Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Уəлитхан Танашев — Алашорда үкіметін құрған дарабоздардың бірі

Кіріспе

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік əскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің Ресейдің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дəстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тəртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мəселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нəтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес кұралдары, əдіс-айла қажет болды. Ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-əлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ал  ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905–1907 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

Өткен ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы бұған дейін болмаған қарқынмен қаулап өсіп, қалың Алаштың қамын жеген игі бастамалар көтерді. Сол бір жанкешті жылдарда өлкедегі саяси жұмыстардың қызу ортасында жүріп, артына өшпес із, іргелі ой, сүбелі іс қалдырған ұлдардың бірі — Уəлитхан Шарафутдинұлы Танашев.

Батыс Алашорда тарихына байланысты деректерде оның есімі жай ғана аталып өтеді. Шындығында Уəлитхан Танашевтың Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтермен есімі қатар аталуы тиіс. Бұл жөнінде күні бүгінге дейін осы тұлғалармен тең дəрежеде қайраткерлік орнын белгілейтін бірегей еңбек жазылған жоқ. Сондықтан көптеген тарихи, ғылыми ізденістерде кездесетін сəйкессіздіктерге қазіргі қолда бар мəліметтер негізінде Уəлитхан Шарафутдинұлы Танашевтың нақты туған жылы жəне шыққан тегі қаңдай деген сұрақтарға жауап беру үшін деректерге шолу жасағанды жөн көрдік.

У. Танашевтың өмір сүрген жылдары мен шыққан тегі туралы деректер

Уəлитхан Танашевтың өмір сүрген жылдары əр еңбекте əр түрлі көрсетіледі:

  1. Еліміздің Ұлттық энциклопедиясы [1; 211] мен Батыс Қазақстан облысының энцикло- педиясында [2; 481] Алаш қозғалысы қайраткерінің туған жылдары — 1887–1968 деп көрсетілген.
  2. Журналист Ө.Əлімгереев «Алтын Орда» газетінде жарияланған мақаласында: «Алашорда қайраткерлерінің қатарынан табылатын Уəлитхан Шарафутдинұлы Танашев 1882 жылдың шілдесінде бұрындарғы бағыныс бойынша ішкі Қырғыз Ордасының екінші округі № 4  ауылда (қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданында) дүниеге келген» [3], — деп жазған.
  1. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатындағы 911-іс, 5-қ., 18-т., 2-беттегі 1921 жылы 4-ші қазанда Уəлитханның өз қолымен толтырылған сауалнамада (анкетада) ол өз жасын 38-де деп көрсеткен. Онда ол 1883 жылы туған болуы мүмкін.
  2. Д.Сапарова «Есімі ұмыт қалған Алаш арысы — Уəлитхан Танашев» деген мақаласында мынандай деректер ұсынған: «Танашев Уəлитхан Шарафитденұлы 1882 жылы Құрманғазы ауданында балық кəсіпшілігімен айналысатын отбасында дүниеге келген. 1899–1908 жылдары Астрахань гимназиясының толық 8 класын аяқтаған соң, 1908–1912 жылдары Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымының кандидаты. Ресей қалаларында адвокат болып жұмыстар атқарған» [4].

Сонымен, 1899–1908 жылдары Астрахань гимназиясынының толық 8 класын аяқтағанын жəне ол кезде қазақ балаларының мектепке жай баратынын ескерсек, əуелі ауыл молдасынан тіл сындырған Уəлитханның аталған гимназияға шынында кеш баруы, сол себепті бес жасқа жасын кішірейтуі мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сонда, У.Танашевтың негізгі туған жылы 1882 жыл да, бірақ құжаттарда 1887 жыл алынып кеткен деген ой түйіндеуге болады.

Енді Уəлитхан Танашевтың шыққан тегіне келер болсақ, оның руы Кіші жүздің Байұлына жататын — Шеркеш.

