Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында алқа билер сотын құрудың құқықтық жəне əлеуметтік мəселелері

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқа билер институтын енгізу — заман талабына сай маңызды мəселе.

Əлемнің қай елінде болмасын, казір сотқа деген сенім мемлекетке деген сенім екендігі баса айтылады. Себебі əділетті сот төрелігі ғана адам кұқының, оның меншігінің, болашағының қорғалатынына жəне оның қауіпсіз жағдайда өмір суретініне сенімділік бере алады. Əділдік, əділеттілік пен тұрақтылық орныққан елге ғана шет жұрт инвестиция салады. Біздің Конституциямызға сəйкес сот билігі Республика атынан жүзеге асырылады жəне оның басты мақсаты азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін жақтайды. Кеңестік кезеңнен өткен сот-құқықтық жүйесін реформаламай өркениет үрдісіне, əлемдік стандарттарға жету қиын. Сондықтан да биылғы жолдауында Елбасы жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің, реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі — сот-құқық жүйесін жетілдіру екендігін атап өтті. Мəселен, Президенттің жолдауында, біріншіден, алқа билер жүйесінің өмірге енгені, екіншіден, тұтқындау кұзырын сотқа беру, үшіншіден, осы заманғы жəне ашық тұрпатты сот жүйесін құру туралы басым бағыттар айқындалды. Ал енді алқа билер үрдісін өмірге ендіру негізінен қазір басталып та кеткен. Бұл аса ауыр қылмыс жасағандарға байланысты ғана қолданылады.

Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздегі жүргізіліп отырған сот реформалары, ұлттық əділ соттың қалыптасу тарихына көзқарасты өршітіп, оның генезисі мен эволюциясының негізгі сатыларына деген қызығушылықты тудыруда. Мемлекеттік-құқықтық реформалар өткен саяси-құқықтық институттардың түбегейлі өзгерістерінің сабақтарын жəне отандық тарихи тəжірибелерін өз бағдарламалары мен жоспарларында көрсетуі керек, себебі ұлттық əділ соттың жетістіктері жоғарыдағы шарттармен тікелей байланысты əрі соған тəуелді.

Елімізді демократиялық-құкықтық мемлекет ретінде одан əрі дамыта түсу биылғы жылы да жалғасын таба бермек. Соның жарқын мысалы — республикадағы қылмыстық сот өндірісіне алқа билер институтын енгізу біз ойлағандай сəттілікпен басталуы. Бір сөзбен айтқанда, сот өндірісін алқа билердің қатысуымен жүзеге асыру еліміздегі əділ соттың жалпы ахуалын елеулі түрде жетілдіруде маңызы зор жəне ол мемлекет мүддесі мен сот беделін одан əрі арттыра түседі.

Алқа билер институты процессуалдық заңнамадағы барлық қағидаларын мінсіз жəне толыққанды орындалуына бағыт-бағдар береді. Атап айтканда, сот үдерісіндегі сайысушылықты қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Алдын ала тергеудің жəне сот тергеуінің сапасын жақсартады. Тараптардың кəсіби деңгейін көтеріп, қылмыстық ізге түсу органдарындағы тəртіпті елеулі түрде қатайтады. Сондай-ақ қылмыспен күресудің атын жамылып, жөнсіз айыптауға жол беруде орын алатын келеңсіздікті жояды [1].

Осы уакытқа дейін сот үдерісіне алқа билер енгізу туралы Жоғарғы сотта көптеген шаралар ұйымдастырылды. Прокурорлар мен адвокаттар қатысқан халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциялар өтіп, алқа билердің қазақстандық кұқық жүйесіне лайықты үлгісі таңдап алынды. Əсіресе республикадағы судьялардың үлкен тобы Мəскеуге арнайы барып, Ресей сотындағы алқа билердің қызметімен жан-жақты танысып, нəтижесі мол тағылым алды.

