Адамның мамандық таңдау жолы оның өмірлік құндылықтарының анықталуынан, адам кəсіби бағыттылығын анықтайды.
Адам бала кезінен-ақ əлеуметтік əсерлерге сезімтал болып келеді. Адам кəсіби іс-əрекетінің таңдауында, санасыз түрде əлеуметтік стереотиптерге беріліп кетеді, оның тасушылары болып отбасы, оқу орындары, қоршаған орта, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Бəрінен бұрын адамдар өздерінің гендерлік рөлдеріне сəйкес келетін мамандықты таңдауға тарысады. Мамандықты таңдаудың негізгі факторларының бірі болып, қандай гендерлікке жатуымен байланысты болмақ. Балалық шақтан-ақ психологиялық мінездердің кейбір айырмашылықтары байқалады. Мəселен, ер балалар жаратылыстану пəндеріне, ал қыз балалар гуманитарлық пəндерге қызығушылық танытады. Балалардағы гендерлік əртүрліліктің барлығы, олардың қызығушылығының жəне мамандықты таңдауда қөзқарасының əртүрлілігімен байланысты болады. Мамандықты таңдау кезінде кəсіптік жəне өмірлік жоспарлар, сонымен қатар қоғамдық мүделілікке тартылуында көп мəн бар олар гендерлік сипатқа ие. Мамандық таңдау кезінде ер адамдар болашақтағы лауазымдық өсуі, жоғары төлем ақы мүмкіндігіне сүйенеді, ең басты мотивациясы олар үшін еркіндік пен билікке ұмтылыс болып табылады. Əйелдер үшін мамандықты таңдау жағдайға, бағыныштылыққа, көңіл-күйге байланысты, ең негізгісі олар үшін өмірлік тəжірибе, адамдармен қарым-қатынасы, өмірде елеулі адам болу мотивациясы орын алады. Жоғарыда айтылып кеткенге сəйкес, ер адамдарда кəсіби қызметінің басымдығы, ал əйел адамдарда əлеуметтік-психологиялық аспект басымырақ болып келеді.
Сонымен қатар, жасына қарай ер адамдарды алға жетелейтін мотивация күші артса, ал əйел адамдарда төмендеу байқалады, оның салдары, əйел адамдардың балалары мен немерелерін тəрбиелеуде дəстүрлі гендерлік рөлін жалғастыруға тырысуынан болып келеді. Мамандық алудағы тең құқық пен тең мүмкіндіктер екі жынысқа да бірдей болғанымен, тарихи «ерлер» мен «əйелдер» мамандығы туралы қалыптасқан түсінікке байланысты мамандық түрі таңдалады. Соңғы уақыттағы мамандық таңдаудағы өзгеріске ұшыраған гендерлік стереотиптер бақыланады, ол əйел адамдардың кəсіби іс-əрекеті аумағының кеңеюі болып саналады. Ол əйел адамының өзін өзектендіру, өмірлік құндылық мотивациясының өзгеруі салдарына байланыстыруға болады. Сонымен қатар əйел адамдарының табысқа жетуінің жаңа мүмкіндігі пайда болды. Алайда, гендерлік қондырғылардың бірі болып, мінезқұлықтың əлеуметтік-мəдени таптаурыны – əйел адам мен ер адамның бір мамандықты таңдаса да, олардың қызметі де, жұмыс əдісі де, мақсаты да əр түрлі болуы мүмкін [1].
Ауыспалы қоғамда мамандықты таңдау мəселесі тек психологтар үшін ғана емес, сонымен қатар барлық гуманитарлық бағыттар үшін де бірегей болып саналады. Сондықтан да осы мəселенің əр түрлі аспектері қызығушылық оятады, соның ішінде жоғары сынып оқитын оқушылардың мамандық таңдауындағы гендерлік ерекшеліктеріне жатады [2].
Зерттеу мақсаты болып жоғары сынып оқушылардың мамандық таңдауындағы гендерлік ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеуде қолданылған əдісі:
- Қызығушылықтар картасы (модификацияланған нұсқасы) [3,4].
Зерттеу Алматы қаласы ЖБ МБ №127 мектеп базасында өткізілді. Зерттеу 11-сыныпта оқитын оқушылар қатысты, оның 24 қыз бала жəне 23 ер бала.
