Қазіргі кезде ҚР жоғары əскери оқу орындарында енгізілген жоғары кəсіби білім беру жүйесінде белгілі-бір білім, білік жəне дағдыларды меңгерумен шектелген емес, сондай-ақ кəсіби іс-əрекет процесінде өзіндік шыңдалуға, өзіндік қалыптасуға көмектесетін ішкі потенциалы бай тұлғаларды дайындау мақсатында құзырлы органдар үшін жоғары дəрежелі мамандарды кəсіби даярлау процесі қайта қарастырылуда. Сол себепті ЖОО-ның бағдарламалары кəсіби оқыту сатысында қажетті білімдерді, іскерліктерді жəне дағдыларды игерумен қатар өзінің шеберлігі туралы көзқарасты дамытуға жəне кəсіби іс-əрекетке деген өзіндік дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Бір сөзбен айтқанымызда «кəсіби шеберлікті» дамыту мəселесін шешу алдыңғы орында тұрады. Осы тұста «кəсіби шеберлікке» жетудегі «кəсіби даярлық» жайлы тоқтағанды жөн көріп отырмыз. Педагогикалық энциклопедияда «кəсіби даярлыққа» келесідей анықтама береді: «кəсіби дайындық - бұл белгілі бір кəсіпте жетістікке жетуді қамтамасыз ететін арнайы білімдер, іскерліктер жəне дағдылар, сапалар, еңбек тəжірибесі мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы. Кей əдебиеттерде бұл ойды терең талдай келе «кəсібилену» сөзімен ұштастырады. Тұлға «кəсібиленуі» - бұл белгелі бір мамандықтың функцияларын жүзеге асыру үшін қажет болған арнайы білімдердің, іскерліктің, дағдылардың жəне қасиеттердің дамуы.
А.В.Турчинов кəсібиленуге келесідей анықтама берді: «Кəсібилену – бұл кəсіптің, мамандықтың, кəсіби мəдениеттің, адамның кəсіби іс-əрекетке ену технологиясын жəне оның кəсіби шебер ретінде дамуын сипаттайтын, еңбек сипаты жəне мазмұнындағы сандық өзгерістермен айқындалатын əлеуметтік құбылыс» [1].
«Қазіргі психология» анықтамасын құрастырушылар бойынша кəсібилену – бұл тұлғаның өмірлік жолындағы кəсіби сатысында еңбек белсенділігінің арнайы формасы, оның əлеуметтену процесін жəне даму деңгейін бейнелеу дейді.
Қазіргі кезде кəсібилену тұлғаның профессионал маман ретінде дамуынан, кəсіп таңдаудан басталып, кəсіби іс-əрекеттің аяқталуына дейін созылатын тұтас үздікссіз процесс ретінде қарастырылады.
Кəсіби даму – ересек адамның жұмысқа енуін жəне кəсіби іс-əрекеттен қанағаттануын анықтайтын тұлғаның өзіндік дамуының бөлігі болып табылады. Кəсіби дамудың тұлғалық нəтижесі игерілген білімдерге, іскерліктерге жəне дағдыларға жатпайды. Ол қатынастың өзгеруінен, кəсіби сана-сезімінің дамуынан,«Мен бейнесінің» динамикасынан, кəсіби өзіндік бағалаудан, кəсіби жетістік- тер критериінен, кəсіби менталдықтың қалыптасуынан көрінеді (Г.В. Акопов, В.Я. Ляудис, Н.В. Клюева). Л.А. Коростылева мынадай анықтама береді: «профес- сионал өз жұмысына өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудың психологиялық тəсілі ретінде қатынас жасаумен ерекшеленетін тұлға» -дейді [2]. Кəсібиленуге «кəсіби Мен тұжырымдамасының» қалыптасуы да маңызды рөл атқарады, сəйкестілік тұлғаға əсер ете отырып, оның дамуына стимул болуы немесе кəсіби деформацияға əкелуі де мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осылардың негізінде тұлғаның кəсіпті таңдауына жəне қызметкер кəсібіне байланысты міндеттерді ынталы орындауына аса қажетті кəсіби мотивтер жүйесін талдап көрелік. Осы тұста мына ұлы ғұламалардың ойларын еске сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Д.Н. Узнадзе мотивті бағыт-бағдар теориясымен байланыстырып қарастырған. Мотивті адамның қажеттілігімен байланыстыра отырып, ол субъект белсенділігінің қайнар көзі дегенді айтады. В.С. Мерлин мотив психологиясын кəсіби даярлауда жəне оқу іс-əрекетінде оқушылардың мінез-құлығын басқаруға қатысты қарастырады [3]. Ол өз сөзінде: «Тек ақыл-ой əрекетін ғана емес, сонымен бірге білімді меңгеру мотивін басқару қажет. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-əрекетін оларда белгілі бір түрткіні туғызғанда ғана басқара аламыз»- дейді.
Төменде осы тұжырымдамаларды негізге ала отырып курсанттардың ма- мандықты таңдаудағы мотивтерін зерттеуді жөн көрдік. Зерттеу жұмысымызда Р. Аязбекованың «Мамандық таңдау мотивтері» анкетасын қолдандық. Бұл анкетада мотивтерді үш негізгі топтарға топтастырған.