Қазіргі уақытта алқа билер институтын енгізуге байланысты күмəнмен қарайтын мамандар аз емес, сондықтан бұл тақырып қазіргі кезеңдегі ең көкейтесті мəселелердің бірі болып отыр. Тəжірибе жүзінде сот өндірісі үшін жаңа ережелерді игеру керек. Бұл ережелер бірінші орынға адамзат құндылықтары, өмір мен бостандықты шығаратын Конституция нормаларынан шығады. Алқа билер сотының бір ерекшелігі, олар кəсіби соттар тарапынан жіберілетін мүмкін қателіктерге жол бермей, сот ісін талқылау барысында адамды естен шығармайды.

Алқа билер соты жазаны жеңілдетуге мүмкіндік əрі аса ауыр қылмыстық істерді қарастыруда əділ соттың кепілі ретінде əрекет жасайды. Алқа билердің қатысуымен істерді қарау — демократия қағидаларының жарқын көрінісі. Мемлекет үшін адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылса, алқа билер соты Ата Заңымызбен бекітілген осы негізгі құндылықтарды қорғауга бағытталған. Алқа билер тиісті заңды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның, кінəсі немесе кінəсіздігі туралы кесім шығаратын халық өкілдерінің соты болып табылады.

Бір сөзбен айтқанда, алқа билердің сот істеріне қатысуы — Конституцияда көрсетілген соттардың адам тағдырын шешудегі жəне азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы кызметінің халық ортасында əділдіктің, заңдылықтың үстемдігін паш етуінің айқын көрінісі болмақ. Қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен қарау сот жүйесін реформалауда қол жеткен жетістіктердің маңыздысы деп түсіну керек. Алқа билердің қылмыстық сот үдерісіне қатысуы қылмыстық істер бойынша адам тағдырын жан-жақты зерттеп, зерделеп, əділ шешім шығаруға өзіндік үлесін қосатыны сөзсіз. Алқа билердің əділдікті орнатудағы бірден-бір қаруы — ұшқыр таза ой, өмірлік білім мен тəжірибе болғандықтан, осы институт сот төрелігін əділеттіліктің шыңына жеткізеді деп сенеміз.

Алқа билер соты дегеніміз заңды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінəлі немесе кінəсіздігі туралы ар-ұятқа жүгіне отырып, кесім шығаратын халық өкілдерінің соты болып табылады. Ресей ғалымы М.И.Клеандров:

«Алқа билер тікелей сот актісін шығаруға қатыспайды, олар оны жазбайды жəне оған қолдарын қоймайды, бірақ олар қылмыс жасаудағы айыпталушының кінəлі немесе кінəсіздігі туралы ішкі сеніммен, кəсіби судьяның қатысуынсыз, өз бастамаларымен кесім шығарады», — деп керсетеді.

Жалпы, алқа билер деп тиісті ценздік жағдайлардағы талаптар сақталған, қабылданған тізімдегі адамдар санынан тұратын, таңдалып, тағайындалатын тұлғалар тобын айтуға болады. Алқа билерді тағайындау мəселесі де терең қарастыруды талап етеді. Билер мемлекеттік тілді толық меңгерген, жоғары зерделі, ойлы, жан-жақты, білімді, өмірден түйгені мол, ұйымдастырушылық қабілетке ие, парасатты, шешен əрі жасанды мінез-құлықтан жат, жалған əрекеттерге жол бермейтін, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын, ел мүддесін ойлайтын, тиісті тексерістен өткен тұлғалар болуы қажет.

Алқа билер міндетін атқару — əрбір тізім бойынша тағайындалған азаматтың міндетті борышы. Сондықтан əрбір сайланушы алқа би əділ сот билігін жүзеге асыруға өз үлесін қосып, мемлекет тарапынан жүктелген міндетке құрметпен қарауы керек.