М.Неталиевтің «Кіші жүз шежіресі. Тарихи-этнографиялық зерттеу» атты еңбегіне сүйене отырып, У.Ш. Танашевтың ата-тегін былайша жіктеуге болады (сызбаны қара.):

  1. Кіші жүздің атасы Алшын деп аталады. Бұдан Алау туады. Алаудан — Қыдуар, одан Алқожа, Асанқожа есімді екі ұл болған.
  2. Асанқожадан алты бала: Ерқожа, Қыдырқожа, Елтай, Естай, Ата, Қалпақ. Қыдырқожаның бəйбішесінен — Қыдырсиық, Сұлтансиық, Бақтысиық (Бақсиық).
  3. Қыдырсиқтан — Шенеш пен Шеркеш туған. Шенестен қалған екі бала — Қосым мен Досым Шеркешті паналап өскендіктен, кейін Шеркештің ұрпағы атанған.
  4. Шеркештен екі бала — Аққұба, Бөтік. Бөтіктен — Жайық, одан бас ата Қойыс: Дербіс (Қаракемпір), Сақау, Шүйініш, Қашқыншы, Еламан. Дербістен — сегіз бала: Түрке, Тоқтар, Қошқар, Қоғам, Базар, Жамас, Сатай, Сатылған [5].
  5. Уəлитханның арғы атасы Түрке, одан Кедей, Жомарт деген екі ұл тарайды. Соның Жомартынан — Пұсырман, одан — Тұрымбет (Сырым Датовтың атақты билерінің бірі болған).

Тұрымбеттен — Еспембет, одан — Шалабай. Шалабайдан — Оразмұхамбет (Танаш), ал Танаштан — Жақып, Сейдіғали, Дінмұхамбет, Ибрагим, Юнус, Арыстанғали. Балаларының бəрі өз алдарына үй тігіп отау құрғаннан кейін Танаш 1863 жылы (65 жасында) кенже баласы Арыстанғалидың үйінен қажылыққа Меккеге жол тартқан. Сол сапардан кері оралмаған. Сүйегі Меккеде қалған.

  1. Танаштың алты ұлының екіншісі Сейдіғалидан екі ұл — Шарапи (Шарафутдин) жəне Мұхтар тарайды. Ел ішінде Шарапи, ресми құжаттарда Шарафутдин аталған ол сауатты адам болған. 1928 жылғы тəркілеуде күллі ағайынымен бірге Қарақалпақ жеріне жер аударылып, туысының бəрі Мойнақ балық өңдеу зауытында жұмыс істейді. Өзі 1938 жылдың жазында жүрек талмасынан Ходжеліде қайтыс болады.

Ал Шарафутдин, көне көздердің айтуынша, үш рет үйленген, бəйбішесі Қанипа екеуінен бір қыз, жеті ұл өрбиді. Олар: Уəлитхан, Шиғаб, Шəкір, Əбсаттар, Сабыр, Садық, Марат жəне Гүлмай. Уəлитхан – осы Қанипадан туған ұл.

  1. Танаштың алты ұлының бəрі де орысша, мұсылманша оқып, білім алған, су маржанын кəсіп еткен. Олар өздері өндірген су маржандарын қақтап тұздап, ыстаған күйі Ресейдің Астрахань, Саратов, Еділдің жоғарғы тұсындағы басқа да қала базарларына өткізіп, түскен қаражатқа ауылдың күнделікті тұрмысына аса қажет қант, шай, ұн, сабын, киім, ыдыс-аяқ жəне маталардың түрлерін əкелген. Жерлестері олардың орнына мал, аң терілері, т.б. өнімдермен айырбастаған.

Кəсіпкерлікпен бірге 1880–1915 жылдары 35 жыл бойы Танаш əулетінен шыққан азаматтар теңіз жағалауы I жəне II округтарының əкімшілік-басқару жүйесіне де белсене араласып, туған өлкесінің халықтарының тұрмыстық əл-ауқаты мен білім алуларына əжептəуір үлес қосқан.

  1. Танаштың немере ағасы Бекпембеттен (Бекмұхамбеттен) туған Мақаш (Мұхамбетжан) Шолтырұлы Бекмұхамбетов ел билеу, əкімшілік қызметтері, ағартушылық істерімен елге танымал болған. Ол Алаш арыстарының бірі — Бақтыгерей Құлмановты өзінің тəрбиесіне алып, əуелі Жəңгір мектебінде, кейін Санкт-Петербор университетінің шығыс тілдері факультетінде дəріс алуына мүмкіндік туғызады.

