Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңдылық пен құқықтық тəртіпті жетілдіру

Тəу етер тəуелсіздігімізді алып, егеменді ел болған жылдар ішінде жас мемлекетіміз буыны бекіп, қалыптасуының күрделі кезеңін басынан өткерді. Осы уақыт аралығында азаматтардың жеке бас, əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне мəдени құқықтары мен бостандықтарын бекітуде, қалыпты əлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету мен заңдылық қағидасының орнығуына қатысты көп мəселе шешімін тапты. Елдегі заңдылықтың қалыптасуына байланысты аз еңбек жасалмағанымен, оны болашақта жетілдіре түсу қоғамдық жəне мемлекеттік ұйымдардың қызметі уақыт талабына жауап беріп, елде өткізіліп жатқан құқықтық реформалар үрдісінің бүгінгі қадамдары жəне тенденцияларымен санасуымен тығыз байланысты.

Қандай елде болмасын құқықтық мемлекетті қалыптастырудың бұлжымас шарты жəне құралы заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту болып табылатындықтан, əуелі оның теория мен тəжірибе үшін маңызды мағынаға ие мəселесін қолға алу керек. Мұндай мəселені туғызатын жағдайлар ішінде заңдылықтың қағидалары мен талаптарының шегін анықтау елеулі роль атқарады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 2-тармағына сəйкес «Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар деген ереже», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 3-бабының 1-тармағында, ҚР Əкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 9-бабында жəне тағы басқа заңдарда бекітілген заңдылық қағидалары осының көрінісі. Бұл нормалармен заңның жоғарылығы, заңдылықтың бірлігі, шынайылығы жəне ақылға сыйымдылығы сияқты заңдылық қағидаларының мазмұндары анықталған.

Заңдылық мазмұнын білдіретін негізгі идеялары болып табылатын заңдылық қағидалары жəне сақталуы, орындалуы құбылысты заңды ететін жалпы түрде қалыптастырылған заңдылық талаптарының айырмашылығы сол — соңғысы тек белгілі бір субъектілердің жекелеген қызмет түрлерімен ғана байланысты. Мысалы, белгіленген тəртіпте құқықтық актілер шығару талабы тек мемлекеттік органдарға қатысты. Бұл жерде көріп отырғанымыздай, заң ережелері құқық нормасының мазмұнымен негізделген бағытын көрсетуі керек. Осылайша, құқықтық мемлекеттің бір шарты болып табылатын заң мен құқық арасының алшақ болмауы қамтамасыз етіледі.

Құқықтық ретінде орныққан мемлекеттің заңдылық қағидалары мен талаптарының ара қатынасы туралы айта отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  • əрбір заңдылық қағидасы оның заңдылық талаптарының жинағына тармақтала алады. Мысалы, заңның жоғарылығы қағидасы — барлық заңдардың Конституцияға сəйкестігі, заңға бағынышты актілердің заңға сəйкестігі талаптарына;
  • бұл талаптардың өз кезегінде заңда тікелей көрсетілген немесе оның мəтінінен шығатын ережелерге тармақтала алады. Мысалы, судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға ғана бағынады (ҚР Конституциясының 77-бабының 1-тармағы) [1].

Жоғарыда көрсетілген əдіспен біз заңдылық қағидаларынан оның талаптары арқылы нақты құқықтық нұсқауларға өте аламыз. Бұл заңдылықтың талаптарының қатарын нақты анықтауға жəне нормативті түрде бекітіп, нақтылануын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ал ол өз кезегінде заңдылық пен құқықтық тəртіптің нығайтылуы үшін қосымша мүмкіндік туғызады.

Əсіресе мұндай тармақталу əдісіне мемлекеттік билік деңгейлерінде баса назар аударылуы қажет. Мəселен, Қазақстандағы заңдылық жағдайына жасалынған талдау жағымсыз тенденциялардың экономикалық аумақта асқына өршігендігін көрсетеді. Мұндағы заңдылықтың бұзылуына барлық мемлекеттік билік деңгейінде жол берілген. Əр жерде бос бұйдалық, өз мүдделерін алдыға қою, қызметін пайдалану фактілері орын алып отыр. Атап айтсақ, 2011 жылы прокуратурамен Үкіметтің заң талаптарына сəйкес келмейтін 35 актісі анықталған. Олардың көбісі жеткілікті талдаусыз, үстірт қабылданған. Министрлік пен ведомстволарда мұндай актілердің 96-сы, облыстық жəне аудандық акиматтарда екі мыңнан астамы тіркелген. Ал сол жылы прокуратурамен барлығы 29 мыңнан астам заңсыз актілер анықталған. Олардың ішінде екі мыңдайы нормативтік сипатта болған.

