Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

АӨСШК қазақстанның көпвекторлы саясатының бір бағыты ретінде

Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастар мəселесінде негізгі проблемалардың біріне айналып отыр. Ал жаһандану жағдайындағы күн сайынғы төңіректе болып жатқан жайттар қазіргі заманның тарихи оқиғаларының ең өзектілерінің тізбегін құрау үстінде. Олардың қатарына аймақтану, интегра ция жəне түрлі деңгейдегі жаңа ұйымдардың құрылуы жатады. Сондай жаңа құрылымдардың бірі — Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК. — Г.С.). АӨСШК процесі — Қазақстан Республикасының превентивті дипломатиясының жемісі. Кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылы 5 қазан да БҰҰ Бас Ассамблеясының 47ші сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан үшін əмбебап құрылым құру екендігі мемлекеттің атын шығару үшін үлкен трибунада тұрып құр айта салған дақпырт емес, керісінше, айтылған идеяны іске асыру жолындағы жұмыс болып табылды.

АӨСШК — Азия елдері арасындағы қарымқатынастардың жаңа жүйесі. Ол ұжымдық негізге сүйене отырып, ХХІ ғасырдағы Азия елдерінің бірлігі мен мызғымастығы, қауіпсіздігі мен тұтасты ғына кепіл болуға, сол сияқты экономикалық жəне мəдени байланыстарының одан əрі дамуына қол жеткізуге ұмтылады.

АӨСШК процесінің бастамасына дейін Азияда қауіпсіздік тетігін құру идеясын бірқатар мемле кеттер бірнеше рет ұсынған болатын, бірақ «қырғиқабақ соғыс» тəрізді басқа да факторлар салдары нан өзара сенімсіздік білдіруге байланысты тиісті дəрежеде қолдау таппады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев осы идеяны айтқан кездің өзіндеақ бұл ерекше көкейкесті мəселе болатын. Себебі Азия дағы халықаралық жағдай біршама тынышсыз еді.

Қазақстан жəне АӨСШК процесіне қолдау көрсеткен мемлекеттер мұндай қауіпсіздік құрылы мын құру міндетінің өте күрделі екендігін айқын түсінді. Өйткені Азия өзінің барлық жағынан (саяси, экономикалық, діни, этникалық жəне мəдени) алғанда күрделі құрлық. Сонымен қатар ұзаққа созыл ған тарихи шиеленістер (мысалы, Ауғанстандағы, Үндістан мен Пəкістандағы, Палестинадағы т.с.с.) мен орын алған сенімсіздік салдарынан Азияның кейбір өңірлерінде қақтығыстардың жоғары дəреже де болғаны да құрлықтағы жағдайдың күрделі екендігін дəлелдейді. Осындай аймақта азиялық сипат тағы қауіпсіздік құрылымын құру бірден мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан өзі бастамашы бол ғандықтан, барлық жұмысты өзінің мойнына алып, бірден кірісіп кетті. Ұзақ жылғы қызметінің арқа сында 1999 жылы Алматы қаласында өткен АӨСШКнің бірінші кездесуі барысында қазіргі таңда ең маңызды АӨСШК құжатына — «АӨСШКге мүшемемлекеттердің өзара қатынастары принциптері нің декларациясына» қол қойылды [1]. Бұл құжат азиялық қауіпсіздік жүйесінің негізін қалаушы заңнамалық база болып табылды. Сол уақыттан бастап АӨСШК қызметі одан əрі жандана түсті. Оны 2002 жылы Алматы қаласында өткен АӨСШКның Іші саммиті дəлелдеп берді. Саммитте тағы да екі маңызды құжатқа — «Алматы актісіне» [2] жəне «АӨСШКның Терроризмді аластау жəне өркениет тер арасындағы диалогқа жəрдемдесу туралы декларацияға» [3] қол қойылды.

