Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлемнің құқықтық картасындағы мұсылман құқығы

ХХ ғасырдың басына қарай тек Аравия түбегі мен Парсы шығанағы елдерінде ғана мұсылман құқығы өзінің дəстүрлік қалпында əрекет етті деп айтуға болады. Ал қалған мұсылман елдері ХХ ғасырдың ортасына қарай фикхтен, негізгі құқықтық нысан ретінде, бас тартты. Дамыған араб елдерінің құқықтық жүйелері, кейбір ауытқулармен, негізгі екі үлгіде құрастырыла бастады: романо- германдық (француздық) — Мысыр, Сирия, Ливан, Магриб елдері жəне англо-саксондық — Ирак, Судан. Бұл елдерде мұсылман құқығы тек негізінен мұсылмандар арасындағы неке-отбасылық, өсиет жəне тағы басқа кейбір қатынастарды реттеуші ретіндегі рөлін сақтады.

Иранның құқықтық жүйесіне де сəйкес баға беруге болады. ХХ ғасырдың 20–30-жылдары өткен күрделі реформалардың нəтижесінде Иранда да мұсылман құқығының əрекет ету аумағы тарылды. Бұл реформалар сауда, қылмыстық, азаматтық жəне азаматтық іс жүргізу кодекстерінің қабылдануымен байланысты болды. Джафариттік сипаттағы фикх өзінің орнын тек жеке мəртебе жəне вакфтердің құқықтық жағдайын анықтау салаларында сақтап қалды [1; 35–38, 224, 106–108].

Құқықтық жүйелерді түбегейлі қайта құру, сондай-ақ фикх нормаларын кеңінен кодификациялау аталған елдердегі мұсылман құқығының құрылымының өзгеруіне алып келді. Мұсылман құқығы құрылымының, оның салалары деңгейіндегі өзгеріске ұшырауы, оның нормаларының құқықтық ерекшеліктерінің айқын өзгерістерімен үйлесті. Себебі Маджалланың (Осман империясында 1869– 1876 жж. қабылданған Соттық жəне азаматық құқықтары бойынша мұсылмандық-құқықтық нормалардың жинағы) жəне жеке мəртебе сұрақтары бойынша заңнаманың шығуынан кейін əрекет етуші мұсылман құқығының қайнар көзі ролі біртіндеп, мемлекеттік уəкілетті органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актіге өтті [2].

Қазіргі кезде аталған елдердің ешқайсысында мұсылман құқығы жалғыз əрекет етуші құқық болып табылмайды. Сондай-ақ мұсылман құқығы ешбір мұсылман елінде əрекет етуші құқықтық нормалар жүйесі ретіндегі өзінің орнын толықтай жоғалтқан жоқ. Тек Түркияда ғана ХХ ғасырдың 20-жылдары халифатты ресми түрде жойғаннан кейін, барлық салаларда мұсылман құқығын батыс еуропалық модельдегі заңнамамен ауыстырылды.

Мұсылман құқығы нормаларының қолданылуы мен оның əрекет етуші заңнамаға əсер ету деңгейіне байланысты əдебиеттерде мұсылман елдерінің қазіргі кезгі құқықтық жүйелерін келесідей бөлу ұсынылған.

Бірінші құқықтық топты мұсылман құқығы максималды кең қолданылатын Сауд Аравиясы мен Иран құрайды. Ең алдымен мұсылман құқығының нормалары мен қағидалары бұл елдерде қалыптасқан конституциялық заңнамаға жəне басқару нысанына əсер етеді. Аталған екі мемлекетте мұсылман құқығы əрекет етуші құқықтың басқа да салаларында басымдыққа ие. Атап айтсақ, Иранның конституциясы барлық қабылданатын заңдардың шариғатқа сəйкес болу талабын бекітеді. Бұл талаптармен қоса аталған елдерде, сəйкесінше ханбалиттік Сауд Арвиясында жəне джафариттік Иранда, мұсылман құқықтық мектептерінің қағидалары мен нормаларын бекітуге бағытталған заңдар қабылданған. Жеке мəртебе саласында мұсылман құқығы өзінің дəстүрлі нысанында қолданылуда. Бұл сотты ұйымдастыру жəне сот процесінің қағидаларына да қатысты.

