Қарым-қатынас мəселесін Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Прошнев, Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф.Ломов, М.И. Лисина, К.Обуховский, К.А. Абульханова-Славская, Х.Т.Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған. А.Н. Леонтьев [1] іс-əрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-əрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-əрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, біздің зерттеуіміздің əдіснамалық негізі болды.
Қарым-қатынас мəселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мəселені 1977 ж. В.В. Давыдов [2] көтерген-ді. Г.М. Андреева, П. Яноушек зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-əрекет жасауы жəне ақпарат алмасу үрдісі (үрдістер) деп қарастырылады.
Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы əлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев [3] теориялық жəне эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда қарым-қатынастың этникалық жақтарын зерттеу теория мен тəжірибеде əлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Педагог-ғалымдардың қарым-қатынасты зерттеулерінде өзіндік бағыт бар. Мұнда оқушының психикалық дамуы, жетілуі, нақты бір білім, дағды жəне біліктілікті игеруі қарымқатынас арқылы іс-əрекет барысында жүзеге асатындығы аксиома ретінде саналады. Осы мəселеге кезінде А.В. Луначарский, Н.К. Кpyпская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко жəне т.б. аса көп назар аударған.
А.В. Луначарский [4] тəрбиенің терең жолдастық қатынасқа негізделуін оқушының тəрбиесіндегі басты принцип болу керек деп көрсеткен.
Оқу-тəрбие жұмысының нəтижелі болуын қамтамасыз ететін педагогикалық техниканың құрамдас компонентіне Н.К. Крупская [5] қарымқатынасты жатқызған.
С.Т. Шацкий [6] педагогтар, яғни ересектер мен оқушылар арасындағы өзара əрекеттестік жасау ситуацияларын терең талдап, педагогикалық əсер етудегі əдістемелер мен шеберлікті, оқушылар ұжымын ұйымдастыру тəсілдерін қарастырған-ды.
Р.С. Немов [7] зерттеуінде қарым-қатынасты адам психикасының қалыптасуы, дамуы жəне мəдени, саналы əрекеті деп тұжырымдайды. Адам психологиялық дамыған адамдармен қарымқатынас арқылы, үйрену мүмкіндігіне сəйкес, өзінің жоғары танымдық қабілетін жəне сапасын меңгереді. Адам дамыған тұлғалармен белсенді қарым-қатынас арқылы өзі де тұлға ретінде дамиды.
А.А. Леонтьев [1] бойынша, біздің ғылым үшін адам қоғамы қарым-қатынассыз мəнсіз, өйткені, қарым-қатынас индивидтің тұрақталу тəсілі жəне олардың даму құралы болып табылады.
Қарым-қатынастың тұлғалық формаларын зерттей келе М.И. Бобнева мынадай пікірге келді: «Тұлғаның ішкі əлемі əртүрлі қарым-қатынас түрлеріне байланысты қалыптасады» жəне адамның ішкі əлемі тұлғалық қарым-қатынастың интериоализациаланған формасы.
В.Н. Мясищев басқа адамдар мен қарым– қатынас жəне іс-əрекет процесінде дамитын тұлғаны күрделі қатынастар жүйесі ретінде көрсетті.
Отандық ғалымдарының еңбектеріндегі қарым-қатынас тұжырымдарын талдап, ол өз зерттеуімізде арқау болады. Х.Т. Шерьязданованың - зерттеу жұмыстарында тұлғаның қарым-қатынасын жетілдірудің психологиялықпедагогикалық амалдары дəйектеледі.
А.Р. Ерментаева [9] Қазақстанда алғаш рет тұлғаны психологиялық дайындаудың субъектбағдарлы негізін зерттеуге байланысты тұжырымдаған.
С.Қ. Бердібаева зерттеуінде тұлғаның қарымқатынас кезіндегі шығармашылық іс-əрекетін қарастырған.
Б.Ə. Əмірова [10] тұлғаны зерттеуді қазіргі теориялық жəне тəжірибелік психологиядағы ең маңызды бағыттардың бірі ретінде дəлелдейді.
Тұлға қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасады. Қарым-қатынас қоғамдық қатынастардың жүзеге асыру тəсілі ретінде көрінеді.
Қарым-қатынас категориясының мəнділігі адамның жəне тұлғаның қоғамдық мəнділігін ашуға көмектеседі.
