Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік өңірдегі саяси қуғын-сүргінді жүзеге асыру барысындағы жеке тағдырлар қасіреті Аймақта репрессияға ұшыраған қарағандылықтар хақында

Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Автор деректемелік негізде жаппай жəне кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған № 00447 бұйрықты айта отырып, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделінгендігін, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші категориямен 150 адам ең жоғарғы жазаға кесіліп, екінші категориядағылардың саны 300 адам болып белгіленсе, солардың ішінде 30 қарағандылықтардың да болғандығын нақты көрсетті.

Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Қоғамдық өмірде болып өткен ірі ауқымдағы өзгерістер жеке адамдардың өміріне, олардың сол дəуірдегі саяси оқиғаларға, əйтеуір бір қатыстылығына байланысты, əсер етпей қалған жоқ. КСРО-дағы кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған № 00447 бұйрықты айтуға болады, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделді [1]. Аталған цифрлар тиісінше КСРО аймақтары бойынша «бөлініп», күтілгеніндей, жергілікті жердегілердің «жоспарды қолдауына» («қарсы жоспарларына») ұласты. Осылай Қазақстан К(б)П ОК бюросы 1937 жылдың 19 қарашасында репрессияланатын антикеңестік элементтердің санын ұлғайту жөніндегі шешімін қабылдады. Репрессияланатындар екі категорияға бөлінді. Біріншісіне, билік басындағылардың пікірі бойынша, «барынша дұшпандық» көзқарастағы антикеңестік элементтер жатқызылып, оларға ату жазасы қолданылса, екінші категориядағы осындай элементтер, бəлкім, қауіпсіздеу деп есептелінгендіктен болар, лагерьлер мен түрмелерде 8-ден 10 жылға дейін, кей жағдайда 25 жылға бас бостандығынан айырылды. ОК бюросының шешімімен республика бойынша бірінші категориядағы «бекітілген жоспар» 2000 адам болып белгіленді, мұның өзі Орталық бұдан бұрын белгілеген 1925 адамдық «нормадан» асып түсті. Тиісінше 275 жəне 350 адамнан «қосымша резерв» те қарастырылып қойды. ОҚО бойынша бірінші категориядағы 150 адамның саны өзгертілмей, екінші категориядағылардың саны «жоспардағыдан» жүзге кемітіліп, 300 адам болып белгіленді [2]. Соңынан, Республика бойынша репрессияға ұшырағандардың саны бірінші категориядағылар 600 адамға, екіншісіндегілер 1000 адамға асып кетті [3; 253]. Репрессиялық іс- шараларды тікелей қолдану құқы бірқатар сот жəне соттан тыс органдарына берілді. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясы Оңтүстік Қазақстан аймағының ірі-ірі партия жəне кеңес қызметкерлерінің ісін қарады. Сəйкесінше облыстық соттың шешімімен сотталғандардың құрамы əлеуметтік статусы бойынша əр тақылеттес болып, түрлі деңгейдегі партиялық-шаруашылық қызметкерлерін, қатардағы партия мүшелерін жəне жай азаматтарды да қамтиды. Соттан тыс орган ретіндегі «үштіктер» құрамына партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы, облыс прокуроры жəне ІІХК (НКВД) облыстық басқармасының бастығы кірді. «Үштіктердің» сот тыс үкім шығарудағы жəне халықтың əртүрлі əлеуметтік топтарының істерін қараудағы шексіз өкілеттіліктері, өз кезегінде, олардың мүшелерінің жеке қауіпсіздігіне кепіл бола алған жоқ. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясының үкімімен ОҚ Қ(б)ПОК бірінші хатшылары Ə.Ы.Досов пен Б.Манкин, Қызылорда Қ(б)П ОК бірінші хатшысы Қ.А.Əміровтар репрессияға ұшырап кетті [4; 70]. Зерттеліп отырған кезеңдегі ІІХК-ның облыстық басқармасыныңы бастығы С.Д.Пинталь, бəлкім,  «үштіктің» төрағасы да шығар репрессияға ұшырап, басқа бір соттан тыс орган КСРО ІІХК-ның арнайы кеңесінің 1937 жылғы желтоқсандағы үкімімен ату жазасына кесілді [5; 4].

