Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардың мектепке психологиялық дайындығына сипаттама

Тұлғаның негізі жан жақты қалыптасуы мектепке дейінгі балалық шақта қалыптаса бастайды. Баланың алғашқы өміріндегі тәрбиесі оның келешекте толық қамды сәтті дамуына негіз болады. Балабақша – жалпы халықтық білім беру жүйесінде негізгі баспалдақ болып табылады. Педагог мамандардың, мектепке дейінгі істі ұйымдастырушылардың және қазіргі уақытта ғалымдардың алдарында балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және балаларды жүйелік мектептің бағдарламасына дайындау мәселесі тұр.

Мектепке дайындықты құру бірқатар себептерге байланысты, ең алдымен – мектепке дейінгі ұйымдардың жаппай жабылуы себепші болды, нәтижесінде 1995-1999 жылдар балалардың көбі қажетті психологиялық, когнитивтік, жалпы мәдени дайындықтан өтпей мектепке бара бастады. Балалардың көбі мектеп жағдайындағы жаңа жағдайға тап болып, оқиғаларды қабылдауда қинала бастады. Бірінші сынып оқушыларының мұндай сенімсіз тәртіптері қоршаған ортаның кері эмоциясын тудырды, бұл баланың психикасын бұзды, оған деген жаман қатынастың пайда болуына әкеліп соқты, өкінішке орай мұғалімде де сондай реакция тудырды.

Соған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1998-1999 жылдары еліміздің «Білім туралы» жаңа Заңының жобасын дайындау барысында мектепке дайындық деп аталатын жалпы ағарту бағдарламасы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында бесалты жастағы балаларды міндетті және ақысыз мектепке дайындау туралы заң заңдық формасын жасауды бастамаға алды. Заң қолданысқа 1999 жылы 7 маусымда енгізілді.

Мектепке дейінгі сыныптар ашу механизмін анықтау үшін 1999 жылғы қарашада еліміздің Үкіметімен №1762 «Балаларды міндетті мектепке дайындау мәселесі туралы» қаулы қабылданды. Сол қаулыға байланысты 5-6 жастағы балаларға арналған бір жылдық мектепке дайындық сыныптары жалпы білім беру мектептерінде және ведомстволық бағыныстылығы және жекеменшік формасына байланыссыз білім беретін басқа ұйымдарда ашыла алады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың үлкен және дайындық топтар базасында мектепке дейінгі топтары ашыла алады [1,б. 25].

Мемлекеттік ұйымдарда мектепке дейінгі дайындық (балабақшаларда және мектептерде) мемлекет бюджетінен қаржыландырылуы тиіс. Бұдан басқа, қаулымен ата-аналар міндетіне 5-6

Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу, оқытудың тиімділігін арттыру үшін балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін нақты ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай білу керек.

Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша анықталады. Олар:

  • Жоспарлау бұл мақсатқа сәйкес өз іс әрекетін ұйымдастыра білу іскерлігі:
  • баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі төменгі деңгей;
  • баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі — орта деңгей;
  • мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі жоғары деңгей.
  • Бақылау қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру іскерлігі:
  • бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі төменгі деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);
  • бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі орта деңгей (жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды);
  • бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала өз бетінше алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы жоғары деңгей.
  • Оқу мотивациясы бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының жасырын қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:
  • бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын қасиеттеріне ғана бағытталса, онда ол төменгі деңгей;
  • бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне бағытталуға және жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
  • қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы құпияны табуға тырысудың айқын көрінуі және осы білімді өз іс
  • әрекетінде қолдануға деген құштарлық –жоғары деңгей.
  1. Ақыл ой дамуының деңгейі.