Егер Сауд Аравиясында мұсылман құқығы ешқашан өзінің негізгі, басымдыққа ие құқық қайнар көзі ретіндегі орнын жоғалтпаған болса, Иранда ол мұндай дəрежеге қайтадан тек шах режимі құлатылғаннан кейін ғана жетті.

Екінші топты ЙАР, Ливия, Пəкістан жəне Судан мемлекеттерінің құқықтық жүйелері құрайды. Бұл елдердегі мұсылман құқығының əсер ету шеңбері, Сауд Аравиясы мен Ирандағы сияқты, кең емес, бірақ айтарлықтай ауқымды жəне кейінгі он жылдықтарда, ғалымдардың айтуы бойынша, кеңею тенденциясы байқалады. Мұсылман құқығының нормалары мен қағидаларының ең алдымен бұл елдердің конституциялық сипаттағы негізгі актілеріне жəне мемлекеттік механизмнің құрылымы мен қызметіне əсер етеді. Аталған мемлекеттердің жалпы құқықтық жүйеде фикхке басты орын беріледі. Атап айтқанда, 1977 жылы Ливияда Құран Конституцияның орнына қолданылатын «қоғам заңы» деп жарияланды. 1970 жылғы ЙАР жəне 1973 жылғы Пəкістан Конституциялары мұсылман құқығының заңнаманың негізгі қайнар көзі ретіндегі орнын бекітеді, ал 1985 жылғы Судан конституциясы мұсылман құқығын бұл орынға əдет-ғұрып нормаларымен қоса бекітеді. 1977 жылы Пəкістанда, мемлекетте қалыптасқан заңнаманы шариғатқа сəйкестендіру бойынша ұсыныстарды құрастыратын, ислам идеологиясының Кеңесі құрылды. ЙАР-да1975 жылы конституцияға сəйкес, мұсылман құқығының нормаларын кодификациялау бойынша құрылған, ғылыми комиссия жұмыс істей бастады. Осы Комиссияның бастауы бойынша 1976–1978 жж. сыйға тарту жəне вакф туралы заңдар күшіне енді. Аталған актілердің барлығы, олардың үндемеуі жағдайында, мұсылман құқығының «сəйкес келетіндеу» нормалары мен қағидаларын қолданылуын қарастырады.

Құқықтық жүйені исламизациялау бойынша күрделі шаралар Суданда да қолданылды. 1983 жылы бұл елде мұсылман құқығының негізгі институттарын қабылдаған, жаңа қылмыстық заңнама күшіне енді, ал 1984 жылы жер иеленуді реттейтін мұсылмандық-құқықтық нормаларды қолданысқа енгізу туралы президент жарлығына қол қойылды. 1985 жылдың сəуірінде Немейраның реакцияшыл режимі құлатылғаннан кейін Суданның жаңа басшылығы бұл заңнаманы жоятындығы туралы жариялады. Бұл жерде сөз мұсылман құқығынан бас тарту туралы емес, ескі заңдарды, оның шынайы» нормаларын енгізуді көздейтін жаңаларымен алмастыру туралы болды.

Аталған төрт елде де мұсылман құқығы кез келген алып тастаусыз жеке мəртебе жəне вакфтердің құқықтық жағдайын реттеуде жəне мұсылман соттары сақталған.

Келесі топқа Парсы шығанағының кейбір елдері — БАƏ, Бахрейн, Кувейт, сондай-ақ Оңтүстік- Шығыс Азияның кейбір елдері — Бруней, Малайзияның кейбір штаттары жатады. Бұл мемлекеттердің негізгі заңдары исламның мемлекеттік сипатын жариялап, мұсылман құқығының заңнаманың негізгі қайнар көзі деп бекітеді. Аталған мемлекеттердің де заңнамаларына мұсылман құқығы, алдыңғы екі топтардың мемлекеттеріндегідей болмаса да, əсер етеді. Мысалға, 1960 жылғы Кувейттің жəне 1976 жылғы Бахрейн Қылмыстық кодекстері спирттік ішімдіктер мен құмар ойындар үшін жауапкершілік көздейді. Брунейде ішімдік заттарды сатуды шектеу туралы заң қабылданған, БАƏ-нің заңнамасы имамдар мен хатыбтердің құқықтық жағдайын толықтай реттейді, ал Бахрейнде қажылық пен зекет қорын ұйымдастыру туралы заңдар қабылданған. Бахрейннің сотты ұйымдастыру туралы заңы бойынша, заңда шешім болмаған жағдайда мұсылман құқығының жалпы қағидалары мен кейбір нормаларын қолдану туралы айтылған. Бруней мен Малайзияда мұсылман деликттік құқығының нормалары діни міндеттерді бұзушыларға қолданылады [3; 27–51, 69–75].

