Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адвокаттық қызмет тəжірибесін реттеудің кейбір мəселелері (ТМД елдерінің заңнамаларының салыстырмалы-құқықтық анализі: Армения, Əзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан елдері материалынан)

Адвокаттық қызмет кез келген мемлекеттегі құқықтық институт секілді құқық қолдану теориясы мен практикасын бекітуді, заңмен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды құқықтық қорғауды күшейтуді көздейді. Көптеген ғылыми-практикалық зерттеулердің объектісі бола отырып, заң көмегін көрсетудегі адвокатураның рөлін көтеру проблемасы бүгінгі таңда адвокаттың соттағы процессуалдық жағдайына тəуелді бола алмайды. Ол көпжақты жəне күрделі, сол себепті жан-жақты талқылауды қажет етеді.

Төменде көрсетілген ТМД елдерінің [1] адвокаттық қызметті реттеуші заңи актілерінің салыстырмалы-құқықтық анализі оның даму жолдары мен осы бағыттағы қарым-қатынасты дамыту туралы пікір-таласта үлкен септігін тигізетін болады. Бұл мақалада, біздің ойымызша, əрбір республикада өзіндік ерекше қөңіл бөлінетін кейбір адвокаттық қызмет тəжірибесін жүзеге асыру қызықты аспектілерге ғана көңіл бөлінген.

Адвокаттық қызмет туралы заңнама. Адвокаттық қызметтің түсінігі мен мазмұны. Қарастырылып отырған мемлекеттердің барлығында дерлік адвокатура жəне адвокаттық  қызмет заңи актілердің реттеу пəні болып табылады. Арменияда [2], Əзірбайжанда [3] адвокаттық қызмет көрсету тəртібі тек заңмен, соның ішінде АІЖК жəне ҚІЖК (2-бап) анықталады. Қазақстанда адвокаттық қызмет туралы заңнама ҚР «Адвокаттық қызмет  туралы»  заңынан жəне  адвокаттық  қызметті  реттейтін  өзге де заңнамалардан тұрады деп бекітілген. Бірақ жеке жəне  заңды тұлғалардың  істері бойынша қорғауды жəне өкілдік жүзеге асырғанда адвокаттардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері тек қана заңмен белгіленеді.

Тəжікстанда заң көмегін көрсетудің құқықтық негізі – адвокаттық қызмет заңдармен, сонымен қатар парламенттің қаулылары жəне Республика Президентін жарлықтарымен бекітіледі. Адвокаттық қызмет туралы заңнын өзі жоғарғы заңи форма – «конституциялық заң» мəртебесіне ие [4]. Бұл адвокаттық қызмет туралы заңға осындай мəртебе берген ТМД мемлекеттерінің ішіндегі жалғыз мемлекет. Осы жерде конституциялық заңдарды ғылыми тұрғыда бөлгенде ол шығуы конституцияда тікелей қарастырылған заң (Тəжікстан Республикасының Конституциясының 92-бабы, Өзбекстан Республикасында бұл Конституцияның 2-тарау 116-бабында белгіленген) [5] ретінде үшінші топқа жататынын атап өткен жөн. Осыған көңіл аудара отырып, заңи əдебиеттерде қалыптасқан презумпция-акттің заңдық күші, қабылдау дəрежесі жоғары болған сайын, ол маңызды қоғамдық қатынастарды қамтитынын еске түсіру қажет.

Бір жағынан қандай да бір құқықтық норманы белгілі бір нормативтік акт, бұл жағдайда, заңға айналдыру нормативтік акт иерархиясындағы орынға, құқықтық норма міндеттілігіне үлкен əсері бар. Басқа жағынан, адвокаттық қызмет заң дəрежесінде де белгіленген шектерде (түсінігі, қағидалары,    кепілдіктері    жəне    т.б.)  нормативтік реттеуге  жатуы  мүмкін.  Қалғанында бұл қызмет өзі реттелуі, яғни корпоративтің ішкі ережелерімен немесе адвокаттық қызмет практикасының [6] стандарттарымен (кодекспен) реттелуі қажет.