- Əлеуметтік мотвтер, мамандықтың қоғамдағы беделіне, сонымен қатар ата- аналардың, құзырлы органдар қызметкерлері тұлғаларының əсер ету дəрежесіне байланысты;
- Танымдық мотивтер, олар оқу процесінің өзіне, оқу іс-əрекетіне тікелей байланысты болып келеді;
- Утилитарлы мотивтер, əскери жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жеке бас мəселелерін шешу мүмкіндіктері, өзіндік жақсы өмір сүру мотивтері болып табылады.
Алғашында зерттелушілердің құзырлы органдарының қызметкерлерінің кəсібін таңдау мотивтері қарастырылды. Бұл мотивтерді жоғарыда айтылғандай шартты түрде əлеуметтік, танымдық жəне утилитарлы мотивтер деп бөліп қарастырдық. Зерттеу нəтижесінен алынған əлеуметтік мотивтер жайлы мағлұмат 1-кестеде ұсынылған.
1-кестеден көріп отырғанымыздай, зерттелушілер үшін əскери жоғары оқу орнына оқуға түсудегі негізгі əлеуметтік мəнді мотивтер құзырлы органдар жұмыскер кəсібіне деген сүйіспеншілік пен қызығушылық, ол туралы балалық шақтан армандау, сондай-ақ олардың беделі. Мамандық таңдаудағы аса айқын емес түрткілердің ішінде отбасылық дəстүрді жалғастыру (респонденттердің 65 пайызы оны жоққа шығарды) жəне курсанттың кандидатурасын қарастырған жұмыскер тұлғасының əсері (барлық зерттелушілердің 50 пайызы бұл мотивті мəнсіз ретінде көрсетті) болды. Оқу іс-əрекетінің танымдық мотивтері жайлы мəліметтер 2-кестеде берілген.
2-кестеден көріп отырғанымыздай зерттелушілердегі танымдық мотивтердің ішінде жан-жақты дайындықтан өту мотиві жетекші болып табылады, себебі əскери жоғары оқу орнына жалпы білімдік жəне арнайы пəндермен қатар, тереңдетілген тəртіпте заң мен шет тілдері оқытылатындығы мəлім. Зерттелушілердің екі есе аз бөлігі шет тілін терең оқу мүмкіндігін, сонымен қатар əскери бағыттағы кəсіптенуді атап көрсетті. Утилитарлы мотивтерге келсек, оның бейнеленуі 3 кестеден аңғаруымызға болады.
3-кестеден көріп отырғанымыздай утилитарлы мотивтердің зерттелушілердің əскери жоғары оқу орнына оқуға түсу мотивтерінің ішінде айқын көрінбейтіндігін айтуға болады. Мұндай жалғыз мотив еңбекпен қамтамасыз етілуге кепілдік алу мүмкіндігі болып табылады. Ата-аналардың өз балаларының осы оқу орнында білім алғандықтарын қалауы, сонымен қатар əскерден қашу мүмкіндігі секілді мотивтер мүлдем дерлік көрінбейді, бұл білім алушылардың өздерінің дəл осы оқуды таңдаулары саналы түрде болғандығын көрсетеді. Зерттеуіміздің келесі кезегінде кəсіби мотивтердің типтерін анықтадық. Онық нəтижесін 4 кестеден көре аламыз.
4-кестеден көріп отырғанымыздай, зерттелушілер үшін жетекші мотив еңбектің əлеуметтік мəнділігі мотиві болып табылады, екінші орында еңбекте өзіндік мойындалу мотиві келеді, үшіншісінде – еңбектің өзіндік мотиві жəне соңғы кезекте зерттелушілер кəсіби шеберлік мотивтерін басшылыққа алады екен.
Осы айтылғандың негізінде зерттелушілердің мамандық таңдауға жеткілікті шамада саналы жəне жауапкершілікті қарайтындығы туралы қорытынды жасауы- мызға болады. Өйткені, мамандық таңдаудың əлеуметтік, танымдық жəне утилитарлы мотивтерінің айқындықтарын өзара салыстырсақ, онда ең үлкен пайыздың мотивтердің алғашқы екі тобына сай келгендігін көруге болады.
Осылайша, зерттелушілер мамандық таңдауда бүтіндей келесі жағдайларды басшылыққа алғандықтарын нақтылауға болады:
(а) құзырлы органдар қызметкері мамандығына деген сүйіспеншілік, ол туралы балалық шақтан бергі арман,
(б) қоғамдағы құзырлы органдардың беделі,
(в) жан-жақты дайынтықтан өту мүмкіндігі,
(г) еңбекпен қамтамасыз етуге кепілдік алу мүмкіндігі. Отбасылық дəстүрді жалғастыру мүмкіндігі; курсантты оқуға түсуге кандидат ретінде қарастырған қызметкердің тұлғасы; əскери мамандану; əскерге бармау мүмкіндігі, сонымен қатар достардың əсері секілді жағдайлар зерттелушілерге мамандық таңдауда аз əсер еткен.
Әдебиеттер
- Турчинов А.И. Профессионализация и кадровая политика: Проблема развития теории и практики. – М.: МПСИ, Филинта, 1998. - 272 с.
- Киселев А.М. Профессиональная подготовка курсантов (слушателей) образова- тельных учреждений УИС Минюста России и пути ее совершенствования при изучени специальной тактики: Дис. канд. педагог. наук.-Рязань, 2001.- 266 с.
- Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека. – Пермь, 1998. – 421 с.