Тағы бір көпшілік елдерді біріктіретін топты араб елдерінің (Мысыр, Сирия, Ирак, Ливан, Марокко, Йордания, Алжир), Африканың (Самоли, Мавритания, Нигерияның солтүстік штаттары) көпшілік мемлекеттерінің құқықтық жүйелері жəне Ауғанстанның құқықтық жүйесі құрайды. Бұл топты құрайтын елдердің құқықтық жүйелеріне мұсылман құқығының əсер етуінің бірнеше аспектілерін қарастыруға болады. Олардың конституциялық құқығы негізінен ислам мен мұсылман құқығының ерекше жағдайын бекітеді. Мысалға, ол елдердің көбісінің конституциялары бойынша ел басшысы болып тек мұсылман ғана бола алады, ал мұсылман құқығы заңнаманың қайнар көзі болып табылады. Аталған конституциялық ереже басқа құқық салаларында да жүзеге асырылады. Мысалға, отбасы құқығы саласында, аталған мемлекеттердің көбісінде, толығымен мұсылман құқығына негізделген заңдар қабылданған. Оларға Ливанда қолданысқа ие, 1917 жылғы Отбасылық құқықтар туралы Осман империясының Заңы, 1920 жəне 1929 жылдардағы Мысырдың отбасы заңдары, 1953 жылы шыққан Сирияның «Жеке статус» туралы Заңы, Йордания, Ирак, Марокко, Сомали, Ауғанстан жəне тағы басқа елдердің ұқсас заңдары жатады.

Бірқатар елдердің (мысалы, Мысыр, Сирия, Ирак) азаматтық кодекстері, өсиет жəне мұрагерлікке байланысты барлық сұрақтар мұсылман құқығының жəне оған сəйкес қабылданған заңдардың негізінде реттеледі деген ережені қамтиды. Ондай мұрагерлік, өсиет, қамқорлық пен қорғаншылық, құқық қабілеттілігін шектеу сұрақтарын реттейтін заңдар (кодекстер) аталған топты құрайтын елдердің көбісінде қабылданып, мұсылман еместерге де қатысты қолданылады. Кейбір жағдайларда бұл сұрақтар доктринаның дəстүрлі нысанындағы мұсылман құқығымен реттеледі.

Басқа құқық салаларында мұсылман құқығы, жоғарыда көрсетілгендей, əмбебап сипатта əрекет етпейді. Бірақ дегенімен мұнда да оның кейбір нормалары қолданысқа ие. Сондай-ақ азаматтық құқықта, заңмен реттелмеген жағдайларда, оның субсидиялық қолданысына жол берілген. Атап айтқанда, Мысыр, Сирия, Ирак, Алжир, Ауғанстан, Йордания азаматтық кодекстерінің бірінші баптары заң реттемеген жағдайларда сот мұсылман құқығының қағидаларын қолданатындығы бекітілген. Сонымен қатар бұл елдердің азаматтық кодекстері өздерінің баптарында мұсылман құқығының құқығын асыра пайдалану, оқыс жағдайлар, шаруашылық жəне вакфтік жерлерді жалға беру, қарызды аудару жəне тағы басқа туралы бірқатар жалпы жəне нақты ережелерін бекітеді. Бұл елдердің азаматтық құқықтарында, соның ішінде қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын реттеуде де, вакуфтік мүліктің режимі туралы мұсылман құқығының нормалары белгілі бір маңызға ие. Аталған жағдай басқа да құқық салаларында орын алды, атап айтқанда, Марокко мен Солтүстік Нигерияның қылмыстық құқықтарында [3].

Жалпы алғанда, бұл топтағы мұсылман құқығының əрекет ету саласы айтарлықтай шектеулі. Осы топтың барлық мемлекеттерінде жеке мəртебе қатынастары бойынша туындаған дауларды шешу кезінде мұсылмандық іс жүргізу құқығының көптеген нормаларын қолданатын мұсылман соттары əрекет етеді.