Заңдық нормалардың барынша босаңсып, саяси негізде, жеке адамға қарсы жасалынған қылмысқа, адамгершілік-этикалық тұрғыдағы тосқауылдың алынып тасталуы, республиканың партия жəне кеңес басшыларын қиын-қыстау жағдайда қалдырды. Едəуір жеткілікті дəрежедегі билікке ие бола тұра, олар Орталықтың партиялық баспасөз арқылы жасаған тегеуіріні мен КСРО ІІХК-сының орталық аппаратының қысымына төтеп бере алмады. Республикадағы «бастаушылық жəне жол көрсетушілік» ролін формальді түрде (ілдебайлап) сақтай алғанымен, Қазөлкеком жəне кейіннен ҚК(б)П ОК халыққа идеологиялық жұмыс жүргізу құралы ғана болып қалды, олардың республика территориясында ІІХК органдарының қызметін тексеруге шамасы келген жоқ, сондықтан тек БК(б)П ОК келген директиваларды орындаумен ғана шұғылданды. Республикадағы жазалаушы органдардың іс-жүзіндегі еркіндігі оларға Н.Ежовтың бағытын республика басшылығына еш алаңдамай-ақ жүргізуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдайда Қазақстандағы партия жəне кеңес басшыларының саяси жəне жеке тағдырының тəлкекке ұшырайтындығы анық еді. Саяси репрессияларды жүргізу механизмін теңселмелі (маятник) түрінде болды десек, оның бір шетінде республикалық орталық, траекториялық қозғалыстың орта бөлігінде — облыс орталығы, ал келесі шеткі нүктесінде қалалар мен аудандар болғандығы анық. Республика территориясында жаңа облыстар құрылып, жаңа аудандардың саны өскен кезде, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында 19, ал Қызылорда облысының құрамында 8 аудан болған еді [6; 22, 23]. Репрессиялық саясатты жүргізу барысындағы партия жəне кеңес номенклатурасын жаппай тазалау науқанында, барлық дерліктей ауком хатшылары мен ауатком төрағаларының көпшілігі ІІХК органдарының құрығына түсті. Осылай, 1938 жылдың 31 наурызындағы, яғни, жаппай репрессиялар əлі жалғасып жатқан кездегі «ҚК(б)П аукомдары мен қалкомдарының коммунистерге берген партия құжаттарына халық жаулары болып кеткен адамдардың қолдары қойылғандығы» туралы архив материалында 70-тен астам ауком хатшыларының фамилиялары бар. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысынан 14 фамилия кездеседі [7]. Жалпы аудандар санына қатысты алсақ (19 аудан), репрессияланғандардың пайыздық үлесі 73,2 %-ды құрайды.