Əрине, төменгі дəрежедегі актердің өзі адвокаттық қызмет тапсырмаларына сəйкес келе алады. Мəселен, Өзбекстан Үкіметі адвокаттық құрылымдардың қызметінің ерекшеліктерін адвокаттық қызмет тəжірибесімен айналысатын тұлғалардың ерікті кəсіби бірлестігі деп танып, 1996 жылы 15 шілдеде 250 «Өзбекстан Республикасының адвокаттық бірлестігінде адвокаттық қызмет тəжірибесімен айналысатын тұлғаларды əлеуметтік қорғау шаралары туралы» қаулы қабылдады. Олардың қызметін жəне əлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету мақсатында адвокаттық бірлестіктер əлеуметтік сақтандыру қорына адвокаттық құрылымдардың [7] жалпы қажеттіліктеріне белгілі бір сома ұстап алынған соң жалақы қорынан 7 пайыз мөлшерінде сақтандыру жарнасын төлеп отыру бекітілген.

Өзбекстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы заңнама заңмен қатар «өзге де заңнамалардан» (2-бап) тұрады. Жалпы алғанда қоғамдық қатынастардың бұл сферасы ведомствалық реттеудің белгіленген шектеріне ие.

«Адвокаттық қызмет» түсінігіне анықтама беретін тек қана біз қарастырған барлық заңи актілер емес. Қазақстан Республикасы жəне Өзбекстан Республикасының заңдарында, мысалы, адвокаттық қызметтің адвокаттық қызметпен айналысатын  тұлғалардың  егемен ерікті кəсіби бірлестіктерін жəне Өзбекстан Республикасының Конституциясына сəйкес жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсететін (Өзбекстан Республикасының заңының 1-бабы); мемлекет кепілдік берген жəне Қазақстан Республикасы Конституциясында (ҚР Заңының 1-бабы)  бекітілген  адамның  өз   құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жəне білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге шақырылған жеке адвокаттық қызмет тəжірибесімен айналысатын өзге тұлғаларды қосатын құқықтық институт ретіндегі тапсырмасының бағдары анықталады.

Арменияда адвокаттық қызмет заң көмегін алушылар іздейтін, заңмен тыйым салынбаған əдістермен жəне құралдармен жүзеге асыруға бағытталған   «құқық   қорғау   қызметінің түрі» ретінде анықталған (Армения Заңының 4-бабы). Тəжікстан заңшығарушысы адвокаттық қызмет туралы жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсететін еркін кəсіби бірлестік дей отырып, оған осы тұлғалардың құқықтары мен заңи қажеттіліктерін қорғау мақсатында кез келген заңға сай əдістер мен құралдарды қолдануды қамтитын, жеке жəне заңды тұлғаларға құқықтық тұрғыда көрсететін «əлеуметтік көмек түрі» деген анықтама береді. Қырғызстанда адвокаттық қызмет «жеке жəне заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында адвокаттың көрсететін білікті заң көмегі» деп анықталған (ҚР Заңының 2-бабы).

«Адвокаттық  қызмет»   түсінігінің   аясында бірнеше мемлекеттің заңдарында қорғауды жүзеге асыру тек адвокатқа тиесілі екендігіне көңіл бөлуіміз керек. Бұл, мысалы, Армения Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес қылмыстық істер бойынша кəсіби қорғау тек адвокат арқылы жүзеге асырылады, Армения Республикасының Заңының 4-бабы –«қылмыстықісбойыншасотпроцесінде, алдын ала тергеуде немесе  анықтауда  Армения Республикасының іс жүргізу заңына сəйкес қорғаушы тек адвокат бола алады» деп бекітілген [8]. Өзбекстан Республикасының Заңдарының ережелерінде мұндай дəлдік жоқ. Тек адвокаттар ғана кез келген тұлғаға кез келген заң көмегін, соның ішінде сот отырысы кезінде де бере алады, ал заңгер кеңесшілер жалдамалы жұмысшы ретінде өздерінің кəсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның ішінде ғана атқарады деген түсінік бар. Ал соттарда, шаруашылық соттары мен азаматтық істер соттарында [9], олар тек қана əкімшілік ережелерін сақтайтын өкіл қызметін атқара алады.