Ерекше топты мұсылман құқығы мұсылмандар арасындағы жеке мəртебе қатынастарын, сондай- ақ вакфтердің, зекетті жинау мен жұмсаудың құқықтық жағдайын реттейтін африкалық (Танзания, Мали, Чад) жəне азиялық (Үндістан, Филиппин аралдары) мемлекеттердің құқықтық жүйелері құрайды. Кейбір кездерді фикх нормалары бұл елдерде қабылданатын заңнамаға əсер етеді. Атап айтқанда, Танзанияның 1971 жылғы Отбасы кодексі мұсылман құқығының кейбір нормаларын бекітті. Бірақ ол елдің мұсылмандарының басым көпшілігі тұратын Занзибарада əрекет етпейді. Бұл жерде мұсылман құқығының ережелері отбасылық жəне азаматтық құқықта да дəстүрлі түрде доктрина нысанында қолданылады. Бұл елдерде мұсылман соттары əрекет етеді (мысалға, мұсылман соттары 1982 жылы Филиппин аралдарында мойындалды).

ЙХДР мен Тунистің құқықтық жүйелері ерекше орынға ие. Олардың неке-отбасы заңнамасына мұсылман құқығының белгілі бір əсер еткен, бірақ мұсылман құқығының кейбір институттарынан бас тарқан, мысалға, Тунисте заңнама полигамияға тыйым салған, ал ЙХДР-ның 1974 жылғы Отбасы кодексі шариғаттың кейбір ережелерін бекіткенімен, отбасы қатынастарында əйелдерге еркектермен тең ететін құқықтар берген. Екі елде де мұсылман соттары жойылған. Сондықтан қарастырылып отырған елдермен салыстырғанда бұл мемлекеттерде мұсылман құқығының əрекет ету шеңбері тар (заңнамасы шариғат нормаларын мүлде қамтымайтын Түркияны санамағанда).

ХХ ғасырдың басында батыс елдерінде мұсылмандардың үлкен қауымдарының пайда бола бастауымен, батыстық қоғамның алдында өзінің аумағында Шариғаттың легитимділігін мойындау мəселесін қарастыру сұрағы пайда бола бастады. Батыстағы мұсылман қауымдары тез өсе бастады. Сондай жылдамдықпен ата тектері мұсылмандық жаңа еуропалықтар мен американдықтардың исламдық санасы да өсе бастады.

Бөтен елдегі олар мұсылман екендерін еске түсіріп, міндеттері, діннен безгендер қатарына қосылмас үшін, исламды ұстану керек екендігін түсінді. Ал ислам шариғатсыз мүмкін емес болғандықтан, жəне мұсылман қауымының құқықтық негізі тұрғылықты елдің заңы емес жалпы исламдық құқық болғандықтан, шариғаттың батыс қоғамында орын алуы заңдылық болды.

Британия жəне оның одағының мемлекеттері соңғы ғасырлар бойы көптеген салаларда алдыңғы қатарда болды. Өндірістік төңкеріс кезінде де, бүкіл планета бойынша жаңа жерлерді игеру бойынша да жəне қазіргі мұсылман тұрғындарын өз қоғамына интеграциялаудың жаңа нысандарын іздеу, кезеңінде де алдыңғы қатарлы Британия өзінің либералдық құқықтық жүйесіндегі шариғаттың легитимділігін таныған алғашқы батыстық мемлекет болуы арқылы, халықаралық саясатта көшбасшы болуға құқығын дəлелдеді. Шариғаттың Британиядағы легализациясы исламның Батыстағы ғана емес, жалпы қазіргі замандағы бейімделуінің дəрежесін көрсетеді.

Британияның бұл көшбасшылығы оның саясатта орын алған оқиғалар мен қақтығыстардың соңынан емес, болуы мүмкін проблемалардың алдын алу үшін, олар орын алғанға дейін əрекет етуге үйренгендігімен түсіндіріледі. Мұндай тенденция Британиямен қатар британ Одағының басқа да ел- дерінде, ең алдымен Канадада байқалуда.

Батыс Қоғамының Шариғаттың құқықтық жүйенің легитимді бөлшегі екендігін түсінуге себеп- кер болған Кентерберийлік архиепископ Роуэн Уильямс жəне корольдік бас сот Николас Филлипс. Архиепископ Роуэн Уильямсқа келесі тарихи сөздер тиесілі: «Шариғаттың кейбір аспектілері біздің қоғамда танылған. Себебі олар мемлекеттің заңдарына қайшы келмейді». «Танылған» деген сөз сол кезде пайызсыз ислам банктері қызмет ететін, британдық қаржы саласына қатысты болған. Ал архи- епископ британдықтарға Шариғатты мойындауда одан əрі баруды ұсынды [4].