А.С. Макаренко қарым-қатынасты жеке теориялық мəселе ретінде қарастырған жоқ. Алайда оның еңбектерінде ұжымның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі, ұжымдағы іскерлік жəне жеке қатынастар мəселелері, оқушылар ұжымымен өзара əрекет жасау аспектілері айқын сипатталынады. Олай болса қарым-қатынас біріншіден оқу міндеттерін шешу құралдары, екіншіден, тəрбие үрдісін əлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету шарты, үшіншіден, оқу мен тəрбиені нəтижелі ететіндей педагог пен оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру тəсілі болады.
А.С. Макаренко оқушылармен қарым-қатынас жасауға педагог студенттік кезінде үйретілуі қажеттігін жетілдіру үшін арнайы дəрістерді жоғары оқу орындарында оқыту керек деген-ді.
В.А. Сухомлинский еңбектерінде оптималды (тиімді) қарым-қатынас оқыту мен тəрбиенің басты мəселесі болып көтеріледі. Ол ұжым мүшелерінің бір-бірін қарым-қатынас жасауды қажетсінуін жатқызады.
Соңғы кездерде жас ерекшелік жəне педагогикалық психология салаларында қарым-қатынасты зерттеу мəселелері барынша жиі көтеріледі. Ол оқушы психикасын дамыту тəжірибесіндегі сұраныс-қажеттілікпен түсіндіріледі. Қазір «қарым - қатынас» жəне «жеке адам», «қарым-қатынас» жəне «даму» ұғымдары параллель қарастырылады да, оқушылардың психикалық үрдістерінің, функцияларының, қасиеттерінің коммуникациялық детерминациясы ғылымда жан-жақты талданады. Бұл жағдайдың өзі қарым-қатынас бойынша теориялық жəне эксперименталдық зерттеулерді интенсификациялап қана қоймай, психология пəнінің принципиалды жаңаруына жағдай жасады (Г.М. Андрева). Осылайша адамның психикалық дамуы басқа индивидтермен қарым-қатынас, байланыс жасау арқылы психологиялық жағынан бағаланып, талданады. Сонда адам психикасының даму мəселесі «тері астындағы адам» (А.Н. Леоньтев) сипаттамасынан «асып шығады» да, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, əрекеттесу, коммуникация кеңістігімен қарастырылады.
Қарым-қатынастың бұл аспектісі, кезіндегі кеңес психологтары Л.С. Выготский, Е.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мясищев, Д.Б. Эльконин, Б.Ф. Ломов, А.В. Петровский, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, В.П. Панюшкин жəне т.б. еңбектеріне негіз болды.
Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас детерминттілігін (себептілігін), яғни адам пcихикасын дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық коррекциялау жəне реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың əрі құралы, əрі мақсаты болып табылатындығы. Осы бағыттың негізінде Э. Фромм, Г.С. Салливен, Ж. Лакан, К.Р. Роджерс, А.Г. Маслоу, Р. Мэй, С.М. Джорард концепциялары, əсіресе оның психокоррекциялық жəне психотерапиялық жақтары дамып отыр.
Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен оқушылар арасындағы қарымқатынас мəселесі басқы орын алады. Бұл қарымқатынасты анықтауда арнайы «педагогикалық қарым-қатынас» деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, Е.А. Панько, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б еңбектерінде мазмұны, формалары, тəсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен оқушылар арасындағы нақты психологиялық контакт деп түсіндіріледі.
60-шы жылдардың аяғында əлеуметтік жəне педагогикалық психологияның қиылысында «педагогикалық қарым-қатынас» түсінігі пайда болып кеңестік ғалымдардың қызығушылықтарын тудырды.
80-ші жылдардың басында А.А. Бодалев жəне В.Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуының жəне оның дамуын басқару мүмкіндіктерін қарастыратын білімнің жаңа аймағы екендігін атап көрсетті.
А.А. Леонтьевтің педагогикалық қарымқатынас мəселесінің оқыту жəне тəрбиелеу тəжірибесінде аса өзекті екендігіне көңіл аудартуы ерекше рөлге ие. Өз еңбегінде А.А. Леонтьев əрбір мұғалімге педагогикалық қарым-қатынас түсінігінің мəнін жан-жақты жəне түсінікті етіп жеткізді.
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде оқушылардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып, жетіледі. (Х.Т. Шерьязданова, В.Ф. Моргун т.б.).