Аудандық деңгейдегі кадрларға қарсы репрессиялар «стандартты» — «буржуазиялық ұлтшыл», «қаскүнемдікпен шұғылданды», «сын мен өзара сынды тұқыртты» деген айыптауларға қосымша «бүгінде əшкереленген халық жауымен байланыста болды» немесе «халық жауының қойған адамы» деу негізінде қылмыстық іс қозғауға ұласты. Соңғы айыптаулар сол уақыттағы кейбір құжаттарда жетекші партия органдарына «өз» адамдарын тартудың дұшпандық əрекеттері» ретінде көрсетілді [8]. Тиісінше, егер обком хатшыларына олардың жаңа ауком хатшыларына ұсынуына байланысты айыптаулар табылып жатса, соңғылары дəл осындай кепті ауатком төрағалары мен өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылығы басшыларын тағайындағаны үшін кешті. Сондықтан да аудандық деңгейдегілерге «халық жауы ретінде» əшкерелену қауіпі «жоғарыдан» да, сол сияқты «төменнен» де төніп тұрған еді. Осы мəселедегі республика бойынша жағдай Алматы обкомы облыстық конференциясындағы есепті баяндамада былай сипатталады: «Обкомға əбден кірігіп алған халық жаулары, ауком хатшылығы мен аудандағы басшылық жұмыстарға халық жаулары мен кез келген күдікті, тексерілмеген адамдарды қоюмен келді. Əсіресе қатты былғанғаны аукомның бірінші хатшысының орны болды [3; 296]. Тиісінше, сол кезеңнің талабына сəйкес ҚК(б)П ОК өлекекомының бірінші хатшысы Л.И.Мирзоян ОҚО Қ(б)П-ның Қарсақбай АК-не (ол кезде Қарсақбай ауданы Қарағанды облысының құрамында емес еді. — Авт.) жеделхатында «ұлтшылдығы үшін» айыптаулар фактілерімен мұқият танысып, тексеріп шығуды тапсырды [9]. Осындай аудандық деңгейдегі кадрлерді мұқият «тексерудің» нəтижесі 1937 жылдың 3–10 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қабылданған «ҚК(б)П ОК бюросының партия жəне кеңес органдарының басшы қызметкерлерін жұмыстан шығару жөніндегі шешімінде» анық көрінген еді. «… 12 п. Қожахметовты Ұлттар Кеңесіне сайлау жөніндегі Түркістан аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен жəне А. Избановты аймақтың сайлау комиссиясының орынбасарлығы қызметінен босату. 37 п. Оңтүстік Қазақстан обкомы К(б)П-ның Н.Данияровты Сарысу аукомының хатшылығы қызметінен алу туралы ұсынысын қабылдау …38 п. Оңтүстік Қазақстан обкомының… С.Баймахановты Мирзоян аукомы ҚК(б)П хатшылығынан алу туралы ұсынысы қабылдансын [10]. Осылай, аудандық комитет хатшылары мен аудандық шаруашылық қызметкерлеріне қарсы қолданылған репрессиялардың ОК Бюросының қаулысы негізінде жүзеге асырылуы кездесіп тұратын. 

Əйтсе де бастамашылардың басқа да түрдегілері бар болатын. КазТАГ-тың облыстық бөлімшесі, күні қойылмаған, бірақ аталған ОК Бюросы шешімінен бұрын болса керек, «Комсомолдар халық жауларын əшкереледі» деген хабарламасында «Сарысу ауданының комсомол ұйымы өз қатарларын халық жаулары–ұлтшыл — фашистер мен троцкистік-бухариндік сатқындардан» тазарту үшін күресуде [11], — дей келе, ары қарай ауаткомның бұрынғы хатшысы Дүйсенбековтің жəне аудандық «Астықдайындау» («Заготзерно») мекемесінің (кеңсесінің) меңгерушісі Оралбековтың «əшкереленгендігі» туралы айтады. Аталған адамдар – комсомолдар, ал оларды ауаткомның бас- тауыш комсомол ұйымының жиналысында əшкерелеп отыр. Оларды осы уақытқа дейін «əшкереленіп қойған» Сəдуақасовпен байланыста болғансыңдар деп кінəлайды. Бұларада «…ҚК(б)П Сарысу аукомының хатшысы Данияровтың осы халық жауларының Сəдуақасовпен байланысты екендігін біле тұра үндемегендігі» айтылады. Алматыға барған кезінде Данияров Садуақасовпен кездесіп, оған Дүйсенбековтің жазған хатын көрсетеді. Комсомолдар өз сөздерінде аукомхатшысы Данияровтың таптық қырағылық танытпай ұлтшыл-фашистік элементтерді əшкерелеуге күш салмағандығын атап өткен. Əлі күнге дейін Сарысу ауаткомы төрағасының орынбасары болып халық жауы Сапарбековтың баласы (ҚК(б)П БҚО обкомының 1937 жылдың қазанына дейінгі бірінші хат- шысы. Авт.) жұмыс істеп келеді. Данияровтың өзі Дүйсенбековтің көмегіне сүйенген. Дүйсенбековтың Сəдуақасовтан сұрануы бойынша Данияров Шаян ауданына жұмысқа жіберіліп тұрған жерінен, Сарысу аукомының хатшысы қызметінде қалдырылды». Осылай АК хатшысы Данияровқа «қырағылықты жойғаны», «халық жауларымен байланыста болғаны» жəне «халық жау- лары қойған адаммен» байланыстылығы үшін айыптар тағылады. Бұл саяси айыптаулардың кез келгені оңай қауіп емес еді, ал басы біріге келе көздегенін құрдымға жіберетіндігі анық болатын. Қорытындысында, Нұрыш Данияров (1899–1938) Солтүстік Қазақстан облысының қазағы, 1934–1937 жж. ОҚО ҚК(б)П Сарысу АК хатшысы болған, 19.02.1938 ж. КСРО Жоғарғы Сотының əскери коллегиясының шешімімен ату жазасына кесіледі [3; 275].