Уильямстың логикасы бойынша мұсылмандар отбасы, əлеуметтік, қаржы жəне тағы басқа салала- рында, ислам қағидаларын берік ұстана отырып, британдық заңнамаға емес, шариғат нормаларына бағынады. Мұсылмандардың ондай параллельдік нормаларға жүгінуі олардың британдық құқықтық жүйемен қамтылмауына алып келді. Уильямс британдық мұсылмандардың заңға бағынушылықтарын жоққа шығармаған, тек олардың шариғатты да, британдық заңнаманы да сақтаудағы туындайтын қиындықтарын баяндады. Бұл сұрақты орын алған фактіні тек заңдастыру жолымен ғана шешу мүмкін еді. Ол туралы «мұсылман қауымында ерікті негізде əрекет ететін, альтернативті, параллельдік құқықтық жүйе» туралы айтылып жатқан кезде, өзінің «Ұлыбританиядағы ислам» атты еңбегінде, Ис- лам мен христиандықты зерттеу институтының директоры Патрик Сухдео жазған болатын.

Сол себептен де Уильямс мұсылман қауымын қолдай отырып, олар ұстанатын параллельді ша- риғат нормаларын британ құқықтық жүйесінің бір бөлігі деп тануды ұсынған болатын. Сол арқылы исламды ұстанушыларды Британияның құқықтық кеңістігіне енгізуді қолдады. Бұл бұрын орын ал- маған жағдай болған жоқ, себебі еврейлік неке бұзу құқығының кейбір аспектілері бұрыннан британ құқығының бір бөлігі болып танылған. Ол қоғамның бөлінуіне немесе қоғамдағы құқықтық теңсіздікке алып келген жоқ.

Шариғатты мойындауды қолдау бойынша эстафетаны аз уақыт өткеннен кейін Ұлыбританияның корольдік бас сот Николас Филлипс ислам заңдары британ қоғамына пайда алып келуі мүмкін деп айта отырып, өз қолына алды [5].

Филлипс шариғаттың кейбір нормаларының легитимділігіне, олардың британдық заңнамаға қайшы келмеуі жəне дене жазаларын қолдануды көздемеу шарттары сақталған кезде ғана, жол беруге шақырды. Яғни Филлипс пен Уильямс Ұлыбританияның кейбір тұрғындарының өз өмірлерін шариғат нормаларына, егер ол британ заңнамасымен кепілдендірілген құқықтарға қайшы келмесе, ерікті түрде бағынышты етулері мүмкін екендігін мойындады. Бұл жерде сөз шариғаттың азаматтық нормаларының мойындалуы жəне оларды үштік жəне арбитраждық соттардың тəжірибесінде легитимділігін мойындау туралы болды. Филлипс «бейбіт келісім жəне дауды шешудің басқа да альтернативалық түрлері ша- риғатқа негізделуі мүмкін болмауын көрсететін себептер жоқ» дей отыра, мемлекетте шариғат заңнама- сының табиғатын «түсінбеушілік кең етек алған» дегенді ерекше көрсеткен.

«Бұл мемлекетте келісімге отыратын адамдар ол келісімді ағылшын заңдары емес басқа заңдар реттейтіндей етіп өзара келісе алады. Бұл мемлекетте өздеріне тиесілі құқықтар бойынша араларында келіспеушілік орын алған адамдар, дауды шешуді олар таңдаған үшінші жаққа ұсынуға немесе орын алған келіспеушіліктер таңдалған арбитр немесе арбитрлермен шешілсін деп келісуге құқылы», — осылайша Филлипс мұсылмандардың даулы жағдайларда шариғат соттарына жүгіну қажеттілік- терінің заңдылығын негіздеді. Сол себептен ол архиепископтың пікірін ресми түрде қолдады. Сондай-ақ ол шариғат заңдары тек дене жəне өлім жазасына құқық береді деп түсінудің дұрыс еместігі туралы айтты.