Осы аталған параметрлер бойынша мектепке келеген баланы былайша бөліп көрсетуге болады:

  1. Мектепке даярлығы жоқ бала өз әрекетін жоспарлай және бақылай алмауы, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелеріне ғана бағытталған), өзгені тыңдайды және түріндегі логикалық орындауды білмейді.
  2. Мектепке даярлығы бар бала өз әрекетін басқарып бақылай алады (немесе осыған қарай ұмтылады), қоршаған ортадағы заңдылықтармен, заттардың жасырын қасиеттеріне бағытталған, өзгені тыңдай алады және сөздік түсінік түрінде логикалық операцияны орындай біледі (немесе тырысады).

Балаларды жетік зерттеу мектепке барар алдында сәуір мамыр айларында іске асырылады. Тексеру нәтижесінің негізінде баланың мектепке даярлығы жайлы қорытындыны психологиялық – педагогикалық сараптау комиссиясы береді. Бұл комиссияда психолог, физиолог, дәрігер – педиатр және мұғалім болады. Бұл көрсетілген әр түрлі деңгейлі дифференция жағдайында комиссия 1, 2, 3 деңгейге бөлінген сыныптар құруына мүмкіндік алады.

Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы.

Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оқу іс әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне өзі қатысынан байқалады.

6 -7 жастағы бала үшін мұғалімнен тұлғасы аса маңызды болып табылады.

Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мұғалімнің талап тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта ықыласымен орындайды.

Баланың мектепке даярлығын А.А. Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген. Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін мектеп өмірінің сыртқы формалдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да олар бар ынтасымен өзін «оқушы сияқты» ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7 жасқа қараған бала үшін кез келген тапсырма мұғаліммен қарым – қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей – мұғалімді ең басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен оны таратушы, яғни мұғалім баланың санасында бөліну қажет. Егер ондай болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады [3, б. 129].

Мектеп өмірі баладан мінез құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты көрсеткіші болып табылады.

Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын ажыратуы тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің сақталуына арналған Ж. Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең ыдыстан жіңішкеле құю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру т.б.

Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, осы жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады.

Ол танымдық іс әрекеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды. Қабылдауда сенсорлық эталондарды, ойлау сферасында кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңа бір нәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл ой міндетін шешуге ұмтылу.

Баланың мектепке дайындығын анықтау.

Баланың мектепке психологиялық дайындығын тексеру мақсатымен олардың оқуға дайындық мүмкіндігі және даму дәрежесін анықтау жүргізеді.

Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе тұтас топпен де жүргізуге болады.

Психологиялық зерттеуді мынадай шарттары бар.

Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі кеме психологы және балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды. Балабақшаға бармайтын бала болса, онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психологиялық физиологиялық шарттар бойынша анықталады.

Медициналық шарттарға мыналар жатады:

  1. Анатомиялық биологиялық даму деңгейі;
  2. Тексеру кезіндегі науқастығы;
  3. Өткен жылғы науқастығы, мектепке қажетті функциялар дамуының психофизиологиялық шарттары, бала психикасының даму деңгейін көрсететін психологиялық тұрғыда құрылған танымдық сұрақтар болады.

Мысалы: Кейн Йерасек сынағы және тіл дыбысты айту санасын анықтау жұмысы жүргізіледі [4, б.49].

Баланың мектепке дайындығын анықтау жөніндегі дәрігерлердің жұмысы 2 кезеңнен тұрады және мектепке қажетті функциялардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге ерекше мән береді.

Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында, қазан және қараша айларында өткізіледі. Ал медициналық жоспарлы түрде диспансерлік тексеруді бала бақшада, балалар емханасында ларинголог, психоневролог, хирург, ортопед, тіс дәрігерлерінің Бақылауынан өтеді.

Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо физиологиялық тексеру нәтижелері олардың дәрігерлік даму карталарына түсіріледі.

Денсаулығы нашар, әртүрлі ауытқуларға ұшыраған балаларға сауықтыру және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептен оқуға қажетті функциялары жете дамымай қалған кемістігі байқалған балалардың тіліндегі және колдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шұғылдану шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігерлері жүзеге асырады [5, б. 53].