Адвокаттық қызмет ұйымы. Өзбекстан Республикасында  адвокаттық  қызмет   туралы алғашқы заң 1996 жылы 27 желтоқсанда қабылданған болатын. Екі жылдан кейін 1998 жылы 25 желтоқсанда екінші «Адвокаттық қызметтің кепілдіктері жəне адвокаттарды əлеуметтік қорғау туралы»  Заң қабылданды. Заң шығарушы адвокаттық қызметті жəне оның түрлерін жүзеге асыру үшін лицензияны енгізіп, адвокаттық қызметтің ұйымдастыру формасын, қағидаларын бекіткен болатын.  Сонымен,  адвокаттық  қызметпен  айналысуға құқық беретін лицензияны белгіленген  тəртіппен алған тұлғаға осы қызметті адвокаттық бюро ашу арқылы немесе ерікті түрде өзге адвокаттармен (əріптестермен) кеңсе немесе коллегия құру арқылы жүзеге асыруға құқық берілген. Өзге мемлекеттердегі адвокаттық қызметтің ұйымдастырушы құқықтық формасын қарастыра отырып, олардың заңдарымен бекітілген əртүрлі түрлерін атап өткен жөн. Мысалы,  Армения  Республикасының  1998 жылғы

18 маусымдағы Заңының 9-бабына сəйкес адвокаттарға өз қызметтерін ұйымдастыру барысында заңмен бекітілген қызметінің кез келген ұйымдастырушы құқықтық формасын таңдауға рұқсат берді.

Қырғызстан  заңшығарушысы  1999  жыл  21қазан 114 [10] «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның   20-бабында   адвокаттық  құрылымдар«кез келген меншік түрі мен ұйымдастырушы құқықтық форма  негізінде»  құрыла   алады делінген. Сонымен қатар, адвокаттық құрылымдардың құрылтайшысы кез келген заңды жəне жеке тұлға бола алады.

Қазақстандағы адвокаттық қызметті ұйымдастыру мынадай: адвокат өзінің қызметін жүзеге асыруға құқылы: а) заңи кеңес құру арқылы; б) өзі немесе өзге адвокаттармен адвокаттық кеңсе құру арқылы; в) заңды тұлға құрмай-ақ жеке түрде. Осы үшінші форманың Заңда болуы қазақ адвокаттық қызметінің ерекшелігі болып табылады.

Заң кеңесін беру заң көмегін көрсететін ұйымдар үшін адвокаттар алқасымен ғана құрылады. Заң кеңесін беру адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиал) болып табылады (Заңның 32-бабы). Адвокаттар алқасының өзі адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар тұлғалармен құрылады (Заңның 20бабы). Адвокаттар алқасы коммерциялық емес, еркін, кəсіби, өзін өзі басқаратын жəне өзін өзі қаржыландыратын адвокаттық ұйым болып табылады. Заң адвокаттық алқа құруды шектеді: облыста,  республикалық  маңызы  бар қалада, ел астанасында бір ғана адвокаттар коллегиясы құрылуы мүмкін.

Адвокаттық кеңсе, сондай-ақ құрылым формасында коммерциялық емес ұйым бола отырып, тек қана адвокаттар алқасының мүшесімен (мүшелерімен) құрылуы мүмкін (ҚР Заңының 33-бабы). Сонымен қатар, заң адвокаттық кеңсенің   құрылтайшысын оның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде ол туралы сəйкес адвокаттар алқасына жария етіп, оның қарамағына құрылтай құжаттарын тапсыруға міндеттейді.