ХХ ғасырдың аяғына қарай Канаданың Онтарио штатының сот билігі аталмыш пікірге келді. Олар жергілікті азаматтық соттарға жеңілдік жасау мақсатымен мұсылмандық, еврейлік, католиктік діни топтарға ажырасу, балаларды қамқоршылықты жүзеге асыру жəне мұрагерлікке қатысты отбасы дауларында арбитр болуға мүмкіндік берді. 2004 жылы Канада құқықтық экспериментке кірісті. Ол бойынша сол кезде 600 мың адамды құрайтын исламдық азшылыққа даулы сұрақтарды шешу үшін шариғат сотына жүгінуге мүмкіндік берілді. Канадалық шариғат сотына көптеген азаматтық даулар- ды — ажырасулардан бастап бизнес саласындағы дауларға дейін шешу бойынша уəкілеттіліктер беру жоспарланған болатын. Соттауды бұрынырақ құрылған, беделді имамдар мен ислам құқығының ма- мандары жургізуі тиіс болатын, Исламдық əділсот институты жүзеге асырады деп көзделген болатын. Экспериментті жоғарыда аталып кеткен Онтарио штатында бастау жоспарланған болатын, ал оның негізі 1991 жылы қабылданған жəне аталған мəселелерді иудейлік жəне католиктік қауымдарды өздерінің заңдары бойынша шешуге жол берілген арбитраждық акт болуға тиіс еді [6].

Шариғат сотымен қабылданған барлық шешімдер Канадада қабылданған құқықтар мен бостан- дықтар Хартиясына қайшы болмауы тиіс еді. Ал қылмыстық істерді шариғат сотының құзыреттілігіне жатқызбау көзделген еді. Қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы бойынша қадағалау міндеті кəдімгі соттарға жүктеу көзделген болатын. Сонымен қатар провинцияның бұрынғы бас прокурордың басшылығымен Комиссия құрылды. Дəл осы Комиссия діни соттарды, оның ішінде Шариғат сотын да заңдастыруды ұсынған болатын. Осының барлығы Онтарио штатын шариғатты ресми түрде мойындауға əкеле жатқан болатын. Бірақ ол бастамашылық Канада қоғамын- да қажетті түсінуге ие болмады. Өзінің қажеттілігі мен негізділігіне қарамастан, сол кезде көпшілік аталған сот реформасының мəнін түсінбеді. Тұрғындардың наразылықтары Канада аумағынан шығып кетті. Канаданың жəне Еуропаның көптеген қалаларында қарсылық білдіру акциялары жүріп өтті. Сондай-ақ Онтарио провинциясының премьері Далтон Мак Гинти Канаданың ең əйгілі азаматшалары қол қойған ашық хат алды. Олар үкіметті либералдық демократияның негізі — шіркеудің мемлекет- тен бөлінуін есепке алмағаны үшін сынады.

Бұл сын, жергілікті бақылаушылардың айтуы бойынша, премьердің қарсы шешім қабылдауына себеп болды. Келесі күні өзінің шешімінің министрлер кабинетімен мақұлдануын күтпей, ол діни ар- битраждың барлық нысанына тыйым салуға уəде берді.

Онтарио премьерінің батыл қадамы көпшілікті таң қалдырды. Далтон Мак Гинти Шариғатпен қоса иудейлік жəне католиктік арбитражға да тыйым салды. Канаданың еврейлік конгресінің жергілікті өкілі өзінің қарсылығын білдірді. «Премьер діни қоғамдардың өкілдерімен кеңес жүргіз генде дұрыс болар еді», — деп журналистерге Дж. Ричлер мəлімдеді. Канадалық ислам конгресінің басшысы Мохаммед Илмасри де премьердің шешімінің қателігін айтты.

Дегінімен болған зат болды, канадалық қоғам аталмыш сот реформасына дайын болмады. Бірақ көптеген шенеуніктер, саясаткерлер мен заңгерлер, керісінше, ондай реформаның қажеттілігі туралы айтқан болатын.

Десе де канадалық эксперимент үлкен қызығушылық тудырды. Біріншіден, биліктің діни азшы- лыққа көрсеткісі келген қамқорлығымен жəне де, екіншіден, өте жауапты реформаны дайындаудың сапалылығымен.