Басқа аудандардағы осындай жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері болғанымен, жалпы алғанда бəрі де ортақ сценарий бойынша жүріп жатты. Осы орайда айта кетер болсақ, жалпы, солтүстік өңірден Қазақстанның оңтүстігіне қызмет бабымен қоныс аударып, репрессияға ұшыраған азаматтардың ішінде қарағандылықтардың шоғыры едəуір болып шықты. Олардың ішінде тек Қазақстанның Халық Комиссарлары Кеңесі құрамында қызмет атқарғандарының саны жиырмаға жуықтайды. Бірнешеуінің өмірбаяндық берілімдеріне мəн беруге болады: Саматов Мұхтар Саматұлы (1894–1938). Қарағанды облысы Қарқаралы округі Баянауыл ауданында туған, қазақ. 1917–1918 жж. «Алаш» партиясының мүшесі, 1920 жылдан Коммунистік партиясының мүшесі. 1917 ж. Ауыл шаруашылық училищесін (Омбы қ.), 1919 ж. Омбы политехникалық институтының 1-курсын бітірген. 1931–1932 жж. «Қазполиметалл» комбинаты директорының орынбасары (Шымкент қ.). Қуғындалған. 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. Ақталған [12; 382].

Қошанбаев Хасен (Хасан) (1896–1938). Қарағанды облысы Атбасар ауданы № 14 ауылында шаруа отбасында туған, қазақ. 1920 жылдан Коммунистік партиясының мүшесі. 1912 жылы орыс- қазақ училищесін бітірген, 1913–1914 жж. бір жылдық педагогикалық курсында оқыған. 1936–1937 жж. Қызылорда аудандық атқару комитетінің төрағасы. Қуғындалған. 1937 ж. наурызда тұтқындалған, 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. 1958 ж. мамырда ақталған [12; 272].

Күленов Сəлемхат Күленұлы (1898–1938) Қарағанды облысы Баянауыл ауданында мал өсіруші отбасында туған, қазақ. 1928 ж. Коммунистік партиясының мүшесі. Екі жылдық мұғалімдер курсын, 1933 ж. Бүкілодақтық социалистік егін шаруашылығы академиясын бітірген (Мəскеу қ.). 1936 жылы Алматы облыстық кеңшарлар басқармасының бастығы. Қуғындалған. 1937 ж. қазанда тұтқындалған, 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 ж. қыркүйекте ақталған [12; 262].