 Сызба. Уəлитхан Танашевтың ата-тегі

Б.Құлманов — Алаш қозғалысының қайраткері. 1890–1903 жылдары Ішкі Орданың Қамыс- Самара бөлігін басқарды. 1906–1907 жылдары Ресейдің Бірінші жəне Екінші  Мемлекеттік думаларына екі рет сайланып, Мұсылман фракциясының белсенді мүшесі болды. 1917 жылы 21 сəуірде өткен Ішкі Ордадағы казақтардың съезіне қатысып, қырғыз (қазақ) ордасының комиссары болып сайланды. Бірінші жалпыказақ съезінің шешіміне орай Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитетінде қызмет етті. 1917 жылы Батыс Қазақстандағы Алаш қозғалысына белсене араласып, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыкқа кандидат ретінде  ұсынылды. Алашорда үкіметінің ұлттық Кеңесіне мүше болып сайланған [6].

М.Бекмұхамбетов тəрбиесін көрген айтулы тұлғалардың ішінде белгілі қоғам қайраткері Сейітқали Мендешовті айтып кетуге болады. Ендеше, осындай ортада тəрбие мен қамқорлық көріп өскен Уəлитханның да тегін адам болмағаны анық.

Уəлитханның жастық шағы туралы мəліметтер

Ауыл молдасынан хат танып, одан соң орта білімді Астрахань гимназиясынан У.Танашев 1912 жылы Қазанның Императорлық университетінің (Кеңес кезеңінде оған Ленин аты берілді) заң факультетін бітіріп шықты. Əрине, əуелгіде ол Санкт-Петербордың медициналық академиясына түсуге ынта білдірген, бірақ азиаттығы алдынан шығып, «орын жоқ» деген желеумен Қазан университетіне келді. Мұнда медицина факультетіне түсіп, бар-жоғы бір ай оқыды да, неге екені белгісіз, заң факультетіне ауысты.

Қазан университеті 1804 жылы құрылған. 1917 жылғы төңкеріске дейін тарих-филология, физика-математика, медицина, заң факультеттері болды. Университетте өзінің маңыздылығымен ғылымды байытқан көптеген ғылыми бағыттар дамып, өріс алды. Көптеген ұлы ғалымдар осы университетте білім алып, жұмыс істейді. Мысалы, орыстың ұлы математигі Н.И.Лобачевский университеттің профессоры жəне ректоры (1827–1846 жылдары) болды. Университет  Еділ бойындағы халықтардың мəдениетінің өркендеуіне едəуір əсер етті. Бұл университетте қазақ жастарынан азды-көпті оқып білім алғандар болды.

Уəлитхан университетті ойдағыдай бітіріп, төрт жыл бойы (1913–1917) Қазан қаласы соттары мен адвокатурасында заңгер-адвокат қызметін атқарды. Бірақ аталған қалада алғашқы күннен революциялық қозғалыстарға қатысып, идеялық сана-сезімі өзгерген ол 1917 жылдан бастап маңдайды туған жерге, елге бұрды.

У.Танашевтың Алаш қоғалысына белсене араласуы

Төңкеріс жылдары елге келген У.Танашев 1917 жылы 2–8 сəуір аралығында Орынбор қаласында өткен Торғай облыстық қазақ съезіне қатысты. Съезге 300-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында Торғай облысынан келген делегаттармен қатар Ақмола, Семей, Сырдария облыстарынан жəне Ішкі Ордадан келген өкілдер де болды. Съездің күн тəртібіне Патша өкіметі кұлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет жəне басқару органдарын құру, Жалпықазақ съезін шақыру, бүкілресейлік мұсылман съезіне өкілдер жіберу, Уақытша үкіметке жəне ол жалғастырып отырған соғысқа көзқарас, мəдени, діни жəне шаруашылық істер сияқты мəселелер қойылды [7; 130]. Бұл съезде Танашев мəжіліс төралқасы төрағасының орынбасары болды.