Қазақстан Республикасының алқа билер институтын құруда аталмыш институтты құру тəртібіне, алқа билер мен кəсіби судьялардың өкілеттіліктеріне, алқа билердің қатысуымен өтетін ерекшеліктеріне, сондай-ақ іс жүргізу барысындағы іс-əрекеттерге, алқа билер шешуге жататын мəселелердің қалыптасуына (дайындалуына), алқа билер сотында қойылатын сұрақтардың мазмұнына, сонымен қатар ол сұрақ іске қатысушы алқа билерге түсінікті болуына, мемлекеттік тілді толық меңгермеген адамдарға алқа заседателі болып қатысуына жол бермеу мəселесіне, алқа билердің іске қатысу кезіндегі этикасына, алқа би шешімінің əрі қарай шағымдалу, шағымдалмау мəселелеріне ерекше назар аудару керек. Алқа билерге қатысты заң мен кез келген нормативтік актілер міндетті түрде алдымен мемлекеттік тілде қабылдануы өте маңызды. Аталған институтты енгізу негізінде халық пен билік арасындағы байланыс нығайтылғанымен, жауаптылық мəселенің тиянақты аяқталуын талап етеді [2].

Қазақстан Республикасының сот өндірісі жүйесіндегі алқа билердің мəнін, орнын жəне рөлін анықтау үшін, алқа билер мен халық отырысшыларының арасындағы ерекшеліктерді тереңірек қарастыру керек. Оларға мыналар кіреді:

  • қылмыстық істі алқа билер сотында қарастыру туралы сұрақты шешу маңыздылығы айыпкердің еркіне байланысты болуы керек (бұл жерде бастапқы жəне соңғы процессуалдық сəттерді анықтау қажет);
  • алқа билер əрекеті вердикт шығарумен ғана шектелуі қажет, үкімді тікелей шығару бойынша əрекетке қатысуларына тыйым салынады (халық отырысшысы судьямен тең жағдайда болды, істі қарастыруға тікелей қатысты, соның ішінде үкім шығаруға қатысты);
  • алқа билер сотын қалыптастырудың жолы басқа, яғни территориялық əкімшілікпен (облыстық, аудандық, қалалық əкімшіліктер) қалыптастырылған алқа билердің жалпы тізімінен кездейсоқ таңдау əдісіне негізделеді, ал халық отырысшылары еңбек ұжымымен немесе тұрғындармен сайланды;
  • алқа билер ретінде бір тұлғаны бірнеше рет шақыруды шектеу, ал халық отырысшылары ұзақ мерзімге сайланып, сотта істі қарастыруға бірнеше рет қатысты;
  • алқа билер əрекеті тек қана қылмыстық істерді қарастырумен шектеледі, ал халық отырысшылары қылмыстық жəне азаматтық сот өндірісіне де қатысты. Əрине, алқа билердің ерекшелік белгісі ретінде жоғарыдағы белгілермен шек қоюға болмайды.

Алқа билер мəнінің энциклопедиялық анықтамасына үңілетін болсақ, алқа алушы — қылмыстық процестің субъектілері (қатысушылар) өзінің маңыздылығы бойынша əр түрлілерінің синтезі. Мысалы, алқа билер — «заңмен бекітілген тəртіпте, қылмыстық істерді істерді қарастыру жолымен əділ сотты жүзеге асыруға қатысатын, алқа билер тізіміне енгізілген» азаматтар.

Алқа билер нақты істі қарастыру үшін сот аппаратымен кездейсоқ таңдау əдісімен сұрыпталады. Алқа билер институты Қазақстан Республикасында құкықтық негізде құрылған жағдайда оның құрамына тағайындалатын əрбір алқа билердің адамгершілік қасиетіне ерекше көңіл бөлінген дұрыс. Себебі объективті шешім шығару саналы, салиқалы, ақылды, парасатты, байыпты адамдардың ғана қолынан келетінін ескерген дұрыс.

Алқа би өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық істің мəн-жайын бағалауға міндетті. Алқа би сот ісін жүргізу кезінде өзіне қойылған талаптарды мүліктісіз орындауға тиіс. Мемлекетімізде құрылған алқа билер институты моделі халқымыздың ұлттық, тарихи, əлеуметтік жəне экономикалық ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Бұл ретте біздің еліміздегі басым көпшіліктің пікірін ескеріп, құрлықтық жүйені енгізу орынды. Сонымен қатар алқа билер тек кесім шығарып, заң нормалары бойынша талап етілетін үкімді кəсіби судьяның шығарғаны жөн.