Əрине, қиын-қыстау замандағы қарағандылық қайраткерлер туралы баянымыз барысында ұлтымыздың ерекше тұлғасы Нұрмақов Нығметтің (1896–1937) қоғамдық-саяси өміріне тоқталмай кетуге болмайды. Сол кездегі Семей облысы Қарқаралы уезі Қу болысында мал өсіруші отбасында өмірге келген бабамыздың 1911 ж. Қарқаралы орыс-қазақ училищесін, 1915 ж. Омбы мұғалімдер семинариясын тəмамдағанын, Қарқаралы уезінде кеңестік жұмыста болып, азамат соғысы кезінде осы үшін 1918 ж. қыркүйегінен 1919 ж. желтоқсанына дейін ақгвардияшылардың абақтысында тұтқында отырған. Өңірде большевиктер билігі қайта орнағаннан кейін 1920 ж. бастап коммунистік партияның мүшесі ретінде партиялық-кеңестік жұмыстарға араласып, нəтижесінде 1924 ж. қырқүйегінен қарашасына дейін ҚАКСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары, 1924 ж. қарашасынан 1929 ж. сəуіріне дейін Төрағасы болып сол кездегі ҚазақАКСР-ның астанасы Қызылорда қаласында қызмет еткен. 1931 ж. БК(б)П ОК жанындағы Коммунистік университетін бітіріп, Мəскеу қаласында лауазымды қызметтер атқарған атпал азамат қуғындалып, 1937 ж. қыркүйегінде ату жазасына кесілген. 1956 ж. тамызда ақталған [12; 328].

Осы орайда, халқына еңбегі сінген ер бабамыз Нұрмұхамедов Хасен Нұрмұхамедұлын (1900– 1938) да атап кету орынды болмақ. Қарағанды облысы Есіл ауданында шаруа отбасында туып, 1917– 1919 жж. «Алаш» партиясының, 1920 ж. Коммунистік партияның мүшесі болған Хасен Нұрмұхамедұлы 1921 ж. Сібір облыстық кеңес-партия мектебін (Омбы қ.), 1927 ж. К.А. Тимирязев атындағы Ауылшаруашылық институтының экономика факультетін, 1932 ж. Ұжымшар ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасын бітіргеннен (Мəскеу қ.) кейін, 1932–1933 жж. Ауылшаруашылығын социалистік тұрғыда қайта құру ғылыми-зерттеу институтының директоры (Алматы қ.), кейіннен 1936 ж. шілдесінен 1937 ж. қазанына дейін ҚазақКСР Денсаулық сақтау халкомы болып қызмет атқарған абзал аға қуғындалып, 1937 ж. қазанында тұтқындалған, 1938 ж. ақпанында ату жазасына кесілген. 1957 ж. желтоқсанында ақталған [12; 329].

Осы қатардан Семей облысы Қарқаралы уезі Абралы болысы Ұзынбұлақ ауылында туып, 1918 ж. Коммунистік партияның мүшесі болған, 1932 ж. БК(б)П ОК жанындағы марксизм-ленинизм курсын бітірген (Мəскеу қ.), 1924 ж. қарашасынан 1928 ж. мамырына дейін ҚазақАКСР-і Еңбек халкомы, 1928 ж. мамырынан 1930 ж. маусымына дейін ҚазақАКСР-і Денсаулық сақтау халкомы болып қызмет атқарған Тəтімов Мұхамедғали Қойшыбайұлының (1894–1938) да орын алатындығы анық. Мұхамедғали бабамыз қуғындалған, 1937 жылдың тамызында тұтқындалып, 1938 жылдың ақпанында ату жазасына кесілген. 1956 жылдың қарашасында ақталған [12; 430].

Қарастырылып отырған жылдары кеңестік биліктің қылбұрауынан аман қалып, Оңтүстік өңірге əйтеуір бір қатыстылығына байланысты табан тіреген ағаларымыз тұрғысында айтсақ: 1932–1933 жж. Оңтүстік Қазақстан облыстық Кəсіпшілер одағы кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған Қарағанды облысы Қарсақбай ауданының тумасы Қонысбаев Шопан (1906–1942) [12; 271].

Қарағанды облысы Нұра ауданы Ивановка селосының шаруа отбасында өмірге келіп, 1932 ж. Агрономиялық-политехникалық институтын (Ташкент қ.) бітіріп, 1933–1936 жж. Каучукты өсімдіктер оқу-өндіріс комбинатының техникалық директоры (Оңтүстік Қазақстан облысы Бурный с.), Оңтүстік Қазақстан облыстық жер бөлімі басқармасының бастығы (Шымкент қ.) болып қызмет атқарған Мыңбаев Кəрім (1906–1948) [12; 316]. Қарқаралы уезі Қу болысының тумасы, 1932–1933 жж. «Қазполиметалл» комбинаты директорының орынбасары (Шымкент қ.) қызметін атқарған Боранбаев Тұрсынбек (Тұрсын) (1898-?) [12; 128].