Зерттеу бойынша алынған мəліметті талдау. Зерттеу барысында біз ер балалардың қыз балалардан статистикалық оқу-танымдық қызығушылықтары бойынша ерекшеленетінін байқадық. Ер балалар мынадай пəндерді таңдады: математика, география, тарих. Ер балалардың нақты ғылымға қызығушылықтарының болуы ол көптеген зерттеулерге сүйене отырып жауап бергенде, ер адамдардың əйел адамдармен салыстырып қарағанда математикалық қабілеттілігінің басым болуына байланысты болып отыр [1].
Сондай-ақ зерттеу мəліметтері бойынша, ер балаларда қыз балаларға қарағанда оқу-танымдық үдерісінде жаратылыстану цикліндегі пəндерге көп қызығушылығы бар екені анықталды.
Қыз балаларда танымдық қызығушылықтары: журналистика, өнер саласында екені анықталды. Сонымен, қыз балалар өздерінің таңдауын гуманитарлық пəндер цикліне беретіні көрініп тұр. Қыз балалардың мұндай таңдауы көптеген зерттеулердің нəтижесінде əйелдердің вербалды қабілетінің жоғарылығына байланысты болып келеді. Əдеби мəліметтер бойынша қыз балалар мен ер балалардың мұндай ерекшелігі олардың табиғи өзгешелігімен қоршаған ортаны қабылдаудағы ерекшеліктеріне байланысты деп жазылған [2].
Зерттеу барысында, сонымен қатар мамандыққа қызығушылық жағынан да өзгерістер бар екені анықталды. Нақтырақ айтсақ, əртүрлі ісəрекеттер түріне қыз бала мен ер баланың қызығушылығы. Бұл мəліметті балаларға ауызша сұрақ қою арқылы анықтадық. Біздің мəлімет бойынша, ер балаларды техника, əскери мамандықтар, сосын спортпен жəне саясатпен байланысты мамандықтар қызықтырады. Ер балалардың мұндай таңдауы олардың қыз балаларға қарағанда техникалық жəне басқарушылық қабілетінің жоғарылығына байланысты [1].
Зерттеу мəліметтері бойынша анықталған қыз балалардың қызығушылығы көбінесе психология, адаммен қарым-қатынасқа түсетін, өнер жағындағы, сосын қызмет көрсету сферасында қызығушылықтары анықталды.
Бұл мəлімет көптеген зерттеулер нəтижесіне сүйенсек, əйел адамдар əрқашан тəрбие жəне басқа адамға көмек көрсетуге арналған мамандықтар қызық- тыратыны анықталады [5,6]. Осы жөнінде қыз балалар үшін, ер балалармен салыстырғанда эмпатиясының жоғарылығы, қарым-қатынасқа жеңіл түсетіндігі, альтруисттігі жəне дəстүрлі феминдік сапасына байланысты Қыз балалардың мұндай мамандыққа қызығушылығы, олардың басқа адаммен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігін орындайды.
Зерттеу қорытындысы бойынша, алынған мəліметтер жоғарғы сынып оқушыларының оқутанымдық жəне мамандық таңдау үдерісі кезінде гендерлік ерекшеліктер бар екені анықталды. Осы алынған зерттеу мəліметтері бойынша қыз балалар мен ер балалардың болашақта қызығушылық жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
- Климов Е.А. Психолого-педагогические проблемы профессиональной консультации. – М.: Знание, 1983. – №2.– 95 с.
- Ильин Е.А. Дифференциальная психофизиология мужчины и женщины. – СПб.: Питер, 2007. – 544 с.
- Корвякова В.А. Психолого-педагогическая подготовка к ЕНТ. Учебное пособие. – Алматы: Мектеп, 2010. – 244 с.
- Истратова О.Н. Психологические тесты для старшекласснико . (Психологический практикум). – Ростов -н/Д: Феникс, 2007. – 249.
- Климов Е.А. Как выбрать профессию. – М.: Просвещение, 1990. – 159 с.
- Йовайши Л.А. Проблемы профессиональной ориентации школьников. – М.: Педагогика, 1 83. – 128 с.