Алқа билер соты институтын өмірге енгізудегі негізгі мақсат — елімізде сот əділдігін жүзеге асыруда демократиялық үрдістің, ашық тұрпатты соттың дамуына жол ашу. Алқа билер корпусынының қалыптасу қағидаларын еске ала отырып, олардың қатысу саласын бірінші инстанция сотында қылмыстық істерді қарастырумен шектеу қажет (аудандық, қалалық жəне оған теңестірілген соттар, облыстық жəне оған теңестірілген соттар). Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында бірінші инстанция бойынша қарастырылатын қылмыстық істердің маңыздылығы мен күрделілігіне, сонымен бірге Жоғарғы соттың судьялары саралаудың деңгейіне байланысты, бұл деңгейде қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен қарастыруынан алып тастау керек. Алқа билердің қатысуымен істерді тыңдау туралы шешім үшін мына алғышарттарға баға беру керек:

  1. Айыпкердің ерік білдіруі.
  2. Істі алқа билер сотында қарастырудың негізгі (соттылық туралы тəртіпті сақтау, істі бірінші инстанция бойынша қарастыру, айыпкердің қалау-тілегі, айыпкерге қылмыстық істі алқа билер сотында қарастырудың мəнін түсіндіру жəне т.б.).
  3. Айыпкерлердің бірі істі алқа билер сотында қарастыру туралы ықылас білдіргенде, іс бойынша басқа айыпкерлер үшін туындайтын мүмкін зардаптар.
  4. Істі алқа билер сотының қарамағынан алу туралы ықылас білдіргендегі туындайтын мүмкін құқықтық зардаптар.
  5. Қылмыстық істі қарастырудағы алқа билердің қатысу сипаты [3].

Біздің таңдаған жүйеміздің, мəселен, көршіміз Ресейден айырмашылығы бар. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, олардың алқа билер сотында өзге елдерден келіп жұмыс істеп жүргендерді өлтірген

«ұлтшыл» жастар жауапкершіліктен босатылған оқиғалар жиі кездесті. Ресейдің таңдағаны — классикалық жүйе. Оларда алқа билер кеңесу бөлмесінде тек өздері ғана бас қосады жəне олардың алқа билері сотталушының тек не кінəлі, не кінəсіздігі туралы ғана шешім шығарады. Судья олардың айтқанына бағынады. Ресейде, егер сотталушының, не кінəлі, не кінəсіз екенін айқындайтын сəтің алдында алқа билер мен судьялардың кеңесу мүмкіндігі болса, кəсіпқой судьялар сотталушының қылмысының қауіптілік дəрежесі мен қоғамдық əсерін түсіндіріп беруге мүмкіндігі болар еді. Сонымен қатар бізде алқа билерді іріктегенде ұлтына, жынысына қарамайды. Компьютерлік таңдау жүргізілді. Алқа билер бір жылда бір ғана процеске қатысады. Келесі процеске қайыра алқа билікке мүше болатын өзге жаңа кандидаттарды іріктеу жүргізіледі. Бұл ұлттық ерекшелікке байланысты келеңсіздікті тудырмауға да жəне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін де ойластырылған шара.