Мемлекет үшін заңдылық пен құқықтық тəртіптің атқаратын қызметі олардың қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуіндегі орнымен анықталады. Қоғамды басқарудың идеологиялық, саяси, экономикалық, ұйымдық жəне т.б. əдістері мен құралдарын қолдана отырып, мемлекет солардың қатарында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге де баса назар аударуы қажет. Оған сəйкес, мемлекет құқықтық нормалардың шығуы мен орындалуын, сақталуын, яғни заңдылықты жүзеге асыра отырып, құқықтық тəртіп орнатады [2].

Заңдылық пен құқықтық тəртіп құқықтық мемлекеттің қажетті элементтері болып табылғандықтан, мемлекет мызғымас заңдылық пен құқыққа негізделген қалыпты деңгейдегі тəртіп жағдайында ғана құқықтыққа айналады.

Заңдылықты қамтамасыз ету бейберекет қалыптаспайды. Ол қоғамдық қатынас субъектілерінің жүріс-тұрысына мақсатты түрде бағытталған ықпал етуді талап етеді, яғни басқарушылық үрдіс болып табылады. Бұл үрдістің сəтті жүргізілуі үшін жеке адам мен қоғамға əсер ететін əлеуметтік, экономикалық, саяси, мəдени, психологиялық, құқықтық факторларын ескеру қажет. Өйткені осы факторлардың тікелей немесе жанама əсерінен құқықтық сана қалыптасып, оған сəйкес жүріс-тұрыс сипаттары пайда болатыны сөзсіз.

Осылайша, заңдылықтың нығаюы мəселесі комплекстік сипатқа ие жəне əлеуметтік өмірдің көптеген құбылыстары мен үрдістерімен тығыз байланысты. Сондықтан аталмыш мəселе елдегі жағдайдың жалпы тұрақтану кезінде ғана мүмкін болады.

Жоғарыда айтылғандарда ескере отырып, құқықтық мемлекетті қалыптастыру жағдайындағы заңдылықтың дамуы бойынша төмендегідей болжам жасауға болады.

Ең əуелі заңдылықтың пəндік жəне субъектілік жағынан өзгерістер орын алуы мүмкін. Мұнда заңмен реттелмеген жəне тыйым салынбаған құбылыстарға қатысты объектілер жəне адамдардың жүріс-тұрыстары, құқықты жүзеге асыру актілері заңдылық қасиетке ие болады. Қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері заңдылықтың сақталуына байланысты шынайылығы абсолюттілікке дейін өсе түсетін құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Екіншіден, заңдылықтың нормативтік жағы жетіліп, заңшығармашылықтың құрылымы түбірімен өзгеріске ұшырайды. Мұнда заңнама мазмұны қоғамның дамуының шынайы шарттарына сəйкес болады. Бұл үшін демократияландыру жолымен құқықтық актілердің қабылдануы жетілдіріледі. Сонымен қатар құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде тікелей əрекет ететін, яғни, ешқандай толықтырма жəне нақтылаушы қосымша актілерді қажет етпейтін заңдардың қалыптасуы заңдылықтың аса маңызды қағидасы — заңның жоғарылығын жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі көбінесе қолданыстағы заңдардың сапасы мен ұлттық нормативті-құқықтық базаның тұрақтылығына байланысты болып келеді. Конституциялық бақылау материалдары кейбір заңдардың тиісті түрде тұжырымдамалық дайындықсыз қабылданатынын, бір-біріне қайшы келіп жататынын, ал оларға негізсіз жиі енгізілетін түзетулер қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасының тұрақсыздығын туындатанын айғақтайды [3].

