Статьи, год 2013

Мақалада жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидалары қарастырылды. Ойлау өнерінің бірінші заңдылығы ретінде ұлттық сананың білім мазмұнымен өсу-өркендеу жолдарын табу мəселесіне басымдық берілді. Екінші заңдылық білім мазмұны мен оқыту мазмұнына жаңа философиялық көзқараспен зерделеу ұсынылды. Аталып өткен тұжырымдарды іске асырудың индикаторлары мен өлшемдіктері құрылған. Бұл білім мазмұнының ішкі құндылығын анықтауға ненің басты, ненің қосымша екендігін жіктеуге қозғаушы күш болатыны белгіленді.
2013

Алаш қозғалысының көрнекті өкілі — Қошке Кемеңгеровтің өмірі мен қызметі бейнеленген. Жақсы білім алған, оның педагогикалық жəне журналистік қызметін атқарғаны, белгілі тарихшы, əдебиетші, қоғам қайраткері болғаны көрсетілген. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін оның Омбыда мəдени- ағартушылық мəселелерімен шұғылданған жастар ұйымының құру бойынша қызметі бөлек сипатталған. Қ.Кемеңгерұлының Дала өлкесінде мемлекеттік билік ұйымы ретінде рəсімделуге мəжбүр болған жаңа тарихи жағдайдағы Алаш қозғалысының белсенді мүшесі болғандығы жайлы баяндалған. Оның 1920–1929 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысының көшбасшыларының бірі ретіндегі көп қырлы шығармашылық жəне қоғамдық жұмысы талданған. Байырғы ұлттық зиялы қауым қудалауға ұшыраған жəне оның көп бөлігі жойылған 1930 жылдардағы Қ.Кемеңгеровтің өмірінің соңғы жылдары жан-жақты зерттелген.
2013

Белгілі саяси қайраткер Жаһанша Досмұхамедовтің өмірбаянының деректері бейнеленген. Оның жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялы қауымының жарқын өкілі болғандығына көңіл бөлінген. Алаш қозғалысы жəне оның ішінде Ж.Досмұхамедов айрықша орын алатын көрнекті өкілдерінің қызметі Қазақстан тарихында елеулі із қалдырғандығы туралы айтылған. Қазақстанның Батысында «Алаш» қозғалысын басқарған Досмұхамедұлы қазақ қоғамының ең алдыңғы қатарлы бөлігінің көшбасшысы болғандығы дəлелденген. «Алаш» қозғалысы шеңберіндегі Ж.Досмұхамедұлының қызметі қазақ халқы тарихындағы елеулі  қоғамдық-саяси  құбылыс болғандығы туралы қорытынды жасалған.
2013

Мақалада классикалық еуразияшылдық идеясының қайнар көздері, қалыптасу жəне даму кезеңдері қарастырылды. Классикалық еуразияшылдық қоғамдық-саяси қозғалыс ретінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында орыс эмигрант-ғалымдарымен қалыптастырылған. ХХ ғ. басындағы еуразияшылдық теориясының басты қырларына талдау жасалды. Классикалық еуразияшылдықтың негізгі даму кезеңдері ашылып көрсетілген. Еуразияшылдықтың іргесін қалаған Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский, Н.Я.Данилевский сынды ғалымдардың еңбектері зерттелді. Еуразияшыл-ғалымдар ұстанған «Еуразия — жағрапиялық, экономикалық жəне тарихи тұтастық» деген ой-тұжырымдаманың мəн-маңызы жан-жақты айқындалды. Еуразияшылдар еуразиялық халықтардың тек қана жағрапиялық тұтастығын ғана емес, сондай-ақ Еуразия халықтарының тарихи, экономикалық жəне мəдени өзара байланысы мен өзара əрекеттесуін талдады.
2013

Мақалада 1917–1922 жылдары Кеңес Одағын құру жолындағы Ресейдегі большевиктер партиясы мен үкіметінің əр түрлі саясаты баяндалды. Осыған байланысты Ресей халықтарының тəуелсіздіктеріне қарсы болған большевиктердің азамат соғысы кезінде халықтардың əскери-экономикалық жəне саяси одағын құрудағы саясаты жəне оны жүргізуде Қызыл Армияның кең түрде пайдаланғаны көптеген деректермен дəйектелді. Сонымен қатар Кеңес Одағы құрылғаннан кейін, осы көп ұлтты мемлекеттегі əр түрлі үрдістердің дамуы жəне соларға байланысты коммунистік империяның ыдырауы көрсетілді. КСРО-ның мысалында көп ұлтты империялардың ыдырауы тарихи заңдылықтарға сүйенген құбылыс екені дəлелденді.
2013

Мақалада Түрік қағанатының Қытаймен қарым-қатынасының негізгі тұстары қарастырылған. Түрік қағанаты мен Қытай патшалықтары арасында экономикалық қарым-қатынастардағы соғды көпестерінің алатын орны талданды. Ұлы Жібек жолы бойы жүргізілген саудада соғды көпестерінің рөлі анықталды. Қытай территориясында табылған соғды көпесінің моласындағы түрік билеушілеріне қатысы бар ойма суреттер талданды. Түрік-қытай қарым-қатынасының қызығушылық тудыратын тұстарының бірі — əулеттік некелер, соның ішінде түрік билеушілеріне ұзатылған қытай ханшайымдарының Түрік қағанаты тарихында жəне керісінше қытай патшаларына ұзатылған түрік ханшайымдарының Қытай тарихында алатын орны жан-жақты зерттелді.
2013