Семей губерниясы Қарқаралы уезі Ақбота болысы № 4 ауылының тумасы, 1930 ж. Коммунистік партияның қатарына өтіп, 1932 ж. жұмысшылар факультетін (Омбы қ.), 1937 ж. БК(б)П ОК жанындағы Я.М.Свердлов атындағы Насихатшылар жоғары мектебін (Мəскеу қ.), бітірген. 1938 жылы ҚК(б)П аудандық комитетінің бірінші хатшысы (Арыс ауданы), кейіннен Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы (Шымкент қ.) қызметтерінде болған Бектасов Əшімбек Жүнісбекұлы (1910–1981) [12; 109] сынды ардақтыларымыздың атының тұяғы тиген жерде тұғыры биік болғандығын бүгінгі ұрпақтарының жадында жаңғырту ісі баршамыздың бірлесіп атқарар міндетіміз болса керек.

Ары қарай айтар болсақ, қалың қазақтың қабырғасын қайыстырып, жаппай саяси қуғын-сүргін зұлматында Оңтүстік өңірде опат болған қарағандылық асыл ерлеріміздің тізбесі мынадай: Абдуллин Шамғон. 1908 ж. Қарағанды облысында туылған, қазақ, мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы. ОҚ облысы бойынша Ішкі Істер Халық Комиссариатының Басқармасы (ары қарай — УНКВД) «үштігі» 1938 ж. 26 тамызында соттаған. 1957 ж. 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 10].

Александров Александр Иванович. 1909 ж. Қарағанды облысында туылған, орыс, спорт жөніндегі нұсқаушы. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1938 ж. 14 ақпанында соттаған. 1956 ж. 1 қыркүйегінде ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 25]. Алтыбаев Мансур. 1908 жылы Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, Шымкент қорғасын зауытының тəбелшісі. ОҚ облысы бойынша УНКВД

«үштігі» 1937 ж. 26 тамызында соттаған. 1957 жылдың 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 26]. Аянов Ахан. 1898 жылы Қарағанды облысында туылған, қазақ, «Қаратөбе» ұжымшарының мүшесі. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 ж. 28 қарашада соттаған. 1980 жылдың 11 маусымында КСРО Жоғарғы Соты ақтаған [13; 37]. Əбдіғалиев Темірғали. 1912 ж. Қарағанды облысында туылған, қазақ, Түркістан ауданы бойынша қаржы тексерушісі. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1942 ж. 31 наурызында соттаған. 1957 ж. 17 шілдесінде ОҚ облыстық соты ақтаған  [13; 39]. Əлімбаев Ибрагим. 1906 ж. Қарсақбай ауданында туылған. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 жылы 26 тамызында соттаған. 1957 жылдың 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 42]. Əубəкіров Құлтас Қоңырбайұлы. 1916 ж. Қарсақбай ауданында туылған, облыстық мал дайындау мекемесінде есепші. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 ж. 26 тамызында соттаған. 1957 ж. 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 44]. Бандурин Иван Васильевич. 1901 ж. Қарағанды облысында туылған, Леңгір көмір кенішінде істеген. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1938 ж. 31 қаңтарында соттаған. 1989 ж. 19 сəуірінде ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 49]. Бегенов Баймахан. 1896 ж. Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, Шымкент қорғасын зауытының жұмысшысы. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 жылы 26 тамызында соттаған. 1957 жылдың 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 51]. Болтаев Рахымбек Қошқар. 1901 ж. Қарағанды облысында туылған. Арыс мақта пунктінің жұмысшысы. ОҚ облысы бойынша Ішкі Істер Халық Комиссариатының Басқармасы (УНКВД) «үштігі» 1938 жылы 2 маусымында соттаған. 1957 жылдың 16 ақпанында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 57]. Бөкебаев Көбей. 1911 ж. Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, машинист. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 ж. 26 тамызында соттаған. 1957 ж. 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 58]. Бурханов Ахмедия. 1897 ж. Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, Шымкент қорғасын зауытының жұмысшысы. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 ж. 26 тамызында соттаған. 1957 ж. 2 тамызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 60]. Есболғанов Балабек. 1887 ж. Қарағанды облысының Қарсақбай ауданындағы № 2 ауылында туылған, қазақ. ОҚ облысы бойынша Орта Азия Əскери Округі (САВО) əскери трибуналы 1940 ж. 11 сəуірінде соттаған. 1958 ж. 13 мамырында РКФСР УПК-сы ақтаған [13; 86]. Жихарев Михаил Андреевич. 1888 ж. Қарағанды облысында туылған. ОҚ облысы бойынша Бірлескен Мемлекеттік Саяси Басқармасының Толықөкілетті Өкілдігі (ПП ОГПУ) «үштігі» 1932 жылдың 25 желтоқсанында соттаған. 1989 ж. 16 қаңтарында КСРО Жоғарғы Соты ақтаған [13; 95]. Иманбеков Оразбай. 1891 ж. Қарсақбай ауылында туылған, қазақ, агент. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 ж. 26 тамызында соттаған. 1956 жылдың 21 сəуірінде ОҚ облыстық сотының Президиумы ақтаған [13; 106]. Кунарысов Сейіт. 1883 ж. Қарағанды облысындағы Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, колхозшы. ОҚ облысы бойынша 1937 ж. 7 желтоқсанында соттаған. 1958 ж.