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - оқушылар мен педагогтың «субъект-субъект» жүйесіндегі бірлескен əрекеттестіктері болып табылады.
Сондықтан келешек педагог жəне психологтар оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас ұйымдастыра білуі керек. Осыған сəйкес келешек педагог жəне психологтарды даярлауда, педагогикалық қарым-қатынасқа даярлауды бірінші критерий деп білеміз.
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, оқушылар психикасына əсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы əр деңгейде көрінеді.
В.С. Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың оқушыларға əлеуметтік психологиялық əсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.
Əдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тəсіл, қатынас сипаты, даралық, оқушылар ерекшелігі, əлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, əлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.
Ал К. Левин қарым-қатынастағы стильдің үш түрін авторитарлы, яғни басқарудағы қатал тəртіп; демократиялы тəсіл, бұл – əріптестік, əркімнің белсенділігін арттыру; немқұрайлы тəсіл деп нақтылайды.
А.А. Бодалев жəне В.Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуының жəне оның дамуын басқару мүмкіндіктерін қарастыратын білімнің жаңа аймағы екендігін атап көрсетті.
Х.Т. Шерьязданова қарым-қатынасты болашақ педагогтарды кəсіби дайындау негізі ретінде дəйектеген.
А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынасты дамытудың этнопсихологиялық негізін, ұлттық психологияның педагогикалық қарымқатынасқа əсерін қарастырған.
Қарым-қатынастың психологиялық ерекшелігі жəне психологиялық əдістерді «адамадам» саласы бойынша байланыс жасайтын мамандық иелері үшін аса маңызды. Мұндай мамандықтардың бірі – педагог жəне психолог мамандық иелері.
А.А. Леонтьевтің педагогикалық қарым-қатынас мəселесінің оқыту жəне тəрбиелеу тəжірибесінде аса өзекті екендігін атады. Мұғалім мен оқушының өзара қатынасын гуманизациялауды Беларусь психологтары Н.А. Березовина, Я.Л. Коломинский, С.В. Кондратьев жəне олардың шəкірттерінің еңбектерінде қарастырылған.
Оқу-тəрбие қарым-қатынасы мəселесін қарастыруда В.А. Кан-Калик, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева т.б. ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. Т.Н. Мальковская мұғалімнің жоғары сынып оқушыларымен қарым-қатынасының аспектілерін қарастырды.
Л. Колбергтің айтуы бойынша келешекте өзінің қызметі мен функциясын атқарып қоғамның алға басуға жағдай жасап, əділ қоғам құру үшін, жастарға мектептер мен жоғары оқу орындары көмектесу қажет.
Қазіргі кездегі жоғары оқу орындарында болашақ педагог жəне психолог студенттерді даярлауда қарым-қатынас жасау деңгейін жоғарылатуға байланысты курстар, үйірмелер жұмыстары қарастырылмайды.
А.И. Шербетенко зерттеулері педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің əртүрлі психодинамикалық қарым-қатынастылыққа байланысты екенін өз зерттеуінде анықтайды.
Отандық ғалым А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынаста тренинг əдістерін қолданудың этнопсихологиялық бағытын алғашқылардың бірі болып қарастырған. Ғалым зерттеулерінде студенттерде субъектілікті дамытуға ықпал ететін психологиялық тренинг мəселелерін дəйектейді, қазақ топтарында алғаш рет психологиялық тренинг жүргізу ерекшеліктері талданды.
Оқу тəрбие қарым-қатынасы мəселесін қарастыруда В.А. Кан-Калик еңбектерінің маңызы зор.
Т.Н. Мальковская педагогтардың жоғары сынып оқушыларымен қарым-қатынасының аспектілерін қарастырды.
Я.Л. Коломинский берген қарым-қатынастың психологиялық анықтамасы: «ақпараттық жəне заттық өзара əрекеттестік» ескере отырып педагогикалық қарым-қатынасты коммуникативті жəне заттық аспектілерге бөлуге болады. Олар бір-бірімен органикалық өзара байланысты. Заттық өзара əрекеттестік коммуникативтілікті тудырады. Коммуникативтілік өз кезегінде заттық өзара əрекеттістіктің өнімділігін қамтамасыз ететіндігін дəйектеді.