Алқа билер туралы заңда аталғандай, олардың құрамына құқық қорғаушылар, заңгерлер енбейді. Мұндай шектеулердің себебі, алқа билер халықтық сот болғандықтан, шешім арнайы дайындығы бар заңгерлердің емес, қарапайым, яғни, сотқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мамандық иелерінің қатысуымен шығарылуы үшін жасалған шара. Мəселен, Ұлыбританияның заңы бойынша алқа билер құрамына үй шаруасындағы адамдардың, яғни арнайы білімі жоқ жандардың, қатысуы 80 % төмен болмау керек деген ереже белгіленген. Бұл қарапайым халықтың қылмыскерге деген пікірін, көзқарасын білу үшін жасалған əрекет. Ал біздің қазақстандық алқа билер сотының ерекшелігі қате шешім қабылдап кетпес үшін алқа билердің классикалық түрін емес, құрлықтық түрін таңдап алуымызда жатыр. Ол ерекшелікке сай əлгі тоғыз алқа бидің, қасына екі кəсіптік судьяны қостық. Олар кеңесу бөлмесіне бірге кіретін болғандықтан, өздеріне түсініксіз кейбір сұрақтар туындап жатса, сұрап алуларына мүмкіндік бар. Біле білсеңіз, осы құрлықтық жүйені таңдауға көптеген қарсылықтар болды. Өйткені алқа билерге кеңесу бөлмесіне барғанда кəсіптік судьялардың ықпалы əсер етеді деген сенімсіздік белең алды. Ал кəсіптік судьялардың еш ықпалы болмайтындығы сонда, алқа билер кеңесу бөлмесінде өз тоқтаған шешімдерін жасырын, яғни əркім жазбаша, береді. Кеңесу бөлмесіне дейін қандай сұрақтар қойылуы керектігі алдын ала белгіленіп алады. Сөйтіп, кеңесу бөлмесінде алқа билер өздерінің ұстанымдарын анықтап алғаннан кейін парақтағы сұраққа «иə» не «жоқ» деп жауап қайтарады. Ол міндетті түрде жəшікке салынады. Сонан кейін ғана төрағалық етуші судья əлгі сұрақтарды жинап, қорытынды жасайды. Демек, осы арқылы кəсіптік судьялардың алқа билерге сотталушы адамдардың кінəлі немесе кінəсіз еместігін айыруға ықпал жасауына шектеу қойылған, яғни ықпал ету мүмкін емес.

Алқа билер туралы заңда оларды түрлі сыртқы əсер əрекеттерден, күштерден қорғаудың тетіктері қарастырылған. Өздерін, отбасын қорғау немесе қажет болса мүлкін де корғауға алу заң жүзінде жүзеге асырылады. Алқа билер іріктелініп алынғаннан кейін олардың мəртебесі қаралатын іс біткенше кəдімгі судьялардың мəртебесіне теңестіріледі.

Алқа билікке үміткерлерді жергілікті атқару органдары іріктейді. Сот жүйесі іріктеу ісіне араласпайды. Алқа билердің қатысуымен істі қарастырудан айыпкердің бас тартуы мен келуі туралы хаттаманың құрылымы мен мазмұны туралы сұрақтар маңызды болып табылады. Егерде заң шығарушы қылмыстық-процессуалдық заңның елеулі бұзылуының тізіміне айыпкердің алқа билердің қатысумен істі тыңдау туралы қалау-тілегі құқығы бар екенін түсіндіру туралы тəртіпті сақтамау жəне т.б. нұсқамаларды орындамауды енгізетін болса, онда белгілі бір құқық бұзушылықтарды елеулі деп санайтын процессуалдық белгілер болуы керек.

Сот əділдігін жүзеге асыруға алқа билерді қатыстырудағы ең маңызды буын — сотқа шақырылған үміткерлер ішінен сот ісін тікелей жүзеге асыратын тоғыз алқа биі мен оларға тағы қосымша екеуін таңдап алу. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде таңдап алудың көптеген тетігі бар.