«Алматы актісінде» АӨСШК қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары бекітілді, олардың мəні Азияда бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрлаулылықты қамтамасыз етуге деген көпжақты көзқарастар мен пікірлерді талдап əзірлеу жолы арқылы ынтымақтасты нығайту болып табылады. Жанжалдарға араласып кеткен мемлекеттердің бəріне БҰҰ Жарғысында көзделген принциптерге сəйкес оларды бейбіт реттеуге ұжымдық тұрғыдан ұсыныс жасалды. Құжатта АӨСШКға қатысушы азиялық мемлекеттердің құрылықтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мəселелері бойынша келісілген айқындамасы көрініс тапты.

Болып өткен саммит АӨСШКға қатысушылар тарапынан келісілген принциптер негізінде бейбіт те өркендеген Азияға жетуге деген мемлекеттердің ортақ жолындағы маңызды қадамға айналды. Бұл принциптер, біріншіден, əскерисаяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету, екіншіден, форумға қатысу шымемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастық жəне, үшіншіден, гуманитарлық  əрі адам құқығын қамтамасыз ету саласында белсенді өзара ықпалдасу болып табылады.

Бірінші саммиттен кейінгі қызмет, шын мəнінде, қатысушыларелдердің өзара ықпалдастық тетігіне арналды. Мүшемемлекеттер өз қызметінің тұжырымдамалық принциптерін жанжақты талқы лаудан өткізді. Соның нəтижесінде бірқатар келісімдер жасалды жəне АӨСШК процесін ілгері апара тын нақты қадамдар жүзеге асты. Одан кейін маңызды оқиғалардың бірі АӨСШКнің ІІші саммитінің шақырылуы еді.

2006 жылғы АӨСШКнің ІІші саммиті өтті жəне оның шешімімен Кеңес Хатшылығын — Кеңестің тұрақты əкімшілік органын құру маңызды нəтиже болып табылды [4].

2007 жыл АӨСШКнің тарихында мерейлі жыл болды. Кеңестің 15 жылдығын атап өтудің өзі оның өрістеуінің жоғары деңгейін танытады. Осы аралықта АӨСШК қауіпсіздіктің қырларына байла нысты мемлекеттердің өзара пікір алмасу платформасына айналып үлгерді. Оның түрлі деңгейдегі кездесулерінде Таулы Қарабахтағы, Джамму мен Кашмирдегі өңірлік жағдайлар, Солтүстік Корея ның ядролық мəселелері, Ауғанстанның ішкі ахуалы жəне ондағы наркотрафиктың аймаққа тигізіп отырған ықпалы үнемі күн тəртіндегі өзекті мəселе ретінде көтерілді. Кездесу барысындағы талқы лауға түскен ең маңызды сұрақтардың бірі — халықаралық терроризм мен экстремизм күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бүгінгі күнде халықаралық терроризмнің белсенді қызмет ету   аясы сонау Солтүстік Африкадан Таяу жəне Орта Шығыс, Орталық Азия арқылы ОңтүстікШығыс Азияға дейінгі аралықта созылып жатқан үлкен кеңістікте терең орын теуіп отыр. Осы кеңістікте Орталық Азияның бар екенін ескерсек, оның құрамындағы Қазақстан үшін де бұл проблеманың да алатын ор ны ерекше. Соңғы жылдары əр түрлі экстремистік ұйымдардың Орталық Азия аймағындағы белсен діліктері артып отыр. Осындай қалыптасып отырған жағдайда аймақтағы қауіпсіздікті қалай қамтама сыз ету керек деген орынды сұрақ туындайды. Əрине, көкейге бірден Орталық Азия елдерінің бірлесе отырып, қауіпсіздіктің аймақтық жүйесін одан əрі дамыту керек деген пікір келеді. Осы жерде тағы да АӨСШК жəне оның қауіпсіздік жүйесінің одан əрі дамуына ықпал ету ойға оралады.

Əр түрлі деңгейдегі бірнеше кездесулер барысында АӨСШКның қызметіне де қатысты пікірта ластар туындады. Олар мынаны көрсетті: аймақ мемлекеттері базалық құжаттардың жобасын дайын дау жəне қызметтестіктің бағыттарын айқындау ауқымында да мұқият жұмыс істеуге бекінген.