Үкімет бастамашылық жасаған жекелеген заң жобаларын қарай отырып, депутаттар олардың тұжырымдамалары шегінен шығып ғана қоймай, құқықтық нормалармен толықтырып та отырған. Бұл нормалар, Конституциялық Кеңестің есептеуінше, Конституцияда жəне өзге де заңнамалық актілерде көзделген барлық рəсімдерді сақтай отырып (негіздеме жасау, қаржы-экономикалық есептеу жəне ғылыми сараптама жүргізу, заңдық жəне əлеуметтік салдарына болжам жасау жəне т.б.) енгізілетін өз алдына бөлек заң жобасының нысаны болуға тиіс еді.

Одан тыс, заң жобаларын əзірлеу жəне заңдарды қабылдау кезінде Парламенттің Конституцияның 54-бабы 1-тармағында жəне 61-бабы 3-тармағында белгіленген заң шығару өкілеттігінің шегі сақталғаны жөн. Соған орай Конституциялық Кеңес Республика Үкіметінің, Парламентінің жəне заң шығару процесінің өзге де қатысушыларының өзара іс-əрекет жасау рəсімдерін жетілдіру, заң шығармашылығы қызметінің нəтижелерін жəне қолданыстағы заңнаманың тиімділігін ұдайы құқықтық тұрғыдан бақылаудың жүйесін қалыптастыру жөнінде заңнамалық шаралар қабылдау қажет деп пайымдайды.

Конституциялық Кеңестің осы құқықтық көзқарасы құқық бұзушылық құрамдарының белгілерін айқындайтын нормалардың кемшіліктерін тауып, жою мақсатында заң алдындағы жауаптылық шараларын көздейтін заңнамалық актілерге тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қатыса отырып, Конституциялық Кеңес өзінің нормативтік қаулылары арқылы қолданыстағы құқық нормаларын жасайды, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтарының конституциялық негізде өзара келісіп іс-əрекет етуіне, конституциялық заңдылықты нығайтуға, адамның жəне азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары қорғалуына септігін тигізеді [4].

Алайда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» ҚР Конституциялық заңының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметіне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берілмейді жəне бұл заң бойынша жауапкершілікке əкеп соғады деп белгілейтін нормасы (11-б. 1-т.) осы уақытқа дейін заңнамада іске асырылмады. Конституциялық Кеңес мұндай жауапкершілікті сотты құрметтемегені үшін белгіленген жауапкершілікпен ұқсастыра отырып енгізген жөн деп пайымдайды, ал бұл Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңестің беделін көтеру жəне оның Негізгі Заңды қорғаудағы мүмкіншіліктерін күшейту қажет екендігі туралы тапсырмаларына сəйкес келеді («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының VII съезінде сөйлеген сөзі).

Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін бағалай отырып, Конституциялық Кеңес Республиканың құқықтық жүйесі тұтас алғанда Конституция негізінде жəне халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сəйкес сəттілікпен дамып, жетіліп келе жатқанын атап көрсетеді.

Заңдылықты, қоғамдық тəртіпті жəне тəртіпті көтеру Қазақстан Республикасында демократиялық, тəуелсіз, құқықтық мемлекет құрудың маңызды шарты.

Заңдылық, қоғамдық тəртіп жəне тəртіп:

  • қоғамдағы тəртіп негізі, ядросы;
  • демократияның шарты жəне қажетті элементі;
  • негізгі жалпы адамзаттық құндылықтар, құқықтық жəне мəдениеттің маңызды бөлігі.

Заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту құқықтық мемлекет қалыптастыру шарты мен құралы.

Құқықтық мемлекетте:

  1. Заңдылықтың пəндік жағы кеңейе түседі. Адам əрекетінің əр түрлі заңға сəйкестігі арта түседі.
  2. Заңның субъективті жағы өзгереді. Субъект шынайы түрде заңдылықты талап ете алады.
  3. Заңдылықтың нормативті жағы жетіле түседі: а) заң мазмұны шынайы жағдайға, қоғам дамуының прогрессивті бағытына сəйкес келеді; ə) құқық шығармашылық процесі жақсара түседі, ол демократиялық, қоғам мүшелерінің кең қатысуы, ғылыми базаның жақсару нəтижесінде жүзеге асады; б) заңнама құрылымы түбегейлі өзгеруі керек. Заң құқықтың негізгі нысанына айналуға тиісті [5].