Əзірбайжанда да адвокаттар адвокаттық қызметті жүзеге асыру барысында ұйымдастыру құқықтық формасын таңдауда ерікті:  не  жеке, не ұйымдық құрылымдардың құрамында, оның ішінде «заң кеңесі, адвокаттық бюро, адвокаттық фирма жəне т.б.» (5-бап). Бұл құрылымның құрылтайшысы болып, Өзбекстандағы секілді, тек қана адвокаттар болуы керек. Біздің ойымызша, Өзбекстан заңы адвокаттың жəне ол қызмет көрсететін тұлғаның да қажеттіліктерін қарастырған.

Адвокаттық қызмет – кəсіби, бірақ кəсіпкерлік емес қызметтің түрі. «Советтік адвокатура» (М., 1989) кітабында профессор Н. Н. Полянскийдің осыған қатысты сөзі келтірілген: «адвокаттық қызметке деген өз көз алдында оны түсіретін, оны жай өнердің қатарына түсіретін, адвокатты өз қызметін сататын өзге тұлғалардың қатарына қоятын қарым-қатынас аса ауыр жазалауға тұрады» (Қылмыстық қорғанудағы шындық жəне өтірік. – М: «Құқықтық қорғау» баспасы, 1927). Заңи əдебиеттерде «кəсіпкерлік» ұғым ретінде өзіндік құқықтық дəстүрлерге негізделген кейбір ерекшеліктерден тұрады деп өте əділ түрде белгіленді. Бұл ерекшеліктер кəсіби қызметтің өзге түрімен айналысатын тұлғаларға қатысты. Сондықтан да «адвокаттар алқасының мүшелері, жеке тəжірибеден өтуші заңгерлер, жəне т.б. кəсіпкер болып табылмайды» [11].

Тек Қазақстан мен Өзбекстанда ғана коммерциялық емес сипаттағы адвокаттық тəжірибенің ережесінің бекітілгенін айта кету керек. 1998 жылғы Өзбекстан Республикасының заңында «адвокатура коммерциялық емес ұйым болып табылады» (11-бап) деп көрсетілген. Адвокатураның осындай ерекшелігі адвокаттық құрылымдардың мəртебесіне əсер етті. Бұны төменде көрсетілгендерден байқауға болады:

  • біріншіден, оларарнайыкəсіби-қоғамдық заңды тұлғалар, арнайы құқық субъектілері, алайда «шаруашылық субъектілері» емес;
  • екіншіден, Өзбекстан Республикасының Азаматтық    кодексінің    «Заңды    тұлғалар» деп аталатын 4-тарауының көптеген жалпы ережелері таралатын, бірақ олардың қызметтері осы тараудың коммерциялық ұйымдарға жатқызылатын  заңды  тұлғалардың  мəртебесінреттейтін нормаларының əсеріне ұшырамайтын заңды тұлғалар;
  • үшіншіден, бұл коммерциялық емес заңды тұлғалар.

Осылайша, Өзбекстанда адвокаттық құрылымдардың мəртебесі Өзбекстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген заңды тұлғалардың бірде-бір түрінің заңи шеңберіне сыймайтын кезде  өзге  құқықтық өріс құрылды. Бұл, өз кезегінде, адвокаттық құрылымдардың мəртебесін республиканың азаматтық заңнамасының ережелерімен байланыстырудың қажеттілігін көрсетеді.

Қазақстан заңы да бекіткен ережелерге сəйкес «адвокаттармен көрсетілетін адвокаттық қызметтің аясында жүзеге асырылатын заңи көмек көрсету кəсіпкерлік қызмет болып табылмайды» (Заңның 1-бабы), ал «адвокаттық кеңсе мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады» (33-бап). Сонымен қатар, адвокат кəсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайда адвокаттар алқасынан шығарылуы мүмкін (Заңның 31-бабының 5-бөлігі).

Керісінше, Қырғызстан Заңы адвокаттық қызметтің нысанын анықтай отырып, адвокаттық қызметті адвокаттық мекемелер арқылы да, жеке кəсіпкерлік қызмет нысанында да жүзеге асыруға мүмкіндік береді (19-бап). Тəжікстан заңында адвокат «лицензия негізінде заңи көмек көрсететін кəсіпкер» (2-бап) деп нақты көрсетілген.