Жаһандану қарқыны барған сайын күшейіп бара жатқан заманда, үлкен Азия өңірі елдері үшін жаһандану артықшылықтарын қолданғанда жаңа қыр көрсетулер мен қауіпқатерлерге қарсы күрес тің бірденбір жолы қауіпсіз жəне тұрақты ортадағы диалог пен ынтымақтастық болып табылатынды ғына көз жетті.

Күн өткен сайын Азия жəне оны құрайтын аймақтар əлем жұртшылығының назарын соғұрлым өзіне көбірек аударуда. Азиялық проблемалардың сипаты күрт өзгерді: олар тек қана жергіліктілік болудан қалып, көріп отырғанымыздай, ғаламдық масштабқа ие болуда. Атап айтқанда, Оңтүстік Азиядағы жəне Таяу Шығыстағы оқиғалардың даму барысын бүгінгі таңда бүкіл əлем қаншалықты мазасыздана бақылап отырғаныны баршаға аян. Қазір бүкіл дүниежүзілік өркениеттің ахуалы көп ретте Азияның салауаттылығына тəуелді болып тұр.

Планетадағы орасан көп мемлекеттер мен халықтар шоғырланған Азия сияқты аймақтың ішкі жəне сыртқы келбеті алуан түрлі. Оның жер қойнауындағы байлығы мол, сонымен қатар қақтығыстар ықтималдығы да орасан зор. Аймақ елдерінің көнеден келе жатқан тарихы мен дəстүрлері, өзіндік ұлттық мүдделері мен аймақтық жəне əлемдік саясат проблемаларын шешу жолдарына қатысты да өз көзқарастары бар.

Азияда жекелеген мемлекеттер арасындағы аумаққа қатысты пікір алшақтығы қатайып, күн тəр тібінде өткір тұр. Бұл проблема Азия елдерінің көпшілігі үшін олардағы əрқилы діни, этностық жəне мəдени топтар бар екендігін ескергендіктен, бір жағынан, қауіп, екінші жағынан, қатер болып табы лады. Ахуалдың келеңсіз өріс алуы жағдайында бұл мемлекетаралық қатынастарда қосымша шиеле ніс туындатуы мүмкін. Бұл жерде Пəкістан мен Үндістан, Израиль мен Палестина арасындағы қара мақайшылықтарды тағы бір басып айтуға болады.

Азиядағы басқа бір проблема — қарусыздану жəне қаружараққа бақылау саласында қалыптас қан ахуалда. Мемлекеттердің бірбіріне деген сенімсіздігінің орын алуы жаппай қырыпжою қаруын қоса алғанда қаружарақтың көптеп жиналып қалуына əкеп соққалы отыр. Азияның кейбір аймақта рында қарулану жанталасының жайттері көрініс беріп, мұның өзі оған қатысушыларды қарсы тұру шылыққа итермелеуде.

Бүгінде АӨСШК өз эволюциясының жаңа кезеңіне аяқ басты. Ол қатысушымемлекеттер ара сында нақты сенім шаралары жүзеге асырылуынан көрінеді. 2007 жылдың наурызында Бангкокте «АӨСШК сенім шараларын жүзеге асырудың кооперативті қадамдары» АӨСШКнің аса маңызды құ жаттарының бірін қарап қабылдауы, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Та жинның пікірінше, «осы арқылы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға жəне каталогтың жекелеген бағыттары жөніндегі жұмыстарды айқындауға бағытталған салаларды нақты іске асыруға жасалаған қадам» [5]. Осылайша аға лауазымды тұлғалардың Бангкок басқосуы АӨСШК процесінің сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетіп берді. Ол қатысушымемлекеттердің сенімді жақындату мен бе кемдеудің 5 бағытындағы нақты шараларды іс жүзіне асыруынан аңғарылды.