Заңдылық, құқықтық тəртіп жəне демократия. Қатаң заңдылық пен құқықтық тəртіпсіз, тəртіпсіз жəне ұйымшылдықсыз шынайы демократияның болуы мүмкін емес. Демократия кез келген түсініктемесінде құқықтық өлшемдерге, «құқықтық жабынға» ие, ендеше, тек қана құқықтық өрісте сəтті дамып, қызмет ете алады. Біздің алдымызда — конституциялық пен биліктің тұтастығы. Кез келген тəртіп бостандықтың жалғасы, ал құқықтық тəртіп тіпті солай. Біздің алдымызда — көрсетілген үш категорияның тұтастығы.

Демократия — барлығына рұқсат ету емес, ол қоғамды басқарудың мұқият жөнге келтірілген жүйесі, халықты билеу түрі. Құқық, заңдар, тəртіп — демократияның ажырамас элементтері, оларсыз ол орнықсыз жəне осал нəрсеге айналып кетер еді. «Шексіз», құқықтық шекарадан тыс демократия — бұл аласапыран, анархия, апат. Заңдылық — демократияның іргетасы, онсыз ол құмға салынған үй сияқты қирап қалар еді. Сондықтан «Құқық пен заңдылық арқылы демократия үшін!» деген үндеу ортақ ұранға айналуы керек.

Демократия — бұл халық билігі екендігі белгілі. Заңсыз билік толыққанды емес жəне тиімділігі нашар. Өз кезегінде, заң, егер ол билікке сүйенбесе, дəрменсіз. Сондықтан заң мен билік белгілі мағынада — синонимдер, олар бір-біріне қажет жəне бірінсіз бірі мүмкін емес. Сот өз үкімін тиісті заңның негізінде мемлекеттің (биліктің) атынан шығарады, ол осылайша олардың бірігуін, ажырамастығын кейіптейді. Билік заңның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал заң билікті өз аясында ұстап тұрады жəне өктемдіктен, жүгенсіздіктен сақтандырады. Демократия — бұл заң мен заңдылықтың салтанаты.

Бүгінде ел басшылығының бағдарламалық мəлімдемелерінде былай деп жарияланады: «Біздің басты проблемамыз — қатаң жəне жалпыға міндетті ережелердің болмауы. Кез келген адам сияқты қоғам да оларсыз өмір сүре алмайды. Ал мемлекеттегі ережелер — бұл заң, бұл Конституция, бұл тəртіп. Бұл жерде мемлекет өзінен бастауы керек. Ол тең ережелерді белгілеп қана қоймай, оларды сақтауы да керек. Заңмен белгіленген ортақ тəртіп нормаларын əркімнің орындауына осылай ғана қол жеткізуге болады... тəртіптің болмауын шынайы демократия деп ұғымдарды шатастыруға болмайды».

Кейбір əлеуметтанушылардың пікірінше, Ресейде бүгінде тəртіптен гөрі бостандық көп, ал Батыста бостандық тəртіптің шегінен тыс емес, оның шегінде орналасқан. Демократия жөнінде де соны айтуға болады — ол құқықтық өріспен сəйкес бола бермейді.

Заңдық нормалар демократияның «біріктіргіші» ретінде қолданылады, бұл «біріктіргіштер» қаншалықты сенімді болса, аталмыш институт та соғұрлым баянды жəне тұрақты болады. Жас ресейлік демократияның көптеген қиындықтары, шығындары оның қатаң құқықтық негіздерінің, құқықтық дəстүрлерінің болмауынан болып табылады. Осыдан — жаңа Ресейде азаматтар мен олардың бірлестіктерінің алдында айқара ашылған мүмкіндіктерге көптеп қиянат ету туындайды. Əрине, заңнаманың өзі мəні жағынан демократиялық болуы тиіс.

Алайда (жəне бұл кері байланыс) заңдылық пен құқықтық тəртіп демократиядан тыс ақылға қонымсыз, себебі бұл жағдайда адамның құқықтарын, тұлғаның бостандығы мен қауіпсіздігін, заңдық механизмдердің қалыпты қызмет етуін іске асыру үшін қажетті жағдайлар болмайды. Демократия кезінде адам құқықтары басқа адамдардың тек сондай құқықтарымен, яғни мүдделер, тепе-теңдігімен шектелген.