Адвокат мəртебесі; адвокаттың қоғамдық бірлестігіне мүшелігі. Осы тақырыпқа қатысты дискуссияда «адвокат мəртебесі тек кəсіби алқада мүшелік береді» деген ой айтылды. Мұнда, мысалы, Г.М. Резник былай мəлімдейді, адвокаттар «кəсібикорпорацияға» бірігеді жəне бұл «кəсіби жəне моральды этикалық белгілер бойынша мамандар ұйымы, оған тиесілі болу белгілі бір шектеулерді, тыйымдарды бекітеді». Мұндай позициямен келісуге болады, бірақ неге бұл міндетті түрде адвокаттар алқасында болумен байланысты болу керек? Меніңше мұны қазіргі Ресейдегі бірнеше паралельді алқалардың болу жəне олардың мойындау алдында тұрған жағдайымен байланыстыру қажет [12].

Арменияда адвокаттар алқасына мүше болуда да адвокаттық қызмет үшін лицензия алу міндетті шарт болып саналады (Заңның 11бабы). Үміткер адвокаттар алқасына мүшелікке ену туралы өтінішті жəне Мемлекеттік квалификациялық комиссиямен берілген куəлік-тің көшірмесін беруі тиіс. Алқаға кірген тұлға алқа төрағасының қолымен жəне мөрмен расталған лицензия алады. Қырғызстан заң шығарушысы, республиканың барлық аумағына заң көмегін тек «кəсіби қоғамдық адвокаттар бірлестігінің тізімінде тұрған адвокат қана бере алатынын атап көрсетті».

Біздің ойымызша, кəсіби қоғамдық адвокаттар бірлестігіне немесе адвокаттар алқасына мүшелікке ену міндеттілігі дұрыс емес. Əлбетте, адвокаттар қоғамдық адвокаттар бірлестігіне мүше болуы тиіс. Бірақ, бұл əкімшілік құралдар немесе осындай қоғамдық бірлестік өкілеттіктерін алу, иемдену арқылы лицензиялау жəне т.б. болмауы тиіс.

Өзбекстан заңдарынан адвокаттардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты мəселенің толық көрініс тапқанын байқадым, сондай-ақ, адвокат құқықтары (өкілеттіктері) екі заңда да бекітілген (6 жəне 4-баптар сəйкесінше). Алғаш рет адвокат көмекшісі институты енгізілген болатын (1996 ж. Заңның 8-бабы).    Адвокат    жəне оның көмекшісі мəртебесінің айырмашылықтары мынадай: 1) адвокат көмекшісі адвокат құқықтарын иеленбейді; 2) көмекші анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарында жəне тағы басқа мемлекеттік органдарда істі бастауға жіберілмейді, сондай-ақ, процессуалдық өкілеттіктерді иеленбейді; 3) адвокат көмекшісінің еңбек қабілеті тек еңбек шартымен анықталады. Қазақстандық заң  адвокат  көмекшісімен қатар,«адвокат стажері» позициясын енгізді (Заңның 8-бабы). Жоғары заң білімі бар азаматтар екі қызметке де тұра алады.

Алғаш рет Өзбекстан Республикасы заңнамалық деңгейде адвокат құпиясының (1996 ж. Заңның 9-бабы), адвокат анты жəне жеке басына тиіспеушілік (1998 ж. Заңның 3 жəне 6-баптары) институттары енгізілген. Егер 1996 ж. Заң тек бір ғана жекелеген «Адвокаттық қызметтің кепілдіктері» бабын қамтыса, 1998 ж. Заңда ол неғұрлым нақты əкімшілік-құқықтық, əлеуметтік, экономикалық сипаттағы механиздер арқылы реттеуге ие болды. Өзбекстан Республикасы Заңының 8-бабы былай дейді: «Адвокат жəне оның кəсіби қызметі мемлекет қорғауында». Қырғызстан заңында көрсетілген адвокаттық қызмет кепілдіктерінің ішінде мынадай кепілдік те бар: адвокат адвокаттық құпия пəніне кіретін қандай да бір жағдайларды, жедел-іздестіру қызметінде, сот өндірісінде, əкімшілік жəне өзге де құқық қорғау органдары өндірістерінде пайдаланылатын қандай да бір материалдарды жария етуге құқылы емес. Сондай-ақ, адвокаттан алынған жəне заң көмегін көрсетумен байланысты түсініктемелер, жауаптар мен материалдар дəлелдеме деп танылмайды.