Баланың дыбыстарды айтуындағы кемістіктерді жою сабақтарын да жүргізеді. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтар мен жаттығуларды психолог, бала тәрбиешісі немесе ата – аналары жүргізе алады. Атап айтқанда, сурет салуды тапсыру, құрастыру, конструкциялық ойындар, әртүрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Баланың белсенді сөздік қорын анықтау үшІн сынақтар да ұйымдастыруға болады.

Мектепке барар балаладың ақыл – ойы принципі оралымдылығын анықтау үшін авторлық әдістемелер.

Енді мектепке барар балалардың ақыл ойының оралымдылығын анықтау үшін логикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңістікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік.

  1. Векслер тесті. Балалардың сөздік қоры, заттардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтарын ажырату, санамақты есіне сақтау дағдыларын өлшейтін тапсырмалардан құралады. Тест мазмұны ақыл ойдың жалпы көрсеткішін құрайтын сөздік және сөздік емес тапсырмалардан тұрады Ағылшын тіліндегі бүл әдісті орыс тілінде «сөйлеткен» А.Ю. Панасюк.
  2. Л.С. Выготский әдістемесі. Балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатыны сұралады. Мысалы: көйлек, күрті, шалбар, малақай киім. Бұл әдістеме арқылы ұғымдардың қалыптасуы мен оларды жинақтай білу іскерлігі анықталады.
  3. А.Р. Лурияның «Пиктограмма» әдістемесі. Мақсаты құралдарды пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау. Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.
  4. Е.Е. Кравцованың «Кім үлкен?» деп аталатын әдістемесі арқылы балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды. Әдістеме ауызша есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян – қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Сонымен кім үлкен ? Қоян ба, аю ма?
  5. С.Я. Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» әдістемесі ерікті есте сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан баланың әр бір жаңа сөз сайын есте сақтауды арта береді, ал медициналық, психологиялық көмекті қажет ететін балалардың есте сақтауы, керісінше, кеми береді.
  6. Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін Н.Л. Белопольскаяның әдістемесі қолдануға болады. Әдістемені міндеті баланың ойынға және оқуға ықыласын байқау. Ойын элементтерін пайдаланып, ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін орындатады.
  7. Д.Б. Элькониннің «кескіндеме диктант», Л.А. Венгердің «Өрнекті диктант», Л.И. Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері үлкеннің нұсқауын тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетін белгілі бір тәртіпке бағындыру іскерлігін анықтау үшін қолданылады.

Берілген әдістемелердің барлығы қарапайым, өлкелік, ұлттық ерекшеліктер алшақтығы аса көп мөлшерде емес. Сондықтан, авторлық әдістемелердің біразын (1, 2, 3, 4, 5, 6) түп нұсқаға сүйене отырып, қазақ тілінде жаңа әдістеме ретінде қайта жасауға болады. Ал, 7 үлгіні өзгеріссіз, сол қалпында пайдалану керек. Себебі, ол сөздік емес әдіс [6, б. 69].

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Ақжолтаева Б.Н. Мектепке дайындықты құру // Бастауыш сыныпта оқыту журналы, 2009 ж. № 2. 25-30 б.
  2. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. – М.: «Педагогика», 1991.
  3. Венгер Л.А., Марциновская Т.Д., Венгер А.Л. Готов ли ваш ребенок к школе. – М.: «Знание», 1994. – 192 с
  4. Волков Б.С., Волкова Н.В. Детская психология. Психологическое развитие ребенка до поступления в школу. –М., 1994. – 84 с.
  5. Готовимся к школе: Книга для родителей будущих первоклассников / Под ред. Е.Л. Ерохиной. – М.: Олимп, 1999. – 160 с.
  6. Венгер Л.А., Марциновская Т.Д., Венгер А.Л. Готов ли ваш ребенок к школе. –М.: «Знание», 1994. – 192 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.