1917 жылы 21 сəуірде Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезінде Уəлитхан Шарафутдинұлы Президиум төрағалығына сайланды. Съезд қаулысымен Б.Құлманов бөкей Ордасының комиссары, ал У.Танашев Бөкей Земство управасының төрағасы болады. Бөкей Ордасынан Бүкілресейлік мұсылмандар Қеңесіне өкіл етіп ұсынылып, Ж. Досмұхамедов екеуі Кеңестің атқару комитетіне кіргізіледі. Сондай-ақ Бөкей Ордасынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылып, тамыз айында Киевке Бүкілресейлік федералистер съезіне барады. Сол 1917 жылы 1–11 мамыр аралығында Мəскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, оның атқару комитетіне мүше болады. Ал 5–13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің министрі болып белгіленеді [1; 211].

1918 жылы 8 маусымда Самара қаласында құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетінде (Комуч) қазақ елінің мүддесін қорғауға У.Танашев көп еңбек сіңірген. Ал 1918 жылдың шілде-тамыз айларында Челябинскіде өткен Комуч пен Сібір үкіметінің екі мəжілісіне қатысады. Жаһанша Досмұхамедов екеуі мемлекеттік мəжіліске Комучтың дайындық жұмыстарын жүргізеді. 8– 23 қыркүйекте Уфа мəжілісіне қатысады. Оңда бүкілресейлік Уақытша үкімет Уфа директориясы құрылады [2; 481].

Мəжіліс (Уфа мемлекеттік мəжілісі, Уфа директориясы) барысында 15 қыркүйек күні Алашорда мүшелері төтенше бас қосу өткізді. Алашорданың төрағасы Ə.Бөкейхан «автономияны жергілікті басқару жүйесі» жөнінде мəселе көтерді. Оған Б.Құлманов, У.Танашев, Х.Досмұхамедұлы, С.Досжанов, А.Бірімжанов, Ə.Ермеков, М.Тынышбаев, Е.Тұрмұхамедов, Б.Жанқадамов қатысты. Олар Ə.Бөкейхан көтерген мəселені талқылай келе, «Ойыл уəлаяты» уақытша үкіметін таратып, орнына Алашорданың Батыс бөлімін құрды [7; 340].

1918 жылғы 18 қарашада Омбыдағы төңкеріс нəтижесінде Директория кұлап, барлық өкімет бөлігі адмирал Колчакқа өткенде Алашорда басшылары жаңа өкіметпен келіссөз жүргізуге талаптанады. 1919 жылы 11 ақпанда өткен ведомствоаралық құрылым жөніндегі отырысқа Ə.Бөкейханов, А.Тұрлыбаевтармен бірге қатысқан У.Танашев Колчак өкіметінің өкілдеріне Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің (Директорияның) 1918 жылғы 22 қазан-қарашадағы қаулысына сəйкес қазақ халқының өкілетті органы жəне Алашорданың бас уəкілдігі жөнінде екі  комиссия құрып, олардың құқыларын генерал-губернатордың немесе Үндістандағы статс-секретарьдың құқыларымен теңестіру жөнінде мəселе қояды [2; 482].

Кеңес үкіметімен байланыстан күдер үзген Алаш басшылары, енді ақ гвардияшыл  Сібір Уақытша Үкіметі мен Бүкілресейлік Құрылтай Жиналысы мүшелерінің Самара комитетіне сүйеніп, автономияны сақтап қалуға əрекет етті. Бірақ Уақытша Сібір үкіметі 1918 жылы 4 қарашада Алашорда үкіметін таратып жіберді. Қазақстанда бір орталықтанған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ (Қырғыз) революциялық Комитетінің (Қазревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды. Бұл Қазревком Қазақ автономиясын құрғанға дейінгі қолына барлық жоғары əскери жəне азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Қазревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ə.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Сералин, В.А.Радус-Зенькович т.б. Алаш Орда тараған соң оның кейбір мүшелері Кеңес өкіметінің жұмысына тартылып, Казревкомның құрамына кірді [8].

Кеңес үкіметі кезінде басқа да Алаш зиялылары сияқты Уəлитхан Танашевта Кеңес аппаратына жұмысқа тартылды.

Уəлитханның Кеңес үкіметінің жұмысына жегіліуі

У.Танашев алғашында Қазақ əскери ревкомының аппаратында Мемлекеттік баспаның бөлімшесін құру жолында біраз жұмыстар атқарады.