Əрине, демократия заңдылықпен жəне құқықтық тəртіппен ғана емес, сонымен қатар анағұрлым кең ауқымда — адамдар мен лауазымдық тұлғалардың қоғамдық тəртібімен, тəртіптілігімен, ұйымшылдығымен, жағымды жауапкершілігімен жəне міндеттерімен байланысты. Мұның бəрі — кемелденген, дамыған демократияның, саяси жүйенің қажетті компоненттері.

Демократия — құқықтық заңдылық пен құқықтық тəртіп ұсынатын басымдықтарды қолдануға арналған табиғи берекелі орта, олардың кепілдіктері. Тек полицейлік, тоталитарлық, репрессиялық тəртіптер ғана демократияны қажет етпейді. Керісінше, демократия олар үшін — масыл. Міне сондықтан аталмыш тəртіптерді антидемократиялық деп атайды [6].

Заңдылық жəне құқықтық тəртіп проблемалары, əр уақытта ғалымдардың жəне іс жүзіндегі қызметкерлердің көңілін өзіне аударады, себебі жеке адамның құқығы мен еркі қоғамның саяси режимінің шешуіне тікелей байланысты. Құқықтық мемлекеттің дамуының алғышартын құру кезеңінде, бұл тақырыптың өте үлкен маңызы жəне қажеттігі бар. Заңдылық жеке адамның шын мəніндегі еркіндігін, оның құқығы мен еркінің шындығын қамтамасыз етеді, өзінің құзыреті мен өкілеттілігі көлемінде мемлекеттік органдардың жəне қоғамдық ұйымдардың жұмысына септігін тигізеді.

Қазіргі заңдылықтың түсінігін белгілеу кезінде үлкен көңіл аударатын мəселе, мемлекеттің заңдарында жəне заңға қосымша нормативті шығармашылықта, шын мəніндегі құқықты көрсете білу идеясы. Заңдылық іс жүзіндегі құқықтың жүйесі ретінде, қоғамдағы құқықтық принциптерді, жалпы адам баласының идеалдарымен бағалылығын кіргізетін (сіңіретін), құқықтық заңдардың болуын болжайды. Осылай шешу қисындық жағынан ақтауға тұрады. Егер біз жағымды құқықтың, құқық принципіне жəне идеясына міндетті түрде сай келуін мойындасақ, онда заңдылықтың, құқықтық заңдылықта ғана, өмір сүруге мүмкіндігі болады. Сонымен бірге жаңа теория, толық түрде, өзін құрғаннан кейін бітпейді, əрі қарай терең дамытуды қажет етеді. Заңдылықты жаңаша түсіну, оны іске асыру процесінде бекиді, сонымен қатар бұрынғы құқықтық ойлардың жетістіктерін есепке алу қажет. Заңдылықтағы ұсынылған түсінікте, ең алдымен, жағымды құқықтың сапалы жағы бөлініп шығады, осыдан бастап заңдылықтың сапалық жағы өсе түседі. Бірақ заңдылық — қиын жəне жан- жақты түсінік, құқықты құрумен, əрекетпен жəне құқықты іске асырумен демократия жүйесімен байланысты. Заңдылықтың мазмұны тек құқықтық шығармашылықтың сипатымен ғана емес, нормативтік материалды сақтауда, орындауда жəне қолдануда көрінеді.

Заңдылықты заң шығарушымен салыстыруға болмайды, ал оның талабы тек заң шығарушыға қараумен шектелуі мүмкін емес, оның міндеті — құқыққа сай нормативтік актілерді шығару. Əдебиетте көрсетілгендей, заңдылықты дəстүрлі түсініктен ауыстырмай, заңдарды жəне басқа нормативтік актілерді — мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, қоғамдық ұйымдардың жəне азаматтардың бұлжытпай дəл орындауын, субъектілерінен талап етуші ретінде тануымыз қажет.

Бұл жағдайды, заңдылықтың анықтамасын құрғанда жаңа идеялармен қоса, қарсылық тудырмаған ескі идеяларды да көрсету қажет. Осы идеяға көптеген авторлар құлақ асады (оның біреуі В.Н.Хропанюк). Заңдарды жəне соларға негізделген нормативтік актілерді бұлжытпай сақтаудың қажеттігін көрсетпесе, заңдылық өзінің теориялық жəне іс жүзіндегі маңызын жояды, себебі қоғамдық əрекеттегі құқықты сыйлауға, оны күнделікті өмірге жүргізуге кедергі жасайды. Қоғам мүшелерінің құқықтық мəдениетін, мүдделерін, құқықтық танымын көтеру, барлық субъектілердің құқықтық тəртіптің маңыздылығын біліп, құқық бұзудың зияндылығын болғызбау қажеттілігін талап етеді.

