарым-қатынастарында да, сондай-ақ олардың басқа субъектілермен қарым-қатынастарында да бірдей қолданылады. Тағы да бұл ереже АК-нің 188-бабының 4-тармағымен бекітіледі. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын жəне заңды мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық жəне өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн. Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға  келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

Кейбір жағдайларда бірге иеленушілердің мүдделері объективті түрде ортақ болып келеді. Бірнеше субъектілердің меншік мүдделері мен сəйкес құқықтарын үйлестірудің негізі болып бірге иеленушілердің арасында қандай да бір айрықша қатынастардың болуы мүмкін. Мысалы, кейде бұл мүліктік, сондай-ақ мүліктік емес аспектілерде көрінетін ерекшеліктері бар отбасы қатынастары бола алады. Ортақ меншікті қалыптастыра отырып, заңды тұлға құрмай кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін өздерінің күштерін біріктірген бірқатар тұлғалар бірлесіп таза табыс табу мақсатын көздеуі мүмкін. Басқа себептер де бола алады.

Ортақ меншік қатынастары меншіктің мемлекеттік те, жеке де нысандарына сүйене отырып құрылады. Болашақ бірге иеленушілер ретінде жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекет пен əкімшілік- аумақтық бөліністер көрінуі мүмкін.

Ортақ меншік құқығына ортақ меншікте болуы мүмкін объектілердің сипатының əсерін атап өту қажет. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сəйкес бөлiнуге жатпайды.

Заңи тұрғыда бөлінбейтін заттарға кəсіпорын, күрделі заттар, басқа да объектілер жатады. Объектілердің бөлінбейтіндігі ортақ меншіктің оның қатысушыларының еркінен тыс туындайтындығын білдіреді.

Меншік иесінің (бірге иеленушілердің) ерік көрінісінің бірі болып бөлінетін заттарға  ортақ меншік құқығын белгілеу танылады. Азаматтық кодекстің 209-бабының 4-тармағына сəйкес, бөлінетін мүлікке ортақ меншік заңмен жəне шартпен көзделген жағдайларда туындайды.

Атап өту керек, меншік құқығымен бөлінетін заттарға иелік ету кезінде заттың ортақ меншікте болуының объективті қажеттілігі болмайды. Сонымен бірге меншік иелері субъективтік қажеттіліктерді басшылыққа ала отырып, бөлінетін заттарға ортақ меншік құқығын тануы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 209-бабына сəйкес, ортақ меншік деп екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлікті айтамыз. Сəйкесінше, ортақ меншік құқығы деп сол ортақ меншіктегі затқа оның иелерінің құқықтары танылады. Кейде ортақ меншікті көпсубъектілі меншік деп те атайды [3;36].

Ортақ меншік үлестік (қатысушылардың үлесі айқындалып) жəне бірлескен (үлестер айқындалмайды) деп бөлінеді.

Ортақ меншік тиесілі тұлғаларды азаматтық кодекс ортақ меншікке қатысушылар деп атайды, ал əдебиеттерде оларды кейде бірге иеленушілер деп те атайды. Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың құрамын заңнама шектемейді. Ортақ үлестік меншіктің субъектілері ретінде азаматтар да, мемлекет те, заңды тұлға да болуы мүмкін. Ал ортақ бірлескен меншіктің субъектісі тек азаматтар ғана бола алады.

Затқа ортақ меншік құқығын заттың əрқайсысының өз иесі болатын  жекелеген  бөліктеріне меншік құқығын ажырата білу керек. Əдетте бұндай заттың ортақ меншіктегі бөліктері де болады. Мысалы, көп пəтерлі үйдегі əрбір пəтердің бөлек меншік иесі болады, ал тұтастай алғанда үйге бұл тұлғаларда ортақ меншік құқығы туындамайды, бірақ, пəтер иелерінің барлығының ортақ меншігі болып пəтерлерді біртұтас тұрғын үйге біріктіретін үлестердің бөліктері – жертөле, үйдің төбесі, баспалдақ алаңдары т.б. танылады. Бұндай үйдегі жеке пəтерлер, өз кезегінде, дербес  меншікте немесе ортақ меншікте болуы мүмкін.

АК-нің 209-бабының 3-тармағына сəйкес, мүлікке ортақ меншік, ереже бойынша, үлестік болып табылады. Заңнамамен көзделген жағдайларда ғана бірлескен меншік белгіленуі мүмкін.

Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімі бойынша, ал ондай келісімге қол жетпеген жағдайда сот шешімі бойынша бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік белгіленуі мүмкін. Ортақ үлестік меншікті тараптардың келісімі негізінде немесе сот шешімі бойынша ортақ бірлескен меншікке айналдыруды заңнама қарастырмайды.