1920 жылғы қазан айындағы Қазақ автономиясының Құрылтай Жиналысына Бөкей Ордасынан делегат болып қатысып, Қазақ АКСР-ының Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланады. Сол жылғы қазан айында Қазақ АКСР Юстиция Халық комиссарының орынбасары болып тағайындалады. Осы қызметте жүріп жас Қазақ Республикасының көптеген заң актілерін дайындауға атсалысады [9].

Республикамызда 1920 жəне 1923 жылдары жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының жəне Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған С.П.Швецовтың мəліметтері бойынша, 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы отыз пайызға дейін  азайған. Кейбір елді мекендерде нəубет халықтың бəрін қынадай қырып, болмаса жолда, не өздерінің атамекендерінде шаһит болды. Санақ материалдары (деректері) бойынша, 1921–1922 шаруашылық жылдарында Батыс Қазақстанстандағы шаруалар шаруашылықтарының саны 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 пайызға қысқарған. Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткендігін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық Батыс Қазақстан халқының 31,4 пайызын алып кеткен [10].

Міне, осы тұста, яғни 1921–1924 жылдар аралығында, Уəлитхан Танашев Мəскеуде Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінде (Қырғыз-Қазақ) АКСР-ның Мəскеудегі өкілдік алқа төрағасының орынбасары, Ұлттар Істері Халық Комиссариатындағы, сондай-ақ басқа да жалпыодақтық мекемелердегі Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, аштықтан азап шеккен туған халқына азық-түлік жеткізу үшін көп қызметтенді. Тіпті кейбір замандастары «ол сол бір жылдары туған республикасына Германиядан бір вагон астық  əкеп таратты» дегенді де айтады. Мүмкін, осындай оралымды істің өтеуі болар. Ол өзінің өмірбаянында:

«1921–1922 жылдары республиканың аштыққа ұшыраған аудандарына азық-түлік жеткізу жəне қабылдау істерін шебер ұйымдастырғаным үшін мені Республика Орталық Атқару Комитеті сыйлыққа сағат беріп марапаттады», — деп жазыпты [11].

Сонымен, 1919–1924 жылдар аралығында Қазақстан Совет Республикасын ұйымдастыру жұмыстарына қатынаса отырып, У.Ш.Танашев сол жылдары республиканың қалыптасуына, онда Совет өкіметінің нығаюына сүбелі үлес қосты. 1924–1937 жылдары У.Ш.Танашев Қазан қаласында Татар АКСР-ы Жоғарғы Соты адвокаттар алқасында жоғары санаттағы адвокат ретінде еңбек етті. Əділет органдарында өз мамандығы бойынша қызмет атқарған Танашевқа ол жылдары Үкімет тарапынан оның беделін түсіруге бағытталған ешқандай əрекет болған жоқ.

Алаш қайраткерінің  қуғын-сүргінге ұшырауы

Татар АКСР Ішкі Халық Комиссариаты 1937 жылдың 15 қыркүйегінде У.Танашевты тұтқындап, үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол қоғамға қауіпті элементтер ретінде сол қоғамнан алыстатылатын адамдар қатарына жатқызылды.

Ұзаққа созылған тергеу жұмыстарының қорытындысымен оның ешқандай кінəсі дəлел- денбегеніне қарамастан, 1939 жылдың 20 сəуірінде КСРО Ішкі істер Халық Комиссариаты ОСО қаулысымен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ерекше Кеңесі «контрреволюциялық ұйымға қаты- насқаны үшін» деген тұжырыммен оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

1949 жылы Уəлитхан Шарафутдинұлы екінші рет Татар Республикасында репрессияға ұшырап, 1949–1955 жылдары Красноярск өлкесінде айдауда болады. 1955 жылы айдаудан келіп, Қазанда зейтеткерлікке шығады.

1956 жылдың ақпанында ол КСРО Прокуратурасына арыз жазады. Онда 1954 жылғы №  13/5-15506 қылмыстық істі толық ақтауды өтінеді.