Сондықтан заңдылықтың кейпі, ең алдымен оның шындық негізімен, қоғамдық қажеттілікті жəне қоғам мүшелерінің жалпылама мүдделерін көрсететін құқықтық заңдармен анықталады. Сол негізде, заңдылық пен заңдар арасында тығыз қарым-қатынас бекиді. Заңдылықтың жоғарғы деңгейі тек сонда мүмкін, егер құқық нормаларының ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін келісімді жүйесі құрылса. Уақыт өткен сайын, жекелеген құқықтық ережелердің ескіруіне байланысты, мемлекет тек жаңа заңдар шығарып қоймай, оларды жаңалап жəне жетілдіруге ұмтылуы қажет. Құқықтық реттеуге жататын кейбір мəселелердің жеткілікті түрде құқықтанбағандығы, құқықтағы жетімсіздік, кейбір құқық нормаларының ескілігі, құқықты іс жүзінде қолдануға жəне заңдылық принципті жүргізуге кесірін тигізеді, себебі құқық нормаларын дұрыс қолдануда қиындық жəне ыңғайсыздық туғызады [7].

Еліміздегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформа нарық қатынастарына көшу, қызметтегі заңдарды жаңалауды ғана емес, оның ережелерін, əсіресе меншік нысанын, өндірістің жəне ұйымдардың құқықтық жағын, шаруашылықтың еркін дамуын, жалға беру қатынастарын, жеке шаруашылық қызметтер аясындағы құқық бұзушылыққа жауапкершілікті, тамырымен қайта қарауды талап етеді. Заңдарды жетілдіру — тоқтаусыз процесс, себебі құқық өмір талабының өзгеруінен, өсуінен қалып қоймауы қажет. Қоғамдық қатынастарды оңтайлы реттеу жолдары алда да жалғаса береді. Сонымен қатар мемлекет ең соңында құқық мəселелерін шешетін белгілі түрлерді, жолдарды жөнге келтіруге міндетті, ол құқық нормаларының қажетті тұрақтылығын, қоғамдық қатынастардың беріктігін, азаматтардың жəне ұйымдардың өздерінің құқықтары мен міндеттеріне сенімділігін арттырады. Құқықтық жүйе бір мезгілде тұрақты жəне жинақы болуы қажет, ол түсініктердің өз жөніндегі үйлесімдері керек. Заңдардың бір ережесінің көп өзгеруі құқықтық-шығармашылық органдардың беделіне нұқсан келтіріп, заңдылықтың кепілдігін əлсіретеді.

Заңдылықты құқықтық-шығармашылықтың принципі ретінде негіздеп қарауға болады. Оған мемлекеттік органдардың қызметтерінің принципі, қоғамдық ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының жəне азаматтардың тəртібі, сонымен қатар құқықтық заңдарды жəне басқа нормативтік актілерді бұлжытпай сақтап орындау жатады. Заңдылық принципі құқықтық шығармашылықта, құқықтық заңдарды жəне оған негізделген заңға қосымша актілерді қабылдаудан көрінеді. Заң шығарушы, өзінің шығармашылығында құқықтың идеясына жəне принципіне бағынады. Сонымен қатар ол қатаң түрде Конституция белгілеген заңдардың құқықтық-шығармашылық рəсім жолдарымен жүреді. Заңдылық мемлекеттік органдар қызметтерінің қоғамдық ұйымдардың принциптері, ал олардың лауазымды адамдарына, азаматтардың тəртібіне конституциялық дəрежедегі талап қойылады.