Ал Британиядағы Шариғат əділсотын заңдастырудың қажеттілігін билік пен қоғамның түсінуіне байланысты жағдай жетіле берді. Исламдық соттар барлық ірі қалалардың мұсылман қауымдарының ішінде үлкен қарқынмен жұмыс істеп жатты. Бұл инстанциялар Британияның ресми билігімен мойындалған жоқ. Олар мұсылмандардың өздерімен даулық сұрақтарын шешу үшін құрылып отыр- ды. Исламдық үштік сот сұрақтардың кең көлемі, мысалға, ажырасу, мұрагерлік, сауда, некеге отыру жəне тағы да басқа сұрақтар бойынша туындаған мəселелерді шешумен айналысты. Уильямс пен Филлипстің бастамшылығына дейін, əр түрлі деректер бойынша, Британияда шамамен 30 шариғат соттары қызмет етті деп саналды. Бірақ мемлекеттің бүкіл аумағында — Лейтонда, Шығыс Лондонда, Роторхемде, Дьюсбериде, Батыс Йоркте жəне тағы басқа жерлерде олардың саны 10–12 құрады. Ал Бирменгемде Шариғат соты 1982 жылдың өзінде қызмет етті.

Ал енді Британияның «Санди таймс» атты газеті Шариғат сотының қолданылуы ресми түрде та- нылғандығын жəне Ұлыбританияның сот өндірісі жүйесінде қолданыс тапқандығы жарияланды. Ол басылымның мəліметтері бойынша, үкімет, артық назарды аудартпай, некені бұзу, қаржы даулары жəне мұсылман отбасыларындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтар туралы істерді шешу кезінде Ша- риғат заңдарына жүгінетін соттардың уəкілеттіліктерін санкциялады. Сондай-ақ мемлекетте қызмет ететін бес шариғат соттарының шешімі кəдімгі немесе Жоғарғы соттардың мақылдауы арқылы бри- тандық сот өндірісінің жүйесімен қамтамасыз етіледі. Жаңа уəкілеттіліктерге ие болған аталмыш Шариғат соттары, Лондонда да, Бирменгемде де, Бредфордте де жəне Манчестерде де құрылды, ал олардың координациялық орталығы Нанитонда (Йоркшир графтігі) орналасты. Глазго мен Эдинбург- те де сондай соттарды құру жоспарланған.

Ұлыбританияның Шариғат соттарын бақылайтын Мұсылман арбитраждық коллегиясының мүшесі шейх Фаиз аль-Актаб Сиддики аталған соттардың уəкілеттіліктерін бекіту кезінде, Канада- дағындай 1996 жылғы «Арбитраж туралы» Заңның бір бабын қолданды. Ол бап бойынша шариғат соттары арбитраждық немесе үштік сот ретінде сараланады, ондай соттардың шешімдері, даудың екі жағы да ондай сотқа өздерінің істерін қарауға уəкілеттілік беруге келіссе, заң бойынша міндетті болып табылады.

«Біз «Арбитраж туралы» Заң бойынша немесе Жоғарғы соттың құқықтық санкциясымен қамта- масыз етілетін шешім қабылдай алатындығымызды түсіндік. Аталмыш заң даулы сұрақтарды арбит- раждық сот сияқты альтернативалық инстанцияларда шешуге мүмкіндік береді. Аталған əдіс дауды алтернативалық шешу деп аталады, ал мұсылмандар үшін ол шариғат соты болып табылады», — деп мəлімдеді Сиддики.

Осылайша, Британия шариғаттың азаматтық нормалары заңды деп танылған батыстық алғашқы мемлекет болып табылды. Британ аралдарында шариғатты мойындау британдық дəстүрге сəйкес артық эмоциясыз өтті. Бірақ бұл факт бірінші кезекте британдық билік өкілдері мен британдық мұсылмандардың исламның жəне қазіргі əлемдегі шариғат əділ сотының дамуындағы маңызды қадам жасағандығын білдіреді. Шүбəсіз аталған факт ислам тарихына, мұсылмандардың басқа да жетістік- терімен қоса жазылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Дорошенко Е.А. Шиитское духовенство в современном Иране.— 2-е изд., испр. и доп. — М.: Знание, — 259 с.
  2. Попова А.И. Ислам в Юго-Восточной Азии: проблемы современной идейной эволюции. — М.: Гранд, — С. 107.
  3. Лихачев В.А. Уголовное право в независимых странах Африки. — М.: Знание,
  4. http://news.bbc.co.uk/2/hi/uk_news/politics/7233335.stm bbc.co.uk
  5. http://www.guardian.co.uk/uk/2008/jul/04/law.islam
  6. http://news.bbc.co.uk/hi/russian/news/newsid_4240000/4240990.stm.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.