Алқа билермен шығарылатын вердиктінің объективтілігі мен дұрыстығын қамтамасыздандыратын, процедураны құру кезінде келесі сəттердің маңыздылығын есепке алу керек:

  1. Сотта төрағалық жасаушы судьяның, алқа билер алқасының старшинасына сұрақтардың тізімі беру тəртібі көрсетілуі керек. Бұл сұрақтардың тізімі жазылған құжат қылмыстық-процессуалдық категориядағы кұжаттардың белгісін сақтау керек, құжатты қалыптастыру тəртібінің заңдылығы туралы сұрақтарды шешуге негіз болатын жəне алқа билер алқасына беруге негіз болатын қажетті реквизиттер, қарастырылып отырған құжаттың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтау.
  2. Вердикт қалыптастырылатын алғышарттар туралы сұрақты шешу керек. Іс бойынша төрағалық жасаушы судьяның сұрақтарына жауап беру процесінде, алқа билерге мүдделі тұлғалардың қандай да болмасын əсер етуі немесе қысым көрсетуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 370-бабында көрсетілген судьялардың кеңесінің құпиясы туралы ережені алқа билер кеңесін жүргізу тəртібіне де қолдануға болады.
  3. Судьяның тек əр сұрағы бойынша алқа билердің дауыстарын есептеу мен дауыс беру технологиясын анықтау керек. Вердиктіні шығару сипаты осы тəртіпті сақтаудың нəтижесіне байланысты; аяқталған шешімді қалыптастыруға кірісуге алғышарт болу керек, бұл алғышарттар судьяға бұрынғы аталған сұрақтар тізімі нысанында, бірақ толтырылған жауап түрінде төрағалық жасаушы судьяға беріледі.
  1. Сұрақтар тізімін жауаптармен бірге төрағалық жасаушы судьяға берудің тəртібін көрсету керек. Осы тəртіпті сақтаудың нəтижесінде вердиктіні заңды деп таниды. Сұрақтар тізімін жауаптармен бірге төрағалық жасаушыға беру мағынасы бойынша вердикт болып табылады. Осыған байланысты жауаптарды төрағаға берудің жеке ережелерін процессуалдық бекітудің маңыздылығы шығады.

Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің үкімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай жəне қосалқы тізімдерден алқа биге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауы жүргізеді. Бір адам алқа би ретінде сот отырыстарына жылына бір реттен артық қатыса алмайды [4].

Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқа биге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін, олардың тегі, аты, əкесінің аты жəне мекенжайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысының хатшысы қойылады. Алдын ала тізімге енгізілген алқа биге кандидаттарға сот талқылауы басталғанға дейін жеті тəуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алқа билерді іріктеу рəсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.

Қаулыланып отырған үкімнің мазмұнын анықтаудағы алқа билер сотының, вердиктісінің орны, ролі, маңызын көрсететін элементтер үкім құрылымында болуы керек деген негіз бар. Егерде вердиктіде айып тағушылық əрекеті жасады деген тұлғаның кінəлілігі мен кінəсіздігі туралы сұраққа жауаптар болса, онда үкім — əрекетті заңдық саралайтын жəне жаза шарасын анықтайтын, процессуалдық акт. Вердикт — кездейсоқ таңдау əдісімен соттың құрамына кірген алқа билердің алқалық шешімі, ал үкім — алқа билер алқасымен шығарылған, вердиктінің сипатын есепке ала отырып, кəсіби судьямен қалыптастырылған заңдық акт.

Қазіргі кезендегі ағылшын жəне американдық процестерде, егерде айыпкер өзін кінəлі деп танитын болса, онда іс алқа билердің қатысуымен қарастырылмайды. Алқа билер вердикт шығарудан босатылады. Егерде айыпкер өзін кінəлімін деп таныса, ол өзінің ісін алқа билер сотында қарастыру құқығынан айрылмайды. Алқа билер сотындағы дəлелдемелерді зерттеу тəртібі сотта төрағалық жасаушы судьяға байланысты. Сот процесіне қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап алған соң, судья белгілі бір анықтама қабылдайды. Дегенменде дəлелдемелерді зерттеу тəртібі бойынша прокурор мен адвокат өз ұсыныстарын енгізе алады.

Мəселен, алқа билердің немесе үміткерлердің дəлелді себептермен қарсылық білдіруі жəне кейбір жағдайда жеребе тастау арқылы өткізу де ойластырылған. Таңдап алуда іріктеп алынған алқа билерге айыптаушы мен қорғаушылар тарапынан ешқандай күмəн тумауы тиіс.