Коммуникативтілік өзара əрекеттестіктің мақсаты мен мазмұндылығын заттық іс-əрекет пен детерминантталатындығын ескере отырып, кейбір жағдайларда оның өзіндік бағалы екендігін ескеруіміз керек. Сенімді қарым-қатынастың педагогикалық мəні тұлғалық рухани құндылықтармен өзара алмасуда, оқушылар осындай қарым-қатынасқа зəру болады.
Тұлғаның дамуына А.А. Бодалевтің пікірінше, заттық іс-əрекет жəне қарым-қатынас бірлесе əсер етеді. Бірақ дəстүрлі педагог оқушылардың білімдік даярлығына шоғырланған. А.А. Бодалевтің пікірінше, қарым-қатынас «қатынастардың күрделі шиеленуі», яғни субъект аралық қатынас педагогикалық үдеріс барысында толық бағаланбады. Бұл оқыту жəне тəрбиелеудің нəтижелілігінің төмендеуіне əкелді. Тұлғааралық өзара қатынас жүйесі педагогикалық мəнді болып саналмады. Педагогикалық қарым-қатынастың тұтастай үдерісінде коммуникативтілік аспектіні бөліп көрсету шартты болып табылады. Бұл феноменнің теориялық талдауы, оның мəнін бөліп көрсету жəне жетілдіру жолдарын анықтау үшін қажет. Ең алдымен, оның мақсат қоюын анықтау маңызды. А.А. Леонтьевтің пікірінше, кез-келген қарымқатынас реценденттің мəндік аймағында оның объектісін өзгертуге бағытталған мақсатқа ие болатындығын анықтайды.
А.А. Леонтьевтің көзқарасынша, педагогикалық қарым-қатынас бірлескен іс-əрекетті жоспарлауға, бағыттауға жəне белсендендіруге мүмкіндік жасайды.
Оқу тəрбие үдерісінде педагог тек қана танымдық, еңбектік жəне іс-əрекеттің басқа түрлерінің ұйымдастырушысы ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынас басшысы ретінде көрінеді.
Директивті нұсқаулар жəне басшылық көмегімен жүзеге асатын оқу-тəрбиелік іс-əрекет педагогикалық тиімділікті қамтамасыз ете алмайды. Қарым-қатынастың тəрбиелік нəтижелілігі оқушылардың педагогпен белсенді өзара əрекеттістікке түсуіне итермелейтін қажеттіліктерге тəуелді. Əлеуметтік психологияның беделді ғалымы А. Маслоу байланыс, махаббат, мойындау, өзіндік актуализация қажеттіліктерін базалық, яғни адамның алғашқы қажеттіліктеріне жатқызды.
Демек, басқару үдерісінде «ұстаздар – оқушылар» жүйесінде, адамдар арасындағы күрделі қатынастарды ретке келтіру үдерісі жүзеге асуы керек. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара əрекеттері негізінде пайда болатын қатынастар – жеке тұлғалар арасындағы, ұжымдар арасындағы қатынастар. Ол оқушының тұлғасын «барлық қоғамдық құрылыстың жиынтығы» болып қалыптастыратын, тəрбиелік мəні маңызды екені сөзсіз.
Әдебиеттер
- Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.: Наука, 1982. – 455 с.
- Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: опыт теоретического и экспериментального психологического исследования. – М.: Прогресс, 1986. – 322 с.
- Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие и внутригрупповые социально – психологические процессы.// Вестник МГУ. Сер.14. – Психология. – 1983. – Т.2. –С. 33-40.
- Луначарский А.В. О воспитании и образовании. –М.: Наука, 1976. – 460 с.
- Крупская Н.К. – Пед. Соч.М.: Просвещение, 1957. – 460 с.
- Шацкий С.Т. Избр.пед.произведения. М.: Прогресс, 1961. – 326 с.
- Немов Р.С. Психология образования. М.: Владос, 2000. – 606 с.
- Шерьязданова Х.Т. Психологические основы профессиональной подготовки педагогов дошкольного оброзавания. Дис. ...д-ра психол. н. – М., 1999. – 307 с.
- Ерментаева А.Р. Студенттерді психологиялық дайындаудың негіздері. – Өскемен: ШҚМУ баспасы,– 404 б.
- Əмірова Б.Ə. Мектеп жасындағылар мен студенттердің оқу үрдісінде ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру // Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми, ақпаратты талдамалы журналы«Қазақстан педагогикалық хабаршысы». – № 1. – 2010. – 251 б.