Қазақ философиясының тарихы үшін ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ойшылдарының ресей отаршылығына қатысты ой-толғамдарын зерттеу өте өзекті мəселе болып саналады. Себебі авторлар Ресейдің Қазақ жерін отарлауы XV–XVI ғасырларда басталды деп есептейді. Бұған дəлел ретінде мақалада осы заманда өмір сүрген Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Үмбетей, Бұқар жыраулар сынды қазақ ойшылдарының Ресей империясының отаршылығына қатысты ой- толғамдары келтірілген.
2013

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, ірі заңгер-адвокат Уəлитхан Танашевтың өмірі мен қызметі суреттелген. Оның төңкеріс жылдары Алаш қозғалысына белсенді атсалысқандығы айтылған. 1917 жылы сəуір айында Хан ордасында өткен Бөкей  ордасы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі болғанына көңіл бөлінген. Жалпыресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, съездің Атқарушы комитеті құрамына енгендігі көрсетілген. Азамат соғысы кезінде Сібір аумағында бой көрсеткен саяси құрылымдардың өкілдерімен келіссөз жүргізуге қатысқан. Большевиктер диктатурасы орнағаннан кейінгі кездегі оның Кеңес аппаратындағы қызметіне сипаттама берілген. Оның 1937 жəне 1949 жылдары екі мəрте қуғынға ұшыраған өмірінің соңғы кезеңі зерттелген.
2013

Мақала Жетісудағы Алаш қозғалысының жетекшісі, əскери қолбасшысы, ағартушы жəне публицист Отыншы Əлжановтың 140 жылдығына арналған. Оның ғылыми мақалаларының негізгі тақырыптары халық ағарту қызметі, жастарды өнер-білімге шақыру, руаралық тартыстарды сынау, жергілікті шаруашылықтарды дамыту, қазақтың ұлттық дəстүрлерінің ерекшеліктері жəне ауыз əдебиеті болғандығы туралы айтылған. 1916 жылғы көтерілісте Патша үкіметі билігі тарапынан қарапайым қалың қазаққа қысымшылық жасалмауы үшін тырысып баққаны пайымдалған. Оның Алашорда Үкіметінің құрамына сайлануына, Жетісу қазақтарының съезіне дайындық жұмыстарын жүргізуге, халықтық милиция құруға бағытталған сан қырлы қызметі суреттелген. Азамат соғысы жылдарында Ашыққандарға жəрдем жасау комитетін құру, сондай-ақ Жетісу халқын қорғау үшін милиция жасақтарын ұйымдастыру жолындағы айрықша рөлі дəріптелген. Сондай-ақ оның 1918 жылдың жазында қызыл партизандармен болған ауыр шайқаста қайғылы қазаға душар болғаны мəлімденген.
2013

Мақалада жаһандану үрдісін талдауда жаңа əдістемелік ұстанымды алға тартып, жаһанданудың талаптары мен қауіп-қатерлерін инновациялық дамудың құралдарына жəне формаларына ауыстыра отырып, тəуелсіз мемлекеттердің жаһандану үрдісіне қарсы шығуын ғана емес, сонымен қатар оның күш-қуатын елдің дамуына бейімдеп, қолдануы ұсынылған.
2013

Мақалада қыпшақтардың этникалық тарихының негізгі кезеңдері, атап айтқанда, қалыптасуы жəне этникалық құрамы сараланып көрсетілген. Орта Азияға басып кірген жер қайысқан қалың монғол қолдарын түркілендіруге қыпшақтардың маңызды рөл атқарғанына көңіл бөлінген. Олар көптеген түркі тілдес халықтардың пайда болып қалыптасуын бастап бергені айтылған. Бұл халық өзінің айрықша тарихи белсенділігінің арқасында Еуразия орталығындағы өзара ықпалдаса дамыған барлық халықтардың этникалық шығу тегі  мен  мəдениетінде  із  қалдырғаны  баяндалған.  Қыпшақтар тарихы — күрделі тақырыптардың бірі екендігі жəне оны зерттеудің көптеген бағыттары əлі күнге дейін аңықталмағандығы туралы қорытынды жасалған.
2013

Мақалада Алаш партиясының мүшесі, педагог, жазушы Сейітбаттал Мұстафиннің өмірі мен қызметі суреттелген. Əсіресе оның оқыту-педагогикалық қызметіне айрықша назар аударылған. Оның «Абай» журналын шығарудағы рөлі, осы журналда жарияланған мақалаларды талдап қарастырғаны,  сондай- ақ «Айқап» журналында жəне «Алаш» газетінде жарық көрген мақалаларды талқыға салғаны туралы сөз қозғалған. Мақала авторы Исатай жəне Махамбет бастаған көтеріліске қатысушы халық ақыны Шернияздың өмірі мен қызметіне арналған «Шернияз» повесіне баға берген. Алаш қозғалысына белсенді атсалысқан осынау бірегей тұлғаның шығармаларын болашақта барынша тереңірек зерттеу қажеттігі негізделген
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.