Шетелдік адвокаттардың заң көмегін көрсетуге қатысуы. Шетелдік адвокаттардың заң көмегін көрсетуге қатысуы мəселесіне келетін болсақ, Өзбекстан территориясында қазіргі уақытта рұқсат етілмеген: «Адвокатура туралы» 1996 ж. Заңның 3-бабына сəйкес, адвокат болып тек Өзбекстан Республикасының азаматы бола алады.

БҰҰ Конгресінің қылмыстың алдын алу мен құқық бұзушыларға қатысты қабылдаған «Юристер рөліне байланысты негізгі қағидаларының» (Гавана, 27 тамыз – 7 қыркүйек 1990 ж.) 10-тармағында мынадай ережелерді бекітті: «Үкімет, юристердің кəсіби ассоциациялары жəне оқу мекемелері қандай да  бір  тұлғаның  кəсіби заңи практикасының басы немесе жалғасында нəсіліне, жынысына, этникалық шығу тегіне, дініне, саяси немесе басқа көзқарасына, ұлттық немесе əлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, экономикалық немесе басқа да жағдайына, адвокат болу үшін тиісті мемлекеттің азаматы болуы керек деген талапты қоспағанда, қарамауы тиіс» [13, 25 б].

Алайда практикалық тұрғыдан қарағанда адвокаттық тəжірибені жүзеге асыра алатын тұлғаныңмемлекетпенсаяси-құқықтықбайланысы (Өзбекстан Республикасы Заңының 3-бабы), біздің ойымызша, заң көмегін қамтамасыз етуді қажет ететін дамушы, өтпелі экономикалық мемлекетке тиімсіз.

Нақты қазіргі басқа ТМД мемлекеттері сияқты Өзбекстан экономикасы, əсіресе оның сыртқы құрамдасы ерекше заңи бекітілуді қажет етеді, алайда жергілікті адвокаттар объективті жəне өзге де себептерге байланысты ұсыныстар енгізе алар емес. Сонымен қатар, республика территориясында батыстық адвокаттық фирмадан кəсіби көмек алу шетелдік инвестицияларды жүзеге асырудың жанама мүмкіндігі ретінде бағалануы мүмкін.

«Адвокаттық қызметтің қорғалуын қамтамасыз  ету»  туралы  Өзбекстан   Республикасы Заңының 8-бабы бекіткендей, мемлекет адвокатты  Өзбекстан  территориясы  бойынша,    сондай-ақ  оның  территориясынан тыс орналасқан тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Бірақ тəжірибедегі бұл нормалардың əрекеті, əсіресе соңғы бөлімі, шетелдік мемлекеттердің тиісті құқықтық мүмкіндіктерімен анықталатын болады.  Ереженің  бекітілуі  жəне  сол   бойынша Өзбекстанның өз территориясында ТМД мемлекеттерінің адвокаттарының өзара келісім негізінде тəжірибені жүзеге асыруы, ал шетелдік адвокаттардың осы негізде тек халықаралық құқық заңнамасы мəселелері бойынша тəжірибені іске асыруы іс жүзінде жүзеге асатын еді.

Осы мəселе бойынша ТМД мемлекеттерінің заңшығарушысының позициясы қандай? Іс жүзінде барлық заңдар шетелдік заңгерлермен адвокаттық   тəжірибенің   жүзеге    асырылуын реттейтін нормалардан тұрады, бірақ олар бір-екі жағдаяттармен, əсіресе «халықаралық шарттардың» сілтемелерімен жүзеге асырылады. Осылайша, Армения Республикасы Заңының əрекет ету сферасы келесідей жолмен анықталған: Арменияда шетелдік адвокаттар халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, адвокаттық қызметті тиісті заңмен бекітілген ретте жүзеге  асырады.  Сондай-ақ,  республика адвокаттары шетелдік мемлекеттердің ішкі заңнамасында көзделген тəртіппен жəне халықаралық шарттармен көзделген тəртіппен адвокаттық қызметті жүзеге асырады.