У.Танашев жер аударылудан босағаннан кейін оның ісін КСРО Прокуратурасы қарап, нəтижесінде 1957 жылдың 7 ақпанында (ТатАКСР-ның Жоғарғы Соты Президиумы Танашевқа үкім шығарған ОСО-ның 1949 жылғы 6 сəуірдегі қаулысының күшін жойды. Іс қысқарды. Сөйтіп, У.Ш.Танашев толықтай ақталды (ТатАССР-ның 1955 ж. 16 қыркүйектегі № 31 қаулысы, Жоғарғы Соттың 1957 ж. 15 ақпандағы №44-У-23 анықтамасы) [11; 11].

Контрреволюциялық ұйымға қатынасты деген айып тағылып, бостандығынан айыру, жер аудару жөніндегі 1937 жəне 1949 жылдардағы үкімдер күштерін жойды, екі іс те қысқартылды. Сөйтіп, ол бұдан былай тыныш, өз ойлағанындай өмір сүруге мүмкіндік алды.

Түйін

Кейінгі жылдардағы Алаш қозғалысына байланысты қандай да бір жиын, съезд ұйымдастыру істерінің бəрінде У.Танашевтың есімі əрдайым аталып келеді. Сондықтан оның Алашордаға қатысты барлық іс-шараларға өзіндік қолтаңбасы бар екендігі айқын сезіледі.

Өз туған елінің келешегіне алаңдаған тұлғаның Алашорда үкіметінің атынан Азамат соғысы жылдары Ресей, Сібір өлкесіндегі құрылған əр түрлі мемлекеттік дəрежедегі ұйымдармен келіссөздер жүргізген, игі бастаманың бастаушысы болған, республика шекарасын белгілеуде досы Əлімхан Ермеков екеуі В.И.Лениннің бір күнде екі рет қабылдауында болып, Ресей территориясына кіріп келген Екінші теңіз жағалауы округі — туған аулының Қазақстан кұрамына мəңгілік қалуына атсалысқан Уəлитхан Шарафутдинұлы Танашевтың ұмытылмас еңбектері ұшан-теңіз.

Болашақта осындай арысымызды ардақтап, оның есімін туған жерінде кейінгі ұрпақ жадында сақтайтындай қызмет жасау əрбір патриоттық рухта тəрбиеленуші қазақстандықтың парызы деп есептейміз.

 

 Әдебиеттер тізімі

 

  1.  Kazakhstan: National Vol. 8 / Editor-in-chief B.Ayagan, Almaty: Main edition of «The Kazakh encyclope- dia», 2006, 704 p.
  2. West Kazakhstan region: Encyclopedia, Almaty: Arys publ. house, 2002, 592
  3. Alimgereev O. In total for the sake of Alash! // Three-copecks piece Horde, 2007, No. 32(394), August, 9–15, p. 6,
  4. Saparova D. The forgotten name of the prominent representative of Alashsky movement // About Ualitkhan Tanashev) // Ka- zakh, 2012, No. 9–10 (575-576), March, 2–9, Р.
  5. Netaliyev Family tree of Kazakhs Younger. Historical and ethnographic research, Almaty: «Arys» publ. house, 2007, Р. 22–29.
  6. Orynbasarova Some data on life and Ualitkhan's Tanashev activity as one of Western Alashorda's leaders // History of Kazakhs, 2008, No. 5,6, Р. 232.
  7. Alashorda: Encyclopedia / Orig.: G.Anes, S.Smagulova, Almaty: «Arys» publ. house, 2009, 544 p.
  8. Kuandyk E. S. Istoriya of Kazakhstan (Soviet period and Independent Kazakhstan): Textbook, Almaty: ZhShS RPBK «Dаuir», 2012, Р. 72, 73.
  9. Eskendirula (Abdeshev) M. Ministers «Alash Ordy», Almaty: Altynbek Sarsenbayula's fund, 2008, Р.
  10. National encyclopedia. Vol. 1 / Editor-in-chief Ə.Nyssanbaev, Almaty: Main edition of «The Kazakh encyclo- pedia», 1998, Р. 582.
  11. Alimgereev O. In total for the sake of Alash! // Three-copecks piece Horde, 2007, No. 33(395), August, 16–22, Р. 10,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.