Істі алқа билердің қатысуымен қарау азаматтардың күмəнсіз, əрі бейтараптылықпен үдерістегі сайысушылықты əділ қамтамасыз етеді жəне алқа билер өздерінің шынайы, əділ ісімен адвокаттар мен прокурорлардың кəсіби біліктерін арттыруға барынша ықпалын тигізуі керек. Сонымен қатар сот мəжілісі барысында алқа билер сот əділдігін жүзеге асыруда оған қол сұқпауды, тəуелсіздікті, бейтараптылықты қамтамасыз етуде маңызы ерекше болмақ.

Алқа билер соты жаңа институт ретінде кең алқалылыққа ие, сот қателіктеріне жол бермеуге тырысып, тəуелсіздігімен сипатталынады. Азаматтардың саналарында айыпкерге деген əділ жəне гуманды қатынастың кепілін білдіреді. Адамның кінəлілігі мен кінəсіздігін қатардағы азаматтар анықтайды.

Алқа билер — қоғамның тəуелсіз өкілдері, олар қандай да болмасын ведомстволық жəне кəсіби мүдделерден алыс, шешім шығарғанда сөзталас əрі еркіндік жағдайында əрекет жасап, əділдік ұғымын басшылыққа алады, шешім шығарғанда өзінің тұрмыстық тəжірибесі мен ақылына сүйенеді.

Сотталушыны айыптаудағы соңғы сөз — осы алқа билердің қолында. Алқа билер соты көбінде аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарастырып, вердикт шығарады, сөйтіп қоғамның пікірін білдіреді. Сонымен, алқа билер соты — қылмыстық іс жүргізуді өзгертетін (заңды бұзып алған дəлелдемелерді істен алып тастау, судьяның позициясының нейтралитеті, жақтардың сайыстарының теңдігі) жəне Қазақстанның құқықтық жүйесіне тұтасымен əсер ететін (судьяның əрекетінде құқық шығарушылық элементтерінің қалыптасуы, сот прецедентінің практикасы) институт. Алқа билер соты Қазақстан құқығындағы елеулі өзгерістердің туындауын білдіреді.

Халық отырысшыларын алқа билер сотының бұрынғы үлгісі немесе кейінгі деп санау үлкен қателік. Бұл институттар бір-біріне ұқсамайтын құбылыстар. Халық отырысшылары судьялармен бірге тең түрде іс бойынша шешім қабылдады. Алқа билер іске өздерінің қатынастарын көрсетеді.

Ата Заңымызға сəйкес соттардың қоғамдағы орны нақтыланып, беделі мен мəртебесі арта түсіп отырғандығы мəлім. Жыл сайын сот жүйесін заман талабына сəйкес жетілдіріп, азаматтардың мүдделерін қорғаудың өркениетті үрдісін кеңейту жолында жүргізіліп жатқан істердің нақты көрінісі біздің облыстық соттың жұмысынан да байқалады.

Өмір бір орнында тұрмайтынындай өзгерістер сот саласына да тəн десек, соның ішінде елімізде алқа билер сотының құрылуы құқықтық реформаны тереңдету бағытындағы нақты қадам саналады. Демократиялық, ашық қоғамға түпкілікті енгенімізде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дамытып, жақсартуға ықпал-əсері зор болмақ, мұндай тəсілді қолданудың уақыты туды дей аламыз. Бұл өзі, бір жағынан, оншалықты таңсық та іс емес қой. Мəселен, елімізде кезінде сот төрелігін атқаруға халық өкілдері де тартылғаны белгілі. Осындай үрдісті елеулі өзгешелікпен дамыту мақсатында, шешімді тек судья жалғыз шығармай, өмірден тоқыған-түйгені көп адамдар сарабына салып, əділдік əміріне жүгіну жұрт көңіліне жақын тартар деген үміттеміз. Сонымен, өмір шындығын айтқанда, қылмыстық істерді қараудағы əлі де кездесіп қалып жүрген кей кемшіліктердің орын алуына жол берілмес еді.