3 шілдесінде ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 141]. Қазыбеков Исмағұл Сұлейменұлы. 1897 ж. Қарағанды облысында туылған, қазақ. ОҚ облысы бойынша КСРО Жоғары Сотының əскери коллегиясы 1938 ж. 20 ақпанында соттаған. 1957 жылдың 21 желтоқсанында КСРО Жоғарғы сотының əскери коллегиясы ақтаған [13; 142]. Қаратеміров Əбілдə. 1902 ж. Қарағанды облысының Қарсақбай ауылында туылған, қазақ, звено жетекшісі. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1938 жылдың 2 айында соттаған (құжатта солай. — Авт.). 1957 жылдың 16 ақпанында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 145]. Қарсақбаев Бөстекбай. 1886 ж. Қарағанды облысының Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, қазіргі Төле би аудандық шикізат қоймасының меңгерушісі болған. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 жылдың 15 қыркүйегінде соттаған. 1957 жылдың 11 шілдесінде ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 145]. Қодарқұлов Қасымбек. 1911 ж. Қарағанды облысының Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, цех бригадирі. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 ж. 26 тамызында соттаған. 1957 жылғы 2 тамызда ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 148]. Оспанов Əбдірахман. 1890 ж. Қарағанды облысында туылған. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1937 жылы 26 тамызында соттаған. 1957 жылдың 2 тамызында ОҚ облыстық сотының Президиумы ақтаған [13; 201]. Сағындықов Мұстафа. 1907 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған, қазақ. ОҚ облыстық дайындау конторының басқарушысы, КСРО Жоғарғы Сотының əскери алқасы 1937 жылдың 2 қарашасында соттаған. 1966 ж. 25 қарашасында ҚКСР Жоғарғы Сотының төралқасыісті қысқартқан [13; 232]. Сарсенбаев Мұқаш. 1898 ж. Қарағанды облысы Қарсақбай ауданының № 4 ауылында туылған, қазақ, ШҚЗ-да тас қалаушы. УНКВД-ның ОҚ облысы бойынша «үштігі» 1938 ж. ақпан айында соттаған. 1957 жылдың 16 ақпанында ОҚ облыстық сотының төралқасы істі қысқартқан [13; 237]. Тəукебаев Абдулхамит. 1906 ж. Қарағанды облысы Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, қазіргі Түркістан қаласының Күшата ауылындағы балалар үйінде есепші. 1937 ж. 26 тамызында УНКВД ОҚ облысы бойынша «үштігі» соттаған. 1957 жылдың 2 тамызында ісі қысқартылған [13; 248]. Төртаев Шахман. 1900 ж. Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, ШҚЗ-да инженер. 1938 ж. 26 тамызында КСРО Жоғарғы Сотының əскери алқасы соттаған. Жоғарғы Сот 1960 жылдың 3 наурызында істі қысқартқан [13; 254]. Төлеубаев Ыбырай. 1887 ж. Қарағанды облысы Қарааспан ауданының № 2 ауылында туылған, қазақ, жұмысы белгісіз. 1937 ж. 4 наурызында УНКВД «үштігі» соттаған. 1989 жылдың 16 қаңтарында ақталған [13; 255]. Айтуғанов Жүніс. 1867 ж. 

Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, колхоз мүшесі. 1937 ж. 30 желтоқсанында УНКВД «үштігі» соттаған. ОҚ облыстық сотының төралқасы 1957 ж. 16 мамырында істі қысқартқан [13; 262]. Усманов Əбдірайым. 1903 ж. Қарағанды облысы Қарсақбай ауданында туылған, қазақ, Келес аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі. 1937 ж. 19 қарашасында УНКВД «үштігі» соттаған. 1957 жылдың 16 қаңтарында ОҚ облыстық сотының төралқасы істі қысқартқан [13; 263]. Устжанов Кəрімбек. 1909 ж. Қарағанды облысы Қарсақбай ауданындағы № 6 ауылда туылған, қазақ, аудандық кеңестің инспекторы. 1937 ж. 26 тамызында УНКВД «үштігі» соттаған. 1957 ж. 2 тамызында ОҚ облыстық сотының төралқасы істі қысқартқан [13; 265]. Ыдырысов Мəжіт. 1912 ж. Қарағанды облысы Қарсақбай ауданындағы № 6 ауылда туылған, қазақ, кенші. ОҚ облысы бойынша УНКВД «үштігі» 1938 жылдың 14 ақпанында соттаған. 1957 жылдың 14 наурызында ОҚ облыстық соты ақтаған [13; 288].

Əрине, бұл мəліметтер Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша 1937–1938 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ашық баспасөз жəне мұрағат материалдары ақпараттары бойынша түзілген анкеталық анықтамалар екендігі белгілі. Ендігі жерде жоғарыда аты аталған бабаларымыздың өз халқына тигізген шарапаттарын қанықты етіп көрсету ұрпақтарының, яғни біздің, міндетіміз екендігі даусыз. 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Известия ЦК КПСС. — 1989. — № 10. — 82 с.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты (ҚРПМ). — 708-қ. — 1-т. — 53-іс. — 112-п.
  3. Политические репрессии в Казахстане в 1937–1938 гг.: сб. док. — Алматы: Казахстан, — 336 с.
  4. Бақторазов С. Оңтүстік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін (1937–1938 жж.) // Қазақ тарихы. — 2005. — № 5. — 67–70-б.
  5. Из истории поляков в Казахстане. (1936–1956 гг.): сб. док. — Алматы: Қазақстан, — 344 с.
  6. Қазақстан Коммунистік партиясы дамыған социализм жағдайында. — Алматы: Қазақстан, 1983. — 366–367-б.
  7. ҚРПМ — 708-қ. — 1-т. — 39-іс. — 260-п.
  8. ҚРПМ — 708-қ. — 1-т. — 28-іс. — 2–3-п.
  9. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ОҚОММ). — 759-қ. — 6-т. — 351-іс. — 25-п. 10 ҚРПМ — 708-қ. — 1-т. — 39-іс. — 157–252-п.
  10. ОҚОММ — 121-қ. — 1-т. — 954-іс. — 18-п.
  11. Қазақстанның халық комиссарлары. 1920–1946: өмірбаяндылық анықтамалық. — Алматы: ҚазГЗУ баспа үйі, 2004. — 498 б.
  12. Азалы кітап — Книга скорби. Атылғандардың тізімі. Оңтүстік Қазақстан бойынша. — Алматы: Зерде, — 295 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.