Сенім шаралары дегенде негізінен мемлекеттер тарапынан олардың арасындағы қатерлер мен се німсіздікті азайту, оның ішінде соғыс қатерлерін бəсеңдету бағытында қабылданып жатқан шаралар мегзеледі. Сенім шаралары тұжырымдамасының өзі «қырғиқабақ соғыс» жылдарында кездейсоқ, яғ ни апаттар мен қателіктер салдарынан пайда болуы ықтимал ядролық соғыстың алдын алу мақсатын да қолға алынған əрекеттерден туындағантын. Іс жүзінде сенім шаралары мемлекеттер арасындағы күрделі ахуалдарды оңалтатын əскерисаяси саладағы ынтымақтастық ретінде қабылданды.

Алайда АӨСШКнің сенім шаралары дəстүрлі тұжырымдамалар аясынан кең ауқымды қамтиды. Кеңеске мүшемемлекеттер басшылары ХХІ ғасырдағы өзара байланыстағы жəне өзара тəуелділіктегі сенім шаралары əлеуметтікэкономикалық мəселеде əскерисаяси өлшемдегі сияқты маңызға ие   еке нін мойындап отыр. Сондықтан АӨСШКнің Сенім шаралары каталогы сенім шараларын жүзеге асы ратын бес өлшем бар екенін айқындайды. Олар:

  • əскерисаяси;
  • жаңа қауіпқатерлерге қарсы тұру;
  • экономикалық;
  • экологиялық;
  • гуманитарлық [6].

Азияда саудасаттық, экономика, қоршаған ортаны қорғау, табиғат апаттарының зардаптарын жою, көлік, энергетика, мəдени алмасу, өркениеттер арасындағы жəне жаңа қауіпқатерлерге қарсы үнқатысу сияқты салаларда біріккен ісқимыл таныту үшін кең ауқымды əлеует жеткілікті.

2007 жылдың 25 қыркүйегінде болған БҰҰ Бас Ассамблеясының 62ші сессиясындағы жалпы пікірталасқа қатысып сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті, АӨСШКнің қазіргі Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «…Азия туралы айтқанда, құрлықтық масштабтағы ұжымдық қауіпсіздіктің тетіктерін қалыптастыру тақырыбын айналып өтуге болмайды. Бұл 1992 жы лы мен нақ осы мінберден жария еткен Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру туралы қазақстандық бастаманы жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Бүгінде АӨСШК Азия құрлығының 90 пайыз аумағын қамтитын 18 мемлекеттің басын біріктіріп отыр. Атал ған елдердің тұрғындары бүкіл Жер шары тұрғындарының жартысын құрайды. Уақыт өзінің аясында Азия мемлекеттерінің саяси үнқатысуы қарқыны күш ала түскен АӨСШК үдерістерінің қажет етіліп отырғанын айғақтап берді…» [7].

Қорыта айтқанда, Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырып қарағанда, қазақстан дық көпвекторлылықтың сыртқы саясатының негізіне мемлекеттің жоғары халықаралық мəртебесін бекітуге деген ұмтылысы жатады. Сондықтан АӨСШК бастамасының табысты іске асырылуы — Қазақстанның сыртқы саяси əлеуетін паш етуімен бірге, өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан салмақты үлесінің жарқын көрінісі болып табылмақ.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. АӨСШКге мүшемемлекеттердің өзара қатынастары принциптерінің декларациясы. АӨСШК І саммиті. Қ.Тоқаев жетекшілігімен. — Астана, 2003. — 80–87б.
  2. Алматы актісі // Егемен Қазақстан. — 2002. — 5 маус.
  3. АӨСШКның Терроризмді аластау жəне өркениеттер арасындағы диалогқа жəрдемдесу туралы декларациясы // Егемен Қазақстан. — 2002. — 5 маус.
  4. mfa.kz
  5. Азия кеңесі — өңірі ахуалының айнасы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 20 қазан.
  6. Asanov J. Evolutіon of CІCA. The Journal of Turkіsh Weekly, September 23, 2007,Ankara
  7. Хабар» агенттігінің кешкі жаңалықтарынан.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.