Облыста алқа билер соты құрамымен жұмыс істеуге дайындық былтыр басталған болатын. Ол Қазыбек би ауданында орналасқан № 2 сот учаскесі ғимаратының екінші қабаты бүтіндей соған арналып өзгертілді. Бөлмелер, сот мəжіліс залдары, демалатын, жеке кеңесу бөлмелері тиісті құралдармен жабдықталған. Мұндағы алқа билер соты облыста алғашқы болып іске кірісті.

Алқа билер қатысатын сот үдерісі тек облыстық соттарда ғана қаралады. Негізгі алқа билер саны тоғыз болса, оларға қосымша екі кəсіптік судья жетекшілік жасайды. Судьяның бірі төраға болып табылады. Алқа билер қарауына ең жоғары жаза — ату жазасын қолдану қажет етілетін істер ғана беріледі. Жылма жыл елімізде ондай, яғни Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігінде жататын, 700– 800 істер қаралады. Енді қазіргі уақытта барлық облыстық соттарда алқа билер қатысып өткізетін істерге байланысты арнайы бөлмелер жабдықталына бастады [5].

Қазіргі алқа билер өздері шешім қабылдайды. Олар үш сұраққа жауап беруге тиіс: аталған қылмыс орын алды ма? Оған сотталушының қатысы бар ма? Ол кінəлі ме? Бұрынғыдай ашық талқылау деген жоқ. Алқа билер жасырын дауыс беру кезінде дубара, яғни қалыс қалуға, болмайды. Олар не бар, не жоқ деп міндетті түрде жауап беруге тиіс. Ал егер дубара қалған жағдай кездессе, ол тек сотталушының пайдасына шешіледі. Алқа билерге қосымша кəсіптік судьялардан кім тағайындалады дегенді компьютер таңдауы шешіп беретін болады. Сот билігінің тəуелсіздігін реттеу, судьяларды əлеуметтік қорғау, сонымен бірге судьяларды материалдық қамтамасыздандыру, кадрлар саясаты көптеген зандардың нормаларында көрініс тапты. Жарияланып отырған судьялардың жоғарғы мəртебесін жəне оның шынайы əлеуметтік жағдайын, əсіресе теменгі соттардың судьяларының жағдайларының ара қатынасы мəселелері күн тəртібінен алынып тасталды. Материалдық қамтамасыздандыру əділ сотты жүзеге асыруда судьялардың сатылмайтындығын жəне олардың объективті болуларының кепілі болып табылады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тəуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы», «Соттық əкімшілік етудің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыздандыру бойынша шаралар туралы» Жарлықтары, Жоғарғы сот жанынан Соттық əкімшілік ету бойынша Комитеттің құрылуы осы бағыттағы заңды қадамдар болып отыр.

Сот жүйесінің автономдылығының қағидасын заң жүзінде бекіту, судьялардың, құқықтық мəртебесін көтеру, əділ сотты жүзеге асыруды жетілдіру, жаңа құқықтық актінің негізгі ережелері Занның ең негізгі артықшылығы, оның прогрессивтік потенциалы осында.

Қорыта айтатын болсақ, Қазақстанның сот жүйесіне алқа билердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу құқықтық реформаларды одан əрі жетілдіру жəне сот билігінің халықпен бірге бірлесіп жұмыс істеуіне, сот процесінің жұртшылық өкілдеріне жариялы болуына ықпал етері сөзсіз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Канаданов Е. Мнение присяжных заседателей может серьезно повлиять на приговор суда // Правовое государство. — 2000. — № 3. — С.
  2. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тəуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы. — 2000. — 1 қырк. — 2-б.
  3. Демичев А.А. Перспективы Российского суда присяжных // Государство и право. — — № 11. — С. 12.
  4. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне алқа билердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы // Егемен Қазақстан. — — 16 қаңт. — 1-б.
  5. Жаубасов Б. Алқа билер соты — əділдіктің жаршысы // Егемен Қазақстан. — — 1 сəуір. — 3-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.