Республикадағы мемлекеттік билік, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөлімiнде (4-б.) көрсетілгендей, біртұтас, «ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс- қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады». Заңдылық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының жəне азаматтардың тəртібі ретінде конституциялық талаптар дəрежесіне көтеріледі. Демократиялық мемлекет өзінің саясатын тек заңдылық тəсілдер арқылы жүргізеді, ең алдымен, жұртты ұйымдастыру жəне біріктіру бөлініп шығады, мемлекетті жəне қоғамды басқаруға шақырады, көпжақты іс жүзіндегі қызметке тартып, мəдени жəне түсіндіру сендіру, тəрбие жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды қайта тəрбиелейді. Қоғамдық құрылымдар, азаматтар өздерінің жұмысында құқықтары мен міндеттерін іске асырғанда сол сияқты заңға сай жасайды. Заңдылық, принцип ретінде, мемлекеттік жəне еңбек тəртібін қатаң сақтауды көздейді. Оның негізі ішкі еңбек тəртібін жəне басқа өндіріс қызметтерінің, ұйымдардың жəне мекемелердің тəртібін сақтап, қызметтегі міндеттерді, алған тапсырмаларды, келісімдерді өз кезінде бұлжытпай орындау болып табылады. Заңдылық жəне тəртіп бір-бірімен органикалық қарым-қатынаста болады. Заңдылық тəртіптілікті көздейді жəне өзі белгілі деңгейде содан тəуелді. Тəртіпті бекіту, заңдылықты бекітуге жағымды ықпал жасайды жəне, керісінше, ұдайы тəртіпті бұзушылық заңдылықтың негізінің беріктігіне нұқсан келтіреді.

Заңдылық, режим ретінде, құқық нормаларын іске асыруды қамтамасыз етеді жəне бұлжытпай сақтау, орындау талаптарының жиынтығынан тұрады [8].

Сонымен қатар оларды дұрыс пайдалану қолданудағы дұрыс жолдары мен тəсілдерді бұзғаны үшін жауапкершілік заңдылығын қамтамасыз етеді.

Демократиялық саяси режимде қажетті қоғамдық қатынастар жүйесі пайда болып, құқықты іске асыруға қолайлы жағдай туады, құқықты бұзу ескерусіз қалмайды, қоғам жəне мемлекет жағынан көңіл бөлінеді. Мемлекет заңдылықты бекіту шараларын белгілей отырып, жоғарыда көрсетілген үш сала арқылы түсінуді көздейді.

Заңдылықтың көздейтіні құқық субъектілерінің барлығының бөлінбей, құқықтық-нормативтік материалдарды сақтауы жəне орындауы болып табылады. Мемлекеттік органдар жағынан құқық нормалары бұзылса, берік заңдылық болмайтыны сияқты, азаматтар мен олардың қосылымдары заңдарды сақтамаса, солай болады. Мемлекеттік органдармен қоғамдық ұйымдардың жəне азаматтардың заңдарды сақтауы əр түрлі, бірақ заңдылық жағынан бірдей болады.

Заң əдебиеттерінде заңдылықтың екі бағыты туралы бірнеше рет айтылған болатын. Кең бағытта ойласақ, ол барлық құқық субъектілерінен талап ететін принцип ретінде көрінеді, ал одан кемірек қарасақ — мемлекеттік аппарат қызметтерінің принциптері.

Заңдылықты екі бағытқа бөлудің теориялық жəне іс жүзінде мəні жоқ. Заңдылық түсінігін кеңірек жəне кемірек мəнінде қарасақ, бір бағытында ол барлығына міндетті, екінші жағында — тек мемлекеттік органдар үшін міндетті, соған байланысты қате қорытынды пайда болады, яғни азаматтар əр уақытта заңдарды сақтау қажет емес, тек сонда сақтау керек, егер заңдылық кең бағытта көрінсе, іс жүзінде қай бағытта əңгіме болып жатқанын түсіну қиын жəне құқық бұзуды растауға жол ашылып беріледі.

Ең бастысы, заңдылықтың мазмұнында, мемлекеттік билік жəне басқару органдарымен, азаматтармен жəне қоғамдық ұйымдармен заңдылық сақтау елеулі (татымды) емес деген тұжырым (ой) қате. Ондай тұжырым азаматтардың құқықтық танымының дамуына, заңдарды сыйлау жөніндегі тəрбиеге зиянын келтіреді. Қоғамдық қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне байланысты заңдылықтың жалпыға бірдей тəртібін талап ету қажет. Тек сондай жолмен ғана, қоғамда құқықтық мемлекетті құрудың алғы шарттары құрылады.