Қырғыз Заңы да жеткілікті кең мүмкіндіктерді береді. Оның 12-бабында мынадай ереже бекітілген: шетелдік мемлекеттердің адвокаттары «Қырғыз Республикасы мен адвокаттың тиісті мемлекетімен мемлекетаралық келісім негізінде Қырғызстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына кез келген формада білікті заң көмегін көрсете алады. Ал Қазақстан Республикасы кəсіби қоғамдық адвокаттар бірлестігінің тізімінде тұрған адвокаттарға келетін болсақ, олар барлық территориядағы азаматтарға  тиісті «мемлекеттің заңнамасындағы шектеулерге қарамастан» білікті заң көмегін көрсете алады.

Аналогиялық норма  Қазақстан  Республикасы Заңында да бекітілген. «Адвокат өкілеттігін куəландыру» деп аталатын 13-бабының 2-тармағында көрсетілгендей, егер бұл берілген тапсырманы орындау қажеттілігі болса жəне тиісті мемлекеттердің заңнамасына, халықаралық шарттарға қайшы келмесе, адвокат Қазақстан территориясында, сондай-ақ оның аумағынан тыс территорияда да білікті заң көмегін көрсетуге құқылы.

Армения Заңы «Шетелдерге  құқықтық көмек көрсету» деген жекелеген бапты қамтиды. Осылайша, оның бірінші тармағы шетелдік адвокаттарға Əзірбайджан территориясында қолданыстағы заңның тиісті талаптарына сəйкес, «мемлекеттің заңдарын немесе халықаралық құқықтық нормаларды қолдана отырып кеңес беру» жағдайларын қоспағанда, білікті заң көмегін көрсету құқығын  шектеді. Ал екінші тармағы бойынша тек Əзірбайджан мемлекетімен қолдау тапқан халықаралық шарттар, өзара келісім негізінде ғана шетелдік адвокаттарға Армения территориясында азаматтық жəне қылмыстық істер бойынша, экономикалық даулармен, əкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты істерге қатысуға рұқсат етілген.

Тəжікстан Республикасында шетелдік мемлекеттердің жəне ТМД мемлекеттері адвокаттарының барлық  территорияда  заң  көмегін көрсету құқығы мойындалады, бірақ бұл құқықтары əділ түрде тəжік адвокаттарының аналогиялық қызметін тиісті мемлекеттің территориясында жүргізу мүмкіндігін қарастырады. Алайда шетелдік адвокаттарға заң мекемелерін ашу құқығы берілмеген.

Ресей Федерациясында ұқсас заңнамалық акт қабылданбады, бірақ кейбір жобаларда ресей сот өндірісіне шетелдік адвокаттарды қатыстыру тəртібін реттеу көзделген. Заң шығарушылардың бірі əрбір азаматқа өз еркіне сай адвокат қызметін таңдау құқығын қамтамасыз етуге тырысады, бірақ шетелдік адвокаттың қатысуын бір ғана шартпен шектейді: ол Ресей территориясында тиісті шетелдік мемлекетте ресейлік адвокатқа берілген құқықтар деңгейінде ғана заң көмегін көрсетуге құқылы.