Азаматтық заңнама бөлінетін жəне бөлінбейтін мүлікке ортақ меншік құқығының пайда болу жағдайларын белгілейді. Екі немесе бірнеше тұлғалар меншігіне бөлінбейтін затты алған кезде затты алу негіздемесіне қарамастан, оларды осы затқа ортақ меншік құқығы туындайды. Бөлінетін мүлікке ортақ меншік құқығының пайда болуы туралы басқа əңгіме. Бұндай құқық тек заң актілерімен белгіленген жағдайларда немесе шарт негізінде ғана пайда болады. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірлесіп өмір сүрген кезінде алынған бөлінетін мүлік, сол сияқты бөлінбейтін мүлік олардың ортақ меншігі болып табылады. Аталған норма диспозитивтік, себебі ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша өзгеше көзделуі мүмкін. Жекешелендірілген тұрғын үй оны жалдаушы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне айналады. Бұл ереже де диспозитивті болып табылады.

Егер де бірнеше тұлғалар заң бойынша олардың ортақ меншігіне айналмайтын бөлінетін мүлік алатын болса, бұл меншік тек олардың арасындағы келісім бойынша ғана ортақ меншікке өтеді.

Жер учаскесіне ортақ меншік Жер туралы Жарлықтың 19-бабымен реттеледі, оған сəйкес, екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігіндегі жер учаскесі оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Бұл ретте жер учаскесі үлестік меншікте сияқты, бірлескен меншікте де болуы мүмкін.

Ортақ меншік түсінігі ортақ мүліктің кең түсінігінің негізгі түрі болып табылады. Ортақ мүлік түсінігімен тек ортақ меншік қана емес, сонымен қатар ортақ заттық жəне міндеттемелік мүліктік құқықтар да қамтылады. Сондықтан, ортақ меншік құқығын ортақ мүлікке құқықтың бір түрі ретінде басқа заттық жəне міндеттемелік құқықтардан ажырата білу керек. Ортақ заттық құқықтардың ең көп тараған жəне заңнамамен барынша көп реттелген түрі болып ортақ жер пайдалану құқығы танылады. Азаматтық айналымдағы жер пайдалану құқығы өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын жəне жер туралы заңнамамен реттеледі. Ортақ жер пайдалану құқығы, меншік құқығы тəрізді үлестік жəне бірлескен болуы мүмкін.

Басқа заттық құқықтар, мысалы ортақ оралымды басқару құқығы мен ортақ шаруашылық жүргізу құқығы заңнамамен біршама аз реттелген. Бірақ олардың бар екендігін заңнама жоққа шығармайды. Мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығымен екі немесе бірнеше мемлекеттік кəсіпорындарға осы кəсіпорындардың қаражаты есебінен тұрғызылған үй тиесілі болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада ақтаңдақтар болған жағдайларда Азаматтық кодекстің 195-бабына сəйкес азаматтық заңнаманың ортақ меншік туралы нормалары ұқсастықтарына қарай қолданылады.

Кейде тəжірибеде ортақ меншік құқығы мен мүліктегі үлеске міндеттемелік құқықты жеткілікті түрде анық бөліп қарастырмайды. Серіктестікті немесе кооперативті салымдары есебінен құрған тұлғалар сол серіктестіктің немесе кооперативтің ортақ меншік иелері болып есептеледі деген қате пікір бар. Іс жүзінде кооперативтер мен серіктестіктердің құрылтайшыларында (қатысушыларында) ортақ меншік құқығы емес, серіктестіктер мен кооперативтердің мүлкіндегі үлеске міндеттемелік құқықтары ғана сақталады.

Ортақ меншік қатынастары тоқтатылуы да мүмкін. Заңнамада ортақ меншік қатынастарын ерікті түрде жəне мəжбүрлеп тоқтату тəртібі көзделеді. Ортақ меншіктің ерікті түрде тоқтату қатысушылардың келісіміне негізделеді. Сəйкесінше, оны жүзеге асыру талаптары болып:

  • үлестік меншік иелерінің барлығы басқа иеленушілердің үлестерінің бар екендігін жəне оның мөлшерін мойындау;
  • үлесті бөлу тəртібі туралы, ортақ меншіктен шығатын меншік иесіне тиесілі үлес туралы, сол үлестің ақшалай құны мен табиғи көрінісі туралы даудың болмауы;
  • ортақ меншікті бөлуге бағытталған мəміледегі тиісті ерік пен ерік білдіру қажеттілігі танылады.

Ортақ меншікті мəжбүрлі түрде тоқтату, негізінен, сот шешімінің негізінде ғана жүзеге асырылады.

 

Әдебиеттер

  1. Гражданское право: Учебник.- Том 2. Изд.3. Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого - М.,
  2. 12.1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім. – А:, Юрист, 2010 ж.

Сулейменов М.К.,.Басин Ю.Г. Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий. 3-кітап. – А.: Жеті Жарғы,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.