Егер құқық субъектілерінің біреулері сондай міндеттіліктен босатылса, не болмаса өзінің қызметінде халықтың арнайы құқық қорғау органдарының бақылауынан шығып кетсе, заңдылықтың бұзылуына шын мəніндегі қауіп туады.

Тоталитарлық режим кезінде заңдылық жекелеген мемлекеттік органдармен көптеп бұзылғаны белгілі. Сондықтан мемлекеттік органдар жағынан əр түрлі заңсыздықты болдырмау түсінікті талап. Бірақ өз жағынан мемлекеттік органдар заңдарды бұлжытпай орындаса, ал азаматтармен жазаланусыз бұзылса, онда заңдылық тағы да бұзылады. Заңдарды сақтау жəне орындау — бір бағыттағы жалпы талап [9].

Заңдылықтың мəні, құқықтық заңдарды құрау оларды өмірге жүргізу, заң шығарушымен жоспарланбаған жəне оған қарсы болатын қоғамдық қатынастарды болдырмау. Егер құқықтық шығармашылық процесс демократиялық сипатта болса, ол құқықтық заңдарды қабылдауға ықпал етеді. Онда заң шығарушының мүдделері халықтың мүдделерімен сəйкес келеді, ал заңдылық барлық қоғамға қызмет етеді, оның алдында тұрған міндеттерді шешуге көмектеседі.

Заңдылықтың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болған уақыты туралы заң əдебиеттерінде екі көзқарас бар. Кейбір авторлардың болжамы бойынша, заңдылықтың барлық кезде бірдей болмағандығын жəне қоғамдағы мемлекетпен, құқықтың міндетті түрде болуымен байланыстырмай, буржуазиялық демократиялық революция кезіндегі теңдік жəне демократия принциптерін іске асыру кезеңінен пайда болғандығын айтады. Демократиялық емес мемлекеттерде, əсіресе жеке адамдардың құқығы зорлық пен қатал бұзылғанда, заңдылық болмады. Басқа авторлар заңдылықтың əр қоғамда, мемлекет пен құқық болғанда өмір сүргендігін мойындайды, себебі қоғам жəне мемлекет екеуі де заңдардың орындалуын жақтайды.

Тарихи даму, саяси теориялар əрбір қоғамда басқа құқықтық құбылыстармен қатар, соған тəн заңдылықтың болғанына куə болады. Табиғи жағынан оның деңгейі əр уақытта əр түрлі болған, заңдардың өзі де демократияның жүйесі де, сондай əр түрлі болған. Дегенмен, заңдылыққа əр уақытта үлкен мəн беріледі. Кездейсоқ емес, мысалы, құқықтық мемлекет құру идеясы тамырымен ерте замандағы өмір сүрген ғалымдарға (заңгерлерге) жатады. Жоғарғы деңгейде жазылған Римнің жеке құқығы өзінің көптеген ережелерінде құқықтық принциптер мен идеяларға жауап береді. Ондай болмаса, он мыңдаған жылдар кейін қазіргі кезеңнің құқық жүйесіне үлкен ықпал жасауы мүмкін емес еді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясы.— Алматы: Жеті жарғы,
  2. Шабуров А.С. Законность и правопорядок. Теория государства и права. — М.: Норма, 1997. — С.
  3. Табанов С., Ертуғанов Қ. Заңдылықты жетілдіру — тəуелсіздіктің берік іргетасы // Ақиқат. — — № 2. — 18–22-б.
  4. Спанов А.Қ., Шапақ У. Құқықтық тəртіп пен заңдылықтың өзара байланысы // Заңгер. — — № 4. — 64–66-б.
  5. Бахрах Д.Н. Вопросы законности в государственном управлении // Правоведение. — — № 3. — С. 3–5.
  6. Степанов В.М. О социалистической законности // Правоведение. — — № 3. — С. 9–11.
  7. Абузяров Н.А. Механизм обеспечения законности. — Алматы: Жеті жарғы, — С. 32.
  8. Ким Ю. За упрочение демократических устоев и конституции законности // Юридическая газета. — — 25 авг.— С. 4.
  9. Қармышов М. Заңдылық сақталмаса, заңсыздыққа жол беріледі: Сұхбат. Б. Ғалиев // Заң газеті. — 2008. — № 56. — 16 сəуір. — 2-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.