Адвокатура туралы ұлттық заңнамадағы сілтемелер «халықаралық шарттардың негізінде»– əзірге декларативті сипатқа ие емес. Өкінішке орай, Өзбекстан Республикасымен, 1998   жылы 29 желтоқсаннан бастап Қырғыз Республикасымен, 1997 жылы 22 маусымнан бастап Грузия мемлекетімен, 1997 жылы 18 маусымнан бастап Əзірбайджан Республикасымен, 1997  жылы 20 ақпаннан бастап Литва Республикасымен, 1996 жылы 23 мамырдан бастап Латвия Республикасымен келісілген құқықтық сипаттағы шарттардың бірде-бірінде тиісті мемлекеттің адвокат қызметін реттеу мəселесі басқаның территориясында  көрініс  таппады. Сондықтан да адвокаттық тəжірибенің аспектісі жəне оның тиісті нормативтік бектілуін жан-жақты талдау уақыты келді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Мақаланегізінде– Азербайджанның, Арменияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тəжікстанның, Өзбекстанның адвокатура туралы заңдар анализі. Қайнар көздер: Электронды анықтама жүйесі: «LexInfoSys»; өтпелі экономикамен мемлекеттердің дамуы туралы ақпараттық жүйесі;  версия:  шілде 2000; GTZ-Projektbuero «Rechtsreform in den Transformationsstaaten», Universitaet Bremen (əрі қарай – СПС «LexInfoSys»).
  2. Адвокат қызметі туралы 1998 жылғы 18 маусымдағы Заңы // Армения Республикасының ресми хабаршысы. 1998 №07.98 C 39.
  3. «Адвокат жəне адвокаттық қызмет туралы» Заңы // Əзірбайджан Республикасының заңнамалық жинағы. 2000 № 19 бап.
  4. Тəжікстан Республикасының «Адвокатура туралы» Конституциялық Заңы 1995 жылғы 3 қарашадағы // Ахбори Маджлиси Оли Əзірбайджан Республикасы 1995 № 21.
  5. Тихомиров Ю.А. Заң теориясы – М.: Ғылым, 1982. С.54.
  6. Өзбекстандағы адвокаттық тəжірибенің стандарттарын (кодексін) қабылдау қажеттілігінің негізділігі, олардың рөлі жəне орны. Азизов И.Б., Хван Л. Б. Адвокатура туралы заңнаманың перспективалары мен проблемалары (адвокаттық қызметтің стандарттарын дайындауға) // Давлат ва хукук (Мемлекет жəне құқық). 2000. №
  7. Тəжікстан заңы: «Адвокаттар алқасынан шегерілетін əлеуметтік сақтандыру адвокаттар кірісінің бес пайызын құрайды « (21-бап).
  8. Ескертпе: тұлғалардың мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдарда жəне мекемелерде, кеңес беру, құқықтық мəселелер бойынша түсінік беру, арыз жазу, заңи сипаттағы құжаттар əзірлеу, сонымен қатар, заңнамалық тəртіппен өзге де əрекеттерді адвокаттар алқасына кірмейтін заңгерлер жүзеге асыра алады.
  9. Өзбекстан Республикасы Президентінің Бұйрығына сəйкес, «Өзбекстан Республикасында соттық жүйені дамыту» туралы 15 тамыз 2000 жылғы соттар жүйесі реформасы. Соның ішінде, Қарақалпақстанның Жоғарғы Соты, азаматтық жəне қылмыстық істер бойынша облыстық, Ташкент қалалық жəне ауданаралық соттар құрылды. – Правда Востока. 2000. 15 тамыз.
  10. 1999 жылы 21 қазанда Қырғызстан Республикасы Заңы №
  11. Кəсіпкерлік құқық: Лекция курсы / Жауапты ред. Н.И. Клейн. – М.: Заң əдебиеті, 20 бет.
  12. Бұл мыңжылдықта адвокатура туралы Заңдыкөрмейміз бе? (Г.М. Резникпен сұхбат) // Адвокат. 1998. № 5. 49 бет. 4 бап. 17 желтоқсан 1996 жылғы «Адвокатура туралы» ҚР    Заңы «бектілген тəртіппен адвокаттық қызметке, адвокаттық бюро ашуға немесе ерікті түрде басқа адвокаттар алқасымен фирма ашуға лицензия алған тұлғалардың құқықтары туралы» – Адвокат. 1998. № 8. 42 бет.
  13. Ресейлік юстиция. 1997. № бет. 26, 27; 1998. № 3. – 22–25 бет.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.